Главная страница
Навигация по странице:

  • Критери йлер Дескриптор лар Макс. балл

  • Критериалды бағалау шкаласы (рубрикатор лар ).

  • Критерий Тапсырма № Дескрипторлары Тексерілетін жұмысқа қойылатын ұпай

  • Жетістік-тер деңгейі А 1

  • Оқушының аты - жөні Критерийлер бойынша ұпайлар Ұпай жиыны

  • Жиналған ұпай саны Бағасы 24-28 (85-100%)

  • 13-0 (0-49%) «2» Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  • Лекция 14. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау Жоспар

  • Топтық жұмыстың бағалануы.

  • Ба_дарламасы бойынша глоссарий. Білім беруді жаа бадарламасы бойынша глоссарий р трлі дегейлік тапсырмалар


    Скачать 130.2 Kb.
    НазваниеБілім беруді жаа бадарламасы бойынша глоссарий р трлі дегейлік тапсырмалар
    Дата12.03.2022
    Размер130.2 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБа_дарламасы бойынша глоссарий.docx
    ТипДокументы
    #393247
    страница7 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Критериалды бағалау шкаласы (рубрикаторлар).


    Критерийлер

    Дескрипторлар

    Макс. балл

    А

    Теориялық білім

    Материалды білу және арнайы терминдер мен түсініктерді дұрыс және оңтайлы пайдалану.

    6

    В

    Коммуникация

    Логикалық ауызша немесе жазбаша түрде берілген терминология мен шартты белгілерді пайдаланып, оқушыларға ғылыми ақпараттарды беру мүмкіндігі. Ақпаратты беру кезінде оқушылар көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбанұсқалар, модельдер) пайдаланады

    6

    С

    шешу

    Оқушылар ғылыми ақпаратты берерде әртүрлі ақпарат көздерін қолданып, таныс және стандартты емес жағдайларды шеше алады, оны қолдана алады, алынған ақпаратты талдай алады.

    6

    D

    Жобалау жұмысы

    Оқушы мұғаліммен зерттеу мәселесін, мақсатын анықтап, зерттеу әдістемесін таңдайды, өз қызмектін жоспарлап, қорытынды шығарады, алынған нәтижелерді өз бетімен бағалай алады.

    6

    Е

    Ақпаратты өңдеу

    Оқушы барлық мәліметтерді жинақтап, жаза алады; қажет болған жағдайда СИ жүйесіне келтіріп, сәйкестендіреді,мәліметтерді жүйелеп, сызбанұсқа түрінде және кесте түрінде жаза алады; нәтижені талдап, қорытынды жасайды

    6

    F

    Тәжірибе жүргізу

    Оқушылар лабораториялық құралдарды дұрыс пайдалана алады; байқаудағы және өлшеулердегі нәтижелерді дұрыс ала алады; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

    6


    Немесе төмендегі критериді жасауға болады



    Критерийлер

    Дескрипторлар

    Макс. балл

    А

    Теориялықбілім

    Материалды білу және арнайы терминдер мен түсініктерді дұрыс және оңтайлы пайдалану.

    6

    В

    Коммуникация

    Логикалық ауызша немесе жазбаша түрде берілген терминология мен шартты белгілерді пайдаланып, оқушыларға ғылыми ақпараттарды беру мүмкіндігі. Ақпаратты беру кезінде оқушылар көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбанұсқалар, модельдер) пайдаланады

    6

    С

    шешу

    Оқушылар ғылыми ақпаратты берерде әртүрлі ақпарат көздерін қолданып, таныс және стандартты емес жағдайларды шеше алады, оны қолдана алады, алынған ақпаратты талдай алады.

    6

    D

    Жобалау жұмысы

    Оқушы мұғаліммен зерттеу мәселесін, мақсатын анықтап, зерттеу әдістемесін таңдайды, өз қызмектін жоспарлап, қорытынды шығарады, алынған нәтижелерді өз бетімен бағалай алады.

    6

    Е

    Ақпаратты өңдеу

    Оқушы барлық мәліметтерді жинақтап, жаза алады; қажет болған жағдайда СИ жүйесіне келтіріп, сәйкестендіреді,мәліметтерді жүйелеп, сызбанұсқа түрінде және кесте түрінде жаза алады; нәтижені талдап, қорытынды жасайды

    6

    F

    Тәжірибе жүргізу

    Оқушылар лабораториялық құралдарды дұрыс пайдалана алады; байқаудағы және өлшеулердегі нәтижелерді дұрыс ала алады; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

    6


    Критериалды бағалау шкаласы (рубрикаторлар).


    Критерий

    Тапсырма №

    Дескрипторлары

    Тексерілетін жұмысқа қойылатын ұпай

    Жетістік-тер деңгейі

    А

    1

    Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

    0



    6

    Оқушы зат есімнің мағыналарын анықтап, олардың түрлерін салыстыра алады

    2

    2

    Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

    0

    Оқушы зат есімнің мағыналарын анықтап, олардың түрлерін нақты салыстыра алады

    2

    3

    Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

    0

    Оқушы зат есімнің мағыналарын анықтап, олардың түрлерін мысалдар арқылы салыстыра алады

    2


    В

    4

    Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

    0


    6

    Оқушы зат есімнің мағыналық топтарын анықтап,олардың септелу жолдарын мысалдар арқылы түсіндіре алады

    2

    5

    Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

    0

    Зат есімнің сұрақтары, көптік мәнде берілген зат есімдерге мысал келтіре алады.

    2

    6

    Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.




    Зат есімнің сұрақтары, көптік мәнді зат есімдерді анықтай алады.

    2



    С

    7

    Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

    0

    4

    Талдау дұрыс жазылған

    1

    Тілдік бірліктерді дұрыс қолдана біледі

    1

    Тәуелдеуді дұрыс түрлендірген

    1

    Оқушы мәндерді дұрыс қойып, дұрыс жауабын ала алады

    1

    8

    Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

    0



    4

    Оқушы талдау жүргізе алады

    1

    Түбір мен жалғауды ажырата алады

    1

    Морфологиялық таладу жасай алады

    1

    Дұрыс жауабын шығарады

    1

    6

    Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ.

    0



    6

    Талдау дұрыс жасалған

    1

    Тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білген

    2







    Сөз таптарына дұрыс талдау жасай алады

    2




    Дұрыс жауап бере алады

    1

    Жауап парағы:




    Оқушының

    аты - жөні

    Критерийлер бойынша ұпайлар

    Ұпай жиыны

    Бағасы

    А

    В

    С







    1




    6

    6

    14

    28




    2



















    немесе

    Жиналған ұпайларды мектеп бағасына ауыстыру:

    Жиналған ұпай саны

    Бағасы

    24-28 (85-100%)

    «5»

    20-23 (70-84%)

    «4»

    14-19 (50-69%)

    «3»

    13-0 (0-49%)

    «2»

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

    1.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет.

    2.Әбілқаев А., Бейсембайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы:ЖШС «Інжу-Маржан», 2015.-293б.

    3.Дәулетбекова Ж.Т.Сөз мәдениеті-тілдік білім нәтижесі.–Алматы:ҚБТУ, 2016.-246б.

    4.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б.

    5.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б.

    Қосымша

    1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б.

    2.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. –Астана.

    3.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с.

    7. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980.

    4.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с.
    Лекция 14. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау

    Жоспар:

    Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін бағалау.

    Топтық жұмыс әдісін бағалау формативті бағалауға тигізетін үлесі.

    Топтық жұмысты бағалаудың бағыттары

    Мұғалімдердің жиі қоятын сұрақтары:

    • Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін қалай бағалауға болады?

    • Топтық жұмыс әдісін бағалау формативті бағалауға қандай үлесін тигізеді?

    Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция). Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлімі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып олар өзара байланыс жасайды. Осы арада ұстаздың топтық жұмыс кезінде міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.

    Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар.

    • ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;

    • ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;

    • өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің

    байланысын бағалауы;

    Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мұғалім төмендегі шарттармен таныстырып өтуі керек.

    • Топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі;

    • Тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;

    • Соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек қана оқушылардың өздері; арнайы әділқазылар)

    • Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;

    • Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау;

    Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне (концепциясына) кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да ұстаздың топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.

    Топтық жұмыстың бағалануы.

    Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.

    Топтық жұмысты бағала

    Топ нөмірі

    Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы)

    Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау)

    Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы

    Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау.

    Барлық ұпайы

    І

    +

    +

    +++

    +




    ІІ

    +

    +










    ІІІ

    +

    -

    ++

    +




    ІV

    -

    -

    +

    ++++




    V
















    Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде ұстаз қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.

    • Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?

    • Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды? Оларды қалай жеңуге болады?

    Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.

    Ал екінші сұрақ оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады.

    Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.

    • Егер де оң нәтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты ары қарай жалғастыра береді;

    Ал егер нәтижелер жоғары болмаған жағдайда, онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта