Ба_дарламасы бойынша глоссарий. Білім беруді жаа бадарламасы бойынша глоссарий р трлі дегейлік тапсырмалар
Скачать 130.2 Kb.
|
Білім берудің жаңа бағдарламасы бойынша глоссарий Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар – білім алушылардың қабілеттерін ескере отырып, саралап оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын күрделілігі әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты. Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі. Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ. Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат. Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Білім алушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына білім алушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл. Білім алушының оқу жетістігінің деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі. Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды формула бойынша автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат. Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады. Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі. Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе. Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс. Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды Рефлексия –оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел. Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады. сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам Суммативті (қорытынды) бағалау -белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Талдау(ежелгі грек тілінен «жіктелу») – танысу процесінде нақты бөліктің санамен орындалатын немесе адамның пәндік-тәжірибелік қызметінде құрама бөліктерге (заттар, қасиеттер немесе заттардың арасындағы қатынастар) жіктелуі. туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді. Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі. Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Ішкі жиынтық бағалау– оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Сыртқы жиынтық бағалау– оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады. Модерация –білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы. Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс. Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі. Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент. Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым. Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы. Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі. Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі. Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент. Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар. Жиынтық жұмыс – белгілі бір оқу кезеңінде пән бойынша оқу жетістігі деңгейін анықтауға негізделген білім алушының жұмысы. Ойлау дағдыларының деңгейі – әрбір деңгейі белгілі бір ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық жүйесі. Тақырып 1.Оқушылардың оқу жетістіктерін критеральді бағалаудың ғылыми - теориялық негіздері» Лекция1. Кіріспе. Білім алушылардың оқу әрекеттерін бағалаудың жалпы тәсілдері Жоспары: 1. Білім беру процесінде бағалаудың орны мен рөлі. 2.Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі тәсілдері (тұғырлары). 3. Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың мақсаты және міндеттері. 4. Бағалау жүйесінің қызметі Бағалау саясаты оқу үрдісінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) ұпайы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылады. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес ұпайлық бағалау шкаласы - басқа да дәлдігі жетіспейтін нормативтік бағалау құралы. Халықаралық бакалавриат мектептеріндегі бағалаудың басты функциясы білім алу ағымының ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау үрдісі болып табылады. Осыған орай, критериальды бағалау яғни өзін-өзі бағалауға көп көңіл бөлінеді.Өлшемдік жүйе әкімшілік, ата-аналар, мұғалімдер мен оқушыларды қоса алғанда оқу үрдісіне қатысушылардың барлығына ашық және түсінікті. Бұл жағдайда бағалау оқушылардың өзі бақылау-бағалау іс-әрекетіне қатысып, өзін-өзі бағалау біліктілігін жетілдіруіне орай құрастырылады. Бағалаудың бұл түрі оқушының білім алуы мен бейінін дамытудағы танымдық қызметіне себепші болады. Әрбір оқушы өзінің дамуы жолындағы қажеттілікті түсініп, мұғаліммен бірлесе отырып алдағы жұмысын талқылап, түзетеді. Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылар әрбір пәннің бағалау критерийлерімен танысып, хабардар болады. Бағалау қағидасы 1.Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда). Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау - бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды. Бағалау үрдісіне қатысушылардың барлығы (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және әкімшілік) бағалау құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы түсінуі тиіс. Өлшемдік бағалау бағалау технологиясының жетекшісі болып табылады. Өлшемдік бағалау – нақты айқындалған, ұжымда қаралған, білім беру үрдісіне қатысатындардың барлығына алдын ала белгілі болған, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушы үлгісін қалыптастыруға ықпал жасайтын оқушының оқудағы жетістіктерін сәйкестендіру негізінде қалыптастырылған үрдіс. Өлшемдік бағалауды табысты қолдану, түбегейлі алғанда, мектеп жұмысының сапасында көрініс табатын, оқушының дамуына көз жеткізетін оқушы жұмыстары болып табылады. Бағалау – оқыту мен үйретуді жасаушы үрдіс. Бағалау үрдісі оқушылар жетістігі үшін негізгі элемент болады: пәннің мазмұнын түсіну, білім алу, дағдыларды жетілдіру, жауапкершілік пен оқыту қызметіндегі тәсілдерді қалыптастыру. Бағалау оқушының ілгерілеу ақпаратын қамтамасыз етіп қоймай, ынтымақтастықта болуына, өзіндік байланыс жасауына, жоспарау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты. Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштерінің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын,білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты. Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына) елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап көрсетті. Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуды көздейді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 1961ж. құрылды, АҚШ және Канада тарапынан Екінші Дүниежүзілік Соғыс нәтижесінде зардап шеккен еуропа елдеріне көмек көрсетуді үйлестіру мәселелерімен айналысқан Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЕЭЫҰ) орнын басушы болып табылады. ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті ұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау,мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәлеметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі. Критериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан,оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арсындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірбиені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру; 2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру; 3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру; 4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту шін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру; 5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру; 6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге,соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау,жинақтау, бағалау)жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінінің қорын құру; 7. Объективті,үздіксіз және нақты: - білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы; - мұғалімдердің білім алушылардың ілгерілеуі туралы; - ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы; - басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратт беру; 8. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану; 9. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын менгеру мониторингін қолдану; 10. Стандарттарды,оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау; Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы, 2014.-608б. 2.Абдрахманова Р., Кенжебекова Р., Мұсабекова М. Қазақ халық педагогикасындағы идеяларды сыныптан тыс жұмыстарда қолдану. -Алматы, 2014.-204б. 3.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет. 4.Әбілқаев А., Бейсембайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы:ЖШС «Інжу-Маржан», 2015.-293б. 5.Дәулетбекова Ж.Т.Сөз мәдениеті-тілдік білім нәтижесі.–Алматы:ҚБТУ, 2016.-246б. 6.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б. 7.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б. Қосымша 1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б. 2.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. –Астана. 3.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с. 7. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980. 4.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с. |