Главная страница

К_сіпорын экономикасы. Атырау мнай жне газ университеті


Скачать 2.6 Mb.
НазваниеАтырау мнай жне газ университеті
Дата17.10.2022
Размер2.6 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаК_сіпорын экономикасы.docx
ТипДокументы
#737883
страница14 из 57
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57

Бақылау сұрақтары:





    1. Өндірістік ресурстар мәні мен мазмұнын анықтау

    2. Негізгі қорлардың түрлері мен құрамы,бағалануын сипаттау

    3. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациялық төлемін анықтау

    4. Кәсіпорынның негізгі қорларының пайдалану тиімділігін есептеу тәсілдерін көрсету

    5. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды жетілдіру жолдарын сипаттау.


Әдебиеттер: /1/2/3/4/5/6/8/10/11/12/15.

Тақырып 3. Кәсіпорынның айналым капиталы




    1. Кәсіпорынның айналым құралдарының құрамы мен құрылымы



. Өнеркәсіптік кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі үшін кәзіргі жағдайларда инновацияларды, технологияларды, технологияларды, негізгі капиталды көбейтуді қамтамасыз етумен қатар, айналым қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорынның айналым қаражатын инновациялық негізде қалыптастыру және оның ұтымды пайдалану кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған міндеттердің жалпы кешенінде негізгі болып табылады. Айналым капиталы - ағымдағы қызметке кепілдік беру үшін белгілі бір заңдылықпен жаңартылатын, ағымдағы активтерге (ағымдағы активтерге) салынған кәсіпорынның капиталы. Айналымдағы капитал жылына кем дегенде бір рет немесе бір өндірістік циклде айналып отырады.

Кәсіпорынның қорларының бір бөлігін айналым құралдары құрайды.Айналым құралдары өндірістік айналым қоры және айналыс қоры болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік айналым қорлары - өндірістік цикл ішінде толықтай пайдаланып, өз құнын дайын өнімге бірден аударатын еңбек заттары. Өндірістік айналым қорларының жіктелуі:

-өндірістік запас;

-аяқталмаған өндірісжәне жартылай фабрикаттар;

-болашақ кезең шығындары;

Өндірістік запас- өндірістік үдеріске жіберілу үшін дайындалған еңбек заттары. Оған жататындар:

а)шикізат,

б)негізгі және қосалқы материалдар(тереңдік насостар, деэмульсаторлар, реагенттер, еріткіштер);

в)отын, электр энергиясы;




Сурет 1. Кәсіпорынның өндірістік запастары құрамына кіретіндер
с)жартылай фабрикаттармен комплектіленген өнім; д) тара, қораптар, мешок , бөшке т.б.

г) негізгі қорларды ағымдық жөндеуге қажетті бөлшектер. е) аяқталмаған өндіріс және жартылай фабрикаттар - өндірістік процеске келіп түскен еңбек заттары. оған: материалдар, детальдар, жинау немесе өңдеу процесіндегі өнімдер, мекеменің бір цехындағы аяқталмаған өнім.




Сурет2.Кәсіпорын айналым қорларына кіретін шикізат пен материалдар

Шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары. Айналым активтерінің бұл түрі кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін запас түріндегі олардың кіретін материалдық ағымының көлемін сипаттайды. Болашақ кезең шығындары айналым қорларының жеке элементтері, нақты кезеңде өндіріліп, бірақ болашақ кезеңде қарастырылатын жаңа өнімді дайындау мен игеру шығындарын қамтиды,осындай шығындарға ғимараттар жалгерлік төлем, баспа газеттерге жазылу шығындары жатады.

Айналым құралдары өз қозғалысында қор айналысымен тығыз байланысты. Қор айналысы мыналарды қамтиды.

  • қоймадағы дайын өнім;

  • ақшалай құралдар;

  • өнімді тұтынушылармен есеп айырысулар;

-дебиторлық бережақтар.

Дайын өнімнің өткізілмеген бөлігі қоймаларда дайын өнім ретінде сақталады.Өткізуге арналған запас түріндегі олардың шығатын материалдық ағымының көлемін сипаттайтын айналым активтерінің бір түрі.

Ақша құралдары бұл кассадағы, есеп айрысу, валюталық есеп шоттардағы қалған ақша құралдары. Ақша құралдары айналым құралдарының негізгі тобы болып табылады. Айналыс кезінде айналым құралдары өзінің қызмет көрсетуіне байланысты формаларын өзгертеді, нәтижесінде дайын өнім ақшаға айналып отырады. Ақша құралдары негізінен кәсіпорынның банктердегі есеп шоттарында сақталады, өйткені шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы есептесулер негізінен банктер арқылы қолма қол ақшасыз іске асады.

Еңбекақы төленетін күндерден басқа мезгілде ақша активтері азған мөлшерде кәсіпорын кассасында сақталады. Кәсіпорын өзінің төлемқабілеттілігін сақтау үшін үнемі ақша қаражатының белгілі бір мөлшерін өз кассасында сақтауға міндетті.

Өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындарда жөнелтілген тауарлардағы қаржылар жоғары үлес салмағын иемденеді. Олардың кәсіпорында болуы міндетті жағдай, себебі келісілген уақытта олар қоймалардан тұтынушыларға жөнелтіледі. Бірақ жөнелтілетін тауарлардың қолданылуға дайындықтары әртүрлі болады. Олардың бір бөлігі үшін төлем төлеу мерзімі әлі келген жоқ. Ал енді бір тобы үшін төлем төлеу мерзімі өтіп кеткен. Бұл сатып алушылардың төлемқабілетінің жоқтығын, немесе келісім шартты бұзып отырғанын көрсетеді.

Дебиторлық бережақ келісім немесе сметалық баға бойынша төленетін тиелген өнім, істелінген жұмыс және көрсетілген қызмет үшін беретін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің бережағы.Дебиторлық бережақтың бірнеше түрі болады: командировка және басқа да мақсаттарға

алынған қарыз, сатушылардың сатып алушыларға қарызы, салық органдарының мекемеге қарызы және т.б

Айналым қорлары мен қор айналысын құруға бағытталған кәсіпорынның ақшалай құралдары айналым құралдары деп аталады.

Айналым қорлары мен қор айналысы біріге отырып, айналым құралдарын(айналым капиталын) құрайды. Айналым құралдары құрылу көзіне байланысты екіге бөлінеді: меншіктік және несиелік.

Меншіктік айналым құраладры – үнемі кәсіпорын игілігінде болатын және оның меншіктік ресурстары есебінен құрылатын құралдыр.

Несиелік айналым құралдары – банк несиесі, коммерциялық несие және т.б. көздерден құрылады.

Шикізат, материалдар, отын, энергия – бұлар еңбек затына жатады, яғни олар құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлерімен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының құрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді. Еңбек заты ретінде шикізат және отын-энергетикалық болып пайдаланылатын барлық материалдық ресурстар шартты түрде екіге бөлінеді.

Шикізат ресурстары әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы түрінде болып келеді. Өңделмеген шикізат деп жерден қазылып алынған соның нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заттарын айтамыз.

Шикізатқа кен өндіруші өндіріс (руда, мұнай, көмір және т.б.) пен ауыл шаруашылығының (астық, картоп, қызылша) өнімдері, ал материалдарға өңдеуші өндірістік өнімі жатады.

Материалдарды негізгі және көмекші деп екіге бөледі.Негізгі материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды. Көмекші материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақта оның түзілуіне әсер етеді.

Отын мен энергия өзінің экономикалық ерекшелігіне байланысты көмекші материалдарға да, ресурстардың жеке тобына да жатқызылады.

Отын-энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа бөлінеді. Ықтималды отын-энергетикалық ресурстарға елдің белгілі бір экономикалық аймағындағы

отын мен энергияның барлық түрімен байланысты қорлар жатады.


Сурет 3. Кәсіпорын айналым құралдарының айналу шеңбері
Кәсіпорын айналым құралдары үнемі қозғалыста болып, айналу шеңберін құрайды. Шеңбер үш кезеңді құрайды:

  1. кезең еңбек заттарын дайындау;

  2. кезең – материалдық игіліктер қоймадан өндіріске келіп түсіп, еңбек заттары арқылы дайын өнімге айналады;

  3. кезең- дайын өнім ақшаға айналады да бірінші кезең кері басталады.

Айналым құралдарының айналуы жедетілген сайын,кәсіпорын қызметінің тиімділігі жоғарлайды.


    1. 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57


написать администратору сайта