Главная страница

физика. Қазақстан тарихы Тест. B и. В. Сталин c н. С. Хрущев d л. И. Брежнев e м. С. Горбачев 1943 жылы Алматыда жары крген аза кср тарихы ебегіні авторларыны бірі a . Жмалиев b а. Жбанов c б. Слейменов d і. Кеесбаев e е. Бекмаханов


Скачать 256.1 Kb.
НазваниеB и. В. Сталин c н. С. Хрущев d л. И. Брежнев e м. С. Горбачев 1943 жылы Алматыда жары крген аза кср тарихы ебегіні авторларыны бірі a . Жмалиев b а. Жбанов c б. Слейменов d і. Кеесбаев e е. Бекмаханов
Анкорфизика
Дата24.10.2022
Размер256.1 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚазақстан тарихы Тест.docx
ТипДокументы
#751272
страница12 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

C) бұдун

D) бұрық

E) ябғу

901.Түргеш қағанатының құрылуына жол ашқан оқиға

A) Жужан қағанатының күйреуі

B) Үшліктің қытайлармен күресте жеңіске жетуі

C) Шығыс Түрік қағанатының әлсіреуі

D) Ешбар Елтерістің билікке келуі

E) Арабтармен күресте жеңіске жетуі

902.Батыс Түрік қағанатында «он тайпа - он оқ бұдун» жүйесін енгізген қаған

A) Тон

B) Шегу

C) Үшлік

D) Тардуш

E) Ешбар Елтеріс

903.Түрік қағанатында жоғары билеуші және әскербасшысының лауазымы

A) қаған

B) сюбашы

C) бек

D) бұрық

E) тархан

904.Алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткішінде кездесетін ел

A) Соғды

B) Парсы

C) Түргеш

D) Хазар

E) Қарақытай

905.Түргеш қағанатының негізгі жер аумағы

A) Еділ бойы

B) Жетісу

C) Арал бойы

D) Алтай мен Еділ аралығы

E) Сырдарияның орта ағысы

906.Орта Азия халықтарымен арабтарға қарсы күш біріктірген қаған

A) Үшлік

B) Сұлу

C) Шегу

D) Тон

E) Тардуш

907.Сұлу қағанның кезінде сырттан төнген қауіп

A) Парсылар шабуылы

B) Соғдылардың қоныстануы

C) Саманилердің соғыс жариялауы

D) Арабтар шапқыншылығы

E) Ферғаналықтардың шабуылы

908.756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікке келді

A) Түріктер

B) Қарлұқтар

C) Оғыздар

D) Қимақтар

E) Қарахандар

909. «Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» деп жазған ғұлама ғалым

A) В. Бартольд

B) әл-Макдиси

C) М. Қашқари

D) әл-Марвази

E) Ж. Баласағұни

910.Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері

A) Алтай тауынан Балқашқа дейін

B) Еділ мен Жайық аралығы

C) Сырдарияның орта ағысы

D) Тарбағатай, Алакөл ойпаты

E) Шу мен Талас бойы

911.Қарлұқ қағанатының орталығы

A) Баласағұн

B) Тараз

C) Суяб

D) Жаңакент

E) Испиджаб

912.Араб тарихшысы әл Марвазидің хабарына қарағанда қарлұқтар құрамына кірген тайпа саны

A) Жеті тайпа

B) Төрт тайпа

C) Он екі тайпа

D) Он тайпа

E) Тоғыз тайпа

913.840 жылы өзін қаған деп жариялаған Испиджаб қаласының билеушісі

A) Мұса хан

B) Білге хан

C) Оғұлшақ қаған

D) Сатұқ Боғрахан

E) Білге Күл Қадыр-хан

914.Екі жүз жылға жуық өмір сүрген ерте орта ғасырлық қағанат

A) Түрік

B) Түргеш

C) Қарлұқ

D) Батыс Түрік

E) Шығыс Түрік

915.IX ғасырдың соңында Оғыз мемлекеті құрылды

A) Шу мен Талас бойында

B) Алтайдан Балқашқа дейінгі аралықта

C) Монғолияның солтүстік-батыс ауданында

D) Сырдарияның орта және төменгі ағысында

E) Тарбағатай, Алакөл ойпатында

916.Қарлұқ қағанаты Жетісуда құрылғаннан кейін Сыр бойына ығысқан тайпалар

A) Оғыздар

B) Қимақтар

C) Соғдылар

D) Қыпшақтар

E) Қарақытайлар

917.Оғыздарда мұрагерлік жолмен берілген жоғары билік лауазымы

A) гурхан

B) сюбашы

C) күл-еркін

D) хан

E) жабғу

918.Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатында алдына қойған басты мақсаты

A) Қытай, Византия елдерімен айырбас сауда жүргізу

B) Түркістан аймағындағы жерлерді өзіне қарату

C) Қара теңіз, Дон өзені бойындағы жерлерді өзіне қарату

D) Хорезм мемлекетімен туыстық қатынас орнату

E) Жетісудағы қарлұқтармен саяси байланыс орнату

919.XI ғасырда оғыздарды Сырдария, Арал бойынан ығыстырған

A) Қыпшақтар

B) Қимақтар

C) Керейттер

D) Қарахандар

920.Оғыз мемлекетінің орталығы

A) Суяб

B) Янгикент

C) Испиджаб

D) Мыңбұлақ

E) Қарнақ

921.Оғыз мемлекеті өмір сүруін тоқтатты

A) VIII ғасыр

B) X ғасырдың басында

C) IX ғасыр басында

D) XI ғасыр

E) XII ғасыр басында

922.Қимақ қағанатының өмір сүрген уақыты

A) VI ғ. ортасы – VII ғ. басы

B) VII ғ. басы – VIII ғ. ортасы

C) VIII ғ. ортасы – IX ғ. ортасы

D) IX ғ. соңы – XI ғ. басы

E) IX ғ. соңы – XIІ ғ. ортасы

923.766-840 жылдарда қимақтар мекендеген аймақтар

A) Сырдарияның орта және төменгі ағысы

B) Батыс Алтай, Тарбағатай, Алакөл

C) Арал, Балқаш, Ертіс

D) Еділ, Жайық, Арал

E) Жетісу, Шу, Талас

924.IX ғ. соңы – XI ғ. басында Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатқан орта ғасырлық мемлекет

A) Түрік қағанаты

B) Түргеш қағанаты

C) Оғыз мемлекеті

D) Қимақ қағанаты

E) Қарлұқ қағанаты

925.Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған тарихшы

A) Гардизи

B) М. Қашқари

C) әл-Марвази

D) әл-Макдиси

E) Ж. Баласағұни

926.Қимақ қағанатында «шад-түтік» деп атады

A) жеке тайпа көсемдерін

B) әскери қызметкерді

C) іс басқарушысын

D) салық жинаушыны

E) қарапайым халықты

927.Араб ғалымы Әл-Идрисидің картасында көрсетілген қимақ қаласы

A) Имақия

B) Янгикент

C) Барсхан

D) Құлан

E) Карантия

928.Сатұқ Боғрахан негізін қалаған мемлекет

A) Түрік қағанаты

B) Түргеш қағанаты

C) Қарлұқ қағанаты

D) Қарахан мемлекеті

E) Қарақытай мемлекеті

929.X ғ. ортасында Қарахан мемлекеті құрылды

A) Алтай мен Тарбағатайдың солтүстігінде

B) Еділ мен Жайық бойында

C) Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде

D) Сырдарияның орта және төменгі ағысында

E) Монғолияның солтүстік-батыс аумағында

930.Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі

A) Икта

B) Коммендация

C) Миршикар

D) Музари

E) Барзигар

931.Қарахан мемлекетінің Шығыс хандығының орталығы

A) Испиджаб

B) Тараз

C) Үзкент

D) Орда

E) Самарқан

932.X ғ. аяғында Қарахан мемлекеті Орта Азиядағы қайшылықтарды пайдаланып басып алған қалалар

A) Самархан, Үзкент

B) Бұхара, Самарқан

C) Баласағұн, Қашғар

D) Үргеніш, Бұхара

E) Ақши, Искендер

933.Хан кеңесшілері – уәзірлерді «көл-еркін» көл-көсір, ұшан-теңіз ақыл-ой иесі деп атаған тұлға

A) Ж. Баласағұни

B) А. Иүгнеки

C) әл-Идриси

D) әл-Макдиси

E) М. Қашқари

934.1125 жылы Ляо мемлекеті құлағаннан кейін Жетісу жеріне келіп қоныстанды

A) қидандар

B) хорезмдіктер

C) керейіттер

D) жалайырлар

E) қарлұқтар

935.Мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі болған орта ғасырлық ел

A) Түрік қағанаты

B) Түргеш қағанаты

C) Қарлұқ қағанаты

D) Қарақытай мемлекеті

E) Қарахан мемлекеті

936.Қарақытай мемлекетінде ірі қала әкімдері гурханға жыл сайын төлеп отырған жер салығы

A) қалан

B) икта

C) харадж

D) тағар

E) құшыр

937.Орта Азияда қарақытайлардың ықпалын күшейткен оқиға

A) 1203 ж. керейлерді бағындырды

B) 1141ж. Қатуан шайқасында жеңіске жетті

C) 924 ж. Ляо мемлекеті ыдырады

D) 1198 ж гурид тайпаларымен соғыста жеңіске жетті

E) 1236 ж. Батысқа жорыққа шықты

938.Қарақытай мемлекетінің құлауына себеп болған елдер

A) Монғол, Керей

B) Жалайыр, Керей

C) Хорезм, Найман

D) Оғыз, Хорезм

E) Қарлұқ, Соғды

939.Тарихи деректердегі Найман ұлысы алып жатқан аумақ

A) Шыңғыс тауынан Қарақорымға дейін

B) Алтайдан Еділге дейін

C) Жетісу мен Шығыс Түркістан

D) Орта Азия мен Мауараннахр

E) Балқаштан Жайыққа дейін

940.Найман мемлекетінің орталығы

A) Битөбе

B) Қарнақ

C) Балықты

D) Науакет

E) Қойлық

941.Халықты өз төңірегіне топтастыра білген елді өнерге, бейбіт өмір салтына тартқан найман ханы

A) Наркеш Дайын

B) Инанч-білге

C) Бұйрық

D) Даян

E) Күшлік

942.1201 жылы қырғыз, меркіт, найман тайпаларының құрылтайға жиналу себебі

A) Темучиннің тарапынан келе жатқан қауіп

B) Көрші елдермен сауда қатынасын орнату

C) Керейіт ханы Торының жайлауын басып алу

D) Халықтарды өнер, білім ісіне тарту

E) Жалайырларды қол астына қарату

943.Найман хандары Бұйрық пен Даян арасында билік үшін таластың басталу себебі

A) Темучиннің жаулап алуы

B) Білге ханның дүниеден қайтуы

C) Наркеш Дайынның биліктен кетуі

D) Күшліктің Жетісуға қоныс аударуы

E) Инанч-білгенің билікке келуі

944.1204 жылы Найман ханы Күшлік қоныс аударған жер

A) Балқаш бойы

B) Арал бойы

C) Жетісу

D) Жайық бойы

E) Тарбағатай аумағы

945.Орта ғасырда Керлин (Керулен) өзенінің бойында орналасқан тайпа

A) меркіт

B) найман

C) қырғыз

D) керейіт

E) жалайыр

946.Орта ғасырда керейіт тайпалары пайдаланған жазу

A) соғды

B) ұйғыр

C) түрік

D) қытай

E) парсы

947.«Монғолдың құпия шежіресі» дерегі бойынша XI ғ. аяғы – XII ғ. басында жақсы қарым-қатынаста болған хандықтар

A) Найман, Керей

B) Керейіт, Монғол

C) Жалайыр, Меркіт

D) Қырғыз, Меркіт

E) Монғол, Қырғыз

948.Орта ғасырдағы Керейіт мемлекетінің орталығы Битөбе орналасты

A) Хантәңірі тауының шығысында

B) Орхон өзені бойында

C) Шыңғыс тауының шығысында

D) Енисей өзені бойында

E) Алтай тауының шығысында

949.Керейіт мемлекетінің дамуына себепші болған хандар

A) Бұйрық, Даян

B) Торы, Темучин

C) Жамұқа, Мұқылай

D) Маркус, Құршақұз

E) Білге, Күшлік

950.Шыңғысхан керейіттерді басып алды

A) 1203 жылы

B) 1205 жылы

C) 1207 жылы

D) 1211 жылы

E) 1218 жылы

951. «Түрік шежіресі» еңбегінде жалайырлар туралы дерек қалдырған тарихшы

A) Шах-Махмұд Шорас

B) Ахмет Иүгнеки

C) Әбілғазы Бахадур хан

D) Сүлеймен Бақырғани

E) Жүсіп Баласағұни

952.Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы ақын, шешен әрі батыры

A) Сартақ

B) Айтөле

C) Жамұқа

D) Мұқылай

E) Тоғырыл

953.1201 жылы Жамұқа Аргун өзені бойындағы құрылтайда өзін жариялады

A) қаған

B) хан

C) гурхан

D) жабғу

E) күнби

954.Жалайыр тарихы жайында жазылған Қ. Жалайыридің еңбегі

A) «Құтадғу білік»

B) «Диуани хикмет»

C) «Тарихи Рашиди»

D) «Жами-ат-тауарих»

E) «Диуани луғат ат-түрк»

955.XI ғасырда шығыста Алтай, Ертістен басталып, батысында Днестрге дейінгі аймақты қамтыған ел

A) Түргеш қағанаты

B) Қимақ мемлекеті

C) Қарахан мемлекеті

D) Қарақытай мемлекеті

E) Қыпшақ хандығы

956.Қыпшақ хандары шыққан тайпа

A) елбөрілі

B) тоқсоба

C) йетиоба

D) дурут

E) жікіл

957.Қыпшақтарда әскери басқару жүйесінің екі қанатқа бөліну себебі

A) жайылымды жерлерді иелену

B) билікті мызғытпай ұстап тұру

C) қарқынды сауда қатынасын жасау

D) көрші елдерге шабуыл жасау

E) көрші тайпаны талқандау

958.XIII ғ. басында Қыпшақ хандығы мен Хорезм арасында таласқа түскен қалалар орналасқан аумақ

A) Жетісу

B) Сыр бойы

C) Жайық бойы

D) Ертіс бойы

E) Тобыл бойы

959.Қыпшақтарды «половшылар» деп атады

A) парсы жазбаларында

B) грек жазбаларында

C) орыс деректерінде

D) түрік жазбаларында

E) монғол деректерінде

960.XIII ғ. басында Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы үшін қақтығысқа түскен елдер

A) Қыпшақ, Хорезм

B) Қимақ, Оғыз

C) Қарахан, Бұхар

D) Найман, Хорезм

E) Монғол, Керей

961.Қыпшақ хандығының сол қанатының орталығы

A) Сарайшық

B) Сығанақ

C) Сайрам

D) Баласағұн

E) Жаңакент

962.Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды жылдармен сәйкестендіріңіз

1. Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы;

2. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы;

3. Қытай жерін басып алуы;

4.Таңғұттар, Тұрфан княздіктері, ұйғырларды бағындыруы;

А. 1207-1208 жж.; В. 1207-1209 жж.; С. 1211-1215 жж.; D. 1219-1224 жж.

A) 1-D; 2-С; 3-В; 4-А

B) 1-А; 2-В; 3-С; 4-D

C) 1-А; 2-D; 3-С; 4-В

D) 1-В; 2-С; 3- D; 4-А

E) 1-С; 2-В; 3-А; 4-D

963.Отырар қаласының бес ай қоршауда болып, жаумен айқасқаны туралы жазған парсы тарихшысы

A) Гардизи

B) Жүзжани

C) Жубейни

D) әл-Омари

E) әл-Идриси

964.Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы қарым-қатынас күшейді

A) Батый ханның тұсында

B) Берке ханның тұсында

C) Өзбек ханның тұсында

D) Жәнібек ханның тұсында

E) Тохты ханның тұсында

965.XIV ғ. екінші жартысындағы Алтын Ордадағы ішкі қайшылық кезеңінің орыс жылнамаларындағы атауы

A) «Тақ таласы»

B) «Ұлы тартыс»

C) «Ұлы алапат»

D) «Төңкеріс»

E) «Ұлы секіріс»

966.Алтын Орданың қоғамдық құрылысындағы лауазымдар мен олардың атқарған қызметін сәйкестендіріңіз:

1. «Білікшілер»; 2. «Басқақ»; 3.. «Уәзір»

А Азаматтық билік жүргізді; В. Салық жинаумен айналысты;

С. Іс қағаздарын жазушылар

A) 1-С; 2-В; 3-А

B) 1-А; 2-С; 3-В

C) 1-В; 2-А; 3-С

D) 1-С; 2-А; 3-В

E) 1-В; 2-С; 3-А

967.Отырар, Сауран, Жент, Баршынкент қалаларында мешіт, медреселер салдырған Ақ Орда ханы

A) Орда Ежен

B) Ұрыс

C) Барақ

D) Ерзен

E) Жәнібек

968.Тарихи оқиғаларды жылдармен сәйкестендіріңіз

1.Тоғылық-Темір Моғолстан ханы болып сайланды;

2.Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы;

3.Тоғылық-Темірдің Мауараннахрға жорығы

А. 1360-1361 жж.; В. 1371-1372 ж.; С. 1348 ж

A) 1-А; 2-В; 3-С

B) 1-А; 2-С; 3-В

C) 1-В; 2-С; 3-А

D) 1-С; 2-А; 3-С

E) 1-С; 2-В; 3-А

969.XIV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, Моғолстан мемлекеті құрылған аумақ

A) Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан

B) Алтай, Зайсан, Алакөл

C) Шығыс Алтай, Тарбағатай,

D) Еділ мен Жайық аралығы

E) Солтүстік–Батыс Қазақстан, Сібір

970.Ноғай Ордасы билеушілерін билік құрған уақытына қарай хронологиялық реттілігін анықтаңыз

1. Едіге 2. Ноғай, 3.Нұраддин

A) 1, 2, 3

B) 2, 1, 3

C) 3, 1, 2

D) 1, 3, 2

E) 3, 2, 1

971.Едігенің билік құрған кезінде Ноғай Ордасының жері ұлғайды

A) Сырдарияның шығысына дейін

B) Балқаштың солтүстігіне дейін

C) Қырым хандығына дейін

D) Батыс Сібір ойпатына дейін

E) Сарыарқа даласына дейін

972.1456-1457 жылдары Әбілқайырдың Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғысы болды

A) Сығанақ маңында

B) Сауран түбінде

C) Атбасар маңында

D) Екіретүп деген жерде

E) Сарайшық маңында

973.Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылды

A) Қазақ хандығының құрылуымен

B) Әмір Темірдің билікке келуімен

C) Моғолстанның күшеюімен

D) Батыс Сібірдің жерінің ұлғаюымен

E) Алтын Орданың ыдырауымен

974.Тоқтамыс хан Алтын Орда, Ақ Орданың қуатын қалпына келтіру мақсатында

A) 1371-1372 жылдары Моғолстанға жорық жасады

B) Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартты

C) Ақ Орда ханы Темір Мәлікке қолдау көрсетті

D) Орта Азия хандықтарымен келісімге келді

E) Сарай Беркені қайта қалпына келтірді

975.XIV ғ. қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардап тигізді

A) Араб шапқыншылығы

B) Монғол шапқыншылығы

C) Қарақытай шапқыншылығы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта