Құлшығазиева Аққу СӨЖ-2. азастан республикасы білім жне ылым министірлігі абай атындаы аза лтты педагогикалы университеті
Скачать 0.61 Mb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Академик С.Қирабаев атындағы филология және көптілді білім беру институты СӨЖ-2 Тақырыбы: Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының алдын алу Орындаған: «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» 106-топ студенті Құлшығазиева Аққу Тексерген:магистр, оқытушы Сейдехан М.Қ. Алматы 2020жыл Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы, құрылысы 2. Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі 3. Тірек-қимыл жүйесінің ауруларының алдын алу жолдары ІІІ. Қортынды Пайдаланған әдебиеттер Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның тірек-қимыл жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Тірек-қимыл жүйесі — бұл қаңқаны құрайтын барлық сүйектердің, олардың буындарының (буындар мен синартроздар), сондай-ақ соматикалық бұлшықеттердің және барлық көмекші құрылғылардың жиынтығы. Барлық сүйектер остеондар немесе гаверсиандық жүйелер деп аталатын құрылымдық бөліктерден тұрады. Олар сүйек тақталары, олар бір-біріне салынып, коллаген талшықтарынан және минералды элементтермен сіңдірілген ақуыз заттарынан тұрады. Пластиналардың арасында остеоцит жасушалары бар асқабақ тұқымы түрінде қуыстар бар. Тірек-қимыл жүйесінің функциялары: тіректі — денені қолдайды, ішкі мүшелер мен бұлшықеттерді бекітуге жауап береді, қорғаныс — ішкі ағзаларды қорғайды, моторлық — адамның қозғалысына жауап береді, серіппелі — әртүрлі соққыларды, созылуларды, сілкіністерді жұмсартады, гемопоэз — қан айналымы және гемопоэз процестеріне қатысады, метаболизм — зат алмасуға қатысады. Тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады. Қаңқа (скелет)- екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы тірек-қимыл жүйесінің қызметіне байланысты.Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйке зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін. Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады. Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады.Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар. Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын да орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің тығыз заттары көп болады. Мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі диафизін де (грек- диафизис - жілік сүйектің ортасы).Кемік сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады (Жілік майының каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер жене тромбоциттер дамиды. Ересек адамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді.Олар көбіне май клеткаларынан тұрады. Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар остеобластар болады. Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады. Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабырғалар мен кеуде сүйегі жатады. Омыртқа жотасы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады. Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның тығыз жері - денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының каналын (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары жөне төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жұп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады. Бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі тұрақсыздау болады: таңертең ұйқыдан тұрғанда нашар, кешке таман күшейе бастайды 2-3 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді.Омыртқа аралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды. Бұл кезде сегізкөз, құйымшақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық бітпейді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістері күшейе түскенімен, әлі де болса тұрақсыз болғандықтан, баланың бойы таңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде соншалықты аласа болып түрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасыңда физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі.Салмақ бел омыртқа иілісіне көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел омыртқаларының иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен құйымшақ сүйектері біте бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады. Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының бір жақ бүйіріне қарай қисаю, лордозы, кифозы өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12 м/сек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай қалыңдай түседі. Ол шеміршектердің ұзындығы бүкіл жотаның 1/4 бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады. Көкірек қуысының сүйектері. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қабырға және төс сүйектері жатады. Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрышында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.Төс сүйегі — жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады. Төс сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында мойындырық, екі жағында бұғана, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар. Ауыр жұмыстың әсерінен дене шынықтыруға байланысты көкірек қуысының көлемі кішірейеді. Партада отыру ережесін дұрыс орындамай, үстелдің шетіне ұзақ уақыт кеудесімен тіреліп отырған баланың төс сүйегі ішіне қарай майысады және көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды. Бас сүйектері. Бас сүйектері екі негізгі бөліктен тұрады: ми сауыты жөне бет сүйектері. Ми сауыты адамның миы орналасқан үлкен қуыс. Ол маңдай, жұптасқан төбе, шүйде жөне екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты самай сүйегінің тесігі арқылы ішкі құлақпен, шүйде сүйегінің үлкен тесігі арқылы омыртқа өзегімен жалғасқан. Бет сүйектері жоғарғы және төменгі жақ, шықшыт-бет, тандай сүйектері, кеңсірік желбезегі, мұрын сүйегі мен мұрынның төменгі кеуілжігі және көз қуысы сүйектерінен тұрады. Бұлардың ішінде төменгі жақ сүйегі ғана қозғалмалы орналасқан. Қалғандары бір-бірімен қозғалмайтындай тығыз біткен. Бет сүйегінің біразы жұп (үстіңгі жақ, мұрын, көз қуысы, бет-тандай, төменгі кеуілжік сүйектері), тек үшеуі ғана жалғыз (жақ, тіл асты сүйектері) сүйектер. Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері алғашқы 1 жаста және жыныстық жетілу мерзімінде, әсіресе 13-14 жаста күшті өседі. Дегенмен ересек адамның өзінде ми сауытының көлемі бет сүйектерінің көлемінен артық болады: нәрестенің ми сауыты бет сүйектерінен 8 есе, ересек адамда 2-2,5 есе артық. Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жерін баланың еңбегі деп атайды. Ми сауытының ондай жерлері екі-екіден самайда (жалпы саны 4), мандайда және шүйдеде бір-бірден болады. Барлығы 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады ми сауыты сүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өсіп, содан кейін өсуі тоқталады. Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін баланың тұрақты бет әлпеті қалыптасады, яғни оның түрі тұрақты болады. Негізінен балалар мен жасөспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Соңдықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бұзылып, денсаулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі. Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы жылы тамақтану және далаға шығып ауа жұту талаптары бұзылғанда мешел ауруы туып, жілік сүйектері, көкірек қуысы мен омыртқа сүйектері дұрыс қалыптаспайды. Бұл тұрғыдан алғанда кішкентай баланы далаға шығарып, күннің ультракүлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебі ол сәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витамині түзіледі де, минерал заттарының алмасуы дұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамыңдағы кальций, фосфор тұздарының алмасуы жөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері терезенің шынысынан өтпейді, соңдықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс жетілмейді. Ауа райына қарамай баланы далаға шығарып отырса, тіпті өте қалың киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі. Адам денесінде 600-ге жуық бұлшық ет бар. Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Алғашқы жылы ең алдымен құрсақ еттері дамиды да, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты жыл аяғында аяқ-қол және арқа еттері өсіп дамиды. Жыныстық жетілу кезінде жас өспірімдердің жілік сүйектерінің өсуіне қарай олардың сіңірлері де өседі. Бұл кезде бұлшық еттер ұзарып, жіп-жіңішке болып көрінеді. Сондықтан жас өспірімдердің аяқ-қолдары сорайып көрінеді. 15-16 жаста еттер толып жуандай бастайды. Бұлшық еттердің дамуы негізінде 25-30 жасқа дейін байқалады. Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстардың маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы қозғалыстарын көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы жылдары балаларда гиподинамияның(қараңыз: лат. гипо + динамика-қозғалыс) белгілері пайда бола бастайды. Гиподинамия деп бұлшық еттердің қозғалыс белсенділігінің төмендеуін айтады. Бұл көбінесе бала аз қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бүзады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минуттан кейін-ақ жиырылатын бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе үзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минуттен артық тік тұрғызуға болмайды. Тірек-қимыл жүйесі аурулары әртүрлі ауырсыну мен ыңғайсыздықты қатты айтады: Омыртқаның остеохондрозы — денені немесе басын айналдырғанда қысылумен, қолдың әлсіздік сезімі, икемділіктің нашарлауы, бас ауруы және әлсіздік және т.б. Артрит және артроз — бұл аурулардың екеуі де әртүрлі сипаттағы ауырсынумен бірге жүреді. Артрозбен ауырсыну тек қозғалыс кезінде пайда болады, артрозбен бірге ол тыныштықта да азаймайды. Артрозбен бірге құрғақ қысылулар, сондай-ақ бірлескен қозғалыстың нашарлауы байқалады. Артритпен бүкіл денеде қаттылық бар. Екі ауру бірлескен деформациямен бірге жүреді, артрит сонымен бірге ісінумен сипатталады. Ауырсынуды, (подагра) қарқынды бірлескен ауырсынумен (көбінесе аяқтар ауырады), буын айналасындағы терінің қабынуымен және қызаруымен тануға болады. Сколиоздың негізгі белгілері: әлсіз қалып, омыртқаның қисықтығы, жүрістін өзгеруі, иықтың асимметриясы, жауырын мен жамбас, арқадағы ауырсыну, бас ауруы, әлсіздік, кеуде пішінінің деформациясы. Анкилозды спондилит немесе анкилозды спондилит (омыртқа буынының қабынуы) ауырсынумен сипатталады, бұл кейде ішек аймағында және сыртқы жамбас аймағында ауырады, иілу қиындайды, тіпті терең тыныс алу, түшкіру және жөтел ауырсынуды тудырады. Синовит ауырсынумен, ісінумен, шектеулі қозғалғыштығымен және буын пішінінің өзгеруімен сипатталады. Кейде тері қызарып, температура көтеріледі. Ерекшелігі — сұйықтықпен қозғалатын дорбаның тізе буыны аймағында пайда болуы. Миозит ауыр тартылумен сипатталады (ауырсыну қозғалғанда күшейеді), бұлшықеттерде тығыздау бар (кейде түйіндер пайда болуы мүмкін). Ауру аяқ-қолдарға, арқаға, төменгі арқаға немесе мойынға әсер етеді, сондықтан қозғалыс шектеулі. Жалпы интоксикацияның белгілері де тән: қалтырау, терлеудің жоғарылауы, безгегі, жалпы әлсіздік және бас ауруы. Тірек-қимыл жүйесінің ауруларынын алдын алу жолдары: 1. Көбірек қозғалу. Кеңсе қызметкері жарты сағат сайын жүгіре алмайды, бірақ әр сағат сайын тұрып, дене мүшелерін илеу мүмкін емес, бірақ қажет. 2. Дұрыс тамақтану — денсаулықты сақтаудың кепілі. Өздеріңіз білетіндей, семіздікке шалдыққандар әрдайым әртүрлі дене жүйелерінің ауруларының қаупіне ұшырайды. 3. Физикалық белсенділікті белгілі бір мөлшерде ғана шектеу. Егер үнемі салмақ көтеруге тура келсе, ерте ме, кеш пе дене бүлінеді. 4. Кәсіби спорт — бұл қос қылыш. Шамадан тыс жаттығу шамадан тыс жүктеме салдарынан остеоартриттің пайда болу қаупін арттырады, сондықтан барлық нәрсені қабылдауға тырысыңыз. 5. Кальцийдің жетіспеушілігін сүт, ірімшік, күнжіт тұқымы, сарымсақ және тағы басқалар сияқты кальцийге бай тағаммен толықтыру. 6. Темекі шегуден және алкогольді ішуден аулақ болу, бұл сүйектердің кальцийді сілтісізденуіне және остеопороздың дамуына әкеледі. 7. Көбірек демалу. Тірек-қимыл жүйесі сізді алаңдатпаса да, сіз тірек-қимыл аппараты бар санаторийге барып, диагностикалық және профилактикалық шаралардан өте аласыз. Шипажайдың аумағында жай жүрсеңіз де, сіз иммунитетті күшейтесіз, стрессті азайтып, дене тонусын жақсарта аласыз. Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Оқушының партада тік отыруы организмдегі физиологиялық процестердің неғұрлым дұрыс өсуін қамтамасыз етеді, ал дұрыс отырмау еттің тез шаршауын туғызады. Қолайсыз сезімдерден құтылу үшін оқушы иіледі немесе бір жағына қисаяды. Отыруды ұдайы бұзу үшін тұрақты форманың өзгеруіне жеткізеді, онда сүйек-ет скелеті пропорцияларының қатынасы өзгереді және ішкі мүшелерінің қызметі бұзылады. Омыртқа жотасының қисаюы. Балалардың тірек-қимыл аппаратының дамуында ең жиі ауытқитын омыртқа жотасының көкірек бөлігіндегі қисаюы болып табылады. Омыртқа жотасының қисаю себептерінің бірі – ұзақ уақыт дұрыс отырмаудың, бір қолмен ауырлық көтерудің киімді дұрыс таңдамаумен үйлесімді кимеудің т.б. салдарынан омыртқаның дөңес бұлшық етінің әлсіз болуы. Кейінгі жағдайда бала, белі бос шалбарды ұстауға мәжбүр болады, ал ол иықтың ассиметриясына және омыртқа жотасының қисаюына әкеледі, тар белдіктер жамбас мүшесі мен аяқтың қан айналысын бұзады. Бұл бұлшық ет қызметін шектейді және оларды әлсіретеді. Жалпақ табандылық. Табан күмбезінің (ойығының) тұрақты төмен түсуімен сипатталатын табан деформациясын жалпақ табан деп атайды. Жалпақ табандылық туа және жүре пайда болады. Туа пайда болған жалпақ табанды адамдар 5 пайыздан көп емес, негізінде ол жүре пайда болады. Жалпақ табан өзгеше із қалдырады. Жалпақ немесе жалпиған табаны бар балалар серуендеу мен экскурсия кезінде тез шаршайды, дені сау балалардан қалып қояды, аяғы ауыратынын айтып, отыра береді т.с.с.Табанның қалыпты күмбезін сақтау үшін, күнде гимнастикалық жаттығулар жасау ұсынылады. Жалпиған және жалпақ табаны бар балаларға түзеу гимнастикасы және күнделікті аяқ киіміне ұлтарақ-супинатор қажет. Бұл шаралар бастала бастаған жалпақ табандылықты болдырмайды. Түзеу гимнастикасы.Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларын алдын ала болдырмау үшін жасалатын гимнастикалық жаттығуларды түзеу гимнастикасы деп атайды. Бұл еңкіштікті, жалпақ табандылықты, сколиозды т.б.жөндеуге көмектесетін, арнайы жасалған гимнастикалық комплекстер. Мұнда әр түрлі бұлшық ет топтары мен барлық организмді максимал шынықтыру көзделеді. Түзеу гимнастикасы тобына балаларды емдеу физкультурасы жөніндегі дәрігер жазады, ал күнделікті сабақты мектептегі дене тәрбиесінің мұғалімі мен арнаулы мекеменің емдеу гимнастикасының нұсқаушылары жүргізеді. Балалардың туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардың көп бөлігін тірек-қозғалыс аппараттарының бұзылулары құрайды. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдылану қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдылағанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады. Қазіргі таңда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың саны артып келетіні бәрімізге мәлім. Барлық тірі организмдерге тән қасиет қимыл-қозғалыс, өйткені ол ағзаның өсіп дамуына, адам денсаулығына әсерін тигізеді. Сол себепті тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының алдын алу өте маңызды. Пайдаланған әдебиеттер Дюйсембин Қ., Алиакбарова З.М.«Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003 – 400 б. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х Дюсембин Қ.Д., Алиакбарова З.М., Абеуова «Жасқа сай физиология және валеология», Алматы, 2007 – 386 б. |