Главная страница
Навигация по странице:

  • Қ

  • « Күршім ауданының білім бөлімі » мемлекеттік мекемесінің Әдістемелік кабинеті

  • баяндама. Жаңартылған бағдарлама. Баяндама. Білім мазмныны жаарту жадайында Блум таксономиясын олдану


    Скачать 84.29 Kb.
    НазваниеБаяндама. Білім мазмныны жаарту жадайында Блум таксономиясын олдану
    Анкорбаяндама
    Дата19.09.2022
    Размер84.29 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаңартылған бағдарлама.docx
    ТипДокументы
    #684666
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    III.Қорытынды
    Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде.Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін  сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың  маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс.Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың  ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз  көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл  “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын  салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту.  Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.

    Қолданылған әдебиеттер:


    1. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
    2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.
    8. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
    9. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996.
    10. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.

    Мазмұны
    I.Кіріспе ----------3бет
    II.Негізгі бөлім.---4- бет
    1.Тиісті әдіс – тәсілдерге жекелей шолу -----4бет
    2. Оқытудың жеті модульі------5бет
    3.Жаңа технологияны сабақта қолдану жолдары----6бет
    III.Қорытынды.-----7 бет
    Пайдaланылған әдебиеттер:---8 бет

    « Күршім ауданының білім бөлімі » мемлекеттік мекемесінің

    Әдістемелік кабинеті

    « Оқушылардың білім сапасын арттыруда педогогтың шығармашылық ізденісі мен құзырлығын дамыту жолдары» атты аудандық педогогикалық оқулары

    Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

    Орындаушы: Рамазанова Гүлназ Орынбековна

    Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі КММ

    Бастауыш сынып мұғалімі

    К

    XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде.Осы процессті жандандырып дамытуда  жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады.Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы  және инновациялық технологияларды  меңгерту-заман талабы.Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан  жылға күрделі және өзекті  мәселеге  айналуда.Оқыту барысында  озық, тиімді технологиялар тәжірибеге  енгізілуде.

        Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз.Барлығы мектептен басталады », -деген болатын. Ал қазақтың заңгер  жазушысы Мұхтар  Әуезов  былай деген екен «Халық  пен халықты теңеретін-білім» деп  айтқандай, білім  бәсекесіне бейім  шәкірт  тәрбиелеу-біздің  мақсатымыз.Сондықтан да  жаңа жаңалықтардан  қалмай жаңалық  жаршысы болуымыз керек.Бұл  мақсаттарға жету  үшін мұғалімнің  ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар  қолдану  қажеттілігі туындайды. Бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге, оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.
        Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
    Бағдарлама жеті модульден тұрады:

    1. Оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдер.

    2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

    3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

    4. Оқыту мен оқуда  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

    5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

    6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту  және  оқу. 

    7.Оқытудағы  басқару және көшбасшылық.

    Осы 7-модульді өз сабақтарыма енгіздім, сондағы менің байқағаным, топпен жұмыс жасау үрдісі, сын тұрғысынан ойлау, бағалауды, оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығаруды үйренді. Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындады. Топтастарының сұрақтарына жауап берді. Қорытынды шығарады, өз пікірлерін дәлелдейді.Өзара құрмет сезімін тудырды. Басқаның пікірін тыңдауға сыйлауға, сөзін бөлмеуге үйренді.
    Өз сабағымда белгіленген мақсатқа жету үшін күнделікті үлкен жұмыстар атқарудамын, оқушыларыммен өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асуда 
     Сабақтың соңында тақырыпқа байланысты өз ойларын білдіруді, көкейлеріне не түйді, соны қағаз бетіне түсіруді үйренді және дағдыға айналды. Сын тұрғысынан ойлай білетін оқушы сұрақтар қоя біледі: — Мен не білемін? Мен жаңаша нені білдім? Менің білімім қалай өзгерді? Мен осы біліммен не істей аламын?
    Оқушылар күнде сабаққа жақсы көңіл күймен келеді «мұғалім бүгін тағы қандай тапсырмалар істейміз?, қандай тренингтер өткізесіз?», «топқа немен бөлесіз?» деген сөздер есту өз жұмысыма деген сенімімді арттыра түсті. Өздеріңді бағалай қойыңдар десем «мұғалім мұнау сіздің бағаңыз сіз сабақты өте қызықты өткізесіз»,-дейді мұндай сөздер есту мен үшін үлкен бақыт үлкен жетістік.

         7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады. 
        Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтік оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.

        Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.  Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан,, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)  бағдарламасының  қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше

     Алдағы уақытта сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз. Ол үшін мұғалімге өзгеру керек. Себебі — алғашқыда мұғалімдікке неліктен келген болсақ, сол себепті өзгереміз. Біздің балаларға жанымыз ашиды əрі ол білім мен дағдыларды меңгергенге дейін біз оларды балаларға бере алмаймыз, сондықтан біз өзгеруіміз керек. Неліктен өзгеру қажет? Біздің өзгеруіміз қажет, себебі əлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Қарым-қатынастың маңыздылығын интуициялы түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істеріңіз арқылы өз балаларымызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, біз өзгереміз. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен біз өзгереміз.

    Біз жаһандану дəуірінде өмір сүріп жатқанымыз түсінікті. Технология əлемді жақындата түсті. Бұл əртүрлі мəдениет адамдары бірлескен жұмыс кезінде бірге болып, бір-бірімен көбірек қарым-қатынас жасайды деген сөз. Ынталандыру мен сенім ашық əрі мақсатқа бағытталған кеңес алу үшін негізгі, басты шарт болып табылады. Мұғалімдер мен оқушылар сұрақтарға мүдделі болып, бір- бірінің қарым-қатынастарына сенімділікті сезінуге тиіс. Мұғалімнің бірі: «Бұл педагог пен оқушылар арасында өзара сыйластық болған кезде, оқушылар біздің оларды тыңдауға құлықты екенімізді білгенде жəне оларға сөзсіз құрметпен қараған кезімізде жұмыс істейді» деді. Қарым-қатынас жасау дағдысының жеткіліксіздігі балалардың сабақтағы белсенділігінің төмендеуіне əсер етеді, оларды оқу əрекетінен алыстатып, жетістіктің төмен болуына əкеледі. Англияның оңтүстігіндегі үш мектептің алты жастағы балаларды оқытатын алты мұғалімі екі күн бойы балалардың ауызша сөйлеу тілін жəне топтағы сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтардың бағдарламаларын жасаумен айналысты. Аталған мектептер ағылшын тілі ана тілі болып саналмайтын оқушылардың көп болуымен ерекшеленетін. Əсіресе, жуас балалардың пікірталасқа сенімдірек жəне белсендірек қатыса бастағандығы атап көрсетілді. Олар бағдарламаға қатыспаған балаларға қарағанда сұрақтарды көп қойып, ойларын жиі-жиі дауыстап айта бастады. Олар сондай-ақ бірін- бірі əңгімеге тартуға, сыныптасының айтқанын мұқият тыңдауға жəне сұрақ қиындық тудырса да сындарлы жауап беруге үйренді. Кейбір оқушылар қиындыққа тап болған кезде неге бірден беріле салады немесе басқалары қиындықты сенімділікпен жеңіп жатқанда, бұлар бастаған жұмыстарын орта жолда үзеді. Калифорниядағы Стендфорд университетінің психология профессоры Керол Двек көп жылдар бойы оқушыларды алған бағытқа табандылықпен жүруге не ынталандыратыны туралы сындарлы теориясын жасады. Профессор Двек оқушылардан өздерінің ақыл-ой қабілеттері жөнінде не ойлайтыны туралы сауалнама толтыруды сұраған кезде, оқушылардың жартысының «дүниетанымдары шектеулі» екенін анықтады. Олар өздерін туғанда ақыл-ой шектеулі берілген жəне оны əрі қарай дамытуға шамамыз жетпейді деп ойлайды екен. Олардың ойынша, бұл талантқа негізделген, яғни бар мəселе – «тұқымға байланысты». Қиындыққа тап болған кезде олар бірден жеңіле салады жəне «мен ешқашан барлығын есте жақсы ұстап тұра алмаймын» «бұл менің қолымнан келмейді» деп барлығын өздерінің зияткерлік қабілеттерінен көретін. Алайда оқушылардың қалған жартысының «дүниетанымы кең» болып шықты. Олар мүмкіндік пен жетістік оқуға байланысты, оқу уақыт пен жігерді талап етеді деп ойлайды. Қиындыққа тап болған кезде олар «мен «жүгенді тарта тұрып», алдымен мұны түсініп алуым керек» жəне «мақсатқа жетуге аз ғана қалды» деп жігерлене жұмыс істейді. Двек барлығын тастау немесе бір нəрсеге табандылықпен қол жеткізу туралы шешім қабылдау дағдының шынайы деңгейіне байланысты еместігін білгенде таң-тамаша болды. Дайындықтары жақсы оқушылардың көбі бірден беріле салатын, күмəнданатын, өздерінің сəтсіздігін ақыл-ойының аздығымен байланыстыратын, ал дайындықтары аздау оқушылар қиындықты құлшына, табанды жеңе білді.

    Бұл әдіс-тәсілдің тиімділігін сабақ барысында барынша түсіндім. Оқушы өзіне сенімді болады, ойындағысын еркін айтуға үйренеді, ешкімнен қысылмайды,өз дәлелін алға тартуға мейілінше асығады, сөзді дұрыс айтуға, бастысы, дәл айтуға тырысады.Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқу» жобасының стратегиялары. Бұл жобаның стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Практика кезінде өз сабақтарымда қолданып жүрген әдіс – тәсілдер: алты қақпақ, түртіп алу, күнделік жазу, әлем шарлау, рөлдік ойындар, диалогтік әңгіме жүргізу, топтастыру, семантикалық карта, венн диаграммасын толықтыру, Джиксо, сұрақ – жауап. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталанды, пәнге қызығушылықты көрсетті, зерттеуге ынталанды, оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті, оқушылардың бір – бірінен үйренді, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпалын тигізді, оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтады.

    «Әлем шарлау» стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға оқушылар алған білімдерін бір – біріне түсіндіріп, жауап бергенде бір – бірін тыңдады.
    «Топтастыру» стратегиясы арқылы сұрақ қойған кезде оқушылар бір нәрсе туралы ойындағы негізгі қажеттіліктерін, білетіндерін, білгендерін топтады.
    «Кубизм» стратегиясы аясында оқушылар сұраққа жауап бергенде ұғымды жан – жақты, әр қырынан салыстырды, анықтады, зерттеді.
    «Рөлдік ойыны» барысында бір – біріне сұрақ қою арқылы тілдері жаттығып, образдарда ойнауға үйренді.
    «Венн диаграммасы» бойынша қойылған сұрақтарға топтар екі жаңа ұғымды салыстырды, екі ұғымның ортақ қасиеттерін таба алды.
    «Семантикалық карта» стратегиясы бойынша қойылған сұрақтарға жауап бергенде оқушылар жаңа ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін, қасиеттерін, қызметін, маңызын танып анықтайды, зерттейді.
    «Фишбоун» тәсілін қолданғанда оқушылар белгілі бір мәтін бойынша берілген сұрақты жан – жақты қорытындылап жауап берді.
    «Тұжырымдамалық карта» бойынша оқушылар берілген тапсырмаға нақтылап, қорытынды жасап, зерттеп жауап берді.
    «Алты қақпақ» тәсілі бойынша топтар мәтінді әр қырынан салыстырып, зерттеп, талдап жауап берді.
    «Ыстық орындық» тәсілі аясында оқушылар бір – біріне сұрақ қою арқылы тақырыпты жан – жақты қарастырып, сыни тұрғыдан ойланып жауап берді.
    «Блум таксономиясы» бойынша сабақты қорытынды жасағанда қойылған сұрақтарға топтар білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау аясында жауап берді.
    Біздің мектебіміздің жұмыс істеп жатқан модуль «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер және критерии арқылы бағалау.Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі оқытып жатқанын көрдім. Сонда байқағаным оқушылардың менің түсіндіргеннен гөрі өздерінің бірін-бірі оқытқан кезде ақпаратты тез қабылдайтыны. Бірте-бірте оқушылар арасындағы сенімсіздік, үрей сейіліп, сабаққа деген ынта-жігері ояна бастады. Әрине топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылып, біреуі сурет салса, біреуі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектесе, енді біреуі қорғауға дайындалып жатады. Бұл жерде бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнап, лидерлер қасындағыларды да сөйлеуге тартып, бір-біріне жанашырлық пен көмектесе бастады. Мен мұндай нәтиже күтпеген едім, осыдан кейін мен оқушыларға көп еркіндік беріп оларға тек бақылаушы ретінде қарауым керек екеніне ой түйдім. Осыдан шығатын қорытынды, сабақта нәтижеге жету үшін оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, жауап алып, балалардың бір-біріне сұрақ қоя білуін және оған ұтымды жауап беруін қалыптастыру керек екендігіне көз жеткіздім.
    Менің бір түйгенім, оқушыларға қосымша тапсырманы берген сайын оқушылар әр қырынан көрініп, бір жағынан оларды ғылыми зерттеуге бағыттаудың бір сатысына көтерудің қадамы сияқты боп көрінді. Осындай тапсырмаларды беру кезеңінде-ақ еріксіз оқушылардың деңгейлері де анықталып жатты.
    Алдағы уақытта бағдарлама идеясы жеті модуль кеңінен енгізілсе деп ойлаймын. Өзімде осы бағдарлама модульдерін жүйелі пайдалану, мені және оқушыларды үлкен жетістіктерге әкелері анық. Негізі модульдер өзара тығыз байланысты баяндама барысында да жаздым. Тығыз байланысты дейтін себебім, мысалы сыни тұрғыдан ойлауға үйретпесек, олар өз-өзін қалай бағалайды? Шульман айтқандай, мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші, егерде шын ниетімен мұғалім оқушыны марапаттап, қолдап жатса бала бәрін де сезеді. Ол да сізге солай қарым-қатынас жасайды екен. Мен өз тәжірибем де соны байқадым. Мен енді алдағы уақытта сабақта ата-анаға бағалау парақтарын шығарып, бағалау үдерісіне қатыстырсам деймін. Қандай ұстаз болса да оның бастапқы мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек үлкен тәжірибелі, кәсіби ұстаз боларымыз және сыни тұрғыдан ойлап, алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз анық.


    Рефлексивті практик бола алдым ба?
    Жоқ бола алмадым, әлі де жете меңгермеген тұстарымды дамыту керек екенін ескере отырып, алдағы уақытта, қолдана алмаған жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамын деп мақсат қойып отырмын. Оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс – әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, қазақ тілін оқыту барысында алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.

       «Оқушының жетістігі — мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс — тәсілдерді тиімді қолдануында».
    «Ұстаздық — ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу — үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім — мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу — абыройлы іс.
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтан әрі бақыт.  Мұғалім болып істеп келе жатқаныма 25 жыл. Шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым — пәрменіңді, білім — білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта — ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Азды — көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім — кімге де болсын соны серпіліс

    әкеледі. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен, тәжірибесі соның ішінде көргенділік деп аталатын адамгершілік тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан — ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын табады. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал — тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет — қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім — біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық — психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім — үздіксіз ізденуші. Кез — келген тосын сұраққа жауап беріп, кез — келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану.Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға үлесімді қосудамын.

     



    ғылыми-әдістемелік
    орталық

    Материалдың толық нұсқасы
    1   2   3   4


    написать администратору сайта