кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТКешке қарай МТС-тан почташы Мақым шал мен Әжібек те қайтқан. Әй, көксоққандар! Әжібектің келгенін көріп қуанғанымыз сонша, шанаға қарай далақтаса жүгірдік. Бір күн көрмегенге сағынып қалғандаймыз. Шынында да, Әжібексіз күніміз серкесінен айырылғанмен бірдей екен. Ортамызда ол жоқ болған бір күніміздің өзі ертеден кешке дейін көшеде опыр-топыр құр сенделіспен өткен еді. Не жөндеп ойын ойнай алмай, не үйді-үйімізге тарап кете алмай, МТС-тан келетін жолға қарағыштап жіпсіз байланып жүрдік те қойдық. Сол қашан қайтар екен, не бітіріп қайтар екен, темекі алып келер ме екен деп, елегі- зумен болдық. Бала деген қызық-ау, үлкендер сол Әжібекке жоламаңдар, сол оңбағаннан аулақ болыңдар, әйтпесе бір пәлеге ұрындырады деп құдайдың зарын қылып тыйым салып жатса да, өзіміз содан қаншама жәбір-жапа шегіп жүрсек те, айналып келгенде Әжібексіз таңымыз атпайтындай, күніміз батпайтындай боламыз да тұрамыз. Бүгін, міне, көзіміз соған анық жетті. Біз почташының шанасына жете бергенде, Мақым шал құлағы салпаңдап, аяғын санап басып келе жатқан шағыр көз жиренінің басын іркіп, шанасынан Әжібек пен бір бейтаныс адамды түсірген. Енді әрі қарай өздерің де бара аласыңдар ғой,- деген Мақым шал ол екеуіне атының болдырып келе жатқанын айтып. Он шақырым болдырмай келіп, үйге он метр қалғанда болдыра қалған атыңның құлағын…- деді шанадан секіріп түскен Әжібек ыза болып.- Мені қойшы, ауылға бірінші рет келе жатқан мына кісіден ұялсаңыз етті. Апыр-ай, ә, шынымен солай ма?! Онда шанаға қайта отырыңдар,- деген Мақым шал абыржып. Жоқ, енді отырмаймыз, кете беріңіз! — деді Әжібек шаңқылдай айқайлап.- Бүкіл қайырыңызды шайыр ғып жібердіңіз. Қап, ұят болды-ау, ә?! Қарағым, отыршы, баратын үйіңе апарып салайын,- деген Мақым шал әлгі бейтаныс адамға. Рақмет, ата, енді өзім де барам ғой, мына балалар көмектеседі ғой,- деді бейтаныс адам нәзік үнмен. Біз оны жасөспірім ер бала шығар деп тұрғанбыз, енді даусынан әйел адам екенін аңғардық. Көзінде көзілдірігі бар, үстінде ұзын сұрғылт пальто, басына ер адамның құлақшыны сияқты бас киім киген ақ сары бойжеткен екен, біздерге көзілдірігінің астынан күлімсірей қарап: Оқушысыңдар ма? — деп сұрады. Ия, бұлардың бәрі де оқушыларыңыз,- деп, біз үшін жауапты Әжібек қайтарды.-Ойынның түбін түсіріп жүрген көксоққандар. Егер мен болмасам, осы ауылды баяғыда өртеп жіберетіндер ғой. Ал, көксоққандар, танысып қойыңдар, бұл кісі сендердің жаңа мұғалім- дерің болады. Мен өзім де танысам ғой,- деді қыз Әжібектің таны- стырғанын жақтырмай. Мен таныстырмасам, бұлар ертең сізге қиқалақтап бағынбай жүрер. Маған бұлардың бағынғаны емес, жақсы оқыған- дары керек. Солай ма, балалар? — деді қыз күлімсірей тұрып. Біз оның ер балаға ұқсаған киім киісіне, күлімсіреген түріне аңырып қарадық та қалдық. Мұғалім деген біздің түсінігімізде Мұқан ағайымыз сияқты түсі суық, оқушы- ларға қарап күлмейтін айбынды адам болуы тиіс еді, ал мынау қыз болса езуін жияр емес, дәл бір алыстан келген бәріміздің туыс әпкеміз сияқты елжірей қарайды. Өзінің өңінде, күлкісінде адамды үйіріп тұрар бір жылылық, сүйкімділік бар. Жүріңдер, мені бригадирдің үйіне алып барыңдар,- деді онан соң. Әй, сен шанаңмен менің мына жүгімді алып жүр,- деді Әжібек Бәтеннің шанасына жарты қап жүгін салып.- Ал сендер,- деді қалғандарымызға,- мына кісіні Байда- лының үйіне ертіп апарып салған соң маған келерсіңдер, мен үйде болам,- деді. Біз мұғалім қыздың ағаш шабаданын шанамызға салып, Байдалының үйіне қарай алып жүрдік. Жол бойы ол әрқайсымыздың аты-жөнімізді, нешінші класта оқитынымызды сұрастырып таныса бастады. Өзінің аты Әнипа екен. Апай десеңдер болады,- деді.- Мұқан ағайлары- ңның әскерге кеткенін естіп осы ауылға өзім сұрандым. Өстіп жаңа келген мұғалім апайымызбен шұрқыраса сөйлесіп, Байдалы шалдың есігінің алдына да жеткенбіз. Үйінен шыққан Байдалы шал, өзінен майға піскен ыстық бауырсақтың иісі аңқи тұрып, мұғалім қызды тіксіне қарсы алды. Ол ұсынған бүктеулі қағазды қолына алып, ары-бері қарады да: Бұ неғылған қағаз? — деп сұрады. Аудандық оқу комиссариатының мені осы ауылға мұғалім етіп жіберген бұйрығы. Біз ешкімнен мұғалім сұрағамыз жоқ,- деді Байдалы шал жақтырмай. Сұрамасаңыз да жіберді. Қыс ішінде пәтер табу, отын-су табу оңай дей ме екен?! Байдалы шал қолындағы қағазға біраз шұқшия қарап алды да: Әй, сен бері жүрші,- деп, ортамыздан Санатты бөліп ап үйінің артына қарай ертіп әкетті. Санатты неге шақырып әкеткенін біз, әрине, іштей түсініп тұрмыз, хат танымайтын Байдалы шал әлгі қағазды соған оқытып алмақ. Сәлден кейін екеуі де қайтып оралған. Қағазды оқыдым,- деді Байдалы шал Әнипаға.- Дұрыс екен. Ал енді бүгінше біздің үйге қон, пәтер жағын ертең қарастырармыз. Рақмет, ағай. Менің қонатын үйім бар, сонда барай- ын,- деді Әнипа апай. Иә, ол кім еді? — деген Байдалы шал таңырқап. Осында Зылиқа деген кемпір бар ма? Бар. Сол кісінің үйіне барам. Ол Зылиқа кімің болады? Ол кісіні сыртынан танитын едім,- онан соң Әнипа апай біздерге жағалай қарап: — Енді мені сол үйге ертіп апарыңдар,- деді. Біз, Әнипа апайымыздың тілегі бойынша, екі ұлы бірдей майданға аттанып, жалғыз отырған, иілмейтін, қаққан қазықтай тік жүретіндігі үшін бүкіл ауыл Қада- уқара атап кеткен Зылиқа кемпірдің үйіне қарай алып жүрдік. Қадауқара кемпір қолына шыбық ұстап бес-алты қой- ешкісін қоралап жүр екен. Өз үйіне біз бастап әкелген Әнипа апайды таңдана тұрып қарсы алды. Таяп келгені- мізде салқын ғана амандасты да, мұғалім қызға көз алма- стан шаншыла қарап: Жөніңді айт, қарағым? — деді. Сіз мені танымайсыз, апа…- дей бастаған Әнипа апай. Тұра тұр, тұра тұр,- деді Қадауқара кемпір оның сөзін бөліп.- Сен осы Әлімбайыммен бірге оқыған Әнипа деген қыз емессің бе? Иә,- деді Әнипа апай таңырқап. Екеуіңнің бірге түскен суретің бар ғой, содан танып тұрмын. Қырық бірінші жылы педучилищені бітірерде түскенбіз. Қарағым, келші, маңдайыңнан сүйейін,- деді даусы бұзылып, көзі жасқа толған Қадауқара кемпір.- Әлімбай- ыммен қатар отырған сені кергеннің өзі не тұрады маған. Қадауқара кемпір мейірленіп кеп Әнипа апайымы- здың оң қабағының үстінен сүйді, көзіне толған жасты сүртіп, булығып біраз тұрды. Бір жыл болды хат келмегелі…- деді шағынғандай жыламсырап. Менің де хат алмағаныма бір жыл болды. Жарығым, қай жерде жүр екен?.. О-ой, жалған-ай…- деді Қадауқара кемпір ауыр күрсініп. Тек осыдан кейін ғана жөн сұрады. Иә, қарағым, жолың болсын? Дәм тартып осы ауылға келдім, апа. Мына бала- ларды оқытпақпын. Оның жақсы болған екен. Қадамың құтты болсын. Рақмет, апа. Үйге кір, қарағым. Ендігі жөнді асықпай сұрасармыз. Біз апайымыздың шабаданын үйге кіргізіп кете бергенбіз. Әй, балалар, тоқтаңдар! — деді Қадауқара кемпір дауыстап, өзі соңымыздан бір дорба езген құрттың малтасын алып шығып, бәрімізге уыстап үлестіре баста- ды.- Өздерің маған үлкен қуаныш әкеліп тұрып, құр ауыз кеткендерің жарамайды ғой,- деп қойды.-Айналайын ақ тілеулестерден, амандық болса бәріңді де шақырып, той жасағандай қонақ етем әлі. Біз мәмпәсилерге ұқсаған бірі ақ, бірі сарғылт малта құрттарды томпаңдай сорып, енді Әжібектің үйіне қарай тарттық. Күн батуға таяп, қызыл шапағы бүкіл ауылды жалқын нілге бояғандай ғып тұр. Әжібек өз үйінің төрінде бағанағы жарты қап жүгін қасына қойып, мәз-мейрам боп отыр екен. Екі езуі екі құлағына жетіп, қуанышында шек жоқ. Біз кіргенде: Олжа деген, міне,- деп қасындағы қапты сыртынан ұрып-ұрып қойған. Бұрқ-бұрқ еткен темекінің ащы иісі шетімізден түшкіртіп-пысқыртып жіберді. Біз келгенше, ол Ырысбектің әңгімесін Бәтеннен естіп қанып апты. Бәрін де естідім,- деді ала көлеңке үй ішінде көңілі сәл жабырқап.- Қайран азамат, Ырысекең қор боп кеткен екен де,- деді.- Әйел опасыз деген осы-ay, бәрінің теріс айналғанын қарашы. О, дүние-ай…- деп үлкен адамша аһ ұрып күңірене сөйледі. Ойланып біраз отырды да: — Апырай, тіпті қызық болған екен,- деді онан соң.- Ең аяғы Эммаға дейін ат-тондарын ала қашқанын айтсаңшы! Бір сәт мырс етіп күлді де: Әй, өзі де көксоққан еді,- деді енді табалай сөйлеп.- Бір әйелмен дұрыстап тұруына болатын еді ғой. Мейлі, жолы болсын! Темекі түгелдей өзіме олжа,- деді ең ақырында. Сөйтіп, сөзін күйзеліспен бастап соңын мысқылдай аяқтады. Ал, енді осы ауылдың темекі тартатындары мен насыбайшы кемпір-шалы маған жалынбай көрсін,- деді мақтана есіп. Шынында да, темекі салмайтын, бірақ шылым тарта- тындары мен насыбай ататындары көп біздің ауылда темекінің құны наннан артық болмаса, кем емес еді. Қайғы-қасіретте көңілге жұбаныш болатын бірден-бір дауа темекі боп саналатын. Еркектерді қойып әйелдерге дейін түтіні қолқаны қапқан ащы темекіні құшырлана сорған кезде, көңілдері сейіліп бір сәтке болса да ауырт- палықтың бәрін ұмытқандай болушы еді. Үлкендердің темекі десе ішкен астарын жерге қоятын осынша құштарлығын өнер санайтынбыз. Қолымыздан келсе бұрқылдатып отырып шылым тартқанға не жетсін деп армандайтынбыз. Рас, үлкендер бізге темекінің у екенін, зиянды екенін айтып, шылым тартуымызға қатты тыйым салатын, ал бірақ өздері бір күн темекісіз қалса, бүкіл жарық дүниені тәрік етуге шақ қалып жынданып кете жаздайтын. Ондайдың талайын көріп те, естіп те жүреміз. Сондықтан темекіге деген құштарлығымыз өрши түспесе кемімейтін. Тек, әттең, темекі қолымызға түспейді. Кейде ұрланып жылқының кепкен тезегінен шылым орап тартатынымыз бар, бірақ тезектің аты тезек қой, екі-үш күнге дейін кеңсірігіңді тезектің сасық иісі алып, жүрегің айнып, түтін атаулыдан безе қашардай боп жүресің. Сондайда: «Шіркін, нағыз темекі болса ғой»,- деп арман етеміз. Енді, міне, Әжібек сол нағыз темекінің жарты қабын әкеп отыр. Шіркін, Әжібек мықты ғой. Қанша мақтаған батырың да, мықтың да осындай-ақ болар. Үлкендердің қолы жете бермейтін дүние байлықты иісін бұрқыл- датып ұрып қойып отырғаны мынау. Және бір тиын ақша шығармаған. Ертеңгісінгі Ырысбек берген алақандай жүз сомдықты бәрімізге көрсете отырып: Темекіге ақша шығарып мені ақымақ боп кетті дейсіңдер ме?! — деді күліп. Біздің алдымызда оның мәртебесі бұрынғыдан да биіктеп, беделі тіптен шарықтап өскен еді. Егер осы сәтте бізден: «Ауылыңда бетке ұстар кімің бар?» — деп сұраса, ойланбастан бір ауыздан: «Әжібек!» — дер едік. Ал, көксоққандар,- деді Әжібек біз оның төңірегіне алқа-қотан отырған соң.- Мына Әжікелеріңнің арқа- сында шылымды тойғандарыңша бір шегіп жетісіп қалыңдар! — деп, қабының аузын шешті. Темекінің бұрқыраған ащы танауымызды бұры- нғыдан да гөрі жарып жіберердей жыбырлатып, түшкіру-пысқыруымыз жиілеп кетті. Пах-пах-пах!.. жарықтықтың иісі-ай,- деп Әжібектің өзі де түшкірінді.- Мә, мынадан бір-бір шылымдық қағаз жыртып алыңдар,- деп ол қалтасынан алған бүктеулі газетті ұсынған. Дереу жапа-тармағай алақандай- алақандай етіп бір-бір шылымдық қағаз жыртып алдық. Әжібек қабының аузын ашып, әрқайсымызға бір-бір шекімнен салып бере бастады. Бәрімізге салып берген соң: Әй, құр қалған ешкім жоқ па? — деп сұраған. Жоқ,- дедік бір ауыздан. Ал онда өзіме салайын,- деп, газеттен жыртып ап өзіне де бір шөкім салып алды. Оны қолы майыса отырып орап, онан тілімен жалап жабыстырғанының өзі қандай әдемі десеңші! Біз де соған еліктеп шылымды әдемілеп ораймыз дегенімізбен, қолымыз икемге келмей, бір шөкім темекінің өзін төгіп-шашып отырып әзер орадық. Нешауа, өсти-өсти үйренесіңдер,- деп қойды Әжібек біздің ұсқынсыз оралған шылымдарымызға қарап. Енді ол қалтасынан шақпақ тас және мақта алып, шағып- шағып қалған, мақта түтіндеп сала берді, соны үрлеп- үрлеп қойды да темекісін тұтатты. Онан соң сол темекісін сора отырып бәріміздің шылымымызды тұтаттырды. Шылым тартуды білетініміз де, білмей- тініміз де құшырлана соруға кірістік. Нағыз темекінің тілді қуырған удай ащы түтінін сорып аламыз да, бұрқы- рата үрлейміз. Бір-бірімізге қарап жымыңдаса мәз болып, дүниенің бір рақатына қолымыз жеткендей күйде тұрмыз. Әй, сендер мына маған қарап, менше тартыңдар,- деді Әжібек, сөйтті де шылымын терең сорып аузына түтінін толтырып алды да, су жұтқандай ішіне қарай қылқ еткізіп жұтып қойды да, онан соң әлгі түтінді қос танауынан бұрқылдата шығарды. Шылым тарту деп осыны айт! Енді біз де шылымнан аузымызды толтыра сорып ап, оны ішімізге жұтып, онан мұрнымыздан шығармақ болдық. Бірақ шылымды бұлай тарту оңай емес екен. Қақалып-шашалмағанымыз кем де кем-ақ шығармыз. Удай ащы түтін бүкіл кеңсірігімізді қуырып, тұншығып өліп қала жаздадық. Өй, ақымақтар, өйтіп түтінді бірден көптен сорып жұтпай, әуелі аз-аздан сорып үйреніңдер,- деді Әжібек жеки ұрсып. Кейбір шылымды қақалмай-шашалмай тартқан бала- ларға ол: Маладес! Сен түбі шылымды жақсы тартатын бола- сың,- деп мақтап қояды, ал кейбір лоқси бастаған бала- ларға: — Қор болған темекі! Мынадан түк шықпайды- ей,- деп ұрсып, желкесінен қойып қалады. Біраздан кейін үйдің іші көк түтін боп кетті. Бір бұрыштағы бала екінші бұрыштағы баланы әзер көре- міз. Әуелгіде тым-тырыс отырғанымызбен, шылымның қызығына түсе келе даурығыса бастадық. Міне, мен түтінді жұтып, мұрнымнан шығара аламын. Мен де үйрендім, қарашы бері! Олай емес, былай шығару керек. У-ду шудан ба, әлде түтіннен бе, сәлден соң басым айнала бастады. Балалардың бәрі күңгір-күңгір сөйлейтін сияқты. Көз алдым сәл айналып тұрғандай, әйтеу, бір қызық хал, ептеп жүрегім айниын деді. Әй, көксоққандар! — деді бір кез Әжібек ұйқыдан оянғандай.- Әй, мына үйдің ішін көк тұман ғып жіберіппіз ғой. Мәссаған! Сендер үйлеріңе кетесіңдер, мына көк тұманды жұтып сорлап мен қалам ғой. Кәне, далаға шығыңдар! Сыртқа шыққанбыз. Кәдімгі бір тар қапастан тұншығып шыққан адамдай көкірегім ашылып сала берді. Суық ауа бүкіл өне бойымды қуалап, бұлақтың тастай суын сіміріп-сіміріп жібергендей болдым. Уһ, қандай рақат! Балалардың бірі қақырынып-түкірініп, бірі лоқсып қойып күресін қарға еңкейеді. Бірақ соған қара- мастан көңіліміз шат, шетімізден мәз боп тұрмыз. Шылым тартуды үйрене бастағанымызды мақтан етіп тұрмыз. Әй, көксоққандар! — деді Әжібек.- Ертеңнен бастап оқуларың қайта басталады. Анау жаңа келген мұғалім қызды ренжітуші болмаңдар. Егер біреуіңнің қиқалаң- дағаныңды естісем, менен жақсылық күтпеңдер! — деді қатал ескертіп. |