кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
«Фейштер нейбл» деген сөз екен. Солай ма, Отто? Солай шығар,- деді Отто.- Апай, сіз немісше білесіз бе? Әнипа апай оның сөзін естімегендей елеусіз қалдырды да, Белиге қарап: Енді түсіндің бе? — деп сұраған. Түсіндім,- деді Бели басын изеп. Кәне, онда өлеңді қайтадан оқы. «Дымқыл тұман» деп анықтап айт. Осы кезде есік қағылып, сырттан басын сұққан Бектай есепші Әнипа апайды шақырды. Есік көзіндегі екеуінің сөздері бізге үзік-үзік боп жөнді естілмейді; «колхоз бастық… қабір қазу… қар күреу… Санат… Бәтен… Қанат… Бәкке… Отто… Петке…» Әнипа апай ішке қайта кірді де, жаңағы Бектай есепші аттарымызды атаған алтауымызды сабақтан босатты. Тас қойманың төңірегін қардан тазалайсыңдар,- деді. Бектай есепші сыртта көк құнанына мініп ап, біздің шығуымызды асыға күтіп тұр екен. Бассаңдаршы аяқтарыңды, керікпей,- деді әмірлі үнмен, Өзі бізден үш-төрт-ақ жас үлкен, бірақ өзін үлкен адамдай салмақты ұстайды. Қысқаша айтқаны: тас қойманы қардан аршып, молотилкаға астық беріп жүрген Көлбай керең мен төрт-бес шалды бүгінше Бүбітайға қабір қазуға жіберіпті, сондықтан күрек ұстауға жарайтын ересек деген біз алтауымыз бүгінше сол шалдардың орнын баса тұруға тиіспіз, тас қойманың төңірегін қардан аршуымыз керек, әйтпесе астық бастыру тоқтап қалуы мүмкін. Колхоз екі күн ішінде станцияға тағы да төрт шана астық жіберуі керек, ал ол майданға жіберілетін астық, жауды түре қуып бара жатқан қаһарман қызыл әскердің, майданда қан кешіп жүрген әкелеріміз бен ағаларымыздың азығы. Иә, Бектай есепші айтса осылай айтады, жай ғана анау жұмысты істе деп бұйырып жұмсамайды, ол жұмысты істеуге міндетті екеніңді, өйткені ол жауды жеңу үшін қажет екенін есіңе салып шегелеп айтады. Ал жауды жеңу жолындағы жұмыстан кім бас тартсын, тіпті қандай қиын», қандай ауыр болса да бір ауыз сөз қайтар- мастан барасың. Жауды жеңу үшін, жеңіс үшін ештеңеден аянар жай жоқ. Тас қоймада молотилкаға астық бастырып бес-алты әйел жүр екен, баяғы апаммен бірге Ырысбекті қорқытатын Бәтиқа, Қалипа, Сәруелерді көргенде, көзіме оттай басы- лып, апам есіме түсіп, — ет жүрегім езіліп кеткендей болды. Байқатпауға тырысып ұрланып үшеуіне кезек- кезек қарай берем, үшеуінің бойынан да апама ұқсас қасиеттер тапқандай болам: көздеріне дейін түсіре орамал тартқандары, белдерін мықтап орап шыт белбе- умен байлап алғандары, астық бауларын ашамен іліп ап лақтырған сәттегі кіртиген қабақтары, суыққа тотыққан жүздері, кезере жарылған еріндері апамның түр- тұлғасын айна-қатесіз есіме түсіреді. Бәрінің де әбден титықтап шаршағандары көрініп тұр. «Уһ!» десіп тыныс ап, бір бел жазғандарында: Қанатай, халің жақсы ма? — деп сұраған Сәруе. Осы бір ауыз ғана сөз маған апамның: «Қарағым-ай!» деп, маңдайымнан сипағанындай әсер етті. Жақсы. Әжең қалай, ауырмай ма? Екі-үш күндей ауырып қап еді, бүгін тәуір. Кішкене балалар қалай? Жақсы. Мұнан әрі әйелдер өзара сөйлесіп кетті. Бағила марқұм Қанатымның ер жеткенін көрсем деп отырушы еді. Е, байғұс-ай, арманда кетті ғой. Әлдеқайдан сап етіп жетіп келген Бектай есепші: Әй, қар күремей неғып тұрсыңдар енді?! Немене, мен сендерді кәмесия болыңдар деп шақырды дейсіңдер ме?! Шіреніп тұрыстарын! Дабай, кірісіңдер қар күреуге! Біз әлгінде келген алты бала Бектай есепші көрсеткен тұстан қар күреуге кірістік. Қойма іргесіне сірескен қардың қаттылығы ақ кірі- штей екен, үшеуміз темір күрекпен әлгі біркелкі кірпі- штей боп ойылған қарды лақтыра бастадық. Ауыр да емес, бірақ онша жеңіл де емес. Әсіресе лақтырған адам тез шаршайды екен. Сондықтан алтауымыз жиі-жиі орын ауыстырып, кезектесіп тұрдық. Әуелі жүз кірпіш қардан санап лақтырып кезектессек, біраздан соң сексен- нен, онан алпыстан, ақыры елу күректен кейін алма- сатын болдық. Сөйтіп, түске қарай белгілеп берген жердің қарын тазалап бітіргенімізде, әйелдер: Ой, бәрекелді, мына балалар мына араны тіпті лезде тазартып тастады ғой. Баланың істегені көрінуші ме еді? Жігіт болғандары ғой айналайындардың, өркен- дерің өссін,- десіп, кеу-кеулесіп мақтай жөнелді. Осы мезетте Байдалы шал да келе қалар ма, біздің ісімізді көріп ол да риза боп жатыр. Жарайсыңдар! — деп қойды,- Е, өстіп бір ауық ішкен тамақтарыңды ақтап тұрсаңдаршы. Қызталақ, бұлардай күнімізде өзіміз мына Ешкіөлместің қарын қолмен аршып, ала қыстай ма бағып шығатынбыз. Ата, ол кезде сіздің қатыныңыз бар ма еді? — деп сұрады Санат. Бар болатын. Ал біздің қатынымыз жоқ,- деді Петке. Қызталақ, сендер қатын алмақ түгілі, алдымен анау мұрындарыңның боғын сүртіп алсаңдаршы,- деді Байдалы шал бүгінгі туған балаларды кемсіте сөйлейтін дағдысына басып. Сіз құсап күнде ет жесек, біз де қатын алар ек, — деді Бәкке. Сендердің ауыздарыңнан ақ май ағызып қойса да түк шықпайды,- деді шақшасын алып аузына насыбайдан атып ұрған Байдалы шал астыңғы ернін бұлтитып сақау- лана тұрып. Отағасы-ау, әлгі Бүбітайды қашан жерлейтін болды- ңыздар? — деп сұраған молотилкада жүрген әйелдердің бірі.- Бірге өскен замандас ек, ең болмаса сүйегін шыға- рарда қоштасып қаладық. Мілмеймін,- деді Байдалы шал сол сақауланған қалпында қабағын шытып.- Қабылы дайын болмай жатыл. Жел қала, күн дылыда өлмей, көлмейсіңдел ме, мынау кісінің бойымен білдей қал жауған қақаған қыста өлгөнін…- аузындағы насыбайын шығарып тастады да: Әй, Қанат, ұмытып барады екем, анау сүйменді қабір қазып жатқандарға апарып берші! — деді маған.- Әлгі Көлбай кереңге айт, бүгін кешке дейін қалайда бітірсін деді де. Мақұл. Айтпақшы, әлгі Нәзира неғып үйден шықпай қалған? Өзі станциядан үсімей-тоңбай, аман-сау келіп пе еді? Келген. Келсе, мен айтты де, трактордың оқуына баруға дайындалсын. Бүрсігүні екеуін Мытысқа өзім жеткізіп салам. Бар енді. Мен осындағы мұздақты ойып жүрген сүйменді алып, ауылдың теріскейіндегі бейіт басында қабір қазып жатқандарға кеттім. Қатты қардың үстінде сырғанап қойып жүріп келем, кейбір беті тақтайдай тегіс жерлерге келгенде шыдай алмай сүйменнің ұшымен сызып-сызып қардың бетіне атымды жазам, немесе бес жұлдыз салам, онан қардың қалыңдығын өлшейін деп сүйменді бойлата қадап көрем, сүймен түгелдей бойлай қоймайды, бірақ жерге де жетпейді. Әй, Қанат! — деді Байдалы шал соңымнан дауыстап, қамшысын безеп тұр екен, ойнамай, сүйменді тез жеткіз дегені. Сүймен әлкелгенімді көріп, қабір қазушылар да қуанып қалды. Ой, жақсы болды-ау, әйтпесе мына жерге күрек батпай жатыр еді,- деп, Көлбай керең сіңбірініп тастап, сүйменге жабысты. Қабірді ала қыстай қырман басында жүретін төрт-бес шал мен шешеннің екі жігіті Махмұд пен Докку қазып жатыр екен. Тоң болып қатып қалған жердің аса қиындықпен қазылып жатқаны көрініп тұр, қабіршілердің бәрі де қара терге түскен, үсті-бастары топырақ-топырақ, үшкір темір күрекпен келі түйгендей бар күшін салып гүрсілдетіп ояды да, екіншілері қазы- лған жерге секіріп түсе қалып, топырақты сыртқа қарай лақтырады. Қабірдің төңірегінен үй орнындай жердің қары аршылыпты, әлгі жерге түсіп өлшеп көріп едім, қардың қалыңдығы менің бойыммен бірдей екен, ал қабірдің тереңдігі белуардан боп қапты. Мен Көлбай кереңнің құлағына тақалып айқайлап, Байдалы шалдың тапсырмасын, қабірді қалайда бүгін бітіретін болсын дегенін айтқам. Немене, бізді ол трактор дей ме?! Мына қатып қалған жерге оның әмірі жүрмейді,- деді Көлбай керең жай сөйлеп.- Айта бар, асықса өзі келіп қазсын. Мұнан әрі қабіршілер өз сөздерін жалғап кетті. Мұсылман заңында қабір қазғанның сауабы тиеді,- деді шалдардың бірі Нүсіп. Біздің шешенде де солай,- деді Махмұд. Әй, Махмұд! — деді Нүсіп кенет қызына сөйлеп,- осы сендер, шешендер, мұсылманшылық дегенде ішкен астарыңды жерге қоясыңдар. Оларың дұрыс делік, ал енді сөйте тұра белдеріңе сапы байланып, қит етсе жарып тастаймын деп тұратындарың қалай? Соларың қай мұсылманшылыққа жатады? Құранда ғой, біреуге иненің жасуындай қиянат жасау күнәға саналады… Махмұд қалай жауап қайырарын білмей тосылып қалған. Осы сәтті пайдаланып Нүсіп шал ойындағы тағы бір күдігін айтып салды: Мұсылман діні ғой ұрлықты да кешірілмес үлкен күнә дейді. Ал енді мен басқа жақтағы шешендердің қандай екенін білмеймін, біздің ауылға келгендерінің ішінара ұрлық жасайтыны қалай? Қазақша нашар түсінетін Докку шешенше Махмудқа бірдеңе деген, сірә, Нүсіп шалдың не айтып тұрғанын сұраған болу керек, Махмұд оған шешеншелеп айтып берді. Докку көзі жарқ етіп Нүсіп шалға бурылды да: Мен өлтіреді… өлтіреді…- деп тісін шықырлатып әрі қарай қазақша айта алмағандарын шешеншелеп кетті. Оны Махмұд дереу қазақшаға аударған. Докку айтады, ондай ұрылар мұсылман емес, оларды аямау керек дейді. Егер әлгі немересі қатты ауырып жатқан кемпірдің екі тауығын ұрлаған шешен болса, онда оны өзім жарып өлтірем әлі,- деп тұр. Әне, қит етсе, екі сөздеріңнің бірі жарып өлтірем. Оу, екі тауық үшін адам өлтірсек, сонда адамның құнының не болғаны? Махмұд Нүсіп шалдың бұл айтқандарын да аударған, Докку күліп жіберді, аппақ тістері жарқырап, сығырая қарайтын көзі күлімдеген кезде, мүлдем жұмылып кетеді екен. Екі алақанын жайып Нүсіп шалға: Ху дичь баһа дүс?..- деді. Махмұд та күліп жіберді. Енді қайт дейсің маған. Қалай етсем жағам,- дейді. Бұл дау-шардан бейхабар, бағанадан жер ойып тұрған керең Көлбай екі самайынан айғыз-айғыз тер ағып, қолындағы сүйменін Нүсіп шалға ұстатты да: Осы сен шал не сөйлей бересің аузың жыбырлап?! Мә, жұмыс істе,- деді, онан соң маған бұрылып: — Сен неғып тұрсың енді мұнда? Немене, көр қазу да қызық боп па? Айда, қайт! — деді жекіріп. Тас қоймаға қайтып кеп балаларға қосылып, тағы біраз қар күредік, онан әйелдерге жәрдемдесіп қойманың түкпір жағындағы астық бауларын молотилкаға қарай тасыстық. Біраз қара терге түсіп титықтап-ақ қалдық. Ой, айналып кетейіндер, үлкен жігіт болыңдар! Рақмет! Енді қайтыңдар үйлеріңе, қарындарың да ашқан шығар,- деді әйелдер. Сөйтіп, мектепте қоңырау соғылып, Әнипа апай бастаған біздің кластың балалары сабақтан тараған кезде; біз де тас қоймадан шығып, үйді-үйімізге тараған едік. Үйге жақындай бергенде, жүрегім сазып, басым айна- лып, көзім қарауытқандай боп кетті. Қарнымның ашқанын енді ғана білдім. Есік алдына жеткенімде, сүтке піскен кеспе көженің иісі аңқып сала берді. Нәзира әпкем анда-санда бір күн, жарым күн үйде болғанында, ылғи өстіп сүт қатып кеспе көже жасайтын. Үйге кірген бойда, шешінуге де мұршам келместен, жер үстелді шынтақтай жамбастап отыра кеттім: Әпке, қарным ашты,- дедім анда-санда көңілді кездерінде оған еркелейтін әдетіммен. Қарның ашса, қазір тойғызамыз,- деді ол да мені еркелетіп.- Естідім, бүгін сен тас қоймада қар күресіп жұмыс істепсің. Молодец! Бал татыған кеспе көжені асыға-аптыға іше бастадым. Жә, біреу қуып келе жатқан жоқ қой, асықпай іш, шашалып қаласың,- деген әпкем. Оған жауап қайырып сөйлеуге мұршам болмады, кеспені онан әрмен аптығып сораптаймын. Нәзира әпкем менің көже ішкеніме қарап күлімсіреп қойып отыр. Енді байқадым, жуынып-шайы- нып, шашын қақ жара жылтырата тарап, сандық түбінде жататын қызыл көйлегін киіп, тіптен әдеміленіп кетіпті. Тойға баратындай боп отырсың ғой, әлде біреу келетін бе еді? — деп сұрағам. Әпкем ыңғайсыздана қызарақтады да: Жай, бүгін үйде болған соң кигенім ғой.- деді.- Тракторшы болсам кие алам ба, жоқ па, кім біледі. Ә, енді түсіндім. Ұмытып барады, екем, Байдалы шал Манар екеуіңді бүрсігүні Мытысқа өзі алып барып салам, дайындала берсін деді. Өзім де соған дайындалып жатырмын ғой. Мен артыңнан іздеп барам. Кел. Сенен басқа мені іздеп келетін кімім бар енді. Келем, Мытысты көріп қайтам,- деп қойдым.- Әжем әлі Нұрсұлудың үйінде ме? Иә. Бағана бір келіп кеткен. Серік ауырлап жатқан көрінеді. |