Гиста СРС Анализаторлар ілімі жарығындағы сезімтал ағзалардың ж. Астана медицина университеті
Скачать 1.67 Mb.
|
“Астана медицина университеті” АҚ Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Анализаторлар ілімі жарығындағы сезімтал ағзалардың жалпы сипаттамасы. Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизмдері Орындаған: Қансбек Н.Ж Қабылдаған: Кожахметова Ұ.А Астана – 2017 жыл Жоспар
Кіріспе Менің жұмысымда негізінен, адамның сезім мүшелерінің рецепторлық жұмысы гистология тұрғысынан қарастырылады. Яғни, бұл дегеніміз тіндердің қатысында рецепцияның механизмдерін қарастыру болып табылады. Рецепторлар – анализаторлардың сырттан келген хабарды ең бірінші қабылдап алатын бөлігі. Оларға тері қабаты, дәм сезу, есту, иіс сезу аймағындағы рецепторлар жатады. Және де сезім ағзалары жайында сипатталып жазылған. Презентацияда осы мәселелер қарастырылады. Анализаторлар туралы түсінік Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып тұрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, ұлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады Анализаторлардың құрылымы Жоғары омыртқалы жануарлар мен адамдардың барлық талдағыштар жүйесіне мынадай жалпы құрылыс тән:
Сезім мүшелері туралы түсінік Дененің барлық мүшелерінде рецепторлар (жүйке ұштары) бар.Рецепторлар ішкі, сыртқы ортаның тітіркеністерін бірден қабылдайды. Дененің кейбір мүшелеріндегі рецепторлар тітіркеністі тек сыртқы ортадан қабылдайды.Бұл рецепторлардың ерекшелігі олар нақты өзіне тән тітіркеністі ғана, мысалы, көздің рецепторлары тек жарық сәулесін, құлақтағы дыбысты қабылдайды.Сыртқы ортаның тек өзіне тән тітіркеністерін қабылдайтын мүшелер— «сезім мүшелері» деп аталады.Сезім мүшелеріне көру мүшесі (көз), есту, тепе-теңдік (құлақ),иіс (мұрын), дәм сезу (тіл), жанасуды сезу (тері) мүшелері жатады.Теріде ыстықты, суықты, ауырғанды, жанасуды сезетін жүйке ұштары бар. Ағзадағы сезім мүшелері сыртқы ортаның әртүрлі әсерлерін қабылдап, нақты бір жүйемен (кодирования) өңдейді де, оны нерв импульсіне айналдырып, өткізгіш жолдары арқылы ми қыртысына, қыртыс астына беріп , одан субъективті сезім түрінде жауап алады. Сонымен қоса , бұл жүйе ішкі және сыртқы ортаның анализаторлары болып, ағзаның белгілі бір жағдайларға бейімделуін де қамтамасыз етеді. Ағзадағы анализаторлар үш бөлікке бөлінеді.Олар шеткі(рецепторлы), аралық және орталық.Шеткі бөлігіне құрамында арнайы рецепторлы жасушалары бармүшелер жатады. Бұлар: механорецепторлар (есту, тепе-теңдік сақтау, тері- сипап сезу, барорецепторлар), хемореццепторлар (дәм сезу, иіс сезу, қан тамырлар құрамындағы интеррецепторлар), Фоторецепторлар (көздің торлы қабығы), жарықты қабылдаса, ал терморецепторлар (тері мен ішкі мүшелердегі), ауырғанды сезетін рецепторлар болып табылады. Аралық бөлігіне—көптеген қыстырма нейрондар тізбегі жатады(өткізгіш жолдар). Орталыққа—сенсорлы жүйенің үлкен ми қыртысында орналасқан бөлігі жатады.Мұнда берілген информация өңделіп, оған жауап беріледі. Сезу мүшелерінің жіктелуі Құрылысы мен қызметіне қарай сезу мүшелерінің рецепторлы бөлігінің үш түрін ажыратады.
Көру мүшесі Көз(Opthalmos oculos)- көру мүшесі, көру анализаторларының шеткі бөлігі, рецепторлы қызметін атқаратын көздің торлы қабығындағы нейрондар тізбесі. Дамуы.Көз ұрықтың әртүрлі жапырақшаларынан бастау алады. Көздің торлы қабығы мен көру нерві нерв түтігінен дамыса, көз бұршағы экстродермадан дамиды. Көз бокалын қоршаған мезенхимадан қан тамырлы қабық пен склера дамиды. Склераның алдыңғы бөлігі біртіндеп көп қабатты жалпақ эпителийге ауысып, көздің қасаң қабығына айналады. Көз бокалы ішіндегі мезенхима мен эмбриональді торлы қабықтан көздің шыны тәрізді денесі мен нұрлы қабығы дамиды. Көздің қарашығын(диаметрін) қысатын бұлшық еттері нейральді түрде дамып жетіледі. Көздің құрылысы.Көз алмасы(bulbus oculus) үш қабықпен қоршалған. Сыртқы фиброзды қорғаныш қызметін атқаратын жне көз алмасының сыртқы бұлшық еттері бекінген қабығы. Бұл қабығының алдыңғы мөлдір бөлігі қасаң қабық болса, ал артқы бөлігі склера (ақ қабық) болып саналады. Ортаңғы қабығы ең негізгі зат алмасу процесінде маңызды ролі бар қан тамырлы қабық. Бұл қабық үш бөліктен тұрады: нұрлы қабық, цилиарлы дене және қан тамырлы – хориодей бөлігі(choriodea). Көздің сезімтал ішкі қабығы- торлы қабық, көздің рецепторлы бөлігі, құрамында нейрондары бар. Бұл фоторецепторлы нейрондар арқылы ағзаға, ми қыртысына, қыртыс астындағы көру орталығына информация беріледі. Көз алмасын қоршаған қабықтары мен олардың туындыларын үш түрлі жарықты сындыратын немесе диотропикалық (қасаң қабық, көз камераларындағы сұйықтық, көз бұршағы мен шыны тәріздес дене); аккомадациялық (нұрлы қабық, кірпікшелі дене мен кірпік тәрізді өсінді); рецепторлы (көздің торлы қабығы) аппараттарға жатқызады. Көздің сыртқы фиброзды қабығы - склера(sclera) құрамында тығыз қалыптасқаан талшықты дәнекер тіні мен коллаген талшықтарының жігі бар қабық. Коллаген талшықтарының жігі біртіндеп жіңішкере келіп көздің қасаң қабығының меншікті затына айналады.Склера көру нервінің маңында қалыңдайды (1,2-1,5 мм), алдыңғы бөлігінде (0,6мм), көз экваторында жұқарады (0,3-0,4мм). Көздің ішіндегі қысым көтерілгенде бұл қабық жұқарып, көптеген патологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады. Көздің жарық сындырғыш аппараттары
Көздің рецепторлы аппараты Бұл көз алмасының өте сезімтал ішкі—торлы қабығы. Құрамында сыртқы пигментті және ішккі сезімтал нервтер тізбегінен тұратын қабаттары бар. Торлы қабықтың гистологиялық құрылысы өте күрделі де, құрамы радиальды бағытта орналасқан үш түрлі нейрондар тізбегінен тұрады. Нейрондардың бірінші түрі—фоторецепторлы (таяқша және колба тәрізді), екіншісі— биполярлы бірінші мен екінші нейрондар тізбегінің арасында орналасқан, ал үшіншісі ганглионарлы нейрондар болып аталады. Бұлардан басқа нейрондардың тағы бірнеше түрлері биполярлы- горизонтальды және амакринді нейрондар да баршылық. Фоторецепторлы нейрондар: таяқша мен колба тәрізді болып жіктеледі.Таяқша нейрондар- ымырт (кешкі) кезіндегі рецепторлары болса, ал колба тәрізді түрлері күндізгі мезгілдің рецепторлары болып табылады. Құрылысы жағынан фоторецепторлы нейрондардың пішіні цилиндр тәрізді, бірнеше бөліктері болатын; дистальді-сыртқы сегметінде фооторецепторлы мембраналары болады. Бұл мембраналар жарықты қабылдап, тітіркенеді.Сыртқы сегмент байланыстырушы цилий деп аталатын бөлігімен ішкі сегментпен байланысады. Ішкі сегментте көптеген митохондриялар, полисомалар, Гольджи комплекс т.б. болады.Бұл сегментінде белок синтезі өтеді.Нейронның проксимальды денесінен бір аксон шығып биполярлы, горизонтальды нейрондардың дендриттерімен синапс түзеді. Фоторецепторлы нейрондардың сыртқы сегментінде мыңға жуық жалпақ қапшық түріндегі-дискілері болады. Фоторецепторлы мұндай дискілер таяқша нейрондарда плазматикалық мембранадан бөлек орналасқан. Тұйық дискілердің параметрі 15нм (қалыңдығы), ені-1 нм;әрбір дискінің арасындағы кеңістіктері—15 нм-дей. Ал колба тәрізді нейрондардың сыртқы сегментіндегі дискілері нейрондардың мембранасымен байланысқан (тұйық емес) ішкі сегментінде элипсоид- деген бөлігінде көптеген май тамшылары мен митохондриялар болады. Таяқша нейрондардың құрамында родопсин пигменті болса, ал колба тәрізді де иодосин болады. Адамда таяқша нейрондардың саны 130 млн-дай. Бұл нейрондар қараңғыда (ымырт жабылғанда) көретін рецепторлар. Таяқша нейрондардың құрамындағы родопсин—опсин белогі мен «А» витамині ретинальдан тұрады.Ал адамда колба тәрізді нейрондардың саны 6-7 млн. Бұлар заттың күндізгі кездегі түсін анықтайды. Құрамындағы пигмент иодопсин жарықта белок пен ретинальға ыдырайды. Горизонтальды нейрондар- бір немесе екі қатар болып орналасады.Бұлардан тараған көптеген дендриттері фоторецепторлы нейрондардың аксондарымен байланысады.Аксондары горизонтальды бағытта өтіп барып, фоторецепторлы нейрондардың аксондарымен синапс түзеді.Тітіркену реакциялары бұл нейрондарда (нерв импульсі аз да болса тежеледі) уақытша блокада жасалады. Ал бұл болса көру қабілетін (контраст) күшейтеді. Биполярлы нейрондар—фоторецепторлы және ганглионарлы нейрондармен байланысады.Бірнеше таяқша нейрондар бір ғана биполярлы нейронмен, ал колба тәрізді нейрондар 1:1 қатынасында байланысқа түседі.Мұндай байланыста қара және ақ түсті заттардың салыстырмалы айыру ерекшелігі өте жоғары болады. Амакринді жасушалары (нейрондар)— қыстырма, интернейрондар (аралық) болып саналады.Бұлардың аксондары болмайды,синапстары химиялық және электрлік болып келеді. Ганглионарлы нейрондар—көздің торлы қабығындағы ең ірілері.Аксондары ұзын, нейрондар цитоплазмасында базофильді заты жақсы дамыған.Бұлардың миллиондаған аксондары жиналп нерв талшықтар қабатын түзе отырып, көру нервіне айналады.Ганглионарлы нейрондар информацияны торлы қабықтың барлық қабаттарынан алады. Нейроглия.Адамның көзіндегі торлы қабықта үш түрлі глиоциттердің бар екені анықталған.Оларға:Мюллер жасушасы, астроглия мен микроглия жатады.Бұл глиоциттер ұзынынан орналысып, торлы қабықтың барлық қабаттарын толық қамтиды. Торлы қабықтың регенерациясы.Таяқша мен колба тәрізді нейрондардың физиологиялық регенерациясы адамда өмір бойы жүреді.Тәулік сайын әрбір таяқша нейрондар түнде , ал әрбір колба тәріздісі күндіз 80-ге жуық мембраналық дискілері қалыптасады.Әрбір таяқша нейрондардың жаңару процесі 9-12 күнге созылады.Көздегі пигментоциттер тәулік сайын 2-4 мыңға жуық дискіні фагоцитпен (жойып), осылайша бұлар көздің қызметін 10-20 есе күшейе отырып, ерекше фагоцитоздық қызмет атқарады. Гематоофтальмикалық сүзгі (Барьер) Гос. ГОС қанмен торлы қабығындағы қан капиллярлары, нейроциттері мен көру нерв талшықтарының арасында орналасады. -Қантамырлы қабықпен фоторецепторлы нейрондардың Құрамындағы қан тамырларының эндотелиімен базальды мембранасы дәнекер тінінің базальды пластикасы мен пигментті эпителиоциттері бекінген базальды мембрана жатады. -Торлы қабықтың ішіндегі сүзгі құрамына торлы қабық ішіндегі гемокапиллярларының эпителиімен базальды мемранасы, сыртқы глиациттердің шектеушілік мембранасымен бұларды қоршаған астроцитртердің өснділері жатады. -Көру нервін қоршаған капиллярлардың эндотелиімен базальды мембранасы, нервтің сыртын қоршаған миелинді қабығы мен нейролеммасы жатады. Дәм сезу мүшесі
Сенсорлы эпителиальді (сезімтал) жасушалар Сезімтал жасушалары ашық түсті, базальді бөлігіндегі ядросы маңында митохондриялар мен органеллалары, біріншілік және екіншілік лизосомалар орын алған.Дәм сезу жасушаларының апикальді бөлігіндегі мембранасында «букет» тәрізді болып орналасқан көптеген микробүрлері болады. Дәм сезу шұңқырларындағы микробүрлер арасында электронды тығыз, белсенділігі жоғары фосфатаза мен белок, гликопротеидтер, тілдің бетіне түскен дәм шығаратын заттарға адсорбенттік қызмет атқарады.Бұл сезімтал жасушалардың цитолеммасының базальді бөлігіне сезімтал нейрондардың дендриттері келіп синапс түзеді.Сезімтал жасушалардың тітіркенуінен пайда болған нерв импульсін дендриттер дәм сезу орталығына береді.Тілдің алдыңғы бөлігіндегі дәм сезу бүртіктерінде—тәттіні, ал артқы бөлігінде—ащыны езетін рецепторлық белоктар болады.Дәмді заттар микробүрлердің мембранасында орналасқан арнайы рецепторлары белоктар арқылы сорылады. Әрбір дәм сезу түйініне 50-ге жуық афферентті нерв талшықтар келіп тармақталып өтеді.Дәм сезу бүртіктерінен нерв импульсі (tº,ауру, тактильді сезіну) түрінде алдымен нерв ұштарына, одан нерв жолдары арқылы дәмдік заттардың қасиеті жөнінде түсінікті қалыптастыратын, дәмдік анализатордың орталық бөлігіне беріледі. Тіректік эпителиоциттер ядросының ірілігімен, көптеген митохондрияларымен эндоплазмалық жүйенің болуымен ерекшеленеді.Көбінесе бұл жасушалар дәм сезу жасушаларын, нерв талшықтарын қоршап орналасады.Апикальды бөлігінде микробүрлері болады. Базальді эпителиоциттер—базальді мембранаға бекінген, жасушалардың апикальды беткейі эпителий қабатының бетіне жетпейтін қысқа цитоплазмасында митоз фигурасы жақсы білінетін жасушалар. Шеткі- перигеммальді эпитолиоциттер- пішіні таға тәрізді, аздаған органеллалары бар жасушалалар.Ерекшелігі- құрамында көптеген микротүтікшелері мен нерв ұштары болады.Адамның жасы ұшлғайған сайын дәм сезу бүртіктері азаяды да, дәм сезу қасиетінің барлық дәмдік заттарға, оның ішінде әсіресе тәтті заттарға ұлғаятыны байқалады. Регенерациясы. Дәм сезу түйінінің құрамындағы сенсосезімтал және тіректік жасушалары үнемі жаңарып отырады.Бұл жасушалардың тіршілігінің мөлшері 10 тәулікке жуық.Сезімтал эпитолиоциттер тіршілігін жойғанда олардағы синапстары үзіледі, бірақ жаңа жасушалар өсіп шығып қалпына қайта келіп отырады. Кортий мүшесі
Есту мүшесі Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады. Сыртқы есту жолы иірім жасай орналасқан шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Оның шеміршекті бөлігінде май бездері мен сарғыш түсті секрет – құлық көп бөлінеді. Ал сыртқы есту жолындағы түктер қорғаныш қызметін атқарады: шаң, тозаңды, ұсақ жәндіктерді, микробтарды тұтып қалады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдайды да оны дабыл жарғағына жібереді. Ортаңғы құлақ бір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы, есту түтікшесі мен емізік тәрізді өсіндіден (өзінің үңгірімен) тұрады. Есту түтікшесі тамақтың, мұрын-жұтқыншақ бөлігін дабыл қуысымен байланыстырып тұрады, сондықтан тұмау кезінде инфекция мұрын-жұтқыншақтан сол түтікше арқылы ортаңғы құлаққа түседі. Ал дабыл қуысы сыртқы есту жолы мен құлақтың ішкі бөлігі лабиринттің (шытырманның) арасында орналасқан. Ол бұрыс куб тәрізді, сондықтан алты қабырғасы болады. Дабыл қуысында дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке жеткізетін балғашық, төсше және үзеңгі деп аталатын үш кішкене сүйекше бар. Сүйекшелер тізбегі дыбысты лабиринттің сопақша терезесіне жібереді. Ортаңғы құлақтың бұлшық еттері дабыл жарғағы мен дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау, ішкі құлақты тыс дыбыстық шамадан тітіркендірулерден қорғау; дыбыс өткізгіш аппараты толқынындағы дыбыстарға бейімдеу қызметтерін атқарады. Ішкі құлақ – “лабиринт” деп аталады. Ол шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Сүйекті лабиринт: кіре беріс, жартылай үш иірім өзектері мен ұлулы денеден тұрады. Шеміршекті бөлігі сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Оның іші мөлдір сұйық эндолимфамен, ал осы екі лабиринттің арасы перилимфамен толған. Дыбыс дірілі перилимфадан эндолимфаға, ал ол арқылы ұлуға беріледі. Есту жүйкесінің шеті орналасқан ұлудан дыбысты қабылдайтын жүйке клеткалары бар есту жүйкесі шығады. Дыбыс өткізгіш аппаратына құлақтың сыртқы, ортаңғы, ішкі бөліктері мен перилимфа, эндолимфа, геликотрема жатса, дыбыс қабылдағыш аппаратына кортий мүшесінің сезімтал клеткалары, ұлудың сүйекті бөлігіндегі спиральді түйін, есту жүйкесінің өткізгіш жолдары мен ядролары, ми қыртысының самай бөлігіндегі оң және сол жақтағы (ми орталығы) орталықтары жатады. Қорытынды Адам көру мүшесі арқылы сыртқы ортаны танып, зерттеп отырады.Сыртқы ортадан қабылдайтынақпараттың 80-90%-ы көру мүшесі арқылы жүзеге асады.Бұл көру маңызының аса ерекше екенін дәлелдейді.Көз арқылы адам өзін қоршаған затты, әр түрлі денелерді, олардың пішінін, түрін, түсін, қимылын, құрылысын қабылдайды.Адамның табиғатта және қоғамда толып жатқан өзгерістер жасауды көру мүшесінен алынған ақпараттың жоғары ми қыртысында талданып, қортындылап, оның іс-әрекетіне айналуына байланысты.Көру мүшесінен түсетін ақпараттың ішкі мүшелердің қызметіне әсері бар және ол адамның мінез-құлық өзгертеді. Дені сау адамның екі көзінің қарашығы бірдей кеңейеді немесе бірдей тарылады.Бір көзге жарық сәулесін түсіргенде онымен бірге басқа көздің қарашығы да тарылады, мұны өзара одақтас әсерленіс деп атаймыз.Кей жағдайда екі көздің қарашықтары көлемі әртүрлі болады—анизокария.Бұл бір жағындағы симпатикалық жүйкенің зақымдануынан туады, осының салдарынан көз қарашығы тарылады—миоз және онымен бірге саңылауы кішірейеді (Горнер симптомы). Көз алмасы қозғалысының қандай да болмасын заттарды көруге маңызы зор. Дәм сезу жүйесі ауыз қуысына түскен тағамның сипатын, мөлшерін және түрін анықтап, организмнің тіршілігін, зат алмасуын, сыртқы ортаға бейімделісін қамтамсыз етеді.эволюциялық даму кезінде дәм сезу тағамды талғау немесе қабыл алмау тетігі ретінде қалыптасты.Табиғи жағдайда дәм сезу түйсігі тағаммен қатар іс иіс сезу, тактилді және жылулық түйсіктерімен қоса жүреді. Жас ұлғайған сайын ажырату сезімталдығы кемиді.Дәрі қабылдау, темекі шегу дәм сезу сезімталдығын төмендетеді.оның жойылуы—агевзия, кемуі—гипогевзия, ал қалыптан тысқа әуес болушылық- парагевзия деп аталады. Пайдаланылған әдебиеттер
|