Главная страница

цикло қазан 22-23 ж. Балаларды жасы 5 жас Жоспарды рылу кезеі


Скачать 3.41 Mb.
НазваниеБалаларды жасы 5 жас Жоспарды рылу кезеі
Дата24.05.2023
Размер3.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлацикло қазан 22-23 ж.docx
ТипДокументы
#1156154
страница1 из 6
  1   2   3   4   5   6

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы

Мектепалды даярлық О «а» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 3 - 7 қазан 2022-2023 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату

«Біз бақытты баламыз»

Кел,шеңберге тұрайық,
Қолымызды ұстайық.
Күлімдейік күлейік,

Тату болып жүрейік.

«Мен әдепті баламын»

Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,кәнеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

«Нәр алып»

Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Күнге қарап шуақтанып,
Суға қарап нәр алып,
Табиғаттан шабыттанып,
Денсаулықпен ойнап-күліп жүрейік.

«Қуан,шаттан!»

Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.

«Қайырлы таң!»

Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар

Балалар,
Қайырлы таң!
Жора-жолдас,ұл мен қыз!

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме

:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме: «Дұрыс тамақтануға баулу»



















Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)



Үстел үсті ойыны – пазл:

«Жыл мезгілдері »

Балалармен қыс мезгілі туралы әңгімелесу.



Құрылыс ойындары:

«Қардан үйшік жасаймыз»




Фотосуреттер қарастыру: «Қысқы ойындар түрлері»

Фотосуретте бейнеленген ойын түрлерін атау.


Үстел үсті театры:

«Ғажайып қыс» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастыру.



Сюжеттік ойындар:

«Қыстың қызықты сәттері» еркін сурет салу.

Д/ойын: «Қар»


Таңертеңгі жаттығу


Таңғы жаттығу кешені № 3

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Жылулық сәті:

Апам мені «Айым»-дейді,
Мен мұнайсам,уайым жейді.
Апам мені «Күнім»-дейді,
Мен қуансам күлім -дейді.

Жылулық сәті:
Қуанамыз күлеміз,
Бар әлемде сүйеміз.
Қол ұстасып, қуанып,
Достарымен бір жүреміз.

Жылулық сәті:
Шақырамын сендерді
Жолдастарым кел бері
Толтырайық шаттыққа,
Дөгеленген шеңберді.

Жылулық сәті:
Бақыт толы шеңберге,
Шаттық толы шеңберге,
Қол ұстасып келдік біз,
Жан достармыз енді біз.

Жылулық сәті:
Достар бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге
Қуанышпен еніңдер.







Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы. Менің атам

Мақсаты: Суретке қарап, әңгіме құрауды, буынға бөлуді дамыту
Дидактикалық ойын:

«Отбасы мүшелерін ата»

Ойын шарты: жұмыс дәптеріндегі тапсырма орындалады.

Суреттегі отбасы мүшелерінін атап, шапалақ ұру арқылы буынға бөледі.

Педагог әр буында бір дауысты дыбыс болатынын балалардың естеріне салады


Сауат ашу негіздері

Тақырыбы. «Қатаң дауыссыз дыбыстар»

Мақсаты: - Қатаң дауыссыздарды қайталату арқылы естерінде сақтату.
«Кім көп сөз ойлайды» дидактикалық ойыны

– К дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдар. – Кітап, кілем, кім, кілт, киіз. – Т дыбысынан басталатын сөздерге мысал келтіріңдер. – Таға, тарақ, тау, тиін, темір, тұлпар, тоқ, тоқылдақ, тотықұс, торсық, теңіз, тіс.

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы. Ұяң дауыссыз дыбыстар

Мақсаты ұяң дауыссыз дыбыстар туралы білімді меңгерту.
«Дыбыс бер» дидактикалық жаттығуы

– Мен сендерге сөздер айтамын, ұяң дауыстыдан басталған сөзді естісеңдер, қол шапалақтайсыңдар. – Парта, балық, вагон, сəбіз, тарақ, доп, жалау, шырша, таға, домбыра, гүл, бəтеңке. «Сөзге ұяң дауыссыздан басталатын сөзді қос» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге бірінші сөзді айтамын, ал сендер мағынасы бойынша келетін, ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді жалғап айтуларың керек. Мысалы: үстел ...(биік), қоян ... (жүйрік), сағат ... (домалақ), қызыл ...(доп), ала ...(жолбарыс), ақ-қара ... (жолақ), əдемі ... (гүл), ұзын ... (вагон), бақылдауық ... (бақа), білімді ... (ғалым), жайылып жүр ... (жылқы), күмбірлеген ...(домбыра), желбірейді ...(жалау), зымыран ... (ұшты), əдемі ... (зырылдауық) т.б

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы. Үнді дауыссыз дыбыстар

Мақсаты:- үнді дауыссыз дыбыстар туралы білімді меңгерту.
«Сөзге үнді дыбыстан басталатын сөз қос» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге бірінші сөзді айтамын, ал сендер сол сөзге мазмұны сəйкес келетін, үнді дауыссыз дыбыстардан басталатын сөз жалғауларың керек. Мысалы: сүйкімді ... (мысық), жүйрік ... (лақ), дəмді ... (нан), əдемі ... (раушан), дəмді ... (рауғаш), қағаз ... (умаждалған), атам ... (риза), бала ... (малтыды), ақылды ... (мұғалім), үлкен ... (үй), əкем ... (риза), киіз үйдің (уығы), ... жайылды (мал) т.б.

Көркем әдебиет

Тақырыбы. «Менің ойыншықтарым» (өлеңді жаттау)

Мақсаты өлеңді жаттау арқылы мəнерлеп оқуға дағдыландыру.
Дидактикалық ойын: «Бұл қандай ойыншық?»

Ойын шарты: Қоржын ішінде бірнеше ойыншық болады. Балалар қоржынға қолын салып, көрмей, сипап сезу арқылы қандай ойыншық екенін табады. Ойыншық туралы өз ойын айтады.


Үзіліс : Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар 
«Лақтыр да,қағып ал» 

Суретті тіл ұстарту:

Ша – ша – ша
Айшаның шанасы тама (ша)
Са – са – са
Қасқыр соқты Мұ (са)
Ол – ол – ол
Ағашта лимон м(ол)
Ра – ра – ра
Дүкеннен нан алды Са (ра)
Із – із – із
Тамаққа қосты сәб(із)
Жу – жу – жу
Ыдысты тазалап (жу)






Ойын: «Лақтыр да,қағып ал» 

Мақсаты:  Балаларды ептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету. 
Ойынның шарты: Балалар алаңда еркін орналасады әр біреуінің қолында бір-бір доптан болады.Тәрбиешінің «баста»,- деген белгісі бойынша балалар допты жоғарыға лақтырып қағып алады.Әр бала неше рет лақтырып қағып ала алады,соны санайды. 


2 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Қоршаған орта

Тақырыбы: Тұрмыстық техника, оның қажеттілігі.

Мақсаты: Тұрмыстық техника, оның қажеттілігі.
«Көп ойла, сөз ойла» ойыны. Балалар екі топқа бөлінеді.

Бірінші топ үй жиһаздарын атайды.

Екінші топ тұрмыстық техника заттарын атайды. Қай топ көп сөз айтса, сол топ жеңімпаз атанады

.


Математика негіздері

Тақырыбы: 10 саны

Мақсаты:- 0 және 10 сандарының құрамы және олардың жазылуы туралы білімін қалыптастыру
Ойын жаттығуы: «Дұрыс көрсет».

Сан мен цифрдың арақатынасы туралы 15-кестедегі сандық суреттермен жұмыс жасайды. Балалар 21-кестедегі демонстрациялық материалдан саны бар карточканы көрсетеді. – Адамның қолында неше саусақ бар? (10 саусақ).

Математика негіздері

Тақырыбы 10 саны

Мақсаты: 10 санының жазбасын заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету; заттарды санау және ретімен санау, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру; 10 санын дұрыс тануға және бейнелеуге үйрету.
Ойын жаттығуы: «Сана» Педагог ойыншыларға 1-ден 10-ға дейін санауды ұсынады. Бұны тура санау деп атайды. 10-нан 1-ге дейін кері санауды ұсынады. Бұны кері санау деп атайды. Ойыншыларды ретімен: бірінші, екінші, үшінші....оныншы, және кері: оныншы, тоғызыншы, сегізінші, санауын сұрайды

Математика негіздері

Тақырыбы Заттарды өлшемі бойынша салыстыру

Мақсаты - заттарды өлшемі бойынша салыстыру біліктілігін қалыптастыру
Практикалық жұмыс Кесілген парақтарды балаларға жұппен немесе топпен таратады. Парақты жіктеуге арналған тапсырма: көлемі бойынша үлкен және кіші; түсі бойынша – сары, қызыл, жасыл.


Қоршаған орта

Тақырыбы: Барлық ағаштардың жапырағы түсе ме?

Мақсаты:- Күзгі табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
«Қайсысының жапырағы екенін тап» атты дидактикалық ойын ойнауға шақырады (əліппе-дəптердегі тапсырма). Мақсаттары: Балаларды ағашты жапырағына қарап тануға үйрету. Ағаштар мен бұталардан түскен жапырақтарды жинау. Педагог жапырақтың қандай ағаштан немесе бұтадан түскенін анықтауды, түспеген жапырақтарға қарап дəлелдеуді (ұқсастығын табуды) ұсынады. Ойын аяқталған кезде педагог мынадай уəде береді: (Педагог уəделерді айтып тұрады, балалар қайталайды). Ағаштардың бұтақтарын жұлмауға уəде береміз! Ағаштарды суғаруға уəде береміз! Ағаш жапырақтарын жұлмауға уəде береміз! Ағаштың қабығын сыдырмауға уəде береміз! Ағаштардың түбін қопсытуға уəде береміз! Ағаш діңдерін əктеуге! Айғайлап құстарды үркітпеуге уəде береміз


Үзіліс: Жүгіруге арналған ойындар «Айдаһардың құйрығы» 

Тілді жаттықтыратын тақпақ

Кім келді?

Қане, қане кім келді?

Біз, біз, біз!

Апа, апа бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Әке, әке бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Ағатайым бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Қарындасым бұл сен бе?

Иә, иә, иә!

Біздер тату жан ұя

Иә, иә, иә!







Ойын: «Айдаһардың құйрығы» 
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
Ойынның шарты: Өте қызық ойын! Ойынға қатысушылар бірінің артына бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған бала - «айдаһардың басы». Ең соңғысы – «құйрығы» болады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады.
Ұсыныс: Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты ұстатпау, қайткені де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол – «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.

3 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Қазақ тілі

Тақырыбы: Көкөністер

Мақсаты жаңа сөздердегі дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, жаттықтыру
Ойын: «Кім жылдам?» себетке көгөністерді жинайды, атайды, сипаттайды.

«Жеміс-көгөніс дүкені» демонстрациялық материалдармен жұмыс. Балалар суретке қарап, дүкенде қандай көгөніс сатылатынын атайды. Педагог алдымен өзі айтады: Дүкенде қияр бар. Дүкенде қызанақ бар

Қазақ тілі

Тақырыбы: Жемістер

Мақсаты күнделікті жиі қолданылатын жемістердің атын білуге үйрету
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын». Қоржынның екінші жағын ашады.

Педагогжемістердібір-бірлепалады,жаңасөздерментаныстырады.

Күз мезгілінде жемістер піседі.

Мынау өрік. Ік-ік – міне, өрік.

Мынау не?

Мынау өрік.

Өрік жеміс.

Өрік не?

Өрік жеміс.

Өрік дәмді.

Өрік қандай?

Өрік дәмді.

Мынау анар

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Менің атам.

Мақсаты Сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.

Басбармағым – атам, үйдің данасы,

Балаң үйрек – әжем,

ошақ анасы.

Ортан терек – әкем,отау панасы,

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары,

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары

Көркем әдебиет

Тақырыбы: Менің ойыншықтарым» (өлеңді жаттау)

Мақсаты Өлең тілінің бейнелілігін сезінуге баулу
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар: – Өлең ұнады ма? – Авторы кім? – Бұл өлеңде не туралы айтылған? – Қандай ойыншықтар туралы сөз болады? – Сенде қандай ойыншықтар бар? – Саған қандай ойыншық ұнайды? – Мынау – құлыншақ. Құлыншақтың түсі қандай? – Құлыншақтың жалы қайда болады? – Сен құлыншақты қайдан көрдің? – Құлыншақ туралы не білетініңді əңгімелеп бер

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Тақырыбы: Қоржынды сәндейміз

Мақсаты:- - қазақ оюларының көп түрлілігі туралы

түсініктерін кеңейту, балаларға қоржынды салу техникасы

мен оны әшекейлеу ерекшеліктері туралы білім беру;

- аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру

-Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру

-- Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға, алдағы жұмысты бірге жоспарлауға, бір-бірімен келісіп орындауға, дайын құрылыспен ойнауға мүмкіндік беру
Топтық жұмыс

Үзіліс: Қозғалмалы зерек ойындар  «Жер,су,ауа »ойыны.

«Табиғат құбылыстарын ажыратып олардың қасиеттерін ата»

Мақсаты:Қассиетіне қарай:қар мен жаңбырды ажырата білу,табиғат құбылыстары жөніндегі білімдерін бекіту,қатты,жұмсақ,ериді,буға айналады.

Көрнекіліктер:қар мен жаңбыр бейнеленген суреттер.

Ойын барысы: Балаларға қар мен жаңбырдың суреттерін көрсетіп,олардың бір-бірінен ажыратып айту тапсырылады. Білімдерін анықтау барысында табиғат құбылыстардың қасиеттерін айтып берулері керек.







Ойын: «Жер,су,ауа»

Мақсаты: балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге,жерде ,ауада,суда не болатынны дұрыс айтуға төселдіру,қоршаған ортаға қамқорлық сезімен тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:асық
Шарты:балалар дөңгелеіп отырады.Бір бала ортаға шығып балалардыі кез келгінене асық лақтырып жібереді де жер су ауа деген сөздің бірін айтады.Егер бала жер десе асықты қағып алған сезіммен тәбиелеу.Біл бала отатаға шығып,балалардың кез келгеніне асықта лақтырып жібреді де жер, су ауа деген сөздік бірін айтады.Егер бала жер десе,асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды,адамдарды,өсімдіктерді атайды.Ал су сөзі айтылса,балық балардың аты аталады.Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс.

Осылй ойын жалғаса береді.

4 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Дене шынықтыру

Тақырыбы «Біз әртүрліміз»

Мақсаты: Жерде созылып жатқан арқан үстінде бір бүйірмен динамикалық тепе- теңдікті сақтап жүруге үйретуді жалғастыру

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен торғайлар» (4 рет) . «Торғайлар» орындықта, гимнастикалық қабырғаның тепкішегінде отырады. Балалар торғайлардың қимылын ым- ишарамен көрсетіп отырады. Белгі бойынша «мысық» келіп, «торғайларды» қуады. Олар бағыттарын өзгертіп қашады. Ұсталғандар ойыннан шығады


Музыка

Тақырыбы «Күзгі серуен»

Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату

Музыка тыңдау:

«Қазан» (П. Чайковский)

Ән айту

Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Марш» (Е. Андосов) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш»,

(«Билеп үйренейік» жинағынан)

Ойындар, хороводтар:

Ән-ойын "Етек-етек" (Т. Сарыбаева)

Дене шынықтыру

Тақырыбы «Зейінді боламыз»

Мақсаты Өздерінің зейіндерін шоғырландыра алу шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыруды, қимыл-қозғалыс үйлесімділіктерін дамытуды және анализатор жүйелерін біріктіруді қалыптастыруды жалғастыру
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқырға қақпан» (4 рет).

Шеңберде қол ұстасып тұрады. Бұл – аңшылардың қақпанын құруы. Белгі бойынша

«аңшылар» қолдарын көтереді, «қасқырлар» әртүрлі бағытта еңбектеп жүреді. «Аңшылар»:


Дене шынықтыру

Тақырыбы «Бірінші бол!»

Мақсаты -Қолды еркін қозғап, жүргізуші мен бағытты өзгертіп, баяу қарқынмен

жүгіруді үйрету. Қысқа секіртпемен секіруге үйретуді жалғастыру, қолдарымен секіртпені шеңбер бойымен және тік айналдыра білу іскерліктерін дамыту

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тығылмақ» ( 3 рет).

Ойыншылар шеңбер бойына тұрады. Көзі байланған жүргізуші ортада тұрады. Педагогтің белгісі бойынша балаларды тауып ұстауға тырысады, ал балалар зал ішінде әртүрлі бағытта ақырын қозғалып жүреді.


Музыка

Тақырыбы «Күз – жомарт»

Мақсаты Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру
Музыка тыңдау:

«Саржайлау» (Тәттімбет)

Ән айту:

«Күзгі әуен» (А. Досмағанбет)

«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Жеңіл би» (Т. Ломова) Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар:

«Қандай ырғақ» (К. Қуатбаев)








Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.



Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.



Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар 
«Жапалақ»

Серуен

Тіл жаттығулары:

«Аударыспақ»

Мақсаты: -әр түрлі түстерді қайталап бекіту;

-сөздік қорын байыту;

-дыбыстарды дұрыс және анық айтып бекіту;

-балаларды : «Қандай?», «Не істейді?» т.б. сұрақтарға толық, сөйлеммен жауап

беруді үйрету;

-заттардың түрін, түсін, дәмін, пішінін дұрыс айтып қайталау;

-дыбыстың сөздегі орынын тауып айту;

-балаларға сөз тіркестерін және сөйлемдерді құрастырып айтып үйрету;

-балалардың еске сақтау, есту, ойлау қабілеттерін және зейіндерін дамыту;

-қолдың ұсақ моторикасын дамыту;






Ойын: «Жапалақ» 
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.
Шарты: «Жапалақ» сайланады, ол барлық ойнаушылардан алысқа тұрады. Өзінің «ұясына». Басқа ойнаушылар жан-жаққа тарап кетеді. «Жапалақ»: «Күн туды, барлығымыз оянамыз!» дейді, сол сәтте барлығы жүгіріп, қимылдайды. «Жапалақ»: «Түн болды, барлығын қимылдамандар, жапалақ ұшады!» дегенде барлық ойнаушы балалар тыныш тұрып, кимылдамаулары керек. «Жапалақ» балалардың арасында жүріп, қимылдаған бір-екі баланы өз ұясына әкетеді. Бір бала қалғанша ойын жалғасады.

Балаларды үйге қайтару

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.


Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.



Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.


























  1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта