кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
Иә. Со жөнелтілетін алты арбаға астық тиеседі қазір барып. Қырманның басында ұйықтай салады ғой… Қой, тұрайын енді. Суық түсейін дегендікі ме, түнге қарай белім сырқырайтын боп жүр. Менің әлгі бел орағышым қайда екен? Төсектің ірге жағында сияқты еді ғой… Иә, сол ғой, бері тастаңыз… Әй, Нәзира, түйіп болдың ба? Болдым. Жүр онда. Екі арбамен кімдерді жіберсем екен деп, басым қатулы. Жұрттың бәрі жұмыста, ешқайсысын айыруға болмайды… Тіпті білмеймін… Бір арбаны мен айдайын,- деді Нәзира әпкем. Саған бір арбаны айдатуды өзім де біліп тұрмын-ау, бірақ станцияға барған соң қаптарды көтеріп апарып қойманың терезесінен құю керек, оған сенің шамаң келе ме? Осы апам қызық. Мені әлі қолынан түк келмейтін бала көресіз-ау, деймін. Бір қап түгілі екі қапты екі қолтығыма қысып көтерем. Өй, алаңғасар! — деді апам оның сөзіне ыза болып.- Екі қапты көтерем дейді ғой. Саған бір қапты көтерудің өзі ауыр. Шамаңнан тыс тыраштанба деп қанша айтамын осы. Менің еш жерім де ауырмайды. Сөйлеме әрі! Киін жылы киімдеріңді. Станцияға барам ба? Көреміз оны. Әлгі Ырысбекке барып сөйлессем бе екен, соқталдай еркек, қайтқанына жарты айдан асты, әлі үйінде жатыр. Бүгін Зибаш та шыққан жоқ, жұмысқа… Сол екеуін жіберсем дұрыс болар еді. Егер Ырысбек бармаса, онда Зибаш екеуіңді жіберем, амал жоқ. Ол антұрғандар үйленіп алған дей ме? Е, сөйтіпті ғой… Ал кетейік… Байқа, абай болшы. Сенің мінезіңнің кейде тік кететіні бар. Ырысбек өзі соғыстан бұзылып, қаны қарайып қайтқан көрінеді, сөзге кеп қап, өзіңді жазым ғып жүрмесін. Мына ұсақ балалармен ойнап, ауыл арасында мылтық асынып жүрген түрінен шошимын. Әй, тегін емес… бір пәлеге ұшырайды сол… ұшырайды… Апам мен Нәзира әпкем шығып кетісімен көзімді ашып, басымды көтердім. Әже, Ырысбектікіне мен де барайын ба? — дедім. А! Сен әлі ұйықтамап па ең, қарғам-ау? Бар! Бар жүгір, ойбай,- деді әжем қолды-аяққа тұрғызбай.- Анау шешеңнің мінезін білесің, артық кетіп бара жатса, етегінен сүйресең де аулақ әкет, пәледен. Жүгіріп тысқа шықсам апамдар Нұрсұлу деген көрші әйелдің терезесін қағып тұр екен. О кім-ей? — дейді іштен Нұрсұлу. Біз ғой. Шық бері, бір шаруа боп қалды! — деді апам. Кеудешесін жүре түймеленіп шыққан Нұрсұлу: Көзім енді ілініп бара жатыр еді. Не боп қалды ей, қатын? — деді даусы гүжілдеп. Нұрсұлу — түр-тұлғасы еңгезердей еркек пішінді, даусы гүжілдеген, өзі күшті әйел. Ауылдағы әйелдердің ең күштісі. Қайдағы ауыр, қиын жұмыстарға осы Нұрсұлу барады. Шіреніп тұра қап үлкен ағаш күрекпен астықты құлаштай тастаған кезде Байдалы шал да, Көлбай керең де астар болмай қалады,- дейді апам. Соғыстан бұрын, той-мереке кездерінде балуан деген еркектеріңнің өзімен белдесіп күреске түсіп, талай рет бәйге алыпты. Екі күн ұйықтамағаныңды да білем, жә, қайтып кеп ұйықтарсың, қазір анау Ырысбекке кіріп шығайықшы, бар шаруа сол,- деді апам.- Жалғыз баруға дәтім жетпей тұрғаны. Оның да жөн екен, бір есептен. Апам терезесі қап-қараңғы боп тұрған келесі үйді нұсқады. Мына Бәтиқа үйінде ме? Ол да осы әлгінде келді ғой қырманнан. Жатқаны жаңа шығар. Оны да ертіп алайық. Енді үшеуі барып Бәтиқаның терезесін қақты. О кім? Біз ғой, жігіттерміз! Есігіңді аш, шық бері! — деді Нұрсұлу гүжілдеп.- Қасыңа қайсымызды аласың? Таңда өзің. Өзім таңдасам, сені қайтем гүжілдетіп, жай колхоз- шысың, онан да бір күн де болса жаным жай табар, біргәдір жігітті қаламаймын ба,- деді есігін ашқан Бәтиқа. Қалағаның мына біргәдір болса оңдырар. Жұрттан бұрын сені жұмысқа сап зорықтырып өлтірер. Оның да рас. Бұл сөйтеді. Үшеуі де өзара әзілдеріне сылқ-сылқ күлісіп алды. Онан соң апам мен Нұрсұлу екеуі екі жақтап Бәтиқаға бірдеңе-бірдеңені түсіндіріп айта бастады. Бұларың дұрыс екен,- деді Бәтиқа да сылқылдай күліп.- Не боса о босын, бір зәресін алайық өзінің… Осы сәтте ғана соңдарынан ілесіп жүрген мені байқап қалған апам: Қанатпысың?! Сен неғып тұрып кеткенсің? — деді қатқыл үнмен.- Бар, үйге! Әжем жіберді,- дедім мен. Әжең жіберсе де бар, қайт! Жарықтық-ай, ұйықтап жатқан баланы мазалап. Мен тайсақтап шегіншектей бердім де, Нұрсұлудың үйінің тасасына тығылдым. Жә, жүре берсін де,- деді Нұрсұлу.- Тобымыз көп болсын, онан да Қанатты жүгіртіп, анау Қалипа мен Сәруені де шақыртып алайық. Ол екеуі де жуан жұдырық қатындар ғой. Оның да ақыл екен,- деді апам келісіп.- Әй, Қанат, бар онда, Қалипа мен Сәруені тез шақырып кел. Бір тығыз шаруа боп қалды де. Мен жүгіре жөнелдім де, әне-міне, дегенше Қали- паны да, Сәруені де оятып, асықтырып алып келдім. Әй, әуселесін көріп алайықшы өзінің,- десіп Қалипа да, Сәруе де білектерін сыбанысып қызынып кетті. Әйелдердің бәрі жиналған соң апам бастап, барлығы Ырысбектің үйіне бет алды. Сендер ауыз үйде тұра тұрыңдар. Мен өзім жалғыз кіріп, сөйлесіп көрейін,- деді апам, бәлкім, айтқанға ұрыс-жанжалсыз-ақ көніп қалар. Әйелдер әуелі терезеден қараған: Ырысбек шалқа- сынан түсіп домбырасын тыңқылдатып жатыр да, Зибаш қазан-ошақ жақта тамақ пісіріп жүр екен. Әдіре қалғырлар, Қозы мен Баян ғұсап қапты ғой,- деді Нұрсұлу күңкілдеп.- Екеуін де осы қазір тырдай жалаңаштап шешіндіріп ап, біріне-бірін теріс қаратып байлап, әнеу шұңқырдағы суға тастай салсақ па екен. Қайтесің жүзіқараларды. Жоға деймін-ау, сайтаным ұстап тұрғаны түрлерін көріп. Апам ішке кіріп кетті де, басқамыз ауыз үйде қалдық. Мен бірден есіктің саңылауына жабыстым. Кеш жарық! — деді апам. Ырысбек көзін бір рет алақ-жұлақ еткізгені болмаса, жатқан күйінен қозғалған жоқ, ал Зибаш есі шығып: Ә, тәтем екен ғой, жоғары шығыңыз,- деп бәйек боп қалды. Шықпаймын жоғары. Келген шаруамды осы арада тұрып-ақ айтайын,- деді апам.- Қараң қалғыр, Ырыс- бекке тидім де, германды жеңдім дедің бе, неге жұмысқа шықпадың бүгін? -деп Зибашқа бірден дүрсе қоя берді. Тәте-ау, мен бүгінше… бүгінше… Бүгінше дейтін түк те жоқ. Бүгін, ертеңді көтеретін уақыт па, осы кез. Адам жетіспей мұрнымыздан қан кетіп жатқанда. Қазір жинал да арбаңды жек. Станцияға астық тартасың! Бол, тез! — деп апам қамшысын үйірді. Қазір ме? Тура осы қазір! Ал сен, Ырысбек шырағым, не мына әйеліңмен бірге арбамен астық тартуға шық, әйтпесе, жүр анау қырманға, бидай тастасасың. Созылып жатуың жетті енді. Қатын-қалаш, бала-шағаның мойнына масыл болма. Нанымызды бекер жеме. Сен соғыста қан төгіп келсең, біз жанымызды беріп отырмыз. Зибаш біресе апама, біресе Ырысбекке жалтақтай қарап, киіне бастаған. Апамның сөзін шыбын шаққан ғұрлы көрмей жатқан Ырысбек: Зибаш-ай, тамағыңды беріп, төсегіңді салсаңшы, жаным. Жаталық та,- деді жайбарақат үнмен. Қазір, қазір… Әй, шырағым, мен кімге айтып тұрмын. Тұр, көтер басыңды! — деді апам ақырып. Зибаш-ай, мына кісіге есікті көрсетіп жіберші, кіруін кіріп ап, шыға алмай тұр ғой деймін. Шыдай алмай кеткен болу керек, апам Ырысбекті қамшымен көсілте бір тартып жіберді. Атып тұрған Ырысбек қалш-қалш етіп апама қарай тап берген. Көзі шатынап, жұдырығы тастай боп түйіліп алпамсадай еркек енді бүруге шақ қалғанда апам тайсалмастан оны тағы бір тартып жіберді де: Әй, қатындар! Келіңдер, ұстаңдар мынаны! — деп айқай салды. Осы сәтті күтіп тұрған әйелдер бірін-бірі итере- митере білектерін сыбанып кіріп барған. Әдіре қалғыр, саусағыңды қимылдатшы кәне, жүнше түтелік! — деді Нұрсұлу гүжілдей ұмтылып.- Сенің қаның соғыстан бұзылып келсе, біздің қанымыз осы ауылда жүріп-ақ бұзылды. Біз де қанымызға қарайып өш алып, өлтіретін адам таппай жүрміз. О несі- ей, шала пішілген сәуріктей қодыраңдап. Әй, қатындар, байлалық мынаның аяқ-қолын!.. Алақ-жұлақ етіп есі шыққан Ырысбек шегіншектей түсіп, қамшы тиген иығын сипай берді. Апырай, сендер ме едіңдер?!.- деді бағанадан мүлде танымай тұрған адамдай. Онан соң бет-аузы түшкіргісі келгендей тыржыңдап қисаңдай бастады да, кенет өгіздей өкіріп жылап жіберді. Шынымен-ақ ұрдың-ау мені, шыныменен қол көтердің-ау маған, жеңешем-ай!.. Қор болған жерім-ай!.. Ө-о-ө… Екі қолымен бетін басқан, саусақтарының арасынан шып-шып жас сорғалайды… Әйелдер түйіліп келген бойлары енді не істерлерін білмей үрпиісіп тұрып қалған. Құдай-ау, қор болдым-ау…- дейді Ырысбек, күңірене дауыстап.- Ал неғып тұрсыңдар? Талаңдар мені! Ұрың- дар!.. Фашистен қалған мына тесік өкпені суырып алың- дар!.. Ө-ө-ө… О, қайран жеңгелерім, сағынып келгенімдегі, маған деген сыйларың осы болғаны ма?!. Ей, сұм тағдыр, неге мені тірі қалдырдың бүйтіп қорлағанша?! Әлде көрсетпегің осы тәлкек пе еді… Неге тірі қайттым, мен бейбақ!.. Ө-ө-ө… Солқылдап жылаған түрін, айтқан сөздерін ести тұрып төбе құйқаң шымырлайды. Осылайша біраз жылап алды да: Жә, болды… болды…- деп өзін-өзі жұбатты. Көзін сүртті. Өксік солығын баса тұрып әйелдерге тегіс жағалай қарап өтті. Құдай-ау, бәрі де өзімнің ет бауыр егізімнің сыңа- рындай аяулы жеңгелерім ғой. Сірә, мені танымай қалдыңдар-ау деймін?.. Әр әйелге елжірей қарады. Не боса о босын, тәубеме бір келтірдіңдер… А-ха-ха- ха-ха-а…- деп қарқылдап күліп жіберді. Ол со қарқыл- даған бойында екі иығы онан әрмен селк-селк етіп, одан ішін басып сылқылдап көзінен жас аққанша күлді. Рас күлкі ме, өтірік күлкі ме, айыру қиын. Әлден уақытта күлкіден шаршағандай екі иығы салбырап отыра кетті де, өзіне төніп кеп тұрған әйелдерге жайбарақат жайдары үнмен: Қайран жеңешелерім, еңіреген ер ағаларымның асыл жарлары, тәубеме бір келтірдіңдер-ау! Ризамын…- деді тағы да.- Отырыңдар!.. Сіздер жұмсаған жаққа бармай мен қайда кетеді дейсіңдер. Арба айда десеңдер арба айдайын, астық таста десеңдер оны да істейін. Жігіттік сөзім, ант етіп айтайын, қосқан жұмыстарыңды істеймін. Туған ел, туған жерді сағынғанда, осы өздеріңдей жеңгелерімнің ұлтаны боп жүрсем деп армандап ем. Ауылға келген соң соның бәрін ұмытып ит боп барады екем, кешіріңдер. Мен қайттым райымнан… Ал енді менің де аз тілегім, отырыңдар, дәм татыңдар, онан соң бірге шығайық. Зибаш, тездет, тамағыңды!.. Отырыңдар, жеңгелер. Дастарқанымызды теппеңдер… Апам бастаған әйелдер бір-біріне қарап қойды да аң- таң боп, отыра-отыра кетті. Зибаш отты үстемелей жағып, көжесін сақыр-сұқыр қайнатып тездете бастады. Тездет, Зибаш!.. Көп кешікпейік,- деп қойды да Ырысбек домбырасына қол созды.-Сенің көжең піскенше мен жеңгелеріме бір-екі ән салып берейін,- деді. Сөйтсең сөйтші,- деді аяғын көсіліп жайғасыңқырай отырған Нұрсұлу. Ырысбек домбырасын күйлеп, тамағын бір кенеп алды да мұңайған үнмен: Кеудеме жау оғы тиіп, ұрыс даласында қансырап жатқанымда туған жер, ел-жұрт, мына отырған өздерің көз алдыма елестеп, «дүние-ай, соларды бір көре алмай кетемін бе»,- деп тарығып жатып шығарған әнім еді. Қазір сендерге соны айтып берейін,- деді. Әйелдердің бір-екеуі еріксіз бір еріксіз күрсініп қалды. Ырысбек зарлы әуенді аңырата жөнелді. Өзінің туған ел, туған жермен қош айтысып, аждаһа жауға қарсы аттанғаны, жауған оқ пен жанған оттың ортасына тап болғаны, әккі жаумен арыстанша алысқаны, қапыда жараланғаны, содан қансырап ұрыс даласында қалғаны, бір жұтым суға зар болғаны, сол сәтте туған ел, туған жер, күліп-ойнаған құрбы-құрдас бәрі-бәрі тізбектеліп өте бастайды көз алдынан; әрқайсысының көңіл қимас мінез-қылықтары, құрбылық наздары бар, итшілеген тірлікте бір-бірінің қадірін білмеген, көкіректі қарс айырған өкініш бар… Ырысбектің көзінен тарам-тарам жас кетті. Зарлаған даусы, онан да зарлы сөздері жүйке- жүйкені босатып, мүлде егілтіп жіберді. Сорлы-ай… қайтсін-ай!..- деген әйелдердің бірі жылай сөйлеп аһ ұрып. Сол-ақ екен бәрі бірдей мырс- мырс жылап берді. Қош-есен бол, жеңгелер, Су бер десем, бал берер. Қапыда кеттім, дүние-ай… Зарымды менің кім көрер?.. Өзі де жылап, әйелдерді де жылатып біраз шер тарқатқаннан кейін Ырысбек: Өстіп зар еңіреп жатқанымда орыстың бір қаршадай қызы, дәл осы өзімнің Нәзира қарындасымдай балғын жасы кеп, өлімнен арашалап алып қалды,- деп, домбырасын шетке тастай салды. Онан соң: — Қой, жылап отыратын уақыт па. Жұмысқа аттанайық! — деді көзінің жасын сүртіп.- Көңіл шіркінді еркіне жіберсең езіле береді. Бір ауық өзіңді-өзің тежемесең. Бекем болайық, жеңгелер! Рақмет, қайным! Бақытты бол! Зибаш екеуің қосағыңмен қоса ағарыңдар! — десті әйелдер шын көңілден риза болып. Әлгіндегі ашулы келістерінен, бұрқ-сарқ еткен сөздерінен із де қалған жоқ еді. Бәрінің де көңілдері елжірей қалған жұмсақ күйде. |