кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
Ертеңіне мектебімізде қоңырау қағылып, оқу қайта басталды. Әнипа апайымыз жүзі қандай жылы, нұрлы болса, мінезі де сондай жұмсақ, аңқылдаған мейірбан жан екен. Алғаш класқа кіргенде, мұз қатқан еденнен тайып жығыла жаздаған, біз балалар ду күлгенімізде, өзі де бізге қосыла күліп жіберді. Мына еденде коньки тебуге болады екен,- деді басын шайқап. Онан соң стол басына кеп, класс журналын ашпас бұрын есік-терезелерінен жел ызғыған бөлме ішіне айнала қарай тұрып, онан біздің жалаңаш-жүдеу түрлері- мізді көріп күрсініп қалды. Күлімсіреген өңі көлеңке түскендей лезде жабырқау тартып, көз алдымызда өзі де жүдей бастаған. Мынадай класта анық бір сабақты толық отыру мүмкін емес еді. Балалардың көбінің киім- кешегі алым-жұлым, жыртық-тесік, шарық-шоқайла- рынан не өкшесі, не башпайы көрініп жүреді. Кейбір балалар жыртық шарығының ішіне тығыздап сабан салып киіп алған, жүгірген, ойнаған кездерінде әлгі сабан жыртық-тесіктен біртіндеп суырылып түсіп жүреді де, біраздан кейін сабаны тегіс түсіп, қолпылдап қалған шарығына қар кіре бастайды. Отыра қап шары- қтың ішіне сабанды қайта тығып алады. Осындай түрімізді көрген Әнипа апай сабақты бірден бастай алмай, бәрімізге жабырқай қарап, үнсіз тұрып қалған. Көшеде жүгіріп ойнап жүргенімізде тоңу дегенді білмесек те, суық класқа кеп қимылсыз отырған соң, бойымыз тоңазиын деді, жақ жүндеріміз үрпиіп, күрк- күрк жөтеле бастадық. Кластың бүкіл бір жақ қабырғасын ала салынған ошағы ауыз бөлмеден жағылатын кірпіш пеш болымсыз ғана жылып тұр. Бұрын қи жаққанда едәуір қызып, кластың ішін жылытып тұратын, ал сабан отынға міз бағар емес. Үй сыпырушы Дәметкен апай от жағуды таң сәріден-ақ бастаған екен, міне, қазір сәске кезі боп қалды, әзірге жыли қоятын түрі білінбейді. Мұқан ағай әскерге алынып, мектеп бір айдай жабық тұрған уақыттың ішінде мектептің отын қоймасындағы бір қысқа жетерлік етіп жиналған қи үшті-күйлі жоқ боп кеткен. Кім тасып алды, қашан алды, ешкім білмейді. Әлгінде, сабақ басталардың алдында Әнипа апай Байдалы шалға жолыққан, отынның қайда екенін сұраған. Әй, қарағым, мен отын күзетшісі дейсің бе?! Қайдан білейін,- деп Байдалы шал шарт кетті.- Осы колхоздың отыннан басқа жұмысы да бастан асып жатыр. Енді оқу болмайды деп біреулер тасып алған шығар. Әне, сабан түсіртіп бердім ғой, соны жаға беріңдер,-деген. Сол сабанның жылуы, міне, «уф!» деп үрлесең, аузы- ңнан шыққан бу темекінің түтініндей бұрқырайды. Әнипа апай барып пештің әр жерінен бір сипап ұстап көрді де, тағы да күрсіне тұрып басын шайқады. Ақыры ойлана тұрып: Балалар, мына класта көп отыруға болмайды екен, мен сендерге үйде оқуларыңа тапсырма беріп қайтарай- ын,- деді. Сонда біз класта оқымаймыз ба? — деп сұраған балалардың бірі. Оқимыз. Тек алдымен класты жылыту жағын ойла- стырайық. Қысқа деп жинаған мектептің отынын біре- улер тасып апты, ал сабанның қаншалықты жылытатынын өздерің көріп отырсыңдар. Мынадай суықта сендерді ауыртып аламын ғой. Сөйтіп, Әнипа апай үйде оқуымызға тиіс тапсырма- ларды тақтаға жаза бастады да, біз оны ілесе отырып көшіріп алуға кірістік. Апайымыздың жазуы біркелкі, маржандай тізілген әдемі еді. Мен мектептің отынын жағып отырған бір үйді білем,- деді балалардың бірі өзіне-өзі айтқандай жай сөйлесе де бәрімізге естіртіп. Кімнің үйі? Ол кім? — дедік біздер жан-жақтан. Әжібектің үйінен,- деді әлгі бала.- Барғанымызда ылғи қи жағып отыратынын өздерің де көріп жүрсіңдер ғой. Әжібек сол қиды мектептің отынынан алмағанда қайдан алды? Рас-ей! Рас! — деп, Әжібектің үйіне қашан бармайық, сары қиды маздатып жағып қойып отыратынын есімізге алғанбыз. Тақтаға тапсырма жазып тұрған Әнипа апайымыз да біздің сөзімізге елең етіп, кейін бұрылған. Әжібек кешегі бала ма? Иә. Егер мектептің отынын түсіріп алған сол бала болса, анықтап сұраңдар өзінен. Айқай-шу шығармай-ақ қайтарып алайық. Апыр-ай ә, үйіне қашан барсаң да, Әжібек жағасы жайлау боп жып-жылы отырады, сөйтсек біздің мектептің қысқа деп жинаған бар отынын түсіріп ап, қарық боп жүр екен ғой. Ой, оңбаған-ай! Ой, мүттәйімін- ай!.. Күзде Мұқан ағай өзі бас боп, барлық оқушы балалар өгіз арбамен мына төмендегі қой қорадан үш күн бойы тартқан қи ғой. Қыста рақаттанып жылы класта отырамыз деген есіл еңбегіміз. Бар рақатын түк істемеген Әжібек көріп жүр екен де. Біз бір топ бала қазір мектептен шығысымен, соның үйіне барып айқа- суға бел байладық. Бәріміз жабылсақ, соған әліміз жетеді ғой,- дедік күбірлесе келісіп. Сөз байласқан балалар мектептен шыға Әжібектің үйіне келгенімізде, ол төрінің алдында шалқасынан түсіп темекі тартып жатыр екен. Үстелінің үстінде жарты таба нан, бір тостаған майға шыланған талқан, бір тостаған қуырылған бидай, құрт-ірімшік үйіліп тұр. Иә, оқымыстылар, мектепке кіргендеріңнен шыққандарың тез болды ғой,- деді ол сол шалқасынан жатқан күйде бізге бетін де бұрмастан.- Әлде сабақтан қашып кеттіңдер ме? Біз ошақ алдында шашылып жатқан сары қидың сынықтарын бір-бірімізге ымдап көрсетіп үнсіз тұрмыз. Әй, неге үндемейсіңдер? Әлде анау үстелдің үстін- дегі тамақтарды көріп үндерің өшіп тұр ма? Темекінің арқасында келген дәмдер ғой,- деп Әжібек сол бізге басын бұрмаған күйінде шірене сөйлеп жатыр.- Әлі осы ауылдың дастарқанының ең дәмділері менің аузымда болады. Әжікең өстіп «ахау бикем» деп әндетіп қойып шалқасынан жатады. Оқыған сендер озар ма екенсіңдер, оқымаған мен озар ма екем, көреміз. Біз сол үнсіз қалпымызда, өстіп жатқанында үстінен барып бас салайық дегендей, ымдаса сөйлесіп бір-бірі- мізді «сен баста», «сен баста» дегендей, итермелей бастағанбыз. Осы мезетте Әжібек басын көтеріп алды да, қос танауынан түтінді бұрқылдата отырып: Әй, көксоққандар, жүрістерің тым суыт қой, неғып состиып тұрсыңдар? — деді. Мектептің отыны қайда? — дедік ақай жоқ, тоқай жоқ. Қайдағы отын? Мектепке отынға деп күзде біз түсірген қи ше? Міне, ошағыңда маздап жанып жатыр ғой. Осыны қайдан алдың? Қазір бәрін қайтар. Сенің қырсығыңнан біз, міне, бүгін сабақ та оқи алмадық. Әй, сендер, айтсам айтқандай көксоққан екенсің- дер,- деді көзі шатынап лезде ыза болған Әжібек.- Тіпті көк ми екенсіңдер. Немене, мектептің бар отынын түсіріп жинап ала қоятындай менің қарамағымда жұмыс- шыларым бар деп пе едіңдер?! Және онша отынды қай жеріме жинаймын? Отын жинайтын қорам да жоқ. Әне, бар отыным ауыз үйде жатыр. Не сөйлеп тұрсыңдар? Өй, ақылдан жұрдай тобан аяқтар. Қайтар дейді ғой. Нені қайтарам? Ал онда мына сары қиды қайдан алдың? — дегенбіз. Мектептің отын қорасынан,- деді Әжібек сабасына түсіп, салмақтана сөйлеп.- Ең соңынан қидың қалған- құтқанын жинап алғаным рас. Үш қап еді, бір қабы таусылды, екі қаптағы, әне, ауыз үйдің бұрышында үюлі жатыр. Егер мектептеріңді жылытуға жетеді десеңдер, жинап алып кетіңдер. Біз не дерімізді білмей сілейіп тұрдық та қалдық. Айтса айтқандай, мұның отын қоятын қорасы да жоқ екен-ау. Мысымыз құрып, енді неғыларымызды білмей, не шығып кете алмай, не отыра алмай бір-бірімізге қараймыз. Әжібекті нақақтан қаралап жазықсыз ренжітіп алғанымызға жерге кірердей боп тұрмыз. Біздің осы жайымызды ұқты-ау деймін, Әжібек те енді ашуын басып, темекісін қомағайлана сорды да: Әй, көк милар,- деді жайбарақат үнмен.- Не десеңдер де менің сендерден өзге серіктерім жоқ енді. Мен дегенде құдайдың басқа салғаны осы шығар. Дабай, отырыңдар. Темекі тартыңдар, сөйтіп, естеріңді жиыңдар. Әлгіндегі жауар бұлттай болып түнеріп, үдірейісіп келген түрімізден із де қалған жоқ. Әжібектің алдында сол баяғы «көксоққан» қалыптарымызға түсіп, апты- ғымыз басылып, сүмірейісіп барып, отыра-отыра кеттік. Ол ұсынған газеттен бір-бір жапырақтан жыртып алып шылым орадық. Әжібектің алдындағы әлгіндегі кінә- мізді толық мойындағандай жерге қарай отырып, ащы түтінді бұрқылдата сорғанбыз: Әй, көк ми, түтінді босқа сорып рәсуа етпей, ішіңе жұтып тарт,- деп зекіп қалды Әжібек өзіне таяу отырған балаға. Мұнысы жалғыз оған емес бәрімізге айтылған кінәрат еді. Түтінді текке сорып рәсуа етпей жұтуға тырысамыз. Удай ащы түтін тұншықтырып жібере жаздайды, кеңсірігіміз ашып, тамағымыз жыбырлап, жарыса кеп қақалып-шашалып, көзімізден жасымыз парлап ит боп отырмыз. Мектептің отынын кім түсіріп алғанын мен білем,- деді әлден уақытта шылымын тартып болған Әжібек.- Бірақ оның кім екенін айтпаймын. Басыма пәле іздер жайым жоқ. Иә, Әжібек айтпаймын десе айтпайды. Егер қадалып сұрай берер болсаң, ол ашуланады да, әлгі мазасын алған баланы желкесінен алып есігінен итеріп шығарады да, май құйрығынан қайқайтып тұрып бір тебеді. Ол балаға енді қайтып Әжібектің үйінің есігін ашу оңайға түспейді. Үйінен не бір таба нан, не бір жілік ет ұрлап әкелуі керек. Сөйтіп келіп қана татуласады. Терезе қағылды да сырттан Мәридің: Бәріңді де апай шақырып тұр! — деп айқайлаған даусы естілді. Біз топырласа жүгіріп сыртқа шыққанбыз. Расында да, Әнипа апайымыз көшеде Әжібектің үйінің тұсына кеп тұр екен. Қасында Мәри және бір-екі қыз бар. Мәри жартылай ер балаша: басына құлақшын, бұтына шалбар киген, үстіндегі шешесінің кішірейтілген ескі пүліш пальтосы белін қынтитып, бойы ұзарып көрінеді, қысқа қарай өзі аппақ боп ағарып, қасы-көзі қап-қара боп қиылып, әдеміленіп кеткен. Өзін-өзі еркін ұстайтын ақ жарқын өжет мінезі де оны басқа қыздардан ерекшелеп тұратын. Қазір апайдың қасында тұрып, сүмірейіп шыққан біздерге мазақтағандай ақсия күледі. Ал күліп тұратын Әнипа апайымыз қабағын шытып, көзілдірік астынан сүзіле қарайды. Сендер мұнда неғып жүрсіңдер? — деді. Біз үндей қойғамыз жоқ. Естімеген адамдай боп біріміз аспанға қарап, біріміз күресін қарды шарығымы- здың тұмсығымен тепкілеп, енді біріміз МТС-тан келетін жолға қараған боп тұрмыз. Балалар, мен сендерден сұрап тұрмын ғой, бұл үйге неге келдіңдер? — деді Әнипа апай даусын сәл көтере қайталай сұрап. Біз бұл жолы да үндей қоймадық. Мен сырқаттанып жатыр едім, бұлар менің хәлімді сұрай кепті,- деді үйінен біздің соңымызды ала шыққан Әжібек осы тұста бізге ара түсіп, өзі соның арасынша өтірік жөтелгенсіп, ауру адамша бүкшірейе қапты. һө, һө…- деп ыңқылдай жөтеліп алды.- Ойбай, белім-ай, сырқыратып әкетіп барады. Әнипа апай оның ауырып қалдым дегеніне шынымен сенгелі тұр еді, алайда осының бәріне көзі ұшқын шаша ойнақши қарап тұрған Мәри шыдай алмай сақылдап күліп жіберді. Ой, жаның шыққыр-ай, өтірікті соғуын… Апай, мұның ауырған түгі де жоқ, сізді алдап тұр,- деді Мәри саңқылдай сөйлейтін әдетімен бүкіл ауылға жар салған- дай.- Жаңа терезеден қарағанымда, бұлардың бәрі де темекі тартып отыр екен. Әй, сен қыз не сөйлеп тұрсың? — деді Әжібек аяғын басып кеткендей шаңқ етіп.- Темекі тартқан мен өзім ғана. Мен оқымаймын, сондықтан не істесем де өзім білем. Ал мыналар жай қасымда отырды. Жоқ, Бұлар да бір-бір шылымды бұрқылдата сорып отырды ғой. Бұлар тартқан жоқ! Тартты. Сен қыздың мен желкеңді үзем ғой,- деп Әжібек доқ көрсетіп оған тұра ұмтылмақ болған. Үзіп көр,- деп, Мәри Әнипа апайды тасалана берді. Одан тілін шығарып мазақтай тұрып: — Бұл қотырдың әлі қыздарға ғана жетеді,- деді. Ой, бит бас,- деді Әжібек бұрынғысынан да ыза болып. Қотыр. Жә, тоқтатыңдар! — деді Әнипа апай екеуіне де зеки сөйлеп. Онан соң сүмірейіп тұрған біздерге қарады.- Бүгіннен соң мектептен шығысымен үйлеріңе қайтатын болыңдар. Оқу программасынан онсыз да көп кейіндеп қалдыңдар, соны қуып жетуіміз керек. Ол үшін ешқайда бұрылмай үйге қайтып, сабақтарыңды оқыңдар. Бұларды мен шақырмаймын, өздері келеді,- деді Әжібек. Сен ересексің ғой, бұларға жаман қылықтарыңды үйретпе. Немене, мен сонда осыларға жаман болыңдар дей ме екем. Бәріне де адам болыңдар деймін ылғи. Ал жаман қылықтарды өздерінің үйренгілері кеп үздігіп тұрса, мен қайтейін. Үйренбе де. Өйтіп айта алмаймын. Мендегі бар жаман қылы- қтар бұларда да болсын. Мен қор боп жүрген жоқпын ғой, бұлар да қор болмайды. Сен өзің үлкенмен салғыласып, бетіңмен өсіп келе жатқан бала екенсің,- деді Әнипа апай кейи сөйлеп. Мен емес.салғыласып тұрған өзіңізсіз ғой. Пажалы- ста, жолыңыз әне, жүре беріңіз,- деді Әжібек те ызала- нып.- Ал мен қай бетіммен өссем, мыналар да сол бетпен өседі. Сен өзің неге оқымайсың? Оқуды қайтем?! Қайткені қалай, келешегіңді, адам болуыңды ойла- майсың ба? Мен оқымай-ақ та болам. Мұнан әрі шыдамы таусылған Әнипа апай: Жүріңдер, балалар! — деп, бізді соңынан ертіп мектепке қарай жүрді. Әжібек тісінің арасынан сызды- қтата түкіріп қойып сыңар езулей күліп қала берді. Былайырақ шыққан соң Әнипа апай сәл кідірістеп біздерден: Сендер тауға шығып отын шаптыңдар ма? — деп сұраған. Біз бір ауыздан шапқанымызды және оны қол шаналарымызбен тасып сүйретіп ЬІрысбектің қорасына жинап қойғанымызды айттық. Демек, ол отын өздеріңдікі ғой? — деді Әнипа апай анықтай түсіп. Өзіміздікі. Өзіміз шаптық, өзіміз тасып әкелдік. Ендеше, балалар, сол отынды қазір мектепке тасып алайық. Үй иесі әскерге кетіпті, иесіз қалған қорадан тағы біреу тасып әкетуі мүмкін. Онан да өзіміз аз күн болса да класымызды жылытып сабақ оқиық. Бұл ақыл бізге бірден қона кетті. Шынында да, өзіміз шапқан тобылғымызды мектепке тасып ап, өзіміз жағып, өзіміз асылынып отырсақ оның несі айып. Оқушы балалар лездің арасында құмырсқадай қаптап кеп, Ырысбектің қорасындағы әнеугүні ғана өзіміз жинап қойған тобылғыны біріміз шанаға сап сүйретіп, біріміз арқалап мектепке таси бастадық. Тас қойма жақтан шауып келген Байдалы шал: |