Главная страница

кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын


Скачать 1.41 Mb.
НазваниеБірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Анкоркітап
Дата22.11.2022
Размер1.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаfkvf.docx
ТипДокументы
#806798
страница2 из 33
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

ТОҚТАР МЕН НӘЗИРА



Сол жылы көктемде мен Нәзира әпкемді аңдитын әдет шығардым. Оным жақсы ма, жаман ба, дұрыс па, әлде бұрыс па,- ол жағын білмеймін. Әйтеу, ол ауыл үй арасы қайда барса да мен жансызданып, сыртынан бақылап жүрем: ауыл шетіндегі бұлаққа суға барғанында көрінбей соңынан ілесіп бұта-бөргездердің тасасында тұрам, екі кештің арасында көршілерден сүт, яки ыдыс-аяқ сұрай

кіргенінде бұрыштағы тасадан және аңдимын. Ол болса менің бұл қылығымды әжем мен апамнан көретін, мені өзінің соңына солар салып қойды деп ойлайтын. Ал шындығында әжем де, апам да маған ештеңе айтқан емес, аңдитұғын менің өзім. Себебі соңғы кездерде мына ойдағы қауын салатын Шымырбай шалдың баласы — Тоқтар біздің үйді төңіректеп шықпайтын боп алды. Нәзира әпкемнің соңынан қалмайды. Екеуі жанаса кетсе-ақ ыржақ- ыржақ күлісіп, жәпектеп кеп сөйлеседі. Не сөйлесетіндерін кім білсін, әйтеуу бірінің-бірі аузына кіріп кете жаздайды.

Тоқтар — ұзын бойлы, ақсары өңді, сұлу жігіт. Үлкендер оны әлі бала дейді, бірақ біздерге ол үлкен жігіт сияқты көрінеді: биыл өзіне мұрт өсе бастаған. Оның мұртын байқамас та едім, бірде біздің үйдің алдынан өтіп бара жатып, есік алдында күн шуақта жүн иіріп отырған әжеме:

  • Амансыз ба, әже?! Деніңіз сау, күйлі-қуаттысыз ба?

  • деп амандасқан болатын. Ал өзіне бүйтіп сәлемдескен адамға әжемнің жаны қалмайтын әдеті.

    • Әй, бұ қай баласың? — деген.

    • Мен, Тоқтармын ғой, әже.

    • Шымырбайдың Тоқтарысың ба?

    • Иә.

    • Ой, айналайын, өркенің өссін, қарағым,- деп әжем әбден разы боп қалған.

Ал Тоқтар:

    • Ағадан хат кеп тұра ма? дегенде әжем оған мүлде қулап түскен еді.

    • Кеп тұрады, қарағым. Кеп тұрады. Әй, Нәзира! деген онан соң дауыстап.- Айран алып шықшы мына Тоқтарға.

Тоқтар алғыс айтып кете бермек болып еді, бірақ әжем жібермеді.

    • Қарағым, есік алдынан құр ауыз өткенің болмайды,

дәм татып кет,- деді.

Нәзира әпкем іштен бір тостақан айран алып шығып ұсынды. (Бұл күні ол үйдің ішін тазалап, кір-қоңды жумақ боп жұмысқа бармай, сұранып үйде қалған). Тоқтар айранды асықпай ұрттай отырып, әжеммен біраз әңгімелескен.

Мен болсам Тоқтардан да, Нәзира әпкемнен де көз жазбай, бұлар қайтер екен деп, екеуіне алма-кезек қарап байқастап тұрдым. Қуларын-ай десеңші, әжемнің көзінше екеуі де түк білмегенсіп сызыла қалыпты. Бір- біріне тек көздерінің астымен ғана қарап қояды.

      • Қарағым өзің әйтеу әскерге шақырғаннан амансың ба? — деп сұраған әжем.

      • Қыста бір рет шақырған, жасым әлі толыңқыра- мапты. Енді осы жазда шақыратын шығар.

      • Е, алла-ай, тал шыбықтай бұралып енді жеткен- деріңде сендерге де ауыз салды ма?! Қу соғыс, қараң өшкір пәшис?.. Әй, Нәзира, тағы құйып әкеп бер, айран!..

      • Рақмет, әже, тойдым.

Есік көзінде тұрған Нәзира әпкеме Тоқтар босаған тостақанды қайтарып беріп жатып:

      • Рақмет,- деді сыбырлап. Нәзира әпкем көздері күлімсіреп басын изеді.

«Ой, қуларын-ай» деймін-ау!

Сол жолы Тоқтар кеткеннен кейін де ойында басқа дәнеңе жоқ әжем баяғы «қу соғысты», «қараң өшкір пәшисті» қарғап-сілеп ұзақ отырды, бір ауық әскердегі баласын (біздің көкемізді) есіне алып, жылап та алды.

Кешкісін апам жұмыстан қайтып, шайға отырғаны- мызда, әжем сөз арасы:

      • Апыр-ай, әлгі Шымырбайдың баласы мұрты өсіп, зіңгіттей азамат бопты,- деген тамсанып.

      • Оны қайдан көріп жүрсіз? деп сұраған апам.

      • Бағана есік алдында жүн иіріп отырғанымда кеп, өзі

амандасты. Тіпті бір инабатты боп өсіпті: «Ағадан хат кеп тұра ма?» — дейді.

    • Ол мұнда неғып жүр? — деп апам Нәзира әпкеме көзін аларта қараған. Нәзира әпкем жерге кірердей боп қысылды.

    • Білмеймін. Әжем екеуі сөйлескен,- деді.

    • Е, есік алдынан өтіп бара жатып амандасқаны ғой,- деді әжем, апамның сөзіне мән бермей.- Шіркін-ай, тал шыбықтай бұралып өскенін қайтейін, биыл жазға әскерге шақыртпақ еді дейді.

    • Оған қайдағы әскер,- деген апам немқұрайлы сөйлеп,- әлі екі жылы жетпейді. Біздің мынадан,- деп апам Нәзира әпкемді нұсқап қойды,- үш айдай ғана үлкендігі бар. Тоқтар жазға салым туды да, мынау күзде туды емес пе?!

    • Онысын қайдан білейін, маған өзі қыста бір шақыр- тып, жасым толмай қалғам, енді осы жазға шақыртады деді. Сөйдеді емес пе, Нәзира? — деп әжем әпкеме қарады.

    • Иә,- деді Нәзира әпкем.- Ол анау жылы комсомолға өтемін деп екі жасты қостыртып жазғызған болатын.

    • Ә-ә,- деп апам аңырып қалды.- Қап, әттегене-ай, а…

    • Әй, бірақ өзі де сүйекті бала екен,- деді әжем.- Тіпті алпамсадай ғой.

Міне, сонан бері мен кездескен жерде Тоқтардың мұртына қараймын. Әрине, жақыннан абайлап, үңіліп қарасаң мұрты онша мұрт сияқты боп көрінбейді екен, жаңада ғана тебіндеген ұп-ұсақ, сирек-сирек, ал алыстау тұрып қарасаң, екі ұртының үстінен әп-әдемі боп қиылып, ақсары өңіне ерекше жарасып тұрады. Жұрттың бәрі өзін жақсы көреді. Мен ғана онша ұнат- паймын. Өйткені, ертеңді-кеш Нәзира әпкемді жағалай беруі ұнамайды.

Әнеу бір күні Нәзира әпкем бұлаққа суға барған кезде,

мен де соңынан көрінбей ілесіп барып, анадай жердегі қалың бөргездің тасасында тұрғам. Бір мезетте атын суғармақ боп Тоқтар жетіп келді. Бірақ атын түк те суарған жоқ. Ал кеп Нәзира әпкем екеуі сөйлессін, сықы- лықтасып кеп күле ме-ау, бір-бірінен асып түскілері келгендей ауыздары-ауыздарына тимей, әй, жарысып сөйлейді. Қол-аяғымама бергөздің тікендері инеше қадалғандарына қарамастан, «Осылар не сөйлеседі екен, осы?» — деп сөздеріне құлағымды түріп, жақындау келгем. Сөздерінің пәлендей қызық, соншама мәз боп күлетіндей ештеңесі де жоқ екен, баяғы мектепте оқыған күндерін, кімнің сабақ үстінде қалай отырғанын анау өйтуші еді, мынау бүйтуші еді деп, соны сөз қып тұр екеуі де. Тіпті бұлақтың басында тұрғандарын да ертең ауыл арасы өсек етер сырт көз барын да мүлде ұмытқан өздері.

Шыдай алмай кеттім, жұдырықтай тас алдым да екеуінің дәл ортасына лақтырып жібергем, екеуі де селк етіп, сасып қалды. Тасты қай жақтан, кім лақтырғанын біле алмай аң-таң. Мен тағы тас лақтырдым. Осы кезде ғана Нәзира әпкем өзі мені көре алмаса да, мен жасы- рынып тұрған қалың бөргез жаққа қарап:

      • Әй, Қанат, көкшешек, қой енді, әйтпесе желкеңді қиям, – деді.

Тоқтар бірдеңе деп күңкілдеп сөйледі де тез атына мініп, түк білмегендей желдірте жүріп кетті. Нәзира әпкем иінағашпен суын көтеріп, мен жаққа қарай тағы бұрылды да:

      • Шық бері, жүр! — деді.

Мен бөргез арасынан шыққам жоқ, со жасырынған күйімде қала бердім.

      • Сені ме, бәлем, тұра тұр! деді әпкем.

Бірақ Нәзира әпкемнен қорқып жүрген мен жоқ. Шындасам оның жігітпен сөйлескенін әжем мен апама

айтып, жанын шығартам ғой. Сондықтан күштің өзім жақта екенін жақсы білетінмін.

Кеше доп қуудың қызығымен кештің қалай түскенін білмей, ымырт үйіріле ойыннан қайтып келе жатқам, дәл өзіміздің сиыр қораның іргесіне жете бергенімде, бұрышта сөйлесіп тұрған екеудің үстінен түскенім. Тағы да со Тоқтар мен Нәзира әпкем. Тоқтар Нәзира әпкемді білегінен ұстап ап, жібермей тұрған сияқты.

    • Қойшы, Тоқтар, сүйіскен деген не ол, ұят емес пе. Айтып тұрмын ғой енді, өмір бойы сендікпін деп, сенсеңші сөзіме.

Тоқтар бірдеңе-бірдеңе деп сыбырлай күңкілдеді.

    • Қойшы, жіберші. Үйден біреу шығып қалса, құртады мені.

Қараңғыда еңкейіп жүріп қолыма іліккен кесекті ала салдым да лақтырдым. Тоқтар Нәзира әпкемді жібере салды да, әрі қарай қаша жөнелді, ал Нәзира әпкем үйге қарай зытты. Жолында тұрған мені қағып кете жаздады.

    • Көкшешек, аңдығаныңды қашан қоясың осы?!

Желкеңді қияйын ба!

Қиып көр,- дедім мен.

    • Қиямын,- деп кеп ол желкемнен ұстай алды. Қолы мұндай қатты, қарулы болар ма, мытып жіберді. Мен еркексініп айбат білдіріп бұлқынып көріп едім, босатар емес. Онан сайын сығымдай түседі.

    • Қоясың ба, аңдығаныңды?

    • Қоймаймын.

    • Мә, ендеше қоймасаң, мә…

Желкемнен со сығымдап қысқан күйінде, май құйры- ғымнан бір-екі рет тартып-тартып жіберді. Ұрғаны қаудырлаған тері шалбардан онша өте қойған жоқ, бірақ желкемнен қысқаны жиырма бата бастады.

    • Әже-е! Апа-а!..- деп бақырып жібердім. Нәзира әпкем жібере салды.

      • Қоймасаң, көрдің ғой, алатын сыбағаң осы!

      • Мен қазір әжеме, апама айтам.

      • Айтып көр!

      • Айтам,- деп мен есікке беттедім.

      • Қанат, тоқта! Жә, тиіспеймін. Әншейін әзілдегенім ғой, шынымен кек тұтып қалдың ба?

      • Бәрібір айтам, Тоқтармен әнеу күнгі бұлақ басында тұрғаныңды да, жаңағы оның сені сүймек болғанын да… бәрін айтам қазір.

Есікке қарай шегіншектеп аттай түскем.

      • Қанат, айналайын, не істе десең де істейін құлың болайын,- деді жаны шыға жаздаған Нәзира әпкем жалы- нып.- Рас, сен не істе десең де істейін.

Нәзира әпкемнің өзіме осынша жалынып, жалбары- нғанына қыбым қанып, рақаттанып қалдым.

      • Ал жарайды,- дедім өзімше күжірейіп.- Енді менің құлым боласың. Не бұйырсам да орындайсың.

      • Орындаймын дедім ғой.

Осы арада оны құлым қылу үшін не бұйырсам екем деп ойладым да, қапелімде жөнді ештеңе ойлап таба алмадым. Тек:

      • Бір аяғыңды көтеріп, бір қолыңа кірпіш ұстап тұра- сың,- дедім.

      • Не дейді?

      • Біздің класта Мұқан ағай тәртіп бұзғанымызда бір аяғымызды көтертіп, бір қолымызға кірпіш ұстатып бұрышқа тұрғызып қояды. Сен де сөйтесің.

      • Мақұл.

Үйге кірген соң қабағы салыңқы апам екеумізді де біраз қуырып алды.

      • Сен қайда жүрсің, осынша түн жарымына дейін тентіреп?! — деп,әуелі мені тергеді.

      • Ойнадық…

      • Ойының осылсын, ойының осылғыр. Үсті-бастан

сау тамтық жоқ, алым-жұлым боп. Шық былай, сүміреймей.

Осымен мен құтылдым. Енді апам Нәзира әпкеме ауысты.

    • Сенің не ауруың бар осы, жұмсаған жерге жоғалып кететін. Мына тұрған үйден елеуіш әкеле қой дегеніме дәл бір шай қайнатым уақыт болған шығар.

    • Елеуіштері бос емес, өздері ұн елеп жатыр екен, күтіп отырып қалдым.

    • Әйтеу, сылтау тапсаңшы. Айтпады деме, бір күні шашың. ды талдап жұлам.

Нәзира әпкем зәре-құты қашып үндемейді.

    • Неғып тұрсың енді селтиіп, еле анау ұнды! — дейді апам зекіп.

Осымен Нәзира әпкем де құтылады.

Біз, балалар, қарнымыз сыздағанша атала көжеге тойып, әжем мен апам маңдайлары терши отырып шөлдері қанғанша қаймақ қатып, тұз салып ақ су — шай ішіп болған соң, үй ішінде аса бір көңілді жақсы шақ орнайды. Қабағынан қар жауып тұратын апам да жады- райды. Басы Нәзира әпкем болып балалар бір-бірімізді түртпектеп ойынға кірісеміз. Әсіресе, мұндайда апам көрші үйлердің біріне шаруасы боп шығып кетсе тіпті рақат. Онда көзіміз ұйқыға кеткенше біраз асыр салып қаламыз. Әжеміз үйде ойнағанымызға әсте ұрыспайды.

Бүгін де апам бір шаруасымен бригадирдің үйіне барып келмек боп шығып кеткен. Апам кетісімен-ақ мен дереу Нәзира әпкеме қыдыңдауымды бастадым. Ол үлкендігін істеп бағынғысы келмей қиқаңдамақ болған. Мен:

    • Әже десе, мына Нәзира әпкем әлгінде кешкісін…- дей беріп едім, әпкемнің жаны шығып кете жаздады.

    • Қанатжан, Қанатжан, мен сенің құлыңмын ғой,- деп аяқ жағыма кеп отыра кетті.

      • Ендеше, ана бұрышқа бар да бір аяғыңды көтеріп, бір қолыңа кірпіш ұстап тұратын бол,- деп бұйырдым.

Амалы қанша, Нәзира әпкем айтқанымды еріксіз орындады. Ауыз үйдегі ошақтың алдында күйе-күйе бос кірпіш жататын, соны алып кеп, бір қолына көтеріп тұрды.

      • Мен ұйықтағанша сөйтіп тұрасың,- дедім де өзім шешініп, ұйқыға кірістім.

Сөйтіп, Тоқтар мен Нәзира әпкемнің бұ дүниедегі қас дұшпаны мен едім. Мен дегенде екеуінің де төбе шаштары тік тұратын. Қолдарына түскен жақсы заттары болса маған сыйлайды. Бір рет кешкісін ойыннан қайтып келе жатқанымда қарсы алдымнан Тоқтар шықты.

      • Қанат, мә, қызыл қарындаш керек пе? деді. Қуанып кеттім.

      • Керек,- дедім. Шынында да бояу қарындаш. Кәдімгі, Мұқан ағайдың біздің дәптерімізге баға қойып жүрген бояу қарындашы сияқты.

      • Менде неше түрлі бояу қарындаштар көп,- деп қойды Тоқтар.- Керек десең бәрін де саған әкеп берейін.

      • Әкеп берші.

      • Қанат, Нәзира әпкеңді шақырып жіберші, аздаған шаруам бар еді.

      • Мақұл,- дедім мен.- Тек ертең тағы бояу қарындаш әкелетін бол.

      • Мақұл,- деді ол да.

Мен үйге кірсем бір жақсысы апам жоқ екен, ұсақ балалар әжемнің баурына тығылып ертегі тыңдап жатыр да (бұл көктемде мен өзімді есейдім деп біліп, бұры- нғыдай әжемнің баурына кіріп жатуды қойғам, тіпті өйтуге намыстанатынмын), ал Нәзира әпкем жемпір тоқып отыр. Мен оған бояулы қарындашты көрсетіп қулана күлдім.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


написать администратору сайта