кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
Зибаш, көжеңді әкел! — деседі. Ортаға келген жарты тегеш кеспе көжені қолдарына тиген шұңғыл ыдысқа құйып, екеу-үшеуден кезектесіп бір қасықпен ішуге кірісті. Ырысбекке үлкен тостақан мен жеке қасық беріп: Сен еркексің ғой бізге қарама. Тойып ал! — дейді. Сырттан есік алдынан біреулер тасыр-тұсыр жүгіріп өтті. Сөйткенше болған жоқ, есіктен сұңқиып жынды Бүбітай кіріп келді. Үйдегілерге тегіс бажырайып қарап өтті де: Тойлап отырсыңдар, ә,- деді.- Мені ғой тойға шақырмайсыңдар. Ал шақырмасаңдар да мен өзім келдім,- деп босағаға отыра кетті. Үсті-басы жұлым- жұлым, кір-кір еді, өзі жүдеу. Мен зәрем ұшып апама тығыла түстім. Ей, қор болған сорлы-ай!..- деді Нұрсұлу, аяныш білдіріп күрсіне. Үй ішіндегілер көжені сораптатқан- дарын тоқтатып, тым-тырыс тына қалды. Ал әкесеңдерші, қант-кәмпиттеріңнен, шай ішелік,- деді Бүбітай. Ауыз үйден тықыр естілді де, ақырын ғана есікті ашып Тоштан кірді. Бүбітай: «Ойбай-ай, ойбай-ай!.. Мынау тағы жетті-ау!» — деп зар қағып ыршып, әйел- дерді баса-көктеп төрдегі Ырысбектің қасына бір-ақ жетті. Зәресі ұшқан Ырысбек атып қазан жақтағы Зиба- штың қасына барды. Тәтем маған бой бермей қашып келді,- деді Тоштан кінәлі адамдай өзінің қолында ұшына сым темір байланған кішкентай қамшысы бар. Тәтеңді сен өзің қарап жүрсің бе? — деп сұрады Нұрсұлу. Иә, өзім қараймын. Немене, сонда бір үйде екеуің ғана жатасың ба? Иә, екеуміз ғана. Әй, мына тамақты маған қойдыңдар ма? — деді Бүбітай Ырысбектен қалған көжеге қарап. Иә, саған қойдық. Іш. Бүбітай ашқарақтанып көжені алды-артына қарамай апыл-ғұпыл іше бастады. И-и, сорлы-ай… И-и, байқұс-ай, аш екен-ау! — десіп әйелдер егіліп кетті. Тоштан, келе ғой, қарағым, көже іш,- деп апам алдымыздағы тостағанға тегеште қалған көжеден толтыра құйды. Тоштанның да қарны аш екен, көжені қомағайлана ұрттады. Әйелдердің әрқайсысы одан әр нәрсені сұрап жатыр, ол көжені ұрттай отырып жауап қатады. Тәтеңмен екеуің жалғыз жатқанда қорықпайсың ба? Алғашқыда қорқатынмын, қазір қорықпаймын. Әйтеуір айтқаныңды істей ме, тіліңді ала ма? Тілімді алмаса мына қамшымен ұрам. Байдалы атам солай үйреткен. Ал оған да көнбесе онда, міне, бізім бар, мұны да со Байдалы атам жасап берген, осыны сұғып алам. Өзіңді ұрып тастамай ма? Жоқ. Бізден қорқады. Ал жатқанда қалай жатасыңдар. Жатарда мен тәтемнің қолын артына қайырып байлап қоям. Неге? Әйтпесе, түнде тұрып мені тұншықтырады. Қолының жібі шешіліп кетіп екі рет тұншықтырды да. Көжені ішіп болған соң Бүбітай жан-жағына түкірініп, күбір-күбір сөйледі де, ешкімге қарамастан, жолында отырғандарды баса-жанша сыртқа беттеді. Тоштан да тұрып соңынан ерді. Есіктен шығып бара жатып менің апама: Апа, мен күніне бір уақыт барып қырманда жұмыс істесем бола ма? — деді жалынышты үнмен,- Әйтпесе, қыс түсіп келе жатыр, тәтем екеуміз аштан өліп қаламыз ғой. Болады, қарағым, болады. Өзің шамаңның келгенінше қырманда істе. Кейін тәтең екеуіңе әскер семьясы деп жәрдем бергіземіз,- деді апам. Ойпырм-ай, иманымды бір ұшырды-ау,- деді Ырысбек күле сөйлеп. Бірақ оның сөзіне ешкім үндей қойған жоқ. Түрлері тоң-торыс боп қабақтары түсіп кеткен әйелдер күрсіне береді. Әй, Ырысбек, темекіңнен әкеші,- деді кенет Нұрсұлу. Онан соң Ырысбек ұсынған темекісі бар дорбаны алып, шылым орады. «Әй, қатын, бізге де берші, бері!» — деп Сәруа мен Қалипа да темекіге қол созды. Үйдің ішін ащы темекінің көк түтіні жайлады. Қою түтін. Тамақты жыбырлатып, көзді ашытып еріксіз жөтелдіреді. Үш әйел үш жақтан бұрқ-бұрқ тартып отыр. Мен жөтеле бастағам, апам: Түу, сонша бұрқыратқандарың-ай, мұрындарыңды құрт жеп бара жатқандай,- деді. Ей, қатын-ай, мұрнымды жемесе де кеудемді жеп барады ғой Осы ащы түтіннен басқа не жұбаныш қалды енді,- деді Нұрсұлу,- осыны да көп көріп отырсың ба? Мейлің, тарта бер. Ойбу, отырып қаппыз ғой, ал тұралық енді,- деді орнынан қозғалған апам даусы аяқ асты қатқылдап.- Зибаш, Ырысбек екеуің артымыздан келерсіңдер, мен қырманға барып арбаларға астық тиете берейін, ай туа жүріп кетіңдер. Мақұл, тәте,- деді Зибаш. Былайырақ шыққан соң әйелдердің бірі: Құдай-ау, не боп біттік өзі, түйіліп кеп сұйылып қалдық па,- деген. Е, қайдан көздеріңді сығымдап, еркек көрмегендей Ырысбектің аузына телмірдіңдер де қалдыңдар,- деді Нұрсұлу. Әй қатын, өйтіп бұлтақтама. Айтсаң айтшы деп, жалп етіп бірінші отыра кеткен сенің өзің емессің бе? Мен оның әнін тыңдайын дедім. Бәріміз де со әнін тыңдайық дедік қой. Әй, меніңше сол Ырысбек, бізді бала ғұсатып аузы- мызды аңқитып алдап жіберген сияқты. Қой әрі, ер-азамат басымен ант етті ғой. Сөзінде тұрар,- деді Нұрсұлу.- Әдіре қалғыр, осыдан алдап көрсін, немістің оғынан қалған жарты өкпесінен бір қойып, көкірегін қаздай шулатайын. Сенен ол да шығар,- деді апам күліп. Е, шықпай ше? Қатын басыммен сіңірім созылып мен жүрсем, еркек басымен шалқасынан түсіп ол жатса… Әй қатындар! — деді апам бәрін тоқтатып. Иіріле аялдаған әйелдер бір сәтке үнсіз тұрып қалды. Ал тағы не айтасың дегендей қараңғыда апамның аузына қарайды. Тау жақтан ақырын ғана үріп қоңыр жел соғып тұр. Күздің салқын желі. Түу, мына бір желдің рақаты-ай, таң атқанша талай астық ұшырып тастауға болады екен,- деді апам самбырлай сөйлеп. Әй қатын, айтатыныңды тура айтсаңшы, өйтіп тұспалдамай,- деп Нұрсұлу оның сөзін бөліп кеткен. Не айтар дейсің… барыңдар, дем алыңдар… Әй, Нәзира, жүр біз қырманға кетелік. Міне, бұл мысыңды өстіп құртады ғой. Жә, балалар ұйықтап қалды, қазір барып төсекте төңбекшігенше, мен де қырман жаққа барайын. Сол жерде бірдеңе ғып көз шырымын алармын. Бәтиқа, мен таңертең келе алмай қалғандай болсам біздің сиырды да сауа саларсың… Жүр, Қанат, мен сені үйге апарып тастайын,- деп Нәзира әпкем қолымнан ұстап сүйрете жөнелді. Екеуі- міздің тапыр-тұпыр жүгіргенімізге көшедегі иттер шуылдап кетті. Бізге қарай шабалана үреді. Бірақ Нәзира әпкем қорықпайды, жақындағандарын ұзын бишігін сілтеп қап қаңқ еткізеді. Мен күнде сабақтан шығысымен қырманға барып малатастың басына мініп жүрдім. Ала көз торы аттың дүңк-дүңк желісіне әбден үйреніп алғам, үзеңгіге аяғымды шіреп қопаң-қопаң етем де отырам, ішім де ауырмайды, басым да алғашқы күнгідей онша айнал- майды. Мені көріп басқа балалар да қырманға үйірсектей бастады. Қайрат пен Бәтен келген, ол екеуі де бір-бір малатастың басына мінді. Ешкім шақырмай-ақ өз еркімен Әжібек те келген, бізге қарағанда ересек санап оны молотилканың басына мінгізді. Алғашқы күні ол еш қиқалақсыз жақсы істеді, бірде-бір рет тоқтаған жоқ, кешкісін үйге қайтарда аяғы шалынысып жығылып қала жаздады. Брр…- деді басын сілкілей күліп.- Мынау бір пәле жұмыс екен. Қап, қарап жүрмей тұзаққа өзім кеп түстім- ау, ә, ақымақ боп. Осы қырманда істеген дегенді шығарған сенсің ғой, ә, жетпегір,- деп әзілдеп, зілсіз ғана мені желкемнен бір түйіп қалды.- Но, нешауа, мұның да бір амалын табармын. Айтқанындай ертеңіне Әжібектің молотилкасының жүруінен тұруы, тоқтауы көп болды. Анық он бау астық бастырмайды. Ойбай, мынау пәле бұзылды! Бұзылды! — деп аттан сап тұрғаны. Онан соң өзі сабанның үстіне барып гүрс жата кетеді де сыпылдатып нан жеуге кіріседі. Байдалы шал мен Көлбай керең екі жақтап жөндеп әлек, бірақ бәрібір, он айналмайды, молотилка қайта тоқтайды. Бір қалт етіп басымыз қосылғанда Әжібек бізге өз ақылын айтты. Ақымақтар, ертеден қара кешке дейін шыр айналып селкілдеп желе бергенше, бір ауық дем алудың әдісін таппайсыңдар ма,- деген табалай ұрсып.- Бәлек бекітілген тұстағы, әнеу бір болтты көрдіңдер ме? Мыналардың көзін ала бере соны босатып қойсаңдар болды. Он шақты айналғаннан кейін өзі-ақ босап түседі де қалады. Онан соң жерге секіріп түс те сол болтты іздескен боп жүріп, сабанның астына көме сал. Бітті, қашан болтты тауып бекіткенше рақаттанып дем аласың да жүресің. Байдалы шал мен Көлбай керең мықшың- дасын да жатсын, танаулары пысылдап. Әйтпесе, бұ не, ертеңнен қара кешке ат үстінде селк-селк етіп айнала- айнала кейін тентек болған қой сияқты миғұла боп қаларсың. Тентек болған қойдың қайтетінін білесіңдер ме? Бір орында тұрып шыр көбелек айнала береді, айнала береді, өйткені миы айналып кеткен. Мына сендер де сөйтесіңдер, әлі. Әжібектің сөзі бізге қатты әсер етті, дереу сол айтқан әдіспен біз де бәлектің бекітілген болтын босатпақ боп әрекет етіп көргенбіз, онымыздан дәнеме шықпады. Тастай боп бұралған болтты босата алмадық. Сондықтан үш малатас бұрынғымызша кешке дейін астық бастырамыз. Ақыры, Әжібектің істеп жүрген қитұрқысын Байдалы шал сезіп қойды білем, енді одан екі елі көз жазбай қадағалай бастады. Әжібек аттан түссе-ақ болды: Әй, шақша бас, былай тұр, былай тұр бәлектен! Тура мына күрекпен бір салып ұзыныңнан түсірем! — деп қуа бастайды. Кәне, ұрып көріңізші күрекпен, әне, өкіл жүр, дереу жауапқа тартқызайын,- дейді Әжібек те беріспей тіресіп. Мен бір тоқтағанымда қасыма жүгіріп Мәри келді. Олар үш-төрт қыз тазаланған қызылды қаптауға шеше- леріне көмектесіп жүрген болатым. Мә, саған жинадым,- деп сыбырлап бармақтың басындай жер сағызды алақаныма бүге қойды. Екі жақ беті қанталап көгерген сияқты боп көрінді.- Апам ұрды,- деді ол менің өзіне қадала қарағанымды сезіп.- Менің әнеугүнгі бидай ұрлап апарғанымды інім айтып қойыпты. Сол үшін ұрды. Арқам тіпті көк ала қойдай, шыбықпен ұрған. Қозғалсам ауырады. Менің оған бір түрлі жаным ашып кетті. Әй, Қанат, мін атыңа! — деді осы кезде бастыруға жаңа бау төсеген Байдалы шал. Қанат, сенің орныңа бір жол мен мінейінші,- деді Мәри қиылып. Мін,- дедім мен оған тізгінді ұсынып. Әй, балалар, кәне, ойынды қойыңдар! — деді Байдалы шал зекіп.- Әй, қарағым, Мәри, бұл әртістің ойыны емес, аулақ жүр, бар анау өз жұмысыңа. Мәри Байдалы шалға ренжи бір қарады да тайып, өз жайына кетті. Боқмұрын, қыз дегенде құрақ ұша қалуын,- деді Байдалы шал мені аяғымнан көтеріп атқа мінгізіп тұрып. Сіз өзіңіз емес пе едіңіз сендердей күнімде үйлен- гем, қатын алғам, деп бізді желіктіріп жүрген,- деді Әжібек қағыта күліп. Менімен сендер тең деген-ау. Онан да мұрында- рыңды сүртіп алсаңдаршы, жаман немелер. Әне, кит етсек өстіп кемсітесіз. Бопты сіз нағыз ескіліктің сарқыншағысыз. Ылғи осы заманды кемсітіп сөйлейсіз. Қазіргі жастарды қорлайсыз. Егер анау шолақ қол өкілге айтсам ғой… Осы, шақша бас ит кімге тартып туған-ей,- деді Әжібектің сөзі шымбайына батқан Байдалы шал, оның «өкілге айтам» дегенінен шынымен-ақ именгендей күле сөйлеп.-Әкесі марқұм бүкіл бір өлкені аузына қаратқан аяулы-ақ жігіт еді, шешесі қой аузынан шөп алмай- тынның өзі. Ал мұның басынан бір сөз асыра алмайсың. Мен Сталин атама тартып туғам. Не дейді! Тек, әрі! Өй, күшік, о кісінің атынан садаға кеткір. Немене, мазағың ба еді, сеніңі? Так, так, ақсақал! Кәне, айтқандарыңызды қайтып алыңыз, әйтпесе өкінесіз. Мен ғана емес, бүкіл совет жастары со кісінің ұрпағы. Емес деп көріңізші кәне, қазір анау өкілге айтып екі көзіңізді төрт қылайын. Еще күшік дейсіз ғой!.. Шақырайын ба өкілді, а?! Әй, өк… Жә, оттама әрі,- деп Байдалы шал енді жеңілгендей күле сөйлейді. Солай ма екен! Ха-ха-ха… Зәреңізді бір алдым-ау, әй, өзім-ай!.. Мұнан әрі мысы құрып сөзден жеңілген Байдалы шал қолын бір сілтеп бидай тастауға бұрылып кетті. Әжібектен аулақ болғысы келген. Аз өтті ме, көп өтті ме, Әжібек өзінің әуеніне басып ойбайлап, тағы да тоқтады. Бұзылды мынау, бұзылды тағы, ойбай! Молотилканың тоқтап қалғанын көріп өкіл келді. Неге тоқтатасыздар?! Неге дұрыстап жөндемейсіз- дер! — деді көзін алартып. Тастай қып-ақ бұрап тастап ем…- деді Байдалы шал күңкілдеп. Өзі өкілден өлердей қорқады. Шолақ қол өкілдің ала жаздай біздің ауылда жүріп, ауданға қайтып кеткеніне он шақты күн болған, кеше Нұғыманмен бірге тағы қайтып келді. Тағы да ұзаққа келген болу керек, шинелін бөктерініп, күзгі суыққа лайық жылы киініп апты. Нұғыман мен апам екеуін қолды-аяққа тұрғызбай біресе орақшыларға, біресе тас қоймаға жұмсап қойып, өзі ұзақты күнге қырманнан шықпайды. Қабағын шытынып ешкіммен сөйлеспестен қызылдың үстінде сау қолымен жағын таянып, томсы- райып отырады да қояды. Кімнің жұмысты қалай істеп, қалай жүріп, қалай тұрғанын қалт жібермейді. Өкілдің мұнысы әйелдерге ұнамайды-ақ. |