Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырып

  • Материалдық-заттай

  • К_сіпорын экономикасы. Атырау мнай жне газ университеті


    Скачать 2.6 Mb.
    НазваниеАтырау мнай жне газ университеті
    Дата17.10.2022
    Размер2.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаК_сіпорын экономикасы.docx
    ТипДокументы
    #737883
    страница9 из 57
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57

    Бақылау сұрақтары:


    1. Экономика құрылымындағы өнеркәсіптің рөлін сипаттаңыз.

    2. Кәсіпорын дамуындағы индустриалды-инновациялық саясаттың маңызын анықтау

    3. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі немен сипатталады? 4.Кәсіпорынның жіктелу белгілерін атаңыз

    5.Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы мәні,құрамын атаңыз 6.Кәсіпорын құру тәртібі қандай кезеңдерді қамтиды?

    1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нышандарыныңтүрі мен айырмашылығын атаңыз.

    2. Квазимемлекеттік сектордың ерекшелігін анықтау.

    Әдебиеттер:1/2/3/4/5/6/8/10/12/20/21/22/23/24/26/27/29.

    II-БӨЛІМ.КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ,СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҒАЛАУ



    Тақырып 2. Кәсіпорынның негізгі қапиталы

      1. Негізгі қорлар туралы ұғым, олардың құрылымы мен құрамы



    Кәсіпорын өндірістік ресурстары бұл экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланылатын факторлар жиынтығы. Кәсіпорын өндірістік ресурстарына материалдық, еңбек, табиғи, қаржы және ақпараттық ресурстар жатады. Материалдық ресурстарға кәсіпорынның еңбек құралдары (машина, жабдықтар, т.б.) мен еңбек заты (шикізат, материалдар, т.б.) жатады. Еңбек ресурстарына кәсіпорынның жұмыс күші, ал табиғи ресурстарға жер, пайдалы қазба ресурстары, т.б. жатады. Еңбек үдерісінде ресурстарды пайдалану мен оларға деген қарым-қатынас шығарушы игіліктерге, олардың сапасына, табысына және жұмысшылардың өмір сүру деңгейі мен олардың отбасына түптеп келгенде, тұрғындардың әл-ауқаты мен байлығына байланысты. Экономикалық дағдарыстардың себебі, негізінен адамдардың ресурстарды нәтижесіз қолданылуы.

    Негізгі құралдар деп өндіріс құралдарын, игіліктер қорларын, мемлекет қарамағындағы құндылықтарды, әкімшілік орталықтар, компания, кәсіпорындар, мекемелер аталады.

    Өндіріс құралдары – бұл қондырғылар,машиналар, станоктар, құрал- жабдықтар, ғимараттар, көлік құралдары, байланыс желілері, қоймалар және т.б. Кәсіпорын экономикасында бұл ресурстарды негізгі капитал немесе негізгі өндірістік қор деп атайды.Кәсіпорын өндірістік-шаруашылық барысында тауарларды жабдықтауға, қызмет көрсетуге, басқаларға жалға беру немесе әкімшілік функцияларды орындауға арналған мерзімі 1 жылдан асатын материалдық активтерді негізгі құралдарға кіргізеді.

    Әрбір кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, техникалық ерекшеліктерін көрсететін негізгі құралдардың құрылымы болады.Өндірістік және шаруашылық қызметтерде негізгі құралдар нышандары әрекет етуші, әрекет етпеуші және қорда тұрған деп қолданылады.

    Бұндай бөліну негізгі құралдардың қолдану нәтижелілігі туралы мәлімет алуға, тозған құралдарды қайта ауыстыруға, қолданыста жоқ құралдарды ауыстыруға немесе жалға беруге, кәсіпорындағы шығынды дұрыс есептеп шығаруға көмектеседі. Әрекет етуші негізгі құралдарға өндірістік-шаруашылық қызметте қолданылатын негізгі құралдарды

    жатқызады. Кәсіпорындардың негізгі құралдары материалдық-техникалық базаның негізін құрайды және бәсекеге қабілетті, сапалы өнім шығаруына мүмкіндік жасайды. Негізгі құралдар бірнеше топтарға бөлінеді. Экономикалық белгілері, табиғи-заттық құрамы, пайдалану дейгейі бойынша жіктеледі.
    Кесте 1.Өнеркісіптік кәсіпорынның өндірістік ресурстары

    Материалдық-заттай нысаны атауы

    Құндық нысаны

    Қабылданатын есептемелер

    Кәсіпорын бойынша

    Жұмыс күші

    Еңбекақы қоры

    Айнымалы капитал

    Еңбек құралы (машина, жабдықтар)

    Негізгі қорлар

    Негізгі капитал

    Еңбек заттары (шикізат, материалдар)

    Айналым қорлары

    Айналым капиталы

    Дайын өнім

    Айналыс қоры

    Айналыс қорындағы айналым капиталы

    Өндірістің табиғи жағдайы (жер, пайдалы қазба байлықтары, т,б.)

    Айналымдағы ақша (есептесу шоты, есептесу, касса)

    Ақша нысанындағы айналыс капиталы


    Кәсіпорын қызмет түрлеріне байланысты да өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, байланыс, материалдық-техникалық қолдау және т.б. бойынша салаларға бөлінеді. Негізгі құралдар функционалдық атауы бойынша өнеркәсіпті- өндірістік, өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдарына өндіріс процесіне қатысушы еңбек құралдары (еңбек машиналары, құрал-жабдықтар, күшті машиналар және басқа да өнім өндіруге арналған еңбек құралдары), сонымен қатар өндіріс барысында қолданылатын құрал-жабдықтардың орындары (ғимараттар, қоймалар және т.б) жатады. Өндіріссіз құралдарға өндірістік емес нысандары, яғни тұрғын үй шаруашылығы,өндірістік емес ғимараттар, мәдениет, ғылым жатады.

    Кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірістің негізгі құралдары өзінің табиғи- заттық құрамына байланысты мынадай топтарға бөлінеді: ғимараттар; құрылғылар, жабдықтар; қарапайым, қуатты машиналары; байланыс құралдары; көлік құралдары; саймандар және басқа да құралдар.

    Ғимараттар – бұл жерлерде негізгі және көмекші өндіріс үдерістері жүзеге асырылады (қоймалар, тұрмыстық, механикалық, шаруашылық шеберханалар т.б.).

    Құрылғылар – бұл инженерлі-құрылыстық обьектілері, тау кен орны, газ және мұнай ұңғымалары, көпірлер.

    Байланыс құралдары электр жеткізу желілері, кабель желілері,мұнайгаз магистралді құбырлары, телефон жүйесі, радио байланыс, құбырлар магистралі т.б.

    Қуатты машиналары мен жабдықтар – машина-генераторлары, энергия өндіргіштер, двигательдер, котелдар, трансформаторлар, компрессор құрылғылары және т.б. жатады.

    Көлікқұралдарына – автомобиль, теміржол көлігі, адамдарды және жүк тасымалдау үшін локомотивтер, вагондар, автомашиналар, тепловоздар, т.б. жатады

    Құрал-саймандарға-қол еңбегі күшімен орындалатын әр түрлі механика

    • ландырылған және механикаландырылмаған құрал-сайман түрлері жатады (манипулятор, электрлі дәнекерлер).

    Табиғи ресурстар- кәсіпорын иелігіндегі бау-бақша,парк,скверлер,көп жылдық өсімдіктер т.б. жатады

    Басқалай негізгі құралдарға кеңсе тауарлары,өрт сөндіруге арналған құралдар,жихаздар т.б. жатады.

    Жоғарыда айтылған негізгі құралдар топтарының өндірісте және нәтижелікті өсіруде әсері бірдей болмайды.Кәсіпорындардағы еңбектің техникалық деңгейі негізгі құралдардың белсенді түрі болып, жұмыс машиналары, көлік құралдары және саймандар табылады. Олардың сапасына дайындалған өнімнің көлемі және нәтижесі байланысты болады. Негізгі құралдардың басқа элементі өндіріс барысында жанама түрде еңбекке қатысады, яғни, ғимараттар, байланыс құралдары. Сондықтан кәсіпорында негізгі құралдардың көлемі мен сапасының белсенді бөлігі арқылы кәсіпорынның материалдық-техникалық базасының деңгейі анықталады. Өндірістің әр бір негізгі құралдарының құнының жалпы құнына қатынасымен құрылымын анықтайды.

    Негізгі құралдар өз меншігіндегі және жалға алынған болып бөлінеді. Өз меншігіндегі құралдар осы кәсіпорынның, ал жалға алынған басқа кәсіпорынның меншігіндегі, яғни, жалға алу келісім-шартына негізінде осы кәсіпорында қолданылады.

    Материальдық емес активтерге интеллектілік меншікке жататын патент,авторлық құқық, тауар маркалары,ноу-хау, фирмалық белгі, компьютерлік бағдарламалар, ғылыми туындылар т.б. жатады.

    Патент - бұл занды үрде тіркелетін және танылатын ерекше құқық. Патенттік құқық патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, өнімдерді иесіне пайдалануға, өндіруге, сатуға және бақылауға мүмкіндік береді.

    Авторлық кұкық бұл шығармашылық туындылар, өнертапқыштар және тағы басқа авторларының заңмен қарастрылатын, қорғалатын формасы. Тауар маркалары немесе тауар атаулары — бұл компанияларға, өнімдерге немесе қызметтерге берілген атаулар, символдар немесе басқа да

    анықталатын ұқсастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін.

    Ноу-хау – көп жағдайда әлі біле бермейтін және сауда-саттық тауары бола алатын немесе басқалардың алдында бәсекелі болу үшін пайдаланыла алатын ерекше технологиялар, білімдер мен қабілеттер.

    Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады.

      1. 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57


    написать администратору сайта