К_сіпорын экономикасы. Атырау мнай жне газ университеті
Скачать 2.6 Mb.
|
Негізгі қорлардың бағалануы және тозуыНегiзгi қорларды 6ағалаудьң үш түpi белгiлi: алғашқы, қалыптастыру, қалдьқ. Алғашқы құны - негiзгi қорларды дайындауға, жеткiзуге, монтаждауға, кеткен шығындарыньщ сомасын, яғни алғашқы құны кәсіпорын балансына негiзгi қорларды енгiзген құнын керсетедi. Алғашқы құн негiзгi қорлар әрекет еткен кезеңдер iшiнде өзгерiссiз қалады, және негiзгi қорлардың құрылған кезеңiндегi еңбек өнiмдiлiгiнiң деңгейiн сипаттайды. Негiзгi қорлардың алғашқы құны амортизациялық төлемдердiң нормасы мен шамасын, мекеменiң пайдасымен рентабельдiлiгiн, негiзгi қорларды пайдалану көрсеткiштерiн анықтау үшiн қолданылады. Қалыптастыру құны - жаңа жағдайларға сай негiзгi қорлардьң ұдайы өндiрiсiне шығындар.Тарифтер мен бағаның өсуіне байланысты, негiзгi қорларды қайта бағалау нәтижесiнде олардың қалыптастыру құны артады да, мекеменiң каржыльқ-экономикалық көрсеткiштерi темендейді. Сондьқтан, негiзгi қорларды қайта бағалау кезiнде қаржыльқ көрсеткiштерi темендейтiн кәсіпорындар үшiн амортизацияны индексациялаудың азайтылған коэффициентrерi қолданылады. Негiзгi қорларды өндiрiстiк үдерісте пайдалану барысында олар тозып, алғашқы немесе қалыптастыру құнын жоғалтады.Олардың нақты шамасын бағалау үшiн қорлардың тозған бөлiгiнiң құнын шегеру қажет. Қалдық құн - алғашқы немесе қалыптастыру құнынан негiзгi қорлардың тозу шамасын шегергендегi құны. Негiзгi қорлардың тозуыньң eкi түpi белгiлi: физикалық: және моральдық. Физикалық тозу - негiзгi өндірістік қорлардьң әрекет еткендегi жене тоқтап тұрғандағы өзiнiң алғашқы құнын бiртiндеп жоғалтуы. Негiзгi қорлардьң физикалық тозуы негiзгi қорлардьщ сапасына, техникалық жетiлдiру деңгейiне, технологиялық процестiң ерекшелiгiне, ерекет ету уақытына, сыртқы жағдайлардан негiзгi қорларды қорғау деңгейiне байланысты. Моральдық тозу - негiзгi қорлардың ұдайы өндiрiсiне қажетri шығындарды қысқарту және неғұpлым тиiмдi машиналарды iскe қосу нәтижесiнде негiзгi қорлардьң құнының төмендеуi. Өндірістік мекемелерiнде негiзгi қорлардың қалыпты әрекет eтyiн қамтамасыз ету жағдайында жоспарлау алдын - алу жөндеу жүйесi қолданылады. Жұмыс көлемi, қаржыландыру кезiне байланысты жөндеудiң үш түрі белгiлi: ағымдық, орташа, күрделi. Aғымдық жөндеу - тез тозатын детальдарды алмастыру, жеке бөлшектердi жөндеу жұмыстарын қамтиды. Орташа жөндеу – жөнделiнетiн обьектiнi бөлшектеу, көптеген тозған детальдарды қалпына келтiрумен байланысты жұмыстарды қамтиды. Күрделi жөндеу - агрегатты толық бөлшектеу, барлык, детальдарды алмастыру және жөндеу жұмыстарын қамтиды. Күрделi жөндеу жұмыстары амортизациялық төлемдер есебiнен жүргiзiледi. Жөндеу жұмыстары мынандай көрсеткiштердi қамтиды: а) жөндеу циклi – eкi кезектi күрделi жөндеулер арасындағы кезең, оның ұзақтығы қондырғының конструкциясы, жұмыс жағдайлары,кызмет ету мерзiмiне байланысты. ә)жөндеу циклiнiң құрылымы – жөндеу циклi деңгейiндегi жөндеулердiң кезектесу тәртiбi. б) жөндеулер арасындағы кезең - eкi аралас жөндеу жұмыстарының арасындағы кезең. Жерден басқа барлық негізгі құралдар техникалық, экономикалық, физикикалық фактор әсерінен құндылығын жойып жарамсыз деңгейге жетеді. Негізгі құралдардың физикалық шығынын жөндеу, құру арқылы біртіндеп жаңартуға болады, бірақ пайда жөндеуге кеткен шығын орнын баса алмайды. |