Главная страница

кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын


Скачать 1.41 Mb.
НазваниеБірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Анкоркітап
Дата22.11.2022
Размер1.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаfkvf.docx
ТипДокументы
#806798
страница9 из 33
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

    • Тоқта! — деген дауыс шықты. «Уһ!» — деп аттың басын тарттым. Түу, шіркін-ай, тоқтап тұру қандай жақсы, рақат. Ішімнің түйнегені сап басылды. Тек төңірек қана әлі зыр қағып айналып тұр. Көзімді жұмып ем, бәрібір тоқталмады үйіріліп айнала берді. Ат үстінен ауып түсе жаздадым.

    • Ештеңе етпейді, өсти-өсти үйренеді,- деген Байдалы шалдың сөзін құлағым шалды.-Мұндай күнімізде өзіміз жапан дүзде апталап жалғыз қалып жылқы бағушы ек.

Шеңбердегі бастырылған астықтың сабаны мен дәнін екі жаққа бөліп, сыпырып үйіп, жаңадан астық баулары төселгенше едәуір ес жиып, өзіме-өзім келіп қалдым. Үзеңгіні қысқарттырдым, астыма ескі бір көрпеше салғыздым.

Торы аттың дүңк-дүңк желісі қайта басталды. Қырмандағы у-шу құлаққа тек зың-зың, зың-зың ғана естіледі. Жұрт сөйлесіп жүр ме, әлде жамырасып жүр ме, айырып болмайды. Әйтеуір тек ішімді түйгілеу азайды, үзеңгіге аяғымды шіреп қопаң-қопаң етем, дүние тегіс тағы да шыр көбелек айналып тұр, бірақ алғашқы- дағыдай емес, оған да үйренейін дедім.

Әбден дағдыланған торы ат өзі-ақ шеңберден шетке шығып қалт токтай қалды.

    • Ой, бәрекелде, міне, жігіт болды деген осы,- деді

тағы да Байдалы шал.- Тіпті көзіміз ашылып қалды ғой, көп жасағыр-ай! Әй, Нәзира, шешеңе айт, той жасасын, мына ұлының жігіт болғанына.

      • Ибай-ау, қайнаға-ау, оны айтатын дәнеңе жоқ, тана тағып жіберсек болды ғой,- деді астық қаптап жүрген әйелдердің біреуі майыса сөйлеп.

      • Иә, сөйтелік. Әй, қатын, қалтаңда танаң бар ма?

      • Тесік тиын да жарайды емес пе?

      • Жарайды ғой, әкеші кәне!

      • Менің қалтамда бір моншақ жүруші еді.

      • Әкел моншағыңды да, тана ғып тағуға жарай береді. Сөйтіп, қырмандағы әйелдер кеу-кеулесіп тесік тиындарын, тана-моншақтарын жинап, менің қарсылы- ғыма қарамастан омырауыма, етегіме тізілтіп тігіп

тастады.

      • Ал енді шешең той жасамай көрсін.

      • Бәсе, кешеден бері иегім қышып жүр еді, бригадир жеңешемнің үйінен бір тоятын болдым.

      • Өзі қайда жүр, шешесі?

      • Орақшылар жаққа кеткен.

Әйелдердің қоршауынан Байдалы шал кеп айырып алды.

      • Әй, шырақтарым, болды енді, жұмысты тоқтатпаң- дар,- деді.

Торы атты тебініп қап, шеңберге түсіп дүңк-дүңк желе жөнелдім…

Неше айналым бау астық бастырғаным есімде жоқ. Кешкісін торы аттан тәлтіректеп түскен кезімде бойым бір-ақ тұтам боп қысқарып қалған сияқты көрінді. Тақы- мым, үзеңгі бау қажаған сирағым ду-ду ашиды. Басым шыр көбелек айналып тұр. Көзімді жұмып жата кеткім келеді, бірақ өйтуге болмайды, онда Байдалы шал мен басқа жұрттың алдында масқара болам ғой. Бар күшімді жиып, аяғымды барымша нықтап түзу басып ауылға

қарай бет алдым. Ұясына қонуға сүйем қарыс қалған күн шіпілдеп қызарып тұр. Әзі дөңгелеп айналып тұрған сияқты. Құлағыма лақ маңырағандай болады. Едәуір жүріп қырманның шуынан алыстаған соң ептеп есімді жидым. Артымнан лақ әлі маңырап келе жатқан сияқты. Қарасам, Мәри деген қыз, маған тоқта дегендей айқайлап келеді. Сөйте тұрып өзі мүлде асығар емес, аяғын санап басқандай жүреді.

    • Жүретін болсаң жүрсеңші енді! — дедім ит жыным ұстап.

    • Маған қатты жүруге болмайды,- дейді.

Әншейінде тыраңдап көшенің ана басынан бір көрінсе, мына басынан бір көрініп жүгіретін, аяқ асты мүләйімси қапты. Мен ыза боп, қарайламай кете беріп ем.

    • Қанат, ағатай… күнім, ағатай, тоқташы…- деп жыларман боп жалынды.

    • Енді жүр дедім ғой мен саған.

    • Маған қатты жүруге болмайды.

Амал жоқ, күтіп алдым. Қырман мен ауылдың екі ортасында қалың қамыс пен қара қоға өскен кішкентай жыра-сай бар болатын, содан қорқып келеді. Ол жырадан жалғыз өтуге қыздардың бәрі қорқады, сонды- қтан ылғи өстіп біздерге — балаларға жалынып жүрген- дері. Жақындап келген Мәри артына, қырман жаққа қарай жалтақтап қарап қойып:

    • Мен саған қазір бірдеңе айтам. Т-с-с!..-деді құпия- лағандай сыбырлай сөйлеп.- Туу, омырауындағы тана- лардың әйбетін-ай, маған да неге тақпайды екен өстіп.

Мәри менен бірер жасы кіші және бір класс төмен оқиды, бірақ өзі сонысына қарамастан қол-аяғы сидаңдап бойы менімен бірдей. Өзін жұрт «әртістің қызы» дейді, әкесі әртіс бопты. Әртіс әкесі соғысқа кеткен соң шешесі біздің ауылдағы төркіндерін сағалап

қаладан көшіп келген. Қазір шешесі, бірінші класта оқитын інісі үшеуі ғана тұрады. Әртістің қызы болған соң ба, Мәри кейде ауылдың басқа қыздарына қарағанда өзін тәлпіштеу ұстап, белін бұраң-бұраң еткізіп жүретіні бар. Біз — балалар ондайда сыртымыздан: «Ой, өзін ырбаңдатпай қағып жіберсе!» — деп кіжінеміз де, іштей оның сол қылығын өлердей ұнатып тұрамыз. Ұнататы- нымызды сезетін болу керек, қарсы келгенімізде көзін сүзілдіріп, өп-өтірік күлімсірей қалатыны бар. Жұқалтаң ақ құба өңі, қаламмен сызғандай қиылып тұратын қасы мен көзі сүйкімді-ақ. Өзінің мінезі де жақсы. Әсте мұңаю, қынжылу дегенді білмейді, қашан көрсең сықы- лықтап күліп жүргені. Мысалы, көктемде шешесі қойда сақманда жүргенде Мәридің шашы биттеп кетіп, Мұқан ағай ұстарамен тып-типыл, айнадай ғып сыпырды да тастады. Сонда ғой басқа қыздар болса өгіздей өкіріп, буынып өлер еді, ал Мәридің ойына да кіріп шыққан жоқ. Өз басын өзі қауын шерткендей шертіп қойып: «Ур- ра!, енді мен еркек баламын!» — деп сықылықтап күлді де жүріп кетті. Сонан бері өзі еркек балаша киінеді, көйлегінің етегін шолақ шалбардың ішіне салып, ылғи ышқырланып алады.

Бүгін де көйлегін ышқырланып алған. Қырмандағы шешесінің жанында боп, содан қайтып келеді. Іші ауырған адамдай аяғын тіпті кібіртіктей қапты.

      • Қанат, ақырын жүрейік. Мен саған қазір жыраның ішіне түскен соң бірдеңе айтам,- деп қояды.

Жалғыз аяқ жолмен мен алда, ол артта ауылға қарай төтелеп жүріп келеміз. Екі жағымызда ат бойы қалың құрақ, күз түссе де сарғаймай көкпеңбек боп тұнып тұр.

      • Қанат, осы құрақтардың ішінде үлкендігі нақ жолба- рыстай жабайы мысық бар көрінеді,-дейді Мәри.

      • Бар. Сен немене, қорқасың ба?

    • Қорықпай ше. Қыз басыммен қорықпайтындай мен кім едім, сонша.

Жырақтың табанына таянғанымызда. Мәри:

    • Қанат, қолыңды әкеші,- деп қолымнан шап беріп қысып ұстап алды.- Осы арадан кеше мен ұзындығы тура қос құлаштай жылан көргем. Ойбай-ай, қорқам. Ақырын жүрші, ағатай.

Жырақтың табанынан өтіп, қарсы қабаққа шыққаны- мызда Мәри:

    • Уһ! Жаным-ай, аман-есен өттік-ау, әйтеуір,- деп жүрегін ұстады. Онан соң кейін қарай бұрылып қарап қойды да, бұл төңіректе кемінде бір шақырымға дейін тірі жан жоқ болса да сөзін сыбырлай сөйледі: Әлгінде саған айтайын дегенім…- деп бастады да, көзіме көзін қадап іркіліп қалды.- Саған сенуге бола ма өзі?

Мен иығымды қиқаң еткіздім. Ол со көзімнен көзін айырмай қадалған күйде:

    • Тегінде сенің көзіңде қулық жоқ,- деді.

Мен ыңғайсызданып қысылып көзімді тайдырып кеттім де:

    • Қойшы әрі,- дедім, ызаланған боп.

    • Рас айтам. Сенің көзіңде ешқандай қулық жоқ, демек саған сенуге болады. Ал бері қара…- деді тағы да құпиялай сыбырлап,- бері, құлағыңды әкеші… Мен қырманнан бидай ұрлап келе жатырмын.

    • Не?!

    • Тс-с!.. Ақырын, айқайлама. Мен бидай ұрлап келе жатырмын деп тұрмын. Міне, мына ышқырым толы бидай, сондықтан қатты жүре алмай келем. Тек аузы- ңнан шықпасын, ауданнан келген өкіл, немесе колхоздың бастығы естісе, онда мені тура соттайды.

    • Айтып нем бар.

    • Өзім де сенің айтпайтыныңды білем. Саған сеніп тұрмын ғой.

      • Мамаң бұл ұрлығыңды біле ме?

      • Қайдан білсін. Білсе мойнымды үзеді тура. Сенің апаң сияқты менің мамамның да мінезі тік, қатал ғой.

      • Білем.

      • Білсең сол. Енді бұл бидайды апама көрсетпей қарнымыз ашқан кезде қуырып жеп қоюымыз керек ініміз екеуміз. Бүгін қуыра алмаймыз, кеш боп кетті. Ертең сабақтан шыққан соң болмаса… Қолың тисе кел, бірге қуырып жейміз…

      • Көрермін,- дедім мен.

Күн ұясына қонып, төңірек алагеуім тарта бастады. Ауыл үйлерінің мұржаларынан жарыса көтерілген түтіндер сыриып сонау көктеңбіл аспанмен сіңісіп жатыр. Үйдің мұржаларынан ұшқан от ұшқындарындай әр тұстан жылт-жылт етіп жұлды- здар көрінді.

      • Қанат, мә, сағыз шайнайсың ба?

      • Жер сағыз ба? Әкел.

      • Иә. Бағана түсте жинап алғам. Шайнай берсең тісіңді аппақ қылады. Міне, қарашы менің тістерімді.

Мәри тістерін көрсетіп күлімсіреді. Ымырт шапағында жарқыраған аппақ тістері маржандай тізіліп сүп-сүйкімді көрінді. Өзі көзін сүзілте қарайды.

      • Мә, мына таналарды сен қиып ал.

      • Жо, болмайды ғой, өйткені оларды саған тақты ғой үлкен кісілер.

      • Онда біреуін ал. Таңдағаныңды.

      • Біреуін алуға болады. Міне біреу көгін… жоқ, қызы- лын… жо-жо-жоқ, ағын алайын.

Ол омырауыма еңкейіп, өзіне ұнаған тананы тісімен қырш еткізіп қиып алды.

      • Ой, Қанат-ай, рақмет…- деді мәз болып.

Ол өз үйіне қарай, мен өз үйіме қарай кеттік. Басымның шыр көбелек айналғаны, тақымымның,

сирағымның ду-ду ашығаны қайта басталды. Өне бойым салдырап, әбден шаршағанымды да сездім.

Үйге келісімен тамақ ішуге де мұршам келмей мұрттай ұштым. Көз алдымның, төңірегімнің бәрі айналды да тұрды. Өзім де айналып жатқан сияқтымын, айналу… айналу… айналу… Өстіп ұйқылы-ояу талаурап жатқам, біреу кеп басымнан сипады, одан омырауым- дағы тана-тиындарды көрді. Мырс етіп күлді, апам екен. Еңкейіп маңдайымнан иіскеп, ернінің ұшымен жұмсақ қана сүйді. Көкемнен қара қағаз келгеннен кейінгі жердегі апамның бірінші рет күлгені осы шығар, сірә.

    • Әжесі-ау, мына балаңның омырауын көрдің бе? деді онан соң.

    • Е, не бопты?

    • Қырмандағы әйелдер тана тағып жіберіпті.

    • А! Сөйтіп пе? Е-е-е, баласынан айналдым… Құлды- ғым… Көкесіне тартқан құлыным… Сенің жолыңа мен неге құрбаның боп шалынбаймын, садағаң боп неге кетпеймін!.. Көзімнің қарашығы…- елжірей кеп үстіме төнген әжем дүниедегі ең асыл сөздерді маған ғана теңеп шұбырта бастады.

Мен ұйықтаған боп өтірік пысылдай түсем. Әжем мен апамды қуантқаныма көңілім өсіп, көкірегім жары- лардай боп масайрап жатырмын. Шаршағанымды да мүлде ұмыттым. Шашымнан сипай түскен апамның қолы жұп-жұмсақ, ып-ыстық. Бүкіл өн бойыма бір түрлі бір алып күш толып кеткен сияқты, дүниеде менің қолымнан келмес, мен істей алмас іс жоқ сияқты. Өз- өзімнен сақылдап күліп жіберуге шақ жатырмын. Бірақ ояу екенімді білдіргім келмейді. Өстіп «ұйықтаған боп» жатып еркелегім келеді апама. «Әлі тұра тұрыңдар, әже, апа… мен әлі көрсетемін…» — деймін іштей. Осы сәтте біреу кеп мұрнымды шымшыды.

      • Ой, мақтаншақ-ой…- деді Нәзира әпкем.- Осы мақтаншақ өтірік ұйықтап жатыр.

      • Жә, оятасың онысы несі, ұйықтап жатқан баланы мазалап,- деп апам оған жекіп қойды.

Мен Нәзира әпкем тағы бірдеңе деп кеп түртпектесе шыдай алмай күліп жіберерімді білдім де, ұйқысыраған боп аударылып, бетімді шамның жарығынан бұрып жаттым. Апамның қолы шашымды әлі де сипап отыр.

      • Амандық боп, мына астықты жинап алған соң анау кебе лақтың бірін сойып, әйелдерге кішкентай бір той- томалақ жасап беру керек енді,- дейді.

      • Онда мен анау сары ешкінің лағын ептеп, жемдей берейін,- дейді әжем.

      • Түу, өсти қалатындарыңыз-ай, осы сіздерде ғана бала бардай. Бір күн, жарым күн барып қолқабыс еткенде тұрған не бар екен, соған бола той-томалақ деп дабырайтатын түк те жоқ,- дейді Нәзира әпкем.

      • Халқымыздың дәстүрі, ырым ғой,- дейді апам.

      • Баланың жұмыс істегені де ырым бопты. Онан да бұлардың бәрін желкелеп отырып жұмысқа салу керек. Әйтпесе анау Ырысбек деген мен Әжібекке ілесіп істе- мейтіндері жоқ. Мына біздің ұл Зибаш пен Ырысбектің арасына хат тасушы болған көрінеді.

      • Жә, не боса соны сөйлемеші әрі,- деді апам жақтырмай.

      • Рас айтам. Маған сенбесеңіз оятып ап, өзінен сұраңыз.

Нәзира әпкемнің мына сөзі мені төбемнен ұрғандай қылды.

Теріс қарап жатқан күйде тынысым тарылып, жерге кірердей қысылдым. Бет-жүзім дуылдап кетті. Нәзира әпкеме ыза боп жатырмын: «Тоқтар екеуінің кездескен- дерін талай жасырып едім… Бәлем, тұра тұр»,- деймін іштей кіжініп.

Апам мені оятқан жоқ.

    • Бар, сапылдамай, мына әжеңе бидай түйіп беріп кет, көжеге салатын,- деді, Нәзира әпкеме.

Мұнан әрі Нәзира әпкем ауыз үйге шығып, гүрсіл- детіп кеп түйе бастады.

Әжем мен апам екеуі шаруа жайын сөз етіп кетті. Дәйім бәрін білгісі кеп отыратын әжем астықтың түсімін сұрайды, апам орташа дейді, бірақ соның өзін төкпей- шашпай жинап алса мемлекетке тапсыруға да, тұқым құйып алуға да жетер еді, дейді.

    • Еңбекке ештеңе бермейсіңдер ме?

    • Білмеймін. Әй, қиын… қиын…- дейді апам күрсініп.- Мынау ойдағы колхоздардың биыл астықтары күйіп кетіпті, олардың тауқыметі де бізге түсе ме деп ойлай- мын. Бүгін бастықты ауданға шақыртып кеткен, сірә сол жайында болар.

    • Е, жаратқан алла, пейіліңді тарылтпа…- деп әжем ауыр күрсінеді.- Мәшинемен орып жатырсыңдар ма?

    • Иә, мына жазықтағы астықты лобогрейкамен орып жатырмыз. Бірақ өндірімсіз, екі айналып тоқтап қалады, сына береді… Оны дұрыстап жөндейтін ұста да жоқ.

    • Әлгі неміс бала бар емес пе?

    • О, байқұс, жайын салып мықшыңдап-ақ жатады, бірақ бала емес пе… қазір жөндегені қазір бұзылып қалады.

    • Әттегене-ай, ә, темірді пісіре алмайды-ау, ә… Қайран Ақаттай ұста қайда дейсің?! Ой, қу соғыс-ай!.. Ал жат енді, шаршап келдің ғой. Таңертең ерте тұрасыңдар.

    • Жоқ, жатпаймыз. Қазір қырманға қайта кетеміз. Станцияға алты өгіз арбамен астық жөнелтуіміз керек. Соның екеуіне айдап баратын адам іздеймін. Әлгінде Қанаттың бүгін қырманға барып, жұмыс істегенін естіп, бетінен бір иіскеп кетейінші деп келіп ем үйге.

    • Нәзира да қайта кете ме қырманға?
      1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33


написать администратору сайта