Главная страница

B валленбергаЗахарченко


Скачать 310 Kb.
НазваниеB валленбергаЗахарченко
Дата19.01.2018
Размер310 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаkaz-1.doc
ТипДокументы
#34580
страница2 из 5
1   2   3   4   5

{Дұрыс жауабы}=B
30

69 жасар ер адам 5 жыл бойы қант диабетінің 2 типімен ауырады. Ауруханаға түскен кездегі шағымдары, оң жақ қолдың 1-3 саусақтарының парестезиясы және аурусезімі,Қарап тексергенде тенер аймағында бұлшықетінің гипотрофиясы анықталады және оң жақ 1-3 саусақтарының гипестезиясы, саусақта күштің төмендеуі, Тиннел оң.

Төмендегілердің қайсысы ЕҢ ықтимал болжамды синдром науқаста?

A) «кубитальды канал»

B) «карпальды канал»

C) «Гийон каналы»

D) «супинатор каналы»

E) «домалақ пронатор каналы»

{Дұрыс жауабы}=B
31

20 жасар ер адам бір тәуліктен кейін суықтанудан соң, оң ерін бұрышының төмен түсуі байқалған, оң жақ құлақ артындағы ауру сезімі, тағам қабылдау кезінде қиындық байқалды.Аурухананың қабылдау бөліміне өз бойынша қаралды. Қарап тексергенде:оң жақ маңдай қатпарының тегістелуі, оң жақ қабағы көзді жұмған кезде толығымен жабылмайды,ерін-мұрын қатпары тегістелген, сөйлеуі анық емес, оң жақтан жас ағады.

Төмендегілердің қайсысы ЕҢ ықтимал болжамды диагноз?

A)оң жақ үштік нервтің невралгиясы

B) оң жақ көру нервінің мононейропатиясы

C)оң жақ бет нервінің мононейропатиясы

D) сол жақ үштік нервтің невралгиясы

E)оң жақ көз қозғалтқыш нервтің невралгиясы

{Дұрыс жауабы}= C

33

26 жасар ер адам шағымдары сол жақ аяғына берілетін бел аймағындағы ауырсыну.Ауру сезімі ауыр зат көтерген соң пайда болды. Оң жақ бүйірінде , тізебуынында бүгілген сол жақ аяғында жеңілдік әкеледі. Қарап тексергенде: ауру жағына бүгілу шектелген, паравертебральді бұлшықеттердің айқын тығыздығы байқалады.Ауру сезімі сол табанның сыртқы беткейі бойынша және санның артқы сыртқы беткейі бойынша орналасқан. Сезімталдық жіліншіктің сыртқы беткейі бойынша және табанның бірінші саусағы беткейі бойыша төмендеген.Табанның бас бармағының жазуы әлсізденген. Сол жақта Лассега оң, ахилл рефлексі сол жақта жоқ.

Қандай жұлын милық тамыртүбірі ЕҢ лайықты қысылған ?

A) L1

B) L2

C) L3

D) L4

E) L5

{Дұрыс жауабы}= E
34

37 жасар ер адам ауруханаға келесі шағымдармен түсті, қол бұлшықеттеріндегі дірілдеумен, арықтау, қолдарының әлсіздігі, сөйлеудің бұзылуы. Ауырғанына 2 жыл болды, жағдайы біртіндеп нашарлауда. Қарап тексергенде: дизартрия, назолалия, тіл бұлшықетінің фасцикуляциясы, жұтыну рефлексі төмендеген, гипотония, қолдар бұлшықеттерінің гипотрофиясы. Иық аймағы бұлшықеттерініңң, қолдың фасцикулярлы дірілдеуі. Бұлшық ет тонусы мен рефлекстер аяқтарда жоғарлаған. Патологиялық аяқ рефлекстері шақырылады.Сезімталдық сақталады.Жамбас мүшелері қызметі бұзылмаған.

Төмендегілердің қайсысы ЕҢ ықтимал болжамды диагноз?

A) миелит

B) полиомиелит

C) полинейропатия

D) бүйірлік амиотрофиялық склероз

E) спинальді қан айналымның бұзылысы

{Дұрыс жауабы}=D
35

48 жасар ер адам, ауруханаға келесі шағымдармен түсті, аяқтағы біртіндеп дамитын бұлшықеттің әлсіздігі. Қарап тексергенде:аяқтарда гипотония анықталады, аяқтың бүгу және жазу атрофиясы, фасцикуляциялар. Сезімталдық сақталған.Жамбас мүшелері қызметі бұзылмаған.

Бүйірлік амиотрофиялық склероздың ЕҢ ықтимал форма түрі?

A) мойын

B) жоғары

C) сбағандық

D) бульбарлы

E) бел-құйымшақтық

{Дұрыс жауабы}=E
36

28 жасар әйел адам шағымдары; оң қолдағы әлсіздік және ұю. Қарап тексергенде:омыртқаның кеуде бөлігінің сколиозы, күші оң жақ қолда төмендеген, гипотония,қолдың дистальді бөліктері бұлщықеттерінің гипотрофиясы. Оң жақ қолда ауру сезімді және гипергидроз анықталады, терінің гиперкератозы.

Төмендегілердің қайсысы ЕҢ ықтимал болжамды диагноз?

A) полиомиелит

B) сирингомиелия

C) полинейропатия

D) бүйірлік амиотрофиялық склероз

E) спинальді қан айналымның бұзылысы

{Дұрыс жауабы}=B
37

38 жасар әйел адам ауруханаға келесі шағымдармен түсті;сол жақ қолдағы парестезия және әлсіздік. Қарап тексергенде:денеде күйік ошақтары байқалады. Күші сол жақ қолда төмендеген, гипотония,қолдың дистальді бөліктері бұлщықеттерінің гипотрофиясы. Сезімталдықтың диссоциирленген тип бойынша бұзылысы. Қолдардың дистальді аймақтарында гипергидроз типі бойынша вегетативті бұзылыстар, гиперкератоза.

Төмендегілердің қайсысы ЕҢ ықтимал болжамды диагноз?

A) полиомиелит

B) сирингомиелия

C) полинейропатия

D) бүйірлік амиотрофиялық склероз

E) спинальді қан айналымның бұзылысы

{Дұрыс жауабы}=B
38

70 жасар пациент, шағымдары; жүру және сөйлеудің қиындауы, ауырғанына 2 жыл болды.Дамуы бірте бірте. Қарап тексергенде: жай отырғанда тремор, денесі бүгілу қалпында, амимия, брадилалия,бұлшықеттер ригидтілігі, тонусы пластикалық тип бойынша жоғарлаған, гипокинезия.

Науқаста қандай ауру ЕҢ ықтимал?

A) Вильсон

B) Бинсвангер

C) Альцгеймер

D) Паркинсон

E) Гентингтон

{Дұрыс жауабы}= D
39

77 жасар әйел адам шағымдары жүру және сөйлеудің қиындауы, ауруы біртіндеп дамуда, артериялық гипертензиямен көп жыл бойы ауырады. МРТ көрінісінде көптеген лакунарлы ишемиялық ошақтар. Қарап тексергенде: жай отырған кездегі тремор , амимия, брадилалия, бұлшықеттер ригидтілігі, тонусы пластикалық тип бойынша жоғарлаған, гипокинезия.

Науқаста қандай ауру ЕҢ ықтимал?

A) Паркинсон ауруы

B) қантамырлық паркинсонизм

C) нейролептикалық паркинсонизм

D) постжарақаттықпаркинсонизм

E) постэнцефальдық паркинсонизм

{Дұрыс жауабы}=B
40

19 жасар қыз бала ауруханаға өз бетімен келген, шағымдары; ұстама тәрізді бас ауруы, аяқ-қолдағы ұю, жүрек айну және жарықтан қорқу. 16 жасынан бері ауыратыны анықталды. Қарап тексергенде : біржақтық, пароксизмальді, пульсацияланған цефалгия, фотопсиямен бірге, фотофобямен. Қимыл-қозғалыс, сезімталдық бұзылыстар байқалмайды. Берілген диагноздардың қайсысы ЕҢ лайықтысы?

A)инсульт

B)эпилепсия

C)есінен тану

D)мигрень

E)вегетативті-қантамырлық дистония

{Дұрыс жауабы}=D
41

30 жасар әйел адам шағымдары; омыртқаның мойын бөлігіндегі ауру сезімі, жүрек айну, бас айналу ұстамалары, қолдарының ұюы, жүрек қағуы қорқу сезімімен бірге. 12 сағат бойы еріксіз қалыпта отырған (ұзақ уақыттық ұшу)

Ұстамасы жүрек ритмі бұзылысымен байқалады, артериялық қысымның тұрақсыздығы, тамырлық көрініс тері қатпарларының бозғылттығымен. Нитроглицерин қабылдау жеңілдік алып келмейді.

Берілген алдын ала диагноздардың қайсысы ЕҢ лайықтысы?

A) цервикальді миелопатия

B)эпилепсия

C)бүйірлік амиотрофикалық склероз синдромы

D)мигрень

E)артқы мойын симпатикалық синдром

{Дұрыс жауабы}= E
42

17 жасар ер бала балада тұқым қуалайтын нейробұлшықеттік ауру. Аруы 5 жасында басталды, осы кезде отырған түрінен тұруы қиындады, үйрек сияқты жүріс. Анасы жағынын атасы мен апасы туысқандық некеде тұрады. Қарап тексергенде: жамбас және иық бұлшықеттерінің әлсіздігі, айқын бел лардозы,сирақ бұлшықеттерінің псевдогипертрофиясы. Өз бетімен тұра алмайды. Қандай диагноз ЕҢ лайықтысы ?

A) миастения

B) атаксияФридрейх

C) миотония Томсон

D) миопатияДюшен

E) Шарко-Мари-Тут невральді амиотрофиясы

{Дұрыс жауабы}=D
43

25 жасар жігітте бет бұлшықеті және жоғары иық аймағы гипотрофиясы, беті амимиялық,ерні салпыерін тәрізді,кеуде клеткасының деформациясы, әлсіздік және жоғары шаршағыштық.

Қандай диагноз ЕҢ лайықтысы?

A) миастения

B) атаксияФридрейх

C) миотония Томсон

D) миопатия Дюшен

E) Ландузи-Дежерин иық-жауырын миодистрофиясы

{Дұрыс жауабы}= E
44

Жас балада бауыр жетіспеушілік көріністері, гиперкинездер, психикасының өзгеруі, көзінде Кайзер-Флейшер сақинасы.

Қандай диагноз ЕҢ лайықтысы?

A) Вильсон-Коновалов ауруы

B) атаксияФридрейх

C) миотония Томсон

D) миопатияДюшен

E) Ландузи-Дежерин иық-жауырын миодистрофиясы

{Дұрыс жауабы}= A
45

Жас бала ауруханада нерв жүйесінің тұқым қуалайтын ауруымен жатыр. Аурудың басталуы, препубертатты кезеңде, жүрген кезде қопал жүру, және сенімді емес, әсіресе түнгі уақытта, сосын шайқала бастады және жиі шалына бастады.Жазуы өзгерді, аяқтарында әлсіздік пайда болды және дизартрия. Науқас әрдайым ауруының үдеуін байқады, жүрек аймағындағы ауру сезімі мазалай бастады.

Қарап тексергенде: сколиоз, табаны жоғары бүгілген. Сіңірлік рефлекстер аяқ-қолда шақырылмайды. Терең (буын-бұлшық ет және вибрационды) сезімталдықтың бұзылысы. Бабинский симптомы, бұлшық ет гипотониясы, мишық және сенситивті атаксия, аяқ бұлшықеттерінің әлсіздігі және атрофиясы.

Қандай алдын ала диагноз ЕҢ лайықтысы?

A) миастения

B) Фридрейх атаксиясы

C) Томсон миотониясы

D) Дюшен миопатиясы

E) Ландузи-Дежерин иық-жауырын миодистрофиясы

{Дұрыс жауабы}= B
46

53 жасар ер адам ауруханаға бұлшықеттеріндегі әлсіздік және шаршағыштық, көз алдында екі еселену, жұтыну кезіндегі қиындық, сілекей ағу шағымдарымен түсті. Қарап тексергенде тамақтануы төмен. Екі жақта қабақтардың птозы, көз алмасы қозғалысының шектелуі, жұтыну рефлекстерінің төмендеуі. Аяқ-қолдардың симметриялы әлсіздігі, сіңірлік-периостальді рефлекстердің төмендеуі. Бұлшықеттердегі әлсіздік деңгейі күні бойы өзгереді. Оң прозеринді сынама.

Қандай диагноз ЕҢ лайықтысы?

A) гипотиреоз

B) миелопатия

C) полинейропатия

D) полирадикулопатия

E) миастения

{Дұрыс жауабы}=E
47

18 жасар қыз бала ауруханаға ұстамаларға шағымданып қаралды, бірақ өзінің есінде жоқ, ұстама алдында ішінде ауру сезімін сезеді, анасының айтуы бойынша ұстама кезінде қыз шайнайды, жұтынады, байламсыз сөздер мен дыбыстарды қайталайды, адамдарға әсері жоқ, қарашықтары кең, сілекей ағу, ұстамасы 2 минутқа созылады, содан кейін қыз біршама уақыт өзіне келе алмайды.

Қандай ұстама типі ЕҢ лайықтысы?

A) жайылмалы тонико-клоникалық ұстама

B) күрделі парциальді ұстама

C) миоклоникалық ұстама

D) атоникалықабсанс

E) типтікабсанс

{Дұрыс жауабы}=B
48

17 жасар ер бала жедел жәрдеммен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Сабақ барысында ұстама пайда болды. Көрген адамдардың айтуы бойынша ұстама алдында студент эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданда, ұстама кезінде науқас шайнады, сүйді, жұтыну қимылдарын жасады, байламсыз сөздер мен дыбыстарды қайталайды, адамдарға әсері жоқ, сілекей ағу және терлеу байқалды. Ұстама 3 минутқа жетпей болды, содан кейін қыз біршама уақыт өзіне келе алмайды.

Қандай ауру ЕҢ лайықты ?

A) дисмнестикалық

B) цефалгиялық

C) иіс сезіну

D) висцеральді

E) аффективті

{Дұрыс жауабы}=D
49

19 жасар ер бала 5 жыл бойы, айына 1-2 рет қайталанатын үстамалар байқалады, ұстама кезінде есін жоғалтады, құлайды, тоникалық және клоникалық тырысулар пайда болады, және қарашықтары кеңейеді, жарыққа арефлексия, көздері жоғары қарайды, гиперсаливация, ернін тістейді, ұстамадан сон ұйқыға батады.

Қандай ұстама түрі ЕҢ лайықты ?

A) жайылмалы тонико-клоникалық

B) жайылмалы миоклоникалық

C) жайылмалы тоникалық

D) күрделіабсанс

E) жайабсанс

{Дұрыс жауабы}=A
50

15 жасар оқушы анасының айтуы бйынша айына 5-7 рет бір жерге қарап қалады, осы уақытты бала сөйлемейді, адамдарға мән бермейді, ұстама 10-15 секундқа созылады.

Қандай ұстама түрі ЕҢ лайықты ?

A) жайылмалы тонико-клоникалық

B) жайылмалы миоклоникалық

C) жайылмалы тоникалық

D) күрделі абсанс

E) жай абсанс

{Дұрыс жауабы}=E
51

22 жасар қыз бала ауруханаға қайталамалы есінен тану ұстамасымен түсті, ұстама аяқ-қолдың тырысулық дірілдеуімен түсті. 2 жыл бұрын, алғаш рет дискотекада есінен таңды. Науқас ардайым антиконвульсанттар қабылдаған, бірақ соңғы айда өз бетімен препарат қабылдауды қойды. Неврологиялық статуста шашыранды неврологиялық симптоматика, тонико-клоникалық тырысулар.

Төмендегі диагноздардыің қайсысы ЕҢ лайықтысы?

A)жасөспірім абсанс эпилепсия

B) симптоматикалық маңдай эпилепсиясы

C) фотосенситивті эпилепсия

D) симптоматикалықсамай эпилепсия

E) эпилептикалық статус

{Дұрыс жауабы}=E
52

20 жасар студент аурухананың қабылдау бөліміне қала веложүргіншілер жерінен жеткізілді. Келгендегі шағымдары, бірнеше секундқа созылатын қысқа уақыттық есінен тану, және аяқ әлсіздігі әсерінен кенеттен қылау. Ұстамалар 15 жастан бері байқалады.

Төмендегі берілген ұстамалардың лайықтысы?

A) атоникалық

B) тоникалық

C) миоклоникалық

D) клоникалық

E) тонико-клоникалық

{Дұрыс жауабы}=A
53

38 жасар әйел адам далада құлаған кезде оң жақ иығын сындырып алды, ота жасалды, гипсті байлам қойылды, амбулаторлы емге шығарылды. Кезеңдік түрде шынтақ буынында ауру сезімі мазалады. Гипсті байламды 1 айдан кейін алған соң оң жақ қолдың 4-5 саусақтарын бүккен кезде ұю және әлсіздік пайда болды. Ауруханада қарап тексергенде оң жақ қолдың 4-5 саусақтарының гипестезиясы 5 ші саусақтың соңғы фалангасының бүгілуі бұзылды, қолы тырнақты қол түрінде көрінеді. Төмендегілердің қайсысы нейропатия себебінің ЕҢ лайықтысы болып табылады ?

A) сынық нәтижесінен нерв жарақаты

B) ота кезіндегі нервтің зақымдануы

C) жарақаталған кездегі құлау әсерінен нервтің тракционды жарақаты

D) сынық болған жерде нервтің сүйек әсерінен қысылуы

E) гипсті байламның кубитальді байламда қысылуы

{Дұрыс жауабы}=E
54

58 жасар әйел адам, 2 жыл бұрын жабық бас сүйек ми жарақатын алған, бас миының жарақаты, содан бері бас ауруына, есте сақтаудың бұзылуына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде:есі анық, горизонтальді нистагм, оральді автоматизм симптомдары, парездер жоқ, менингеальді белгілер жоқ.

Төмендегілердің қайсысы энцефалопатия себебінің ЕҢ лайықтысы болып табылады?

A) жарақаттық

B) метаболикалық

C)алиментарлытоксикалық

D)қантамырлық

E) жұқпалы

{Дұрыс жауабы}=A
55

30 жасар әйел бір жыл бұрын бас ми шайқалуы басынан өткізген, содан бері қысып ауыратын бас ауруы мазалайды, ұйқысы бұзылған, қорқу сезімі, ауысып отыратын апатия, әлсіздік, шаршағыштық, вегетативті лабильділік.

Науқаста жарақат нәтижесінен қандай ЕҢ лайықты синдром қалыптасуда?

A) астеникалық

B) нейродинамикалық

C) дементты

D) когнитивті

E) менингеальді

{Дұрыс жауабы}=A
56

50 жасар әйел адам 2 ай бойы оң жақ қолында клоникалық тырысу ұстамасы мазалайды. Ол тырысулар жоғары температура фонында дамиды. Соңғы кездері 2 апта бойы ұстама кезінде сөйлеудің бұзылысы байқалады, сөздерді айта алмайды, бірақ айтылған сөзді түсінеді. Неврологиялық тексеруде оң жақ аяқ-қолда сіңірлік және периостальді рефлекстердің жандануы байқалады, оң жақта Бабинский симптомы. Бас ми МРТ –да көлемді көрініс бар- бас ми абсцессі.

Абсцесс орналасуының ЕҢ лайықты орны?

A) оң жақ төбе бөлігі

B) сол жақ маңдай бөлігі

C) шүйде бөлігі

D) оң жақ мандай бөлігі

E) оң жақ самай бөлігі

{Дұрыс жауабы}=B
57

68 жасар ер адам бас ауруына және сол жақ көзінің көруінің төмендеуіне шағымданып қаралды. Туысқандары сол жақ көзінің көз алмасынан шығып тұрғанын байқады. Неврологиялық тексергенде: сол жақ көз көруінің төмендеуі, жеңіл экзофтальм, сол жақ көзді сыртқа қарай қозғалтудың шектелуі. Фостер-Кеннеди синдромы анықталды.Оң жақ аяқ-қолда сіңірлік рефлекстердің жоғарлауы. Патологиялық белгілер жоқ.

Ісік орналасуының ЕҢ лаықты жері?

A) сол жақта негізгі сүйек қанаты

B) сол жақ мишық

C) сол жақ шүйде бөлігі з

D) сол жақ оперкулярлы бөлік

E) оң жақ самай бөлігі

{Дұрыс жауабы}=A
58

42 жасар ер адам 2 ай бойы сол аяғында ауру сезімі және әлсіздік. Қарап тесергенде: сол жақ аяғында орталық парез және терең сезімталдықтың төмендеуі, оң жақта Д10 деңгейінен беткей сезімталдықтың төмендеуі. Жұлын МРТ –да ісік анықталды. Айтылған синдром қалай аталады?

A) Брунс

B) Броун-Секар

C) Мийар-Гублер

D) Валленберг - Захарченко

E) Фостер - Кеннеди

{Дұрыс жауабы}=B
59

36 жасар ер кісі бірінші рет жергілікті мекен жайындағы емханаға қаралды. Түсініксіз алдын ала қорқыныш сезімімен және еріксіз ымдық (жестовые) автомотизмдермен дамитын есін жоғалтумен жүретін ұстамаларға шағымданады. Жұбайының айтуынша ұстама уақытында еріксіз зәрін жіберіп қояды.

Қандай зерттеу әдісін жүргізу ЕҢ қажетті?

A) ЭЭГ

B) ЭМГ

C) КТ

D) УДДГ

E) МРТ

{Дұрыс жауабы}=А
60

70 жасар ер кісі, емханаға бас ауруына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына, ақыл -ой қабілеттілігінің төмендеуіне, күнделікті тұрмыстағы шаруашылықтарын орындау кезінде қиыншылықтардың пайда болуына байланысты шағымданып қаралды. Анамнезіндесозылыңқы артериальды гипертензия. Неврологиялықстатусында: оральды автоматизм симптомдары, сіңірлік рефлекстеріжойылған, салдану белгілері жоқ. MMSE бағаны бойынша когнитивті қызметтерді бағалау = 24 балл құрады. МРТ зерттеуінде —айқын лейкоареоз көріністері.

Қандай емдеу түрін тағайындаған дұрыс?

A) антиаггреганттар

B) вазодилятаторлар

C) антиоксиданттар

D) NMDA-рецептор антагонисттері

E) липидті зат алмасуын қалыптастыратын препараттар
1   2   3   4   5


написать администратору сайта