кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
НҰҒЫМАН, ӘЖІБЕК, БАЙДАЛЫБіз, бір топ бала, сәске кезінде ескі клубтың көлең- кесінде асық ойнап жүргенбіз. Ойымызда дәнеңе жоқ, ойынның қызығына алаңсыз кіріскен шағымыз еді, клубтың тасасынан Әжібек шыға келді. Келді де тігулі тұрған асықтарымызды тегіс сыпырып алды. Біз шулап қоя бердік. Біріміз жыламсырап, біріміз «ағатайлап» жалынып Әжібектің етегіне жабыстық, бірақ ол тісін ақситып ыржиған күйінде бірімізге де міз бақпастан асықтарды қалтасына салды. Шаужайлап жармасып болмаған бір-екі баланы май құйрықтан теуіп-теуіп жіберді. Амал қанша, әлімжеттік қылғанға көнгеннен басқа шара бар ма. Төбелесіп жеңе алмаймыз, өзімізді ұрып тастайды, үйге барып шағым еткенмен Әжібек қатын-қалаш, кемпір-шалдың сөзін құлағына да қыстыр- майды, қайта ерегесер болса үлкендерге тас лақтырып, балағаттап кетеді. Өзін қуып және ешкім ұстай алмайды, шапқан атқа жеткізбейтін жел аяқ. Соғыс кезінде ондай бәтуасыз, бетімен кеткенді жөнге салар кім бар. Сөйтіп ойынымыздың шырқы бұзылды. Әжібек тұрғанда асықты қайта тігіп ойнауға ешқайсымыздың батылымыз бармады. Ұйлығып тұрдық та қойдық. Ал, кәне, асықтарыңды қайтып берем,- деді ол ойына бірдеңе түскендей көзі жылт-жылт етіп күлім- сіреп. Сөйтті де қалтасынан бір асықты шығарып: Мынау кімдікі? — деп сұрады. Менікі,- деді асық иесі Сәмет. Сенікі ме…- Әжібек қақырынып ап, асыққа түкірді де: — Мә асығың,- деп Сәметке қайтып берді. Анау асығын алмастан көзі жасаурап теріс айналған. Әжібек оны бір қолымен шап беріп желкесінен ұстай алды да, енді кеңсірігіндегі бар қақырығын жинап алып, асыққа тағы жақты. Мә, ұста асығыңды, әйтпесе көкеңді танытам,- деді кіжініп. Анау бұл жолы да алмаған. Әжібек енді асықты қақырық-түкірігімен оның қалтасына салды да өзін бүйірлете теуіп кеп жіберді. Сәмет анадай жерге топы- раққа бұрқ ете түсті де, бақырып жылап үйіне кетті. Бар кет! Маған десең құдайыңа бар шағынып. О несі-ей, менің қақырығымнан жиіркенгені. Осыдан бала- лардың маңына жолап көрші!.. Ешқайсың жолатушы болмаңдар. Онымен ойнағаның менен жақсылық күтпе- ңдер! — деді ескертіп. Мынау кімнің асығы? — деді Әжібек енді екінші асықты шығарып. Менікі,- деді шашын ұстарамен бүгін ғана алғызған Бәтен деген бала. Әй, сенің тақырайған маңдайың жақсы екен, кәне, бері кел,- деп қасына шақырды да, Бәтеннің маңдайына дың-дың еткізіп екі шертіп, асығын қайырып берді. Біз күлкіге баттық, ал Бәтен көзі жасаурап, маңдайын сипалай берді, бірақ жылаған жоқ. Осылайша біріміздің асығымызға түкіріп, бірімізден шертпек алып, бір-екі баланы май құйрықтан теуіп, онан қалған асықтарды құлаштап тұрып лақтырып жіберді де: Барыңдар, тауып алыңдар! — деп қарқылдай күлді. Сөйтіп, қалғандарымыз оның тәлкегінен оңай құтылдық. Онан соң Әжібек алым-жұлым жейдесін шешіп тастап көк шөпке етбетінен жатты да: Әй, жетпегірлер, кәне, келіңдер, бойымның құрысып тұрғаны, кішкене жыбыр-жыбыр жасап жіберіңдерші! — деп бұйырды. «Жыбыр-жыбыр» — Әжібектің біраздан бері ойлап тапқаны. Өзі қышыма қотыр, сол қышыған кезде қолды- аяққа тұрмай безілдейді-ау, қолмен қасуға әйенкестенеді де жұмсақ шөппен жыбырлатады. Өзі жыбырлатқанға айызы қанбай, бүкіл өне-бойын бізге жыбырлаттырады. «Жыбыр-жыбыр» осыдан кеп шыққан. Қазір де біз жапа-тармағай кеп, біреуіміз табанын, біреуіміз алақанын, біреуіміз жотасын, желкесін, құлағының түптерін жұмсақ шөппен жыбырлатып сипап, қытықтауға кірістік. Әжібек көшенің шетіндегі көк шөптің үстінде қап- қара боп тыриып рақатқа батып, маужырап жатыр. Сыриған күс-күс қол-аяғын соза түседі. Белінде, екі қолының қары мен білегінде,- екі балтырында қотыры бар, соларын шөппен жыбырлатқан кезде жаны кіріп, аузынан сілекейі шұбырып кетеді. Сәлден соң шалқа- сынан аударылады, енді көкпеңбек боп қабысқан қарнын жыбырлатамыз. Тағы да, тағы да… Кішкене жоғарырақ… сәл төмен- деу…- деп есі кетеді. Біз онан сайын жанымыз қалмай бар өнерімізді салып-ақ жыбырлатамыз. Жыбырлататын шөпті де таңдай білу керек: аса жұмсақ болса қышын- дырмайды, ал сәл қатаңдау болса тікенше қадалуы мүмкін. Ондайда Әжібек жыбыр-жыбырды дұрыс жасай алмаған баланы не теуіп қалады, не жұдырықпен салып жібереді. Егер біреуімізге риза болса: Маладес, маладес…- деп мақтап қояды. Шіркін, Әжібектің мақтауын естігеннен артық бақыт бар ма екен десеңші! Мақтау естіген бала оның ең жақын етенесіне айналып, басқалардан сүйем қарыс биіктеп кетуші еді. Ол күні ондай баланың десі жүріп, әрқайсымызға орынды-орынсыз қожаңдап тиісе беретін. Арқа сүйері Әжібектің өзі болған соң кімнен қорықсын. Бүгін до сөйтіп әркім өз өнерін салып Әжібекті жыбыр-жыбыр жасадық. Қабысқан қарындағы қатпар- қатпар қышымаға шөп тигенде Әжібектің мүлде есі кетті. Сілекейі шұбырған үстіне шұбырып, тілі салбы- рап, бет-аузы қисаңдады да жатты. Бүкіл өне-бойы қалақай шаққандай қып-қызыл боп бөрте бастаған. Уһ, рахат-ай!.. Уһ, рахат-ай!..- деп ыңқылдап кеткен. Әй, бұларың не? — деген дауыс бәрімізді селк еткізді. Атымен дәл үстімізге төніп кеп колхоз бастығы Нұғыман тұр екен. Әжібек жайлап басын көтеріп, малдасын құрып отырды. Үстім дуылдап қышып болмаған соң, мыналарға жыбыр-жыбыр жасатып жатыр едім,-деді байсалды үнмен. Жыбыр-жыбыр дейсің бе? Қызық екен. Ал енді қотырыңды мыналарға жұқтырасың ғой. Е, жұқса бұлар менен әулие ме? Қой, олай деме. Өз қотырыңды жұртқа жұқтырып қаскөйлік жасама. Ондай адам көгермейді. Қайта бұлар үйірсектей берсе, өзіңнен аулақ ұста. Сен осылардың ішіндегі естиярысың ғой, бұларды жамандыққа емес, жақсылыққа баулуың керек. Бұ жетпегірлерді баулып-ақ жүрмін Қиқаңдаған- дарын ептеп төмпештеп те алам, тірісіне тірі көкесін, өлгендеріне өлген көкесін танытып қоям. Сен өзің тіпті ірі сөйлейді екенсің, ә. Кәне, бір әңгі- мелесейікші,- деп Нұғыман атынан түсіп, қасымызға отырды.- Жә қорықпа, тиіспеймін. Кез келгеннен қорқа беретін қоян жүрегіңіз мен емес. Неменеге қорқам, сіз азар болса сілейтіп тұрып бір сабарсыз қазір, ал мен өскеннен кейін оның есесін он есе ғып қайтарам ғой. Сіз шал болған кезде. Нұғыман күліп жіберді. Қалқам, біріншіден мен сені соқпаймын, ал екін- шіден сен ер жетіп өскенше тірі де болмаймын. Мына соғыс аяқталғанға дейін жаным шыдаса со да олжа маған. Соғыс қашан аяқталады? Кім біледі, қашан аяқталатынын. Осы күні біздің әскерлер жаудың өкшесін жерге тигізбей қуып барады ғой. Енді кепке созылмас. Сіз соғыстың тез біткеніне қуанбайтын шығарсыз,- деді Әжібек. Неге? Соғыс тез бітсе, сіз де тез өліп қаласыз ғой. Жоқ, мен тез біткеніне қуанам. Мен өлгенмен мына сендер барсыңдар ғой. Қотырдан жазылып, нанды қалағандарыңша тойып жеп, мынау ит талағандай алым- жұлым шоқпыттарыңды тастап, әп-әдемі киініп, гүлдей жайнап ойнап жүрсеңдер, онан артық қандай мұрат болмақ адамда. Ой, олай болу қайда-а?..- деді Әжібек күрсініп.- Шіркін, ақ нанға ыңқия бір тойып ап өлсем, еш арманым болмас еді-ау! Сенің арманың оңай екен. Енді бірер айдан кейін астық піседі, сол кезде мен біздің үйдегі апаңа бір пеш қып ақ бөлке пісіртейін, бір тойшы. Шіркін-ай, сөйтіңізші. Тек соған дейін менің сендердің барлығыңа салар бір қолқам бар. Айтыңыз. Мен өзім-ақ орындатам. Бұлардың бірде- бірі менің айтқанымнан шықпайды. Сендердің топыр-топыр боп көшеде осы жүрістерің маған ұнамайды. Соғыс болса анау қиян-кескі. Бәріңнің де әкелерің, ағаларың жауған оқтың астында қан кешіп жүр… Менің соғысқа кеткен ешкімім де жоқ, әкем соғысқа бармай-ақ ажалынан өлген,- деді Әжібек.- Сондықтан маған солса бәрібір. Ал, мына ақымақтар ғой,- деді ол барлығымызды жағалай мегзеп,- саналарында түк жоқ. Әлгінде асықтарын мен тартып алмасам ғой, әлі күнге ойнай беретін еді. Соғыста туыс-туғаның бар ма, жоқ па — ол есеп емес. Жауға қарсы көтерілу біздің бәріміздің де міндеті- міз. Сондықтан былай болсын, балалар, ертеңнен бастап қолдарыңа бір-бір орақ алып, егіннің арам шебін отауға шығыңдар. Күнде түсте егіннің басыңда ыстық тамақ бергіземіз. О-о, онда барамыз. Ыстық тамақ дейсіз бе? Ол қандай ыстық тамақ? Ет тураған көже,- деді Нұғыман. Оһо!-һо-о!.. Ур-ра, жұмысқа барамыз!.. Келістік пе, балалар? — деді Нұғыман орнынан тұрып. Келістік, келістік… Онда бригадирлерің мына Әжібек болсын. Оған да бір ауыздан келістік. Әжібек мүлде шіреніп, тіпті жер баса алмай қалды. Ол аздай Нұғыман тағы да: Ал, бригадир, сен мына қотырыңды емдетуің керек. Ат берейін, бүгін Қоңырға емханаға барып қайт,- деді. Сөйтті де Байдалыға бір жапырақ қағаз жазып берді. Онан соң қалтасынан елу сомды және суырып алды.- Мә, мына ақшаға дәрі ал. Нұғыман кетісімен Әжібек жүруге жиналды. Әуелі: Ал, жүгірмектер, жөкелеріңнің қандай екенін көрдіңдер ғой. Біліп қойыңдар — деп, бәрімізді өзіне құдайдай бір табындырып алды да, әрқайсымызға бұйрық бере бастады: -Қоңырға барып қайтқанша қарным ашады ғой, сондықтан сен, Қайрат, Самат екеуің маған құрт-ірімшік тауып әкеліңдер. Үйлеріңнен, болмаса анау Қазима кемпірдің есігінің алдында бағана құрт жаюлы тұрғанын көргем, содан ұрлап әкеліңдер. Ал сен, Қанат, мә, мына қағазды Байдалыға тапсыр да берген атын алып кел,- деді, әлгінде Нұғыман жазып кеткен бір жапырақ қағазды маған берігі. Қуанып кеттім. Әжібектің атын әкеп бергеннен асқан мәртебе бар ма, десеңші шіркін. Жүген тауып ап жүгірген бойда ұста дүкені жақта жүрген Байдалыға келдім, осылай да осылай деп басты- қтың қағазын ұстаттым қолына. Байдалы шал хат таны- майтын, сондықтан қағазды қайыра өзіме ұсынды да: Кәне, оқышы! — деді. «Бәке, мына Әжібекке бүгінше бір ат беріңіз. Қоңырға емханаға барып, қотырына дәрі алып қайтсын. Нұғыман.» Әй, саған емес, Әжібекке дейді ғой. Иә, Әжібек мені жіберді. Өзі анау жерде тұр. Ә, басыңды… шақша бас. Енді оған да малай керек болды ма?! Бар, өзі келсін деді де! Мен мойныма су кеткендей сүмірейіп, кейін қайт- тым. Қайрат пен Самат ұрлап әкелген ірімшік-құртты Әжібек қалтасына тығып тұр екен, мен Байдалының айтқандарын айттым. Өй, жаман неме. Бастықтың қағазы қолыңда тұрғанда со Байдалымен тәжікелесіп, сен де… Қолына қағазды ұстаттың ғой? Ұстаттым. Е, болды. Онан әрі қораға кіруің керек еді де, тәуір деген атты жүгендеп мініп, алып келуің керек еді. Мынадан ба, мына Қанаттан түк шықпайды. Осы адам болса мына мұрнымды кесіп берейін. Әкел жүгенді бері! Сөйтіп Әжібек өзі кеткен, сәлден кейін Байдалының торы жорғасымен текіректетіп шыға келді. Соңынан баж-баж етіп жер-көкті жұлып жеп Байдалы келеді. Қолында білем темір. Әй ит, тоқта деймін енді! Жаныңның барында тоқта!.. Осыдан қолыма түссең жақсылық күтпе!.. Апыр- ай, бұ итке басқа ат жетпегендей, менің мініп жүрген атымда несі бар-ей!.. Тоқта деймін!.. Қолдан бермегенді өстіп жолдан аламыз. Әкеңізден қалған ат жоқ, ақсақал, бұл колхоздың аты,- деп Әжібек тебініп-тебініп қояды.- Онысы нес-ей, сіз бригадир болсаңыз мен де бригадирмін бүгіннен бастап. Әлгінде, мыналардың алдында колхоздың бастығы өз аузынан сайлады. Қап, мына шақша басты-ай, ә!.. Әй, ең болмаса, астыңа тоқым сап мінсеңші, әйтпесе алдыңдағы аттың арқасын құртасың ғой! Мә-мә-мә-мә!..- деп Әжібек оған бет-аузын қисаң- датып мазақтады да, біздерге: — Ал қош-аман бол. Жағалбайлы, Төлегенің Қыз Жібектей аруды әкелуге Ақжайыққа жол тартты! — деп, торы жорғаның басын Қоңырға қарай түзеп шаба жөнелді. Артына қарап Байдалыны мазақтай түсіп ақсия күліп қояды. Әжібектің тақымы атқа тисе қалай жүретіні белгілі ғой, әне-міне дегенше белден-бел асып мүлде көрінбей кетті. Аяғымен жер тепкілеп, Әжібекті жер-жебіріне жете боқтап-сілеп Байдалы шал қала берді. Ә, шақша бас!.. Шақша бас!.. Осыдан қайтып келер- сің, бәлем! — деп кіжінеді.- Әй, сендер көрдіңдер ме, мына қағазды шынымен бастықтың өзі жазды ма? Иә, өзі жазды. Мына жерде тұрып жазған. Былай тұрып жазды,- десіп, біздер жан-жақтан жамырай растадық. Қап, мына шақша басты-ай, ей ә! Бәрінен де қорлығы торы жорғаны мініп кеткенін айтсаңшы. Пішен басталғанша біраз күн белі суысын, отықсын деп өзім де мінбей жүр едім. Қап!.. Байдалы шал қайтадан ұста жаққа кетті де, біздер сол орнымызда ұйлығып қала бердік. Әжібектің мына ісін тамсана сөз ғып, сүйсініп, тауыса алмаймыз. Енді екі көзіміз Қоңыр жақта: «Қашан қайтар екен Әжібек? Не бітіріп қайтар екен? Шіркін-ай, тезірек қайтсашы»,- деп тілейміз. Ойын дегеннің бәрі жайына қалды. Түу, Әжібектің мына ерлігінің қасында ойын деген сөз бе екен. Түскі тамаққа да ешкім үйіне қайтқан жоқ. Қоңырдың жолына телміре қараймыз. Әжібекті зарыға күтеміз. Бірақ Әжібек күн батқанша қайтқан жоқ, со күйі ұшты-күйлі жоғалды. Ертеңіне таңертең сырттан, терезенің түбінен: Қанат, тұр жұмысқа! — деген ащы дауыстан ояндым. Ұшып тұрып, көзімді уқалай сала, жейдемді жүре киіп тысқа шықсам, клубтың жанына кешегі жерге балалар жиналып та қалған екен, қолдарында бір-бір орақ. Бәрін үйді-үйіне барып оятып, жинап, басқарып жүрген Әжібек екен. Әжібекті көргенде қуанып кеттім. Әжем берген тамақты апыл-ғұпыл іше сап, қолыма орақ алдым да мен де жүгірдім. Әжібек өзінің кешегі Қоңырға барып қайтқан сапарын айтып тұр екен. Лектірге барып, сау басыма сақина тілеп, мені жын қағып кетіп пе. Барсаң бас салып жатқызып қояды олар. Сондықтан барғам жоқ. Қоңырдың дүкеніне кірдім де елу сомға түгел екі қалтамды толтырып қамыт сатып алдым. Әй, бір тойғанымша жедім-ау. Талқан күйсегендей күрсіл- деттім-ау. Былай уыстап аламын да аузыма толтырып тұрып, әй күрсілдетіп кеп шайнаймын. Қоңырдың бер жағындағы сайға келдім де, торы жорғаны шылбырмен тұсап қойып, қант пен ірімшікті қосып жеп, су ішіп рақат- танып тойып көк шөптің үстіне жатқам. Ұйықтап қаппын. Көзімді ашып алсам, күн батып кетіпті, атқа міне салдым да ауыл қайдасың деп аңыраттым… Міне, екі қалтамда да қанттың ұнтақтары әлі жүр,- деп ол екі қалтасын айналды- рған. Біз алақандарымызды тосып, түйір-түйір қанттың үгінділерін тілімізге тигізіп, соның өзіне мәз боп қалдық. Нұғымен дәрі алдың ба деп сұраса не дейсің? Ой, сол нені біледі дейсің, алдым дей салмаймын ба. Міне, мына бір қалбырға салидол мен ақ топырақты араластырып шылап-шылап салып алдым, сенбесе осыны көрсетем, дәрі деп… Кеңсе жақтан атқа мінген Нұғыман шыға келді. Ал дайынсыңдар ма, балалар? Дайынбыз. Онда қазір Жарбұлақтағы күздікке барыңдар. Ой, алыс қой. Жаяу қалай барамыз. Тәйірі, сендерге жер алыс па, жарысып ойнап қазір жетіп бармайсыңдар ма? Түсте арттарыңнан ыстық тамақ жібергізем. Ал, Әжібек бригадир, сенің бұл |