Главная страница

цикло қазан 22-23 ж. Балаларды жасы 5 жас Жоспарды рылу кезеі


Скачать 3.41 Mb.
НазваниеБалаларды жасы 5 жас Жоспарды рылу кезеі
Дата24.05.2023
Размер3.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлацикло қазан 22-23 ж.docx
ТипДокументы
#1156154
страница2 из 6
1   2   3   4   5   6

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы

Мектепалды даярлық О «а» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 10 - 14 қазан 2022-2023 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату

Үстел үсті, саусақ және т.б.ойындар.

Құрылыс ойындары



«Мен спортшымын ».Фотосуретте бейнеленген

Суреттерді атау

Әңгімелесу. Спортп не үшін керек? әңгімелеп беру


Сурет салу. «Футболшы»

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме: «Дұрыс тамақтануға баулу»



















Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Сәлемдесу айнасы»

Дене қызуларын мен тазалығын тексеру

Дене шынықтыру шаралары. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау.

Сюжетті-рөлдік ойын:

«Қалай тамақтанамыз»

Ірі құрылыс материалдарымен және конструкторлармен ойындар.

Ойын– жаттығу: «Жуыну»

Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру,

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.


Ойын «Кімнің заттары?» (жақын адамдарының заттарын анықтау);

Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.


Сюжеттікойындар:

«Менің күн тәртібім»,

Айболит ертегісінен үзінді оқып беру;

«Айболит кеңесі»үстел үсті театры және т.б.


Таңертеңгі жаттығу


Таңғы жаттығу кешені № 3

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Біз бақытты баламыз»

Кел,шеңберге тұрайық,
Қолымызды ұстайық.
Күлімдейік күлейік,

Тату болып жүрейік.

«Мен әдепті баламын»

Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,кәнеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

«Нәр алып»

Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Күнге қарап шуақтанып,
Суға қарап нәр алып,
Табиғаттан шабыттанып,
Денсаулықпен ойнап-күліп жүрейік.

«Қуан,шаттан!»

Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

«Қайырлы таң!»

Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар

Балалар,
Қайырлы таң!
Жора-жолдас,ұл мен қыз!







Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы. Қорыққанға

қос көрінеді (ертегі)

Мақсаты: «Г» – «К» дыбыстарымен таныстыру
. Қорыққанға

қос көрінеді ертегісісін оқу

Дидактикалық ойын:

«Белгілі дыбысқа сөз таңда».

Ойын шарты: Ертегідегі кейіпкерлердің бас әрпіне сөз ойлап айтады.

Мысалы:

«Әже» сөзіндегі «Ә» дыбысына;

«Қыз» дегендегі «Қ» дыбысына;

«Тауық» және «тышқан» деген сөздегі «Т» дыбысына сөз ойлайды


Сауат ашу негіздері

Тақырыбы. «Үнді дауыссыз дыбыстар

Мақсаты: Үнді дауыссыз дыбыстарды басқа дыбыстардан ажыратуға үйрету
«Кім көп сөз айтады» дидактикалық ойыны – Балалар, үнді дауыссыз дыбыстардан басталатын сөз айтуларың керек. Кім көп сөз ойлап айтады, соған фишка беріліп отырады. Ойын соңында жеңімпаз анықталады. Педагог балаларға көмек ретінде тақтаға үнді дауыссыз дыбыстардан басталатын бір суреттен іліп қояды. Мысалы, лақ, мысық, нан, радио, уық, аң, үй.

«Сөзге үнді дыбыстан басталатын сөз қос» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге бірінші сөзді айтамын, ал сендер сол сөзге мазмұны сəйкес келетін, үнді дауыссыз дыбыстардан басталатын сөз жалғауларың керек. Мысалы: сүйкімді ... (мысық), жүйрік ... (лақ), дəмді ... (нан), əдемі ... (раушан), дəмді ... (рауғаш), қағаз ... (умаждалған), атам ... (риза), бала ... (малтыды), ақылды ... (мұғалім), үлкен ... (үй), əкем ... (риза), киіз үйдің (уығы), ... жайылды (мал

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы. Біз нені үйрендік нені білдік?

Мақсаты дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін бекіту.
«Дұрыс көрсет» дидактикалық ойыны

Педагог балаларға дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер айтады, балалар сөз қатаң дыбыстан басталса, көк төртбұрыш, ұяң дауыссыз дыбыстан басталса, көк түсті дөңгелекті, ал егер сөз үнді дауыссыз дыбыстан басталса, көк түсті үшбұрышты көрсетеді жəне қандай дауыссыз дыбыс екенін атап береді.

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы. Біз нені үйрендік нені білдік?

Мақсаты б. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажыратуға жаттығулар жасату, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды қайталату арқылы естерінде сақтату
«Буынды өзгерт» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге қатаң дауыссыз дыбыстардан басталатын буындар айтамын, ал сендер қатаң дауыссыз дыбыстарды ұяң немесе үнді дауыссыз дыбыстарға ауыстырып айтасыңдар. Мысалы: па-ба, фа-ва, ка-га, қо-ғо, то-до, ше-же, са-за, ха-ма, һа-ла, ца-на, чо-ро, ще-уе, хо-йо

Көркем әдебиет

Тақырыбы. «Менің елімнің рәміздері»

Мақсаты əдеби шығармадағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы түсінігін дамыт

– Өлең қалай аталады?

– Авторы кім?

– Сендерге өлең ұнады ма?

– Өлеңде не туралы айтылған?

– Еліміздің қандай рəміздері бар?


Үзіліс : Жүгіруге арналған ойындар 
«Торғайларп мен мысық»   







Ойын: «Торғайлармен мысық»
Мақсаты:
 балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
Шарты:Жерді шеңбермен белгілеу керек /5-6м.диаметрмен/. Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді – ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында- олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады.Торғайлар шеңбердің ішіне дән жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады. Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2-3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойынаушыларға қосылады. Ойын 4-5 рет қайталанады. 
Ұсыныс: мысық ақырын барыпторғайларды ұстайды (қатты ұстамай, ақырын ғана қолын тигізеді)






2 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Қоршаған орта

Тақырыбы: Арнайы көліктер. Жүк және жолаушылар көліктері

Мақсаты: арнайы көлік түрлерінің не үшін қажет екенін түсіну; арнайы көліктер мен жай көліктердің мақсат-міндетін ажырата алу

«Мәшине жабдықтары» ойыны.

Педагог мәшине жабдықтарын айтады, балалар сол құралдың дыбысын келтіреді.
.


Математика негіздері

Тақырыбы: Заттарды өлшемі бойынша салыстыру

Мақсаты заттарды өлшемі бойынша салыстыру біліктілігін қалыптастыру.
Педагог 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Суретке қарап, не бейнеленгенін айтады. Барлық заттардың көлемі бірдей ме? Үлкен заттарды – көк, кішкентай заттарды – қызыл түспен қоршап сызады. 2-тапсырманы орындайды. Заттарды қарайды, оларды белгілеріне қарай бөледі: түсі мен өлшемі. Осы екі белгіге сәйкес суреттерді жапсырады. Заттардың орналасуын сипаттайды. Педагог жеке жұмыс жүргізеді

Математика негіздері

Тақырыбы Ұзындық. Шартты өлшеуішті пайдаланып, заттарды ұзындығы бойынша салыстыру.

Мақсаты: : ұзындық – заттардың созылыңқы болу қасиеті туралы, ұзындық туралы түсінік қалыптастыру.
Ойын жаттығуы: «Ретімен орналастыр» Педагог «Түрлі түсті Куйзенер санау таяқшалар» жиынтықтан таяқшалар таратады, оларды ұзындықтарының өсу ретімен орналастыруды ұсынады. Балалар тапсырманы орындайды. Педагог балалардан таяқшаларды қалай орналасқанын сұрайды, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенін білді. Балалар таяқшаларды бір-біріне жақындату арқылы деп түсіндіреді. Педагог бір-бірінің үстіне салу тәсілі арқылы да заттын қайсысы ұзын немесе қысқа екенін өлшеуге болатындығын қосымша айтады. Көрсетеді.

Математика негіздері

Тақырыбы Ұзындық. Шартты өлшеуішті пайдаланып, заттарды ұзындығы бойынша салыстыру.

Мақсаты - ұзындық – заттардың созылыңқы болу қасиеті туралы, ұзындық туралы түсінік қалыптастыру.
Логикаға арналған ойын жаттығулары. Балалардың түсінігін тексеру және білімін түзету үшін мынадай үлгіде логикалық тапсырма ұсынуға болады: 1. Қызыл қарындаш жасыл қарындаштан ұзынырақ, жасыл қарындаш көгілдірден ұзынырақ. Ең қысқа қарындаш қандай? 2. Жасыл таспа көгілдірден жіңішкерек, көгілдір қызылдан жіңішкерек. Ең жалпақ таспа қайсысы?

Қоршаған орта

Тақырыбы: Арнайы көліктер. Жүк және жолаушылар көліктері

Мақсаты Көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру, олардың қарапайым құрылысы және қажеттілігі жайлы ақпарат беру.

«Сөйлемді дұрыс құрастыр» ойыны.

Тәрбиеші сөздерді айтады, балалар сөздерді орнына қойып, дұрыс сөйлем құрастыру керек.

Көше, жол, жүреді, мәшине

Аспан, ұшады, биік, ұшақ.

Мәшине, аурухана, тоқтады, жедел жәрдем.

Толқында, кеме, жүзеді, теңіз

Үзіліс: Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар 

«Күн мен түн»   








Ойын:“Күн мен түн”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:“Күн” мен “Түн” деген екі топ алаң ортасындағы сызықтан 1,5-2м арақашықтықта бір-біріне арқасымен қарап тұрады. Жүргізуші біресе

бір, біресе екінші топты атайды. Аталған топ сол сәтте өз үйіне

жүгіреді. Басқа топ ойыншылары айналып, қашып бара жатқан

қатысушыларды ұстап қалуға тырысады. Содан соң топтар орнына

қайта оралады. Ұсталған ойыншылар саны есептелінеді. Жүгіріс

бірнеше рет қайталанады. Өзге топтың ойыншыларын көп ұстаған топ

жеңіске жетеді.

Ереже:

1.Өз үйіне белгі берілмей тұрып жүгіруге тыйым салынады.

2. Тек үйдің сызығына дейін ғана ұстауға болады.

3. Ұсталған ойыншылар есептелген соң қайтадан ойынға кіреді.








3 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Қазақ тілі

Тақырыбы Жемістер

Мақсаты күнделікті жиі қолданылатын жемістердің атын білуге үйрету.
Сөздік ойын: «Мен қай жемісті көрсеттім».

Педагог себеттен жемістерді алып көрсетеді, балалар атын атайды

Қазақ тілі

Тақырыбы: Жидектер

Мақсаты сөздік қорларын жидектердің атымен толықтыру.

.

Ойын жаттығуы: «Бір сөзбен айт»

Таңқурай, қарақат, құлпынай бір сөзбен қалай аталады?

Жидектер.

Алма, өрік, құрма бір сөзбен қалай аталады?

Жемістер.

Қияр, қызанақ, сәбіз, пияз бір сөзбен қалай аталады?

Көгөністер

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:

Мақсаты , «Г» – «К» дыбыстарымен таныстыру

Қорыққанға

қос көрінеді ертегісісін театрландыру

деген сөздегі «Т» дыбысына сөз ойлайды

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің елімнің рәміздері»

Мақсаты сюжеттік бірізділікті сақтап, көңіл күймен, қисынды мазмұндауға дағдыландыр

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын белгіле.

Суретті аяқтап, сал. Боя. . Мақалдың мағынасын түсініп ал. Егемен елдің еңсесі биік. Педагог мақалдың мағынасын түсіндіреді. Біздің еліміз ешкімге тəуелді емес, өз Туы, Гимні, Елтаңбасы бар, дербес мемлекет. Сондықтан еңсесі биік

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Тақырыбы: Автобус

Мақсаты:- - балаларға кеңістік туралы, кеңістікте бағдарлау туралы білім беру;

- заттың пішіні туралы білімдерін жетілдіру,мүсіндету

-- жолақтардан тікбұрышты пішіндер, шаршылардан үшбұрышты пішіндер, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек және сопақша пішіндерді қиып алу

- ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу
Топтық жқмыс.

Үзіліс: Секіруге арналған ойындар  «Кесіртке»ойыны.









Ойын:“Кесіртке”

Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 

Шарты:Бір ойыншылар созылған қол арақашықтығында шеңбер құрады,

олардың қолында доп. Басқа топ шеңбер ішінде бағана болып тұрады.

Бағыттаушы ойыншы- кесірткенің “басы”, соңғы ойыншы- кесірткенің

“құйрығы”. Қолында добы бар ойыншылар бүкіл бағананы – кесірткені

құйрығынан бастап өлтіруі керек. Кесіртке құйрығын қорғау мақсатында

өлтіргелі жатқан ойыншылар добынан қашуға болады. Ойын уақытпен беріледі. Кесірткені аз уақытта өлтірген топ – жеңімпаз болып есептеледі





4 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Дене шынықтыру

Тақырыбы «Командалық эстафеталар» (таза ауада)

Мақсаты: Тізбекпен жүру, жүгіруге, құрсаудан-құрсауға өтуге жаттықтыру. Қозғалыс кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын жалғастыру

«Жолақтарға аттап секіру» ( 3 рет).

Ені 50 см жолақтардың үстінде секіріп басып жүру. Жерден екі аяқпен бірдей екпіндеп итерілу керектігіне назар аудару.

Белгі бойынша ойыншылар бір-бірден жолақтан-жолаққа секіре бастайды. Дұрыс орындаған ойыншылар ұпай жинайды

Музыка

Тақырыбы «Күз – жомарт»

Мақсаты: Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру

Музыка тыңдау:

«Саржайлау» (Тәттімбет)

Ән айту:

«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жеңіл би» (Т. Ломова) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Қандай ырғақ» (К. Қуатбаев)


Дене шынықтыру

Тақырыбы «Ерекше сабақтар»

Мақсаты Бағытты өзгертіп, баяу қарқынмен жүгіруге үйретуді жалғастыру, қолдарын еркін, үйлесімді қозғап, ырғақпен, қарқынды баяулатпай жүгіре білу іскерліктерін дамыту
«Әртүрлі білімдер сабағы»

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мен білемін»

Допты жоғары лақтырып, қолды шапалақтап, допты қағып алу шеберліктерін (машықтарын) дамыту. Допты «Мен бес қаланың атын білемін» деген сөздермен қағып алады. Допты жоғары лақтыруға тырысады, допты қағып алар кезде саусақтарын еркін ұстайды. Жандарындағы балаларға кедергі келтірмейтіндей сөздерді ақырын айтады

Дене шынықтыру

Тақырыбы Акробат болғым келеді»

Мақсаты - Өздерінің зейіндерін шоғырландыра алу шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыруды, қимыл-қозғалыс йлесімділіктерін дамытуды және анализатор жүйелерін біріктіруді қалыптастыруды жалғастыру
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қарлығаш» ( 5 рет).

Зал ішіне ойыншылардың санына қарай құрсауларды – «ұяларды» орналастырады. Ойыншылар – «қарлығаштар». Олар зал ішінде қолдарын сермеп жүгіріп жүреді.

«Қарлығаш, қарлығаш, қарлығаш – біздің үйге ұшып кел!» деген бұйрық бойынша

«ұяларына келіп қонады».


Музыка

Тақырыбы««Күзгі жаңбыр»

Мақсаты Музыканың сипатын түсініп, эмоцияларын көрсете білуге дағдыландыру


Музыка тыңдау:

«Жаңбыр шақыру (Д. Ботбаев)

Ән айту:

«Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев)

«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді балалар» литва халық әуені

Билер:

«Көңілді қолшатырлар» биі (педагогтің таңдауы бойынша) Ойындар, хороводтар:

«Күн мен жаңбыр» ойыны








Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.



Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.





Серуен

Бақылау:Жаңбырды бақылау.

Мақсаты:Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан  жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.

Еңбек:Ағаш түптерін қопсыту.

Мақсаты:Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.

Жеке жұмыс:  Ал керемет бұл қандай?

                          Төгіледі төбеден.

                          Көк теңізден құйғандай

                          Көл-көсір су не деген?                  (Жаңбыр)

Мақсаты:Жұмбақ жаттатаотырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арртыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру.

Ойын: «Айгөлек-ау айгөлек».

Мақсаты:Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: «Сұр қоян».

Ойын барысы:Ойыншылардың біреуі қоян болады.Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады.Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады.Балалар  тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:                    

 Бармақ болып тоғайға сұр көжек,

Жуынып жатыр бүгжеңдеп:

Тұмсығын жуды,

Құйрығын жуды,

Құлағына жуды-түртінді,

Құп-құрғақ боп сүртінді.

Қоян өзіне байланысты қимылдардың бәрін жасайды:тұмсыгын, құйрығын , құлағын жуады, бәрін сүртеді.Қос аяқтап кіріп, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді(қонаққа келе жатыр). Ол бала қоянмен ауысқандаойын аяқталады.


Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату .

Еңбек :Ауладағы гүлдерді суару.

Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу.

Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып

Жерге қайтар су болып. (Бұлт)

Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру.

Ойын: « Кімге қандай құрал керек? »

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: « Соқыр теке » .

Ойын барысы: Соқыртеке кең бөлмеде , аулада ойнауға болатын қызықты ойын.Шеңбер сызылып , оның ортасына көзі байланған « соқыртеке » жіберіледі.Қалғандары оны « соқыртеке бақ-бақ » ,- деп мазақтап түртіп қашады.Бірақ олар шеңберден шығып кетпеуі тиіс.Егер соқыртеке ойыншылардың бірін ұстап алса, даусына қарап оның атын айтады.Дәл тапса ұсталған адамның көзі байланып « соқыртек » болады.Ойынщылардың көзі байлаулы адамды әдейі сөзбен жетектеп отырып, алдап , шұңқырға , бағанаға қарай бағыттайды.Бұл ойынды көңілді, күлкілі етеді.

Дербес ойындар:

1.Әткіншектебу.

2. Тартылғышқа тартылу.

Тренинг: « Біз тату баламыз » .


Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.

Мақсаты: Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға соғатындығын түсіндіру.

Еңбек : Құстарға жем сауыт жасау.

Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға , аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Сап-сары боп келе жатқан ,

Сезді мекен күзді олар .

Қарлығаштар ұшып кетті,

Ұшып кетті тырналар.

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып , тілдің грамматикасы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: « Күзде не киеміз? »

Мақсаты: Күз мезгіліне байланысты адамдардың киімкию үлгісін көрсете түсіндіру.

Қимылдық ойын: « Аттамақ » .

Мақсаты:Денені шынықтыру, шапшаңдыққа , ептілікке баулу.

Ойын барысы: Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады.Бріншісі-төмен ,оны аттап өту керек, екінші-биік, оны еңкейіп, үшіншісіінен тағы да аттап өту керек.Әуелі ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп , содан соң көзін байлап, бір айналдырып қояберу керек.Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті жинап , алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.

1.Сазбалшықтан « қала » құрастырайық.

2. « Тәтті тоқаштар » пісірейік .

Тренинг : « Тырналар болып ұшайық » .


Бақылау: Желді бақылау.

Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру .

Еңбек : « Әдемі гүлдер »

Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.

Жеке жұмыс: Тақпақ. « Жел »

Мақсаты: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.

Жел улейді у-у-у.

Құйын келіп билейді зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.

Қимылдық ойын: « Айгөлек-ау, айгөлек » .

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: « Орамал тастау » .

Ойын барысы: Орамал тастау ойыны қатысушылар араласа шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған,ұруға ыңғайлы болады.Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалды тастап кетеді.Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағында қалған орамалды байқамаса, басқаоушы оны орамалмен ұрғылайды.Ал, егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса , бастаушыны қууға тиіс.Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалғанорынға келіп отырады.

Дербес ойындар:

1. « Желмен жарысайық »

2. « Менің әдемі үйім » (құрастыру)

Тренинг: « Қолшатыр астында » .

Бақылау: Көшедегі машиналарды бақылау.

Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.

Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту, су құю.

Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету.

Жеке жұмыс: « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту.

Қимылдық ойын: « Ақ қояным »

Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін ширату, көңілдерін көтеру.

Қимылдық ойын: « Ұшты-ұшты »

Ойын барысы: « Осы кезде ұшты-ұшты қазан ұшты, ұшты-ұшты қабан ұшты » ,- дейді. Осы кезде ұшпайтын нәресеге қолын көтерген кісі айыпты болып есептеледі.Үшатын және ұшпайтын нәрселер жұртты жаңылту мақсатында әдейі арба- қарға,үйрек-бүйрек, кептер- кепсер, көже- шөже, іркіт- бүркіт болып айтылады.Есек ұшты, есік үшты, етік үшты, бесік ұшты деп ұзақ айтылып келіп, шөмеле ұшты, бөдене ұшты деп жаңылыстыруға болады.

Дербес ойындар:

« Тәтті тоқаштар » пісірейік

« Мені қуып жет » .

Тренинг: « Шаңырақ »



Балаларды үйге қайтару

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.


Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.


























1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта