К_сіпорын экономикасы. Атырау мнай жне газ университеті
Скачать 2.6 Mb.
|
Амортизациялық төлем және есептелу жолдарыАмортизация - негiзгi қорлардьң тозуын, оның құнын өнiмдi өндiру шығындарына енгiзе отырып қаржылай өтеу, яғни амортизация - негiзгi қорлардың физикалық жене моральдық тозуының қаржылай көpiнic табуы. Амортизациялық төлемдердiң деңгейі негiзгi қорлардың құнына, оларды пайдалану уақытына, жаңартуға кеткен шығындарға байланысты. Жылдық амортизациялық төлемнің негiзгi қорлардың құнына қатынасы амортизациялық норма деп аталады. Пайыз ретiнде есептелген амортизациялық норма еңбек құралдары жыл сайын өзiнiң баланстық құнының қандай үлесiн дайындалған өнiмre аударатынын, тағайындалған норма бойынша есептелген амортизациялық өнiмнің өзiндiк шығынының құрамына енгiзiледi. Амортизациялық норманы есептеу үшiн негiзгi қорлардың aлғaшқы құнынан жойылған құнын шегерiп, негiзгi қорларды нормативтiк ұзақтығы мен алғашқы құнының көбейтiндiсiне бөледi де 100 - ге көбейтедi. Ан = НӨҚа – НӨҚж / (НӨҚа * Т) *100 (1) Ан – амортизациялық норма НӨҚа – негізгі қорлардың алғашқы құны НӨҚж – негізгі қорлардың жойылу құны Т – негізгі қорлардың мерзім ұзақтығы А = НӨҚорт. * Ан / 100 (2) А – амортизациялық төлем НӨҚорт. – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны Ан – амортизациялық норма. Нарық экономикасы жағдайында амортизациялық төлемді есептеу тәсілдері кеңейген, оларға мыналар жатады: бірқалыпты, құнды орындалған жұмыстың, өндірілген көлеміне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс) және жылдамдатып есептеп шығару әдісі. Бір қалыпты есептеу әдісі: Ең қарапайым болып табылатын бұл әдісте нысанның амортизацияланатын құны негізгі капиталдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субьектінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық төлем мөлшері тек қана нысанның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Мысалы: Компанияның сатып алған өлшеу құрал жабдығының алғашқы құны – 30000000 теңге, бес жыл жұмыс жасағаннан кейін болжамдық қалдық құны 3000000 теңгені құрады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, бір жылдық амортизациялық аударым былайша анықталады. (30000000 – 3000000)/5=5 400 000 теңге. Бұл өлшеу құрал жабдығының барлық амортизацияланатын шамасы 27000000 теңгеге (30000000–3000000) тең, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым шамасы табылады. Бұл өлшеу құралының пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан , барлық амортизацилануға тиісті соманы 100% деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін сол құнының 20%-ы деп те табуға болады (100 / 5 =20%). Осы амортизациялық мөлшерді пайдалана отырып, жоғарыдағы көрсеткішке тең соманы табуға болады. 27000000 * 20/100=5400 000 теңге. Кесте 2.Негізгі капиталдың амортизациясын бір қалыпты есептеп шығару әдісі
Амортизацияны жұмыстың орындалған көлемін тепе- тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік тәсіл). Бұл әдістің мәні мынада: амортизациялық аударымдар нысанды пайдалану кезінде ғана қолданылады, яғни амортизация төлемі мен өндірістік қуат арасында тікелей тәуекелділік бар және мұнда амортизацияны анықтау үшін құрал жабдықтың қызмет ету мерзімінің маңызы жоқ. Өндірістік қуаты шығарылған өнім бірлігімен, пайдалану сағатымен, жол ұзақтығының бірлігімен және т.с.с. өлшенуі мүмкін. Негізгі қордың теңдестік құны қалдық құнына жеткенге дейін жыл сайын өндіріс қуатының көрсеткішіне парапар түрде кеми береді. Мысалы: Көшірме құрал жабдығы техникалық құжатына сәйкес 500 000 көшірме басуға немесе 10 000 сағат бойыжұмыс жасауға қабілетті. Құрал жабдықтың алғашқы құны – 30 000 000 теңге, қалдық құны – 3 000 000 теңге. Осы деректерге сүйене отырып амортизациялық аударымды анықтаймыз: А) (30000000 теңге –3000000 теңге)/500000көшірме=54,0 теңге/көшірме; Ә) (30000000 теңге – 3000000 теңге)/10000=2700,0 теңге/сағат. Есептік жыл ішінде көшірме қондырғыда 110 000 көшірме басылуы керек, жұмыс уақыты 1900 сағатты құрайды. Бұл жағдайда бір жылдық амортизациялық аударымдар: А) 54,0 * 110000= 5 940 000 Ә) 2700,0 * 1900= 5130 000 Тәжірибе жүзінде компания негізгі капитал – нысанның өндірістік қуатын сипаттайтын көрсеткіштердің біреуін таңдау қажет. Негізгі капиталдың кейбір түрлеріпайдалану барысында дәл, тиімді қызмет етеді. Сонымен қоса технологияның тез жетілуіне байланысты құрал – жабдықтың сапасы жылдам ескіреді. Сол себепті өндіріске ғылыми – техникалық жетістіктерді енгізуді жеделдетуге қолайлы қаржылық жағдай туғызу мақсатында негізгі капиталды жаңартуға мүдделі кәсіпорындар амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісін қолдана алады. Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісінің екі түрі болады: сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (куммулятивтік); қалдық құнын кеміту (қалдықты азайту) әдісі. Куммулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда өсу, жинау деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу арқылы тозу сомасы есептелінеді, демек нысанның қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Құнді сандар сомасына сәйкес есептеу (куммулятивтік әдіс) есептік коэффициенті анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі пайдалы қызмет ету мерзіміне тең жылдар қосындысын көрсетеді, ал алымы қызмет ету мерзімінің қалған джылдарын санау арқылы табылады. Берілген коэффициент пайдаланылу кезеңінде әр түрлі, бірақ амортизация құнының тұрақты шамасына қолданылады. Бұл әдісті қолдануда амортизациялық аударымдар сомасы алғашқы пайдалану жылдарында кейінгі жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып келеді. Мысалы: электрлі қондырғының болжамды қызмет ету мерзімі – 5 жыл, сонда бөлшектің бөлімі 15-ке тең болады, яғни сандар қосындысы – пайдалану жылдары (1+2+3+4+5=15, мұнда 15- куммулятивтік сан), әр жыл үшін есептік коэффициент: 5/15; 4/15; 3/15; 2/15; 1/15. Егер электрлі қондырғының алғашқы бағасы – 100000 теңге, қалдық бағасы – 10 000 теңге, амортизациялық құны 90 000 теңгені (100000-10000) құрайтын болса, онда әр жылдағы амортизация кестеде көрсетілгендей анықталады: Кесте 3. Куммулятивтік әдіс бойынша электрлі қондырғының амортизациялық төлемін анықтау
Куммулятивтік санды жылдам анықтау үшін келесі формула қолданылады: S=N *(N+1) / 2 (3) Мұнда: S – сандар қосындысы; N –болжамдық пайдалы қызмет ету мерзімі Біздің мысалымызда бұл: S=5 *(5+1) / 2=15 (куммулятивтік сан) Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдіс те куммулятивтік әдістің қағидаларына негізделген. Оны түзу сызықты әдісте амортизациялық мөлшердің екі еселенген түрін қолданып отыратын қалдық әдіс деп те атайды. Бұл жағдайда жылдан жылға амортизациясы кеми береді және алғашқы жылдары ол едәуір жоғары болады. Амортизацияны есептеуде болжамды қалдық құны ескерілмейді. Мысалы: Түзу сызықты әдісте амортизациялық аударымдардың қалыпты мөлшері – 20% , онда екі еселенген коффициентті ескере отырып жеделдетілген амортизация 40% -ды құрайды және ол қалдық құнына бекітілген үстеме болып табылады. Бұл кезде алғашқы бағасы–1000000 теңге және қалдық құны–100000 теңге болатын төлемдер кестеде көрсетілген түрде анықталады: Кесте 4.Түзу сызықты әдіспен амортизациялық аударымдарды есептеу Алғашқы құны Амортизация құны
Кәсіпорында амортизациялық төлем негізгі құралдардың төзу деңгейін қаржылай өтеу мақсатында жүзеге асырылады. Кәсіпорындарда амортизациялық төлем арқылы амортизациялық қор қалыптасады. |