«_аза_станны_ физикалы_ географиясы» п_нінен лекциялар жина_ы Та. азастанны физикалы географиясы пнінен лекциялар жинаы Таырыбы азастанны физикалы географиялы орны
Скачать 317 Kb.
|
Жер бедері.Қазақстан территориясында орналасқан Оңтүстік Орал тауларының орташа абсолюттік биіктігі 250м-ден 600-700м-ге дейін жетеді. Жер бедерінің негізгі пішіндері үстірт тәрізді қырқалармен жоталы төбелерден құралып , көбінесе олар кристалл тау жыныстарымен көмкерілген.Cол сияқты мұзды жарлы беткейлерде бор және мергельді шөгінділермен бірге тұзды жартастарда мезозой және пермь тау жыныстары түзілген. Оңтүстік Орал таулары Мұғалжар тауларының солтүстік тізбектермен шектесіп , сол аймақта силур және девон жасындағы шөгінділер түзілген. Климаты.Оралдың климаты қоңыржай континентті, мұндағы климаттың континенттігі батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарй артып, Оралмен көрші жатқан жазықты жерлерде климаттың күрт өзгерісі байқалады яғни климаттың қалыптасуына Шығыс Европпаға үстемдік ететін атланттық және арктикалық ауа масалары ықпал етеді. Территория бойынша ылғалдылық коэфиценті 0,3. Күн радиациясының жиынтық мөлшері 2800-3000градус С-ге тен. Жылы кезеңнің ұзақтығы 205-209 күн. Температураның абсолюттік жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-320мм. Қар жамылғысының жату ұзақтығы 125-140күн, қалындығы 25-35см. Су торлары. Орал таулары бойынша Солтүстік мұзды мұхиты мен Арал-Каспий ағынсыз бассеинің су айрығы басып өтеді. Оралдың өзендері көбінесе суы мол болып, олар Баренц,Кар теңізі арқылы Каспий теңізіне құяды. Негізгі өзендері Ырғыз,Елек, Ембі. Ал көлдері ұсақ әрі өте көп болғанымен суы аз. Тақырыбы: Солтүстік Қазақ жазығы (Батыс Сібір жазығы) Қазақстан жеріне Батыс Сібір жазығының оңтүстік етегі кіреді. Ол Орал маңы үстіртінен Алтайға дейін 1400км Ұз-қа созылады да Торғай үстірті мен Қаззақтың ұсақ шоқысынан солтүстікке қарай еңістеу болып келеді. Оңтүстіктегі абс-к биіктік 200м. Тектоникалық жағынан Батыс сібір плитасына сай келеді. Бұл плитада сипты жөнінен палнзой жыныстарынан құралған қатпарлық фундамент орналасқан. Фундаменттің қалыңдығы оңтүстікте 100м, солтүстікте 1500м-к мезозой және кайназой шөгінділерінің қалың қабаттары табылған. Беткі бөлігі палеогеннің теңіздік және континенттік шөгінділкрінен түзілген.Климаты тым континенттік.Қыстыгүні бұл өңірге сібірдің максимумы аймағынан таралатын қоңыржай белдеудің континенттік ауа массалары үстемдік етеді. Жазда Оңтүстік Қазақстан Орта Азиядан өтетін континенттік тропикалық ауа масалары ықпал етеді. Аймақтың өзен торы сирек қалыптасқан. Ірі өзендері – Ертіс, Есіл, Тобыл қалған өзендерінің суы аз, негізінен қар суы мен қоректенеді. Көлге аудан өте бай, ірілері- Сілетітеңіз, Шағалылы теңіз. Батыс Сібірдің Қазақстандық бөлігінде орманды дала және қуаң дала зоналарының 5 проовинциясы орналасқан. Орманды дала зонасындағы Есіл провинциясы Қазақстанның қиыр слтүстік бөлігін алып жатыр және Есіл өзендерінің батыс және шығыс өңірлерін қамтиды. Есіл жазығын рельеф пішіні ойпаң , көлдер мен бөлшектенген, кейбір бөлігі батпақты болып келеді.Есілдің орманды зонасындағы сұр және сілтісізденген қара топырақ жамылғысында қайың ормандары өседі. Дала зонамындағы Тобыл мааңы провинциясы Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Батыста Орал сырты үстірті , оңтүстікте Торғай үстірті, шығыста Есілдің солтүстік жағалауы аралығында орналасқан. Палезой фундаменті оңтүстігінде 100м, солтүстік шығысында 200-400м тереңдікте жатыр. Қатпарлы фундаменттің интркзивтік шөгінділерінде Соколов Сарыбай темір рудасы шоғырланған. Дала зонасындағы Шағалалы Ертіс провинциясы- дала зонасының шығыс бөлігін қамтиды. Тобыл маңы провинциясын салыстврғанда палезой фундаменті тереңде шөккен, яғни 800-100 м төменде жатыр. Овинцияның көпшілік бөлігін алювилік-көлдік жазықтар алып жатыр, өзен торлары нашар дамыған. Жер асты сулары минералды, ал көлдері тұзды болып келеді. Топыраағы кәдімгі қара , өсімдіктің далалық түрлері басым болып келеді. Ауыл шаруашылығында провинция егіншілікке және мал жайылымына пайдаланады. Қуаң дала зонасында Ертіс маңы провинциясы- Батыс Сібір физикалық географиялық елінің оңтүстік шығысының бөлігін қамтиды. Ертіс өзенінің 2 жағын ала орналасқан көлдік алювилік тегіс келген баспалдақты жазықтан тұрады. Территориясының абс-к биіктігі 110-200м. Тектоникалық жағынан Ертіс маңы ойына жатады. Нртістің сотүстік жағалауы біртіндеп Сарыарқаға ұласады. Ежелгі алювилік құмды жазықтың беті эолдық әрекеттерге ұшыраған дюналық массивтер кеңінен таралған. Провинцияның ірі өзндері- Ертіс, Шағыл, Сілеті, Шідерті, және т.б. Топырақ жамылғысы- күңгірт, қызыл қоңыр және қызыл топырақ типтерінен тұрса, өсімдіктерден бетегелі және ксеофидті түрлер кең тараған. Құлынды провинциясы- Ертіс аңғарынан шығысқа қарай созылып жатқан қуаң дала зонасының шығыс ауданын қамтиды. Првинция территориясының бетін флювиогляциалдық көлдік шөгінділер жапқан. Климаттық жағдайы өте қуаң болып келеді. Жылына орташа есеппен енбәрі 250-260мм жауын шашын түседі. Топпырақтың күңгңрт қызыл және қоңыр түрлері , өсімдіктердің далалық түрлері кездеседі. Тақырыбы: Қазақстың қатпарлы даласы (Қазақтың ұсақ шоқысы ) Қазақтың ұсақ шоқысы мен Үстірт физика-географиялық елі ежелгі таулзы аймақтың қалдығы болып саналады да оның шеткі бөліктері борпылдақ тау жыныстарынан түзілген. Мұндағы бұзылу процестері полезоұйдың орта кезінене басталған. Соны мен бірге бұл аймақ кембриге деейінгі және полнзойдың орта кезінен басталған. Каледон және герциндіу тоау түзілісі кезінде бұл тау жыныстары күшті диспокацияға ұшырап, ұсақ шоқылы жер бедері қалыптасуының алғашқы кезең і қалыптасуы басталды. Денудация процестерінің нәтижесінде бұзылзуға шыдамды боллып келетін аласа таулы ежелгі пенеплен қалыптасты. Ал қазіргі кезде көптеген аймақтарда сақталған . Неогенді әлсіз көтерулер мен төмен түсулер әсерінен денудациялық және акумулятивтік жазықтар ппайда болады. Төрттік кезеңннің ортасына қарай көтеріңкі жазықтарда эрозиялық тілзлімденуден суайрықтық беткейлер , шоқылы төбелер, қырқалар мен жондар түзеді. Қазақтың ұсақ шоқысы мен Үстірт елінің территориясы 2 облысқа бөлінеді: 1) Қазақ ұсақ шоқысы. 2) Орал маңы торғай. А)Қазақтың ұсақ шоқысы өлкесі- Қазақстанның рталық және шығыс балігін қамтитын физ-георафиялық өлке. Жер бедері қыратты ,ұсақ шоқылы және аласа төбелі болып келген жазық болып табылаады. Батысы Торғацй ойысынан басталып , шығысы тарбағатайдың батыс сілеміне дейігн созылып жатыро.Солтүстігі Батыс сібір жазығынан , оңтүстігі Бетпақдалаға және Балқаш көліне ұласады. Өлекенің ең биік нүктесі 1565м (Ақсоран тауы) .Өлкенің гипсометрлік құрылымыортасынан шетіне қарай аласарып отырады. Өлкенің кейбір жерлерін мезокайназой шөггінділері географиялық және климаттық жағдайларына қарай 3 зонаға және 8 провинцияға бөлінген. 1.Дала зонасындағы Көкшетау провинциясы- Сарыарқаның солтүстігі Көкшетау қыратын қамтиды. Абс-к биіктіігі 947м. Кристалды фундаментті архей, протерозойдың кварцит кристалды тақтатастарынан түзілген. Өзендеріне Иманбұрлық, Зеренді, Бурабай, УҮлкегн және кіші Шабақты, Шортьанды көлдері жатады. 2.Қуаң дала зонасындағы Атбасар провинциясы- солтүстігі Көкшетау қыраты, оңтүстігі Теңіз ойысы, батысында Терісаққан, шығысында Нұра өзен аңғарларында көтеріңкі келген Атбасар жазығын қамтиды.Абс-к биіктігі 450м. Қара топырақты далалары мен оңтүстіктің қара топырақты аудандары ауыл шаруашылығына тиімді болып келеді. 3.Теңіз провинциясы- солтүстіктен атбасар жазығы мен оңтүстікте Сарысу айрығындағы ұсаақ шоқылық, шығыста Ерментау аласа таулы төбелері мен батыста терісақан өзен аңғарынгың аралығында орналасқан. Абс-к биіктігі 500м.Провинция жерінде Қорғалжын өқорығы лорналасқан. 4.Баянауыл-Қарқаралы провинциясы- Орталық Қазақстанның солтүстік шығыс бөлігін алып жатыр, каледоен қатпарлы белде уінде қалыптасқан, полезойдың шөгінді вулкандық қатпарынан түзілген. Таулы массивтеріне Бжаянауыл, Қоощйтас, Қарқаралщы жатады. Жер асты суына өте бай.Өзен аңғарлзарында егіншілік дамыған. Твау жыныстарының геологиялық қалыптасу кезеңдеріне қарай Қарағанды көмір бассейіні осы провинция территориясында қалыптасқан. 5.Шөлейт зонасындағы Ұллытау провинциясы- Сарыпрқаның оңтүстік батыс шетщіндегі Ұлытау тауын және ұсақ шоқыға келіп тірелетін таулдзы массивтерді қамтиды. Абс-к биіктігі 1134м. Ұлытау тектоникалық кембриге дейінгі кезеңдерде жаралып, каледон тау түзілісі кезінде күрделі өзгеріске ұшыраған Қазақ қалқанының көне құрылымдарының бірі. Бұл провинцияда ұсақ шоқының шөлдаланың ландшафты басым болып келеді. Сондықтан мал жайылмы тиімді. 6.Сарысу –Қызылжар провинциясы- Ұлытаудан шығысқа қарай Теңіз-сарысу айрығындағы көтеріңкі өңірді қамтиды. Абс-к биіутігі 602м. Провинциянгың оңтүстік батысында атақты Жезқазған мыс комбмнаты орналасқан.Провинцияның топырақ жамылғысында сортаң топырақтың үлесі басым, сондықтан суармалы егіншңлік пен мал шаруашылығы ұйіымдастырылжған. 7.Қызылжар провинциясы- Орталық Қазақстанның анағұрлым көтеріңкі бөлзігін алып жатыр.Абс-к биіктігі 1565м.Пшалезойдың шөгінді және эфузиялық жыныстарымен көмкерілген. Даланың және шөл даланың ландшафттары басым келеді. 8.Шыңғыстау провинциясы- Сарыарқаның шығысындағы Шыңғыстау жотасын қамтиды. Солтүстік шығысында Шар өзенінің тектоникалық аңғары мен шектесіп Алтай таулы облычсынан боліп тұрады. Шығысында Зайсан таулзарының қазан шұңқырларына оңтүстіәк шығысында Тарбағатай жотасына жалғасып жатады. Топырағы Қызыл қоңыр, өсімдігі бетеге жусанды түрлер. Б)Орал маңы Торғай облысы. 2провинцияға бөлінеді. 1.Орал маңы . 2.Жоғарғы Торғай. 1.Орал маңы провинциясы герциндік және каледон қатпарлық белдеуіндегі Оралсырты құрылымында денудациялық жазық ретінде қалыптасқан және полезой мен протерозойдың метаморфты , шөгінді және интрузивті шөгінділнрінен түзілген. Ал аридті –денудациялық жазықтары тауалды ойыстарында қалыптасып юри шөгінділері мен көмкерілген. Провинцияның геологиялық құрылысында бор дәу ірінде пайда болды. 2.Жоғарғы Торғай провинциясы- Торғай ойысының солтүстік бөлігін қамтиды. Палеоген кезеңінде Торғай ойысы Тұран және Сібір теңіздерін бііріктіріші үлкен бұғаз болған. Неогенде олрал таульапры мен Сарыарқадан басталатын өзен аңғарлары пайда болған. Провинцияның абс-к биіктігі 100-300м . Жер асты сулары құмды сазды шөгінділерде пайда болған. Топырағы –қара , күңгірт каштан, сор және карбонатты. Өсімдіктерден шөптесінді бетегелі түрлері дамыған. Провинцияның табиғат кешендері дәнді дақылдар енгісі мен сүт ет бағытындағы мал шаруашылығында пайдаланады. Тақырыбы: Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы Жоспар: Зайсан провинциясы; Тарбағатай провинциясы; Сауыр провинциясы; Майлы-Барлық провинциясы; Жоңғар Алатауы провинциясы; Жоңғар-Сауыр- Тарбағатай өлкесінің негізгі бөлігі Қытай территориясында орналасқан. Кең аймақты Жоңғар ойысын жан-жағынан тау жоталары қоршап тұрады. Қазақстан жеріне Жоңғар ойысының батыс бөлігі енеді. Қазақстандық Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай елі бірнеше провинцияға бөлінеді. Зайсан провинциясы. Алтай және Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерін бөліп жатқан Зайсан қазаншұңқырын қамтиды. Мұндағы полезойдың қатпарлық фундаменті 1600-1700 м-ге жетеді (қалыңдығы ) оның бетін бор, полеоген , неоген және төрттік дәуірдің шөгінділері жауып жатыр. Бұл провинцияда шөл және шөлейт ландшафттары басым болып келеді, сондықтан суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған. Тарбағатай провинциясы. Ендік бағытта созылып жатқан Тарбағатай жотасын қамтиды және Зайсан қазаншұңқырын Балхаш –Алакөл ойысынан бөліп тұрады. Жотаның орташа биіктігі 2000-2200м , ал ең биік нүктелері болып саналатын Тастау және Жалаулы таулары 3134м-ге көтерілген . Қазіргі кездегі мұз басу процесі байқалмаған , анғұрлым көтеріңкі бөлігі солтүстік – батыс бағытқа ассиметриалы созылған . Тарбағатайдың қазіргі таулы жер бедері N-Q дәуіріндегі жаңа тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде қалыптасқан. Полезойдың әктастарында карсты , ал мезозойда аккумлятивтік шөгінділер пайда болған. Жер асты сулары кристалл тау жыныстарында пайда болған , олар 10м-ден 50-100м тереңдікте орналасқан. Сол сияқты минералдық су көздері тектоникалық жарылыстардан пайда болған , құрамы сульфатты-хлоридті және натрий – кальцилік болып келеді. Ең ірі минералдық су көздері Айнабұлақ және Талды деп аталады. Аймақтың климатына келсек, ылғал жеткіліксіз, жазы жылы , қысы қатал болып келеді. Қантардың орташа температурасы - 18 градус С , аьсолютік минимальді теңдігі - 46 грдус С, шілденің орташа температурасы +20 ,+21 грдус С, жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстік беткейде 350-500мм, оңтүстік беткейде 600-1000мм , 2500м.биіктіктен мәңгі тоң басталады. Негізгі өзендері Үржар және Қатынсу. Тарбағатай провинциясының территориясында қой шаруашылығы мен дәнді және техникалық дақылдар өсіріледі. Сауыр провинциясы . Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Сауыр жотасын қамтиды , ең биік нүктесі Мұзтау шыңы 3816м . Морфологиялық пішініне қарай Сауырдың солтүстік беткейі Алтайға ұқсас болып келеді. Ал оңтүстік беткейі тік жарлы және құзды болып келеді. 3300м биіктікте қар сызығы орналасқан. Сауыр тау жүйесі көптеген шөгінді тау жыныстарынан : тақтатастар, әктастар, құмдықтардан тұрады, олардың геологиялық жасы полезойға сай келеді. Бор шөгінділерінде көмірдің кендірлік кен орындары қалыптасқан.Солтүстік тау бөктерлері палеоген мен неогеннің континентік шөгінділерінен тұрады. Сауыр жотасы 7 балдық сейсмикалық зонаға жатады. Климатында ылғал жеткіліксіз , қаңтардағы орташа температура теңдігі -17-20градус С , шілдеде +23градус С. Жауын – шашының жылдық мөлшері 280мм, 2000-2500м –ден мәңгі тоң басталады. Негізгі өзені Кендірлік. Майлы-Барлық провинциясына – Жоңғар қақпасы жатады, ол тектоникалық жолмен түзілген. Осы өңір арқылы жойқын күшпен «Ебі», «Сайқан»желдері соғып тұрады. Жоңғар Алатауы провинциясы-бұл Жоңғар Алатауының негізгі тау тізбектерін қамтиды , оның шығыс бөлігі Қазақстан жерінде орналасқан, қалғаны Қытайда . Жоңғар Алатауының биік нүктелері: Сайқан және Теклі (1100м) ; Аршалы (2200м) ; Шабынды(1450м); Қарасырық (1600м); Күнгей , Қарашеку, Ешкіөлмес,Суықтау(2000м); Тастау(3150м); Жұмақ (3240м) ; Суықжайлау(3010м) ; Алтын-Емел (3200м); Суаттау(3900м),; ең биік нүктелері Тышқан(4442м)және Сарқан(4446м). Жоңғар Алатауының жер бедерінде тегістелген беткейлер қалыптасып, олар сатылы сипатта болады. Тау жүйесі түгелімен 6-8 балдық сейсмикалық зонаға жатады. Жер бетінде эффузивтік және шөгінді жыныстармен бірге , лесс тәрізді құмдауықтар кездеседі. Оңтүстік беткейде борпылдақ тау жыныстарында түзілген. Жоңғар Алатауының қырқалы тізбектері силур, девон,және карбон жыныстарынан тұрады. Таулардың биік шыңдарында гранитті шөгінділерден түзілген. Метоморфты тау жыныстарында полиметалдардың , мыс және сирек кездесетін металдардың , тас көмір мен әктастардың кен орындары пайда болған. Аймақтың климаты қоңыржай континентік . Қаңтар айының температутасы -19 градус С , шілдеде +16+18 градус С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері тау бөктерлерінде 300-800мм, биік тауларда 1500мм. 2600-2800м биіктіктен мәңгі тоң басталады. Негізгі өзендері – Ағанақты, Лепсі, Тентек, Тастау,Жамантты, Теректі, Сарыбұлақ, Сарқан,Биен,Ақсу және тағы басқа. Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиясының қазіргі кезеңдегі міндеттері Жоспар: Экологиялық-географиялық зерттеулердің негізгі бағыттары; Техниканың табиғи ортамен өзара әрекеттесу проблемалары; Географиялық болжам және экологиялық-географиялық сараптама; Қазіргі таңда физикалық географияның алдында тұрған басты мақсаттардың бірі, ол- Қазақстан территориясын кешенді физикалық-географиялық зерттеу яғни күрделілік деңгейі әртүрлі ТАК-ді зерттеу болып табылады. Оны зерттеу үшін 2 жол нақтыланған: ландшафттық картографиялау және физикалық-географиялық аудандастыру. Ландшафттық зерттеу мен картографиялауда қолданылатын орта- және ұсақмасшабты карталар ТАК-дің кеңістіктегі құрылымын анықтау үшін өте тиімді. Сондықтан Қазақстанның барлық аймақтарының ортамасшабтағы ландшафттық карталары құрастырылып, баспадан шығарылған. Атап айтсақ, Украина мен Кавказдың, Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Сібірдің оңтүстік аймағының және Батыс Сібірдің орсан зор бөлігін алып жатқан Түмен облысының ландшафттық карталары жарыққа шыққан. Сол сияқты, жоғары мектептерге арналған 1: 4 000 000 масшабтағы және геологиялық-барлау мақсатында қолданылатын 1: 2 500 000 масштабтағы ТМД елдерінің ландшафттық карталары жарияланды. Географиялық әдебиеттерде қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану үшін физикалық-географиялық аудандастырудың әдістемесі туралы мәселелер көтерілуде. Сондықтан, кешенді аудандастырудың қолданбалы схемасын жаңартып, оның әдістері мен тәсілдерін талдау физикалық географияның негізгі міндеттері болып саналады. Тақырыбы: Қазақстан табиғатының антропогендік өзгерістері Табиғатты қорғау ісі жөнінде Қазақстан Ресбубликасы көптеген жұмыстар жүргізіп келеді. Солтүстік пен оңтүстікке 1600 км-ге, ал батыстан шығысқа 3000 км-ге созылып жатқан кең байтақ Қазақстан жерінде табиғи ресурстар мен табиғат жағдайларының қоры шоғырланған. Мұнда 35 млн. Га жыртылған құнарлы жер, 187 млн. Га шабындық пен жайылым, 20 млн. Га орман және Менделеевтің периодтық системасындағы барлық элементтерінің ірі кен орындары бар. Су ресурстары мыңдаған өзеннен, көлден, мұздықтан және жер асты суларынан құралады. Осындай мәселелерді негізге ала отырып, табиғатты қорғау ісі саласындағы мынадай бағыттар мен міндеттер белгіленген: 1. жаңа ғылыми техникалық құралдарды пайдаланып, табиғи ресурстарды зерттеу және айналадағы ортаның жағдайын, оны ластайтын себептерді анықтау; 2. қазба байлықтардың кен орындарын тиімді пайдаланып, жер қойнауындағы шикізаттарды түгелдей барлап, оларды кешенді түрде өндіру, өндірілген қазба байлықтарының қалдықтарының айналадағы қоршаған ортаға зиянын болдырмау; 3. кәсіпорындар мен қалалардағы тиімді тазартқыш құрылымдарды орнатып, қажетті құрал-жабдықтармен бұйымдарды шығаратын өндірістерді дамыту; 4. топырақтың құнарлылығын арттырып, оны су мен жел эрозиясынан сақтау және топырақты ластануданқорғап, шымтезек өндіру мен кен орныдары жұмыстары жүргізілгеннен кейін жерді қайта жақсарту. 5. зиянды заттардың атмосфераға шығарылуына қарсы шаралар қолданып, транспорттық шуға, электр мен магнит өрістерінің әсеріне қарсы күрек жүргізу; 6. жер, су және орман ресурстарын кешенді әрі тиімді пайдаланып, оларды қорғау жөнінде шаралар ұйымсдастыру; Осы міндеттерді толық жүзеге асыру үшін біздің елімізде барлық жағдайлар мен толық мүмкіндіктер бар. |