Моча.Стандарты. Отдельно НЕСЕП. Батыс азастан медициналы колледжі Оытушы
Скачать 93.29 Kb.
|
5. Стандарт: Несептің кұрамындағы ақуызды сапалық анықтау және табу Мақсаты: Несептің құрамындағы ақуызды анықтау үшін дағдылану (2 әдіс): 1. Ақуызды сульфосалицил қышқылымен әсер етуін табу Зерттеу әдісі: химиялық. Әдістің мақсаты: ақуыз сульфосалицил қышқылымен лайланады. Қосымша материалдар: Центрифуга Центрифугалық пробирка Штатив пробиркаларға арналған 1мл пипетка Пастер пипеткасы Реактивтер: 20% сульфосалицил қышқылының ерітіндісі Басқа да жұмсалатын материалдар: Медициналық қолғап Дезинфекциялық ерітінді Қоқысқа арналған сыйымдылық Қара фон (қара қағаз) Әйнекке арналған қарандаш Талдау бланкісі Қорытынды нәтижелерін тіркейтін журнал Іс-әрекет алгоритмы: 2 центрифугалық пробирканы алыңыз (тәжірибе және бақылау) Екі пробиркаға да 1мл центрифугадан өткен несепті құйыңыз Тәжірибелі пробиркаға 1-2 тамшы 20% сульфосалицил қышқылын тамызыңыз Араластырыңыз Қорытындысын бағалаңыз: оң нәтиже болса лайлану пайда болады. Қара фонда тәжірибелі және тексеруге арналған пробирканы қараңыз Анализ бланкісін жазыңыз Талдау нәтижесін қалыпты жағдаймен салыстыр. Қалыпты жағдай: несепте ақуыз жоқ. Зерттеуге түсіндірме беріңіз. ІІ. Геллер сынамасы (сақиналы сынама) Зерттеу әдісі: химиялық. Әдістің мақсаты: несепті реактивке тамызғанда жіңішке сақина тәрізді қабат пайда болады. Қосымша материалдар: Центрифуга Центрифугалық пробирка Штатив пробиркаларға арналған 1мл пипетка Пастер пипеткасы (көзге арналған пипетка) Реактивтер: 50% азот қышқылы Ларионов реактиві (100мл суға 20-30г NaCl ерітіп қыздырыңыз, салқындатып, сүзіңіз. 99 мл фильтратқа 1мл концентрленген азот қышқылын қосыңыз). Басқа да қосымша материалдар: Медициналық қолғап Дезинфекциялық ерітінді Қоқысқа раналған сыйымдылық Қара фон(қара қағаз) Әйнекке арналған қарандаш Анализ бланкісі Қорытынды нәтижелерін тіркейтін журнал Іс-әрекет алгоритмы: Ценртифугалық пробиркасына 1мл реактив құйыңыз 2. Центрифугирленген несепті пробирканың қабырғасымен қабаттаңыз 3. Қорытындысын бағалау: ақуыз пайда болса екі сұйықтықтың шекарасында ақ сақина пайда болады. 4. Қорытынды бланкісіне жазыңыз 5. Анализді қалыпты мөлшермен салыстыр. Мөлшері: несепте ақуыз жоқ. 6. Зерттеуге түсініктеме беріңіз. Функциалды және органикалық протеинурия пайда болады. Ескерту: егер несеп сілтілі болса 2-3 тамшы әлсіз сірке қышқыл ертітіндісін тамызады. Геллер сынамасы сезімтал емес. Стандарт: Несептегі нәруызды сандық әдіс арқылы анықтау. Мақсаты: Тәжірибе барысында несептегі нәруыздың концентрациясын сандық әдіспен анықтауды дағдылану (2 әдіс арқылы). І. Нәруызды сульфосалицил қышқылы арқылы анықтау. Зерттеу әдісі: химиялық, нефелометриялық. Мақсаты: Сульфосалицил қышқылы несептің лайлануын туындатады, себебі қарқындылығы несептегі ақуыз концентрациясына пропорциональ болып табылады. Керекті жабдықтар: Фотоэлектроколориметр Химиялық пробиркалар 5,0 мл, 2,0 мл пипеткалар Пробиркіге арналған штативтер Реактивтер: Сульфосалицил қышқыл ерітіндісі 3% Натрий хлорид ерітіндісі 0,9% Нәруыздың стандартты ерітіндісі 1% Басқа да қажетті жабдықтар: Медициналық қолғаптар Зарарсыздандырғыш ерітінді Қалдықтарды салуға арналған қалып Әйнекке жазатын қарандаш Талдау нәтижесін жазатын қағаз Талдау қорытындысын тіркеуге арналған журнал Жұмыс жасау тәртібі: Химиялық пробиркіге 1,25 мл центрифугаланған несепті құю керек. Несепке 3,75 мл 3% сульфасалицил қышқылын қосыңыз. Араластырыңыз Әрбір 5 мин сайын 590-670 нм (қою сары немесе қызыл жарық толқыны) жарық толқынында бақылау ерітіндісіне қарама-қарсы қарап тұру қажет. Бақылау: 1,25мл пробиркіге центрифугаланған несепті құямыз, содан соң оған 3,75 мл 0,9% натрий хлориды ерітіндісін қосамыз. Талдау қорытындысын калибрлік график арқылы немесе алдын ала дайындалған кесте бойынша қараңыз. Талдау қорытындысына арналған қағазға жазамыз. Талдау қорытындысын қалыпты жағдаймен салыстырып, бағалаймыз. Қалыпты жағдайда: несепте ақуыз болмайды. Талдауды сараптаңыз. Ескерту: Калибрлік кестені құру үшін ақуыздың 1% калибрлік ерітіндісін физиологиялық ерітінді арқылы соңғы концентрациясына дейін ерітеді: 0,05; 0,1; 0,2; 0,5 және 1 г\л әрбір ерітіндіні несеп үлгісімен қарайды. Шектілігі 1 г\л сақталады егер несептегі концентрациясы шектен жоғары болса, оны физиологиялық ерітіндімен сұйылтып нәтижесін қанша рет сұйылтқан санға көбейтеміз. Несптегі ақуызды сандық әдіс арқылы анықтау барысында, келесі ережелерді сақтау қажет. Несептегі нәруызды сандық әдіс арқылы қарау үшін, тек қана сапалық әдіс кезінде оң нәтиже көрсеткен несептер қаралады. ІІ. Нәруызды Брандберг-Робертс-Стольников әдісі арқылы анықтау. (сұйылту әдісі) Зерттеу әдісі: Химиялық Мақсаты: Бұл әдіс негізінен несеппен реактив арасында 2-3 минут аралығында жіңішке сақинаның пайда болуына байланысты. Қажетті жабдықтар: 1) Центрифугалық немесе видаль пробиркалары 2) Пипеткалар 1,0 мл 3) Құм сағат 2мин, 3мин. 4) Пробиркаға арналған штатив Реактивтер: 1) 50% азот қышқылының ертіндісі 2) Ларион ертіндісі Басқада қажетті жабдықтар: Медициналық резеңке қолғап Зарарсыздандырғыш ертінді Қалдықтарды салуға арналған қалып Әйнекке жазатын қарандаш Қара түсті қағаз Талдау нәтижесін жазатын қағаз Талдау қортындысын тіркеуге арналған журнал Жұмыс жасау тәртібі: Цинтрифугалық пробиркаға 1мл бір ертіндіні құйыңыз Зарарсыздандырғыш ерітінді. Қалдықтарды салуға арналған қалып. Әйнекке жазатын қараныш Қара түсті қағаз Талдау нәтижесін жазатын қағаз Талдау қортындысын тіркеуге арналған журнал. Жұмыс жасау тәртібі: 1) Центрифугалық пробиркаға 1мл бір ертіндіні құйыңыз 2) Үстіне абайлап пробирка бойымен сондай көлемде 1мл центрифугаланған несепті құйыңыз. 3) Қара түсті қағазға қараңыз, екі сұйықтық арасында сақина пайда болғанын қараңыз. 2 және 3 минут аралығында жіңішке сақина пайда болуы несепте 0,033г/л нәруыздың барын білдіреді. 4) Егер сақина бастапқыда пайда болған болса сумен араластырып және қайта қараңыз. Несептің сұйылту дәрежесі сақинаның түріне, қалыңдығына және пайда болу уақытына байланысты. 5) Нәруыз санын 0,033г/л көбейту арқылы нәтижесін жазамыз. 6) Талдау қорытындысына арналған қағазға жазамыз 7) Талдау қортындысын қалыпты жағдаймен салыстыра отырып, бағалаңыз. Қалыпты жағдайда:несепте нәруыз болмауы қажет. Талдауды сараптаңыз. Протинурияның әртүрлі сатысында нәруыз байқалады. Функциялық протинурия кезінді (бүйректің паренхимиясы зақымданбайды.)-жаңа туған нәрестелерде, физикалық жүктемелерде, күйзелістерде нәруызға бай тағамды пайдаланғанда болады. Органикалық протинурия (бүйректің паренхимиясы зақымданады)-гломерулонефрит, омилоидоз, диабетикалық нефропатия, пиелонефрит, ісік және басқалар Ескерту:0,033 г/л бұл нәруыздың қалыпты жағдайдағы концентрациясы теріс үлгілі болады. 7. Стандарт: Несепті глюкозаны сапалық анықтау Мақсаты: Несеп үлгісіндегі глюкозурияны анықтау үшін сапалық әдісін дағдылану. Зерттеу барысы: химиялық, Гайнес-Акимов реакциясы. Әдістің мақсаты глюкозаның қабілетіне негізінен, қалпына келтіру қыздыру кезінде сілтілі ортада сутек қышқылы көп түсті мыс сары түсті, сары түсті мыс және қызыл түсті мыс. Құрал-жабдықтар: Химиялық пробирка 5,0 мл, 1,0 пипеткалар Пастер пипеткасы Сулы моншасы 1 минуттық құмсағат Пробирканы қоюға арналған штатив Пробирка ұстағыш Реактивтер: Акимов реактиві Реактивтің дайындалуы: 13,3 г кристалды мыс сульфатын 400 мл дистелденген суда ерітеді. 50,0 г күйдіргіш натрийді 400 мл дистелденген суға араластырамыз. 15,0 г глицеринді 200мл дистелденген сумен араластырамыз. Бірінші және екінші ерітінділерді араластырғанда үшінші ерітінді пайда болады. Ол тұрақты реактив болады. Басқа да жабдықтар: Медициналық қолғаптар Зарарсыздандырғыш ерітінді Қалдықтарды салуға арналған қалып Әйнекке жазатын қарандаш Талдау нәтижесін тіркейтін журнал Жұмыс жасау тәртібі: Химиялық пробиркіге 9 тамшы Гайнес реактивін құйыңыз. 1-тамшы несепті қосыңыз Қайнаған сулы моншаға 1 минут қойыңыз Нәтижесін бағалаңыз. Ашық көк түстің сары түске ауысуы, тұнбада қызыл түстің байқалуы несеп құрамында қанттың бар екенін дәлелдейді. Талдау қорытындысына арналған қағаздарға жазамыз. Нәтижесін бағалап, қалыпты жағдаймен салыстырамыз. Қалыпты жағдайда: несепте қант болмайды. Талдау қорытындысын сараптау. 8. Стандарт: Индикаторлық жолақша арқылы зәрдегі глюкозаны анықтау Мақсаты: Несеп сынамасындағы құрғақ химия көмегі арқылы глюкозаны табу. Зерттеу әдісі: Ферментативті. Ферменттің глюкозооксидазасы көмегімен глюкозаны тотығу-тотықсыздану ерекшелігімен зерттеу принципі, ұйымдасқан сутегі тотығы бөлшектеніп бояғыш затты тотықтырады. Материалдық ресурстар: Реактивті қағаз «Глюкотест» Реактивті қағаз «Диабур-тест» Реактивті қағаз «Биоксан» глюкозаға Т.б. тест жолақшалары Басқа тұтынатын материалдар: Медициналық қолғап Дезинфекциялаушы ерітінділер Қалдықтарға арналған ыдыс Пластмасса тілімше (пластина) Іс-әрекет алгоритмі: Зерттелетін зәрге индикаторлық қағазды батыру, сары жолақты түгелдей сулаймыз. Индикаторлық қағазды шығару, пластмассты пластинкаға салып, сол қалпында 2 минут ұстап тұру. 2 минуттан соң түсті шәкілге (шкалаға) қойып салыстырамыз. Жұмыс нәтижесін бағалаңыз: глюкоза мазмұнын түсті шкалаға қарап қай түске сай келетінін анықтаймыз. 9. Стандарт: Зәрдегі глюкоза мөлшерін анықтау. Мақсаты: Зәрдің тәуліктік сынамадағы глюкоза концентрациясының ұйымдастыру дағдысын анықтау. Зерттеу әдісі: колориметрлік. Альдгаузен әдісі. Глюкозаны сілтілі ортада қайнатқан кезде гуминді зат және сүт қышқылының қосылысы күңгірт - қызыл түс береді. Материалдық ресурстар: Фотоэлектроколориметр Альдгаузен сахариметрі. Химиялық пробиркілер Пипеткілер 5,0 мл, 1,0 мл. Су моншасы. Құм сағаты. Штатив (пробиркаға арналған). Пробирка ұстағыш. Реактивтер: 10% NaOH Дистелденген су. Стандарттық глюкоза ерітіндісі 222 ммоль/л (1г. кептірілген глюкозаны 25 мл мөлдір ақуызсыз несепке араластырады). Мөлдір ақуызсыз несеп. Қосымша материал: Медициналық қолғап. Дезинфекциялық ерітінді. Қалдықтарға арналған сыйымдылық. Аузы кең ыдыс. Әйнекке арналған қарындаш. Талдау бланкісі. Қорытынды нәтижелерін тіркейтін журнал. Іс-әрекет алгоритмі: Химиялық пробиркаға 4 мл зәрді құйыңыз. 1 мл 10% NaOH ерітіндісін құйыңыз. Қайнап жатқан су моншасына 3 минутқа қойыңыз. Салқын суы бар ыдысқа салып салқындатыңыз. 10 мин-тан кейін колориметрлейміз: жасыл светофильтр (540 нм), кювета 5 мм. Бақылау сынамасы дистелденген су. Нәтижесін бағалаңыз: калибрлі кестеден глюкоза санын табыңыз (ФЭК болмаған жағдайда) немесе Альтгаузен сахариметрінен қараңыз. Қорытынды бланкісін жазыңыз. Талдауды бағалаңыз: қалыпты жағдаймен салыстырыңыз. Қалыпты жағдайда: зәрде қант болмайды. Зерттеуге түсініктеме бер Физиологиялық гипергликемия (алиментарлы, эмоционалды), дәрі-дәрмек қабылдаған кезде нәтижесінде несептің құрамында глюкоза пайда болады. Егер оның концентрациясы қанда 8,88-9,99 ммоль/л ал балаларда 10,55-12,76 ммоль/л. көбейген кезде, несептің құрамында қант пайда болады. Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, гипертериозде, бауыр патологиясында, бүйректе, ОЖЖ тітіркенуінде, бүйрек патологиясында байқалады. Ескерту: Калибрлік кестені алдын ала дайындап, фотоколориметрді ауыстырар алдында кестені жылына 1 рет тексеру керек.
Альтгаузен сахариметрін алдан-ала дайындауға болады, ол үшін глюкоза концентрациясының серияларын дайындап, тәжірибе түрінде жасап, пробиркаларды тығындау керек. Қараңғы жерде сақтаса сахариметр 2 аптаға жарамды. 10. Стандарт: Зәрде кетон денелерін анықтау Мақсаты: Несеп сынамасында кетонурия пайда болуының сапалық дағдысын ұйымдастыру Зерттеу әдісі: Химиялық, Ланге сынамасы. Мақсаты: натрий ниторпрусиді сілтілі ортада кетонды денелермен әрекеттесіп, қызыл-күлгін түсті жиынтық құрайды. Материалдық ресурстар: Центрифугалық пробиркалар Пипеткалар 0,5мл 1,0 мл Құм сағат 3 мин Пробиркаларға арналған штатив Реактивтер: Натрий нитропруссид ерітіндісі 5% (Зерттеу алдында әзірлейді) Концентрленген сірке қышқылы Сулы аммиак ерітіндісі 25% Қосымша материалдар: Медициналық қолғап Дезинфекциялық ерітінді Қоқысқа раналған сыйымдылық Қара фон (қара қағаз) Әйнекке арналған қарандаш Анализ бланкісі Анализ және олардың қорытындыларын тіркейтін журнал Іс-әрекет алгоритмы: Центрифугалық пробиркаларға 3мл несеп құйыңыз Үстіне 0,5 мл натрий нитропруссидін және 0,5мл концентрленген сірке қышқылын құйыңыз Араластыңыз 1,0мл аммиак ерітіндісін ақырындап қабырғасымен құйыңыз Нәтижесін бағалаңыз: егер 3мин ішінде шекарада аммиакпен бірге қызыл-күлгін түсті сақина түзілсе сынама оң нәтижелі Анализ бланкісін жазыңыз Анализді мөлшермен салыстырып бағалаңыз. Қалыпты мөлшері: сынама теріс Зерттеуге түсініктеме беріңіз Несептің құрамында кетон денелерінің көбеюі ауыр қант диабеті, ұзақ ашығу, кахексия, лихорадка, көмірсусыз тағам қабылдаған кезде, бүйректік глюкозурия кезінде, инфекциялық ауруларда және улануларда, операциядан кейінгі жағдайларда байқалады. 11. Стандарт: НЕСЕПТІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ КЕТОН ДЕНЕЛЕРІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ ЖОЛАҚТАРЫН ҚОЛДАНЫП АНЫҚТАУ Мақсаты: Несеп құрамындағы кетон денелерін құрғақ химия қолданып технологиялық дағдыларын үйрену Зерттеу әдісі: Химиялық. Мақсаты нитропруссид натрий әсерінен реакцияға түсуіне негізделген Материалдық ресурстар: тест-жолақтар Биаскан Кетофанэ Пентофан Кетодиабур-тест Басқа да тест жолақтар Қосымша материалдар: Медициналық қолғап Дезинфекциялық ерітінді. Қалдықтарға арналған сыйымдылық Пластмасты пластина Іс-әрекет алгоритмі: Тексеруге арналған несепке индикатор қағазындағы жолақтарды толық батыру керек. Индикатор қағазын алып тастаңыз, оны плстмасты пластинкаға салып осы жағдайда 2 минут ұстаңыз. Түрлі түсті шкаланы 2 минут ішінде қарап салыстырыңыз. Зерттеу қорытындысын бағалаңыз: кетонды денелердің болуы тест жолағындағы түстердің өзгеруіне алып келеді. Ескерту: тест жолақтары кез-келген өндірістен болуы мүмкін. 12. Стандарт: НЕСЕПТЕ ӨТ ПИГМЕНТІН АНЫҚТАУ. Мақсаты: несеп сынамасында билирубинурияны анықтау дағдыларын жетілдіру. І. Зерттеу әдісі: химиялық, Розин сынамасы. Мақсаты: қышқылдың әсерінен билирубиннің жасыл түсті биливердинге айналуына негізделген. Қолданатын ыдыстар мен жабдықтар Центрифуждық пробиркалар Пипеткалар 1,0 мл, 5,0 мл. Пробирка үшін штатив Реактивтер: Йодтың спирттік ерітіндісі 1% Люголь ерітіндісі (1г йод, 2г калий йоды, 300мл дистилденген су) Қажетті құрал – жабдықтар: Медициналық қолғап Дезинфецирлеуші ерітінді Қалдыққа арналған қорап Заттық әйнекке арналған карандаш Анализ бланкасы Анализді тіркеуге және қорытындысына арналған журналы Іс-әрекет алгоритмі: Центрифуждық пробиркіге 4мл несепті құйыңыз. 1мл реактивтің біреуін ақырын қабырғасымен қабаттаймыз. Егерде несепте өт пигменттері бар болса, екі сұйықтықтың арасында жасыл сақина пайда болады-сынама оң. Анализ бланкасын толтырыңыз. Анализді қалыпты жағдаймен салыстырыңыз. Қалыпты жағдайда: сынама теріс Зерттеу нәтижесіне сипаттама беріңіз. ІІ. Зерттеу әдісі: химиялық, Гаррисон-Фуше сынамасы. Мақсаты: қышқылдың әсерінен билирубин пурпур-қызыл билипурпурға айналып, кейін биливердинмен араласып, көк-жасыл түс беруіне негізделген. Қолданатын ыдыстар мен жабдықтар Химиялық пробиркалар Пипеткалар 1,0 мл, 5,0 мл. Химиялық воронка Лоток Пробирка үшін штатив Реактивтер: Барий хлорид ерітіндісі 15% Фуше реактиві (25г трихлоруксус қышқылын 100мл дистилденген суға ерітіп, 10мл 10% темір хлорид ерітіндісін қосамыз) Қажетті құрал – жабдықтар: Медициналық қолғап Дезинфецирлеуші ерітінді Қалдыққа арналған қорап Фильтр қағазы Заттық әйнекке арналған карандаш Анализ бланкасы Анализді тіркеуге және қорытындысына арналған журналы Іс-әрекет алгоритмі: Химиялық пробикіге 10мл несепті құйыңыз. 5мл 15% барий хлорид ерітіндісін қосыңыз. Араластырып, басқа пробиркаға фильтрлеңіз. Фильтрді алып, лотокқа қойыңыз. Фильтрдің ортасына 2 тамшы Фуше реактивін тамызыңыз. Фильтрде көк-жасыл дақтар пайда болса, билирубиннің болуын көрсетеді-сынама оң. Анализ бланкасын толтырыңыз. Анализді қалыпты жағдаймен салыстырыңыз. Қалыпты жағдайда: сынама теріс Зерттеу нәтижесіне сипаттама беріңіз. Жана туылған балаларда физиологиялық сарғаю бауыр функциясының жетіспеушілігіне байланысты, билирубин коньюгациясының транзиторлық жетіспеушілігінде болады. Билирубинурия паренхиматозды сарғаюда (Боткин ауруы, бауыр циррозы, токсико-аллергиялық гепатиттерде); өт ағу жолының бұзылысында байқалады. Ескерту: Фуше реактиві сезімтал болып келеді, сондықтан оны тек күмәнді жағдайларда ғана қолданған жөн. 13. Стандарт: ЗЕРДЕГІ УРОБИЛИНДІ АНЫҚТАУ. Мақсаты: Зәрдегі уробилинді сапалы анықтауды дағдыланып үйрену. Зерттеу әдісі: химиялық, Богомолов сынамасы. Принципі: уробилин мыс сульфатымен ақшыл-қызыл түсті қосылыс түзеді. Құрал-жабдықтар: Химиялық пробиркілер 10,0 мл, 2,0 мл пипеткілер. 5 минуттық құм сағат. Резеңке тығын Пробиркаға арналған штатив. Реактивтер: 10%-дық натрий ерітіндісі. Мыс сульфатының қаныққан ертіндісі: 23 г. CuSO4-5H2O 100 мл дистелденген суда ерітеді. Хлороформ Концентрленген тұз қышқылы Қосымша құрал жабдықтар: Медициналық қолғаптар. Зарарсыздандырғыш ерітінді. Қалдықтарға арналған ыдыстар. Әйнек қарындашы. Анализ бланкілері. Талдау қорытындысын тіркеу журналы. Іс-әрекет алгоритмі: Химиялық пробиркілерге 10 мл зәрді құйыңыз. 2 мл мыс сульфатының қаныққан ерітіндісін қосыңыз. Егер лай түзсе ерітінді мөлдірленгенше концентрлі тұз қышқылының бірнеше тамшысын қосыңыз. 5 мин-тан кейін 2 мл хлороформ қосып, тығынын жауып, бірнеше рет сілкіңіз. Нәтижесін бағалаңыз: егер хлороформ қызғылт түске боялса, онда зәрдегі уробилин мөлшері қалыпты. Талдау бланкісін толтырыңыз. Талдау қорытындысын қалыпты мөлшермен салыстырып бағалаңыз. Қалыпты жағдайда: сынама теріс. Зерттеу нәтижесіне сипаттама беріңіз. Уробилинурия бауыр паренхимасының (гепатит, цирроз) зақымдануы кезінде, ішектің гемолитикалық жағдайы мен ауруларының (энтериттер, іш өту, іш қату) көріністерінде байқалады. Уробилиноидтың мүлдем болмауы ішекке өттің түсуінің толықтай бұзылғанын көрсетеді. Ескерту: сынаманы тек мөлдір зәрге қояды, егер зәр лайлы болса, оны сүзу керек. 14. Стандарт: Зәрден қан пигментін анықтау. Мақсаты: несептің құрамындағы гемоглобинурияның пайда болуын зерттеп дағдылану. Зерттеу әдісі: химиялық, амидопирин реакциясы. Мақсаты: қан пигменті, пероксидазды қасиетке ие болу, сутек асқын тотығының ыдырауы, белсенді қышқылдан босату, қышқылдық зат бола алатын, амидопиринмен реакцияға түскен кезде әр түрлі түске боялуына (амидопирин) негізделген. Материалдық ресурстар: Центрифугалық пробирка Пипеткалар 5,0 мл,1,0мл. Процедуралық сағат Резеңке тығын Пробиркаға арналған штатив Реактивтер: Сірке қышқылы ерітіндісі 30% Спиртті амидопирин ерітіндісі 5% (5гр амидопирин 95мл 96◦спиртта ерітіледі, содан кейін 5мл дистелденген су құяды). Сутек тотығы ерітіндісі 3% Қосымша материалдар: Медициналық қолғап, Дезинфекциялық ерітінді Қоқысқа арналған сыйымдылық Әйнекке арналған карандаш Талдау бланкісі Қорытынды нәтижелерін тіркейтін журнал Іс – әрекет алгоритмі: Химиялық пробиркаға 5мл несеп құй Үстіне 1мл салқын сірке қышқылын құй Пробирканы тығыз резеңке тығынмен тығында Қоспаны араластыр 8-10 тамшы 5% амидопирин, 8-10 тамшы 3% сутек тотық ертіндісін құй. Қайтадан араластыр. Нәтижені бағала: егер несепте қан болса, онда 10-15 минуттан пробиркадағы сұйықтық көк - күлгін түске боялады. Анализ бланкісін жазыңыз Анализдің нәтижесін қалыпты мөлшерімен салыстырып бағалаңыз. Қалыпты мөлшері: сынама теріс. Зерттеуге түсініктеме беріңіз. Гемоглобинурия қылтамыр асты эритроциттер гемолизденген кезде: гемолитикалық жағдай, гемолитикалық умен улану (қорғасын, фосфор, бензол) кезінде байқалады. Ескерту: зерттеу жұмысын жаңадан шығарылған және жақсы араласқан өте таза ыдыста тұрған несепке жүргізеді; тұрып қалған несепте пероксидазалық қасиеті жоқ гемоглобин метгемоглобинге айналады, зерттеудің теріс қорытындысы болуға себеп болады; Реакция үшін химиялық таза және жаңадан дайындалған реактивтер қолданылады. 15. Стандарт: НЕСЕП ТҰНБАСЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ Мақсаты: Морфологиялық қасиеті бойынша несеп тұнбасындағы элементтерді анықтау үшін микроскопиялық талдауды қолдану. Зерттеу әдісі: Микроскопиялық. Мақсаты: Несепті центрифугалау кезінде алынған несеп қалдығын нативті препараттармен микроскопиялық зерттеу. Керек құрал – жабдықтар: Центрифуга Микроскоп Центрифугалық пробирка 10 мл-лік пипетка Заттық және жабынды әйнек Пастер пипеткасы Пробиркалық штатив Қосымша материалдар: Медициналық қолғап Дезинфекциялық қорытынды Қалдықтарға арналған қорап Талдау бланкісі Талдаудың қорытындысы мен тіркеме журналы Іс-әрекет алгоритмі: Тұнбаны 10мл көлемінде центрифугалық пробиркаға жинаңыз 5мин 1500айн/мин центрифугалаңыз Пробиркадағы тұнба үстіндегі сұйықтықты бос банкаға тез құйыңыз Тұнбаны араластырып, тұнба тамшысын пастер пипеткасымен заттық шыны әйнекке жағыңыз, үстінен жапқыш әйнек жабыңыз Препаратты ққарап шығыңыз: жалпы көру алаңын табу үшін кіші ұлғайтқышпен (окуляр 7, 10; объектив 8), сандық құрамын үлкен ұлғайтқышпен (окуляр 7, 10; объектив 40) конденсор түсірулі, қараңыз. Нәтижесін бағала: көру аймағындағы сандық мөлшері немесе препараттағы саны бойынша сандық баға беріңіз. Анализ бланкісін толтырыңыз Талдау нәтижесін қалыпы жағдаймен салыстыра отырып бағала. Қалыпты көрсеткіштер: көру аймағында эритроциттерде 0-2, лейкоциттер ер адамда 0-3, әйелдерде 0-5, тегіс және ауыспалы эпителий клеткалары көру аймағында бірең-саран. Зерттеу нәтижесіне сипаттама бер. Несеп тұнбасындағы лейкоциттер санының көбейуі, бүйрек пен несеп жолының қабынуын дәлелдейді. Гематурия - бүйрек паренхемасында несеп жолының қабынуында болуы мүмкін. Цилиндрурия – бүйрек парехемасы қабынуының симптомы болып табылады. Ұйымдаспаған несеп тұнбасының ерекше диагностикалық маңызы жоқ. Ескерту: Зерттеу үшін таза банкаға жиналған таңертеңгі несеп бөлігін алу керек. 16. Стандарт: Горяев камерасының құрылымы. Мақсаты: Горяев камерасының құрылысы мен элементтерді санауға дайындау техникасымен таныстыру. Камера тор көздері бар тікбұрышты әйнектен тұрады. |