Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы: Қазақстанның тектоникалық –геологиялық құрылымы

  • Палеозойға дейінгі кезең.

  • Палеозой кезеңі.

  • Мезозой кезеңі.

  • Кайнозой кезеңі.

  • Тақырыбы: Қазақстанның климаты және климат құрушы факторлар

  • «_аза_станны_ физикалы_ географиясы» п_нінен лекциялар жина_ы Та. азастанны физикалы географиясы пнінен лекциялар жинаы Таырыбы азастанны физикалы географиялы орны


    Скачать 317 Kb.
    Названиеазастанны физикалы географиясы пнінен лекциялар жинаы Таырыбы азастанны физикалы географиялы орны
    Дата12.04.2022
    Размер317 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла«_аза_станны_ физикалы_ географиясы» п_нінен лекциялар жина_ы Та.doc
    ТипЛекция
    #464400
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен лекциялар жинағы
    Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы

    және шекаралары
    Қазақстан Республикасының территориясы – Евразия материгінің орталық бөлігінде, ТМД елдерінің оңтүстігінде 55°26-40°56с.е. және 45°27-87°18 ш.б. аралығында орналасқан, яғни батысында Волга өзенінің төменгі ағысынан шығыста Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, ал солтүстікте Батыс сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр. Жалпы Қазақ жері қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерін, ал қиыр оңтүстіктегі субтропикаға өтпелі белдеудің солтүстік шетін алып жатыр.

    Қазақстан мемлекеттік щекарасының жалпы ұзындығы 15000км, оның 12000км құрлықпен, 3000км сумен (Каспий және Арал теңіздері) өтеді. Батысында, солтүстігінде және солтүстік батысында Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде және оңтүстік батысында Орта Азия ресеймен (Түркімен, Өзбекстан, Қырғызтан), оңтүстік шығысы мен шығысында ҚХР-сымен шектеседі. Қазақстанның қазіргі шекарасы ұлттық ерекшеліктерге, қазақ халқының ежелгі қоныстану өңірлеріне сай қалыптасқан.

    Жер көлемі – 2,7 млн.км², дүние жүзі жерінің ауданы жөнінде 9-орында тұр, атап айтсақ Республиканың территориясы Батыс Европадағы ең ірі держава – Франциядан 5 есе үлкен, яғни Қазақстан жеріне Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері еркін сияды.

    Халқының саны 15млн. адамға жуықтайды. Жер бедері жағынан Қазақстан жазықты және ойпатты елге жатады. Оның көлемді кең жазығы Орталық Қазақстан өңірінде жекеленген аласа таулы Сарыарқа, Шығыс және оңтүстік – шығыста Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тау жүйелеріне ұласады. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы және Алтай тау жүйелерінің абсолюттік биіктігі 4500м-ден асады. Қазақстанның ең биік нүктесі – Қырғызтан, Қытаймен шекарада орны – Хан Тәңірі шыңы (6995ж), ең төменгі нүктесі – Каспий теңізі жағалауындағы Қарақия ойысы, теңіз деңгейінен – 132 м. Тереңде жатыр. Қазақстан жер қойнауы темір рудасына, тас көмір мен қоңыр көмірге, түсті металдарға, фосфоритке, тұз және әртүрлі құрылыс металдарына бай болып келеді.

    Евразия материгінің орталық бөлігінде мұхиттар мен теңіздерден тым алшақ жатуына байланысты Республика территориясына тым континенттік, қуаң климат ықпал етеді. Қазақстан Қара теңізден 2000км, Балтық және Араб теңіздерінен 3000км, Жапон теңізінен 5000км қашықта жатыр. Бірақ жылдық салқын маусымдарында Қазақстан территориясында Арктика мен Шығыс.Сібірдің қатал климатының әсері байқалады.

    Климат пен жер бедерінің көптеген ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстанның өзіне тән су жүйесі мен гидрологиялық режимі қалыптасқан. Мұндағы гидрологиялық тордың бірден-бір ерекшелігі республиканың ішкі су алабтары тұйық бассейінді болу керек. Ірі өзендерге Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл жатса, оларда бүкіл жыл бойына судың жоғары деңгейі сақталады. Республиканың негізгі көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті.

    Орта ендікте орналасуына байланысты Қазақстанда қоңыржай белдеудің табиғат зоналары таралған. Қиыр солтүстігінде орманды дала, одан оңтүстікке қарай дала шөлейт және шөлге ауысады. Топырақтан орманның сұр, шалғынды, күлгінді, қара, қызылқоңыр, және сортаң топырақ типтері кездеседі.

    Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығыс бөліктеріндегі биік таулы аймақтардың табиғат жағдайлары биіктік зоналық немесе белдеуліктер бойынша өзгеріп отырады.

    Тақырыбы: Қазақстанның тектоникалық –геологиялық құрылымы
    Жоспар

    1.Палеозойға дейінгі тау жыныстар;

    2.Шөгінді және магмалық тау жыныстардың PZ тобы;

    3. Мезозой жыныстар;

    4. KZ- эрасаның шөгінділері;

    Қазақстан территориясы өзінің қалыптасу тарихында бірнеше геологиялық кезеңдерді басынан өткізді; яғни геолдогиялық дамуы өте күрделі.

    Геология дегеніміз- жер қыртысын, оның құрамын, құрылысын, тау жыныстарын, олардың құрам бөліктерін, жер қойнауында химиялық заттардың таралуы мен орын ауыстыруын, ішкі және сыртқы күштердің әсерінен жер қойнауының дамуын және жер бетінде органикалық дүниенің пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылым. Кез-келген аймақтың геологиялық құрылысы мен геологиялық жасы геохронологиялық кесте бойынша есептелінеді. Геохронологиялық кесте дегеніміз- геологияда жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының пайда болған кезі мен ретін білдіретін уақыт бөліктерінің жүйесі.

    Қазақстанның кез-келген физика –географиялық аймағы әр түрлі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде пайда болған, мысалы, Қазапқтың ұсақ шоқысы, Тянь-Шань, Торғай үстірті және Тұран жазықтары тектоникалық көтерілулердің әсерінен пайда болған.

    Пайда болған кезеңдеріне қарай Қазақстандағы тау жыныстары әр түрлі топтарға бөлінеді.

    Палеозойға дейінгі таужыныстар- бұлар қатпарлы құрылымдардың ішіндегі ең ежелгі шөгінділер болып есептелінеді. Қазақстан территориясында мрамор, кристалл тақтатастар, кварциттер түрінде Іле Алатауында, Талас Алатауында, Қаратау мен Шу-Іле тауаралық ойыстарында көптеп кездеседі. Олардың ең көп қабаттары Көкшетау мен Қазақтың қатпарлы өлкесінде (Сарыарқада) шоғырланған.

    Шөгінді және магмалық тау жыныстардың PZ тобы- бұлар көбінесе Мұғалжар, Ұсақ шоқы және Оңтүстік-Шығыс пен Шығыстағы тау жүйелерінде көптеп қалыптасқан. Төменгі PZ-ң жыныстары, яғни кембрий жыныстары (мен силур) әртүрлі әктастар, құмдауыттар және сазды тақтатастар түрінде Бозшакөл, Шыңғыстау, Қаратау мен Талас Алатуында кездессе, силур шөгінділері Орталық Қазақстанда, Мұғалжарда, Балқаш маңы мен Тянь-Шаньда таралған. Төменгі PZ-ң интрузивті жыныстары шоғырланған жерлерде бірте-бірте хромит пен никель сияқты рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады. (Мысалы, Мұғалжардың Оңтүстік бөлігі ) Орта PZ жыныстары литологиялық құрамына қарай әртүрлі болып келеді. Тянь- Шаньда, Мұғалжарда, Жоңғар Алатауында дөңбек тастар, қиыршық және малтатас пен әктастар түрінде кездеседі.

    Жоғары PZ-ң шөгінділері Орталық Қазақстанда, Оңтүстік Балқаш маңында, Арал маңы мен Зайсан ойыстарында қызғылт түсті құмдар мен тақтатастар түрінде тараған. Карбон дәуірінде Солтүстік Тянь- Шань, Алтай, Тарбағатай, Мұғалжар таулары мен Сарыарқада мыс, қорғасын, темір, марганец, қалайы, вольфрам, сурьма, молибден және алтын рудаларының пайда болып қалыптасқан.

    Ал пермь шөгінділеріне келсек, Қазақстан бойынша өте сирек тараған. Олар тек қана Орал-Ембі ауданы мен Маңғышлақ түбегіндегі Қаратау жотасында құмдар мен сазды мергель түрінде таралған. Мергель деп – құрамы саз корбанат қосылысынан тұратын тау жынысы, түсі ақшылдау болып келеді, цемент өндіру үшін шикізат ретінде қолданылады.

    Мезозой жыныстары. MZ эрасы триас, юра, бор болып 3 дәуірге бөлінеді. Қазақстанда PZ жыныстарына қарағанда MZ жыныстары сирек тараған. Себебі; мезозой кезеңінде денудация процестері басым болған.

    Денудациялық процес деп – тау жыныстарының үгіліп, пайда болған үгінділердің биік жерлерден су, жел, мұздардың әрекетінен сырғып ойыс жерлерге шөгуін айтамыз. Триасс дәуірінің теңіздік шөгінділері Маңғышлақта қалыптасса, юра дәуірінің қызыл түсті құмдары және құрамында көмірі бар тақтатастар Іле ойпатында, Маңғышлақтағы Қаратауда, Торғай ойысында кездеседі. Бор дәуірінің шөгінділері Іле ойпаты мен зайсанда құрғақ құмдар түрінде табылған.

    Ал, Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі Қаратау жоталарында бор шөгінділері құмдар мен қиыршық тастар түрінде қалыптасып, сол өңірлерде фосфариттердің кен орындары пайда болған.

    KZ эрасының шөгінділері- бұлардың бір ерекшелігі Қазақстанның барлық территориясында кездеседі. Бұл жыныстардың литологиялық құрамы өте болғандықтан 3 кешенге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік шөгінділер.

    Палеоген шөгінділері мергельді және гипсті қызыл саздардан, құмдар мен алвриттерден тұрып көбінесе тауаралық Шу, Іле және Зайсан ойыстарында кездеседі. Палеогеннің қызыл түсті балшықтарының қалыңдығы Солтүстік Тянь-Шаньның шығысы мен Жоңғар Алатауының тау бөктерінде 100 м-ден асады.

    Неоген шөгінділері палеоген жыныстарының бетінен қалыптасады да, құба түсті болып келеді, құрамында саз, ұсақ тасты конгломераттар, гравелиттер болады. Іле Алатауының шығыс бөлігі мен Кетпен қыраттарында неоген шөгінділерінің қалыңдығы 150-170 м жетеді.

    Қазақстан территориясында палеоген және неоген жыныстарымен бірге ең жас төрттік шөгінділерде бар, олар генетикалық құрамдарына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: теңіздік, аллювиалдық, пролювиалдық, көлдік, өзендік, мұздықтық және эолдық.

    Теңіздік шөгінділер Каспий мкаңы ойпатында, Қарақұмда және Торғай үстірттерінде жайғасса, пролювиалдық шөгінділер тау беткейінің төменгі бөліктерінде, ал аллювиалдық –көлдік және өзендік шөгінділер Қазақстан территориясындағы барлық ірі қазаншұңқырларда етек жайған.

    Мұздық шөгінділер мореналық және мұзды жыныстар түрінде Алтай, Жоңғар Алатауы, Солтүстік Тянь-Шаньның биік беткейлерінде пайда болып механикалық құрамында дөңбек тастар мен малта тастар болады, мысалы, Іле Алатауында 1800м биіктікте мұздық жыныстар кездесіп, олардың қалыңдықтары 25 м-г жетеді.

    Ал, эолдық шөгінділер дегеніміз- желдің соғуы нәтижесінде құмдардың бір жерге шоғырлануынан пайда болған жыныстар.

    Осындай тау жыныстарының пайда болуы мен таралу ерекшеліктеріне қарай Қазақстан территориясы бірнеше тектоникалық аудандарға бөлінген.

    Тектоникалық аудандастыру.

    1.Шығыс-Европа платформасы.

    2. Орал-Монғол қатпарлы белдеуі.

    Палеозойга дейінгі кезең.

    Палеозой кезеңі

    Мезозой кезеңі

    Кайнозой кезеңі.

    Шығыс-Европа платформасы – оған Каспий маңы ойпаты кіреді. Бұл аймақ қалыптасуының бастапқы кезеңінде фундаменттің толқу салдарынан бірнеше блоктарға бөлінген. Мұндағы биіктік және PZ жыныстардың қалыңдығы 13 км-ге жетті.

    Орал-Монғол қатпарлы белдеуі- Оралдың оңтүстігі, Тянь-Шаньның оңтүстік, Қазақтың қатпарлы өлкесін және Алтай, Саян қатпарлы елдерін қамтиды.

    Орал қатпарлы жүйесі Үстіртпен Арал теңізінің солтүстігінде Орыс плитасына ұласып, протерозой мен палеозой шөгінділерінен құралады.

    Герциндік қатпарлы белдеудегі Маңғыстау жүйесіне батыстағы Қаратау, Орталық Каспий, Қарабұғаз көтерілімдері жатады. Ал, палеозой қатпарлық құрылымындағы Қазақтың ұсақ шоқысына Торғай, Сарыназ (Орталық Қазақстанда), Ұлытау, Мойынқұм, Ақбастау (Орталықта), Баянауыл,Ерейментау және Шығыс Тарбағатай жатады. Алтай -Саян қатпарлы өлкесіне Кенді Алтай тау жүйесі жатады,ол Ертіс арқалы өтіп, көбінесе ордовик, карбон, силур шөгінділерімен көмкерілген.

    Қазақстандағы ең ірі Тұран плитасына Арал және Каспий теңіздеріне іргелес жатқан Үстірт, Маңғыстау Қарақұм, Қызылқұм және оңтүстік Торғай жатады.

    Әрбір қатпарлы құрылымдар, облыстар және өлкелер ерекше геологиялық кезеңдерден өтіп, сол кезеңге сай тау жыныстарымен көмкерілген. Атап айтсақ, PZ –ң кембриінде вулканогендік процестер мен базальтты шөгінділердің қалыптасуы болып өтсе, родовикте жаңа көтерілемдер пайда болған граниттер түзілген. Деванда теңіздердің алабтары көмкеріліп, каледондық тауларда бұзылу процестері басым болды.

    Ал MZ-да Қазақстанның Шығыс бөлігінің көпшілік жері континеттік массив болып, карбонатты мергелдер түзіледі.

    Неогеннің ішінде Қазақстан территориясын құрлыққа айналып, құмды-сазды теңіз шөгінділері тек Каспий маңы ауданы мен шекттеледі. Бұл кезде Сарыарқаның темірлі- марганицті, тұзды жыныстары жинала бастады.

    KZ-ң соңғы кезеңдерінде Қазақстанның таулы аудандары күмбезді көтерілімдерге шалынып, тау бөктерлерінде ысырылып конустары пайда болды. Онда лесс тәрізді саздақтар шөккен. Қазақстан территориясында 4 рет теңіз трансгрессия жүріп өтті (Хазар, Хвасин,баку және Каспий). Соның әсерінен Шөлді аудандардың көлдерінде сульфат, сода, ас тұзы тұнған.

    Қазақстан Республикасының кең көлемді территориясы дамудың күрделі кезеңінен өтіп, геологиялық құрылысы ұзақ уақыт бойы қалыптасқан. Сондықтан оның геологиясын, тектоникалық құрылысын және пайдлалы қазбалары туралы ғылыми зерттеулер мен көптеген ғалымдар айналысты. Атап айтсақ, А.А. Абдулигн, А.Д. Архангельский, В.Ф. Беспалов, Р.А. Борукаев, Ш.И. Есенов, Н.Г. Кассин, Н.Н. Костенко, Г.Ц.Медоев, К.И. Сатпаев, Е.Д. Шлигин, Б.А. Федорович, А.А. Яншин және т.б.

    Палеозойға дейінгі кезең. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша Қазақстан территориясында архей және төменгі протерозой құрылымдары кездеспейді. Сондықтан, ежелгі қабаттың төменгі шекарасы жоғарғы протерозой шегінде көрінбейді. Антициклонерилік құрылымдардың осьтік бөлігінде қалыптасқан және кристалл тақтатастар мен гнейстерге айналған ежелгі тау жыныстары Қазақстанның көптеген аудандарында дамыған. Протерозой тау жыныстары көбінесе Мұғалжар тауы мен Торғай ойысының батыс қақпасында тараған. Кембриге дейінгі шөгінді тау жыныстары Көкшетау, Ұлытау, Қарсақпай, Шыңғыстау жоталары мен Атасу – Мойынты су айрығы мен Балқаш маңының шығысында қалыптасқан. Жоғарғы протерозой құрылымдары Ерейментау мен Баянауыл тауларында,ал ежелгі метаморфтықты шөгінділер солтүстік Тянь-Шань антиклинорилерінің осьтік бөліктерінде қалыптасқан.

    Палеозой кезеңі. Геологиялық палеозой кезеңінде Қазақстан территориясында құрылымдық- тектоникалық белгілер байқалады. Палеозойдың бас кезінде Қазақстан территориясында теңіздік геосинклинальдық жағдайлар басым болды., яғни жер қабатында шөгінділердің жиналуы мен үгілу процестері жүріп отырса, жер қабығы учаскелерінің шекараларында опырылмалар пайда болып, олар арқылы жер бетіне вулкагндық шөгінділер шығып отырады.

    Мезозой кезеңі. Қазақстан жерінің даму тарихындағы мезозой кезеңінде көптеген геологиялық құрылыстар болып өткен., яғни триаста ауданы қысқара түсті. Бірақ Қазақстанның батысындағы Орал-Ембі платформалық аймағы теңіз түбіне батты. Триастағы теңіздік шөгінділер Маңғыстау Қаратауының антиклинорий зонасында, Басқұншақ көлдерінің жағалауында пайда болған.

    Кайнозой кезеңі. Кайнозой кезеңінің басты ерекшелігі- оның шөгінділері Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседлі. Олардың литологиялық құрамы күрделі болғандықтан 3 кешенге бөлінеді: палеоген, неоген, және төрттік.

    Тақырыбы: Қазақстанның климаты және климат құрушы факторлар
    Жоспар:

    1. Климат қалыптастырушы факторлар;

    2. Қазақстан климатының жеке элементтерінің режимі;

    3. Қазақстан территориясын климаттық аудандастыру;

    Атмосфераның төменгі қабаты мен жер бетінің арасында үнемі болып отыратын климаттық ерекшеліктер табиғат жағдайларын қалыптастырушы себептер болып табылады, яғни климат дегеніміз-Күн радиациясы мен атмосфера циркуляциясына байланысты ауа-райының көп жылдық режимі. Ал климаттық жағдай дегеніміз жер бетіндегі ауа массаларының физикалық қасиеттерінің көп жылдық өзгерісі.

    Қазақстандағы климаттың ең алғашқы ғылыми деректерін зерттеумен М.Д.Пономарев, А.А.Григорьев, П.Н.Колосков, А.С.Утешов сияқты ғалымдар айналысты.

    Климаттық мәліметтер күн радиациясы мен негізгі метеорологиялық элементтерді көпжылдық бақылау нәтижесінде алынған статистикалық деректер бойынша жинақталады.

    Жерінің аумағына және орографиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның климаттық жағдайы өте күрделі қалыптасқан. Территориясының солтүстігінен оңтүстігіне қарай далалық зонаның климатынан шөлдік зона климатына дейін ауытқу байқалады. Сондықтан Қазақстан климатына тән төмендегідей ерекшеліктер анықталған: оның мұхиттардан, әсіресе ылғалды мол әкелетін Атлант мұхитынан алшақ жатуы; биік тау массивтерінің оңтүстік-шығыста орналасуы.

    Еліміздің климатын қалыптастырушы көптеген факторлар дәлелденген, атап айтсақ: күн радиациясы, ауа құрамы, атмосфера циркуляциясы және олардың табиғат компоненттерімен өзара байланысы. Сонымен бірге климатты анықтайтын негізгі элементтерге метеорологиялық атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы, ауа температурасы мен ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашындар жатады.

    Климат қалыптастырушы факторларға тоқталамыз:

    1.Күн радиациясы-бұл бүкіл географиялық қабыққа келіп түсетін және климат түзуші энеогия көзі болып есептеледі. Географиялық ендікке және Қазақстан территорисының үлкендігіне байланысты Күннің түсуі әркелкі болады. Қазқстан қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде орналасқан, сондықтан күннің түсуі жоғары, орта есеппен алғанда жылына 2000-3000сағат күн сәулесі түсіп отырады, бірақ солтүстіктен оңтүстікке қарай бұл көрсеткіш өзгереді.Яғни Қостанайда 2058сағат, Астанада 2102сағат, Шымкентте 2892сағат, Алматыда 2043сағат, Бетпақ Далада 2936сағат, ал оңтүстік-шығыс таулы аудандарда 2000сағатқа жетеді. Себебі таулы аудандарда күн радиациясының жиынтық мөлшері бұлттылыққа тәуелді болады. «Бұлттылық» дегеніміз атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз кристалдарының жиынтығы, олар ауа массаларының жоғары көтеріліп, суынуының нәтижесінде пайда болады. Бұлттар күннен келетін тікелей радиацияның үлесін азайтып, олардың шашырап түсуіне ықпал етеді. Яғни қызуды азайтады. Бұлтты күндердің саны орташа есеппен солтүстікте 245 күн, оңтүстікте 105 күнге жетеді. Жаздыгүні Қазақстан бүкіл ТМД елдері бойынша ең бұлтсыз өңір деп есептеліп, «күн шуақты» өлке деп аталады.

    Күн радиациясының түсуіне кері әсер ететін келесі фактор-альбедо. Жер бетінің альбедосы дегеніміз- жарықты шағылыстыру қабілеті, оның мөлшері оңтүстікке қарағанда солтүстікте басым болады.

    2. Климаттың қалыптастыруын анықтайтын маңызды факторлардың бірі- атмосферадағы циркуляциялық процестер. Циркуляция дегеніміз- жер бетіндегі ауның әртүрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі. Циркуляциялық процестер жоғары және төменгі қысымды аймақтар, мұхит және құрлықтар арасында жүріп отырады.

    Қазақстан территориясына жыл бойы ауа массаларының 3 типі ықпал етеді: арктикалық, полярлық, тропиктік. Жазғы маусымда Орта Азия мен Қазақстанның шөлді кеңістіктерінде атмосфераның төменгі қысымдағы облыстары қалыптасып, тропиктік құрғақ ауа массалары пайда болады да бұлтсыз ашық ауа-райы үстемдік етеді, ал Орталық Қазақстанда жоғары жылдамдықтағы желдер пайда болып ауа температурасы 30-35˚С, ал оңтүстікке жақындаған сайын 40-45˚С-қа дейін көтеріледі.

    Ал, қыстыгүні арктикалық және полярлық ауа массаларының ықпалынан

    Қазақстанға Батыс Сібір жазығы арқылы суынған ауа массалары келіп, тауаралық жазықтарда температура -5-15˚С, ал Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерінде -20-30˚С-қа төмендейді.

    Таулы аудандарда ауа-райының қалыптасу процесіне жергілікті циркуляциялық жағдайлар да әсер етеді, яғни мұнда бұлттар күрт қоюланып, атмосфералық жауын-шашындар мол түседі. Ал ірі су айдындарының жағалауында ауа райын қалыптастыруда бриз желінің ықпалы байқалады.
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта