кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
Өкіл деген бастықтың үйіне барып, жылы- жұмсақты жеп, ұйқысын қандырып жатушы еді, мынау бір қарақшыдай қақиған біреу болды ғой,- деседі күңкілдеп. Осының бәрі әлгі, құдай атқыр Зибаштың кесірінен. Ала жаздай артынан түсті ғой… Жаман қардың осы өкілді менсінбегендегі тапқаны жынды Ырысбек болыпты. Е бәсе, аяғымызды қия бастырмайды әйтеуір, сондай бір ызасы бар екен ғой. Жә, қойшы әрі. Зибашқа өкпелеп, өшін бізден алса мұнын да өкілдігіне болайын. Өзі де құр сырты күмпигенімен әйелге қыры жоқ бірдеңе болу керек. Әй, ақырын сөйлеңдер, естіп қоймасын… Түсте әйелдер шай-су ішіп келуге ауылға қарай бет алған. Қырманнан едәуір ұзап шыққан кездерінде, шолақ қол өкіл атына міне сап, шауып барып, бәрін қырманға қайта қайырып айдап әкелді. Кәне, төгіңіздер, бойларыңыздағы астықты, әйтпесе мен өзім тінтем! — деді ақырып. Әйелдер бір-біріне жалтақтай қарап, қызараңдасып, ішкі қалталарындағы, жүн шөлкилеріндегі бір уыс, жарым уыс бидайды қаққыштап төге бастады. Артынан өкілдің өзі барлығының қалталарын, өн бойларын жалғыз қолымен сипалап тінтіп қарап шықты. Сонан соң қырмандағыларды тегіс жинап (балаларды да қосып) жиналыс өткізді. Қалың қабағы түксиіп, айқайлап жібере жаздап түтігіп, өзін-өзі әрең деп іркіп дірілдей тұрып сөйледі. Жолдастар! Қазіргі уақытта бүкіл еліміз бір-ақ мақсатқа жұмылуда — басқыншы жаудың түп-тамырына дейін балта шауып, тас-талқан ету. Партияның басшы- лығымен біздің қаһарман қызыл әскеріміз жауды күннен-күнге тұқыртып, соққы үстіне соққы беріп ойсы- рата түсуде. Қанды шайқас жүріп жатыр. Жолдастар, мен өзім Батыс Украин майданына қатысқам, төрт рет жараланғам, қанды шайқастың қандай болатынын жақсы білем, көзіммен керіп, басымнан кешірдім… Қанды шайқас деген мына сіздердің еңкейіп бір-екі қап астық қаптап: «Уһ, белім-ай!» — дейтін қырмандарыңыз емес. Төбеңнен оқ зулап бұршақша жауып тұрады, сонда белу- арыңнан сазға батып, мұз жастанып окоптың ішінде отырасың. Бір күн, екі күн емес, кейде апталап отырасың. Белдің сырқыраған көкесі сонда, әне!.. Обал-ай, десеңші. И-и… байғұстарым-ай!.. Небір боздақтар қазір де отыр ғой сөйтіп,- десіп әйелдер тұс-тұстан аһ ұрып, жарыса күрсіністі. Міне, сол қаһарман қызыл әскеріміздің күш-қуаты мына отырған сіздерсіздер, тылдағы еңбек адамдары! Бүкіл еліміздің еңбекшілері сияқты сіздер де еңбектегі бар табыстарыңызды соларға бағыштайсыздар. Солай ма? Солай ғой. Әлбетте солай,- деп Байдалы шал да қостап қойды. Ал солай болса мына ұрлықтарыңыз не? Мәселен анау отырған жеңгей,- деп Қалипаны нұсқады.- Майданда сіздің кіміңіз бар? Күйеуім, бауырым. Әне, күйеуіңіз де, бауырыңыз да майданда екен, ал ендеше сіз соларға деген астықты неге ұрлайсыз? Бір уыстай ғана алып ем,- деді Қалипа кірерге жер таппай қатты ыңғайсызданып.- Үйде үш кішкене балам бар еді… Бала дейді… Соғыста ғой күйеуіңіз бен бауырыңыз қан кешіп жүр. Рас-ау,- деді әйелдердің бірі. Түу, өлім-ай, бүйткенше аштан қатсақшы… Масқара-ай…- деді Қалипа да өзін-өзі жерлей сыбырлап. Бір уыс қана дейсіз, ә? — деді өкіл онан әрмен оның жер-жебіріне жете түскісі келгендей.- Ал жарайды, сіз бір уыс, анау кісі бір уыс, мына кісі бір уыс, мен бір уыс, мына балалар бір-бір уыстан ала берейік, сонда мына қырманда не қалады? Бір сәтке әйелдер «рас-ау» дегендей шеттерінен қызара ұялып, жер шұқыласып үндемей қалды. Қызынып алған өкіл езінің пысы әйелдерді әбден басқанын сезіп, енді тіпті еліре сөйлеп, тепсінген айқайға басты. «Сізді» қойып, бәріне «сен» деп ұрсып сөйлеуге көшті. Бұларың қылмыс! Күйеулеріңнің, бауырларыңның алдында қылмыс! Отан алдында қылмыс! Бәріңе ескер- терім: ендігі жерде кімде-кім осы менің айтқанымды түсінгісі келмей, тағы да ұрлық жасар болса, жақсылық күтпесін! Ол адам біздің жеңісімізге қарсы болғаны онда. Ол адамды қас дұшпанымыз, жауымыз деп білеміз. Бүкіл совет халқының жауы дейміз. Ондайға қатаң шара қолда- нылады. Жауапқа тартылып, сотталады! Ұқтыңдар ма? Ұқтық. Ұқпайтын несі бар. Өкіл жолдас, бірдеңе сұрауға бола ма? Иә, сұра. Бала-шағаны қайтеміз сонда. Оларды да өлтірме- уіміз керек қой. Сіз ондай кері кетіретін сөзіңізді қойыңыз. Бала- шаға ауылда жүріп аштан өлмейді. Не жейді сонда олар? Не жесе о жесін… Ал жиналыс осымен бітті. Енді жұмысқа кірісіңдер. Бүгін ұрлық жасағандарың үшін ешқайсың түскі шайға үйге қайтпайсыңдар. Жұмыс істеп жаза тартасыңдар бәрің де! Әйелдер қабақтары салбырап тым-тырыс орында- рынан көтерілді, кезерген еріндерін жалап қойып, әркім өз жұмысына кірісті. Ләм деп ешқайсысы қарсылық білдірген жоқ. Әй, осы біз үзіліс жасап түскі тамақ ішпеуші ме ек,- деді бидай шарлап жүрген Көлбай керең белін жазып. Бағанадан бергі өкілдің сөзін ол шала-шарпы естіп онша түсінбеген сияқты. Қатындардың кінәсінен үзіліс жасамайтын боп жаза тарттық емес пе,- деді Байдалы шал күңкілдеп. Не? Қатындардың кінәсінен тамақ ішпейсіз! — деді Әжібек оның құлағына айқайлап. Оны кім айтады? Өкіл айтты. Немене, өкіл бітеу ме екен? Ол бітеу болса да біз бітеу емеспіз. Оны өзіне айтыңыз. Айтсам немене, менің басымды ала ма? Жә, сөйле- месін. Балалар, түсіңдер аттан, бидай көже ішелік. Әй Дүрия! Әй қатын, көже бер маған! Әйелдермен бірге астық ұшырып жүрген Дүрия жалтақтап өкілге қарағыштап келе қоймаған. Мынау әкеңнің аузы… келе ме-ей, жоқ па! — деді Көлбай керең ақырып. Анау арада тұр ғой, өзің құйып ішсеңші,- деген Дүрия. Көлбай керең естіген жоқ. Өзіңіз құйып іш, анау арада тұр дейді,- деді Әжібек айқайлап түсіндіріп. Әй, маған қатын не үшін керек сонда, көже құйып бермегенде. Жүр тез! Саған өкіл бай емес, мына мен бай ғой. О несі-ей! Ол анау байы жоқ қатындарға қожаңдасын. Дүрия тағы да жалтақтап өкілге қарай берген. Өкіл ештеңе естімеген адамша теріс айналып кетті. Дүрия жұмысын тастап бері қарай жүрді. Киім-кешектің арасына орап қойған торсықтағы кежені алды. Біз балалар да аттан секіріп-секіріп түсе қап, Көлбай кереңді қоршай отырдық. Байдалы шал ғана бүгжеңдеп жұмысын істей берді. Көже ішкісі келіп-ақ тұр, бірақ өкілден батып келе алмайды. Қанша дегенмен баяғы заманда байдың құйыршығы боп қорқақтап қалған адам емес пе, өкіл десе зәр-иманы қалмайды,- деді Әжібек.- Міне, тақыр кедей Көлекең ғой, жан алғыш әзірейілің келсе де қорықпайды, тек Ырысбектен болмаса,- деді соңғы сөздерін оған естіртпей сөйлеп. Не дейсің дегендей Көлбай керең бетіне қараған. Көлекең мықты ғой деймін, шындаса сапы қанжармен өкілдің қарнын аяғына бір-ақ түсірер деймін! деді Әжібек айқайлап сөйлеп. Көлбай керең мәз боп күлді де, оның құлағынан тартып қойды. Жәйрағыр, қағытпай отыр,- деді Дүрия да. Көже бермей қоя ма деп зәресі ұшқан Әжібек безек қақты. Қағытып отырғам жоқ, әпкетай-ай, құдай ақы шын сөзім. Олла-билла, көгермейін, көктемейін, жалшы- майын, оңбайын, қызығымды көрмейін, опа таппайын, несібемді ит жесін, иманымнан жұрдай болайын…- деп ант-су ішіп шұбырта жөнелді. Дүрия еріксіз күліп жіберген. Жә, сонша қарғанып-сіленіп не болды. Мә, ішші,- деді, Көлбайдан босаған тостағанға көже құйып. Әжібек дем алмастан тостағанды басына бір-ақ көтерді де: Уһ! — деді рақаттанып. Қампиып кеткен өз қарнын өзі шертіп қойды.- Осы Дүрия әпкемнің көжесі бал, тура. Дүрия жымия күлді. Ырысбектен ажырасқалы жақыннан кергеніміз осы еді, жүдеп, қартайып кеткен тәрізді. Көзінің төңірегінен, ұртының үстінен ұсақ әжімдер түсіпті. Өзін Көлбай керең ұрады екен дегенді де естігеміз. Әрқайсымыздың көже жұтқанымызға қарап, шыт-шыт жарылған еріндерін жалап қояды. Қасымызға өкіл келді. Жеңгей, көжеңізден қалды ма? — деді. Дүрия үн-түнсіз торсықты шайқай түсіп, бидайын қоюырақ қып оған да құйды. Бәсе, өкілің де бітеу емес екен ғой,- деді Көлбай керең.- Әй, Байеке, жүр енді, сен де! Байдалы шал да кеп шеттен тізе бүкті. Ата, сізге көже ішуге болмайды,- деді Әжібек Байдалы шалмен ойнайтын белгілі қалжағына басып. Е, неге? Өткені, осы қырманның ұрлық бидайынан жасалы- нған көже. Ұрлық көжені ішсеңіз өлгенде күнәға батасыз. Әй, шақша бас-ай, осы сенен көргенім бе!..- деп Байдалы шал ұмтыла берген. Әжібек зытып қашып былай шықты. Өзі сықылықтап күліп жүр. Біз де күлдік. Дүрия жымыңдап жүзін көлегейлей берді. Өкіл ғана күлген жоқ, көзін алартып Әжібекке қарады. Сөйтіп, біз Көлбай кереңнің арқасында түскі демалыс жасап, көже ішіп рақаттанып қалдық. Ал әйелдер бел жазған жоқ. Кешкісін апам үйге бір сәтке ғана ыстық шай — тұз салған ақ су ішіп шығу үшін ғана келген. Бел орағышын шешіп жылы пешке арқасын сүйеп отырғаны сол еді, бет-аузы қатпар-қатпар боп әжімденіп, көзі шүңірейіп жұмылып кетті. Со отырған күйінде басы бір жағына қисайып қор ете түскен. Сорлы-ай, соры қайнаған сорлы…- деп әжем аяныш білдіріп, дастарқан әзірлеуге кірісті. Апам со басы қисайған күйінде тәтті қорылдап отыр. Тіпті менің өзіме де осы сәтте апам кіп-кішкентай бір аянышты жан боп көрінді. Әжем ғұсап мен де оны: «Әй, соры қайнаған сорлы…» — дей жаздап барып қалдым. Аянышты-ақ еді, апамның кейпі. Әжем дастарқанды әзірлеп қойып, кішкене мызғып алсыншы деп мазаламады, бізге де дымдарыңды шығар- маңдар дегендей қабағын түйіп қойды. Өстіп бір тәтті тыныштықта ұйып отырғанымызда, дүсірлете желіп келген ат терезенің түбіне тоқтай қалды. Қамшының сабы терезені тық-тық еткізді де: Бригадир қайда? Шықсын тез! — деді айқайлап. Шолақ қол өкілдің даусы. Селк етіп оянған апам, үсті-басын жүре түзеп сыртқа шықты. Мен қалам ба, ілесе тұрдым соңынан. Елең-алаңда адамды басып кетердей боп ат үстінде ойқастатып кеп тұрған өкілдің түсін анықтап көре алма- дым, бірақ суық екені даусынан білінеді. Жүріңіз, мен ұры ұстадым! — деді. Өзі атының басын Нұрсұлудың үйіне қарай бұрды, апам екеуміз ілесе жүрдік. Нұрсұлу есігінің алдында тұр екен. Жаңа ғана көтеріп келген қурайы ақтарылып, шашылып жатыр. Әне! — деді өкіл қамшысымен қурайды нұсқап.- Кемінде он келі астық. Енді байқадым, қурайдың арасы толы бидайдың қырқылған масағы екен. Қолыңызға алып ұстап қараңыз, үгіп қараңыз,- деді өкіл. Көріп тұрмын ғой,- деді апам. Онан соң Нұрсұлуға бұрылып: — Әй, саған не қара көрінді? — деді зілді үнмен. Түнеугүнгі шөп машинамен шабылған күздіктің тұсынан өтіп бара жатып, шашылып жатқан масақты көрген соң шыдай алмай теріп ала қойып ем. Қазір масақты теруге де, алуға да болмайтынын білмейсің бе? — деді апам тары да бастырмалап. Нұрсұлу жерге қарады. Босқа далада қалғанша деп…- дей берді міңгірлеп. Далада қалса да теруге болмайды дедік қой. Қашан астықты тегіс жинап бітіп, ал енді болдық дейміз, сонда ғана масақ теруге рұқсат демедік пе. Білем… балаларға ертеңге үйде ныспы түк жоқ еді, жұмысқа кетерде соларға қуырып беріп кетсем деп ем… Жә, Нұрсұлу, мұның жарамайды. Апам соңғы сөзін жұмсақ айтса да, қатты кінәлай айтты. Нұрсұлу қипақтап: Қайтем енді?.. Қырманға апарайын ба? — деген лажы таусылғандай. Ендігәрі терме масақты. Балаларыңа осы біразға жетер,- деді апам, оның сөзіне тікелей жауап бермей, онан соң ат үстінде тұрған өкілге бұрылып: — Өкіл жолдас, екеуміздің алдымызда ендігәрі мұндайды қайта- ламаймын деп уәде етсін. Солай ма? Сіз неғыл деп мәймеңкөлетіп тұрсыз?! — деді өкіл шарт кетіп.- Өйтіп жуып-шаятын түк те жоқ. Қазір дереу акт жасаңыз! Қателескен шығар, жас балалары үшін бір жолға кешірейік,- деді апам. Сіз немене, акт жасағыңыз келмей тұр ма?! Астықты жұрт өстіп ұрлай берсін демексіз ғой. Ұрлай берсін демеймін. Ендеше, неге акт жасағыңыз келмейді? Қазір қағаз, қарындаш алыңыз да жазыңыз. Әй, Нұрсұлу-ай, сені ме…- дей берген, ренжи сөйлеген апам.- Сен бүйткенде басқа не істемейді. Сіз неғыл деп мыңқылдап тұрсыз. Мә, ұстаңыз, жазыңыз! — деді өкіл ат үстінен қағаз, қарындаш ұсынып.- Қиқаңдасып тұратын уақытым жоқ. Кәне, жазыңыз! Енді апам да даусын көтере сөйледі. Шырағым, қызметің үлкен болса да өзің жас адам- сың. Неге мұнша қадала сөйлейсің. Бүйтіп қит еткенге акт жасай берсек, әйелдердің бәрін қаматып тастап жұмысты кімге істетеміз. Бәрінің бала-шағасы бар, күн демей, түн демей жұмыста жүреді, алып жатқан бір түйір еңбектері және жоқ. Сонда бұлар өстімегенде қайтіп күн көреді. Немене, аштан қатсын демекпіз бе? Ә-ә. Сіздің де көмейіңіз белгілі екен. Коммунист бола тұра айтып тұрған сөзіңіз осы болғаны ғой. Өстіп колхоздың астығын талан-таражға салып, шетінен ұрлай берсін дейсіз ғой. Иә, мен коммунист болып айтып тұрмын бұ сөзді. Бала-шағаны аштан қырыңдар деген нұсқау және жоқ. Бәрімізде де бала бар. Мына менің де балаларым бар, өстіп уыстап, жырмыштап әкеліп асырап отырмын, өйтпесем ертең бәрі ашығады. Сізбен басқа жерде сөйлеседі екеміз әлі,- деді өкіл тістеніп. Қай жерде сөйлессек те айтатыным осы. Осы тұста Нұрсұлу: Қойшы, Бағила, сөзге кеп қайтесің,- деді. Апам өкілдің сөздеріне күйініп кеткен болу керек, енді әуелгісінен мүлде керісінше, Нұрсұлуды жазғырып емес, ақтап сөйлей бастады. Жоға деймін-ау, енді біз өзіміздің маңдай терімізбен өсірген астықтың жерде шашылып қалған масағын өстіп жырмыштап теріп алмасақ, немен күн көреміз. Мен сізге айттым ғой, басқа жерде сөйлесеміз деп, болды енді. Аулақ тұрыңыз! — деді өкіл апама жекіріп, онан соң атын бастырмалатып кеп Нұрсұлуға: — Қурай- ыңызды көтеріп алып жүріңіз,- деп бұйырды. Нұрсұлу барып қурайын қайта орап, байлап, иығына салды. Қайда апарасың? Таста! — деген апам оған ұрса сөйлеп. Қойшы, Бағила, мына өкіл жігіттің қыбы бір қансын,- деді енді Нұрсұлу да қитыға қайсарланып.- Неміске берген қолының өтеуін, мына жесір қатын біздерден алайын деген шығар. Ал қайда апар дейсіз, тақсыр? Өйтіп қағытпаңыз. Қағытатын адамыңыз мен емес. Қайда апар дейсіз енді? Кеңсеге алып жүріңіз! Өкіл Нұрсұлуды қурайын көтертіп алдына сап кеңсеге айдап апарды да, қурайымен қосып соның ішіне қамап қойды. Сыртынан үлкен құлып салды. Мұныңыз қалай, бірден бүйтіп қамауға қақыңыз жоқ қой,- деген апам. Ұрлық жасаған адамды бос жібере алмаймын,- деді өкіл. Қайдағы ұрлық, шырағым-оу? — деді апам оған жалынғандай үнмен. Мен сізбен басқа жерде сөйлесем дедім ғой, қазір аулақ жүріңіз! — деді өкіл кесімді түрде. Лаж жоқ, апам екеуміз үйге қайттық. Жарайды енді, не істер дейсің, біраз қорқытар да қояр,- деді апам жол бойы өзін-өзі жұбатқандай. Бірақ өкіл жай ғана қорқытып қоймапты, шындап кірісіпті. Ауданға хабарлап ертеңіне милиция алғы- зыпты, акт жасатып, күндіз біз жұмыста жүргенде Нұрсұлуды айдатып та жіберіпті. Нұғыман ара түсіп алып қалмақ болған екен, өкіл де, милиция да: «Ең болмаса, бір адамды өстіп жауапқа тартып, басқаларға сабақ қылмаса болмайды. Ертең жұрт астықты ашықтан ашық ұрлай бастайды»,- деп екеуі екі жақтап ерік бермепті. Тіпті әрі-беріден кейін Нұғыманның өзін де кінәлаған көрінеді. «Босаңдық істейсің, талан-таражға жол бересің!» — деп. Нұрсұлудың екі баласы мен кәрі шешесі зар еңіреп көп жерге дейін артынан ілесіп барыпты да, ақыры бірін-бірі құшақтап жер бауырлап қала беріпті. Осы күндердің бірінде апам мен Нұғыманның өзара сөйлескен бір сөздерінің куәсі болдым. Бұ қалай, Нұғыман-ау, соғыс болса мынау күннен- күнге арқаға аяздай батып қыса түсуде. Қолда бардың бәрін қыс демей, жаз демей жөнелтіп жатырмыз, қымтып қалған, жасырып қалған ештеңеміз жоқ. Мынау қызыл қырманның үстінде ұртымыз толып ас жеп жүрген ешкім жоқ. Артық түйір тамағымыздан өтпейді. Бәрін майданға жөнелтсек екен дейміз, атың өшкір жауды тезірек жеңсек екеміз дейміз. Жатсақ-тұрсақ ойлайтынымыз сол. Ал сөйтіп отырып айдалатындай жазығымыз не біздің?.. Біз деп отырғаным, Нұрсұлу кім, мен кім, басқа әйелдер кімдер? Бірімізден-бірімізді еш айырмамыз жоқ. Бәріміздің жұтып отырған уымыз да бір, қайғы-қасіретіміз, тілегіміз де бір… Ендеше біздің бірен-саран абайсыз кеткен жеріміз болса неге кешірмеске. Нұғыман бірден жауап берген жоқ, ойланып отырып қалды да біраздан соң: Кешеден бері ойлай-ойлай менің де басым қатты, Нұрсұлуға ара түсудің бар жолдарын ойластырып көрдім. Сөйтсем қиын екен, еш амалы жоқ екен. Ұрлы- ғымен қолға түскен соң, оны құтқару еш мүмкін емес. Уақыт болса мынадай, ауыр…- деді. Оныкі ұрлық емес қой, шашылып жатқан масақты ғана жинап алды. Қазіргі уақытта масақты жинау да ұрлық. Бір түйір дән жерге түспесін, ысырап болмасын дейміз. Сол үшін күресіп отырмыз. Сөйтеміз де астығы орылып алынған жерде шашылып қалған масақ бар, соны терген еді деп, ақтау айтқымыз келеді, ал ертеңгі күні сол сөздің өзі үлкен әңгімеге айналса не демекпіз. Онда кім жауап беруі тиіс заң алдында? Осы жағын ойландыңыз ба? Ойланатын несі бар. Егіні орылып кеткен жерлерде қаншама астықтың ысырап боп шашылып жатқаны рас қой. Оны неге мойындамаймыз?! Көреген өкіл соны неге көрмейді?!. Мақұл көрді делік. Сол үшін біреу жауапқа тартылуы керек қой. Кінәлі адам тартылсын жауапқа, тартсын жазасын. Онда қайсысымыз кінәліміз? Сіз бе, әлде мен бе? Сіз де, мен де кінәлі емеспіз. Бәлкім, онда анау машиналарды айдап жүрген жасөспірім балалар кінәлі шығар? Олар да кінәлі емес. Қайта олардың сөйтіп істеп жүргендеріне рақмет айту керек. Сонда кім кінәлі? Кәне, айтыңызшы, жазаға кімді тартайық? Апам үндемей қалды. Сөйтіп, Нұрсұлуды айдатып жіберіп қойып отыр- мақпыз ба? — деді ақырында. Қолдан келер дәрмен жоқ. Оны соттай ма? Соттайтын шығар. Онда мені де соттасын, анау басқа әйелдерді де соттасын. Топырақ жеп отырған жоқ, біздің балала- рымыз да осы астықтан жеп отыр. Еңбекке ешкімге түйір астық бергеміз жоқ, бірақ жұрт қалай алса, олай алсын, бәрібір осы астықтан ұрлап ішіп отыр ғой. Ендеше бәріміз де жауапқа тартылуымыз керек. Әй, Бағила-ай, айтасың-ау… Жә, бос сөзді қоялық. Неге бос сөз? Апыр-ау, неге бос сөз бұл?! — деп апам айқайлап жіберді.- Нұрсұлу сотталады екен де, оның артында екі кішкентай баласы мен кәрі шешесі еш панасыз жылап-еңіреп қалады екен. Ертең олар аштан өлсе қайтеміз? Оған кім кінәлі болмақ?! Білмеймін. Басым қатты әбден. Сен бастықсың, ауданға бар, сөйлес аудан басшы- ларымен. Не деп? Ұрлық істеген адамды босат деп пе? Құдай-ау, ұрлық емес қой!.. Шашылып қалған масақты терді ғой. Өйтіп айтуға болмайтынын өзің де білесің ғой. Айтуға болады, неге болмасын. Айт! Шашылып жатқан масақтарды айт, өкілдің соны көрмей жүргенін айт. Соттаса бүкіл аулымызды тегіс соттасын. Барлы- ғымыз да ұрлық жасап отырмыз. Жалғыз Нұрсұлуды байлап беріп, көгермей-ақ қоялық. Менің кесімім осы. Егер айта алмаймын десең мені жібер ауданға. Мен айтайын. Нұғыман тағы да ойланып отырып қалды. Мен ертең жүрем ауданға,- деді әлден уақытта. Бұл түні апам қырманға барған жоқ. Қызыл іңірден төсегін салды да басын тас қып орап байлап ап, ауырған адамдай аһылап-уһілеп төңбекшіп жатты да қойды. Мен де көпке дейін ұйықтай алмадым. Шынында да апам дұрыс айтады, бүкіл ауыл топырақ жеп жатқан жоқ қой, қай үйге барсаң да қуырған бидай, талқан, кейі нан жеп отыр. Олар қайдан алды, сонда? Әрине, колхоздың асты- ғынан. Бірақ кім қалай алып жүр, ол жағы белгісіз. Мәселен біздің үйде күнделікті жейтін астықты қайдан, кім әкеледі? Апамның да, Нәзира әпкемнің де қалтала- рын, яки шөлкилерін қағып жатқанын көрген емеспін. Бірақ күнделікті ішім-жем әкеп тұратындары анық. Әйтпесе біз баяғыда аштан қатар едік қой. Демек біздің үй де ұрлайды астықты. Олай болса апам айтқандай бүкіл ауылды соттау керек қой. Бір сәтке бүкіл ауылдың сотталғанын, бүкіл ауылды милиция кеп айдап апарып қамап қойғанын көз алдыма елестетіп көргем, арқам мұздап кетті. Тіпті қорқынышты екен. Онан да со бір адамды соттағандары дұрыс та. Тек Нұрсұлудың кәрі шешесі мен екі баласына обал. Әлгінде кешкісін есік- терінің алдында сүмірейіп тұрған балаларын көргенімде жаным қатты ашыды. Көздері жаутаң-жаутаң етіп аянышты-ақ… Апам аунап түсті: «У-уһ…» деп күрсінді. Нұғыман ауданға таң қылаң бере аттанып кеткен екен, ертеңіне күн еңкейген кезде қайтып оралды. Үйіне де соқпастан бірден тура қырман басына келді. Өңі қу шүберектей боп-боз, адам шошырлық еді. Көз жанары бұлыңғыр күзгі аспан сияқты кіртиіп мүлде жансыз қарайды, көкшіл ме, қоңыр ма, сарғыш па — айырып болмайды. Аттан түскен бойда сабанға шалқалап құлай беріп көзін жұмды. Сөйтті де көпке дейін сұлық түсіп жатты да қойды. Апам қасына отырып сусын ұсынған, Нұғыман сонда ғана көзін ашып, өзін қаумажаулап, Нұрсұлудың бір хабарын білгісі кеп телміре қалған жұртқа басын шайқады. Болмады. Босатпады, ісін сотқа беріп қойыпты,- деді. Мұнан әрі ол ештеңе деген жоқ, жұрт та қазбалап ештеңе сұрамады. Нұғыман мен апам екеуі жеке қалған. Ұрлық емес екенін, шашылып қалған масақты ғана теріп алғанын түсіндіріп айттың ба? — деп сұрады апам. Жоқ. Неге?! Айта алмадым. Оны айтқан күнде лобогрейка мен шөп машинасында жүрген жасөспірім балалар жауапқа тартылады екен. Мына көрші колхозда сондай екі баланы отырғызып қойыпты… Өзің айтшы, өйтіп жауапқа тартқызатындай жас балалардың жазығы не?.. Оларды соттатуға дәтім бармайды. Апам сағы сынғандай тұнжырап, қабағы кіртиіп, бет- аузының әжімдері көбейіп мүлде аянышты боп кетті. Әйтеуір, қалай болған күнде де біреу отыру керек десеңші. Біреуді құрбан ғып шетке шығару керек екен ғой. Иә. − О-о!.. Со күні кешке қарай қатты жел тұрып, көзді аштырмайтын топырақ боран соқты. Жер мен көк әлемтапырық ұйтқыған шаң боп кетті. Жұмыс тоқта- тылып, жұрт қолдарына түскен киіз-алаша, киім- кешектерімен қырмандағы астықты жауып, үлкен әбігерге түсті. Дауылдың арты жаңбырға айналды. Қазанның қара дауылы деген осы. Ал енді астықты тез орып алмасақ күннің райы осыдан осылай бұзыла бастайды,- деді Байдалы шал. Байдалы шалдың «қазаны» ескіше октябрь айының алғашқы күндері еді. Үш малатас пен бір молотилка тоқтаусыз жүрген соң шыдатсын ба, қырмандағы маяланған астық бірер жетінің ішінде тегіс бастырылып бітті. Шөп машина мен лобогрейка бізге күнделікті бастыруға астық бауын шауып үлгіре алмайтын болды, арбамен, сүйреткімен келгенін со келген сәтінде бастырып тастаймыз да аттарды доғарып қойып, қарап отырамыз. Біз тоқтаған сайын шолақ қол өкілдің түсі түнере түседі. Мыналарды неге тоқтаттыңыз?! — деп Байдалы шалға кеп шүйлігеді. Мен қайтейін…- дейді Байдалы шал есі шыға абыржып. Осы қырманның басшысы сіз емессіз бе?! Қайтсеңіз де жүргізіңіз! Апыр-ай ә, енді қайттім. Әй, осы қырманға басшы боп абырой алмаспын деп-ақ ем, айтқаным келді. Әлгі біргәдір қайда екен? Әй Қанат, атыңа міне сап, шауып барып апаңды шақырып келші. Комбайн жақта жүрген шығар… Мен торы атқа міне сап, апамды шақырып келуге шаба жөнелдім. Бір жағына қарап ұрттай түсіп торы ат түзу шаба алмайды, мен де ат үстінде түзу отыруды ұмытып қалған сияқтымын, бір жағыма қарай қисая берем. Екі белді асқан соң тоқтап тұрған комбайнның үстінен шықтым. Тракторшы Есенбай мен комбайншы Иван екеуі үсті- бастары, бет-ауыздары май мен топыраққа баттасып қап-қара ала боп, бірдеңелерді тықылдатып жөндеп отыр. Екеуі де өзіміздің ауылдың адамы, тек МТС-қа механизатор боп кеткен. Есенбай жасы елуден асқан, екі ұртының үстінен жалбырап тұратын сабалақ мұрты бар, өзі көмірдей қара кісі. Трактор жүргізуді былтыр оқып, үйренді. Ал Иван болса көзі тұздай көкпеңбек, бұйра- ланған сары шашы шаң-топырақ, маймен сірескен, өзі күлкішіл жасөспірім бала жігіт, менің Нәзира әпкемнен бірер жасы кіші, комбайнның оқуын ол да былтыр бітір- ген. МТС біздің ауылға көктем болса жер жыртуға, күз болса астық жинауға ылғи осы екеуін жібереді. Әуелгі күндерде еш тоқтаусыз, тәп-тәуір-ақ жүреді де, бір аптадан кейін екеуінің «шұқыну дерті» басталады. Комбайн яки трактор бұзылады, оны екеуі екі жақтап ұзақты күн отырып жөндейді. Кешкісін бір айналып тағы бұзылады, екеуі шамның жарығында түні бойы отырып жөндейді. Ертеңіне таңертең комбайн бір айна- лады да тағы тоқтайды… Біресе анау бөлшегі, біресе мынау бөлшегі жоқ деп күндіз-түні мықшыңдап, қашан орақ аяқталғанша комбайн жөндеуден көз ашпайды. Біздің Мұқан ағайдың екеуіне арнап шығарған өлеңі де бар. Есенбай мен Иван Астарында комбайн Болат темірден құйған, Жарты гектар егінді, Апта бойы жиған. «Шұқыну дертке» шалдығып, Сауықпай-ақ қойған… Өлең өте ұзақ, өстіп шұбыртып кете береді. Міне, осы Есенбай мен Иванның комбайнды ақтарып тастап, тықылдатып жөндеп отырған үстерінен шыққам. Әй, мынаның астына мінген аты қисық па, әлде өзі қисық па? — деді Иван анадайдан ақсия күліп. Басын көтерген Есенбай да менің далбақтаған түріме қарап күліп жіберді. Бұ баланың аты да, өзі де қисық екен,- деді мәз болып.- Иә, қисыққа мінген қиығым, жол болсын? Комбайндарының тоқтап тұрғаны, бүкіл жұрттың сырттарынан мазақ етіп, Мұқан ағай шығарған өлеңді айтып екеуін мұқатып жүргені, мүлде ойларына келер емес сияқты. Тіпті мәз-мейрам. Қолдарына біреу түссе келеке, күлкі етіп, қалжақ қылу — бар ойлары. Мен апамды іздеп жүргенімді айтқам. Ә, апаң ба? Апаң — балқан таудың басында, балдыр қоян қасында, қырғауыл қуып кезіп жүр, қырғауыл одан безіп жүр…- деп Есенбай балғасын тықылдата отырып тақпақтай жөнелген, Иван оның сөзін екі дегізген жоқ, іліп әкетті: Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен. Ал сенің апаң темір мылтық асынып, дұшпандарын басынып, қырғауылды көздеп атып, көздегенде көзден атып, Манар менен Карл дейтін пақырларды желке- лерінен езіп жүр… Екеуінің сөздерінің соңын тыңдамастан әрі қарай жүріп кеттім. Жұрт мұрындарынан шаншылып, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылып жүргенде, бұл екеуінің жағасы жайлау, ойларында түк жоқ, іздегендері қалжақ. Тфу! Ыза боп келем. Апам Манардың лобогрейкасының басында екен. Карл ұста мен Манар екеуі лобогрейканы енді ғана жөндеп болып қолдарын сабанға сүртіп тұр да, апам екеуіне ат үстінен төніп кеп ұрсып тұр. Қамшысын үйіріп, екеуін де осып-осып жіберердей түйіледі. Әдіре қалғырлар, жүргізетін болсаңдар дұрыстап жүргізіңдер де, әйтпесе, көзге шыққан сүйелдей болмай құртыңдар көздеріңді!.. Табандарыңды тіліп, екеуіңді де ФЗО-ға жібертейін бе осы! Сомадай болып, қит етсе есіл-дерттерің ойын. Ойындарың осылғырлар!.. Бол тез, сүртіншектенбей, отыр машинаңа! Ертеден бері үш-ақ айналдыңдар, осы алақандай жерді. Бұзылып қалды ғой,- деді Манар міңгірлеп. Ылғи күлімсіреп тұратын, ашулану дегенді білмейтін момын мінезді болатын. Әлгіндегі комбайншы Иван, мына ұста Карл үшеуі бір класта оқыған түйдей жасты балалар еді. Әдейі бұзасыңдар. Кейбір керекті бөлшектерін бұрап өздеріңе аласыңдар да, бұзылып қалды деп қарап отырасыңдар. Бәлем тұра тұрыңдар, екеуіңді мен әлі тергеуге алғызам. Қораларына колхоздың машинала- рының саймандарын ұрлап тығып, екеуіңнің не істеп жүргендеріңді бір тексертем, түбі. Олардың бәрі жарамсыз, ескі саймандар ғой, тәтетай-ау. Жап аузыңды! Осы тұрған жерлеріңде мына қамшының сабы сынғанша пәре-пәрелеріңді шығарайын ба! Бүгін қай жері сынды кәне?! Косогон шақ келмейді. Ылғи сынып кете береді. Әдейі сындырсаң қайдан шақ келсін. Айтам ғой, қаскүнемсіңдер екеуің де. Ол неге сына береді, әйтпесе? Манар үндеген жоқ, ендігі жауапты Карл ұста қайырды. Ап-арық, даусы шіңкілдеген, өзі тұтықпа бола- тын, немістердің ішінде қазақ тілін тез үйреніп, етене боп кеткен еді. Ж-ж-жақсы ағаш к-керек, м-м-мына ағаш ж-жаман,- деді қолдан жасалған косогонды нұсқап. Несі жаман? Қ-қатты емес, т-тез сы-сы-сынып… Қайтсеңдер де бүгін осы араны шауып бітіріңдер! Өздерің косоғон болыңдар! Егер бітірмесеңдер менен жақсылық күтпеңдер! Онда ертең анау кораларыңдағы саймандарыңды тегіс ұстаға алғызып, өздеріңді қаматам! деді апам қатты ескертіп.- Әй, Карл, сен бүгінде осы лобогрейканың басында бол. Түнде болса да шабасың- дар. Ұқтыңдар ма?! Ж-жа-жарайды. Апам атының басын бұрып кетті. Мен соңынан ергем. Кетіп бара жатқанымда Манар маған күлімсірей қарап көзін қысты да Карл сыбырлап: Қ-қанат, анау дөңгелек әлі бар ма? — деп сұрады. Мен басымды изедім. Манар мен Карлдың әдеті — бүкіл ауылдағы көздеріне түскен темір-терсекті жинайды. Өздеріне керектіні де, керексізді де жинай береді. Бір жылдан бері екеуі машина құрастырып, жасап жүр. Кәдімгідей от алып жүретін, төрт дөңгелегі бар автомобиль машина жасаймыз деп бөседі өздері. Түнеукүні Карл біздің үйдің қорасынан мотоциклдің ескі бір дөңгелегін көріп, жат та кеп жалынып сұраған болатын, сол дөңгелектің маған тіпті түкке керегі жоқ болса да мен өзімнен-өзім қитығып бермей қойғам. Қазір де сұрап тұрғаны сол. Әй, Қанат, жүр! — деді апам. Мен мұнан әрі қарайламастан шаба жөнелдім. «Әлі ол дөңгелек үшін екеуіңді талай жалындырармын,» — деп қойдым ішімнен. Манар мен Карлдың достығы біздің ауылда аңызға айналған. Араларынан қыл өтпейді екен десетін. Екеуінің қалай танысқандарын бір рет естігенім бар. Немістер келген кезде, оларды көшіріп әкелуге, стан- цияға біздің ауылдан барған арбаның бірін Манар айдап барады. Біздің Манар жұқалтаң өңді, сүйкімді, қыз мінезді бала ғой, ал осыдан үш жыл бұрын тіпті кішкентай кезі. Өзіне бір қараған бала үйіріліп, дос болғысы кеп тұратын, ерекше бір қасиеті бар бойында. Міне, сол Манар үлкен адам сияқты бір арбаның иесі бір өзі боп тұрғанда, қасына өзі құралпы бір немістің баласы келеді. Екеуі сөйлеседі, бірақ бірінің тіліне бірі түсін- бейді, сонда да бірін-бірі түсінген адамдардай-ақ күліседі, қол алысады. Бірі: «Карл» — деп, екіншісі: «Манар»,- деп өздерінің аттарын атайды. Содан екеуі айырылмайды. Карлдың жалғыз кәрі шешесі бар екен, басқа колхозға кетпек боп тұрған жерінен екеулеп жүріп, Манардың арбасына ауыстырып отырғызады. Сөйтіп, ауылға келісімен Карл мен шешесі даярлап қойған басқа үйге бұрылмастан, тура Манар- лардың қарсы үйлеріне барып кірді. Манардың да жалғыз кәрі шешесі бар болатын. Балалары тату-тәтті дос болғаннан кейін екі кемпір де бір-бірінің тілін ұқпаса да ыммен сөйлесіп, жақсы көрші боп кетті. Манар мен Карл екеуінің түрлерінде де, жүріс-тұрыс мінездерінде де бір ұқсастық бар. Екеуі де күліп тұрады, басқа өздері қатарлы балалар сияқты көшеге шығып дарақтап жүргендерін бір көрмейсің, ылғи шұқылап бірдеңе істеп жүргендері. Өткен қыста Ахат ұста соғысқа кеткеннен кейін колхоздың ұста дүкені екі айдай жабық тұрды. Ақыры бір күні шөп тартып жүрген бір шананың шен темірі босап, соны жөндеу үшін сол кездегі бригадир Байдалы шал дүкеннің аузын ашқан. Екі-үш шал көрікті қыздырып, енді темірді қалай пісіріп, қалай соғарларын білмей бір-біріне: «олай ет, бұлай ет»,- десіп керілдесіп тұрғандарында, үстеріне Карл мен Манар келеді. Карл үн-түнсіз кеп қызған темірді төске салып тарсылдатып соға бастайды. Қолы тіпті икемді, балға соғысы нық. Шен темірді әп-әдемі етіп тартып, әп- сәтте шегелейді де береді. Мәз болып қуанып кеткен Байдалы шал дереу сол арада Карлды ұста етіп тағайын- дайды. Карлдың ұста болу тарихы осылай. Апам маған ренжіп ұрысқанда ылғи осы екеуін кесе көлденең тартып мақтайтын. Екеуі де еңбек сүйгіш, талаптары таудай, өнегелі жақсы балалар деп жер-көкке сыйғызбайтын. Маған: «солардан үлгі ал, солардай бол»,- дейтін. Енді қазір апамның екеуіне сонша қатты ұрысқа- нына таңырқап келемін. Оның қалай деп апамнан сұрауға батпадым. Өйткені ашулы еді. Қырманға келісімен, неше күннен бері тісін қайрап жүрген шолақ қол өкіл, ал кеп жан алқымға алды дейсің апамды. Дәл қазір табанда апамды айдатып жіберетін шығар деп зәрем кетті менің. Астық қайда? Неге орылмайды? Лобогрейка сынып қалыпты. Неге сынады?! Неге?!.. Немене, қаскүнемдік істегің келе ме?! Әдейі сындырып отырсың ғой!.. Жауапқа тартыласың! Сотқа берем мен сені!.. Қолмен ор, орақпен ор!.. Бүгін мына қырманда астықтың бауы болатын болсын!.. Егін орағының нашар жүріп жатқанына апам кінәлі болу керек, өйткені жайшылықта өзіне бұлай айқайлаған адам болса көкесін таныстырып жіберер еді, ал мына шолақ қол өкілге ләм деп үн қатқан жоқ. Өңі қара күрең тартып сазарып, тістенген күйінде атына мініп қайта кетті. Біраздан кейін арбаға, сүйреткіге тиелген астық баулары келе бастады қырманға. Бұл күні біз қырманнан түнде қайттық. Қырманның басында-ақ қона салатын едік, бірақ түн суық екен, жалаң аяқ, жалаң бас күйімізде тісіміз-тісімізге тимей қалшылдап тоңып кеттік. Үйге апамның өзі әкеп салған. Бел орағышын шешіп, сәл-пәл тізе бүгіп, беліне бөтел- кемен ыстық су қойып, есін жиғандай болған соң, бел орағышын қайта Тас қып оранып енді кетпек боп тұрға- нында, салдырлап жүріп келген арба есік алдына тоқтай қалды. Тәте!.. Тәте!..- аттандай дауыстаған Манар. Тағы не боп қалды?! Әй, оңбағандар-ай!..- деп апам сыртқа шыққан. Сөйткенше болған жоқ.- А! Не дейді?! Ойбай, не дейсің?!.- деген үрейлі даусы естілді. Үйдегі біздер де сыртқа ұмтылдық. Апам арбаға үңіліп: Қалай болды?.. Қалай? — дей берді. Арба үстінде қинала ыңырсып біреу жатыр. Карл-ай, әй, Карл, айналайын… М-м…- деді ыңырси ыңыранған Карл.- М-мм… ма-ма-а… Манар «у-у» деп қыстыға тістеніп жылап жіберді. Онан соң жылай тұрып қалай болғанын айтты. Әлгінде ымырт кезінде, қараңғылық әбден түсіп, көз байланғанға дейін тағы бір-екі айналым жүріп тастамақ болады, сөйтіп екі айналып, енді үшінші айналымның орта тұсына жеткен кезде, шалғы астынан біреу баж ете қалады, аттарды тоқтатқанша, едәуір сүйретіп тастайды. Секіріп түсіп қараса: Карл… Соның алдында ғана: «Мен сені қырман басында күтемін», деп, кетіп қалған болатын… Екеуміз түнделетіп Шымырбай шалдың үйіне қауын жеуге бармақ едік…- Мұнан әрі Манар сөйлей алмай тағы да өкіре жылады. Әжем үйден алып шыққан шамның жарығында апам Карлды қарай бастаған: өне бойынан сау-тамтық жоқ, қан-қан, үстіндегі киімдеріне дейін тілім-тілім туралып кетіпті. Астына төселген сабан да шылқыған қан. Апам шыдай алмай теріс айналып кетті. Айналайын-ай… айналайын-ай… Дереу Қоңырға дәрігерге шабу керек, бұ күйінде мына түнде алып жүруге болмайды. Кім барады енді дәрігерге? — деді өзімен-өзі кеңескендей күңкілдеп. Жә, мен өзім барам да,- деді онан соң.- Тек мына баланы қазір үйіне апару керек… Байғұс-ай, шешесінің жүрегі жаман еді… Әже-ау, сіз мына көршідегі немістің кемпірлерін оятыңыз, соларды ертіп, қазір мына баланы үйіне апаралық. Шешесін шошытып алмау керек… М-м-м… ма-а… Шыда айналайын, қазір мен дәрігер алып келем… Әже-ау, барсаңызшы енді тез!.. Барайын, барайын. Ой, сорлы-ай, маңдайының соры бес елі екен-ау… Ой, соры ашылмаған бейбақ-ай… Сен неғып тұрсың, дірдектеп?! — деді апам маған жалт бұрылып.- Кір үйге! Анау кішкене балалар шошы- масын, солардың қасында бол! Мен үйге кірдім. Есік алдындағы арбаның жүрісі біртіндеп ұзап кетті. Әжемнің баурында ғана жатып ұйықтап үйренген інілерім: Болат пен Марат ұшып-ұшып тұрып, ал бақырып жыласын «әжелеп». Екеуін олай деп те жұбатам, бұлай деп те жұбатам, кәне қойсыншы, онан сайын өршеленіп, бірінен-бірі асырып бақырады. Олардың бақырған дауыстарынан қарындасым Жанар оянып кетті. Шошып ол жылай бастады. Не істерімді білмей дал болдым, тіпті әрі-беріден кейін соларға қосылып өзімнің де жылағым келді. Әне, қазір аш қасқыр келеді!..- деймін.- Әне, тере- зеден аю қарап тұр!..- деймін, бәрібір қоймайды. Тере- зеге жүгіріп бардым да, оларға байқатпай тық-тық еткізіп қаға бастадым. О кім, терезе қағып тұрған? — дедім, онан соң дәл сырттары біреумен сөйлескендей.-Бүбітай жындымын дейсің бе? Жоқ, ашпаймын есікті, әжем де, апам да жоқ үйде. Ашпаймын. Жылап жатқан біздің үйдің балалары емес. Мына Нұрсұлудың балалары ғой. Інілерім де, қарындасым да жылағандарынан сап тыйылып, көздері бағжаңдап үрейленіп, маған қарай қапты. Бүбітай жынды кеп тұр ма? — деді ересегі Болат. Иә. Сендердің жылағандарыңды естіп кеп тұр. Қанат, біз жыламаймыз. Айтшы, кет деп. Біз жыламаймыз. Әй, жынды Бүбітай, кет аулақ! Біздің балалар жыла- майды! — дедім мен айқайлап. Бір сәтке өзім ойлап тапқан өтіріктен өзім қорқып, қараңғы терезеге қарай беруге жүрегім дауаламай, інілерім мен қарындасымның қастарына келдім де, солардың көрпесінің шетін жамылып жата кеттім. Жалғыз жатуға қорықтым. Бағана күндіз жынды Бүбітай біздің үйге келген, Тоштан ұрып-ұрып алып кетті,- деді Болат тағы да. Қанат, бей қайап жатшы,- деді даусын шығаруға қорыққан Жанар сыбырлай қыңқылдап. Онан соң мені мойнымнан шап қысып құшақтап алды. Қанат аға, Болатқа айтшы, мені құшақтасын,- деді Марат та қыңқылдап. Болат, сен үлкенсің ғой, құшақтап жат Маратты… Өстіп жатып ұйықтап қаппыз. Бұл түн мен үшін өте қорқынышты түн болды. Тыншып ұйықтай алмай қайта-қайта шошып ояна бердім. Ылғи бір қорқынышты түстер көрем: біресе Ырысбек ауылдың барлық балаларын алдына салып ап, бәріңді де атамын, деп мылтығын кезеніп қуып жүреді, мен есіктің алдындағы жинаулы тезектің астына тығылып жатып ояндым; енді бірде Манар мен үсті- басы қан-қан Карл екеуі құшақтасып ап күліп отырады, бірін-бірі сүйіп қояды. Карлдың еттері ырсиып-ырсиып тілгіленіп,. қаны тамшылап тұр; тағы бір түсімде соғыс екен деймін, ылғи әскерлер сапқа тұрып, сарт-сұрт жүріп кетіп жатыр, тұманша қаптаған түтіннің ішіне кіреді де жоқ болады, соларға қарап тұрғанымда қолында жалаңдаған пышағы бар семіз адам екінші жақтан шыға келеді, көзі шатынап, мені сойып жемек боп қуып береді, мен жан дәрмен ышқына қашам, бірақ түк жүгіре алмаймын, «апалап» аттандаймын, әлгі адам әне ұстады, міне ұстады дегенше дәрменім құрып, жүрегім үзіліп отыра кетем… Шошып ояндым, жүрегім кеудеме сыймай дүрс-дүрс етіп дірілдеп кетіппін. Үйдің іші ала көлеңке, май шам сығырайып жанып тұр. Түннің қай мезгілі екені белгісіз. Әжем әлі жоқ. Кішкене балалар қаннен-қаперсіз пысылдап ұйықтап жатыр. Неткен ұзақ түн. Тағы да ұйықтап кеткем, тағы да түс көрдім: ауылға ылғи бір ұры иттер қаптап кеткен екен деймін, баяғы Қарақаншық — Көкінайдың күшік- тері шеттерінен ұры боп, тістерін ақситып ырылдап, жұртты үйді-үйіне қуып тығып жүр; мен де зәрем ұшып үйде тығылып тұрмын, терезенің алдында менің сыртқа шығуымды аңдып тісі сақылдап өзімнің қара күшігім тұр, мені қаппақ: «Құдай-ау, бұл бір пәле болды ғой, далаға шығып ойнаудан қалдық-ау»,- деп зар еңіреп жылаймын… Үй ішіндегі тықыр-тықыр жүрістен ояндым, шам сөндіріліпті, терезеден бозамық жарық түсіп тұр, әжем жайнамазын жайып, таңғы намазын оқығалы жүр екен. Әже, апам қайда? Апаң қырманға кетті.- Сорлы… соры қайнаған сорлы, бүгін тағы ұйықтаған жоқ. Әжемнің даусында апама деген аяныш та, кейістік те, реніш те — бәрі-бәрі бар еді. Ертеңіне түсте апам ыстық су ішу үшін үйге кірген, бірақ іше алмады. Өйткені, әжем оған бірден дүрсе қоя берген: Бұ колхоздың жұмысы саған ғана керек пе осы? Құдай-ау, неге сонша қатал боп барасың? — деп. Апам тісі ауырған адамдай қабағы кіржиіп шытынып қалды, бірақ үндеген жоқ. Неше күннен бері жөнді ұйқы көрмеген өңі әжімденіп, көзі кіртие қарайды. Мен іштей әжемді қостап отырдым. Лобогрейка да, астық шауып жүрген шөп машина- лары да, мүлде тоқтап қалды. Ұста жоқ. Бүкіл ауылдан темірді темірге қойып соғатын бір адам табылмады. Нұғыман шапқылап ауданға қайта кеткен, ұста іздеп. Екі күннен кейін қайтып оралды. Бір ұста табылған екен, оның өзі де кергіп, үш күннен кейін ғана қолым тиіп бара аламын депті. Егін күннен-күнге қурап барады, енді біраз күн кідіртсе кейбір учаскелердің егіні жерге құйылып, түсу қаупі бар. Жан дәрмен кез. Шалғымен шабу басталды. Мектепте әжетке жарайтын балалар сабақтан босаты- лып, қол орақпен астық оруға, орылған астықты жинауға жіберілді. Колхоздың ең алыс участогі — Күреңбелдегі егін орағында жүргенімізге біраз күн болды. Үлкендер шалғымен шабады, біз, балалар, орағымыз барларымыз орақпен орамыз, орағы жоқтар орылған астықты баулайды. Бәрімізге күнделікті белгіленіп берілген норма бар. Таң қылаң бергеннен көзімізді жыртып ашып, шалғышы үлкендер бір қатар, орақшы балалар бір қатар боп тұра қап жұмысқа кірісеміз. Сонан ұзақты күнге бел жазу жоқ. Күзгі аспан реңсіз, буалдыр түтін басқандай мұнар- тады да тұрады. Таңертеңгі дала сызды, салқын, жақ жүніңді үрпитіп, өне бойыңды тітірентіп жібереді. Тек сәске кезінде ғана құрысың жазылып жылынасың. Дәл желкеңе шығып алған күннің көзі арқаңды шым- шымдап қыздырып, пысынатып, терлете бастайды. Төңірек тегіс шаңғытып кетеді. Құлағында тек сыр-сыр еткен шалғы мен орақтың сыбыстары. Көз алдыңда тек әбден қурап, сыңғырлаған мысық мұрт егін, уыстай қармағаныңда сабақтары зыңылдайтын сияқты. Абайлап ормасаң масақтары саудырап сағағынан сынып түсіп жатады. Ештеңеге алаңдауға да, іркілуге де болмайды. Неше күннен бері егіннің сабағы сойғылап күптей болған алақаның тұз уыстағандай тызылдайды, басың айналып, көзің бұлдырайды, бірақ бәрібір сонда да ора беруің керек. Әйтпесе күндік нормаңды орындай алмай қаласың. Өзегің талып тезірек түс болуын тілейсің. Түскі тамақты ішіп, ес жиып, аз да болса дамылдағың келеді. Шалғы шауып жүрген Ырысбек жаққа әлсін-әлсін қарағыштап соның бір ауыз сөзін зарыға күтеміз. Түс болғанда ол сағатын қолына алып, ылғи: Демалыс! — деп айқай салады бәрімізге. Сол кезде қолдарымыздағы шалғы-орақтарымызды жеткен жерлерімізде тастай-тастай береміз. Шалғышылар мен орақшы балалар екіден-үштен бірігіп, шөпті қалыңдап жауып, бір-бір күрке жасап алғанбыз. Соңымызға кеп дамылдаймыз. Біз Нәзира әпкем екеуміз бір күркедеміз, бізден әрі Көлбай керең мен Дүрия, онан әрі Эмма мен Гүлсара, басқа бес әйел мен Әжібек бастаған балалардың бір-біріне иін тіре- стіріле жасалған күркелері, ең шетте Ырысбек пен Зиба- штың күркесі. Ырысбек күркесіне жете бере домбырасын қолға алады. Осы күні өзі бұрынғыдай мұңаю, күңірену дегеннің бәрін қойған. Көбіне «Краковякты», немесе сол сияқты басқа да көңілді ән-күйлерді ойнайды. Домбы- раны шанағынан тық-тық-тық… дегізіп шертіп қойып отырып: Тира-ри-ра ри-ра-ра, Три-ра-ра-ра ра-ра-ра… Русский, немец и поляк Танцевали краковяк. Триля-ли-ли ля-ля-ля Трайля-ли-ля ли-ля-ля… – деп сампылдап әндетіп жөнеледі. Шөп күркелеріміз шошаң-шошаң етіп билеп тұрғандай боп көрінеді. Күй ырғағына еріксіз елігіп, тапыр-тұпыр билегің кеп кетеді. Мұнан кейін Ырысбек Зибашқа арнаған әндерін айта бастайды. Зибаш-ай, Қасыңның қара қиғашы-ай, Құрбыңды, қалқам, сыйлашы-ай… Күрке-күркемізде отырып мәз боп күлеміз, шаршаға- нымызды ұмытқандай сейіліп қаламыз. Жынды ғой… нағыз жындының өзі…- деп Нәзира әпкем басын шайқап күле береді. Көп күттірмей ауыл жақтан ырғатылған өгіз арбамен түскі тамағымыз — сүт қатқан (кейде ішінде еті де болады) кеспе көже келе жатады. Түскі тамақты ішіп, аз-кем тыныстап алғаннан кейін жұмысқа қайта кірісеміз. Тағы да мұнартқан аспан. «Жжу-жжу»… еткен шалғының, орақтың сыбыстары, сыңғырлаған мысық мұрт астық, бір орыннан жылжымай мөлиіп тұрып алған күннің көзі, тызылдаған алақан… көз алдың бұлдырап, басың айналады… Күн батпай, кеш түспей зарықтырады-ау, тағы да. Әбден сілеміз құрып, титықтап кеп, күркемізге жете бере құлаймыз. Ымырт кезінде тағы да сүт қатқан кеспе көжені алып өгіз арба жетеді… Апам келіп, орылған жерді саржамен өлшеп, кім нормасын қанша орындағанын айтады. Сонсоң өзі қонаға Нәзира әпкем екеуміздің қасымызда қалады. Түн салқын. Киімшең күйімізде қисая кетіп, үйден әкелген ескі көрпе мен ішік-тондарға оранып, төңірегімізді шөппен қалыңдап қымтанып аламыз. Қураған шөптің арасында ермені болса көпке дейін пысқырынып- түшкірініп жатып ұйқыға кетеміз. Алайда апамның түн ұйқысының төрт бөлініп жата- тынын мен жақсы білем. Кейде ол тұрып кеткен кезде, ірге жағымнан лап етіп азынап қоя берген суықтан тітір- кеніп оянам. Күркенің сыртынан оның әрі-бері жүрген аяғының дыбысы естіледі. Сәлден кейін қайтып кеп, қараңғыда сипаланып шетте жатқан Нәзира әпкемнің ірге жағын қымтап, ортадағы менің үстімді дұрыстап жауып, өзі ақырын ғана орнына жатады. Апа, неғып тұрып жүрсің? — деп сұраймын мен. Жәй, от кетіп қалмасын деп жүргенім ғой,- дейді.- Мынау Ырысбек деген түні бойы темекі тартады, сонан көріп балалардың арасынан да темекі тартатындар шығып жүр… Төңіректің бәрі қазір от түссе лап еткелі саңғырлап тұр емес пе. Ұйықта, таңертең ерте оятам… Апам шынында да ерте оятады. Шығыс жақтан таң қылаң беріп, төңірек ағара бастаған кезде, барлық күрке- дегілерді аяғынан тік тұрғызады. Бірден тұрғысы келмей, жылы күркеде керіліп-созылып, «әне, міне» деп жатып алатындар да бар, апам ондайлармен әздектеп тұрмайды, қамшымен жон арқадан бір тартады. Жөнді ұйықтамағандықтан өзінің түсі суық, ызбарлы, ешкімді бетіне қаратпайды. Мұндайда апамның бетіне қарауға мен өзім де қорқам. Дала өте салқын. Жылы күркеден шыққан бойда дірдек қағып, бүрсектей жөнелесің. Жалаң аяғыңды шөпке қонған ақ қырау шық қарып-қарып түседі. Орақты қолға аласың, жүзін көкаязданған қырау тұтып қалған. Егін оруға кірісесің, жез түтіктердей көкаяз- данған сабақтары алақаныңды қариды. «Жжу-жжу»… дегізіп шалғышылар бастайды. Мен Нәзира әпкеме қараймын, ол шалғысының жүзін жанып-жанып алады да құлаштап кеп сілтейді. Өзі шалғышылардың ең алдына түсіп алады. Әуелгі күндерде Ырысбек соңынан қуалай түсіп, бастырмалатпақ боп біраз әуреленген, өкпесі өшіп, өзі өліп қала жаздады. Мына қыз ба? Мына қыз жойқын екен,- деді ақырында. Өзі Нәзира әпкеме қарағыштап, сөйлескісі кеп бір-екі рет жақын келген. Нәзира әпкем теріс қарап мүлде сөйлеспей қойды. Өзінің көзі жаман, тіпті суқаным сүймейді,- деді кейінірек күркеге келгенімізде маған. Кеше түсте демалысқа шығар кезімізде Ырысбек тағы да кеп: Нәзира, қалқам, осы сенің шалғың сиқырлы-ау деймін, кәне ұстап көрейінші,- деп, шалғыны емес, Нәзира әпкемнің білегін ұстаған. Нәзира әпкем жылан шағып алғандай қолын тартып алды да, өзі кейін шегініп, шалғысын құлаштай ұстап, тұра қалды. Тура орып түсірем, кетіңіз аулақ! — деді, қып- қызыл боп түтігіп. Қалқам-ау, Нәзира-ау, мен… мен… Мен ешқандай да «қалқаңыз» емеспін сізге. Ендігәрі жақын жуушы болмаңыз! Нәзира әпкемнің түрін көріп мен өзім де тіксініп қалдым. Ырысбек енді бір қадам жақындаса аяйын деп тұрған жоқ, орып түсіруге дайын. Ырысбек тайсақтап өз жөніне кетті. Күркелерінен Зибаштың оған шаң-шұң етіп ұрысқаны, онан баж ете түскені естілді. Сірә, Ырысбек бір қойған болу керек. Қасыма Әжібек келе қапты, қолында Ырысбектердің шәугімі. Жүр, бұлақтан барып су әкелейік,- деді. Мен күркеге кіріп, өзіміздің шәугімді алып шықтым. Нәзира әпкең дұрыс істеді,- деді былай шыққан соң Әжібек.- Ол Ырысбекке сөйтпесе болмайды, күле қараса-ақ бітті, мүлде иектеп алады. Сен өзің оған неге су тасып жүрсің, ендеше? — дедім мен. Әй, Қанат-ай, баласың ғой әлі, мұрныңа түктің иісі келмейді. Мен суды Ырысбек үшін тасып жүр дейсің бе? Жоқ. Зибашқа бола тасимын. Сорлыға жаным ашиды. Түнде түні бойы жылап шықты. Неге? Ырысбек ұрып па еді? Жо, ұрып қайтеді оны, онсыз да табанын жалауға дайын тұрған қатынды. Онда неге жылайды? Ырысбек түнде бір жаққа кетіп қалды. Қайда? Білмеймін. Не көп, жесір келіншектер мен қыздар көп емес пе. Соның біреуіне кетті де. |