Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы: Жер асты суларының таралу ерекшелігі және

  • Тақырыбы: Қазақстанның топырақ жамылғысы.

  • 2. Каштан (қызылқоңыр) топырақтар.

  • 3.Құба және сұр құба топырақтар.

  • Тақырыбы: Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Өсімдіктердің

  • Тақырыбы: Қазақстанның жануарлар дүниесі. Жануарлардың

  • Тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары

  • Тақырыбы: Қазақстанның физикалық – географиялық

  • Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық жағдайы

  • Тақырыбы: Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы.Ғаламдық

  • Тақырыбы: Оңтүстік Орал таулы аймағы

  • «_аза_станны_ физикалы_ географиясы» п_нінен лекциялар жина_ы Та. азастанны физикалы географиясы пнінен лекциялар жинаы Таырыбы азастанны физикалы географиялы орны


    Скачать 317 Kb.
    Названиеазастанны физикалы географиясы пнінен лекциялар жинаы Таырыбы азастанны физикалы географиялы орны
    Дата12.04.2022
    Размер317 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла«_аза_станны_ физикалы_ географиясы» п_нінен лекциялар жина_ы Та.doc
    ТипЛекция
    #464400
    страница3 из 5
    1   2   3   4   5

    Қазақстанның көлдері мен теңіздері. Қазақстан Республикасының территориясында көлдердің жалпы саны ( теңіз, су қоймаларын қоспағанда ) 48 мыңға жетеді, олардың жалпы ауданы 45 мың км² құрайды. Ауданы 1км² болатын шағын көлдердің сандық үлесі 94%, ол ауданы жөнінен 10% құрайды, ал ауданы 100км²-тен асатын ірі көлдердің саны бар жоғы 22. Көл қазаншұңқырларының көпшілігі шөлді аудандарда орналасқан, мысалы, Балқаш, Алакөл, Сасықкөл және т.б.

    Қазақстандағы көлдердің орташа тереңдігі 2м, ал ең тереңі 4-8м-45м-ге жетеді де,олардың көбісі 100-350м абсолюттік биіктікте орналасқан (3 кесте).

    Қазақстан жеріндегі өзендер орналасу географиясына қарай бірнеше бассейндерге біріккен:

    1. Солтүстік Мұзды мұхит бассейні, оған Ертіс, Есіл және Тобыл өзендері салаларымен, Алтай тауларынан басталатын Уба, Үлбі, Бұқтырма, Күршім, Сілеті, Шідерті, және Үленті жатады.

    2. Каспий теңізінің бассейні. Орал өзені мен оның салалары Ембі, Сағыз, Үлкен және Кіші Өзен және Ембі үстіртінен ағып өтетін бірнеше ұсақ өзендер жатады. Орал өзенінің Қазақстандағы бөлігі Жйық деп аталып, республика жеріндегі ұзындығы 1082 км, арнасының ені 350-500 метрге жетеді. Каспий теңізіне құяр жерінде көптеген тарауларға бөлінеді. Жайық өзенінде тұрақты кеме шаруашылығы ұйымдастырылған.

    3. Арал теңізінің бассейніне Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Сырдария (оның салалары Арыс, Шу), Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері жатады.

    4. Балқаш-Алакөл көлдерінің бассейні, оған Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері жатады. Бұл өзендер Солтүстік Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауларынан басталып, Балқаш көліне құяды.

    5. Теңіз және Қарасор көлдерінің кіші бассейні , оған Орталық Қазақстан- дағы Нұра, Талды, Көк өзендері жатады. Бұл өзендердің суы аз болғандықтан, жазғы маусым кезінде буланудың әсерінен сулары таусылып, кейде құмға сіңіп кетіп, арналары кеуіп қалады.

    Қазақстан өзендері қоректену көзіне қарай 3 типке бөлінеді: 1) Қар және жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды-дала және дала зоналарының өзендері жатады. Мысалы, Есіл және Тобыл өзендері сәуір-мамыр айларында тау басындағы қарлардың еруінен өзендердің сулары молайып, арналарында су тасқыны басталады. 2) Еріген қар суымен қоректенетін өзендерге шөл-шөлейттің өзендері жатады. 3) Жерасты суларымен және жаңбыр суымен немесе аралас қоректенетін өзендерге Орал, Ембі, Сағыз, Торғай өзендері жатады.

    Ал, таулы аудандарда тау басындағы қарлар шаңқай түсте немесе түстен кейін еруіне байланысты биік таулы өзендерде таңертең су аз болып, түстен кейін ғана судың деңгейі бірден көбейеді.

    Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларының өзендері тек қана қыстыгүні жерасты суларымен қоректеніп, басқа уақыттарда қар суымен, мұздықтармен қоректенеді (Іленің салалары-Шелек, Шарын, Есік, Қаскелең және Қаратал, Лепсі).

    3-кесте

    Қазақстандағы ірі көлдердің морфометриялық сипаттамасы

    Көлдер

    Абсолюттік

    биіктігі,м.

    Көл ауданы,

    км²

    Ұзындығы,

    км.

    Ені, км.

    Ең терең

    жері, м.

    Балқаш

    Алакөл

    Теңіз

    Сілетітеңіз

    Сасықкөл

    Марқакөл

    342

    347

    304

    65

    350

    1149

    18200

    2200

    1162

    777

    745

    449

    605

    104

    74

    65

    50

    88

    74

    52

    40

    22

    20

    19

    26

    45

    8

    3,2

    4,7

    2,7



    Көл қазаншұңқырлары жаратылысын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: 1) тектоникалық қозғалыстардың әсерінен пайда болған – тектоникалық көлдер; 2) вулканның әсерінен пайда болған – вулкандық көлдер; 3) мұздықты-тектоникалық көлдер; 4) әртүрлі тау жыныстарының шөгуінен пайда болған-суффозиондық көлдер; 5) құмдар мен желдердің әсерінен пайда болған-дефляциялық көлдер.

    Тектоникалық көлдердің көпшілігі оңтүстік-шығыстағы таулы аудандар мен Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқыларда орналасқан, оларға Зайсан, Қарасор (Қарқаралыда), Теңіз, Марқакөл, Қорғалжың көлдері жатады. Ал, мұздықты көлдер биік таулардағы мұз басқан жерлерде, яғни Іле Алтауы мен Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлерінде пайда болған, оларға Үлкен Алматы көлі мен Жасылкөл жатады.

    Қазақстандағы Батыс Сібір ойпатында суффозиондық көлдер орналасса, оңтүстік-батыстағы Үстірт пен Бетпақ Далада дефляциялық көлдер пайда болды.

    Қазақстан көлдеріндегі су деңгейінің тербелісі жыл бойына ауытқып отырады. Яғни көктем мен жазда судың толысуы байқалса, жаздың соңына қарай су деңгейі төмендеп отырады. Жазықтықтар мен аласатаулардың көлдері дамудың соңғы сатыларынан өтуде, себебі шөл зонасының көлдері бірден тұзданып, су айдындары сортаңдарға айналуда. Ал, орманды-дала мен дала зоналарында эрозиялық процестің әрекетінен көл қазаншұңқырлары борпылдақ жыныстарға толып, тереңдіктері азайып, бірте-бірте құрып бара жатыр.

    Тау жыныстарының құрамы мен жер асты суларының таралуына қарай көл суларының химиялық құрамы да өзгеше болады, яғни гидрокарбонаттық көлдер-Алтай, Сауыр және Тянь-Шаньның таулары мен олардың етектерінде, сульфатты көлдер-Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұм, хлоридті көлдер Ертістің сол жағалауы мен Қазақтың ұсақ шоқында орналасқан. Қазақстандағы жалпы көлдердің 87%-сульфатты, 10%-гидрокарбонатты, 3%-хлорлы типке жатады.

    Каспий маңы ойпатында көптеген ащы және тұзды көлдер пайда болды (Боткөл, Аралсор, Алға және Ақтөбедегі Шалқар).

    Көл суларында микроэлементтердің құрамында бром, бор, фтор, йод, молибден, мырыш, марганец, темір, қорғасын, кобальт, мыс және никель. Егер судың тұздылығы артса, онда металдық концентрациялар азайып, керісінше фтор, йод, бром көбейеді.

    Қазақстанда көлдермен бірге көптеген жасанды су қоймалары салынған. Мысалы, Бұқтырма, Өскемен, Қапшағай, Шардара және т.б.

    Қазақстанның теңіздеріне келсек, екі теңізде (Арал, Каспий) әлемдік мұхиттан шалғай орналасқан. Каспий-дүние жүзіндегі ең ірі тұзды көл, теңіз деңгейінен 28метр төмен орналасқан. Ұзындығы 1200км, ені 300км, жағалық шекарасының ұзындығы 7000км, оның 2340км-Қазақстанда, ең терең жері 1025метр. Теңіз суының орташа тұздылығы 12,7‰.

    Арал теңізі-геологиялық жасына қарағанда Каспийден анағұрлым жас, теңіз деңгейінен 53 метр биіктікте жатыр. 1960 жылға дейін теңіздің ауданы 66 мың км², ұзындығы 428 км, ені 235 км,ең терең жері 67 метрге жеткен. Тұздылығы 11-13‰.

    Ал қазіргі таңда су деңгейі 14-15 метрге төмендеп, ауданы 25 мың км²-қа қысқарып, су көлемі 2 есе азайса, су тұздылығы 3 есе артты.

    Тақырыбы: Жер асты суларының таралу ерекшелігі және

    шаруашылықтағы маңызы
    Жерасты суы дегеніміз-жер қыртысы жоғары қабаттарындағы тау жыныстарының қуысында кездесетін су. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерлері-бұлақтар деп аталады. Жерасты суларындағы физико-химиялық қасиеттері бар сулар-минералдық сулар деп аталады.

    Еліміздің территориясында табиғи температурасы мен минералдығы әртүрлі жерасты сулары бар, минералды су көздерінің қалыптасуы негізінен жер қыртысындағы хлорлы, кальцийлі және натрий тұздарының құрамына байланысты, кейбір жерасты суларының табиғи температурасы 32 +50°C-қа жетіп, олар халықтың күнделікті тұрмысы және емдік қасиеттері үшін қолданылады. Мысалы, Бурабай, Арасан, Сары-Ағаш, Жаңақорған курорттарының минералдық сулары ревматизм, асқазан, ішек, бауыр және тері ауруларын емдеу үшін қолданады. Қазақстанның шөлді аудандарында әлі күнге дейін игерілмей келе жатқан минералдық су көздері өте көп шоғырланған.

    Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алқаптың геологиялық құрылысымен анықталады. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге Жер шарының гидросфера қабатын құрап, жалпы су айналымына қатысады. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер асты сулары жер беті суларымен тікелей байланысты.

    Жер асты сулары химиялық құрамына қарай сілтілі, жұмсақ, қатты және қышқыл болып бөлінеді. Орналасуына қарай жер асты сулары: 1) шөгінді тау жыныстарының кеуек-қуыстарында кездескен жағдайда кеуек-қуыс сулары; 2) кристалданған немесе цементтелген тау жыныстарының жарықтары мен жарықшақтарында кездескенде жарықшақ сулары; 3) оңай ерігіш тау жыныстарының құрамында кездессе карст сулары деп бөлінеді.

    Тереңдік жағдайларына қарай олар: үстіңгі қалқыма су, грунт суы және артезиан сулары деп бөлінеді. Қалқыма су кішігірім ойыстарда, құмшағылдар арасында атмосфералық жаңбыр мен қар немесе тасыған өзен суларының топырақ қабатына сіңуі нәтижесінде уақытша пайда болған және жер бетіне ең жақын орналасқан сулар. Грунтты топырақ суларының қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты болып келеді. Олар жер бетіне жақын орналасқан жер асты суларынан құралады. Бұл суларды “құдық суы” деп те атайды. Артезиан сулары – терең қабаттарда кездесетін шөгінді жыныстар арасында қалыптасқан жер асты сулары.

    Жер асты суларының қозғалысы қалыптасқан және қалыптаспаған, тегеурінді және тегеурінсіз, ламинар және турбулентті болып келеді.

    Жер асты суларының маңызы орасан зор және жан-жақты. Олар ағынның ең тұрақты бөлігі болып, өзендер мен көлдерді толықтырады; олардың орын алмасуы арқысында еріген заттар тасымалданады; өсімдіктер ылғал мен қоректік тұздар алады; рельефтің сырғу, суффозия, карст қалыптасуына қатысады.

    Жер асты суларының қалыптасуы жөнінде негізінен екі теория қалыптасқан: сорғу (инфильтрация) және конденсациялық. Сорғу теориясы жер асты суларының қалыптасуын атмосфералық жауын-шашындары мен жер үсті суларының жерге сіңуі арқылы түсіндіреді. Конденсациялық теория жер асты суларының қалыптасуын су буларының жер жарықтары мен қуыстары арқылы атмосферадан конденсациялану жолымен түсіндіріледі.

    Жер асты сулары инфильтрациялық жолмен атмосфералық сулардың есебінен де көбейіп отырады. Инфильтрациялық және седиментациялық сулар аралас кездеседі. Соның нәтижесінде тұщы және ащы сулар құралады. Жер қыртысының жоғарғы қабаттарында әрі тұщы, әрі жас сулар (атмосфералық), тереңірек – минералды немесе ескі сулар, ал ең төменгі қабаттарда – ащы немесе тұзды сулар түзіледі.

    Атмосфералық тұщы сулар төмен қарай сарқылып, жер қыртысының жоғарғы қабаттарына жиналады, ал терең қабаттарда ескі теңіз сулары сақталады. Тұзды сулар мантия қабатынан жоғары көтеріліп пайда болады. Ал кейбір болжамдар бойынша, тұщы сулар тұзды қабаттар арқылы ағып өткенде жолай оларды ерітіп, өзіне қосып алып тұзды суға айналады.

    Тақырыбы: Қазақстанның топырақ жамылғысы.

    Топырақтың таралу заңдылығы
    Жоспар:

    1. Қазақстанның топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесі;

    2. Топырақтардың түрлері;

    3. Өсімдік жамылғысы;


    Қазақстанның топырақ жамылғысы өте күрделі. Кез-келген аймақтағы топырақтың таралуы топырақ түрлері және оны түзуші факторлар мен тығыз байланысты. Сондықтан топырақ жамылғысы белгілі бір географиялық заңдылықтарға байланысты қалыптасады.

    Қазақстанның топырақ жамылғысын зерттеумен 30-40 жылдары И.П. Ирасимов, Е.Н. Иванова, М.А. Глазовская айналысса, 50-жылдарда Қазақстан топырағының негізін қалаушы В.М. Боровский топырақты зерттеудің милиоративтік бағытын анықтады.

    Қазақстанның топырағы мен өсімдігі және жануарлар дүниесі әркелкі және таралуы да біркелкі емес. Табиғаттың мұндай компоненттерінің орналасуына топтың тарихи қалыптасуымен қазіргі кездегі физика-географиялық жағдайлар әсер етті. Еуразия материгінің ішкі шөл занасында орналасуы мен Қазақстан климатының құрғақтығына байланысты көрші жатқан Орта Азия мемлекеттеріне ұқсас болып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан территориясында ксерофитті өсімдіктер басым, олардың негізгі бөлігі құрғақ климаттық жағдайлаға бейімделсе, кейбіреулері Орталық Азиядан миграция жасау арқылы жеткен.

    Қазақсьанда топырақ -өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің таралуы жалпы алғанда ендік бағыттағы табиғат зоналары биіктік белдеуліктері байланысты өзгеріп отырады.

    Өсімдіктердің таралу ауданы жөнінен 1-ші орынды құрғақ сүйгіш өсімдіктер алады, олар негізінде каштан, сұр-құба және сұр топыраұқтарда өседі де, көбінесе жазықты аймақтарда, ойпаттардың түбінде, тау етектерінде және беткейлерде өсуге бейімделген., ал, екінші орында қара топырақтар мен таудың шалғынды топырақтарында өсетін орманды дала, шалғын және шалғынды даланың өсімдіктері алады. Қазақсьанда бұталы және орманды алқаптар өте аз, олар бар болғаны Қазақсттанның жалпы территориясының 1,5% ғана алып жатыр.

    Топырақтардың түрлері. Топырақ дегеніміз- өсімдік өсіп өнуге бейімделген жер бетініңи борпылдақ қабаты.

    Қазақстан территориясындағы табиғат зоналарына байланысты топырақтың да бірнеше типтері қалыптасқан, олар; қаратопырақтар, каштан топырақтар, құба топырақтар, сұр-құба топырақтар және солтүстіктің сұр топырақтары, сонымен бірге топырақ типіне қосылмайтын сортаңдармен сорлар да көптеп кезөқеседі, олар азоналдвық топырақтар деп аталады.

    Азоналдық топырақтар Қзазақстан территориясында арал тәрізді әр жрде орналасып, олар топырақ жамылғысын шұбарлап жіберген.

    1. Қара топырақтар –Қазақстанның солтүстігінде таралып, жалпы теспублика териториясының 7,2% алып жатыр, олар бірнеше подтипке бөлінеді. 1) орташа гумусты; 2) орташа гумусты сортаң; 3) азгумусты; 4) азгумусты сортаң.

    1)Ортагусмусты қара топырақтардың құрамында гумустың мөлшері 6-8%, механикалық құрамы түйіршікті болып, құрамында өсімдіктер тіршілігі үшін зиянды ерітінділер болмайды. Мұндай топырақтардың карбонатты қабаттары 70-80см тереңдікте орналасқан. Топырақтың бұл типтері суармайтын егіншілік өсірумен айналасуға өте қолайлы.

    2) Ортагумусты сортаң топырақтар рельфтің ойысты жерлерінде көп кездеседі, олардың негізгі ерекшелігі, беткі 40-50 см қабаты өте тығыздалған, карбонатты және гипсті қабаттар жер бетіне жақын жатады.мұндай сортаң топырақтарда егіншілікпен айнлысу үшін минералды тыңайтқыштар мен қолдан суаруды қажет етеді.

    3) Азгумусті топырақтар Ақмола, Солтүстік Қазақстан,Қостанай және Ақтөбе облыстардың оңтүстік аймақтарында таралған. Ондағы гумус мөлшері 4-7%, ал гумус қабатының қалыңдығы 30-40см. Бұл топырақтың физикалық қасиеттрін байланысты құрамында қоректену заттары өт көп, сондықтан құрғақ климаттық жағдайдағы, қалың қар қабаттарын қажет етеді.

    2. Каштан (қызылқоңыр) топырақтар. Топырақтың бұл типі Қазақтың Ұсақ шоқысының, Каспий маңы ойпатының және Торғай қатпарлы өлкесінің солтүстік аймақтарында таралған, олар республиканың жалпы трриториясының 37%-ін алып жатыр. Механикалық құрамына қарай 2-ге бөлінеді: 1) күңгірт каштан; 2) ашық каштан;

    Мұндай топырақтың түсі құрамындағы гумус мөлшеріне қарай өзгеріп отырады, яғни гумус артқан сайын,топырақ күңгірттенсе, гумус азайған сайын ашық түске өтеді.

    1) Күңгірт каштан топырақтарда гумус мөлшері 3-4,5%, ал оның қалыңдығы 35-45см, құрылымы түйіршікті болып келеді. Топырақтың карбонатты қабаты 30-50см тереңдікте қалыптасқан. Мұндай топырақтар мал жайылымы үшін өте пайдалы және құрғақ климаттық жағдайда суармайтын егіншілік өсіруге қолайлы. Көл қазаншұңқырларында және жазықтың аласа бөліктерінде сортаң топырақтыр таралған.

    2) Ашық каштан топырақтар көбінесе құрғақ аймақтарға тән. Мұнда гумус мөлшері аз, 2-3%, оның қалыңдығы 25-30см. Ашық каштан топырақтардың құрамындағы сортаңдар егін шаруашылығы үшін тиімсіздеу болғандықтан, мұндай топырақтарды көбінесе малға жайылым ретінде қолданады.

    3.Құба және сұр құба топырақтар. Шөл зонасының солтүстігімен шөлейтті зоналарында таралған. Олар Қазақстан территориясының 32% бөлігін қамтиды. Мұндай топырақтар негізіенен жылына орта есеппен 100-200мм жауын-шашын түсетін құрғақ аймақтарда түзіледі. Құба топырақтар түсі ақшылдау болып, гумус мөлшері 2%, құрамы сортаңды болуы керек. Ал сұр құба топырақтардың 10-20см тереңдігінде тығыздалған қабатта гипс кзездеседі., мұндай топырақтарда өскен өсімдіктер мал жайылымы үшін қолданылады.

    Қазақстанның жазықты аймақтарының көпшілік жерлерінде сорлар, сортаңдар және тақыр тәрізді топырақтар көп таралған.

    Ал таулы аймақтарда тау топырақтарының мынадай типтері бар: сұр тлпырақтар, каштан топырақтар, қара топырақтар, таудың күңгірт түсті орман топырақтар, таудың шалғынды топырақтары және тундралы топырақтары.

    Оңтүстік Қазақстан тауларының етектерінде ашық сұр топырақтар кездеседі. Ондағы гумус мөлшері 0,7-1,5%, құрамында сарғыш түсті қабаттармен бірге, 15-20см тереңдікте горизонт қабаты кездеседі.

    Ал, таудың икаштан топырағы жылына орта есеппен 300-400 мм жауын-шашын түсетін таулы аудандарда таралған. Түсі қоңырлау болып, гумус мөлшері 3,5-4,5%, ал оның қалыңдығы 35-40 см-ге жетеді. Таудың каштан топырақты аймақтарында егін шаруашылығын ұйымдастырған тиімді.

    Таудың қара топырақтары каштан топырақты белдеудің жоғарғы бөлігінде орналасқан, олар әдетте әртүрлі шөптесінді және бұталы өсімдіктер өсетін далада қалыптасқан.ондағы гумус мөлшері 6-10%, ал оның қалығңдығы 60-70см, құрамы органикалық заттарға бай,егін шаруашылығы үшінөте қолайлы.

    Таулы орманның күңгірт түсті топырақтары Тянь-Шань, Жоңғар Алатауының жапырақты және шыршалы орманды өскен солтүстік беткейлерінде дамыған. Ондағы гумус 46%, карбонатты қабат 60-70см тереңдікте орналасқн. Ал Алтай тауларында емен-қайыңды ормандарда орманның сұр топырақтары, ал самырсынды тайгасында таудың күлгін топырақтары тараған.

    Таулы топырақтардың келесі типі – шалғынды топырақтар. Мұндай топырақтардың ең беткі қабатында гумус мөлшері өте көп, яғни 15-20%, альпі шалғындығында гумус 10-12%,ал гумус қабатының қалыңдығы 50-70см, оның төменгі жағында қиыршықтастар кездеседі. Орманның тундралы топырағы өте әлсіз, олардың құрамында шымдар көптеп кездеседі.

    Тақырыбы: Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Өсімдіктердің

    таралу ерекшелігі мен заңдылықтары
    Қазақстанның өсімдік жамылғысында 4750-ден астам жоғарғы өсімдіктер бар, олардың 66-ысы ағаштар,266-бұталар, 250-аласа бойлы өсімдіктер, л 2800-і көпжылдық және бір жылдық шөпті өсімдіктер. Жалпы өсімдіктердің 12%- эндемиктер. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің де түрлері өте көп, азық-түліктік және майлы өсімдіктердің 150 түрі, мал азықтық өсімдіктрді 500-ден астам түрі, дәрілік шөптердің 230-дан астам түрлері Қазақстанның территориясынан кездеседі.

    Жапырақты және қылқан жапырақты ормандар. Мұндай орман алқаптары Алтай және Тянь-шань тауларында таралған. Алтайда көбінесе самырсын, шырша, қайың, қарағай өссе, ал Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань шыршасы және сибир самырсыны өседі.

    Ашыққылқан жапырақтыларға емен және арша ормандары жатады. Еменді ормандар Ертіс және Тобыл өзендерінің аңғарындағы құмдар мен Қазақтың Ұсақ Шоқысындаөскен. Ал аршалы ормандар Батыс Тянь-Шань тауларында етек алған.

    Қазақстанның топырақты ормандарында қайың,алма, жаңғақ және т.б. ағаштары өседі. Олар орманды дала және дала зоналары мен бірге таулы аудандарда кездеседі. Терек ағаштары Алтай, Солтүстік Қзақстандағы өзен аңғарларында өседі,грек жаңғағының ормандары Бтыс Тянь –Шаньның тау аңғарларында өскен.

    Бұталы өсімдіктер- Қазақстанда өте көп, олардың ішінде қараған, розария, талдар көп кездеседі.

    Қараған өсімдіктері Қазақтың Ұсақ Шоқысында, Алтай, Тянь-Шань, Сауыр-Тарбағатай және Жоңғар Алатауының тау тектерінде өссе, ал розариялар (роза түрлерінің қауымдастығы), тау беткейлерінде көп беімдерген.

    Оңтүстік Қазақстанның өзен аңғарларында тоғай өсімдіктері көп, соның ішінде талды ағаштар, жыңғыл және т.б. өседі.

    Жартылай ағашты өсімдіктерге жататын сексеуілдерҚазақстанның оңтүстік аймағының құмды жерлерінде өседі. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі бар- ақ сексеуіл және қар сексеуіл. Ақ сексеуілдер құм массивтерінде өссө, ал қара сексеуілдер сазды тақырларда, яғни Сырдария, Шу және Балқаш көліне құятын өзендердің аңғарларында өседі.

    Шөлдің аласа бойлы өсімдіктері. Қазақстандағы мұндай өсімдіктер 2

    топқа бөлген: 1) жусанды өсімдіктер;

    2) шеркезді ((солянковые) өсімдігі.

    Қазақстанның шөлді аймақтарында жусанды өсімдіктер өте көп шоғырланған. Соның ішінде ақ жусан, қара жусан, сұр жусан және оңтүстік жусаны. Ақжусандар көбінесе Каспий маңының солтүстігінде, ал қара жусандардың ареалдары сортаң топырақты жерлерде, ал Оңтүстік Қазақстанда сұр және оңтүстік жусандары кездеседі.

    Аласа бойлы өсімдіктердің шеркезді тобынан сортаң топтарда сарсазон, Ұсақ шоқының гипсті топтарда көкпек, долана.

    Тақырыбы: Қазақстанның жануарлар дүниесі. Жануарлардың

    зерттелу тарихы
    Қазақстан территориясы жануарлар жөнінен бүкіл ТМД елдері сияқты Голарктикалық зоогеографиялық облыстың Палеоарктикалық бөлімінің құрамына кіреді. Қазақстанның шөл және шөлейтті зоналары Жеортатеңіздік, дала зонасы мен таулы аймағы Орталық Азиялық облыс тармағына жатады.

    Республика фаунасының тарихи даму тегі неоген дәуірінен басталып, бірақ оның құрылымы мен таралу ерекшеліктері мұз басу дәуіріндегі климат жағдайларының өзгеруіне байланысты қалыптасқан.

    Қазақстанның территориясында сүт қоректіліердің 158 түрі, құстардың 485 түрі,бауырмен жорғалаушылардың 58, қосмекенділердің 12, балықтың 150 түрі және омыртқасыздардың мыңдаған түрлері мекен етеді.

    Қазақстанның фаунасы біркелкі емес, оның таралу тегі мен геология-географиялық жасы жағынан әртүрлі жануарлар бар.

    Құстар, сүтқоректілер және насекомдар фаунасының шыққан тегі арктикалық, сібірлік, европалық, монғолиялық, қытайлық болса, сонымен бірге Қазақстанның эндемиктік түрлері де көп тараған. Фауна құрамындағы жануарлар түрі әртүрлі географиялық зоналарға беімделген. Арктикалық түрлер Алтай мен Тарбағатайдың биік таулы жерлерінде, ал европалық түрлер Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік- батысындағы орманды жерлерде, ал монғолиялық жануарлар шөлді зоналарда мекендейді.

    ТМД елдрінің батыс бөлігінде, Қырымда және Кавказдың солтүстік беткейінде ғана мекен ететін кейбір жануарлар соңғы кезде Қазақстанның Арал маңында, Бетпақдала шөлінің солтүстік бөлігінде тараған. Мұның өзі Қазақстанның фаунасының түрлік құрамының артып келе жатқанын білдіреді.

    Тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары

    Қазақстан жерінің 90% - ін жазықтар алып жатыр, ол Оңтүстіктен Солтүстікке 1600 км ге, ол батыстан шығысқа қарай 3000 км ге созылып жатыр. Қазақстандағы табиғат зоналарының орналасуына геологиялық және геоморфологиялық процестер, радиациямен, атмосфералық және циркулляциялық факторлар әсер етеді. Осын дай ерекшеліктерге байланыс ты Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне қарай т.з мынадай ретпен орналасқан:

    1. орманды дала

    2. дала

    3. шөлейт

    4. шөл.

    Табиғат зонасы дегеніміз ендік бағытта созылып жатқан топыра ғы мен өсімдіктері және жануарлар дүниесі ұқсас болып келетін территориялар.

    1. Орманды – дала зонасы. Бұл Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының территориясын қамтиды, яғни республика жерінің 7% - ін алып жатыр. Бұл зона қоңыржай континеттік климатпен сипатталады, жылдық – шашындардың орташа мөлшері, 300 -350 км. Мұндай батыс – сібірлік типке жататын орман – дала ландшафты, басым болып, олар жерасты суларының жер бетіне жақын жатуынан көлдік - өзендік жазықтар да қалыптасқан. Зона ның жер бедері – Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі алып жатыр, сонымен бірге ойысты жерлер де кездеседі, зонаның абсолюттік биіктігі 120 – 180 метрге өзгеріп отырады. Жер қайнар, төрттік дәуірінің құлдықтары мен саздарынан тұрады. Мысалы Батыс Сібір жазығы ежелгі палеозой жыныстарымен көмкеріліп, Петропавл қаласында кристалл шөгінділердің әктастары қалыптасқан.

    Климаты жылы әрі құрғақ. Жылу мен ылғалдық мөлшері дәнді және техникалық дақылдар өсіруге өте қолайлы, қыс мезгілі ұзақ әрі суық, қаңтардың орт 7 = - 190, ең суық күні – 400С, ал жазы ыстық, шілде орт t 180 + 190C.

    Су торларына келсек, басқа зоналармен салыстырғанда өзен – көлдері нашар дамыған, көпшілік өзендері ұсақ, олар ағынсыз көлдерге құйып, кейбіреулері жазды гүні кеуіп кетеді өзендері жаңбыр қар және жерасты суларымен қоректеніп, көктемді су тасу процестері жүріп отырады. Зонаның ең ірі өзені – Есіл өзені, ол Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік – шығысынан басталып Ресей территориясына ұласады, жалпы ℓ = 400 км. Ал, жерасты сулары орманды дала зонасына өте көп шыққан, олардың минералды құрамы, тұщы болып, кейбір жердерде құрамында аз мөлшерде тұз кездеседі.

    Жер бетіне жақын жерлерде карбонатты тұщы сулар, ал 10 – 30 м тереңдікте хлор лы сульфатты сулар кездеседі, ірі көлдері: Лебяжы, Сиверки, Қамыс және т.б. Құрғақшылық жылдары көлдердің көбісі кеуіп кетеді. Орманды даланың көлдері жерасаты суларымен қоректенеді. Топырақтың кәдімгі қаратопырақтар мен шалғында қара топырағы тараған. Осындай топырақтарда әртүрлі шөптесінді және жусанды өсімдіктер өседі. Жануарлардан орман мен далалық түрлер бейімделген.

    2. Дала зонасы. Каспий маңы ойпатынан Алтай тауларыана дейін 2200 км ге созылған. Ал зонаның ені рельф жағдайларына байланысты 40 км – ден 140 км ге дейін өзгереді. Бұл зона республика жерінің 20% алып жатыр. Ландшафтың зоналық типтері құрғақ климат жағдайында қалыптасқан. Дала зонасының жер бедеріне Уралмаңы үстіртінің шығыс бөлігі, Батыс Сібір ойпатының оңтүстік – батыс бөлігі және Қазақтың Ұсақ шоқысының солтүстіктегі далалы жазықары енеді. Сонымен қатар жер пішінінің өзен аңғарлары, көл қазыншұңқырлары орналасқан. Мұн дағы рельфтердің әртүрлі болуы климатқа және топырақ пен су торларына септігін тигізуде.

    Зонаның климаты құрғап континентті, мұнда орман – дала зонасына қарағанда жылу мөлшері көбейіп, жауын – шашын мөлшері азая түседі. Дала зонасына жыл бөліп келіп түсетін жауын - шашынның орташа мөлшері 200 – 300 мм, оның 60 - 80% ке жуығы жылы маусымды түседі. Қысы суық, қаңтар айындағы ауаның орт t–16–190C, кейбір аязды күндері – 500 С қа төмендейді, қыста жауған қардың қалыңдығы зона бойынша 30 см ге жетеді. Ал жаз маусымы ыстық әрі ұзақ болып, шілдедегі ауаның орт t+18+220C , кейде 35 +400C қа жоғарылайды.

    Зонаның су жүйесіне келсек, өзен торлары Ертіс өзенінің бассейніне жатады да, сулары аздау болып, өзендері еріген қар суымен қоректеніп, көптеген сулары, жазды құрғап кетеді, зонаның ірі өзендері Тобыл мен Есіл. Ел ең негізгісі Ертіс өзені ол Қытайдан басталып, көптеген аймақтарды басып ағып өтеді. Ал, көлдері жөнінен дала зонасы он бай, ірі көлдері – теңіз, Қорғалжын, қарасор, Сілеті. Ұсақ шоқымы аймақта тұруы көлдер басым, өзендер сияқты көлдер де еріген қар суларымен қоректенеді. Дала зонасының жерасты сулары 10 – 20 м тереңдікке орналасып, олардың құрамы минералды заттарға он бай бөлсек

    Дала зонасында топырақтың мынадай типтері түзілген кәдімгі қара топырақ, гумусы 6-10%, оңтүстігіндегі күңгірт – каштан топырақтар. (3-5%), карбонатты сазды топырақтар (5-6%). Кәдімгі қара топырақтарда әртүрлі шөпті және дәнді дақылдар өссе, қара және құба топырақтарда жүсон тенге және эфемерлі өсімдіктер, ал аласа таулы өлкелерде емен – қайыңдар өседі.

    Жануарлардың негізгі түрлері далалық оған көртішқан, сілеусін және т.б тұяқтылар мен кеміргіштер мекен етеді.

    3. Шөлейт зонасы. Каспий маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км ге созылып жатыр. Қазақстан жерінің 23% - н алып жатыр. Зонаның жер бедері толқынды болып, орташа абсолюттік h = 50 м. Шөлейт зонасына кіретін Каспий маңы ойпаты төрттік дәуірдің теңіздік шөгінділері мен толғындырылған. Ал, Торғай үстіртіндегі орт h = 50 – 60 м ге жетіп, онда аймақтар жиі қалыптасқан. Сонымен бірге шөлейт зоналарының территориясына кіретін қазақтың қатпарлы өлкесі тақтатастар мен пварциттерден және әктастардан тұрып, орт h = 350-450 м ге тең.

    Зоналық климаты қуаң континентті типке жатады. Жауын – шашын орташа жылдық мөлшері 200 мм ден аспайды, бұл көрсеткіш оңтүстікке қарай төмендей түседі. Шөлейт зонасының қысы суық, қаңтар орт t – байланыста – 120С, шығыс – 200С қар жамылғысының қалыңдығы 10 – 20 см, ал жазы ыстық әрі ұзақ шілдедегі ауаның орт t = +250C. Аймаққа жыл бойына келіп түсетін жауын – шашынға қарағанда булануы мөлшері көп. Су торлары зонадағы өзендердің суы аз, негізгілері Сарысу, Аягөз, Торғай, Соғыз, Ембі және Ора л.

    Сарысу өзені Қазақтың ұсақ шоқысынан басталып, жалпы ℓ = 800 Км, еріген қарсуымен қоректенеді. Ал, Жайық өзені – Ора л тау – нан басталып, Каспий теңізіне құяды , ұзындығы 1000 км ден асады. Ал Ембі өзені Муғалжар тауынан басталып ұзындығы 647 км. Көлдері таяз көлдер шөлейт зонада өте көп тараған соның бірі Шалқар көлі, ауданы 1800 км2, ал Қазақстан шөлейт зонаның ең ірі көлі – Зайсон, ол теңіз деңгейінен есептеледі 383 м биіктікте орналасқан. Ал жерасты сулары өте тереңде, яғни 100120 м тереңдікте жатқан артезион суларынан тұрады, жерасты суларының механикалық құрамы, немесе минералдық заттар өте көп, олар емдік қасиеттері үшін қалыптасқан.

    Топырақ жамылғысында ашық каштан топырақ басым, ондағы гумус мөлшері 2-3% ылғалдың жетіспеуімен топырақ құрамында тұздар жинақталған. Зонаның оңтүстік бөлігінде құба топырақтар түзіліп, онда сортаң және сорланған өсімдіктер өседі. Ал сортаңдалған топырақтарда жусан мен бітеге нің бірнеше түрлері өссе, оңтүстікке қарай ксерофитті өсімдіктер бейімделген. Жануарлардан – кеміргіштер, жыртқыштар және бауырымен жорғалаушылар бейімделген.

    Шөлейт зоналарының жер қойнауы пайдалы қазбаларға, соның ішінде марганец, полиметалл, мыс және темір рудаларына өте бай, сонымен бірге фосфорит пен асбест кәсіпорындары бар.

    4. Шөл зонасы – Қазақстанның шөлейт зонасының оңтүстік бөлігінде жазықтарды түгелдей қамтиды, яғни солтүстіктен оңтүстікке 900 км, ал шығыстан батысқа 3000 км ге созылып жатыр, жалпы республика жерінің 47% - алып жатыр, яғни Каспий маңы ойпатының оңтүстігінен, Маңғыстау түбегін, Үстіртті, Солтүстікте Арал маңын, Атбақдаланы, Сырдария ойпатын, Қызылқұм мен Мойынқұм массивтерін, Балқаш маңын түгелімен алып жатыр.

    Климаты өте құрғақ, атмосфералық жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері 100 – 200 мм, ол булану деңгейі одан 10 еседей артық. Жазы өте ыстық, шілде орт t = 23 + 250C, ге ең ыстық күндері + 40 + 450С, ал қысы суық, жауын – шашын аз түседі, қаңтардағы ауаның орт t = -5-150C, кейде – 200С та төмендейді жауған қар жамылғысының қалыңдығы 5 – 10 см.

    Су торларына келсек, өзендері Сырдария, Іле, Қаратол, Лепсі. Олардың көбісі жаңбыр және қар суларымен қоректенеді. Ал, жерасты сулары 10 м тереңдікте орналасқан. Әсіресе ең кішігі палеозой жыныстарымен көмкерілген Қазақстанның Ұсақ шоқысы мен (Маңғыстаудағы) Қаратау минералды су көздері жер бетіне бұлақ түрінде шығып жатыр. Шөл зонасында ірі көлдер көп, Каспий, Арал, Балқаш.

    Өсімдіктері ылғалы аз аймаққа бейімделген ксерофитті түрлер мен жүсанды – сор өсім діктер. Топырағы: шөлдің құмды топырағы, сұр құба топырағы, қызыл топырақ. Жануарлары: бауырымен жорғалаушылар, кеміргіштер, сүт қоректілер және т.б.

    Тақырыбы: Қазақстанның физикалық – географиялық

    аудандастырылуы. Аудандастыру принциптері
    Жоспар:

    1.Аудандастырудың негізгі мәселелері;

    2.Аудандастырудың басты принцптеріне жалпы сипаттама;

    Физикалық географиялық аудандастырудың негізгі мәселесі – географияның әлі күнге дейінгі жеткілікті деңге йде зерттелмеген күрделі проблемалардың бірі . Қазақстанды физикалық-географиялық аудандастыру үшін көптеген әдеби және картографиялық мәліметтер жинақталған. Қазақстанды алғаш рет кешенді физ-географиялзық аудандастыру жұмыстары мен 1913ж Л.С. Берг, 1930ж Р.И. Аболин, 1944ж А.А. Григорев , 1948 ж, Н.г. Рыбин және 1656ж М.М. Өтемағамбетов шұғылданды. Кеңестік кезеңде физикалық-географиялық аудандастырудың негізгі принцптері бойынша Қазақстан 5 табиғи зонаға , 3 табиғи өлкеге және 9 провинцияға бөлінсе , ал 1969ж Б.А. Федорович басшылық еткен авторлар колективі республика территориясын 8 өлкеге 25 провминцияға және 70 облысқа бөлді. Аймақтвы өлке және провинцияларға бөлу геология геоморфологиялық факторлар бощйыеша , ол облыстарға бөлу зоналарының бөліктерге негізделіп жүргізіледі .1968 жэылоы Москва мемлекеттік университетінің ғалымдары шығарған ғылыми еңбекте Қазақстанның территориясының бжарлық табиғат жағдайларын қамтитын кешендік принцп негізінде жаңадан физикалық-географиялық аудандастыру жүргұіззіледі. Биік таулы аймақтарда биіктік зоналық құрылымдары жіктеледі. Бұл еңбек бойынша Қазақстан территориясы 7 өлкеге , 14 облысқа жъәне 43 провинцияға бөлінеді.

    Жжоғарыда аталған жұмыстарға қарамастан осы уақытқа дейін Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастырудың нақты жасалған схемасы жоқ. Бірақ 1: 1500000 геологиялық, 1:2500000 топырақ, 1: 1500000 тектоникалық карталар құрастырылған.

    1970ж Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктері ескере отырып төмендегідей физикалық-географиялық аудандастыру схемасы жасалды.

    А) Орыс (Шығыс еуропа ) жазығы.Ол 3 зонаға бөлінген:

    1.Қуаң дала зонасы.

    2.Шөлейт зонасы.

    3.Шөл зонасы.

    Провинциялары:

    а) Жалпы сырт.

    б) Елек.

    В)Өзен-Жайық.

    г)Жем.

    д)Каспий маңы.

    Ә)Батыс Сібір жазығы. 3 табиғи зоеаға бөлінеді.

    1.Орманды дала.

    2.Дала зонасы.

    3.Қуаң дала зонасы.

    Провинциялары.

    а)Есіл.

    б)Тобыл маңы

    в)Шағалалы Ертіс.

    г)Ертіс маңы.

    д)Құлынды.

    Б)Тұран жазық өлкесі.

    1.Қуаң дала зонасы.

    2.Шөлейт зонасы.

    3.Шөл зонасы.

    Провинциялары.

    а)Солтүстік Торғай.

    б)Оңтүстік Торғай.

    В)Маңғыстау.

    Г)Үстірт.

    Д)Төменгі Сырдария.

    Е)Ортаңғы Сырдария.

    Ж)Солтүстік Қызылқұм.

    З)Бетпақдала.

    И)Мойынқұм.

    л)Балқаш маңы Алакөл.

    В)Орал таулы өлкесі. Ол 1 облысқа бөллінген.

    1.Оңтүстік Орал таулы облысы.

    Провинциялары.

    А)Мұғалжар.

    Б)Орал сырты.

    Г)Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы) өлкесі. 3 зонаға бөлінеді.

    1.Дала зонасы.

    2.Қуаң зонасы.

    3.Шөлейт зонасы.

    Провинциялары.

    А)Көкшетау.

    Б)Атбасар.

    В)Теңіз.

    Г)БАянауыл-Қарқаралы.

    Д)Ұлытау.

    Е)Сарысу-Қызылжар.

    Ж)Қызылтас.

    З)Шыңғыстау.

    Д)Алтай Саян таулы елі. 1облысқа бөлінеді.

    1.Алтай облысы.

    Провинциялары.

    А)Батыс Алтай.

    Б)Оңтүстік Алтай.

    В)Қалба жотасы.

    Е)Жоңғар –Сауыр-Тарбағатай елі. 2облысқа бөлінеді.

    1.Сауыр Тарбағатай облысы.

    2.Жоңғар облысы.

    Провинциялары.

    А)Зайсан.

    Б)Тарбағатай.

    В)Жоңғар Алтайы.

    Г)Батыс Жоңғар.

    Ж)Тянь-Шань таулы елі. 2 облысқа бөлінеді.

    1.Солтоүстік Тян-Шань облысы.

    2.Оңтүстік батыс Тянь-Шань облысы.

    Провинциялары.

    А)Іле.

    Б)Шу, Іле.

    В)Қырғыз жотасы.

    Г)Қаратау.


    Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық жағдайы
    Жоспар:

    1. Атмосфералық ауаның газдық құрамы;

    2. Атмосфераны ластаудың негізгі көздері;

    3. Ластанған ауаның зиянды әсері;

    4. Қазақстанда қалыптасқан ауа қабаты;


    Жер атмосфералық ауамен қоршалып жатыр. Атмосфералық ауаның газдық құрамы келесі заттардан тұрады: азот-78,08, оттегі-20,95, аргон-0,93, көмір қышқылгазы-0,03, неон N2, гелий (He) радон -0,01. Сонымен қатар ауа құрамында шаңдар және су булары кездеседі. Адам тамақсыз 25 апта, сусыз 5 күн, ал ауасыз 5 минутте өмір сүре алмайды. Адам тәулігіне 25 кг немесе 10-11 мың литр ауа тұтынады. Ауа бүкіл әлемнің тіршілік тынысы және оның шекарасы болмайды. Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады- тропосфера, азон, истратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан. Тропосфера және азон қабатының тіршілік үшін маңызы зор.

    Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Атмосфера –бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз етеді. Атмосфераның негізгі ластаушы көздері: ірі өнеркәсіп кешендері, автомабиль двигательдері,негізінен олар 2-ге бөлінеді: табиғи және жасанды. Табиғи: жер және ғарыштық. Жер – құрлық-теңіз

    Құрлық: органикалық және бейорганикалық. Органикалық: түтін, жануарлар, өсімдіктер., бейорганикалық: зіл-зала, вулкан, үгілу.

    Атмосфераны ластайтын заттарды классификациялау. Агрегаттық күйіне қарай, атмосфераны ластайтын заттарды 4 топқа бөледі: қатты, сұйық, газ және аралас. Сонымен қатар, өндіріс қалдықтарының атмосфераға тарайтын бөлігін төмендегідей етіп топтайды.

    Үйлестірілген өндіріс қалдығын шығару дегеніміз- арнаулы газ жүретін қондырғы, құбырлар арқылы газды атмосфераға шығару. Үйлестірілмеген- өндіріс қалдығын шығару- газх өнімдерін бейтарап, бағыт-бағдарсыз атмосфераға жіберу.

    Осы көздерден шыққан заттар ауа құрамындағы компаненттерінің қатысуымен химиялық неменсе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химифлықөнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді.Атмосфера құрамындағы оттегі және көмір қышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінінің тепе- теңдігіне әсер етеді. Мәселен фотосинтезпроцесі. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып отыр.

    Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зиянды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Қазгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп «Ақпаратық экологиялық бюллетень» журналы арқылы көпшыілікті хабардар етеді.

    Атмосфераның ластану индексін (А Л И) бағалау бойынша 1995-2000жылдар аралығында ауасы ең көп ластнған қалаларға: Лениногор, Зырян, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Повлодар, Екібастұз, Теміртау, Алматы қалалары жатады. Себебі аталған қалалардағы өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мәселен, 1995ж ең көп ластанған қала Жезқазған, Балқаш болса, қазір 1999-2001ж Ленинагор мен Өскемен щығып отыр, себебі бұл жердегі түсті металдардан ауаға шығатын зиянды заттар мөлшері артып келеді.

    Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіп кешендердің техникалық жағынан қамтамасыздануы нашар болып отыр, бұл проблема, яғни ескірген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті улы келеді. Ол заттар негізінен SO2, CO2, NO2, SH, NH3 және әртүрлі қатты және сұйық заттар. Тұрақты көздерден атмосфераға шығатын зиянды заттардың мөлшері қалалар бойынша: Павлодар (763,0 мың т.), иҚарағанды (601,6 мың т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола (120), Атырау (90 мың т.). Бұл аймақтарда жылу энергетикасы, металлургия мұназ-газ кәсіп орындары шорғырланған. Казгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір километіріне жылына орта есеппен 1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалады.

    Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ауа бассейіні автокөліктерден шығатын зиянды заттармен ластанып отыр. Мысалы Қостанай 119,4 мың т. Қоқыс заттар, Оңтүстік Қазақстан 87,3, Алматы 85,0, Павлодар 74,4, Көкшетау 53,6. Автокөдіктерден бөлінетін көміртегі аксиді барлывқ шығарылатын заттардың 70-80% алып отыр.

    Соңғы 2000 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диаксиді және фенор, азот диаксиді қалыпты деңгейден 1-4 ПДК-ға жетіп отыр. Ақтау, Теміртау, Шымкент, Трааз қалаларында улы формальдиид 3 есеге кзбейген. Теміртауда фенол мөлшері 2,4 есе көбейген.

    Қазақстан жағдлайында ауа бассейіндерінің ластануы көбінесе қатаң континенттері ауа райына байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Мысалы Алматы, Шымкент, Ленинагор, Зырян қалаларының ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары болмайды, сол себепті қалалар үнемі қалың зиянды улы смогтармен оралып жатады.

    Қазақстан ауа бассейіндерінің ластануы көршілес мемлекеттер есебіненде көбеюде. Мысалы 1) S 46% немесе 380000 т

    N (тотыққан) -19% немесе 46400т

    N (тотықпаған) -51% немесе 11300т

    2) S- 54%

    N – 81%

    N – 49%

    Атмосфераны ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн.т. жетіп отыр, ал оның құрамы 20 химиялық элементтердлен тұрады. Ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, техниканы жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты техниканы енгізі мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру.

    Тақырыбы: Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы.Ғаламдық

    және аймақтық экологиялық проблемалар және шешу жолдары
    Геоэкологияның актуалды мәселелерінің бірі адам қоғамы мен табиғат арасындағы кеңістік пен уақыт заңдылығы негізінде қарым қатынасы. Осы жерде адамның шынай табиғи ортада ғылыми зерттеудің назарында болады. Геоэкологияның ғылыми пән ретінде оның басты бағыты адам өмір сүретін ортаның геоэкологиялық жағдайын, әртүрлі таксономиялық бірліктердің геожүйелік табиғи, табиғи- антропогендік жағынан зерттеу мен баға беру. Табиғи антропогендік ландшафттағы экологиялық жағдай көптеген факторларға байланысты : табиғи жағдай, оның техногенезге тұрақтылығы мен антропогендік жағдайдың әсер етуі мен оның табиғи ортаға интенсивтілігі және адамдардың табиғатқа реакциясы осы аталған геожүйелерге әсер етеін факторлар географиялық қабықта біркелкі орналаспаған. Мұнда антрпогенездің геожүйенің табиғи ортасымен спецификалы0 байланысы және оның табиғи кешендердің құрылымына тәуелділігі байқалады.

    Басқа жағынан қарағанда бұрын жойылған ландшафтардың экологиялық қасиеттерін қайтадан қалпына келтіру тікелей сол жердің табиғи жағдайларының экологиялық тұрақсыздану қаупінің деңгейіне байланысты болады. Осы жағдайлар экологиялық өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

    Тақырыбы: Оңтүстік Орал таулы аймағы
    Жоспар:

    1. Геологиялық құрлысы;

    2. Жер бедері;

    3. Климаты;

    4. Су торлары;

    Орал таулы елі- ең ірі физикалық географиялық елдердің бірі. Оның оңтүстік бөлігі ғана Қазақстан территориясында, ал қалған бөлігі тұтастай Ресей территориясында орналасқан. Орал тауларының физикалық географиялық елі болып бөлінуінде мынадай негізгі белгілері бар:

    1. Орал-герциндік қатпарлы құрылымында қалыптасқан тұтастай тау жүйесі;

    2. Оралға келетін ауа массаларының батыс тасымалы өзіндік циклондық климаттық ерекшеліктерін туғызады;

    3. Қылқан жапырақты ормандардың көп болуы.

    Орал таулары солтүстіктен оңтүстікке қарай Югор Шар бұғазынан Арал-Каспий шөлдеріне дейін 2900 км-ге созылып жатыр, сонымен бірге ірі-ірі Шығыс Европпа, Батыс Сібір және Тұран ойпатының аралығында орналасқан. Солтүстік поляр шеңберінде Орал тауының ені 50 км-ге жетсе, ал оңтүстікте 300-400 км-ге жетеді.

    Геологиялық құрлысы. Орал тауларының геологиялық құрылымы жоғарғы полезой дәуірінде Евразия қатпарлы белдеуінде пайда болған. Олардың даму тарихы негізгі 3 кезеңнен тұрады.

    1 кезең- палеозойға дейінгі және палеозой кезеңі . Бұл уақытта қатпарлы таулардың қалыптасуы мен тау жыныстарының шөгуі және вулкандық әректтер байқалған. Полезойдың орта тұсында Оралдың батыс бөлігінде корбонатты шөгінділер қалыптасқан. Бірінші кезеңде Орал тауларында байкал және коледон қатпарлықтары байқалғанымен ешқандай тау көтерілу процестері жүрмеген . Карбон қатпарлығы байқалып , Орал таулары көтеріле бастаған.

    2 кезең- мезозой және полеоген кезеңі. Бұл уақытта көбінесе жер бедерінің бұзылулары болып отырған . Триас дәуірінде Орал тауларының шығыс бөлігі үлкен бұзылысқа ұшырап, соның нәтижесінде Батыс Сібір плитасының фундаменті пайда болды. Полеогеннің соңына қарай Орал тауларының орнында үлкен жазықтар болып, олардың қалдықтары қазіргі кезде Оралдың оңтүстігі мен солтүстігінде сақталған.

    3 кезең- неоген – төрттік . Бұл кезеңде жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қазіргі Оралдың жер бедері қалыптасқан, жазықтықты аудандар әртүрлі биіктіктерге көтеріліп , жер бедерін қырқалы қатпарлы пішіндері пайда болған .

    Орал тауларының жер бедеріндегі геологиялық құрылымдар мен ондағы тау жыныстарының литологиялық құрамдары өте әртүрлі . Оралдың батыс беткейі корбонатты және гипсті тау жыныстары көптеп таралса , ал шығыс беткейде метоморфты және магмалық жыныстар басым болып келеді. Төрттік дәуірде Оралда мұз басу дәуірі басталып , Днепр- Самара мұз басудың шекарасы 60 градусқа жетті.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта