Хирургия рк2 415Б. Артериялды тромбоздар мен эмболиялар
Скачать 113.8 Kb.
|
г. гипопаратиреоз, д. тиреотоксикоздың қалдық құбылысы. 16.Тиреотоксикалық жемсаудың висцеропатиялық сатысы сипатталады: 1. вегетоневроз, 2. миокардиодистрофия, 3. микседема, 4. гипокортицизм, 5. гиперхолестеринемия. Дұрысы: а) 1,2,4; б) 2,3,4; в) 3,4,5; г) дұрыс топ жоқ; д) бәрі дұрыс. 17.Тиреотоксикалық жүрек белгілері: 1. тахикардия, аритмия, 2. жүрек шекараларының кеңуі, 3. жоғарғы систолалық қысым, 4. жүрек ұшындағы диастолалық шу, 5. лимфоцитоз. Дұрысы: а) 1,2; б) 1,3; в) 1,4,5; г) 1,2,4; д) дұрыс топ жоқ. 18.Тиреотоксикалық криздің белгілеріне қайсысы жатпайды? а. тахикардия, б. пульстің сиреуі, АҚҚ төмендеуі, в. естен тану, г. қозу, д. гипертермия. 19.Қатерлі экзофтальмнің белгілері қандай? 1. жемсау, 2. энофтальм, 3. жарыққа қарай алмау, 4. көз қарасының ассиметриясы, 5. көз алмасының бұлшықеттерінің парезі салдарынан «жоғары қарау» – мүмкіншілігі болмауы: Дұрысы: а) 1,3; б) 1,4; в) 4,5; г) 3,5; д) 3,4,5. 20.Гипотиреоз ненің нәтижесінен болуы мүмкін? 1. гипокортицизм салдарынан, 2. тамақ пен суда йодтың жеткіліксіздігінен, 3. тиреоидиттен кейін, 4. тамақ пен суда йодтың көп болуынан, 5. антитиреоидты дәрілерді жиі қолданудан. Дұрысы: а) 1,2,4; б) 3,4; в) 1,4,5; г) 2,3,5; д) бәрі дұрыс. 21.Қайсысы тиреотоксикоздың көрінісіне жатпайды. а. Греффе және Мебус белгілері, б. тахикардия, в. энофтальм, г. аяқ- қолдың дірілдеуі (Мари белгісі), д. қалқанша бездің ұлғаюы. 22.Жас әйел шашының түсуіне, ашуланшақтыққа, тершеңдікке шағымданады. Тәбеті жақсы болуына қарамастан арықтаған, сонымен қатар соңғы кезде ұмытшақтық пайда болған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз? а. гипофиз ісігі, б. феохромоцитома, в. гипертиреоз, г. қалқанша безінің компенсацияланған аденомасы, д. гипотиреоз. 23.Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы гипотиреоздың клиникалық көрінісіне тән? 1. көңіл аударудың назарының төмендігі, 2. шаштың түсуі, 3. гипергидроз, 4. тахикардия, 5. экзофтальм. Дұрысы: а) 3,4,5; б) 1,2; в) 5; г) 1; д) 1,2,3. 24.Түйінді және диффузды жемсау ұқсастықтары: а. жүрек қызметінің декомпенсациясын туғызады, б. бірдей жастағы адамдарда кездесуі, в. жиі экзофтальм, г. бірдей тиреотоксикоз белгісі тән, д. тиреотоксикалық криз бірдей жиілікте кездеседі. 25.Струмэктомиядан кейін паратиреоидты тетания дамығанда науқасқа берілетін нұсқаулар: 1. гемотрансфузия, 2. оксигенотерапия, 3. ет тағамдары, 4. гипотермия, 5. құрамында йод бар дәрілер. Дұрысы: а) 1,4; б) 2,3; в) 3,4; г) бәрі дұрыс емес; д) барлығы дұрыс. 26.Қалқанша безіне операция жасағаннан кейінгі кезеңдегі асқынулар: а. тиреотоксикалық криз, б. қайтармалы нервтің салдануы, в. гипокальциемия, г. гипотиреоз, д. барлық айтылғандар. 27.Тиреотоксикалық жүрек белгілері: 1. жыбыр аритмиясы, 2. жүрек шекараларының кеңуі, 3. систолалық қан қысымының көтерілуі, 4. жүрек ұшындағы систолалық шу. Дұрысы: а) 1,2; б) 1,3; в) 1,2,3; г) 1,4; д) барлығы да дұрыс. 28.Қайсысы тиреотоксикалық криз белгілеріне жатпайды. а. нервті – психикалық бұзылыстар, б. Хвостек белгісі, в. гипертермия, г. тахикардия, д. естен тану. 29.Хашимото жемсауы кезінде қандай ем қолданасыз. а. антибиотиктер, б. оперативті ем – субтотальды струмэктомия, в. сәулелік терапия, г. тироксинді және кортизонды тағайындау, д. барлық айтылғандар дұрыс емес. 30.Созылмалы тиреоидитте операция мақсаты: а. аутоиммунды реакция себептеріне қарсы шара ретінде, б. мойын аймағында ауырғандықты жою, в. малигнизацияны болдырмау, г. кеңірдек пен өңеш сыртынан сығылғанда, тиреотоксикозды жою. 31.Созылмалы тиреоидитке жататындар: 1. түйінді жемсау, 2. Кревен тиреоидиті, 3. Қалқанша безінің аденомасы, 4. Хашимото жемсауы, 5. Ридель жемсауы. Дұрысы: а) 1,2; б) 2,4,5; в) 1,2; г) 2,5; д) дұрыс топ жоқ. 32.Қалқанша безінің қатерлі ісігін анықтауда қандай зерттеу әдісі қолданылмайды. а. сынамалық эксцизия, б. жуан инемен пункциялық биопсия, в. трепан – биопсия, г. қалқанша безіне қарсы денелердің титрін анықтау, д. жіңішке инемен пункциялық биопсия. 33.Қалқанша безінің қандай қатерлі ісігінде йод безде жиналуы мүмкін. 1. папиллярлы карцинома, 2. медуллярлы карцинома, 3. фолликулярлы карцинома, 4. анапластикалық карцинома. Дұрысы: а) 3; б) 3,4; в) 1,3; г) 1; д) дұрыс топ жоқ. 34.2 жыл бойы түйінді жемсаумен ауыратын науқаста соңғы кезде түйіннің үлкеюі анықталады. Сканограммада «салқын түйін» анықталды. Осы жағдайға әкелетін себепті көрсетіңіз. а. түйінге қан құйылу, б. тиреоидиттің дамуы, в. түйіннің кистозды дегенерациясы, г. түйіннің қатерлі ісікке айналуы, д. барлығы дұрыс емес. 35.50 жастағы науқастың қалқанша безінің оң жақ бөлігіндегі түйін тез үлкейеді. Тиреотоксикоз белгілері анықталмайды. Пальпация кезінде оң жақ бөлігінің төменгі жағында 2 см мөлшердегі тығыз түйін анықталады, жұтынғанда қозғалады. Қалқанша безін сканирлегенде «салқын түйін» көрінеді. Сіздің болжама диагнозыңыз? а. киста, б. аденома, в. рак, г. эхинококкты киста, д. айтылғандардың ешқайсысы да емес. 36.Базедов ауруының клиникалық белгілеріне аталған белгілердің қайсысы жатпайды? а. қалқанша бездің ұлғаюы, б. жүрек соғысының сиреуі (брадикардия), в. саусақтың дірілі (Шарко-Мари белгісі), д. экзофтальм. 37.Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы гипертиреоз белгісі емес? а. жүрек соғысының жиілеуі (тахикардия), б. тітіркенгіштік, себепсіз жылау, в. шапшаң жүдеу, г. негізгі зат алмасудың жоғарылауы, д. аяқ-қолдың құрысуы, тетания, 38.Уландырғыш жемсау ауруында көз белгілерінің ішінде мына белгі тән емес: а. Штельвага белгісі, б. Мелихов белгісі, в. Горнер белгісі, г. Розенбах белгісі, д. Елейник белгісі. 39.Струмэктомия операциясынан кейінгі кезеңдегі кездесетін ерте (1-3 күн) асқынуларға жататыны мынадан басқа: а. жарадан қан кету, б. қайтармалы нервтің зақымдану белгілері, в. уландырғыш жемсаудың кризі, г. микседема, д. жараның іріңдеуі. 40.Қалқанша бездің функциясын тексеру әдістері: 1. қалқанша безін УДЗ арқылы, 2. белокпен байланысты плазма йодын (ББЙ) анықтау, 3. безді радиоизотопты сканирлеу, 4. негізгі зат алмасуды анықтау, 5. медиастиноскопия. Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4,5; г) 1,3,5; д) барлығы дұрыс. 41.Жемсаудағы (зоб) операция түрлері: 1. түйінді алып тастау (энуклеация), 2. үнемделген резекция – Кохер әдісі, 3. кеңейтілген резекция – Микулич-Мартынов- Мелихов әдісі, 4. субтотальды субфасциальды струмэктомия –Николаев әдісі, 5. қалқанша безді түгел алып тастау. Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4,5; г) 1,4,5; д) барлығы дұрыс. 42.Тиреотоксикоздың пайда болуына әсер ететін себептерге жатпайтыны: а. психикалық стресс, б. гормондардың жетіспеушілігі, в. йодтың жетіспеушілігі, г. дене салмағының артық болуы (семіздік), д. витаминдердің жетіспеушілігі. |