Главная страница

цикло қазан 22-23 ж. Балаларды жасы 5 жас Жоспарды рылу кезеі


Скачать 3.41 Mb.
НазваниеБалаларды жасы 5 жас Жоспарды рылу кезеі
Дата24.05.2023
Размер3.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлацикло қазан 22-23 ж.docx
ТипДокументы
#1156154
страница4 из 6
1   2   3   4   5   6

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы

Мектепалды даярлық О «а» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 24 - 28 қазан 2022-2023 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма




Балаларды қабылдау

Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату




Пж ойын: «Кім көп сөз айтады?»

Шарты: Педагогтың артынан бірнеше сөзді қайталап айтады

Еркін ойын: « Бұл үйде кімдер тұрады?»

Шарты: Қуыршақтарымен үй жасап ойнайды

Құрылымдалған ойын: «Орнын тап»

Шарты: Жемістер мен көкөністердің көлеңкесін табады


Еркін ойын: «Бауын байла»

Шарты: Фетрдан жасалған аяқ киімдердің бауын байлап ойнайды.


Еркін ойын: «Ертегілер елінде»

Шарты: Саусақ театр арқылы ойнайды





Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру


Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.


Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме: «Дұрыс тамақтануға баулу»

























Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Үстел үсті ойыны – пазл:

«Әсем гүлдер бағы »

Балалармен әсем гүлдер туралы әңгімелесу.


Құрылыс ойындары:

«Біздің аула гүлдері»


Фотосуреттер қарастыру: «Гүлдер,гүлдер көп гүлдер»

Фотосуретте бейнеленген ойын түрлерін атау.

Үстел үсті театры:

«Раушан гүлдер» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастыру.


Сюжеттік ойындар:

«Қош иісті гүлдер» еркін сурет салу.

Д/ойын: «Менің сүйікті гүлім»





Таңертеңгі жаттығу


Таңғы жаттығу кешені № 4




Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Табиғатым 

тамаша»

Табиғатым  тамаша,
Көз  тоймайды қараса.
Табиғатты  аялап,
Жүрейікші  жараса.


«Дала қандай тамаша»

Дала қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастарқан жайғандай,

Көз тоймайды қараса.


«Табиғатқа қамқор боп»

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық,

Әдепті да,тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.

«Табиғат...»

Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған.
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың.
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған!

«Табиғатым 

тамаша»

Табиғатым  тамаша,
Көз  тоймайды қараса.
Табиғатты  аялап,
Жүрейікші  жараса













Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы Күзгі жапырақтар

Мақсаты: , Дауысты дыбыстардың дыбысталуындағы ерекшеліктерді түсіндіру
Күзгі жапырақтар Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырықық.

Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап


Сауат ашу негіздері

Тақырыбы Буынды сызба түрінде көрсетіп үйренеміз

Мақсаты: : буын туралы түсініктерін қалыптастыру
Дидактикалық ойын: «Сөйлемдерді толықтыру». Ойын шарты: балалар педагогтің бастаған сөйлемін жалғастырады жəне сол сөзді буынға бөліп созып айтады. – Өзімнің үлкен бауырым ... (а-ға) – Қыз құлағындағы əшекей ...(сыр-ға) – Ат тұяғындағы темір ... (та-ға) – Қап-қара құс ... (қар-ға) – Шегені қағатын ... (бал-ға) – Ең үздік баға ...(бес) – Білім алатын құрал ... (кі-тап) – Дəптерге жазатын ... (қа-лам-сап). Өздерің жалғастырған сөздерді буынға сызба арқылы көрсетейік. Балалар тақтада жұмыс жасайды.

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы. Буынға бөлейік

Мақсаты сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіруді жалғастыр
«Буынға буын қос» дидактикалық жаттығуы Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрап , айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу. Көрнекілік: ұсақ жалаушалар, ойыншықтар. Ойын шарты: балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады. Жылдам ойлап, келесі буынды табу. Педагог сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды. Ау- (ла). Ал- (ма). Са- (ра). Сə- (біз). Қа- (уын). Мысалы: үй-рек, бүр-кіт , қар-ға , тыр-на, тор-ғай, та-бақ , ə-теш, же-лім, қа-ғаз, қайшы, қа-лам, кі-тап. Ойын соңында, жеңімпаз бала, анықталып, мадақталады

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы. Ойнай отырып оқимыз

Мақсаты буындардан сөз құрауға үйрету.
«Жоғалған буын» дидактикалық ойыны Шарты: педагог бір буынды айтады, балалар жалғастырып, келесі буынды табады. Бір буыннан бірнеше сөз құраса болады. те -(геш), те -(рек), те -(мір), те -(сік), те -(тік). ор -(та), ор -(ман), ор -(ақ). өр -(мек), өр -(кеш), өр -(ле), өр -(мек-ші) «Буынды қос» дидактикалық ойыны

– Балалар шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала допты ұстап алып, буынды қосып, сөзді жалғастырады. Мысалы:( ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла). Ойынды өзгертуге болады.

Көркем әдебиет

Тақырыбы. «Алтын астық»

Мақсаты өлеңді дауыс ырғағымен, логикалық екпінмен жаттауға дағдыландыру.
Жұмбақты шеш.

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында дəні бар. (Бидай)

. Не артық? Белгіле.

Балаларға астық жинауға қатысы жоқ затты – себетті белгілетеді.




Үзіліс : Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар  «Мысықтар мен балалар»     




БАЛАНЫҢ  ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН  ОЙЫНДАР

Дауыстарын қайтала.

Аң біткенмен алысқан

Ақырады арыстан:

А-а-а-а-а-а

Нәзік дауысы қозының

Естіледі алыстан:

Мә-ә-ә-ә-ә

Дөңгелетіп аузыңды,

Жіңішкертіп даусыңды,

Бұзаумын деп ойла да,

Дауысын оның қайтала:

Мө—ө-ө-ө

(Балақай, жан жануарлардың дауыстарые сала отырып, кей дыбыстардың жуан кей дыбыстардың жіңішке айтылатынына зер сал )

Майлыаяқ.

Жайлау толы малды аяп,

Күзетіп жүр Майлыаяқ.

Жолатпайтын ешкімді,

Дауысы алыстан естілді:

(ақырын дауыспен) –р-р-р-р-р-р

«Тамақ жеймін ашпын д»,-деп,

«Қорқып иттер қашсын», -еп,

Күжірейтіп желкесін

Ырылдады қасқыр кеп:

(орташа дауыспен)-р-р-р-р-р-р

«Қорықпаймын сенен»,-деп,

«Сазайыңды берем»,-деп,

Дірілдетіп қасқырды

Айбатын ит асырды:

(қатты дауыспен) –р-р-р-р-р

«Мынау бәле екен» деп,

«Түбіме бұл жетер» деп,

Қорқып қасқыр жөнелді,

Қайтып келмес ол енді.

(Балақай, қасқырдан да қорықпайтын төбет иттердің болатынын сен білесің бе?

Өзара екі топқа бөлініңдер де, қасқыр мен иттер болып алдымен ақырын, сосын орташа, ең соңында қатты дауыспен «р» дыбысын созып айтыдар.)








Ойын: «Мысықтар мен балалар» 

Мақсаты: Берілген белгіні дұрыс тыңдай білуге, ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге, топпен ойнауды ойнай білуге үйрету. Ептілікке,алғырлыққа тәрбиелеу. 
Ойынның шарты: Балалардың жартысы мысықтар болады, ал жартысы олардың иесі болады. Мысықтар баспалдақта отырады, олардың иелері жүрелерінен алаңның екінші жағында отырады. 
Тәрбиеші сүт кімге керек деп сүт құйғандай болады.Балалар «кис-кис», деп шақырады.Мысықтар жақындаған да балалар алаңның екінші жағына қашып шығады. Ойын 2-3 рет қайталанады. 










2 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Қоршаған орта

Тақырыбы: Менің елімнің салт-дәстүрі.

Мақсаты ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрді жоғалтпай әрі қарай жалғастыру керектігін түсіну; салт-дәстүрдің адам өміріндегі маңызы туралы алғашқы түсініктерінің болуы.
«Үй сыртында қолағаш» ойыны.

Педагог ойын барысында қауіпсіздік шараларына назар аударады. Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойын бастаушы орамалды алып, балалардың сыртын айналып жүгіріп,

былай дейді:

«Үй сыртында қолағаш» ойыны.

Педагог ойын барысында қауіпсіздік шараларына назар аударады. Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойын бастаушы орамалды алып, балалардың сыртын айналып жүгіріп,

былай дейді:
. Қол ұстасып тұрған балалар қолдарын ажыратпайды. Ол – есік ашпағанның белгісі.

Ойын бастаушы:

«Үй сыртында қолағаш

Озам десең, ала қаш» – деп, өзі таңдаған баланың арқасынан орамалмен соғып қалып, орамалды тастай сала жүгіре жөнеледі. Орамал алған бала қарама-қарсы жақпен жүгіреді.


Математика негіздері

Тақырыбы: Дөңгелек және сопақша

Мақсаты : сопақша геометриялық фигура туралы ұғым қалыптастыру
Топпен жұмыс Педагог балаларға фигуралар жиынтығын – шеңберлерді, сопақшаларды, шаршыларды, тіктөртбұрыштарды таратады және өздерінің «моншақтарын» немесе өрнектерін жасауды ұсынады. Содан кейін, педагог өлшемі жақын шеңбер мен шаршыны, сопақша мен тіктөртбұрышты салыстыруды ұсынады. Балалар топпен жұмыс жасайды, фигуралардан өрнектер жасайды.


Математика негіздері

Тақырыбы Шар, текше, цилиндр

Мақсаты: геометриялық денелердің: текше, шар, цилиндр ерекше қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру
Ойын жаттығуы: «Пішіндер неге ұқсайды?» Суреттен шар, текше, цилиндрге ұқсас бейнеленген заттарды қарауға ұсынады. - Шар неге ұқсайды? (қарбыз, доп, глобус) - Цилиндр неге ұқсайды? (кружка, стақанға) -Текше неге ұқсайды? (текшелер, сыйлық қорапшасына). Кеңістіктік ұғымдарды дамытуға арналған ойын: «Фигураны атап көрсет» үш сөреге ойыншықтар қойылады, педагог сөренің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан пішін бейнеленген карточканы көтеруді сұрайды. Екінші сөренің ортасында. Төменгі сөренің сол жағында және т.б. Балалар карточканы көтергеннен кейін пішіннің қалай аталатынын дауыстап айтуы қаже

Математика негіздері

Тақырыбы Шар, текше, цилиндр

Мақсаты геометриялық денелердің: текше, шар, цилиндр ерекше қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру
«Пішінді табыңдар» дидактикалық ойыны. Дорбада (мөлдір емес) әртүрлі геометриялық пішіндегі заттар бар. Тапсырманы күрделендіру үшін жүргізуші дорбадан нақты пішінді табуға тапсырма береді. Бұл ретте бала қажетті пішінді тапқанға дейін бірнеше пішінді кезек-кезек ұстап көреді. Балалардың әрқайсысында «Сиқырлы» дорбаның болуы орынды. Пішіндерді өзара салыстырып: «Шардың қабырғалары бар ма? Шар, текше домалайды ма?» – деген сұрақтарға жауап береді. Ойын ойнайды. Бала пішіндерді қолымен ұстап, сипалап, атауын атайды. Пішіндерді өзара салыстырады. Оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстырады. Заттардың неге ұқсайтыны туралы қорытынды жасайды. Қызығушылық танытады, педагогті мұқият тыңдайды, ойын ережелерін орындайды

Қоршаған орта

Тақырыбы Жыл құстары

Мақсаты Қыста жылы жаққа ұшып кететін жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың атын атап, бір-бірінен айыра білуге үйрету; құстардың пайдасы туралы түсініктерін нығайту
«Үшіншісі артық» атты дидактикалық ойынын ұйымдастырады.

Мақсаттары: балалардың құстардың алуан түрлілігі туралы білімдерін бекіту. Педагог құстардың аттарын араластырып, шатастырып айтады. Қатені байқаған бала қол шапалақтауы тиіс (торғай, қарға, шыбын, суықторғай және т.б.).

Өзекті мəселе: Құстар бізге қандай пайда әкеледі? Талқылайды. «Зиянкес жәндіктер мен кеміргіштерді жояды» деген қорытынды жасайды. Сонымен қатар өсімдіктердің тұқымдарын таратып, олардың көбеюіне көмектеседі



1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта