Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  • Лекция 5. Критерийлерді жобалау: жалпы жолдары мен құралдары Жоспары

  • «SMARТ - талдау» әдістемесі

  • Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерінің мазмұндық сипаты Білім

  • Критерий бойынша білім алушылардың білім жетістігін бағалауға арналған дескрипторлар

  • Лекция 6. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериальды бағалау жүйесі Жоспары

  • Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары

  • Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді

  • Ба_дарламасы бойынша глоссарий. Білім беруді жаа бадарламасы бойынша глоссарий р трлі дегейлік тапсырмалар


    Скачать 130.2 Kb.
    НазваниеБілім беруді жаа бадарламасы бойынша глоссарий р трлі дегейлік тапсырмалар
    Дата12.03.2022
    Размер130.2 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБа_дарламасы бойынша глоссарий.docx
    ТипДокументы
    #393247
    страница3 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» ұғымы үш бағытта қолданылады:

    1) жалпы педагогикалық денгей–белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы білім беру үдерісін сипаттайды;

    2) жеке пәндік-әдістемелік деңгей–жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады;

    3) элементтік (бөлімді) модельді деңгей-оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған. Белгілі ғалым- әдіскер В.М. Монахов «Педагогикалық технология бұл оқушы мен мұғалімнің оқу үдерісін жобалап және ұйымдастыруға бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, әбден ойластырылған педагогикалық ісәрекетінің үлгісі»-, деп тұжырымдайды.

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

    1.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет.

    2.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б.

    3.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б.

    4.Дәулетбекова Ж. және т.б. Тілді оқыту: интеграциялық білім мен интелектуалдық әлеуеттің сабақтастығы. -Алматы:Нұрай, 2014.-240бет.

    5. Бескемпірова Г. К. «Критериалды бағалау технологиясы» пәнінен дәріс жинағы: 5В011700 - "Қазақ тілі мен әдебиеті", 5В020500 - "Филология: қазақ тілі" маман. студ. үшін / - Шымкент: ОҚМУ, 2017. 4бт.

    Қосымша

    1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б.

    2.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. –М.: Народное образование, 1998.-256 с.

    3.Стилл Дж., Мередит К. Т.б. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. -Алматы, 1998.-182б.

    4.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с.

    5. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980.

    6.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с.

    7.Загашев И.О., Заир-Бек С.и. Критическое мышление: технология развития. [Сын тұрғысынан ойлау: даму технологиясы]. – СПб: альянс-Дельта, 2003.-216 бет.
    Лекция 5. Критерийлерді жобалау: жалпы жолдары мен құралдары

    Жоспары:

    1.Оқушылардың оқу әрекеттерін нәтижелерін бағалау критерийлерін анықтаудың негізгі жолдары.

    2.Оқу материалдарының меңгеру деңгейіне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерінің критерийлерін салыстыру

    3. «Таксономия» ұғымның анықтамасы. Б.Блумның таксономиясы бойынша оқытудың деңгейлік мақсаттарын сипаттау.

    4.Таксоноимяны оқыту нәтижелері бағалау құралы ретінде қолдану.

    Оқушылардың оқу әрекеттерін нәтижелерін бағалау критерийлерін анықтаудың негізгі жолдары төмендегі көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы бағаланады. Біріншіден, педагогтар мен түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйе басқарушыларының жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіктерінің көрсеткіштері алынады, олар: Педагогикалық жүйелерді дамытуға негіз болатын инновациялық жобалау стратегиясын құрастыра білуі;

    Мақсаттық - бағдарлы жобалаудың тұтас циклын ұйымдастыра білуі;

    Жобалардың тиімділігін бағалай білу құзыреттіліктері;

    Одан әрі аталған сапалардың қалыптасқандығын қандай көрсеткіштер арқылы бағалауға болатыны анықталды. Ол проблемалық мәселе бойынша құрастырған жобалары және оларды бағалау қөрсеткіштері.

    «SMARТ - талдау» әдістемесі:

    Specific - өзектілігі айқындалуы, нақтылығы;

    Measurable - өлшеуге болатындығы;

    - Achievable – қолжетімдігі;

    Related – шынайылығы;

    Times-bound - уақыт шектеулерінің белгіленуі):

    «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

    Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» (appraisal) сөзі тағы басқа мағыналарды білдіреді. Ол бағалау әрекетін, бағалау қорытындысын, немесе зерттеу нәтижесі бар есептің мағынасын білдіруі мүмкін. Бағалау – бірде бастапқы деректерден бірдей қорытынды, нәтиже шығатын ғылым. Бағалаушы – белгілі бір обьектіге бағалау жүргізуге арнайы білімі бар маман. Бағалаушының және бағалаудың анықтамасын қарастырайық: Бағалау мақсаты – құн туралы қорытынды жасау, Бағалаушының мақсаты – мақсаты анық белгіленген бағалауға қорытынды жазған кезде тәуелсіз және үшінші жақ етінде әрекет ету. Критерий – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.

    Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

    - алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

    - анық, айқындылығы;

    - бағаның әділдігі;

    - өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі «Критериалды бағалау технологиясы» пәнінің мазмұны студенттердің білім деңгейінің жетістігін бағалау 5 критерий (А,В,С,D,F) бойынша құрастырылды. Әрбір критерий тапсырмалары жүйелі орындауға бағытталған. «Тапсырма» сөзі бұл арада кең ауқымда қолданылады – ол мұғалімнің сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және т.б. болуы мүмкін.


    Білім А


    Меңгеретін және берілетін білім негіздерінің критерийі

    Білім алушылар мен мұғалім

    Тест тапсырмалары; терминдер мен ұғымдарды жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбi.

    Түсіну В


    Білімді қабылдап, түсіну критерийі

    Оқушылардың белсенділігі

    Ойды қозғау және аяқтау; графикті, суреттерді түсіндіріп беру.

    Қолдану С

    Алған білімді қолдану критерийі

    Студенттің шығармашылығы

    Шығармашылық оқу тапсырмалары, жеке – дара жұмыс жасау мақсатын түсіндіру; берілген болжамды тексеру.

    Жинақтау D


    Білімді жай қабылдамай, талдап, саралап салыстыру критерийі.

    Білім алушының өз іс – әрекеті мен белсенділігі

    Білімді жүйелеу және білімді топтастыру; салыстыру;

    Талдау F


    Алған білімнен жаңа өнім жасап шығару критерийі

    Білім алушының өз іс – әрекеті мен белсенділігі

    Талдау, шешімін табу, алгоритм құрастыру, жүйелеу, зерттеу

    Баға (сыни өзіндік пікір)

    Өз пікірін білдіріп, сынап, жоққа шығару, мақұлдамау критерийі

    Білім алушылар мен мұғалім

    Нәтиже шығару.


    Мұндағы: түсіну, жинақтау, талдау – бұл категориялар ойлау үдерісінің операциялары және танымның әдістері болып саналады. Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау арқылы топтастыруды ұсынды.

    Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерінің мазмұндық сипаты

    Білім Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

    Түсіну Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.); Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау - оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

    Қолдану Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Жинақтау Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру.

    Талдау Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, т.б.), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. Баға (сыни өзіндік пікір) Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

    Критерий бойынша білім алушылардың білім жетістігін бағалауға арналған дескрипторлар

    Критерий Дескрипторлар

    F Бағдарлама материалы бойынша білімдер жоқ; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу; дөрекі қателерді жіберу.

    D

    Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; бағдарлама материалын терең түсінбейтіні байқалады; басымды идеялар мен теориялық қағидаларды баяндау барысында жеке қателіктер жіберіледі

    С Материалды тек репродуктивті баяндай алатыны байқалады; дербес қорытындылар мен тұжырымдар жасай алмайды.

    В

    Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу. Бірақ баяндау барысында басымды емес қателіктерге әкелетін мәліметтердің болуы.

    А

    Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу.

    Мектеп жағдайына тоқталсақ, бағалау критерийлері мазмұнның күрделілік дәрежесіне тікелей бағынышты және тапсырмалардың күрделілігіне сәйкес квалиметриялық амал (сапаны өлшеу амалы) негізінде қойылған баға ғана білім сапасының нағыз әділ көрсеткіші бола алады: егер оқушы үш деңгей тапсырмаларын біртіндеп: толық және 75 пайыздан төмен емес көрсеткішпен дұрыс орындаса «өте жақсы», алғашқы екі деңгей тапсырмаларын ғана дұрыс орындаса – «жақсы», тек бірінші деңгей тапсырмаларымен шектелсе – «қанағаттандырарлық» деп бағаланады:

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

    1.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет.

    2.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б.

    3.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б.

    4.Дәулетбекова Ж. және т.б. Тілді оқыту: интеграциялық білім мен интелектуалдық әлеуеттің сабақтастығы. -Алматы:Нұрай, 2014.-240бет.

    5. Бескемпірова Г. К. «Критериалды бағалау технологиясы» пәнінен дәріс жинағы: 5В011700 - "Қазақ тілі мен әдебиеті", 5В020500 - "Филология: қазақ тілі" маман. студ. үшін / - Шымкент: ОҚМУ, 2017. 4бт.

    Қосымша

    1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б.

    2.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. –М.: Народное образование, 1998.-256 с.

    3.Стилл Дж., Мередит К. Т.б. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. -Алматы, 1998.-182б.

    4.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с.

    5. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980.

    6.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с.

    7.Загашев И.О., Заир-Бек С.и. Критическое мышление: технология развития. [Сын тұрғысынан ойлау: даму технологиясы]. – СПб: альянс-Дельта, 2003.-216 бет.
    Лекция 6. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериальды бағалау жүйесі

    Жоспары:

    1. Критериалды бағалау процедурасына қойылатын талаптар

    2. Оқу үрдісінің нәтижесін бақылау және бағалау.

    3. Бақылаудың түрлері және формалары

    4. Сипаттап бағалау және оның қызметтері.

    Дәріс тезистері: Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

    Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды: қадағалау; алынған мәліметтер интерпритациясы; бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.

    Мұғалімнің бағалаудағы ролі: Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді; Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы; Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу; Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.

    Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:

    1. Оқыту мақсатымен бөлісу.

    2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.

    3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.

    4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.

    5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.

    6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру. Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олардың қандай қиындықпен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Оқу үшін бағалауға қарағанды, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады. Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық] Критериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады. Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

    Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:

    Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;

    Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;

    Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы.

    Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы; Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы.

    Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі; Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы; Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы; Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)

    Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау; Баға сапасын арттыру. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

    Тәжірибелік маңыздылығы: - жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады; - оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

    - бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады. - өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі. - оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта