кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
қайтты. Қар қалың ғой, әзірге жолы ауырлау көрінеді. Жай сұрадың ба? Жазда пішен кезінде бұлақтың жоғарғы жағындағы жыраның шөбін мына Қанат екеуміз шалғымен шауып, бергі қабаққа жинап қойып едім. Соны күзде жеткізіп алуға колхоздың жұмысынан қолым тимей кетті емес пе. Осы аптада ол жақтан шөп тартуға мына Қыдырман екеуміз де барып қалармыз. Онда соны екеуің бөліп-жарып бірдеңе ғып үйге жеткізіп берсеңдерші, өзі бір шанадан аспайды. Мына Қанатты бірге ала барсаңдар, жолын көрсетіп көмек- тесер еді. Жарайды,- деп Зибаш Қыдырманға қараған. Әрине, жеткізіп береміз,- деді Қыдырман да іле қостап. Тағы да тіршілікке байланысты ананы-мынаны сөз етіп біраз отырған соң, Зибаш та ата-енесінің бұл келгенше ұйықтамай күтетінін айтып, кетуге ыңғай- ланған. Әпкем оған ризалығын білдіре отырып соңғы тілегін айтты: онысы мына қалып бара жатқан өлмелі кәрі шешесі мен көкқарын інілеріне көз қырын сала жүр деген еді. Бұл сөзін ол Зибашқа айта отырып, Қыдырман мен Үмітке де құлаққағыс қылғаны еді. О не дегенің, қолымыздан келген жәрдемімізді көрсетіп тұрамыз ғой,- деді Зибаш тағы да қоштау күткендей Қыдырманға, одан Үмітке қарап. Әрине, әрине,- десті анау екеуі де. Зибаш Нәзира әпкеммен көзіне жас ала тұрып, құшақтасып қоштасты. Қайда жүрсең аман бол… Аман-сау қайт, тентек қыз… Зибаш кеткен соң, Қыдырман мен Үміт екеуі тағы да мектептегі балалық кездерін еске алып, бірінен-бірі сабақты қалай көшіргендерін, сабақ үстінде отырғанда қай баланың не істегенін айтып мәз боп күлісе бастады. Тағы да бір шай ішелік, Қанатай, сабан әкеп от жақшы,- деді қайта көңілденген Нәзира әпкем. Мен сабан әкелуге сыртқа шықтым. Түн жарымы ауа барып туған ай бір шекесі ойылып, солғындаған сәулесі төңіректі бозамықтандырып тұр екен. Ауыл тегіс тым- тырыс, ең аяғы мазасыз иттерге дейін тәтті ұйқыға батқан сияқты. Тау жақтан болар-болмас қана қоңыр жел үріп тұр. Қораның сыртына қарай шығып сабаннан құшақтап ала бергенімде, арғы жақтан сабанды сылдыр- латып біреу жүргендей болды. Селк етіп сабанды тастай қашуға шақ қалдым. Қанатай, қорықпа, бұл мен ғой,- деді ұрлана шыққан дауыс, Зибаш екен. Жоқ, қорыққан жоқпын,- дедім мен өзімше сыр білдірмегенсіп. Өзім іштей таң қап тұрмын, әлгінде ғой: «Ата-енем келгенімше жатпай күтіп отырады»,- деп, асығып кеткен сияқты еді, енді біздің сабанның түбінде мына тұрысы не? Әлде қайтуға қорқып тұр ма екен? Қанатай, ақылың бар ғой, айналайын, анау қыздарға байқатпай Қыдырманға ақырын ғана ымдап, бір кісі шақырып тұр деші,- деді сол ұрлана сыбырлаған үнмен. Мақұл. Сабанды құшақтап үйге кірдім де Қыдырманға қарап «Әй, тойтық» деп қала жаздап барып: Сені есік алдында бір кісі шақырып тұр,- дедім еш ымдап жатпай-ақ бірден дүңк еткізіп. О кім? — деді Қыдырман таңырқап. Шықсаң көресің ғой. Нәзира әпкем де, Үміт те қосарлана: Бар, бар! Шаруасы бар кісі шығар,- десті. Ой, о кім болды екен? — деп, Қыдырман тойтық тойтаңдай басып сыртқа шығып кеткен. Үш қыз бір- біріне қарап сықылықтаса кеп күлді. Қыдырман тойтық сол кеткеннен қайтып оралған жоқ. Мен от жаққам, ошақ үстінде жылы тұрған шәугім сәлден кейін-ақ қайнай бастады. Қыздар тары да шай ішті. Енді жатпай-ақ қояйық,- деді Нәзира әпкем Гүлса- раға.- Жол бойы әлі ұйықтармыз. Менің жатқанмен де бәрібір ұйқым келмейді,- деді Гүлсара мұңайып.- Сен ғой, әжеңмен, інілеріңмен, құрбы-құрдастарыңмен, ауылыңмен қоштасып аттанып бара жатырсың, ал мен болсам әке-шешемнің қандай халде екенін де біле алмай кетіп барам. Ойласам-ақ жүрегім сыздап сала береді. Жә, ойлағанмен түк шықпайды. Бәлкім, солардың жылап-сықтап қалғандарын көргеннен де көрмей аттанғаның Да дұрыс шығар,- деді әпкем оны жұбата сөйлеп.- Мен, міне, көңілім айран-асыр боп аттанғалы отырмын. Мен кеткен соң мыналардың күні не болады. Мына Қанатқа қарап қалғандары ғой. Осыны айтып көзіне жас алды, апама ұқсаған ақ сұр өңі дір-дір етіп, енді сәл болса еңіреп жылап жіберуге шақ отыр. Әжем мен кішкене балалар жаққа жалтақтап қарап қояды. Елге аман-сау қайтып ораламыз ба, жоқ па? Қайтсақ қашан қайтамыз, кім біледі?! Сендер азат етілген қалаларға бара жатырсыңдар ғой,- деген Үміт. Азат етілгенмен, соғыс болып өткен жердің тірлігі қайбір жетіскен тірлік дейсің,- деді Гүлсара көңіліндегі күдігі ішіне сыймағандай.- Жарылмай қалған миналар, бомбалар көп болады екен, көмусіз қалған өліктерден тазартуымыз керек екен. Жоқ пәлені айтпай қойыңдаршы,- Деген Үміт көзі шарасынан шыға үрейленіп. Рас, бізге ескертіп айтты… Осы тұста Нәзира әпкемнің көзі бағанадан өздерінің әңгімелерін сырттай үнсіз тыңдап отырған маған түсіп кетті де: Жә, сен де адамның зәресін ұшыратын не болса соны айтпай, жөні түзу әңгіме айтсаңшы,- деп, ымдай сөйлеп, Гүлсараны тыйып тастады.- Әдейі мына Үмітті қорқыту үшін айтып отырсың-ау, ә,- деді сөзінің соңын әзілге сая жуып-шайып. Сәл абдырап қалған Гүлсара әуелі әпкеме, одан маған қарады да, лезде өңіне күлкі үйіріп: Иә-да,- деді әзілдей сөйлеп.- Әйтпесе Үміт бізбен бірге кетем деп отыр емес пе. Осылайша үш қыз бір ауық көздеріне жас алып мұңайып, бір ауық әзілдесе күліп ұзақ таңды көздерімен атырды. Өзіміздің үйдің, көрші-көлемдердің әтештері әуелі таңның атқанын хабарлап, бірін-бірі ұйқыдан оятқандай кезектесе әдеппен шақыра бастады да, біраздан кейін ұйқыларынан әбден оянып, тамақтарын қырына кенеп, нәшіне келтіріп алғандай болған соң,- ал енді қайсымыздың дауысымыз ащырақ шығар екен деп, жарысқандай азан-қазан боп шуылдасып кетті. Осы кезде кешегі уәдесі бойынша МТС-қа ерте жүріп, әпкем- дерді сағат тоғыздан қалдырмай жеткізіп салмақ болған почташы Мақым шал да шанасымен есік алдына кеп тоқтаған. Әпкем, Гүлсара екеуі тез киіне бастады. Әжем де оянып, дастарқан жайып,- оң сапар тілеп, бата жасады. Әпкемді маңдайынан сүйе тұрып қоштасты, көзіне жас алғаны болмаса, дауыс шығарып жылаған жоқ. Маңдайыңа бір жазғаны бар шығар, жыламайын,- деді. Әжем жыламаған соң, басқаларымыз да көздеріміз жасаурап тұрып қоштастық. Жексенбі күні ертеңгісін бір топ бала: Санат, Петька, Отто, Әбілтай және де, ортамызда бізден сәл ересектеу Фрицы бар, ескі клубтың іргесіне жиналып ап, садақ жасауға кіріскенбіз. Бұл биыл қыстағы біраздан бері қызыға ойнайтын ойынымыз боп жүр. Қайыңнан, ырғайдан, талдан садақ иеміз, оған қамыстан жебе дайындап, ұшына қаңылтырдан жасалған үшкір оқ кигі- земіз. Садақты кере тартып атқан кезіңде, ауылдың бір шетінен екінші шетіне дейін жетеді және тиген затын тесіп кетеді. Клубтың қалың тақтай есігін атқан кезіңде, кірш етіп қадала түседі. Міне, осы садағымызбен сауы- сқан, қарға-құзғын атамыз. Өйткені биыл қыс қарға- құзғын, сауысқан дегендер мүлде көбейіп кетті, жыртылып айырылады. Ауыл төңірегіндегі арам өлген, қасқыр тартқан малдардың өлекселерін жайлаған қарға- құзғындар ертеден кешке дейін дар-дар етісіп есірік- теніп азан-қазан шуылдасады да жатады, ал онсыз да ыңыршақтары шығып титықтап жүрген өгіздер мен жауыр аттардың қыр арқаларына қонақтап ап, жануар- лардың жараларының қанын сорғалата шоқып, ес таптырмай шықылықтайтын сауысқандар мүлде басынып алған, шақ-шақ етіп шақылдағандары Байдалы шалдан бір кем емес. Садаққа июге ағашты әркім өзі табады, ал жебеге колхоздың мал қорасының төбесін жапқан қамыстан ұрлаймыз, қаңылтырды Фрицы тауып әкеледі және оны өзі әдемілеп үшкілдеп қиып, ұшын үп-үшкір біздей етіп оқ соғады. Қолы майысып шебер-ақ. Жасап берген әр оғы үшін Фрицыға бір құрт немесе басқадай тамақ төлейміз. Мәселен, біз: Санат, Әбілтай үшеуміз үйімізден ұрлап-жырлап құрт-ірімшік әкеп отырмыз да, Петька отқа көміп пісірілген картоп әкеп отыр, ал Оттоның сыртын отқа қақтаған жарты жүгерісі бар. Осының бәрін дорбасына салып алған Фрицы жан-тәнін салып бізге оқ соғып отыр. Әрқайсымыз екіден-үштен оқ соққызып мәз-мейрамбыз. Пірсіп-оу! Әй, Пірсіп, жер жұтқыр, қайда жоғалып кеттің?! — деген дауыстан Фрицыдан бастап бәріміз де селк-селк ете қалдық. Бұл — Байдалы шалдың кемпірі Үпияның даусы. Ойбай, мені іздеп» жатыр,- деді Фрицы жасап отырған оғын тездете тықылдатып. Әй, Пірсіп! Тілеуің құрғыр, қайда жүрсің?! Апа, мен мұндамын. О, желкең үзілгір, анау малдарды суғар. Қазір, апа, қазір. Фрицы соңғы жасаған оғын Әбілтайдың жебесіне кигізіп берді де, қаңылтырың орап, кетуге жиналды. Қалғанын қазір малдарды суғарып келген соң жасаймын,- деді. Фрицы — жетім бала. Шешесі өткен күзде пішенде жылан шағып өлді. Содан бері Фрицы әркімнің есігінде күн көреді. Соңғы кездері Байдалы шалдың үйінің малын қарап, сол үйге қол бала боп жүр. Қолы қалт етсе біздерге кеп бір жағы ойнайды, бір жағы бірдеңе-бірдеңе жасап, тамағын асырайды. Өзі бізден бірер жас үлкен, ұзын бойлы, өңі боп-боз, имиген арық, тарамыстанып алып қолынан келмейтіні жоқ. Әрқайсымызда екіден-үштен оқ және әр оғымыздың батырлар жырындағыдай аты бар: Сұржебе, Көкжебе, Сойқанжебе, Қатержебе… деп түрлеп-түрлеп атаймыз. Сауысқан, қарға атпас бұрын әуелі нысана көздеп жаттығып алмақ болып клубтың есігіне қарай күйемен Гитлердің суретін салып, соны көздеп атып ойнауға кіріскенбіз. Клубтың арт жағынан тор жорғасымен енте- летіп Байдалы шал шыға келгенде, апыр-топыр қаша жөнелдік. О да атын тебініп қап: Ө, иттің күшіктері, не істеп жүрсіңдер?! — деп ақыра ұмтылған. Қуып жетіп әрқайсымызды қамшымен бір-бір салып өтетін шығар деп ойлағанбыз, жо, олай болмады. Ұзаңқырап барып кейін бұрылсақ, Байдалы шал атының басын тартып, еңкейе түсіп клубтың есігін- дегі әлгінде біз салған Гитлердің суретіне қарап тұр екен. Әй, күшіктер, мыналарың кім? — деді қамшысының сабымен суретті нұсқап. Гитлер,- дедік біз бір ауыздан. Ә. Соны атып жүрсіңдер ме? Иә. Онда оларың дұрыс екен. Ал өздерің неге қашасың- дар? Шынында да, неге қаштық? Бұрын балалар Байдалы шалдың соңынан қалмай аталап оған бірдеңе деп сөйлесіп қалуға құштар ек, басқа үлкендерге қарағанда оны бір түрлі жақын тартып үйірсектеп, еркелегіміз кеп тұратынбыз. Өзі де бізбен әзілдеп қоятын: «Әй, осы күнгінің балаларын қойшы»,- деп, ернін шүйіргеннің өзінде бізде кемсітіп жерлеуден гөрі, қайта намысы- мызға тиіп қайрап тұрғандай көрінетін. Байдалы шал бригадир болғаннан бері, сол өзара үйірсектік біртіндеп суып, қайта керісінше арамыз алшақтап кеткен. Бүгінде балалар Байдалы шалды көрсек өзімізден-өзіміз қаша жөнелеміз, ал ол өзі бізді көрген жерде атын тебініп қап, қамшысын үйіріп ақырып қуып береді. Біздің жазы- ғымыз не, неліктен қашамыз, ал ол бізді не үшін қуады? Оны біз де білмейміз, Байдалы шалдың өзі де білмейтін болар. Әйтеу, біз қаша жөнелеміз, ол қуып береді. Қазір де ол клубтың арт жағынан оқыстан шыға келгенде, біз топырлап қаша жөнелдік, ал ол ақыра ұмтылып, қамшысын үйіріп қумақ болды. Енді, міне, біздің неліктен қаша жөнелгенімізге ол түсінбей тұр да, одан неліктен қашқанымызды білмей біз тұрмыз. Бері, жақын келіңдер,- деді ол саябыр үнмен.- Неге қорқасыңдар? Тимеймін. Бері келіңдер. Біз өзімізді көтеретін, бірақ ат омбылап жүре алмайтын қатқақ қардың үстіне шығып алғанбыз, енді оған қуса да ұстатпайтынымызды білеміз. Сондықтан тайсақтамай оның әр қимылын қалт жіберместен қадағалап қарап тұрмыз. Әй, қорықпаңдар дедім ғой. Кәне, қайсысың хатты жақсы оқисың? Мен бір қағаз оқытып алайын деп едім,- деді ақыры өзінің бізге ісі түсіп тұрғанын білдіріп. Біз, балалар, ішіміздегі хатты ең жақсы оқитынымыз деп атын атамасақ та Санатқа қарағанбыз. Ол әлгінде қаша жөнелгенімізде, жерге түсіп қалған бір оғының торы жорғаның тағалы тұяғының астында быт-шыт боп сынғанын көріп, түршігіп тұрған. Мен үйге қайтам, мал суғаруым керек,- деді күңкілдеп. Әне, біздің үйдегі апаларың бауырсақ пісіріп жатыр, қағаз оқып бергеніңе бір қалта бауырсақ бергізем,- деді Байдалы шал үй жағын нұсқап. Мұржасынан түтіні будақтап тұр екен. Біздің мұрнымызға майға піскен ыстық бауырсақтың иісі жеткендей болды. Ата, мен оқиыншы,- деді Әбілтай жұлып алғандай жұлқына тілек білдіріп. Байдалы шал оның сөзін естіме- гендей Санатқа қарайлаған. Жоқ, мен үйге қайтам, мал суғаруым керек,- деді Санат кейін қарай бұрылып. Жүр онда, сен оқып бер,- деді Байдалы шал енді амалсыз Әбілтайға қарап.- Бауырсаққа бір тоясың. Қуаныш кеткен Әбілтай Байдалы шалдың соңынан ілесе түсіп барып, қалған үшеумізге жалт бұрылды да, тастап кете алмай: Ата, мына балалар да жүрсінші,- деді өтініп. Мейілдері, жүрсе жүрсін. Байдалы шал торы жорғасымен алға түсіп, біз төрт бала садақтарымызды мойнымызға асынып, оның соңынан ілесіп шалдың үйіне қарай жүрдік. Бауырсақ бермек түгілі, өзімізді сабап-сабап жібер- месе неғылсын,- деді Отто сыбырлап. Сабап жынды ма, біздің еш жазығымыз жоқ қой,- деді Петька. Сабамайтын шығар, солай ма, Қанат? — дейді Әбілтай да қорқақтаңқырап. Кім білсін,- деймін мен иығымды қиқаң еткізіп. Шынында да, кім білсін, соңғы кезде Байдалы шалдың мінезін адам түсінетіндей болып жүр ме. Есігінің алдына жетіп Байдалы шал атынан түскен кезде, отын бұтап жүрген біз танымайтын бір бейтаныс адам: Ассаламағалейкөм-өм, Байаға! — деп қарсы алған. Әликісалам. Әй, Тұржанбысың?! Иә. Қайдан жүрсің? Ауылдан. Сіздерді сағынып кеттім де, амандықта- рыңызды біліп қайтайын деп келдім. Е, жөн екен оның, қонақ боп кеп, отын бұтап жүргенің қалай енді?! Ой, Байаға, сіздің үйдің отынын бұтамағанда кімнің отынын бұтаймын. Өзімсініп жүргенім ғой, а-а-а…- деп мәз бола күлді Тұржан. Бұл — кішірек көзі жылт-жылт еткен, адамға тура қараған кезде қос танауы таңқиып тұратын, ұртының үстінен жалбырап тұрған сұйық шалғы мұрты бар, ұзын бойлы, қайыстай қатқан қара кісі еді. Алдыңғы тістері жоқ екен, сөйлеген, күлген кездерінде кішкентай бет әлпетінің қақ жарымын алып тұрған дүрдік ерінді жайын аузы ұрадай боп үңірейіп, көмейіне дейін қара қошқылданып түгел көрінеді. Иә, үй ішің аман ба? Келіннің халі жақсы ма? — деген Байдалы шал амандық сұрай тұрып. Аман ғой, оларды ит жей ме, а-а-а-а…- деп Тұржан ұрадай аузын ашып тағы күлді. Жағыну үшін болу керек, сөзінің соңын: «а-а-а…» деп дарақы күлкімен аяқтайды екен. Әйтеу, қалай болған күнде де бір суқансыз адам екені бірден көрініп тұрды. Осы сенің балаңның аты кім еді? Сапыбек қой. Иә, ол қазір қай класта? Соғыс басталар жылы үшіншіні бітірген, онан кейін оқымай қойды, күшік. Жалғыз ұл болған соң тым ерке. Хат тануы қалай өзінің? Былай таниды ғой енді. Оқи алады. Хат тануы дұрыс болса, соны менің қолыма берші, өзім тәрбиелейін. Әйтпесе осында әр боқмұрынға жалынып ит болдым,- деді біздерге қарап қойып. Байаға-ау, сіз тәрбиелесеңіз, одан артық оның құдайдан не тілегені болсын. Жүр, үйге кір, оны сөйлесе жатармыз,- деген Байдалы шал енді Әбілтайға бұрылды да: Сен жүр, ал мыналар осы арада күте тұрсын,- деді де жаңағы Тұржан үшеуі үйге кіріп кетті, біз Петька, Отто үшеуміз үй іргесінде қала бердік. Бригадир болғаннан бері Байдалы шалдың үйі біздің ауылдағы қыдыр қонған үй боп саналады. Құт-береке, молшылық бүкіл ауылда тек осы үйде ғана бар, іші де, сырты да майлы. Қасынан өтсең, ығына тұрып ап тамақтың тәтті иісін иіскеп, кеткің келмей көзіңді сатып еріксіз телміре қарайсың. Есігінің алдында тау-тау боп үйілген ағаш отын (шешендер Махмұд пен Зокку осы төңіректегі ең қу ағаш отынды тек осы үйге әкеп түсіреді), атқарушы Ысқақ шал мен Фрицы екеуі кезек- кезек сол отынды шетінен бұтаумен болады, бұталған отын күндіз-түн жағылады да жатады. Қазан-ошақ дегендер бір босамайтын сияқты, ылғи ет асылып, бауырсақ пісіріліп, шай қойылып, ертеден қара кешке дейін дастарқан бір жиналмайтын тәрізді. Таңның атуынан күннің батуына дейін бар тіршіліктері осы үйге ғана байланып қалған үш-төрт қатын бірі су әкеліп, бірі от жағып, бірі тамақ пісіріп, салп-сұлп әбігерге түсіп еш тыным таппайды. Бастықтың үйінің суымен кіріп, күлімен шыққандары үшін бақытты. Бұлардан өзге бүгінде Байдалы шалдың үйіне бұрынғыдай баса-көктеп ешкім кіре де алмайды. Тек сырттай қызығып, сырттай тамсанып, сырттай телміріп қана өтеді тұсынан. Біз де, міне, үй іргесіне кеп, майға піскен бауыр- сақтың аңқыған тәтті иісі есімізден тандыра жаздап манаурап тұрмыз. Танауларымызды қос-қостап тарта түсіп, сілекейімізді жұтынып қойып, бір-бірімізге күлім- сірей қараймыз. Бауырсақ пісіріп жатыр. Қандай тәтті иіс, ә?! Сәскеге қарай әжептәуір көтерілген күн жал-жал қардың арасынан төбелері қарайған, әрқайсысының төңірегінде қыбыр-қыбыр тіршіліктері бар жадау-жүдеу үйлерге немкетті салқын ғана қарап, бар ықыласын іргесінде біз тұрған Байдалы шалдың үйіне арнаған сияқты. Анау үйлерден жоқшылықтың, жетім-жесір- ліктің қаралы ызғары азынаса, ал мына үйде жайма-шуақ тәтті қуаныштың лебі еседі. Әлгіндегі мал суғаруға кеткен Фрицы да келе жатыр екен, біздерді көріп анадайдан даурыға: Анау тұманың арғы жағындағы кішкене сайда арам өлген өгіздердің өлекселеріне үймелеген қарғалар құж- құж етеді,- деді ентіге сөйлеп, онан қасымызға таяп келген, неге елікпейсіңдер, ұқпай тұрсыңдар ма дегендей әрқайсымызға бір қараған,- Қалың қарғалар, атуға бармайсыңдар ма? Біз: «Тс-с, тыныштығымызды бұзба» дегендей, оған үнсіз көз тастап, тым-тырыстана қалғанбыз. Шіркін, осындай да тәтті иіс болады екен-ау! Әй, Пірсіп, о, жайрағыр, анау малдарға шөп салмайсың ба!? — деп сұңқылдаған Үпияның даусы дәл құлағымыздың түбінен естілді. Сөйткенше болған жоқ, Үпия үйдің біз тұрған іргесіне қарай шыға келген, басында аппақ қардай кимешек, екі жағы мен маңдайына әдемілеп кәнуә тіккен, үстінде өңіріне неше түрлі тана түймелер, күміс тиындар таққан көк пүліш қамзол, сары атлас көйлегінің етегі жер сызады. Әй, сендер неғып тұрсыңдар бұ жерде?! — деді дәл ұрлығымыздың үстінен түскендей. Біз сасып қалдық. Біз жай… Әбілтайды күтіп тұрмыз. Немене, оны қасқыр жейді деп пе едіңдер?! О несі- ей, үйдің іргесіне кеп топырлағандары, аулақ, анау көшеде тұрып күтіңдер — деп, зіркілдеп ұрсып қуып тастады. Біз, амал жоқ, үй іргесінен аулақтап, көшенің ортасына шығып тұрдық. Айтып ем ғой, бауырсақ бермейді,- деді Отто. Бермесе қойсын, бауырсақ жемесек те өлмеспіз. Тек Әбілтайдың шыққанын күтейік,-деді Петька. Осылайша бауырсақ жеуден күдер үзіп тұрғанымы- зда, бүкіл ауылды жаңғырықтыра: «Қанат! Қанат!» — деп, аттандай айқайлап шақырған дауыс мені селк еткізді. Дауыс шыққан ойға қарай жалт қарағам, мал қора жақтан Қыдырман тойтықтың інісі Нәдірман келе жатыр. Бүкіл ауылды басына көтере айқайлайды. Өзі менімен жасты болса да алды-артына қарамайтын әңгүдік мінезді болатын. Қазір де жау шапқандай аттандап келеді. Анадайдан мені көре сап: Әй, Қанат, қайда жүрсің? Кел бері! — деді бұйырған үнмен. Өзі көшенің ортасына тоқтап, мен қасына барға- нымша күтіп тұрды.- Әй, сені Қыдырман көкем мал қораға тез жетсін деді. Қоғалы бұлақ жаққа шөпке барады екен, соған бірге ала кетем дейді. Әнеугүнгі Нәзира әпкемнің Қыдырман мен Зибашқа Қоғалы бұлақ жаққа барсаңдар, біздің шөбімізді жеткізіп бергейсіңдер деген тілегі есіме түсіп, мен дереу мал қора жаққа қарай жүгірдім. Әй, Қанат! — деді Нәдірман мені тоқтатып.- Алдың- дағы садағыңды маған қалдырып кет. Нәдірманның ожар мінезін білетін мен екі ұшты ойда тұрғам. Өй, садағыңды жей қоймаймын, шөптен келген соң аласың ғой,- деп кеп, мойнымнан жұлып алғандай болды.- Оқтарыңды да қалдыр. Байқа, оқтарымның ұшы өткір, біреуді атып ап жүрме. Егер жыныма тиетіндер болса ата салам,- деді Нәдірман екіленіп. Қой, садақпен кісі атуға болмайды. Жай айтам… Қалжыңым ғой,- деп мәз бола күлді ол. |