Главная страница

кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын


Скачать 1.41 Mb.
НазваниеБірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Анкоркітап
Дата22.11.2022
Размер1.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаfkvf.docx
ТипДокументы
#806798
страница22 из 33
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33



Терезе қағылған, қырауы еріген әйнектің арғы жағынан танауы жәпірейіп, ыржиған Бәтен тез шық дегендей белгі беріп тұр. Көжемнің ақырын апыл-ғұпыл іше сап жүгіре шықтым, ауылдың түстік жағында жарқабақта көшкіннен шанамен секіріп сырғанақ ойнайтынбыз, соған асықтырып тұрған болар деп ойлағам. Олай болмады.

    • Сені тез Әжібек шақырып жатыр,- деді.

    • Жайшылық па?

    • Қайдан жайшылық болсын. Аққала саламыз дейді.

Міне, мен күрек алдым, сен де бірдеңе ал қолыңа.

    • Бара көрерміз.

Біз келгенде, Әжібектің үйінің алдында ауылдың біраз балалары дестелеп қар ойып, оны тегістеу жерге әдемілеп қаластырып, қызу іске кірісіп те кетіпті. Ақ қардан қаланған төрт бұрышты екі үйшіктің биіктігі кісінің бойындай боп көтеріліп қапты, кіретін есіктері, кішкене терезелеріне дейін бар. Әжібектің өзі тонын шешіп тастаған, кір-кір шолақ жең кеудешесімен ғана қызара тершіп, қолындағы бір жапырақ қағазға қарап қойып, қарды қандай етіп ою керек, оны қалай қалау керектігін айтып, қызыл танау боп бәрін өзі басқарып жүр. Бізді көре сап:

    • Әй, сен екеуің немене-ей, сонша керіліп-созылып, бассаңдаршы аяқтарыңды! — деді жекіре дауыстап.- Бәтен, сен анау қатты қарды ұзынша-ұзынша етіп… міне, ұзындығы мынадай болсын, өлшеп ал, ойып әкелетін бол, төбесін көтереміз, ал сен, Қанат, ананың үстіне шығып біз әперген қарды қалайсың. Мына екі үйшікті

биік мұнара етіп қалаймыз да, онан соң араларын былай қосқан кезімізде, міне, мына суреттегідей қақпа болуы керек…- деп, ұстап жүрген қағазын көрсеткен. Қолмен сызылған қос мұнара біздің оқулығымыздағы қала сурет- теріне ұқсас жасалыпты.

      • Қақпалы қос мұнарадан кейін, мынадай ақ сарай қалаймыз. Өстіп шетінен жалғастырып күнделікті сала береміз. Бір кітаптан оқығаным бар, сонда ертедегі патшалар қыс кезінде қатты қардан сәулетті аққала салғызып, соның ішінде сауық-сайран салып, думан құрады екен. Біз ондай үлкен етіп салмасақ та шамамы- здың келгенінше жасап көрелік. Ен тегін жатқан қарды сөйтпегенде не істейміз енді.

Шынында да, мына қағазда сызылғандай етіп жасайтын болсақ, керемет қызық аққала салынады екен.

      • Биіктіктері қандай болады? — дедім қызығып.

      • Әрине, ауылдың үйлерінен биік болуы тиіс, әйтпесе, оның несі қала.

      • Рас та.

      • Ал дабай, шық, анау мұнараның үстіне.

Мен іске кіріспес бұрын әлі де анықтай түскім кеп:

      • Егер күн жылыса еріп кетпей ме? — деген үлкен бір күдігімізді жасыра алмай.

      • Әлі екі айсыз күн жылымайды. Қазір, міне, ақпан ба? Алда қаңтар бар, наурызда да қыс қатты болады. Так што, күн жылып кетеді екен деп қорықпа.

Сөйтіп, болашақ биік мұнараның бірінің үстіне шығып, жердей әперген кірпіш қарларды қалай баста- дым. Әжібек мұнараның бірде алдыңғы жағынан, бірде арт жағынан, кейде ішіне кіріп қадағалап, әр кірпішті қалай қалауым керек екенін айтып, нұсқау беріп жүр. Сәлден кейін мұнара Әжібектің үйінен асып биіктеді, жан-жағыма қарап едім, ауыл үйлерінің төбелері көрі-

нетіндей бопты, төмен қарасам кәдімгідей басым айна- латын сияқты.

    • Осы биіктігі жетпей ме? — дегем мен.

    • Өй, сен өзің немене, қорқып тұрсың ба?! — деді Әжібек кіжініп.

    • Жоқ.

    • Онда қалай бер, мен айтқандай ғып. Әлі де бір метрдей көтеріп көрейік. Ертең салып болған соң, әлі Аққаламызды көруге бүкіл ауыл жиналады ғой. Қыздар да келеді. Мәри бірінші боп жүгіріп келер. Сонда мұнарамыз осы ауылдағы үйлердің бәрінен биік көрініп тұратын болсын.

Биіктеген сайын мұнараның қар қабырғаларында тұрып қалау қиындай бастады, оның үстіне мен жылжып қозғалған кезде, селкілдейтін сияқты. «Әй, осы қабырға- мабырғамен қоса гүрс етіп құлап түспесем не қылсын»,- деп, іштей қорқақтап қоям, бірақ онымды Әжібекке айтуға және намыстанам. Әжібек болса жерде тұрып:

    • Маладес, Қанат, маладес! Сенен амандық болса мықты құрылысшы шығады екен,- деп лепірте мақтап қояды.- Мә, мынаны анау жерге қала. Ештеңе етпейді, селкілдегенінен қорықпа. Қар бір күннен кейін-ақ өзара жымдасып мұз боп қатып қалады. Мә, енді мына…

Ол мұнараның іш жағынан кеп, көтеріп берген қар кірпішті еңкейіп ала берем дегенде, бағанадан селкілдеп тұрған қабырға ішке қарай жапырыла құлап түсті, үстінде тұрған мен де оңқа-шоңқа болдым, бір көрімі, мен үстінен құладым, тек аяғым ғана бастырылды, ал Әжібек әлгі ішке қарай жалп еткен торт қабырғаның астында қалды.

    • Ойбай-й!..- деуге шамасы келді.

Жан-жақта қар ойып жүрген балалар шуылдасып жүгіріп жетті. Сүйрелеп жүріп мені шығарып алды. Әжібектен із-түз жоқ, үйіліп қалған қар кесектерінің қай

тұсында қалды, тірі ме, жоқ па? Еш дыбыс білінбейді. Жаңа ғана барлығымызға жарлық жасап жүрген Әжібегі- мізді қалың қар зым-зия жұтты да қойды. Зәреміз ұшып қорыққандікі болу керек, есіміз шығып, тым-тырақай бет-бетімізбен қаша жөнеліппіз. Және үлкендерге айтып, Әжібекті құтқару біріміздің ойымызға келмепті. Көрші үйлердің, қоралардың тасасына барып тығыла тұрып, үйілген қарға сығалай қараймыз. Жоқ, тырс еткен сыбыс та, бүлк еткен қыбыр да білінбейді. Біраздан кейін бала- лардың бірі:

      • Әжібек өліп қалды,- деді. Сол сол-ақ екен, бәріміз жан-жақтан бір ауыздан:

      • Тұншығып өлді!

      • Қар басып өлді! — дестік бір-бірімізге.

Көзіміз жасаурап, иегіміз дірілдеп, енді Әжібекті жоқтап, еңіреп жылауға ыңғайлана бастағанбыз. Осы кезде тұсымыздан өтіп бара жатқан, бірі торы жорғаға, бірі көк құнанға мінген Байдалы шал мен Бектай біздің мына тұрысымыздан секем алған болу керек, аттарының басын бұрды.

      • Әй, неғып үрпиісіп тұрсыңдар?! — деген Байдалы шал.

      • Әжібек өліп қалды,- деп шу ете түстік.

      • А! Не дейді? Қайда? деді екеуі бірдей шошынып. Әнеу жерде қардың астында қалды.

      • Әй, Бектай, жүрші, мыналар не деп тұр өзі.

Біз болған оқиғаны жарыса айтып, әлгі құлап жатқан мұнарамызға бастап келдік. Бектай атынан секіріп түсіп, қолына күрек ала сап, әлгі үйіліп жатқан қар кесектерін бір шетінен күреп лақтыруға кірісті. Жүрек тоқтатқан біз де оған шет жақтардан кеп көмектесе бастадық. Кесек қарды біраз аударғаннан кейін, Әжібектің қолы көрінді. Бектай еңкейіп оның тамырын ұстап, тыңдап біраз тұрды да:

    • Тірі! Тамыры соғып тұр,- деді.

    • Е, бұ шақша бас оңайшылықпен өле қояды деп пе едің,- деді ат үстінде бәрін қадағалап тұрған Байдалы шал мырс етіп. Оның да кеңілі орнына түскен сияқты.- Істеп жүрген ісін қарамайсың ба, обал жоқ итке.

Мұнан әрі жан-жақтан қарды жабыла аршып, әне- міне дегенше Әжібекті суырып алдық, есінен танып қапты, бет-аузы көгеріп былқ-сылқ етеді. Бектай кеуде жағын, басқа балалар аяқ жағынан көтерісіп үйіне кіргіздік.

    • Қар алып кіріп бет-аузын, қолының бастарын ысқылап жіберіңдер,- деді Байдалы шал. Өзі атын тебініп жүріп кетті.

Біз қар алып кіріп, Әжібектің бетін, қолын ысқыла- дық. Қазан астына от жақтық. Үйдің іші жыли бастады. Әлден уақытта Әжібек көзін ашты, жан-жағынан төніп тұрған барлығымызға таңырқай қарап басын көтерді.

    • Маған не болды? — деді.

    • Саған не болсын. Сен о дүниеге барып қайттың,- деді Бектай күліп. Қуанғанымыз сондай, біз балалар да тегіс күліп, шулап қоя бердік.

    • О дүние қандай болады екен?

    • Әңкір-мүңкірді көрдің бе?

    • Ол жақта қар жоқ па екен? Әжібек бәрімізге алара қарады да:

    • Шуламаңдаршы, басым ауырады,- деді әлсіз үнмен.- Қайдағы о дүние? Түк те көргем жоқ. Ұйықтадым да ояндым.

Қазан сақырлап қайнай бастаған. — Үйдің ішін тәтті бір будың иісі алып кетті.

    • Мына қазаныңда не бар еді? деп сұрады Бектай.

    • Піскен тауық.

    • Ә-ә, дұрыс еке-ен,- деді Бектай даусын соза сөйлеп.

Онан соң қазанға жақын тұрған балаға: — Әй, мынаған бір тостаған сорпа құйып берші,- деді.

Әлгі бала қазанның қақпағын ашқан, тәтті сорпаның иісі мұрнымызды жара жөнелді. Бір тостаған ыстық сорпа ішкеннен кейін Әжібек есін жинап, өз-өзіне келгендей болған.

      • Ал енді рақмет бәріңе де, кете берсеңдер де бола- ды,- деген.

      • Жоқ, біз оңайшылықпен кетпейміз,- деді Бектай бұған қадала қараған күйде қамшысын бұлғақта отырып.- Балалар, сендер де кетпеңдер. Кәне, Әжібек, шыныңды айтшы, мына тауықты қайдан алдың?

      • Өзімнің тауығым.

      • Мен білетінде сенде тауық жоқ еді ғой. Сенде тауық жоғын мына балалардың бәрі біледі.

Әжібек бәрімізге айнала бір қарады да, басын төмен тұқыртты.

      • Кеше боранда адасып кеп үйге кірген, сонда ұстап алдым.

      • Өтірікті соқсаң да, қисындырып соқсаңшы. Жә, текке бас қатырып қайтеміз,- деді Бектай қамшысын салмақтай отырып зілді үнмен.- Сенің бұл асып жатқаның Нұрсұлудың үйінің тауығы ғой. Біреуі осы, ал екіншісі қайда? Өзің айт. Әйтпесе қазір тінтіп, өзіміз тауып аламыз.

      • Ешқандай да Нұрсұлудікі емес, кеше боранда адасып кеткен болу керек, есікті ашқанымда, екі тауық өздері үйге кіріп кетті.

      • Екіншісі қайда деймін.

      • Ауыз үйде бораның ішінде. Ол тірі.

      • Оңбайсың ғой. Отырған жеріңде мына қамшының сабы сынғанша сабаса, обалы жоқ адамсың ғой… Санат пен Қанат, сендер анау кастрөлге мына қазандағы тауықты сорпасымен қоса құйып алыңдар, ал сен. Бәтен,

ауыз үйдегі тауықты ұстап алып жүр, қазір Нұрсұлудың шешесіне апарып береміз.

Біз Бектайдың айтқандарын істедік.

Есіктен шығып бара жатып Бектай қайта бұрылып:

    • Оңбайсың ғой, Әжібек, Осыдан кейін ел бетіне қалай қарайсың?! деді. Әжібек сол тұқырған қалпында басын көтерген жоқ.

    • Таңертең станцияға астық тартатындар жүреді, солармен бірге кететін бол! Көзге көрінуші болма, жексұрын,- деді кіжіне тісін қайрап.

    • Жарайды,- деді Әжібек даусы өлеусірей шығып.





Сол күннің ертеңіне ауылдың кәрі-жас еркек кіндік атаулысы тегіс жиналып Бүбітайды жерлеп, зират басынан қайтып келе жатқанымызда, екінші қаралы хабар қарсы шықты алдымыздан, кешеден бері әл үстінде жатқан Серік қайтыс бопты. Жұрт сол бойда жұптарын жазбастан, енді «Бауырымдап!» — Нұрсұлудың үйіне қарай дауыс қоя жүгірді. Бүбітайдың өліміне ешкім қабырғасы қайысып онша жылай қоймап еді, тіпті кейбір әйелдер: «Байғұс, қор болып, көзге күйік боп жүргенінше, өлгені дұрыс болды»,- деген, ал Мына жас баланың өліміне барлығының да ет жүректері елжіреп, дауыс қойып, жылап-сықтап келіп жатыр.

Бәкиза кемпір есінен танып қалған екен, бетіне су бүркіп есін жинатқан, көзін ашып, ірге жақта өңі боп-боз боп сұлап жатқан немересін көргенде:

    • Серік-ау… Сорлатып кеттің ғой, мені, құлыне-ем… Енді қайттім?! Нұрсұлуға не бетімді айтамын…- деп аһ ұрып барып, тағы да талықсып кетті. Осылайша Бәкиза кемпір есін бір жиып, одан қайта талықсып, үнемі қысы-

лумен болды. Ауылдың кемпір-шалы түні бойы Нұрсұлудың үйінде болып, өлікті күзетіп шықты.

Ертеңіне, кешегі Бүбітайдың қабірін қазған жеті-сегіз адам кетпен-күректерін арқалап, тағы да ауылдың теріс- кейіндегі зиратқа қарай шұбап бара жатты.

Қыс ортасы болса да астық бастыру тоқталған жоқ еді. Енді бүкіл ауыл болып молотилкадан шыққан сабанның арасынан шала кеткен масақтарды теруге жұмылды. Бұл жұмысты бастан-аяқ Бектай есепші басқарды. Жұрттың масақ теруге шыққан, шықпағанын есепке алып, ертеңді- кеш тас қойманың басында жүреді. Әрбір дән жауға атылған оқ, сондықтан бірде-бір дән далаға кетпеуі керек,- дейді. Әрине, онсыз да бірде-бір дәнді далаға жіберейін деп жүрген ел жоқ. Еркіне салса тас қоймадағы тау-тау боп үйілген сабанды үйді-үйлеріне тартып әкетіп, ескі моло- тилканың өңешіне шала-шарпы шыққан масақтардың бүтін дәні түгілі жартыкеш дәндеріне дейін қалдырмай қағып алар еді. Бірақ оған рұқсат жоқ. Масақты да бірін қалдырмай өкіметке өткізу керек. Астық боп бастырылып майданға жөнелтілуі тиіс. Мұны оқушы бізді қойып, тіпті әлі оқымайтын кішкентай боқмұрындарға дейін біледі.

Тас қойманың төңірегі таң атқаннан күн батқанша жапырлаған қатын-қалаш, кемпір-шал, бықынаған бала- шаға. Менің әжем сияқты кемпірлерге дейін белдерін мықтап орап буып алып, «көптің ырысы үшін күреске» білек сыбана кіріскен. Үй-үй болып әр семья күнделікті қанша масақ теріп өткізгендерін айтып мақтанысып, өзара бәсекелесіп те қояды. Бәрінің көңілінде жалғыз тілек, осынау азғантай еңбегіміздің де қанқұйлы жауды жеңуге себі тие берсе екен дейді.

Біз, мектеп оқушылары, сабақтан соң тамағымызды апыл-ғұпыл іше сап, масақ теруге барамыз. Әуелі үлкен- дермен қатарласа жүріп саудырлаған сабан арасынан

масақ атаулыны қалт жібермей тереміз. Көзіміз де көре- ген, қолымыз да епті. Әрқайсымыз мойнымызға алынып алған екі-үш килограмдық ат дорбаны әне-міне дегенше толтырып тастаймыз. Сөйтіп, Бектай есепшінің өзі белгілеп берген жарты күндік нормамызды орын- дағаннан кейін, масағы теріліп екінші жаққа үйілген сабанның үстінде алысып-жұлысып ойынға кірісеміз. Жұмсақ сабанның үстінде ойнау қандай рақат! Оңқа- шоңқа домалап жатсаң да еш жерің ауырмайды. Шикі сүттің иісіне ұқсас сабанның күн сіңген иісі тынысыңды қытықтап, онан әрмен еліртіп жіберетін сияқты.

    • Әй, неғып алысып-жұлысып кеттіңдер?! — дейді Бектай есепші бастықтығын білдіріп, ақыра дауыстап.

    • Нормамызды орындадық қой, енді қайт дейсің?! дейміз біз шуылдаса дауыстап.

    • Немене, тағы бір дорбадан терсеңдер артық боп кетеді дейсіңдер ме?! Майдан үшін ғой…- дейді Бектай қабағын түйіп.

«Майдан үшін ғой» дегені бізді кәдімгідей мойында- тып-ақ тастайды. Амал жоқ, ойынымызды доғарып, масақ теруге қайта кірісеміз.

Келесі күні сабақтан кейін масақ теруге келгенімізде, Бектай бізге жаңа норма белгілеп қойыпты: Мектеп жасындағы әрбір оқушы күніне екі дорбадан теру керек деп. Біз бұл жаңа нормаға шуылдасып қарсылық білдіріп ек, ол міз бақпастан үлкен кісіше қабағын шытына тұрып, бәрімізге жағалай бір қарап өтті де:

    • Қазіргі жағдай соны талап етеді,- деді қатқыл үнмен. Біз, әрине, оның түйіле қалған сұп-суық қабағына қарап, мына айтқанына ләм-мим деп қарсылық білдіре алмадық. «Қазіргі жағдай», «талап» деген сөздер жайшы- лықта айтыла бермейтін, ал алда-жалда айтыла қалса, ешкімді дегенінен бұлтартпайтын зілді сөздер еді. Және оны Бектай да жай айтып тұрған жоқ қой, артында салар

салмағы болған соң айтады да, түсіндіріп те әлек болмайды. Айтты-бітті, біз орындауға міндеттіміз. Сөйтіп, жаңа норма бойынша масақ теруге кірістік. «Әй, осы Бектайдың діні қатты-ау»,- дейміз балалар бір-бірі- мізге сыбырлап.

Үшінші күні Бектай тас қойманың ішінен жүзі жайнаң қағып қуанышты шықты да, масақ теріп жүрген жұрттың алдына кеп сүйінші сұрайтын адамша, есеп жазатын блокнотын жоғары көтере тұрып:

      • Жолдастар! — деді даусы саңқ етіп.- Ой, аллай, құдды Нұғыман бастық дерсің. Әлгі ауданнан келетін шолақ қол өкіл де жиналыс өткізерінде өстіп: «Жол- дастар!» — деп саңқ етіп, жұртты өзіне қаратып алатын. Қазіргі мына Бектай есепші де дәл солар құсап, тұр.-«Иә, не айтасың» деп, масақ тергендер оның аузына қарағанбыз.

      • Бүгінгі станцияға жіберілетін үш шана астықтың біреуі мына сіздер терген масақтан бастырылған астық,- деп хабарлады Бектай.

Үлкендер жағы:

      • Ой, бәрекелді, масақтан терген астық та біраз болады екен ғой,- десіп жатыр да, ал біз балалар жағы:

      • Неше күннен бергі бәріміздің тергеніміз сол-ақ па?!

Азғантай ғой,- деп шуылдастық.

      • Азғантай десеңдер, үш ат дорбадан теріңдер онда,- деді Бектай бізді сөзімізден ұстап.

      • Несі бар, тереміз. Тереміз! — дестік біздер.

Бірақ ет қызуымен уәде беріп, айтуға оңай болғаны- мен, үш дорба масақ теру іс жүзінде мүмкін емес екен. Молотилка қанша шала бастырды дегенмен, бір құшақ сабанның ішінен екі-үш масақ әзер шығады. Ал бір дорбаны толтыру үшін кемі жарты арбадай сабанды ақтарыстыруың қажет. Үш дорбаны толтыру үшін дүние сабанды аударыстырасың. Біраздан кейін сояу сабан

қолыңды тілгілеп, алақаныңды тызылдатып ашыта бастайды. Бүкіл ауыл жапырлай терген соң жан қойсын ба, біраз күннен кейін масақ та азаяйын деді. Енді сабақтан шыға сап келіп, еш жаққа мойын бұрмай тергеннің өзінде бір дорбаны әзер толтырамыз. Арлы- берлі аударыстыра-аударыстыра сабанды да ат көпір қобыратып тастадық. Бір терген жерімізге айналып кеп қайта тінтінеміз. Бір жақсысы, әйтеуір, Бектай ренжі- мейді, дорбаны толтыра алмай жүргеніңді айтып қаласың.

    • Жарайды, тергеніңше тере берсеңші,- деп қояды. Бірақ сөйте тұра еркіңе және жібермейді.- Майдан үшін аянбасаңшы,- дейді.

Аткөпір сабанға белуардан кіріп, қайта тіртінектеп кетеміз. Қобыраған сабанның арасы жұп-жұмсақ, жып- жылы, кейде бір жерге орнығып отырып алып үңги бергің келеді. Кейде мықшиып отыра бергеннен ішің пысып, алысып-жұлысып ойнағың келеді. Ондайда үлкендердің; «Шаша бермей, бір шетінен жайлап аудары- стырыңдар»,- дегендеріне қарамастан, көзді ала бере сабанды кеулеп ін қазған борсықша үңги жөнелеміз. Бала қашан да бала ғой, сабанды қайсымыз терең үңгиміз деп жарысып ойнай отырып та масақ тереміз. Үңгіген жерімізден қойны-конышымыз топанға толып, бет-аузымызды шаң қауып, тұншығардай боп кейін шыққанымызда, пысқырынып-түшкірініп өне бойы- мызды инеше қадалып жыбырлатқан қыпық топаннан қышынып әбігерге және түсеміз. Бірақ оның есесіне екі- үш масақ тауып шығар болсақ, одан асқан олжа жоқ. Әлгі қуысқа қайтадан сүңгиміз.

Бірер аптадан кейін тас қойманың астық өлшейтін жағынан блокнотын жоғары көтеріп, жүзі жарқын Бектай тағы да күлімсірей шықты, тағы да терілген масақтан станцияға бір шана астық жіберілетінін хабар-

лады. Үлкендер жағы тағы да кеукілдесіп қалды: «Е, сөйтіп, бір дән болса да, әскерге жәрдем ғой»,- десті, маңдай терлерінің қақысы қайтқандай дән риза болып. Біз, балалар: «Неше күннен бергі тергеніміз сол-ақ па, аз ғой?! Аз…» — дейміз.

      • Аз десеңдер, дұрыстап теріңдер,- дейді Бектай.

      • Аянып жүргеміз жоқ, жанымызды сап теріп жүрміз ғой,- дейміз біз.

      • Жандарыңды салғандарыңды онша көре алмай жүрмін-ау. Ойындарың көп,- дейді ол бар кінәні өзімізге аударып, онан соң есіне бірдеңе түскендей.- Әлгі Қанат көрінбейді ғой? Ол қайда? — деп мені сұрап, көзімен іздестіре бастады.

Мен болсам сабанның дүңкигендеу тұсынан үлкен- дердің көзінен тасалау кеп үңгілеп отырғам. Тереңірек бойлата қуыс жасап ап, ешкім таба алмайтындай боп тығылып жатпақ едім.

      • Қанат, қайда жүрсің, тез бері кел! — деді Бектай бұйырған үнмен. Мен дыбыс бермей қуысына қарай тығыла түскем, «іздеп тауып көрсін» деп қоям іштей күліп, ал балалар болса менің қай тұсқа тығылғанымды біле тұра:

      • Көргеміз жоқ, білмейміз,- деседі жасырып.

Ыза болған Бектай енді сабанның әрбір қуыстау тұсына барып, бос жатқан сабанды аяғымен ақырындап теуіп мені іздей бастады. Мен тығылып отырған тұсқа жақындай бергенінде, екі ортада аяғымен бет-аузымнан теуіп қалар деп, өзім ұшып тұрдым.

      • Әй, сен бір шақырғанда неге келмейсің? — деді ол жекіп.

      • Мына қуыста масақ теріп отырып естімей қалдым,- дедім мен шімірікпестен.

      • Отырған жеріңде бет-аузыңнан бір тепкенде, еститін едің. Жүр, маған ер, саған бір тапсырма бар.

Сабанды, одан молотилка тұрған төбесі жабық қырманды айналып өтіп, тас қойманың астық өлшейтін жағына қарай бастай жүрген Бектайдың соңынан ергем. Осы кезде алыс-жұлыс ойыннан өңі алабұрта қызарып тершіген Бели менің қасымнан жүгіре өтіп бара жатып:

    • Қанат, сен келгенще, мен үңгіріңде болайын,- деді.

    • Тиіспе, қазір мен өзім қайтып келем,- дедім мен шыжалақтап.

Бірақ мені тыңдаған Бели болған жоқ, сірә, бұғынбақ ойнап біреулерден қашып жүрсе керек, жан-жағына жалтақтай қарап жүгіріп кетті.

    • Менің үңгіріме жолама, қазір өзім қайтып келемін,- дедім мен оның соңынан қайталай ескертіп. Ол менің ескертпемді естіді ме, жоқ па, білмеймін, қайтып қайры- лған жоқ.

    • Әй, болсаңшы тез! — деді Бектай да осы мезетте бұрыла зекіп. Мен жүгіре басып оны қуып жеттім.

    • Қазір мына тас қойма жақта ешкім жоқта саған бір тапсырма жүктейін деп едім,- деді Бектай енді маған байыппен салмақ сала сөйлеп.- Нұрсұлудың шешесі мен кішкене баласының халінің қандай екенін білесің ғой?

Мен білем дегендей басымды изедім. Ол үйге күнделікті кейде әжем, кейде мен қоңыр сиырдың азғантай сүтінен жарты кеседей шай қатықтық сүт кіргізіп беріп жүрміз. Кемпір де, кішкене немересі де адам аяйтындай жүдеу еді. Күнделікті қоректері сол біз берген жарты кесе сүт пен бір уыс қуырған бидай ғана.

«Әй, осы сорлылар биыл қыстан шықпай қалады-ау»,- деп қояды әжем аяушылық білдіріп. Міне, Бектайдың қазір «білесің ғой?» дегенінде, «білем» деп тұрғаным сол еді.

    • Ендеше, білсең,- деді Бектай сол салмақ сала айтқан сөзін жалғап,- сен қазір менің атыма өңгеріп, сол үйге екі пұттай бидайды апарып беріп кел. Әскер семьясына

колхоз берген көмек деп түсіндіріп айт кемпірге. Міне, мынау Нұғыманның рұқсат қағазы, мына жеріне алдым деп қол қойсын. Ұқтың ба? Кел онда,- деп, Бектай аяғымнан көтеріп өз атына мінгізді де, алдыма орта қап бидайды көтеріп әперді.- Өздерің терген масақтың бидайы ғой. Ептеп дымқылдау, кептіріп алар. Онан соң,- деді Бектай қайта ескертіп.-Көшенің ортасымен жүрмей, мынау шет жақпен бар, Мұнымыз ұрлық емес, әрине, бірақ қаңқу сөзден аулақ болайық. Ешкім көрмесін. Жұрт дегенді білесің ғой, біреуге көмек бергеніңді сезсе, үйінде ішер тамағы бар боп тұрса да: «Ойбай, біз де ашпыз, бізге де көмек беріңдер»,- деп, қыр соңыңнан қалмайды. Сондықтан ешкімнің сезбегені дұрыс. Осының өзін майданға жіберетін астықтан әзер деп жырып беріп отырмыз. Бар. Анау қағазға алдым деп қол қойғызуды ұмытпа.

Осылайша Бектай мені әбден таптап-таптап жолға сап жіберді. Омбылау болса да шет жақпен жүріп барып Нұрсұлудың үйінің тұсына жеткенде, әуелі алдымдағы жарты қап бидайды күресін қардың үстіне домалатып түсіріп, одан соң аттан өзім түсіп, анадағы өзім күреп тақталап жасаған жолмен қапты сүйретіп үйге кіргіздім.

Бәкиза кемпір мен немересі сол анау жолғыдай пештің түбінде көрпесінің сыртынан ескі киімін жауып, оранып жатыр екен. Менің есіктерін ашып, тарс-тұрс еткізіп зілдей қапты мықшыңдап сүйретіп кіргізгенімде де, бастарын көтере қойған жоқ. Ұйықтап жатыр ма, әлде…

      • Апа! Әй, апа! дедім үрейлене дауыстап.

      • Қанатпысың? — деді кемпір со қимылсыз жатқан қалпы.

Қуанып кеттім. Тірі екен ғой!

      • Иә, менмін ғой, апа. Сіздерге әскер семьясы деп

колхоз көмекке астық беріп жіберді, соны әкелдім,- дедім саңқылдай сөйлеп.

Кемпір жайымен қозғалып, басын көтерді. Жүдегені сондай, жағы мүлде суалып, көзі ішіне кіріп шүңірейіп кетіпті. Ұйқысырап көзін ашып-жұмып жатқан Берік те қыңқылдай жылап басын көтерген. Кішкене баланың қатты арықтағанын көргенім осы еді, өңі қан-сөл жоқ ескі шүберектей боп-боз, бетінде тек бажырайып көзі ғана қалған. Мен қапты үйдің бұрышына сүйеп қоя бердім де, жүгіре шығып ауыз үйден құшақтап сабан алып кіріп, от тұтаттым. Онан соң босағадағы ілулі тұрған кілтті алып, сыртқы қорадан барып екі-үш тезек алып келдім. Лауылдап жанған сабанның үстіне сындырып екі-үш кесек тезек тыққам, темір пеш гу-гу етіп лезде қызып шыға келді. Бойларын жылу шалған соң кемпір де, немересі де ұйқылы-ояу күйлерінен айығып, қимыл қозғалыстары ширап, қаптың аузын ашып бидайды көріп, өңдеріне тіршілік нышаны ене бастады. Кемпір маған алғысын жаудырып жүр.

    • Енді өлмеспіз, осыдан қыстан шығып қалармыз,- деп қояды.

Мен тас қоймаға оралғанымда, масақ терген жұрт у- шу боп жүр екен. Ат көпір сабанды жан-жақтан жұлқылап құшақ-құшақ етіп, астан-кестеңін шығарып лақтырып жатыр. Кейбірі ашамен аударыстырмақ болғандарға:

    • Ойбай, тарт анау ашаңды! Қолмен ізде! деп айқай- лайды тұс-тұстан.

    • Әлгі Бели жоқ,- деді Бектай атының шылбырын қолына ұстатқанымда.- Балалармен сабанды үңгіп ойнап жүріп, аяқ асты ұшты-күйді жоғалып кетіпті.

Бастықсып, үлкенсіп шіреніп тұратын түрінен із де қалмапты… өңі қашып, дір-дір етеді.

Мен оны мазақтап сақылдай күлуге шақ қалдым.

«Молодес, Бели, жұрттың бәрін әбігерге түсіріп, зәре- лерін бір алыпсың-ау,- деп қоям іштей сүйсініп.- Бағана Бектай жұмсап жібермегенде, менің өзім де сабанды терең ғып үңгірлеп ап, тығылып, жұртты өстіп бір әбігерге түсірсем деп едім, енді, міне, Бели соны менен бұрын істеді. Молодес!»

      • Бәріңіздің астан-кестен боп жатқандарыңыз сол ма?!

  • дедім мен ерінімді шүйіре тұрып.-Мен оны қазір сирағынан сүйреп алып шығайын, ендеше.

Сөйтіп, қоқиланып сабанның бағанағы өзім үңгіген тұсына барғам, үстіңгі жағындағы бос сабанды балалар аударыстырып тастапты. Өзім жасаған қуысты әзер таптым, бергі жақтағы қобыраған сабанды кейін қарай ысырып, қолымды әрі қарай созғам. Айтқанымдай-ақ қолыма бірден бәтеңкенің табаны ілікті.

    • Міне, мында тығылып жатыр! — дедім қуана дауы- стап, онан соң қуысқа сұғына еңкейіп.-Әй, Бели, шық енді. Қуысымды босат! — дегем айқайлап. Қолымды қайта созып, бәтеңкесінің басынан ұстап кейін қарай тартып-тартып қойдым.- Шық деймін!

Мені қаумалай кеп жапырлаған жұрт енді естерін Жиғандай.

    • Е, бәсе, тығылып қалған екен ғой, қу бала.

    • Түу, бар болғыр, зәре-құтымызды алды ғой.

    • Әй, бұ жүгермектер өстіп ойнамаса, ойындары осылады ғой,- десіп, біздерді, балаларды, тұс-тұстан жазғыра тұрып, көңілдері орнына түсе бастаған еді.

Ал Бели болса, аяғынан қаншама тартқылап айқай- ласам да, кейін шығар емес. Енді оның мына қылығына Бектай да шыдай алмай кетті, еңкейіп кеп:

    • Әй, Бели, болды енді, шық,- деп жекіре ұрсып аяғынан тартқан.- Сенің кесіріңнен қаншама жұмыс тоқтады.

Бірақ Бели оған да былқ етпеді.

    • Әй, соның тар қуысқа кіруін кіріп ап, кейін шығуға шамасы келмей жатқан шығар,- деді біреу.

    • О да мүмкін,- деді екінші біреу.

Бектай қамшысын маған ұстата берді де:

    • Кәне, былай тұршы,- деп, мені кейін ысырды да, өзі қуыстың төңірегін кеңейтіп, сабанды жұлқылап суырып аша бастады. Бізге қарағанда ересек, қайратты емес пе, қуыстың төңірегін былайғысын былай, олайғысын олай лездің арасында жапырып жіберді де, сұғына еңкейіп барып, Белиді кейін қарай суыра тартып алған. Былқ- сылқ еткен жансыз дене етпетінен жатқан күйі аяғымы- здың астына созылып кеп түсті.

    • Әй, мынаған не болған?! — деп Бектай оны шалқа- сынан аударған, Белидің аузынан да, мұрнынан да қан лық-лық ете қалды, бажырая ашылған көзі шыныдай жансыз тесірейіп қарайды. Бектай дереу оның омырауын жұлқи ағытып, көкірегіне еңкейіп құлағын тосты да, өңі бұзылып, сұп-сұр боп танауы қусырылып, атып тұрды.

    • Менің құлағым түк естімейді, біреуің тыңдаңдар- шы,- деді есі шыға абдырап.

Топ арасынан Нүсіп шал шығып, тізерлей отырып Белидің жіп-жіңішке білегінен тамырын тыңдады да, басын шайқады, онан соң баланың бетін сипап көзін жапты, көкірегінің тұсын ұстап көрді.

    • Қайран, бала-ай, кетіп қапты,- деді күрсіне сөйлеп.- Өкпесі қысылған ғой.

Бас-аяғы жарты айдың ішіндегі ауылдағы үшінші өлім еді бұл.

КӨБЕГЕН

Біз сабақтан шыққан кезде, ауылдың дәл ортасына кеп,

бір ат-шана тоқтап тұр екен. Мына көрші ауылдағы етікші Жақыпбай шалдың ат-шанасын бірден таныдық. Анда-санда кеп ауылдағыларға етік тігіп беріп, астық жинап әкететін. Иегінде теріден қиып ап жапсыра салғандай боп тұратын бір шоқ сақалы бар, екі беті нарттай қып-қызыл, домалақ шал. Қазір де ауыл орта- сына кеп тұрғаны етік тіккізуге үйіне кім шақыра қояр екен деп күтіп тұрған болар деп ойладық. Бұл жолы шал жалғыз емес екен, шанасында тағы біреу отыр, басында маңдайында жұлдызы бар әскери сұр құлақшын, үстінде сұр шинель, өзі аурудан тұрғандай жүдеу енді боп-боз арық адам.

      • Балалар, бері келіңдер! деді әлгі жүдеу адам.

Кім де болса әскерден қайтқан біреу, бірақ біз таны- маймыз. Балалар жүгіре басып жақын келдік, біреудің үйін сұрайтын болар деп ойлағанбыз. Әлгі жүдеу адам арт жағында жатқан қапшықты алып ашты да, ішінен аппақ кесек тұздарды уыстап алып бәрімізге бір-бірден үлестіре бастады.

      • Бұл қант қой, алыңдар! Менің сендерге деп әкелген базарлығым,- деді әрқайсымызға күлімсірей қарап. Уысындағы біткен соң, кейіндеу жеткен балаларға әлгі қапшықтан тағы да уыстап алып шықты. Үлкен қапшы- қтың іші толы кесек қант тәрізді. Біз өңіміз түгілі түсі- мізге кірмеген тастай қатты аппақ қантты шүпірлей сорып, есіміз шығып тұрмыз.

      • Сен өзің базарлықты бүкіл ауылдың балаларына жетерліктей ғып әкепсің ғой,- деген Жақыбай шал.

      • Осы балалар алдымнан шығар-ау деп, госпитальда үш ай бойы жатқанда, күнделікті шайға деп берілген қантты жинай беріп едім,- деді жүдеу адам жымия күліп.

Онан соң әрқайсымызға елжірей қарап:

      • Кімнің баласысың? — деп сұрайды. Біз әкеміздің

атын айтқан кезде: — Ә, со кісінің баласы екенсің ғой. Түу, үлкен жігіт боп қапсың ғой,- деп мәз болады.

Біз, балалар, бірде-біріміз оны танып тұрғамыз жоқ, ал ол біздің барлығымыздың да әкелерімізді танып-біліп тұр.

    • Әкең қайда? Әскерде ме? Әлі қайтқан жоқ па?

    • Әлі қайтқан жоқ.

    • Нешеуа, жақын арада қайтады әлі.

    • Сенің әкең ше?

    • Менің әкемнен қара қағаз келген.

    • А,- деп жүдеу адам қабағы түйіліп онан әрмен жүдеп қалады.- Жақсы жігіт еді, әттеген-ай…- дейді күрсініп.

    • Ал, жігітім, қай үйге түсірейін? — деген. Жақыпбай шал.

    • Білмеймін,- деді жүдеу адам күмілжіп.- Елге жеттім ғой, осы арада түсіп қалсам да болады.

    • Өзің еліме келдім дейсің де, ат басын тірейтін жерің жоқ болады. Сонда бұл қалай, жігітім? — дейді Жақы- пбай шал таңырқап.

    • Әне, анау жерде бейіт бар,- деді жүдеу адам ауылдың теріскей жағын нұсқап,- сол арада менің әкем мен шешем жатыр. Демек, ат басын тірер елім осы ара.

«Біз білмейтін бұл кім болды?» десіп, балалар өзара күбірлесіп тұрмыз, оның қорасан дағынан қалған аздаған шұбары бар кескініне таңырқаса қараймыз: күлімсірей қараған қой көзі әрқайсымызға іш тарта елжірейді. Өзі шанадан түскісі келмегендей және қозғала қояр емес. Өстіп ол бізге, біз оған қарап тұрғанымызда, тас қойма жақтан Нүсіп шал шанаға таяп кеп, дауыстай сәлемдесіп, Жақыпбайды таныды да:

    • Иә, әлей болсын? — деп, жөн сұрады.

    • Міне, ауылдарыңның әскерден қайтқан бір азаматын әкеп тұрмын,- деді Жақыпбай шал даңғырлай сөйлеп.

      • Иә, бұ қай бала? — деді Нүсіп шал жүдеу жігітке еңкейіп.

      • Мен ғой.

      • Менің кім? Түсіңді тани алмай тұрмын, қарағым, аты-жөніңді айтпасаң?

      • Ысқақтың баласы Көбегенмін.

      • А-а! Қарағым-ау, тірі ме едің?! — деп, жан даусы шыққан Нүсіп құшағын жайып кеп, жүдеу адамды бас салды. Құшағына қысып, бетінен сүйіп, көзінен ыршып шыққан жасын тыя алар емес.- Қарағым-ай, танымай қалдым ғой. Сен әскерге кеткелі қанша заман?! Анау әлгі ақ пиндермен соғысардың алдында алындың емес пе?!

      • Иә.

      • Сонан бері қаншама жыл өтті. Өлі-тіріңді де білмеуші ек. Қарағым-ай, тірі екенсің ғой,-деп Нүсіп шал әскерден дәл өз баласы келгендей айналып-толғанып, қуанғаннан есі шығып кетті.

Тек әлден уақытта:

      • Әй, бұл тұрыстарың не? деді жұлып алғандай.

      • Жігіттің түсер жері болмай тұр.

      • Қой әрі, о не дегенің. Көбегенге осы ауылдың бар үйі өз үйі емес пе. Әкесі Ысқақ марқұм менімен түйдей құрдас еді. Жігіттің сабазы болатын… Кәне, біздің үйге жүріңдер! — деді онан соң бұйырып.

Нүсіп шалдың үйі — екі үйден кейін болатын, шанаға ілесіп шуылдаса топырлап біз де солай қарай жүрдік. Енді қалай! Әскерден ауылдың бір азаматы аман-сау келіп жатқанда және ол бәрімізге базарлығым деп қант үлестіріп берсе, бұдан артық қандай қуаныш болмақ. Барлығымыздың аузымыз томпаң-томпаң етеді, өзі тастай қатты, ерекше тәтті. Мұндай қантты жеген де бар, жемеген де бар.

Шана Нүсіп шалдың дәл есігінің көзіне барып тоқтаған, біз енді ғана байқадық: Көбегенді Жақыпбай

шал қолтығынан демеп көтеріп тұрғызған, бір аяғы қара саннан жоқ екен. Шанадан түсірерде жігіттің екі қолына бұрын біз көрмеген айырық-жалғаулары бар ұзын екі таяқты (балдақ аталатынын да кейін білдік) ұстатты. Көбеген әлгі екі таяққа қолтығымен асылып, жерге жалғыз аяқпен секіріп түсіп секектей жүрген. Біз, бала- лар, көзіміз атыздай боп, аузымыздағы әлгінде ғана Көбеген үлестірген қанттың дәмін де ұмытып, үрейлене қарап қаппыз.

Біздің ауылда соғыстан жараланып қайтқандар бұрын да болып еді. Қолының басынан, саусақтарынан, қабы- рғасынан, көзінен айырылып келгендердің жүріс-тұры- старында кемдік болмаған соң олардың мүгедектігіне үлкендерді қайдам, ал біз, балалар, онша көңіл де аудар- маған екенбіз. «Өкпемді оқ тескен» деген Ырысбектің өзі де бізге соғыстан сонша бір зардап шеккен адамдай боп көрінбейтін. Қайта, соғыстан жараланып қайтқандардың бәрі, сол құсап жүріп-тұратын болса, онда жаралану дегенің аттан жығылудан онша ауыр болмағаны-ау, деген ой келетін.

Енді, міне, Көбегеннің жалғыз аяқпен секектегенін көргенде, соғыс дегеннің тірі адамды қандай күйге түсіретінін ұққандай боп тұрмыз. Шын кемтарлықты көзімізбен алғаш көргеніміз осы еді. Балғын жүрек- теріміз шымырлап, сыздап кетті. Жайшылықта анала- рымыздың: «Құдай-ау, екі қол, екі аяғынан айрылса да кеудесінде шыбын жаны аман келсе ризамын»,- деп, зар еңіреп жылағанын естігенде, онша мән бермейді екенбіз. Екі қол, екі аяғы емес, жалғыз аяғынан айырылған адамның мынадай мүшкіл халін көргенде, төбе шашымыз тік тұрды. Қайран азамат, қандай мүсәпір күйге түскен, анау жалғыз аяқ, екі таяқпен мына қалың қарда есіктен аттап шығуы зар ғой. Неткен қорлық! Соғыс дегеннің ауыртпалық, аштық-жалаңаштық,

жетімдік-жесірлік қана емес, адамның — кәдімгі қол- аяғы бүп-бүтін, төрт мүшесі түгел, сау адамның кісі аярлық кемтар күйге, пақыр күйге түсу екенін осы сәтте анық түйсініп тұрдық.



МТС-қа Байдалы шал өзі апарып салған соң, жарты айдан кейін Нәзира әпкем бір күнге демалысқа келген, Біраз күн болса да көрмегендікі ме, өзгеріп кеткен. Бұрын ылғи далада жел қақты боп тотығып күреңітіп тұратын дөңгелек жүзі ат жақтанып, бозарып жүдеу тартқан, толықтықтан төртбақтанып тұратын бойы да таралып, сұңғақтанып өскен сияқты, тіпті киген киім- дері де басқаша: шашын төбесіне түйіп, басына құлақшын киіп апты, кәдімгі газетке шыққан Мәншүк Мәметованың құлақшын киген суретіне ұқсап тұр: күпәйкесін шешкен, үстінде көйлек орнына кеудесі мен шалбары біртұтас тігілген қызық бір киім — мына қалпында бойжеткен қыз емес, еркекшора біреу сияқты көрінеді. Оның киімдеріне тіксіне қараған әжем:

      • Өзің Нәзирамысың? — деді.

      • Иә, Нәзирамын, мына тұрған ырымшыл, діншіл кемпірдің немересімін,- деді әпкем ерке үнмен күле сөйлеп. Осылай киінгені өзіне ұнайтынын жасыра алмай тұр.- Немене, танымай тұрсыңдар ма?

      • Танымай тұрмыз.

      • Онда танып қойыңдар, енді екі ай жарымнан кейін темір тұлпар трактордың құлағында ойнайтын мықтыңыз мен болам,- деп кеп, әпкем әжемді құшақтай көтеріп ап, бетінен шөп-шөп сүйген.

      • Тә, сүйектерімді сындырдың, онысы несі, кәпір,- деп әжем ашуланған боп күледі.

Мұнан әрі әпкем әжемді қоя бере, өзіне жаутаңдаса

қарап қалған кішкене балаларды кезек-кезек құшақтап беттерінен сүйіп, қолдарына бірдеңелер ұстатқан. Олар:

«Бұ не?», «Бұ не?» — дескен таңырқап.

    • Мәмпәси ғой.

Ең соңынан мені кеп арқамнан қағып, құшақтап бетімнен сүйді де:

    • Бойың өсіп, жігіт боп қапсың ғой,- деді еркелетіп. Ой, алла-ай, осы сәттегі Нәзира әпкемнің мінезі де, даусы да құдды апам сияқты айнымай қалған еді. Кішкене балаларға ұстатқан мәмпәсиінен маған да берді және төс қалтасынан кішірек төрт бұрышты кітапшаны алып.- Мә, блокнот,- деді. Бұл менің өмірімдегі суды- раған ақ қағаздан тігілген блокнотты қолыма алғаш ұстауым еді.

Мұнан әрі Нәзира әпкем түйіншегінен жылтырақ қағазға оралған алақанның жартысындай ғана нәрсені алып, қайрыла әжеме бұрылып:

    • Мынау жарты шайды саған әкелдім,- деді.

    • Құлыным… күнім…- деп көзіне жас толған әжем демігіп бірден сөйлей алмай қалды. Тек сәлден кейін ғана: — Өзің боп-боз болып жүдепсің, осының бәрін тамағыңнан жырып алып жүрсің-ау-ә?! — деді кінәлай сөйлеп.

    • Тамағым аш емес, әже. Есіңде ме, былтыр жазда облигацияға жазылғанымызда, соның ақшасын төлеу үшін мына таудағы омарташы орыс шалына ақ ешкіні лағымен сатып ек қой, сонда елу сомды апам маған берген, тығып қой деп, ұстап жүргенім сол ақша. Ал мына комбинезон мен құлақшынды МТС-тың дирек- торы бергізді. Ылғи еркектердің арасында көйлекпен тракторға отырып-тұру ыңғайсыз болады деп. Тракто- ристер курсында екі қыз оқимыз. Екеумізге де дирек- тордың өзі қамқорлық жасап отырады.

Сонымен біздің үйде кішігірім той болды да қалды.

Сол күні Нәзира әпкемнің үйге келгенін пайдаланып әжем Көбегенді қонаққа шақырып жібермек болды.

      • Алыстан, оқ пен оттың арасынан келген ер-азамат, дәм татырмағанымыз жарамайды,-деді.

Күздегі сары серкенің бір жілігін сақтап келген екен, әжем соны қазанға салды. Маған қол диірменге мол ғып талқан тартқызды, жарым кесе, бір кеседен үнемдеп неше күннен бері жинастырып жүрген қоңыр сиырдың сүтін кіші қазанға жарты қазан етіп пісіріп, оның бетіне қаймағы тұрсын деп жауып қойды, сөйтіп, көптен — апам қайтыс болғаннан бері біздің үйде бола қоймаған дастарқан мәзірі әзірленген. Осының бәріне қоса Нәзира әкеп берген жарты кірпіш шайы әжемнің бүкіл ауылда өзінен басқа ешкімде жоқ байлығы еді.

      • Әй, Қанат, басқа біреу шақырып қойып жүрер, сен қазір ертерек барып ескертіп келші Көбегенге, бүгін кешкісін біздің үйден кеп дәм татсын,- деді әжем мені жұмсап.- Нүсіптің үй іші түгел бірге келсін деді де.

Әскерден қайтқан адамға дәм татқызатын салт бойынша шамасы келгендер Көбегенді күнделікті кезекпен қонаққа шақыратын. Оқ пен оттың астынан аман-сау қайтқан ер-азаматқа ақ пейілдерімен бары бір асым етін асып, жоғы қара талқанмен болса да бір шәугім шайын әзірлеп сый-құрметін білдіреді. Және қонаққа Көбегеннің жалғыз өзін алаламай, Нүсіп шалдың үйін тегіс қоса шақырады: шалдың өзі, кемпірі және жалғыз қыздары Шынар — барлығы бірге келіп, бір үйдің адамдарындай жадыраса отырып, өздері де, келген үйлері де, әуелі, Көбегеннің соғыста басынан кешкен әңгімелерін тыңдап, одан ауылдың өткен- кеткенін қозғап, ақырында түннің бір уағына дейін Көбегенге Еңлік -Кебек, Қалқаман — Мамыр, Мұңлық

— Зарлық сияқты қиссалардың бірін айтқызып, арқа- лары кеңіп, бір сейіліп қалады.

Көбегеннің даусы керемет зарлы. Қиссаларды ескі бір әуендерге салып зарлатқан кезде, төбе құйқаң шымырлайды. Мұраттарына жете алмай, қосыла алмай арманда кеткен ғашықтардың, жауыздықтың қырсы- ғынан бір-бірінен айырылған бауыр мен қарындастың зар-мұңы соғыс кезінің зар-мұңымен ұштасып, әркімнің жүрегіндегі жарасына тиетін болу керек, тыңдаушылар егіліп отырып, көз жастары сорғалап отырып тыңдайды. Сөйтіп, аз күннің ішінде-ақ Көбегеннің қиссашы-

лығы бүкіл ауылға тарады. Біреулер:

    • Шіркіннің даусы-ай, сай-сүйегіңді сырқыратады? — деп тамсанса, екіншілері:

    • Апыр-ай, десеңші, анау жылы әскерге алынбас бұрын мұның «әу» деген өнерін байқамаушы ек, осының бәрін қайда жүріп жаттап алған өзі? деп таңданады.

    • Е, ол кезде сендер байқайтындай ма, едіңдер? Көздерің аспанға қарап, шатырайып шолақ белсенді болғандарыңа мәз боп, арақ ішуден асқан өнер жоқтай көруші едіңдер ғой,- дейді үшіншілері.

    • Шерменде ғой, байғұс. Жастайынан ата-анасынан жетім қап не көрмеді. Соның бәрі көкірегінде беріш боп қалды емес пе…- дейді төртінші біреулер.

Үлкендерден естуімізше, Көбеген ата-анасынан жастайынан жетім қап, ауылда әркімнің есігінде жүріп өседі. Кішірек кезінде баласы жоқ үйлердің қозы-лағын қарап, есейіңкіреген соң жекеменшіктің қой-ешкісін бағады. Екі-үш кластық білім алып хат танығаны болмаса, оқымайды. Сөйтіп, әскер қатарына алынғанға дейін ешкім көзге ілмеген жалғыз басты жан болып кете берген. Алғашқы ақ финдермен соғысқа қатысқан, одан кейін Отан соғысының алғашқы күнінен бастап қырық төртінші жылдың ноябріне дейін, яғни аяғынан жара- ланғанға дейін майданның алдыңғы шебінде болған. Өзі бұған дейін төрт рет жараланған екен, ол жаралары ылғи

жеңіл болып, госпитальда бірер ай жатып, сауығып майданға қайта аттанып отырыпты. Өз айтуынша, ауылға екі айсыз жеті жыл дегенде қайтып оралыпты. Сол екі айсыз жеті жылдың ішінде ауылдан не бары үш- ақ хат алған екен; оның екеуін соғыс басталардың алдында Тоқтар жазыпты, ал үшінші хатты осыдан екі ай бұрын госпитальда жатқанында Мұқан ағайдан алыпты, ауылдың амандығын айта кеп, өзінің әскерге аттанып бара жатқанын, мұның адресін военкомат арқылы анықтап алғанын жазыпты.

      • Осында әскерден қайтқан кейбіреулер бар-жоғы бес-алты айдың ішінде ана тілімізді ұмытып қаппыз деп, не орысша емес, не қазақша емес былдырық сөздерді шатып-бұтып келеді, ал сен ғой жеті жыл әскерде жүріп осынша қиссаларды қалай ұмытпағансың? -дегенде, Көбеген:

      • Қайдам, ұмыту, ұмытпауды ойлаған емеспін. Анда- санда қазақ жігіттері бас қосқанда айтатынмын. Онан соң госпитальда жатқан кезде екі-үш қазақ жатты, соларға айтатынмын,- деді.

Ауылдағы барлық үйлер сияқты Нүсіп шалдың үйі де екі бөлмелі болатын, ауыз үйге отын-су жиналатын да, түп үйде үй иелері тұратын. Еркегі бар үй, оның үстіне шалдың өзі де ұқыпты, шаруақор адам, жылда жазда үйін майлап-сылап жөндеп отырады, сондықтан басқа үйлерге қарағанда тап-тұйнақтай, тап-таза еді. Есігінің алдын да қардан кең ашып, тазартып күреп тастапты. Кішкене терезенің алдынан өтіп бара жатып ішке көзім түскен, Көбеген маңдайы жарқырап терезе алдында етік тігіп екен. «Еркегі бар үйдің тірлігі осы ғой»,- дедім іштей қызығып. Мен сәлем беріп кіріп барған кезде, шал мен кемпір үйлерінің ортасында қыздарының аяғына екі жақтап еңкейе қарап, жігі-жапар боп жатыр екен. Мені көре сап Шынар әке-шешесін ысырып тастады да:

    • Кәне, қандай екенін мына Қанат айтсыншы,- деді жуан даусымен гүж ете түсіп, сөйтті де маған қарай жүрді, бір аяғына су жаңа сыңар етік киіп апты.

    • Қалай, Қанат, етігім аяғыма жараса ма?

Бір оңға, бір солға аяғын бұраңдата басып менің алдыма кесе-көлденең тұра қалған, етігі мұз басқандай сықыр-сықыр етеді, топ-толық балтыры қонышын жарып жібере жаздап тұр. Обалы не керек, етігі де суреттей әдемі екен және жалтыраған хром қонышты тырсылдатып көріп тұрған Шынардың топ-толық балтыры да әдемі көрінді.

    • Жақсы! — дедім шынымен сүйсініп…

    • Қонышы тарлау сияқты ма, қалай? деген әкесі.

Жоқ, Қанат айтты бітті, ал екеуіңнің айтқандарыңа сенбеймін,- деді Шынар әке-шешесіне шолжаңдай ерке- леп,- Енді осы етікке лайық көйлек керек. Әке, естіп отырсың ба?! Давай, анау бір қойыңды сат та, ауданға базарға барып қайт!

    • Мақұл, мақұл,- деді әкесі күліп.

Шынар шал-кемпірдің жалғыз қызы еді де, мінезі шолжаң, аса ерке болатын. Бүкіл ауылда мына жаман шал әкесінің арқасында колхоздың ауыр жұмысына бармайтын, не кием, не ішіп-жеймін демейтін, таршылық көрмеген бір адам болса, ол — осы Шынар. Қазір де еркелігіне басып, етігін сықырлата тұрып:

    • Аяғымда былғары етік сықыр-сықыр етеді.

Құлағымда алтын сырға сыңғыр-сыңғыр етеді, деп әндете билеп қойды. Қыздарының қуанышына әке- шешесі мәз-мейрам. Терезе алдындағы Көбеген де қолындағы ісін қоя тұрып, Шынарға күле қарап қапты.

Мен әуелі Көбегенге, онан соң шал-кемпірге үй- іштерімен тегіс қонаққа шақыра келгенімді айтқам. Тіпті қуанып қалды.

    • Нәзира келді ме? — деп сұраған Шынар.

      • Келді, қазір үйде.

      • О-о, тамаша! Нәзираға айта бар мені де келеді деп. Және жаңа етігімді киіп келем, байғазысын әзірлей берсін. Аға, естіп отырсыз ба? — деді онан соң Көбе- генге еркелей қарап.- Анау екінші сыңарын кешке дейін бітіретін болыңыз, білдіңіз бе?! Бұл сізге әскери тапсырма!

      • Құп болады, Шынаржан! — деді де оның еркелігін ағаша қабылдап мәз болып. Дереу етіктің екінші сыңарын қалыпқа кигізе бастады.

Кешкісін Шынар біздің үйге жаңа етігін киіп келген. Қызысың деген емес пе, Нәзира әпкем қатты қызықты, Шынарды ауыз үйге шығарып ап, қояр да қоймай тұрып етігін шешкізіп, өз аяғына киіп көрді.

      • Аздап қысады екен,- деді бұл да аяғын оңды-солды ойрандата басып (қыздардың бәрінің өститін әдеті болу керек),- бір-екі күн кисем кеңейіп кетер еді.

      • Мына Көбеген шебер етікші екен. Сен де өзіңе бір етік тіккізіп алсаңшы, мен айтайын.

      • Былғары жоқ қой. Айтпақшы, апамның ескі етігінің қонышына жаңа бас тауып тіккізуге болатын шығар?

      • Болады. Мен әкеме айтайын, жаңа бас тауып береді.


1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33


написать администратору сайта