Ба_дарламасы бойынша глоссарий. Білім беруді жаа бадарламасы бойынша глоссарий р трлі дегейлік тапсырмалар
Скачать 130.2 Kb.
|
Лекция 2. Критериальды бағалау ұғымын анықтау және оның оқу- танымдық құзіреттілікті қалыптастырудағы рөлі Жоспар: Бағалаудың критериальдық тәсілі туралы түрлі ойларды талдау. Критериальді бағалау ұғымының мазмұны. Критериальді бағалаудың мақсаттары, міндеттері, қызметтері. Критериальді бағалау жүйесінің негізгі элементтерінің сипаттамалары. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық -әдістемелік құжаттар негізінде берілген: • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта); • Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары; • Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері; • Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі; • Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; • Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған кретериалды бағалау бойыншы нұсқаулық; • Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы; Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар; Пәндерге қатысты тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы; Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет. 2.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б. 3.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б. 4.Дәулетбекова Ж. және т.б. Тілді оқыту: интеграциялық білім мен интелектуалдық әлеуеттің сабақтастығы. -Алматы:Нұрай, 2014.-240бет. 5. Бескемпірова Г. К. «Критериалды бағалау технологиясы» пәнінен дәріс жинағы: 5В011700 - "Қазақ тілі мен әдебиеті", 5В020500 - "Филология: қазақ тілі" маман. студ. үшін / - Шымкент: ОҚМУ, 2017. 4бт. Қосымша 1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б. 2.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. –М.: Народное образование, 1998.-256 с. 3.Стилл Дж., Мередит К. Т.б. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. -Алматы, 1998.-182б. 4.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с. 5. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980. 6.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с. 7.Загашев И.О., Заир-Бек С.и. Критическое мышление: технология развития. [Сын тұрғысынан ойлау: даму технологиясы]. – СПб: альянс-Дельта, 2003.-216 бет. Лекция 3.Критериальды бағалау технологиясының моделі Жоспары: 1. Оқушылардың жеке тұлғасы және қоғам қажеттілігімен шартталған бағалау мақсаты. 2. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қағидалар 3. Білім беру ұйымдарының бағалау саясаты. 4. Бағалау диагностикалау процедурасы Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді: Оқыту мен бағалаудың өзара байланысуы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілген нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірбиесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу. Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүеге асыру: - нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды; - бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді; - тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді. Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын жауапкершілігін арттырады. Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді. Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі. Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкүндік береді. Білім берудегі педагогикалық технологиялар «жаңа технология», «озық технология», «оқыту технологиясы» т.б. терминдермен аталуда. Ал бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы ғалымдар арасында қызу пікірталас бар. Жалпы ғалымдар технологияға шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту сияқты түрлі анықтамалар берген. Солардың ішінде кең тарағаны – В.П.Беспальконың тұжырымдары. Оның тұжырымдары бойынша технология төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс: Оқытуда дайындықсыз әрекеттерді болдырмау; Оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұны оқу- тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет. Осыған орай В.П.Беспалько технология «тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы»,- деп тұжырымдайды. Ал жалпы айтқанда, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыру мен педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Олай болса, Г.К.Селевконың «оқыту технологиясы − оқытудың тиімді жолдары мен үдерісінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар»,-деген анықтамасы білім беру технологияларының мәнін аша түседі. Модель-нақтылы объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелейтін жасанды құрылған объект. Модель мысалдарын әр қадам сайын кездестіруге болады: етікші аяқ киімді “аяқтың моделіне” қарап тігеді, сынақшы самолеттің қанатын ауада емес, оның жағдайын алдымен аэродинамикалық түтікте зерттейді. Мысалы, санның өзі қандай да бір сандық немесе реттік шаманың моделі. Я.А.Коменский ендірген дидактиканың принциптерінің бірі-көрнекілік принципі. Демек, модельдер оқу процесінде көрнекілік құралы болады. Дескриптор - тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама. Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастырған үдеріс. Кері байланыс – белгілі бір оқиға немсе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру. Оқытудың күтілген нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға,өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі. Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1.Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет. 2.Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б. 3.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б. 4.Дәулетбекова Ж. және т.б. Тілді оқыту: интеграциялық білім мен интелектуалдық әлеуеттің сабақтастығы. -Алматы:Нұрай, 2014.-240бет. 5. Бескемпірова Г. К. «Критериалды бағалау технологиясы» пәнінен дәріс жинағы: 5В011700 - "Қазақ тілі мен әдебиеті", 5В020500 - "Филология: қазақ тілі" маман. студ. үшін / - Шымкент: ОҚМУ, 2017. 4бт. Қосымша 1. Тренерге арналған нұсқаулық. Бірінші басылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2015. –Астана. –72б. 2.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. –М.: Народное образование, 1998.-256 с. 3.Стилл Дж., Мередит К. Т.б. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. -Алматы, 1998.-182б. 4.Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. -Алматы: Верена. 2008.-260 с. 5. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. [Оқу. Бағалау. Баға]. – М.: 1980. 6.Красноборова А.А.Критериальное оценивание в школе: Учебное пособие.– Пермь,2010.– 84 с. 7.Загашев И.О., Заир-Бек С.и. Критическое мышление: технология развития. [Сын тұрғысынан ойлау: даму технологиясы]. – СПб: альянс-Дельта, 2003.-216 бет. Тақырыбы:2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың технологиялық негіздері. Лекция 4. Критериальді бағалау педагогикалық технология ретінде Жоспары: 1. «Педагогикалық технология» ұғымын анықтау. 2. Педагогикалық технология жүйелік категория ретінде білім беру ұйымдарында оқыту сапасының педагогикалық технологиямен байланысы. 3. Педагогикалық құрылымдық компоненттері 4. Критериальді бағалау жүйесінің принциптері Ғылыми тұрғыда «технология» ұғымы өндірістік және әлеуметтік технология деп талатын үлкен екі бағытқа жіктеледі. Әлеуметтік технология – өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі, қалыптасу, даму жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Білім берудегі педагогикалық технологиялар қызмет ету сипаты тұрғысынан әлеуметтік технологияларға біршама жақын. Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог-ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып көрсетуде. «Педагогикалық технология» термині ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен Англияда қалыптасып, қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне таралып, білім беру саласында кең өріс алуда. Соңғы кездерде білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың елуден астам жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, кеңінен пайдалануда. “Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos – оқу сөздерiнен шыққан. Технологияға В.Дальдың сөздiгiнде: “белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс” деп анықтама берiлсе, Қазiргi батыс әлеуметтану сөздiгiнде: “белгiлi әрекетте, өнерде, шеберлiкте қолданылатын әдiс-тәсiлдердiң жиынтығы” деп көрсетiлген. ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясына “техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара бiрлiгiн ескере отырып, оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруды мiндет етiп қоятын мұғалiмнiң бүкiл оқыту iсi мен оқушының бiлiмдi меңгеру әрекетiн ұйымдастырудың, қолданудың және анықтаудың жүйелi әдiстерi” деп анықтама берiлген. Білім берудегі педагогикалық технологиялар «жаңа технология», «озық технология», «оқыту технологиясы» т.б. терминдермен аталуда. Ал бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы ғалымдар арасында қызу пікірталас бар. Жалпы ғалымдар технологияға шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту сияқты түрлі анықтамалар берген. Солардың ішінде кең тарағаны – В.П.Беспальконың тұжырымдары. Оның тұжырымдары бойынша технология төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс: - Оқытуда дайындықсыз әрекеттерді болдырмау; - Оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұны оқу- тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет. Осыған орай В.П.Беспалько технология «тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы»,- деп тұжырымдайды. Ал жалпы айтқанда, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыру мен педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Олай болса, Г.К.Селевконың «оқыту технологиясы − оқытудың тиімді жолдары мен үдерісінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар»,-деген анықтамасы білім беру технологияларының мәнін аша түседі. Педагогикалық технология мәселесімен жан-жақты айналысып, зерттеу жүргізіп жүрген ресейлік ғалымдардың бірі – М.М.Левин. Ол педагогикалық технологияның негізгі қызметі – оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске асыру және жеке тұлғаны дамыту екендігіне тоқталады. М.Чошанов технологияны дидактикалық жүйенің проссуалдық құрамдық бөлігі деп есептейді.Педагог-ғалым В.М.Шепель: ”Технология – белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер,”- дейдi. И.Г.Зайнышев: “белгiлi затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм мен әдiстәсiлдер жүйесi” деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса, технологияны “белгiлi шығармашылықтан сапалы нәтиже алу үшiн қолданылатын әрекеттер жиынтығы” деп санайды. Ал Р.В.Овчарова оған “адамның әрекетiн, бiлiктiлiгiн, тәжiрибесiн еңбекке қажеттi заттарды, әлеуметтiк шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесi” деп қарауды ұсынады. Ресейлiк ғалымдардың iшiнде технологияның мәнiн бiршама анығырақ айтқан Б.Т.Лихачев: ”Педагогикалық технология – оқыту тәсiлдерi мен тәрбие құралдарын, оқытудың түрлерiн жинақтап, арнайы бiрiктiрудiң жолдарын анықтайтын психологиялық-педагогикалық установкалардың бiрлiгi, сондықтан да ол – педагогикалық процестiң инструментарийi болып саналады”, - дейдi. Белгілі ғалым М.В.Кларин педагогикалық технологияға «педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі» деген анықтама берсе, В.М.Монахов технологияны «оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу»,- деп санайды. Қазақстандық ғалым Ғ.М.Құсайынов педагогикалық технологияны «мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар мен нәтижеге жету және сабақ беру үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі ұжымдық оқыту әдісі қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді. Педагогикалық оқу жоспарлары мен бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру үрдісі» деп санайды. Ж.А.Қараевтің пікірінше: «Технология дегеніміз – әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибиеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық технологияларға берілген анықтамалар мен түсініктерді топтастырып жинақтайтын болсақ, «Педагогикалық технология –қоғамның қазiргi таңдағы бiлiм беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталған бiлiм мазмұнын жүзеге асыру үшiн оқөыту мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс-әрекеттер тiзбегi»,- деп тұжырымдаймыз. Көрiп отырғанымыздай, технология туралы қазiргi ғылымда орныққан дәл анықтама болмағанымен, олардың бәрiнiң тоғысатын ортақ арналары бар. Олар, бiрiншiден, технологияның шеберлiкпен, бiлiктiлiкпен байланыстылығы; екiншiден, технологияның сапалық өзгерiс жасау мақсатында қолданылатыны; үшiншiден, технологияның бiртұтас әдiстәсiлдер жиынтығынан құралатындығы. Олай болса, технологияның бiлiм мекемелерiнiң кез келген типiнде жаппай қолдануға қолайлы әрi тиiмдi оқу процесiн құрудың жолдарын iздестiрудiң нәтижесi ретiнде туған тұжырым екендiгi даусыз. Бiлiм беру, оқыту процесiндегi технология – қойылған мақсатқа тиiмдi жолмен қол жеткiзудi қамтамасыз етушi жүйе, яғни бiлiм мазмұнын жүзеге асырудың тәсiлi. Оқыту технологиясына тән белгiлер: - негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы болуы шарт); - жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы); - басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тесеруге болатындығы); - тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi). Педагогикалық технологияға қатысты мәселелер жан-жақты зерттелуде. Өздерiнiң қомақты ой-пiкiрлерiмен салмақты орын алып отырған В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, В.В.Давыдовтар технологияның түрлерiн саралауда түрлi бағыттар ұсынады. Солардың iшiнде педтехнологияны түбегейлi зерттеген ғалым Г.К.Селевко білім беру технологияларын төмендегідей топтайды: -қолдану өрiсiне қарай: жалпыпедагогикалық, жекепәндiк, модульдiк, тарәдiстемелiк; -мазмұны мен құрылымына қарай: оқыту (тәрбиелеу), зайырлы (дiни), жалпыбiлiмдiк (бағдарлы), гуманитарлық (технократиялық), монотехнологиялық, политехнологиялық, аралық; -ұйымдастыру түрiне қарай: сыныптық-сабақтық (альтернативтiк). академиялық (клубтық), жеке (топтық), ұжымдық оқыту тәсiлi, саралап оқыту. Дегенмен, бiр ғана бағытпен шектелетiн монотехнология болмайтыны ақиқат. Кез келген технологияға кешендiлiк тән. Бiрақ өзiнiң таңдаған басым бағытына орай олардың арасында өзгешелiк те сақталады, соған cай белгiлi бiр атауға ие болады. Сонымен, технология – жеке тұлғаны дамытуға негiзделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технологияны қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды. педагогикалық технология салалық және локальдік деңгейлерде қолданылу болып бөлінеді. Салалық ( пәндік) − бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы. Локальдік (модульдік) жеке әрекеттер технологиясы ұғымын қалыптастыру, дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту технологиясы, жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы болып іштей жіктеледі. Оқытуда тиімділік танытатын педагогикалық технологияларды iрiктеу мен жүйелеудiң мынадай критерийлерi айқындалған: -технологиялардың оқыту талаптарымен үндес болуы; -технологиялардың білім алушылардың мүддесiне басымдылық беруі; -технологиялардың оқыту деңгейлерінің кез келгенiнде қолдануға қолайлылығы; -технологиялардың бiлiм сапасын арттыруға ықпалының айқын болуы; -технологиялардың студент бiлiмiн объективтi бағалаудағы тиiмдiлiгi; -технологиялардың студенттің әрекетiн белсендiруге ықпалын тигiзетiндiгi Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты – білім алушылардың даралық тұлғасын дамыту деп санаймыз. Енді осы ұғымға тоқталатын болсақ, педагогикалық технология техникалық және адами ресурстарды ескере отырып оқыту және білімді меңгерудің барлық үдерісін анықтап құру және қолданудың жүйелі әдісі, сонымен бірге білім берудің жолдарын айқындаудың бірі ретінде қарастырады. Педагогикалық технологияның басты ерекшілігі оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде. |