Педиатрия-1
ПЕДИАТРИЯ
5 КУРС ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА Емханаға анасы 3 айлық қызын алып келді. Айтуынша баланы 3 апталығынан бастап аралас тамақтандырған.Қарап тексергенде бет жағында гиперемия, ісіну, жарылған, сүт қыртысы, бала мазасыз, ұйқысы дұрыс емес.
Қандай диагноз болжамды болып табылады:
лимфа-гипопластикалық
аллергиялық дерматит
экссудативті-катаральды диатез +
диатез
жөргектік стрептодермия Терлеу,мазасыздық шағымдарымен 6-айлық бала ауруханаға түсті. Тексеру барысында бірнеше симптомдар анықталды: краниотабес, бұлшықеттердің босаңсуы және шүйде аймағының тегістелуі.
Қандай диагноз болжамды болып табылады:
хондродистрофия
Де Тони-Дебре –Фанкони ауруы
спазмофилия
фосфат-диабеті
рахит + Емханаға анасы 7 айлық баласын алып келді.Уақытында туылған және салмағы 3000грамм болған.Қазіргі уақытта салмағы 9350гр. Объективті зерттегенде:терісі таза,тіндік тургор жоғарылаған.Ішкі органдар тарапынан ауытқулар байқалмайды.Баланың жағдайын бағалаңыз
паратрофияның 1-ші сатысы+
гипостатура
нормотрофия
хондродистрофия
семіздік 6 жастағы қыз бала емханаға салмақ қосудың жоқтығына, өсу қарқынының төмендігіне, бастың және аяқтың ауыруы, іштің кебуі, жиі көп нәжістің шығуына, құсу эпизодтары сияқты шағымдармен келді. Баланың 6-айлық кезінде іштің кебуі мен мазасыздық пайда болған.(Анасы оған дәнді дақылдан - геркулес кашасын берген). 1,5 жылдан аса балада іштің ауыруы,оның мөлшерінің ұлғаюы,үрленуі,құсу белгілері болған. Болжамды диагноз қандай:
панкреатит
азық-түліктен аллергия
целиакия
тітіркенген ішек синдромы
муковисцидоз+ Емханаға анасы жаңа туған 1-айлық нәрестесін алып келді.Шағымы баласының үнемі мазасыздығы.Сәбидің туылғандағы салмағы 3700грамм,қарап тексергенде - 4000 грамм. Тамақтандыру арасы 3,5сағатты құрайды.Ал кешкі тамақтандыру аралығы 6 сағат. Әр тамақтандырудан кейін анасы 20-30 грамм сүт сығып алады.Бақылау барысында бала 100 грамм ана сүтін емген.
Бұл жағдайда қандай ұсыныс қажет?
ештеңені өзгерпейді
лактацияны дәрі-дәрмекпен арттыру
қосымша сүтпен тамақтандыру
7-8 рет тамақтандыруға ауыстыру+
донорлық сүтпен тамақтандыру Педиатр бөлімшесіне анасы 6 айлық қызын алып келді.Нәресте ана сүтін емеді. Қосымша балаға алма және лимон сусындарын,жеміс-жидек пюресін,жұмыртқаның сарысын береді.Бала жасына сай дамиды.
Сәбиге қандай қосымша тамақтандыру түрін берген дұрыс:
сәбіз шырынын беру
жарма ботқасын беру
көкеніс пюресін енгізу+
ет пюресін беру
сүзбе беру Анасы 10 күндік баласын педиатрия бөлімшесіне әкелді.Қорытылмаған сүттен кейін болатын үздіксіз кекіруге шағымданды. Анамнезінде:анасы жас,алғашқы баласы.Бала уақытына жетіп туылған.Жүктілік пен босану патологиясыз өткен. Объективті зерттегенде: жағдайы қанағаттанарлық.Тері жамылғысы таза,ашық-қызыл түсті .Органдар мен жүйелер бойынша айтарлықтай өзгерістер жоқ.
Сіздің тактикаңыз:
тамақтандыру реті бойынша ұсыныс+
құсуға қарсы препарат тағайындау
ферментті препараттар тағайындау
жасанды тамақтандыруға ауыстыру
аралас тамақтандыруға ауыстыру
Егер психофизикалық дамуында артта қалу қаупі бар, есту және көру қабілеті төмендеген, неврологиялық белгілері бар балалар анықталған кезде медицина қызметкері оларды жібереді:
терапевтке
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға
психологқа
невропатологқа+
Дәрігер қарауына анасы 8 жасар қызын алып келді.Шағымдары:әлсіздік,сүйектердің ауырсынуы,мұрын қанауы, ауру жедел пайда болған .Қарап тексергенде: терінің бозаруы, денеде геморрагиялық бөртпелер байқалады.Бауыр қабырға астынан 4 см-ге шығыңқы, тығыздығы жұмсақ-эластикалық көкбауыр пальпацияланады.ЖҚА - Нв – 86 г/л, эритроциттер – 1,5х1012/л, лейкоциттер – 25х109/л, лимфобластар – 60%, с/я – 20%, лимфоциттер – 12%. Болжамды диагноз қандай?
Жедел миелобласты лейкоз+
Созылмалы лимфолейкоз
Жедел лимфобласты лейкоз
Инфекциялық мононуклеоз
Гипопластикалық анемия Дәрігер қарауына анасы 2 жасар баласын алып келді. Анасының айтуынша таңертен баласының тізе буын аймағынан ісік байқаған. Баласы жүре алмағанЖарты жыл бұрын мұрыннан ұзақ қан кеткен, дәрігерге қаралмаған.Бала хирургиялық бөлімшеге жатқызылған,бірақ хирургиялық патологиядан жоқ. Педиатр консультациясына шақырылған.
Баладағы болжамды диагноз қандай?
гемофилия
ИТП
Жедел лимфобласты лейкоз
тромбоцитопатия
Виллебранд ауруы+
Дәрігер қабылдауына анасы 2 жасар баласын алып келді.Шағымдары:мұрын қанауы,денедегі көгерулердің дамуы,тәбеттің төмендеуі, дене температурасы субфебрильді. Объективті: интоксикация симптомдары,перифериялық лимфа түйіндерінің барлығы ұлғайған, Бауыр +3см, көкбауыр +5см дейін ұлғайған. ЖҚА- Нв 50г/л, тромбоциттер көру аймағында бірең сараң, лейкоциттер 185,0x10/л, лимфоциттер 72%, бласт жасушалары. 1%, ЭТЖ 50мм/ч.
Болжамды диагноз қандай
Жедел лейкоз+
вирусты бактериялды инфекция
ИТП
дефицитті анемия
гемолитикалық анемия Бала1 жаста. Жалпы практика дәрігерінің қабылдауына алып келді. Балаға егу күнтізбесі бойынша оған екпе салынады
АбКДС2 + ОПВ2+ Hib2
ВГВ3+ ОПВ4
RV БЦЖ + RV АДС+ RV ККП
ККП + ОПВ4+пневмо+
RV АбКДС + RV Hib
Қабылдауға анасы 6 жасар баласын әкелді. Іштің ауыруына, буындардың ісінуі, бөртпеге шағымданды. Екі апта бұрын лакунарлы баспамен ауырған. Төменгі аяқтар мен бөкселердің терісінде геморагиялық-папулярлы бөртпе, симметриялы,басқан кезінде жоғалып кетпейді, қышымайды. Қарап тексергенде:тізе буындарының ауырсынуы мен ісінуі , терең пальпация кезінде іштің ауыруы, перитонеальді тітіркену белгілері жоқ, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Қан анализінде-нейтрофилі бар орташа лейкоцитоз, ЭТЖ 29 мм/сағ.
Ең ықтимал болжамды диагноз қандай?
Ревматоидты артрит
Геморраргиялық васкулит+
Тромбоцитопатия
ЖҚЖ
Реактивті артрит
6 жастағы балада бір апта аралығында дене температурасының 37,5-ке дейін көтерілуі, қақырықпен қыңыр құрғақ жөтел, тәбеттің төмендеуі байқалады. Ауру біртіндеп тұрақты жөтелден дамыды. Тексеру кезінде: жұтқыншақтағы катаральды құбылыстар. Қабақтың конъюнктивасының қызаруы. Өкпеде-перкуторлы өкпе дыбысы, екі өкпенің барлық өрістерінде шашыраңқы, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.ЖҚА: лейк. -10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде қуысының R-граммында өкпеде біртекті емес ошақты инфильтрациясы байқалады. Қақырықтан микоплазма бөлінген.
Бастапқы антибиотикті көрсетіңіз
Азитромицин +
Амикацин
зиннат
Линкомицин
Цефтриаксон 8 жастағы балада 2 күн бойы бозару, ентігу, бұлшықет тонусының төмендеуі, мұрын - ерін үштарында цианоз белгілері байқалды, ТА жиілігі-50/мин, пульс-140/мин.Жауырын бұрышынан төмен перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, тыныс алудың әлсіреуі. Жүрек тондары үнсіз.
Болжамды диагноз қандай?
пневмония, ауруханаға жатқызу+
бронхиолит,үй жағдайындағы ем
муковисцидоз үй жағдайындағы ем бақылауды жалғастыру
бронхиалды астма, күндізгі стационарға жіберу
жедел бронхит
4 жастағы баланы дәрігердің қарауында: орташа ауырлықтағы баланың жағдайы анықталды.Тұрақты, құрғақ жөтел. Дене температурасы 37,4. Өкпенің үстінен перкуссиялық-қорапты дыбыс; аускультативті: тыныс алу екі өкпенің барлық өрістерінде жүзеге асады, дем шығару ұзарған, шашыраңқы құрғақ, ысқырықты сырылдар массасы, бір ылғалды орташа көпіршікті сырылдар естіледі.ТА жиілігі- 28/ мин. Кеуде қуысының рентгенографиясында: өкпе суреті ұлғайған , әсіресе өкпе тамырлары аймағында, өкпе тіндері ісінген, қабырғалары арасы кең және көлденең орналасқан. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай:
Жедел обструктивті бронхит+
Жедел бронхиолит
Жедел ошақты пневмония
Бронхиалды астма
Жедел бронхит Бала 5 жаста. Шағымдар: кеуде қуысының қысылу сезімі, жөтел, қиын тыныс алудың қайталанатын эпизодтары, әсіресе жануарлармен байланыста болған кезде. Балада жоғарыда аталған шағымдар физикалық жүктеме кезінде және суық тию кезінде күшейеді. Объективті зерттегенде : орташа ауырлық жағдайы. Кеуде қуысы эмфизематозды ісінген, аускультация кезінде екі өкпенің барлық өрістерінде ысқырықты сырылдар естіледі.Алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
Бронхиалды астма+
Обструктивті бронхит
Жедел бронхит
Ауруханадан тыс пневмония
Аллергиялық ринит Бала С., 3 жаста. Іш қатуға бейімділік соңғы 2,5 айда пайда болған. Периодты түрде нәжістің 2-3 күнге дейін шықпауы. Күнделікті тамақтануында ақуыз тағамдары басым – сүт, ет, жұмыртқа.
Іш қатудың ең ықтимал себебі болып табылатын факторды таңдаңыз:
неврогенді
алиментарлы+
эндокринді
тоқ ішектің даму анамолиясы
психогенді Т. қыз 11 жаста, торт жегеннен соң 3 сағаттан кейін сол жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, бірнеше рет жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болғанын айтты.Тексеру кезінде-Мейо-Робсон нүктесінде қатты ауырсыну. Диагнозды нақтылау үшін ең ақпаратты биохимиялық көрсеткішті атаңыз?
креатинин
трансаминазалар
сілтілі фосфатаза
амилаза+
билирубин
Анасы 1-жасар баласымен дәрігердің қабылдауында. Шағымы: әлсіздік, тамақтанудан бас тарту, дене температурасының 38,8 С дейін көтерілуі,ылғалды жөтел. Объективті: тері бозғылт, периоральды цианоз, тамақтану кезінде мұрын қанаттарының үрленуі,ТА жиілігі-62/мин дейін,қабырға аралықтардың тартылуы. Перкуторлы: өкпенің үстінде қораптың көлеңкесі, оң жақта жауырын асты аймақта тұйықталу, сол жерде тыныс әлсіреп, сырылдар күшейеді. ЖСЖ-160/мин. Зертханалық: ЖҚА: Нв-122 г/л, эр-3,8, L-14,8, ЭТЖ-27 мм/сағ.Алдын ала диагноз қандай?
Оң өкпенің төменгі бөлігіндегі ауруханадан тыс пневмония, ТЖ 0
Оң өкпенің төменгі бөлігіндегі ауруханадан тыс пневмония, ТЖ I
Оң өкпенің төменгі бөлігіндегі ауруханадан тыс пневмония, ТЖ II
Оң өкпенің төменгі бөлігіндегі ауруханадан тыс пневмония, ТЖ ІІІ+
Оң өкпенің төменгі бөлігіндегі ауруханадан тыс пневмония, инфекциялық-уытты шок, ДН III Анасының шағымы бойынша: тұрақты ұстамалы жөтел, қиын бөлінетін қақырық, ентігу белгілері.Қызы 4 жаста, физикалық дамудан артта қалған, тырнақ саусақтары "барабан таяқшалары"түрінде. Кеуде қуысы бөшке тәрізді. Кеуде қуысының рентгенографиясында: өкпе үлгісінің күшеюі, ауырлығы, торлылығы, ұяшықты болуы. Балаға муковисцидоз, өкпе формасы деген диагноз қойылды.
Қандай препарат бронхтардың дренаждық қызметін жақсартады?
Амброксол гидрохлориді
Глауцин гидрохлориді
Пертуссин
N-ацетилцистеин+
Мукалтин Емханаға анасы 6 жасар баламен жүгінді. Дене температурасының 38,2°C дейін көтерілуі,ылғалды жөтел ,жалпы әлсіздікке шағымданды.Ауру 3 күн бұрын мұрыннан су ағудан және гипертермиядан 38,4°C дейін, құрғақ жөтелден басталған .Содан кейін жөтел жиі және ылғалды болды. Тексеру кезінде: ылғалды жөтел, жұтқыншақтың жеңіл гиперемиясы, өкпеде - өкпе дыбысы, қатты тыныс алу, құрғақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар байқалды.
Қандай диагноз ең ықтимал :
жедел бронхит
жедел пневмония
жедел бронхиолит
жедел трахеобронхит+
жедел обструктивті бронхит Қыз бала 11 жаста. Бел аймағындағы сыздап ауырсыну, оң жақта, дене температурасының 39С дейін көтерілуі, қалтырау,бұлыңғыр зәр шығуына шағымданды. Объективті: тері жамылғысынң түсі әдеттегідей, ісіну жоқ, оң бүйректі пальпациялағанда ауырады, қан қысымы 100/ 70 мм.сын.Қан анализінде: лейкоциттер 16 х 109/л,ЭТЖ-41 мм/сағ.Зәр анализінде:салмағы 1009-1016, ақуыз 0,65 г/л, несеп тұнбасында лейкоциттер- толықтай, эритроциттер 1-2 көру аймағында, гиалинді цилиндрлер –жалғыз.Зерттеудің негізгі бірінші әдісін көрсетіңіз:
Бүйрек биопсиясы
Цистография, бүйректі ультрадыбысты зерттеу
Цистоскопия, бүйректі ультрадыбысты зерттеу
Зәрге бактериялық зертеу, бүйректі ультрадыбысты зерттеу+
тұрған қалпында экскреторлық урография
7 жастағы баланың зәрі қызыл, белі ауырады, АҚ. 100/60.
Ең оңтайлы диагноз және басқару тактикасы қандай?
Түсініксіз гематурия, зәр анализі, ЖҚА, креатинин, несепнәр, қандағы Ig a, бүйрек ультрадыбыстық зерттеу, бақылау+
Зәр шығару жүйесінің асқынған инфекциясы, цисто-урография
Бүйрек ісігі, онкологиялық кеңес
Тұқым қуалайтын нефрит, биопсия
Гломерулонефрит, цитостатиктер
6 жасар бала ауруханадан шығарылады. Шығару кезінде гормонға сезімтал нұсқасындағы нефротикалық синдром диагнозы көрсетілген , толық клиникалық және зертханалық ремиссия. Преднизолон терапиясын схема бойынша жалғастыру ұсынылды.
Осы пациентті диспансерлеудің ең ықтимал мерзімі қандай?
3 жыл+
1 жыл
5 жыл
жасөспірімдер кабинетіне өткенге дейін
Диспансерлеуге жатпайды Қыз бала М., 11 жаста, баспамен ауырғаннан кейін 3 аптадан соң бетінде, аяқтарында орташа ауырлықтағы ісінулер пайда болды, АҚ 130/70 мм сын.бағ., макрогематурия, протеинурия 2,4 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ, холестерин. 3,0 ммоль/л , ШФЖ 90 мл/мин.
Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз:
Нефритикалық синдром
Нефротикалық синдром+
Нефро-нефритикалық синдром
Оқшауланған зәр синдромы
Жылдам прогрессивті гломерулонефрит
Бала 10 жаста, айқын әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы туралы шағымдар. 4 жасында ісінген бүйрек ауруымен ауырған, содан кейін орташа протеинурия анықталды. Қабылдау кезінде: тері құрғақ, бозғылт-сарғыш реңді, ісіну жоқ. Жүректің шекаралары солға қарай кеңейген. АҚ 150/90 мм. сын.бағ.Қанда: Нв 55 г/л, креатинин екі рет 500 мкмоль / л. Зәрдің тәуліктік мөлшері-2300 мл. Несепте ақуыз 0,9 г / л, салмағы 1006, тұнбада: эритроциттер жалғыз. ШФЖ=14 мл/мин.
Емдеу тактикасын анықтау үшін диагноздардың қайсысы ең ықтимал екенін көрсетіңіз?
Поликистозды бүйрек ауруы
Жедел пиелонефрит
созылмалы гломерулонефрит
Созылмалы бүйрек ауруы, 4 кезең
Созылмалы бүйрек ауруы, 5 кезең+
9 жастағы қызда үнемі склераның сарғаюы байқалады, науқастың сіңлісінде екі рет осындай сарғаю болған. Бауыр сынамалары - жалпы билирубин - 38,8 мкмоль/л, тура-3,5 мкмоль / л. Тимол сынамасы – 3 бірлік. Бауырды сканерлеу-қалыпты жағдай.
Ең ықтимал диагнозды белгілеңіз:
вирусты гепатит+
туа біткен гемолитикалық анемия
Дабин-Джонсон синдромы
Жильбер ауруы
өт тас ауруы
Қыз бала Д. 10 жаста.Тамақтанғаннан кейін эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. 3 жыл бойы ауырады. Бала бозғылт, ашуланшақ. Тіл ақ жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрийде және пилородуоденальды аймақта орташа ауырсыну. Бауыр мен көкбауыр үлкеймеген. H. pylori сынағы оң. 3 компонентті терапия алды.
Helicobacter pylori эрадикациясын бақылаудың ең оңтайлы мерзімдерін таңдаңыз:
бірден емдеуден кейін
4-6 аптадан кейін+
1-2 аптадан кейін
6 айдан кейін
12 айдан кейін
10 жастағы қыз диагнозы: гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы.
Осы ауруды емдеуде ең тиімді препаратты көрсетіңіз?
мотилиум
урсосан+
креон
месалазин
фламин
|