Главная страница

цикло қазан 22-23 ж. Балаларды жасы 5 жас Жоспарды рылу кезеі


Скачать 3.41 Mb.
НазваниеБалаларды жасы 5 жас Жоспарды рылу кезеі
Дата24.05.2023
Размер3.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлацикло қазан 22-23 ж.docx
ТипДокументы
#1156154
страница3 из 6
1   2   3   4   5   6

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы

Мектепалды даярлық О «а» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 17 - 21 қазан 2022-2023 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма




Балаларды қабылдау

Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату




Пж ойын: «Кім көп сөз айтады?»

Шарты: Педагогтың артынан бірнеше сөзді қайталап айтады

Еркін ойын: « Бұл үйде кімдер тұрады?»

Шарты: Қуыршақтарымен үй жасап ойнайды

Құрылымдалған ойын: «Орнын тап»

Шарты: Жемістер мен көкөністердің көлеңкесін табады


Еркін ойын: «Бауын байла»

Шарты: Фетрдан жасалған аяқ киімдердің бауын байлап ойнайды.

Еркін ойын: «Ертегілер елінде»

Шарты: Саусақ театр арқылы ойнайды





Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме: «Дұрыс тамақтануға баулу»

























Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Шығармашылық ойыны:

Фотосуреттер қарастыру Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі»

Фотосуретте балалар қандай көмек көрсеткендерің айтып беру.

Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ.

1.Бірім, екім,

Алма текім.

Сапар айым,

Сар шымшық.

Балтаңды ал да,

Жүгіріп шық.

2.Біз санайық санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы.

Суретті жұмбақтар ойыны :

Балалардың арасынан бір бастаушы таңдалады, қалғандары отырады.  Мұғалім үлкен қораптан кішкентай неше түрлі суреттері бар карточкаларды бір-бірден алып шығып, суреттегі бейнені  сөзбен сипаттап жасыруды    ұсынады.
Бастаушы суретті карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы  бейнені, затты сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып, не бейнеленгенін тауып алу керек.
Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды жалғастырады.

Саусақ ойыны :

«Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі»

Балалармен жәндіктер мен қосмекенділер туралы әңгімелесу.


Үстел үсті театр ойыны : «Қосмекенділер әлемі» тақырыптар бойынша сюжетті суреттер қарастыру.

Балалармен құстар туралы әңгімелесу.





Таңертеңгі жаттығу


Таңғы жаттығу кешені № 4




Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Психомоторлық жаттығу»

Көздеріңді ашыңдар,
Кірпіктеріңді көтеріңдер.
Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
Бір - біріңе жымиыңдар,
Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар,
Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер.  

«Психомоторлық жаттығу»

«Күлімдеген күн»

Күн күлімдеп нұр төкті,

Жақсы сөздер нұр септі,

Еске сақтап кеңесті,

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге..


«Психомоторлық жаттығу»

«Табиғатпен үндестік»

Шеңбер бойлап жүремiз,

Әр гүлге көңiл бөлемiз.

Сұлулық пеп махаббатты

Сезiнiп өмiр сүремiз.

«Психомоторлық жаттығу»

«Біз әдепті баламыз»

Әдеп сақтап әманда,

Әрбiр адал адамға.

Жасасаң бiр қамқорлық,

Қайтарады саған да.

«Психомоторлық жаттығу»

Көңілденіп күленіп,
Бақытты боп жүремін.
Бәрін біліп алатын,
Мен ақылды баламын.













Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы Отбасының күзгі еңбегі

Мақсаты: Тақырып бойынша ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту
Педагог күз мезгілінің суретіне қарап, әңгіме құрайды:

«Күз мезгілі, бақшаның іші сары алтындай жарқырап тұр. Ағаштардан түскен жапырақтар жерде саудырап жатыр».

Жапырақтардың түстері қандай?

Бақшада кімдер жүр?

Бақшадағы балаларға ат қойыңдаршы?

Бақшада балалар не істеп жүр?

Әкесі мен анасы не жинап жүр? Балалар суретке қарап, әңгіме құрайды


Сауат ашу негіздері

Тақырыбы Дыбыстар әлемі

Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін бекіту
Падагог оқу қызметін «Не қалай дыбыстайды?» ойыны арқылы бастайды. Балаларға сұрақтар қойылады, балалар жауап беріп, əр құстың даусын салады.

1. Əтеш қалай дыбыстайды? – ..

2. Қарға қалай дыбыстайды? – .

3. Бұлбұл қалай дыбыстайды? –

. 4. Аққу қалай дыбыстайды? – 5. Торғай қалай дыбыстайды? –

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы. Дыбыстар әлемі

Мақсаты дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін бекіту
Лашын көкте самғайды, Лашын көкті шарлайды. – Өлең не туралы жəне қай дыбыс қайталанып тұр? [Л] дауысты ма, дауыссыз ба? Қай дыбысқа жататынын анықта? Жасалу жолына мəн бер. (үнді дауыссыз дыбыс) Педагог құстарға байланысты тыйым сөздермен таныстырады. 1. Құстың ұясын бұзба, 2. Ағашты сындырма. 3. Құстардың жұмыртқасын сындырма. 4. Құсқа тас лақтырма

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы. Буын

Мақсаты сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру.
«Сөз жарыс» дидактикалық ойыны – Балалар, «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Мен бір тақырып айтамын сендер сол тақырыпқа байланысты ғана сөздерді буынға бөлулерің қажет. Мысалы: ыдыстар, жануарлар, түстер т.б. Кім көп сөз айтып, буынға бөлсе, сол жеңімпаз болады (сөз айтып, буынға бөлген балаға түрлі түсті қаламнан беріліп отырады). Қаламдарды санау арқылы жеңімпаз анықталады.

Көркем әдебиет

Тақырыбы. «Арыстан мен тышқан!

Мақсаты таныс сюжеттер бойынша қойылымды сахналауға дағдыландыру
Жұмбақ ойын: «Айна».

Педагог бір кейіпкердің қимылын, көңіл күйін көрсетеді. Балалар педагог салған кейіпкердің көңіл күйін қайталайды. Қандай кейіпкер екенін табады. Педагогті балалар ауыстырып ойнауына болады. Педагог ертегіні драмалық театр арқылы сахналауды ұсынады. Сиқырлы қоржыннан алған ертегі кейіпкерлерінің суреті бойынша рөлдерге бөлінеді. Ертегіні драмалауда сиқырлы қоржыннан текшелер таңдап алады. Педагог балаларды безендірілген сахна алаңына шақырады. Қоржыннан театр костюмдерін шығарып, кигізеді. Қалған балалар көрермен болады. Сахналау аяқталған соң балалар көрермендерге иіледі. Көрермендер қол шапалақтайды





Үзіліс : Жабық және ашық кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар Ойын: «Тығылыспақ»    




Саусақтарға арналған гимнастикалық жаттығулар:

Қысқыштармен ойналатын ойын

Ойын шарты: Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді.

«Жаңғақтармен ойын »

Ойын шарты: балалардың әрқайсысына жаңғақтар таратылады. Жаңғақты алақанның арасына салып, айналдыру. Бұл ойында балалардың қолдары жаттықтырып, сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамиды.






Ойын: «Тығылыспақ»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту

Жасы: 5-6 жас аралығы

Қажетті заттар: 

Ойын барысы: барлық балалар екі топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады. Санамақ арқылы қай топтың жасырынып, қай топтың іздейтіні анықталады. Ойынға «қала», яғни барлық ойыншылар жиналатын жер (ағаш, жар, есік, т.с.с.) таңдалынады. Жасырынатын топты топ басшылары жасырып, өзі қайтадан бұрынғы орнына оралады да, қарсылас топтың қай бағытта қозғалғанын «біз қазір ........(қай жер екенін)» айтып отырады. Ал жасырынған топ болса осы көмекті пайдалана отырып, жасырынған жерде отырады, ыңғайлы сәт туғанда «қаланы» жаулап алады. Егер іздеушілер жасырынушы топтың бір қатысушысын байқап қалса, онда оның аты мен жасырынған жерін дауыстап айтады да, барлығы «қалаға» қарай жүгіреді. «Қалаға» бірінші жеткен топқа ұпай беріледі. Жасырынған топ мүшелері іздеуші топ өздерін таппастан бұрын «қалаға» бірінші жетіп, ұпай ала алады.











2 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Қоршаған орта

Тақырыбы: Барлық ағаштардың жапырағы түсе ме?

Мақсаты Күзгі табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

«Қайсысының жапырағы екенін тап» атты дидактикалық ойын ойнауға шақырады (əліппе-дəптердегі тапсырма).

Мақсаттары: Балаларды ағашты жапырағына қарап тануға үйрету. Ағаштар мен бұталардан түскен жапырақтарды жинау. Педагог жапырақтың қандай ағаштан немесе бұтадан түскенін анықтауды, түспеген жапырақтарға қарап дәлелдеуді (ұқсастығын табуды) ұсынады.

Ойын аяқталған кезде педагог мынадай уәде береді: (Педагог уәделерді айтып тұрады, балалар қайталайды).

Ағаштардың бұтақтарын жұлмауға уәде береміз! Ағаштарды суғаруға уәде береміз!

Ағаш жапырақтарын жұлмауға уәде береміз! Ағаштың қабығын сыдырмауға уәде береміз! Ағаштардың түбін қопсытуға уәде береміз! Ағаш діңдерін әктеуге!

Айғайлап құстарды үркітпеуге уәде береміз!

Математика негіздері

Тақырыбы: Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш

Мақсаты геометриялық фигуралардан модельдеу біліктілігін қалыптастыру
Бұл не? (Шаршы.)

– Оның жиектерін саусағыңмен жүргіз. Саусағыңды дайында. Саусағыңмен солдан оңға қарай жүргізесің, бұрышқа жетіп бұрыласың, саусақпен жоғарыдан төменге түсесің, бұрыласың, саусағың оңнан солға қарай жүреді, бұрышқа жетіп төменнен жоғарыға саусағыңды жүргізесің. (Әр баланың үстелінде белгілі бір түрдегі фигуралар жиынтығы бар.) – Біз саусағымызбен нені қоршап жүргіздік? (Шаршы.) –Тіктөртбұрышты көрсетеді, атайды, бұл геометриялық фигура – тіктөртбұрыш. – Онын жиектерін саусағыңмен жүргіз. Саусағыңды дайында... – Тіктөртбұрыш пен шаршының не айырмашылығы бар? Шаршыны тіктөртбұрышпен беттестіреді. – Қараңдар, бір қабырғалары бірдей, ал басқа екі қабырғалары әртүрлі. Тіктөртбұрыштың қабырғалары шаршыға қарағанда ұзынырық


Математика негіздері

Тақырыбы Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш

Мақсаты: : геометриялық фигуралардан модельдеу біліктілігін қалыптастыру .

«Сипаттап табу» дидактикалық ойыны Балалар топтағы кез келген затты, оның қандай геометриялық пішінге ұқсайтынын, түсін сипаттайды. Қалған балалар шешуін тауып, затты атайды

Математика негіздері

Тақырыбы Дөңгелек және сопақша

Мақсаты сопақша геометриялық фигура туралы ұғым қалыптастыру
«Көліктерді гаражға кіргізу» дидактикалық ойыны. Балаларға геометриялық фигуралар таратылады. Балаларға ойын ережелері түсіндіріледі. Өздеріңді мәшинемін деп елестетіңдер, ал геометриялық пішіндер – «мәшинелердің нөмірлері», «гараждар» – белгілер – геометриялық фигуралар бейнеленген орындықтар. Белгі бойынша «мәшинелер» топ бойынша жүріп өтіп, гаражға «кіреді». «Мәшинедегі» гометриялық фигура «гараждағы» фигурамен бірдей болуы тиіс. Орындықтардың орындары ауыстырылады. Ойын қайталанады.

Қоршаған орта

Тақырыбы Менің елімнің салт-дәстүрі

Мақсаты ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрді жоғалтпай әрі қарай жалғастыру керектігін түсіну; салт-дәстүрдің адам өміріндегі маңызы туралы алғашқы түсініктерінің болуы.

«Бесікке бөлеу» ойыны

Педагог алдын ала дайындаған қуыршақты, бесікті алып шығады. Бір қызды қасына шақырады. Кішкентай қыз бесікке қуыршақты жатқызып, бөлейді, тербетеді. Бесік Айтайын әлди өлеңін, Қуанышым, өлеңім.

Ұйықта, ұйықта, бөбегім. Әлі өзің жетексіз,

Батыл басып кетерсің. Оқу оқып, білім ап, Мақсатыңа жетерсің жырын айтады:





Үзіліс: Жүгіруге арналған ойындар « Көбелектер бақалар»    




Ойын: «Алыптар мен ергежейлілер»

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ойынның шарты: Арнайы сызықпен қоршаған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. “Алыптар” мен “қуғыншымын” қолын жоғары көтереді де өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі, “ергежейлілер” жүгіреді.

Ұсыныс: Егер қуып жетсе, екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы, ойынды әрі қарай жалғастырады.











Ойын: « Көбелектер бақалар»

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жәндіктерге қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Ойын барысы: Батпақтың шекарасы төртбұрышты етіп белгіленеді. Мұнда бақалар өмір сүреді. Гүлдерге көбелектер ұшып келіп қонады. Ұлдар бақа сияқты секіреді, қыздар көбелектер сияқты ұшады. 

Ұсыныс: ойында көбелектер, бақалар болып балалар ойынаушылар қатысады, тәрбиеші де қат ысады.











3 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Қазақ тілі

Тақырыбы Жидектер

Мақсаты сөздік қорларын жидектердің атымен толықтыру

Ойын жаттығуы: «Бір сөзбен айт»

Таңқурай, қарақат, құлпынай бір сөзбен қалай аталады?

Жидектер.

Алма, өрік, құрма бір сөзбен қалай аталады?

Жемістер.

Қияр, қызанақ, сәбіз, пияз бір сөзбен қалай аталады?

Көгөністер.


Қазақ тілі

Тақырыбы: Ойнайық та ойлайық

Мақсаты өткен тақырыптар бойынша сөздерді қайталау, білімдерін бекіту

.

Ойын ойнауға шақырады. «Қызық екен» ойыны

Балалар екі топқа бөлінеді.

Педагог балаларға түрлі түсті суреті бар парақтарды таратады. Олар түсі бірдей парақтарды бір-бірімен біріктіреді. Екі топқа ортақ тапсырма беріледі, топтар кезекпен жауап береді. Әрбір жауап бір ұпай.

Тапсырма. Күз тақырыбы бойынша сұрақтар:

Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата?

Күз айларын ата?

Күз туралы тақпақ оқы?

Сурет бойынша сөйлем құра.

Көкөністер.

Қандай көгөністерді білесің?

Артығын тап? (Қызанақ, сәбіз, алма, пияз) қимасуреттерденкөрсету.

Сурет бойынша сөйлем құра.


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Отбасының күзгі еңбегі

Мақсаты , Тақырып бойынша ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту

Сөйлеу үшін бізге қандай мүшелер көмектеседі? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

Иә, тіл, ауыз керек, онсыз түсінісу өте қиын.

Педагог бір баланы тақтаға шығарып, картоп қазып жатқан, алма теріп жатқан, қияр, қызанақ жинап жатқан адамдардың қимыл-қозғалысын келтіреді.

Қалған балалар табады
Бірақ балаларға сөзсіз қимылмен түсіну қиындау болады, сөздің маңыздылығын түсінеді. Міне, қимылмен келтіргенмен толық, еңбек қозғалыстарын аша алмаймыз.

Сондықтан да сөйлеу тілі өте маңызды.

Әңгіме айту үшін сөз керек екен. Сөз дыбыстан құралады. Әңгімелесу арқылы бір- бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз.

Ойын: «Сөйлемей көрейікші» (үндемес ойыны ойналады). Педагог: «Орындарыңнан тұрыңдар», – деп ымдайды.

Міне, көрдіңдер ме, сөзсіз өмір сүру өте қиын. Сондықтан да сөйлеу тілі өте маңызды

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан!

Мақсаты таныс сюжеттер бойынша қойылымды сахналауға дағдыландыру.
1. Суреттерді қара. Арыстан тышқанға не айтты? Тышқан арыстанға қалай көмектесті? Тышқанның тапқырлығы туралы өз ойыңды айт. Досыңмен диалог құр. 2. Суретте қандай аң жасырынып тұрғанын тап. Педагог балалардың суретте қандай аң жасырынып тұрғанын табуына көмектеседі. Жеке жұмыс жүргізеді.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Тақырыбы: Бидай масақтары

Мақсаты:- - балаларға дәнді дақылдардың түрлері туралы білім беру

-- балалардың шығармашылық қабілетін дамыту,мүсіндеп мазмұнын бере білуді үйрету

-Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию

-- ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу
Топтық жұмыс




Үзіліс: Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар «Жоғарыда–төменде, биік-аласа»






Артикулыциялық жаттығулар:

Балықтар

Кіп-кішкентай балықтар өзенде жүзеді,

Үп-үлкен ағаш жағада жатты,

Балық: «Мына жерде сүңгу оңай»- деп

Екіншісі «Жоқ, бұл жер терең»- деді,

Ал үшіншісі «Менің ұйқым келіп тұр»- деп,

Ал төртіншісі тоңа бастады,

Ал бесіншісі «Мында қолтырауын»- деп айғайлады,

-Жүзіндер мына жерден,

Әйтпесе жұтып қояды!



«Тіс щеткасымен ойын» жаттығу.

Ойын шарты: Балаларға тіс щеткалары таратылады. Щеткаларды бір-бірден алып саусақ ұштарына қойып, үйкелеп массаж жасайды. Бұл ойын балалардың миын дамытады, тілдерін дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырады.







Ойын: «Жоғарыда–төменде, биік-аласа»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 5-6 жас аралығы

Қажетті заттар: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.

Ойын барысы: Тақтаға бір бала шығып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.




























4 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Дене шынықтыру

Тақырыбы «Ақылдылар»

Мақсаты: Эстафета элементтерін пайдаланып, қимыл-қозғалыс тәжірибелерін толықтыру, бұйрық бойынша тапсырмаларды орындау шеберліктерін (машықтарын)

қалыптастыру, өзінің жеке қызығушылықтарын команда қызығушылықтарына бағындыру
«Кiм зейінді?» ойын-жаттығуы. Педагогтің бұйрығы бойынша тізбек және сапқа тұрады.

Сапқа тұруды қыздар мен ұлдар бөлек орындайды. Педагогтің сол жағына қыздар, оң

жағына ұлдар сап түзеп тұрады. Педагогтің бұйрықтарын жылдам орындап, сапты бұзбауға тырысады.

Сызық алдына екі тізбекке тұрады

Музыка

Тақырыбы «Күзгі жаңбыр»

Мақсаты: Музыканың сипатын түсініп, эмоцияларын көрсете білуге дағдыландыру
Музыка тыңдау:

«Жаңбыр шақыру (Д. Ботбаев)

Ән айту:

«Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев)

«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді балалар» литва халық әуені

(өңд. Т. Ломова)

Билер:

«Көңілді қолшатырлар» биі (педагогтің таңдауы бойынша) Ойындар, хороводтар:

«Күн мен жаңбыр» ойыны


Дене шынықтыру

Тақырыбы Бізбен бірге және бізден артық орында»

Мақсаты Баланың қимыл-қозғалыс жүйесінің дамуына жағдай жасау. Әртүрлі жүру түрлерімен жүруге үйретуді жалғастыру (аяқты айқастырып жүру, отырып және жартылай отырып жүру
Ойын: «Орындарыңды ауыстырыңдар». (6 рет). Зал ортасына арқан төсейді, осылайша зал екіге бөлінеді. Әр команда залдың екі шетінде тұрады. «Қаш!» деген белгі бойынша өз алаңдарынан қарама-қарсы алаңға шашырап жүгіреді. Ойыншылары толық екінші алаңға өткен команда жеңімпаз атанады.


Дене шынықтыру

Тақырыбы «Біз – болашақ әскерміз!»

Мақсаты - Әртүрлі қимылдар тізбегін орындау дағдыларын дамыту.

Бір-бірден қозғалыс кезінде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіріп, тізбекпен жүру, жүгіруді жалғастыру
«Бірінші бол!» ( 3 рет).

Жүргізушіні алмастырып жүгіру.

Педагогтің белгісімен аты аталған ойыншы ең алдыға тұра қалып, жүргізуші болып,

жүгірісті басқа бағытта жалғастырады. Басқа баланың аты аталғанда сол бала жүргізуші

болады. Осылайша олар ауысып отырады. Қолдарын кеудесіне дейін жоғары қарай алдыға қозғалтып, ішке тартып, шынтағымен артқа шығару керектігіне назар аударту.

Нұсқау: қысқа қадамдар жасап, аяқ басымен аттап жүгіру.

Музыка

Тақырыбы Сабантойды тойлаймыз»

Мақсаты Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту
Музыка тыңдау:

«Тойбастар» күйі (Д. Нұрпейісова)

Ән айту:

«Сабантой» (Е. Хасанғалиев)

«Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Марш» (Е. Андосов)

Билер: «Көңілді қолшатырлар биі (педагогтің таңдауымен)

Ойындар, хороводтар:

«Теңге алу» қазақтың ұлттық ойыны («Адай» Құрманғазы, үнтаспадан)




















































Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.



Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.





Серуен

Бақылау: Ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: « Таза алаң » .

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов « Күшік » .

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. « Күшік » .

Үреді үйшікте

Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,

Біреуі сары ала

Біреуі қардай ақ,

Біреуі сұр жолақ

Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:

Үреді абалап

Ойын: « Қасқыр мен қаздар » .

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: « Тымпи-тымпи » .

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Ойын барысы:Тымпи-тымпи ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған ортасына шығып: « Тым-тырыс, тымпи-тымпи » ,- дейді.Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс.Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады.Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай « өнерімен » ешкімді күлдірте алмаса, жеке адамның жанына барып , соны күлдіртуге күш салады.Әзіл-сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы-мұрнын қисайтып, түрлі қолайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрағына жауап бермеуге тырысады.Ал, сөйлеп , күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып би билейді.Айбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Әткеншек тебу.

2. Допты қуалау .

Тренинг: « Біз біргеміз » .


Бақылау: Күзгі жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Мезгілге байланысты жапырақ түстерінің өзгеруін қадағалау.

Еңбек : Жапырақтардан гүл шоғын жасау

Мақсаты: Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті, әдемілікті сезіне білуге талпындыру.

Жеке жұмыс: « Күзгі жапырақ » тақпақ

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар сезгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей

Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік қорын дамыту.

Ойын: « Аю жүрген орманда » .

Мақсаты: Қимыл қозғалысын дамыту

Қимылдық ойын : « Монданақ » .

Ойын барысы: Монданақ ойыны бойынша белдік-белбеу әйтпесе орамалды шиыршықтап алып дөңгелене отырады.Ортаға біреу шығады.Отырғандар тізерлеп: « Әне кетті монданақ,міне кетті монданақ » ,-деп әндетіп, ортадағы бала сырт айнала бергенде, оны соғып қалып, орамалын қайтадан жасыра қояды.Оны жасыра аллмаған ойыншы ортаға шығады.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1.Орта доп

2.Әткеншек тебу

3.Қуаласпақ

Тренинг: « Бір шаңырақ астында » .


Бақылау: Алтын күзді бақылау.

Мақсаты: Күзгі алаңның назар аударып, күздің алғашқы белгілерін анықтау.Қай ағаштың жапырақтары ерте өзгеріске ұшырайтынын, түрін, түсін ажырату.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Қимылдық ойын: « Жылғадан қарғып өтеміз » , « Қоян мен қасқыр » .

Мақсаты:Ептілікке, жылдамдыққа бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек : « Таза алаң »

Мақсаты: Ойын алаңындағы ағаш бұтақтарын жинау.Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Бастаған ісін аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Жеке жұмыс: « Отбасы мүшелері »

Мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.

Қимылдық ойын: « Көрші » .

Мақсаты:Балалардың ептілікке , сезімталдық,кеңістікті бағдарлай білуге үйрете отырып, батылдық сияқты қабілеттерін одан әрі дамыту.Шапшаң қимылдап, жылдам жүгіруге үйрету.

Ойын барысы: Балалар екі-екіден қол ұстасып , бірінің артына бірі тұрады.Олардың алдынан 3- 8 метр жерден сызық жүргізіледі.Ол сызықтың бойында торуылшы бір бала тұрады.Тәрбиешінің белгісімен ең артында тұрған бала, балалар тобының екі жағымен жүгірген бойы сызықтан өтіп қайтадан қол ұстасуы керек. Егер ұстап алса , қолынан жетектеп әкеліп , топтың алдына келіп тұрады.Ал қалған біреуі торуылшы болып, сызықтың үстінде қалады.

Балалар жүгіріп келе жатқанда торуылшы оларға арқасын беріп , теріс қарап тұрады.Ортасында тұрған қасқыр қуып береді.Қолға түскен балалар ойыннан шығып қалып, келесі ойынға кіреді.Қасқырларды ұсталып қалған балалардың арасынан сайлайды.

Дербес ойындар.

Тренинг: « Біз татумыз »

Бақылау: Жәндіктерді бақылау.

Мақсаты: Күзде жәндіктер қысқа қалай дайындалады?Мінекей, құмырсқаларды қараңдаршы, өз азықтарын жинап еңбектеніп жатыр.

« Қыстың қамын жаз ойла » .

Еңбек : Біздің алаң.

Мақсаты: Ауладағы жапырақтарды жинау.Балалардың еңбекке ынтасын арттырып , өздігінен еңбек ете білуге үйрету.

Жеке жұмыс: Тыйым сөздерді жаттату.

Мақсаты: « Суға түкірме « , « Нанды баспа » , « Дастархан басында кекірме » т.б сөздердің мағынасын айтып түсіндіру.

Қимылдық ойын: « Итеріспек »

Ойын барысы: Ойын көгалда өткізіледі, үлкен шеңбер сызылады, ортаға екі ойыншы шығады.Егер бір аяқпен секіріп жүріп , екі баланың біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен қарсыласын шеңберден итеріп шығарса жеңгені.

Аяғын жерге тигізіп алса, жеңілгені.Ойын жалғаса береді.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Тығылыспақ.

2. Тартқышқа тартылу.

3.Допты қуалау.


Бақылау: Күнді бақылау.

Мақсаты: Күн көзінің жарығын күннен тараған сәуле ( жарық) оның бүкіл табиғат үшін пайдалы да қажеттілігін ашу.

Қимылдық ойын: « Таяқшадан аттап өт » , « Қуаласпақ »

Мақсаты: Жылдамдыққа , ептілікке баулу.

Еңбек : Гүл шоғы.

Мақсаты: Алаңдағы жапырақтарды жинап , олардан әдемі гүл шоғын жасау.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуұлы . « Бағдаршам »

Мақсаты: Бағдаршаммен таныстыру.Жолда жүру ережелерін түсіндіру.

Е.Өтетілеуұлы « Бағдаршам »

Сақта көше тәртібін

Бағдаршамның ал « тілін »

Біліпт алдым мен де:

Жасыл жанса, демде

Алға кетем лезде.

Сары жанса , сабыр

Сақтай тұрам әзір.

Жанса қызыл шоқтай,

Қаламын кілт тоқтай.

Қимылдық ойын: « Үрпек төбет »

Мақсаты: Тез жүгіре білуге үйрету, жылдамдыққа , батылдыққа тәрбиелеу. Ойын барысы:

Балалардың біреуі төбетті бейнелейді; ол ортада отырады.Қалған балалар оған жай ғана жақындай түседі, ал тәрбиеші осы кезде былай дейді:

Алдыңғы екі аяққа басын сұғып,

Әнекей жалбыр төбет жатыр сұлық,

Белгісіз жатқаны ұйықтап, яки қалғып,

Момақан, сырт пішіні жуас салғырт

Ояталық жақындап барайық та,

Қайтер екен содан соң-қарайық та.

Төбет орынан ұшып тұрып үре бастайды.Балалар қаша жөнеледі.Төбет оларды қуа жөнеледі.Балалардың бәрі жан-жаққа қашып тығылады.Төбет қайтадан ортаға отырады .Ойын жаңа бастаушымен қайта басталады.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1.Төбешіктен-төбешікке секір.

2.Күн мен түн

Тренинг: « Күн шуағы » .


Балаларды үйге қайтару

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.


Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.





























1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта