кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
Түстен кейін ертеңгі үйге берілген тапсырманы орындап сабақ оқып отырғам, сырттан кірген әжем: Әй, Қанат, шық, әне, Қыдырман шөбіңді әкелді, түсірісіп жібер,- деді. Тонымды иығыма іле сап атып сыртқа шықсам, Қыдырман шананың үстінде тұрып ортадан аз тиелген шөптен қораның төбесіне қарай лақтыруға кірісіпті. Мені көріп: Жоғарыға шық, тез түсіріп алайық,- деді. Мен қораның арт жағындағы күнделікті өзім шығып жүрген басқышпен төбеге көтеріліп, Қыдырман әперген шөпті іліп ап, кейін тартып жаймалай бастағам. Әй, иттің балалары, тоқтаңдар, кәне! — деп ақыра боқтаған Байдалы шалдың даусы селк еткізді. Кеңседен шыққан беті болу керек, торы жорғасын борбайлата қамшылап құйындата шауып келеді екен. Жетпіс жеті атамыздан бері қарай сыбап келеді. Иттің ғана балалары, тапайдың тал түсінде колхоздың шөбін ұрлап… Құртам екеуіңді де… Түрмеде шірітем!.. Ағып келген бойда дойыр қамшысымен жеткенше сілтеп шана үстінде бейқам тұрған Қыдырманды салып- салып жіберген. Қыдырман шөпке шаншып тұрған ашасын суырып ап өзіне қарай ұмтылғанда ғана, атының басын кілт бұрып, кейін тайқыды. Бірақ боқтауын тоқтатар емес, бүкіл ауылға естіртіп азан-қазан боп тұр. Әуелде «иттің балалары» деп екеумізді қоса қабаттап боқтаудан бастаған, енді аша ала ұмтылған соң Қыдыр- манның жеке өзіне ауысты: «ұры» дейді, «қаскүнем» дейді, «пәшіссің» дейді, «колхоздың жауы» дейді, тақпаған айдары қалып жатқан жоқ, «ертең айдатам», «түрмеде шірітем», «тұқым-тұғияныңмен тұздай құртам» — деп, зәре-құтты алатын сөздерді және қосақтайды. Әлден уақытта Байдалы шалдың соңын ала кеңседен шыққан беттері екеуі екі атқа мінген шолақ қол өкіл мен Зибаш та жетті. Екеуі бар жайды анадайдан-ақ көріп, біліп келеді. Әсіресе басқа білмесе де бұл шөптің жайын Зибаш жақсы білетіні анық. Сондықтан Байдалы шал алғаш ақырып аттандай жеткенде, зәрем ұшып кеткен- мен, Зибашты көріп ес жиғандай болдым. Бұл біздің өзіміздің меншікті шөбіміз, жазда Нәзира әпкем екеуміз шалғымен шауып жинағанбыз, нанбасы- ңыз, әне, Зибаштан сұраңыз,- дедім төбеде тұрып айқайлап. Мен саған көрсетем өз шөбіңді, иттің күшігі, кәне, осыдан түсші бері! — деп, Байдалы шал атымен қораның төбесіне шығып кетердей емініп қойып қамшысын сілтей ақырды. Рас айтады, бұл Қанат пен Нәзираның өздері шапқан шөбі, мына Зибаш та біледі ғой,-деп енді Қыдырман да соны арқалана сөйлеген. Зибаш шолақ қол өкіл екеуі қатарласа кеп тоқтаған, қазір бірдеңе дейтін шығар, шындықты айтып ара түсетін шығар деп Қыдырман да, мен де енді соған жалтақтай қарағанбыз. Зибаш қабағын шытынып томсырайған күйде шанадағы шөпке, одан сендерді қайда көрдім дегендей, әуелі Қыдырманға, одан қораның төбесінде тұрған маған бажырая бір-бір қарағаны болмаса, не дұрыс деп, не бұрыс деп бір ауыз сөз айтпастан сызданып, үнсіз тұрды да қойды. Айтсаңшы! — деген Қыдырман оған шаншыла қарап. Зибаш тәте-ау, әнеугүні шөпке бірге барғанымызда, мен өзім бастап апарып, Нәзира әпкем екеуміз жазда жиған бір шошақ шөбімізден жарты шана тиеп әкеліп едік қой. Мынау сол шөп емес пе? — дедім. Зибаш үндеген жоқ, тіпті жұмған аузын ашқан жоқ. Біздің сөзімізді естімеген адамдай сол безерген күйі атын тебініп қалды да, жүріп кетті. Әй, қарағым,- деді осы кезде әжем шолақ қол өкіл- ге.- Мен мына Байдалыға сөзімді қор қылып ештеңе демеймін. өйткені бұл өзімізге белгілі Байдалы. Мен айтарымды жөн білер деп өзіңе айтам. Соғысқа барып қан кешіп қайтқан азамат екенсің. Ал менің балам сол соғыста қаза болды. Келінім осы колхоздың жұмысында жүріп ұры-қарының қолынан опат болды. Үлкен немере қызымды күні кеше үкімет бұзылған қалаларды салғы- замыз деп және әкетті. Қалған шиеттей балалар мен өлмелі кемпір менің түрім мынау. Енді өзіміз шапқан шөпті зорлық қып тартып әкетсеңдер, сонда біздің күніміз не болады? Әскер семьясына жасаған жәрдем- дерің осы ма сонда? Әжемнің сөзін үнсіз тыңдаған шолақ қол өкіл ымдап қасына Байдалыны шақырып алды да, бізге естіртпестен бірдеңе-бірдеңе деп күңкілдеді де, атын тебініп Зиба- штың соңынан жүріп кетті. Өзі қалған Байдалы шал қаһары қайтпаған сол ашулы қалпында Қыдырманға қарап: Ендігі жерде ісім сенімен болсын, тойтық ит! — деді кіжініп.- Мына шөптің жартысын ғана түсір де, жартысын қайтадан колхоздың мал қорасына алып жүр. Өзі азғантай шөптің не жарты дейтіні бар,- деген Қыдырман. Әй, тойтық, дәл бірдеңе көрейін демесең, айтқанды істе! — деп ақырды Байдалы шал. Әй, Байдалы, өз шөбімізді өзімізге қимай тұрсың ба? деген әжем. Колхоздың малы ашығып жатқанда, мен сендерге шөптеріңді колхоздың шанасымен тартыңдар деген жоқпын. Сонда біз арқалап әкелеміз бе? Арқалап әкеліңдер, бірақ колхоздың көлігіне тимеңдер. Сөйтіп, Байдалы дігерлеп тұрып алған соң, Қыдырман амалсыздан шанадағы өзі аз шөптің жартысын ғана түсіріп, қалғанын колхоздың мал қорасына қайтадан алып кетті. Қораның төбесінде азғантай шөпті жинастырған боп қала бердім. Көзіме ып-ыстық жас құйыла береді, өзіме- өзім тығылып не істерімді білмей қыстығып тұрмын. Кімге барарсың, кімге шағынарсың? Егер балалар зорлық жасаса, үлкендерге барып шағынуға болар еді, ал үлкендердің өзі зорлық жасаса, кімге шағынарсың? Нәзира әпкем екеуміздің таң алагеуімнен тұрып жүріп тірнектеп шауып, тірнектеп жинаған шөбімізді зорлық қып тартып әкеткеніне қалай жыламайсың. Тапайдың тал түсінде бүкіл ауылдың алдында бақырайтып қойып тартып әкетті ғой. Әне, әркім үйді-үйіне кіріп жүр, әншейінде ағайынсымақсып өбектей қалатындарын қайтерсің, ал жаңа Байдалы кеп жер-жебірімізге жетіп, зікінеп, тапап кеткендей боп тұрғанда, ең болмаса біреуі келіп: «Әй, мұның қалай?» деуге жарамады-ау. Әжем маған төменнен аянышпен қарап: Жә, қапаланба, қозым, тіршілікте мұндайдың әлі талайын көресің, тек бас аман болсын дейік,- деді жұбата сөйлеп.- Құдайдан тапқырлар… Уһ-а-а…- деп сөзінің соңын ауыр күрсініспен аяқтады. Сонда бұл дүние әлсізге әлі жеткен, өстіп қиянат жасаудан тұрғаны ма? Жарайды, Байдалы шалға әлгін- дегі әжем айтқандай сөз тауыспай-ақ қоялық, ал сонда Зибаштың жаңағы көрсеткен мінезі қай мінез? Бригадир болғанына бес-ақ күн етті ғой, әйтпесе қысы-жазы бірдей Нәзира әпкеммен бірге осы колхоздың ең ауыр жұмыстарында телім-телім боп жүруші еді ғой. Жағдай- ымызды, халімізді басқа білмесе де, Зибаш біледі емес пе. Әнеугүні Нәзира әпкем көз қырыңды сала жүр деп бізді тапсырғаны да осы Зибаш еді ғой. Әжем айтқандай: «О-о, опасыз дүние… Опасыз адамдар…» ТҰРЖАН — АТҚАРУШЫ Сәске кезінде сары тоны қаудырлап Ысқақ шал класқа тағы кіріп келген. Бұл күні тіпті Әнипа апайымызды көзіне де ілмеген күйде, біздің сабақ оқып отырғаны- мызға да пысқырып қарамастан, ақай жоқ, тоқай жоқ, бірден Санатқа таяп: «Бол, жинал, колхоз бастық тез жетсін деп жатыр»,- деп, қолды-аяққа тұрғызбай дігерлей жөнелді. Атқарушы шалдың бұл қылығы, әрине, Әнипа апайымызды қатты ренжітті. Ол көзіл- дірігі жарқ етіп, қағаздарын жинастырып орнынан тұрмақ болған Санатқа: Отыр! — деді қатқыл үнмен. Онан соң Ысқақ шалға қарай шұғыл бұрылып: — Сабақты бұзуға сізге кім рұқсат берді?! Бұл қандай әдепсіздік?! — деп тап бере- рдей боп қарсы жүрген. Колхоз бастық… Колхоз бастық Байдалы айтқан соң…- деген қапелімде сасып қалған Ысқақ шал шегіншектеп. Біз, оқушы балалар да, үрпиісе қалдық, енді болмаса Әнипа апайымыз шалдың сақалына жармаса кетіп, бетін тырнап алатындай көрінді. Оқушы баланы сабақтан кетуге рұқсат етпеймін,- деді. Қарағым, ол енді колхоздың жұмысы ғой,- деген ЬІсқақ шал. Мейлі, колхоздың жұмысы үшін де рұқсат етпеймін. Мектеп оқушысын колхоз жұмысы үшін сабақтан босата берсін деген заң жоқ. Өзің білесің де онда, тек, әйтеу, бастықтың қырына ілігіп жүрмесең болды да,- деп ЬІсқақ шал тоны қаудырлап есікке қарай беттеген. Осы сәтте атқарушы шалдың бетін қайтаруын қайтарып жіберсе де, колхоз бастығымен тіресудің арты қиынға соғарын сезетін екі ұшты ойда тұрған Әнипа апайымыз иі босап: Жарайды, бүгінше барсын,- деді даусы жұмсарып.- Тек бастыққа сіз де айта барыңыз, класымыздың іші мынау аңырап тұрған, сабан отынға жылитын түрі жоқ, бізге қызуы бар отын қарайлассын. Мақұл,- бұл тілегіңді айта барайын. Атқарушы шалға. ілесіп бара жатып Санат біздерге қарап қалтасын ұстап, жымыңдап көзін қысып қойды. Онысы, сәті түссе бүгін де бауырсақты толтырып әкелем ғой дегені еді. Бауырсақты қайтесің, одан да отын сұрасаңшы,- деді арт жақта отырған балалардың бірі дауыстап. Иә, отын сұра… Отын…- десті үш-төрт дауыс іле қостап. Кәне, тиышталыңдар! Бері, мына сабаққа қараңдар! деді Әнипа апай үстелін тықылдатып. Тобылғы отынымыз таусылғалы, классымыз қайта азынап суып кеткен. Сабанды ертеден кешке дейін жаққанмен, қауқары жоқ. Байдалы бастыққа кластың суықтығын айтып, отын сұрап екі рет барған, қазір түсіріп бере қоятын отыным жоқ, реті кеп жатса көре- рміз деп жіберіпті. Тобылғы жаққанда жып-жылы боп қалған классы- мызда қалтырап әзер отырмыз. Дәметкен кемпір бет- аузы күйелеш-күйелеш болып от жағуға таң сәріден-ақ кіріседі, содан қара кешке дейін отын қоймадан мектептің ауыз бөлмесіне құшақ-құшақ етіп сабан тасумен күні өтеді. Омырайған пештің аузы абжыланша ысылдап, сабанды үсті-үстіне тықпалап жатсаң да бір тоймайды, гу-гу етіп жұта береді, жұта береді. Бірақ шығарар жылуы шамалы. Кластың ішінде аузымыздан шыққан деміміз буланып күрк-күрк жөтелгенімізде, ХТЗ-ның түтініндей бұрқ-бұрқ етеді. Әнипа апайымыз да көкпеңбек боп дірдектеп тоңып отырады. Өзі де қызық, класқа кірісімен пальтосын шешіп, қолдан тоқы- лған қоңыр жемпірімен ғана қалады. Қалың бұрым қоңырқай шашының маңдай жағы, самайы бұйраланып, кішкене танауының үстінен сырғи беретін көзілдірігі буалдырланып, бізге кіп-кішкентай боп көрінеді. Тоңғанын білдірмеуге тырысып сабақтарды саңқылдай айтып түсіндіреді. Сірә, қатты саңқылдап сөйлесем, тоңғанымды онша сездірмеймін дейтін болар. Тақтаға жазған кезде, бор ұстауға икемсіздене бастаған қолын демімен жиі-жиі үрлеп қойып тұрады. Соның өзінде жазуы жіпке тізген маржандай әдемі, әр әрпі сұлу суреттей боп түседі. Шіркін, Әнипа апайымыз құсатып әдемі жазсақ-ау деп қызығамыз. Бүгінгі Әнипа апайымыздың Санатты сабақтан жібермей қоя жаздағаны әсер етті ме, кім білсін, үшінші сабақты өтіп жатқан кезімізде, терезенің тұсынан торы жорғасымен қалың қарды омбылай омыраулап кеп тоқтаған Байдалы шал тобылғы сапты қамшысымен әйнекті ұшырып жіберердей сартылдата қаққан. Әй, мұғалім қыз! — деді ат үстінен еңкейе дауыстап. Жалғыз қабат терезеден даусының жарықшағына дейін анық естілді. Мына балалардың әжетке жарайтындарын ертіп апарып, анау шешендер шапқан отыннан тартып алыңдар! Кешеден бері Махмұд пен Зокку тау бөктеріндегі қалың алма ағаштарға қарай жол салып, отын шауып жүрген. Байдалы шалдың алыңдар деп тұрғаны сол. Соны айтты да Байдалы шал жөніне кетті, аңырып тұрып қалған Әнипа апайымыз көзілдірігін алып сүртіп қайта киді де, сендер не дейсіңдер дегендей бізге қарады. Не істейміз, балалар? Бүйтіп бүрсектеп тоңып отырғанша, отын тартып аламыз ба?! -деген. Барамыз! Барамыз! — дедік суық класта отырғаннан гөрі далада жүргенді құп көрген біздер қуанғаннан жамырай дауыстап. Бірер сағаттан кейін әжетке жарайды-ау деген балалар тегіс анау жолғы Әжібекпен тобылғы шабуға шыққанымыздай бір-бір жіпті белімізге буып Әнипа апайымыздың бастауымен тау бөктеріне қарай шұбыра бет алдық. Ол жолы беталысымыз қоңыр таудың күнгей беткейіндегі қалың тобылғы болса, бұл жолы сол таудың батыс жақ бүйір бөктеріндегі қалың алма ағашқа — кәдімгі, жазда өзіміз күнделікті өріп жүретін, жабайы алмаларға апаратын кәнігі бағытымызбен келеміз. Аязды дала мұнартып, сәскеге таяған күннің көзі төңірегі шелдене қызарып, кіртиіп тұр. Беті-қолды қарыған ызғар бүрсектетіп уысына сыға түскісі келеді. Аяққа жұқпайтын сіре қар шарық табанға шиқ-шиқ етсе, етік табанға сықыр-сықыр етіп, құп-құрғақ боп осы күйінен еш уақытта ерімейтін сияқты көрінеді. Кешеден бері бөктерге — алма ағаштарға қарай өгіздермен ерсілі- қарсылы жүріп отын тартып Махмұд пен Зокку сұқпа- сұқпа қалың қарда ойқы-шойқы жол салыпты. Өгіз- дердің сирақтарын сындырып алмай қалай жүргендерін кім білсін. Біз әлгі жолда біресе сұқпаға түсіп кетіп аяғы- мызды суыра алмай, біресе сүріне құлап әзер келеміз. Алып алма ағаштың тұсынан өткенбіз, сол анау кезде- гідей ұшар басындағы бұтақтарында қатып-семген қоңырқай алмалар ызғар өтінде көк аязданып, болар- болмас селкілдеп тұр екен. Бұл жолы әнеугүнгідей қызы- ққан ешкім болған жоқ, тіпті өздері үзіліп түсе қалса да, бүрсектеп тоңып келе жатқанда жей қоюға онша құштар емес едік. Киелі ағаш осы екен ғой?! — деген Әнипа апай. Біздер бір ауыздан: «Иә»,- дестік. Басқа білімді адамдар сияқты Әнипа апайымыз да: «Жә, бұл ағаштың киелі түгі жоқ, оның бәрі ескі адамдардың қараңғылықтан шығарған бос әңгімелері»,- деп айтатын шығар деп күткенбіз. Бірақ апайымыз ештеңе де деген жоқ. Бала- лардың бірі шыдай алмай кетіп, бұл алып алма ағаштың түбінде үңгір барын, сонда баяғыда аюлардың патшасы мекендегенін айтқан. Солай ма?! — Онда қызық екен,- деп Әнипа апай басын шайқап күлді де қойды. Таудың күнгей етегінен батыс жақ бөктеріне қарай асып түсетін белеңге көтерілгенімізде, аңтарыла тоқтағанбыз, жазда арасынан мал өте алмайтын, сыңсып тұратын қалың алма ағаштардың жолға жақын төмен жақ жартысы тып-типыл боп орны сипалып қалыпты, тек әр жер — әр жерде еңіске қарай сұлай құлаған бес- алты ағаштың балта шапқан түптері ақпаңқаланып етегі түрілген қыздар құсап жатыр. Әй, анау аю алма еді ғой?! Анау тәтті сары алма емес пе? Киіз алманы да шауып тастапты,- десіп балалар ішігімізді тартып, дабырладық та қалдық. Бұл жақсы ырым ба, әлде жаманшылық па — ол жағын білмейміз. Балалар, отын алыңдар! — деді алма ағаштарды бұтарлап жүрген Махмұд дауыстап. Біз қия жолда тайғанақтап, бір-бірімізді сүйемелдеп, сүріне-қабына барып Махмұд бұтарлап берген алма ағашты әрқайсымыз шама-шарқымызға қарап, екі бұта, үш бұтадан беліміздегі жібімізбен бастарын біріктіріп, буып ала бастадық. Әуелде көзімізге Зокку түспеген, әлден уақытта оның: Цо-оп!.. Цо-оп!.. Содалха, лалха…4- деп тау жаңғы- рықтыра ақырған ащы даусы естілген. Енді ғана көрдік, қалың алма ағаштың тауды алқымдаған түкпір жағында бәйтерек құсап өскен жалғыз түп долана болушы еді, Зокку сол ағашты екі өгізбен бері қарай сүйретіп келеді екен. Арық өгіздер омырауларынан қарға батып мықшиып алға ұмтылады да, шамалары келмей кейін қарай тәлтіректейді, Зокку болса ақыра боқтап екеуін де сырғауылдай көк таяқпен белдерін қайыстыра соққының астына алып тұр. Өгіз байғұстар сіңірдей созылып жан дәрмен алға қарай тағы да ұмтылады, аяқтары шалынысып сәл де болса жылжи қозғалады. Сәл жүре түседі де дымдары таусылып, тәлтіректей тоқтайды. Жануарлардың әл-қуаттарының біткені едәуір жерде тұрған бізге де көрініп тұр. Бірақ оларды аяйтын Зокку жоқ. Вай Меск! Халхадаг ког бикх!…5 — деп ақырып кеп, гүрсілдетіп таяқтың астына алады. Ақыры өгіздің бірі тәлтіректей ұмтыла беріп құлап түсті, күйіп-піскен Зокку оны боқтықтың астына алып, басқа-көзге періп-періп жіберген. Өгіз ұмтылғанмен, қайтып тұра алмады. Әй, өлтірдің ғой, обал емес пе!..- деді Махмұд шыдай алмай дауыстап. Барзу баирг!..- деді Зокку кіжініп. Онан соң құлаған өгіздің басын мойынтұрықтан шығарып тастады да, оның орнына екінші өгізге қатарласа өзі тұра қап: Содалха, лалха! — деп екінші егізге кіжіне ақырып жіберді де, мойынтұрықты алға қарай итере ұмтылды. Екінші өгіз күш алғандай жылжып жүре бастады. Цо-оп!.. Цо-оп!.. Халхадаг ког бикх! — деп, тістене кіжінеді Зокку, өзі де тоқтамай, егізді де тоқтатпай долана ағашты сүйретіп келеді. Едәуір жер жүріп кеп тоқтап, сәл тыныстап алды да: «Әуп!» деп қайта жүріп кетті. Сөйтіп, екі дем алып, долана ағашты біз тұрған кезеңге дейін сүйретіп әкелген. Әй, Зокку, сен тұрғанда осы өгіздерді қинап қайте- міз-ей, а! Отынды сенің өзіңмен-ақ тартпаймыз ба, а!.. Ха-ха-ха!..- деп, Махмұд тау-тасты басына көтере жаңғы- рықтырып көзінен жас аққанша күлді. Оның күлкісін қағып алған тау-тас «а-а-а» деп созып әкеткен. Біз де Зоккудың мына күшіне сүйсіне күлдік. Зокку сәл тыны- стап алды да, әлгі жатып қалған өгізін әкелуге кетті. Өгіздің қасына барып шешенше бірдеңе деп ақыра сөйлеп, қазақша боқтанып, таяғымен жон арқасынан бір көсіп өтті де, қозғала қоймаған соң еңкейіп мүйізінен ұстап, ақыра дауыстап, өгіздің кеуде жағын жұлқи көтеріп алды жерден, бірақ бөксе жағы сүйретіліп қозғала қоймады. Сонда да Зокку оны тұрғызам деп біраз жер сүйрелеп келді де, ақыры өгіздің тұрмасына көзі жеткен соң сылқ еткізіп тастай салды, ызалана бір түкірді де кері қайтты. Біраз жатып дем алсын, өзі тұрады,- деген Махмұд. Содалха! — деді Зокку қолын бір сілтеп. Махмұд оған шешенше бірдеңе-бірдеңе деп сөзінің арасында «колхоз, колхоз» деп қойып, қолымен анадай жердегі қорым тасты жағалай өскен бұта-қурайларды нұсқай тұрып зіркілдей сөйлеген. Зокку тағы да: Лалха! — деп күңк ете түсті. Махмұд одан әрмен өршелене сөйлеп айқайлап берді. Қолындағы балтасымен Зоккуге тура ұмтылар ма екен деп қорқып қалдық біз. Зокку болса оған тіктеп қарсы- ласпай со шешенше күңкілдеген күйінде «содалха! лалха!» деп барып, Махмұд нұсқаған бұта-қурайларды күректей қолымен жапыра сындырып біраз жанап алды да, жатып қалған өгіздің алдына апарып тастады. Бірақ оған қозғала қойған өгіз болған жоқ. Со жатқан қалпынан тырп етпеді. Байдалыны ертіп әкеп көрсету керек. Арам өліп қалса көрсін,- деді Махмұд Зоккуге. Бұдан әрі біз, балалар, буып алған отындарымызды сүйретіп келген ізімізбен кейін қайттық. Жас алма ағаш ауыр екен, иығымызды жаншып, қарымызды талдырып аздан кейін-ақ маңдайымыздан тер бұршақтап, ауылға сан дем алып әзер жеттік. Өзі де отын көтеріп қара терге түскен Әнипа апайымыз біздің титықтаған түрімізді керіп, бір сағаттай дем алып келуге үйге жіберді. Түстен кейін отынға қайта барғанбыз. Сол екі арада Махмұд пен Зоккудің артынан қосымша төрт өгізбен тағы екі шешен барып, қиылған алма ағаштарды түгел тартып әкетіпті, ал бізге дегенді сүйреп жүруімізге оңай болсын дегендей, тегіс бұтарлап бір жерге үйіп қойған екен. Сірә, Байдалының бұйрығы солай болса керек. Тау бөктері тып-типыл жылан жайлағандай бопты, құлазыған аңғал-саңғал иесіз жұрттың үстінен түскендей күйде турмыз. Әр алма ағаштың орнында тізеден шабылған сирақтар құсап сойдиған-сойдиған түбірлер қалған. Қалың қардың астынан әр жерде көсенің иегіне шыққан сақалдай боп итмұрын, бөргез- дердің селдіреген шоқ-шоқ бұталарының бастары қылтияды. Анадай жерде бағанағы тура алмай қалған орнында тарғыл өгіз қозғалыссыз жатыр, байғұс жану- ардың арам өлгені айтпай-ақ түсінікті еді. Үстіне жапырлай үймелеген қарға-құзғын бізден үркіп дүркіреп ұшқан болды, бірақ бір-біріне: «Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Кетпеңдер, кетпеңдер!» — дегендей, тау-құзды баста- рына көтере азан-қазан боп қарқылдасып шуласып, төңіректен кетер емес. Басқа көз тоқтатар ештеңе жоқ, тау-тас, төңірек өзіміздің талай аралап, шарлап жүрген жеріміз ыстық тартып таныс көрінгенімен, дәл мынау жалтырап жатқан қарлы қия бөтен бір жер сияқты әсер етіп тұр. Мал бауыздарда шалдар: «Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ, біссімілдә» деп, қыл кеңірдектен пышақпен орып жіберетін, сонда бауыздалған малдың алдындағы кінәсы жуылып-шайылғандай болатын, сол сияқты біз де қазір, өзіміз шаппасақ та, бізге деп отынға бөлінген алма ағаштарды «сендерде жазық жоқ, ал бізде отын жоқ» дегендей, үш бұта, төрт бұтадан әрқайсымыз шама- шарқымызға қарай бөлісіп, ауылға сүйреп қайтуға ыңғайлай бастадық. Әй, ана шалды қараңдар! — деді осы кезде бала- лардың бірі. Нұсқаған жағына жалт-жалт бұрылғанбыз, әлгінде өзіміз сүрініп-қабынып әзер жүрген ойқы-шойқы жолмен қолында таяғы бар, қалт-құлт басып, тоқсандағы Қуатбек шал келеді екен. Ауылдағы жасы ең үлкен сыйлы ақсақал тоқсанға келсе де бойын тік ұстайтын, қалың қабағы түксиіп, түсі суық болатын: Біз: Ассалаумалейкүм! Ассалаумалейкүм! — деп жарыса сәлем бердік, бірақ ол кісі біздің сәлемімізді естімеген адамдай қасымызға үн-түнсіз таяп кеп, әуелі жалаңаш қалған бөктерге сығырая көз тігіп біраз тұрды, одан біздің не істеп жатқанымызды білгісі келгендей таяғына сүйенген күйде бөлісіп-бөлісіп алған бұталарымызға шұқшия қарап: Мұны кім шауып берді? — деп сұрады. Шешендер,- дедік біз Махмұд пен Зоккуды айтып. Шекендер ме?! Ә-ә,- деді шал даусын соза басын изей тұрып. Шалдың шешен деуге тілі келмейтін де «шекен» дейтін. Шешендерге бұйрық болса болды ғой… Апырмай, бір бұта қалдырмапты-ау!. Иә, бір бұта қалдырмады,- дедік біздер іле қостап. Шал сығырая тұрып төңіректі тағы да шола қарап шықты да, біздерге оқыс бұрылып: Ал енді жазда алманы қайдан жейсіңдер? — деген. Даусында сұрақпен қатар кінәлау, сөгу бар еді. Біздер не дерімізді білмей бір-бірімізге қарадық. Шынында да, жазда алманы қайдан жейтініміз ешқайсысымыздың ойымызға да келмепті-ау. Шал мұнан әрі әр адымын абайлап басып тарғыл өгізге қарай жүрді. Ол жақындаған сайын, өлексе үстін төңіректеп ұзап кете алмай үйіріліп ұшып жүрген қарға- құзғындар естері шыға шаң-шұң боп мүлде шуылдасып кетті, тіпті кеп біреуі қалт-құлт еткен шалды қағып өткісі келгендей, далы-дұлы ұшып кеп жанап өтеді. Шал өгіздің қасына барып, оның өліп қалғанына көзі анық жеткен соң, енді аяғын санап басып жоғары өрледі, енді шабылған алма ағаштардың сойдиған түбірлеріне барып әрқайсысына еңкейіп, үңіле түсіп, сипалап ұстап көріп, төрт-бесеуін қарап шықты да, белін жаза тұрып: Әй, балалар, бері келіңдер! — деді бізге. Барыңдар! — деді шал келгеннен оған үнсіз қарап тұрған Әнипа апайымыз. Біз қасына таяған кезде, шал таяғымен бөктерден әргі асып түскендегі екі шоқының қуыстана қосылған тұсын нұсқап: Қазір анау арадағы Тасбұлақтан барып, түбі қата қоймаған шығар, саз балшық әкеліңдер де мына түбір- лерді сылап қойыңдар,- деді. Он шақты бала қос шоқының қуыстана қосылған тұсындағы өзіміз жақсы білетін, жазда мынау бөктерге алмаға келгенде күнделікті басына барып рақаттана отырып су ішетін Тасбұлаққа қарай тартып кеттік. Бұлаққа асып түсетін қабаққа көшкін тұрған екен, тепкілеп ойып, алма ағаштан сындырып алған таяқпен қазғыштап баспалдақ жасап, бұлақтың басына жеткенбіз, сірескен қалың қардың ортасында буы бұрқырап жатыр екен. Мұз болып қату деген мүлде ойына келер емес, бұрқ-бұрқ қайнап қос шоқының бірге біткен кіндігі сияқты көрінеді. Жазда ішкеніңде суы шекеңді жарардай тастай суық болушы еді, шөлдемесек те қазір де бұлақтың ойпаңдау тұсынан кезек-кезек жата қап еңкейіп ұрттап су ішкенбіз, жоқ, жаздағы суықтығы білінбейді, қайта жылы сияқты, сарайыңды ашатын кәусар еді, тамсанып-тамсанып қойып іштік. Жоғарыдан тұрып қарағанда кішкентай ғана бұлаққа бүкіл көк аспан төңкеріліп түскендей көкпеңбек түпсіз тұңғиық боп көрінсе, еңкейіп су ішкеніңде бұрқылдап қайнап су шығып жатқан тас көмей жаны бардай бүлк-бүлк етеді екен. Толассыз қайнау, толассыз бүлкіл. Қыстың күні айдаладағы тау қуысындағы кішкентай Тасбұлақтың мынау тірлігі еріксіз таңдандыратын ғажап еді. Бұлақтың көзінен сәл төмендеу шымдауыт саз да қатпапты, әлгіден әрқайсымыз кесек-кесек балшық қопарып алып кері қайттық. Сол балшықпен Қуатбек шал айтқандай етіп, сойдиған сирақ түбірлерді сылауға кіріскенбіз. Осы кезде ауыл жақтан атын борбайлай қамшылап Тұржан жетті. Әуелі ол біздерді көзіне де ілместен, арнайы келген шаруасы сол болу керек, бірден тұп-тура өлген өгізге қарай бұрылған. Бағанағыдан кейін басылғандай болған қарға-құзғындар тары шуылдаса бастады. Бірімен-бірі қайшы алысып, жалт-жұлт етіп кеп, Тұржанға тап-тап берердей боп жанай ұшады. Өй, мыналар қайтеді-ей?! — деп, ақыра дауыстаған Тұржан қапелімде қағып түсіргісі келгендей қамшы сілтеген. Қарға-құзғын онан әрмен шулап кетті, кейбіре- улері бүріп түсердей боп шаншылады. Қызық көргені ме, әлде бас айналдырғандай азан-қазан шудан сасқаны ма, Тұржан сол оңды-солды қамшысын сілтелеген күйде: Мыналар қайтеді, ей?! А-а-а…- деп аузын аша күлген. Тау-тас әлгі күлкіні қағып ап ондаған дауысқа салып: «А- а-а-а»… жаңғырыға жөнелген. Өз даусының жаңғыры- ғына өзі таңданғандай Тұржан қайталай күлген, тау-тас та ондаған дауысқа салып қайталап берді. Өлген өгіздің қасына барып, ат үстінде тұрған күйде қамшысымен екі- үш рет салып-салып жіберді де: Өй, мынау шынымен өліп қапты ғой, а-а-а-а…- деп өгіздің өлгеніне анық көзі жеткен соң, тағы мәз бола күлді. Тек сонан кейін ғана біздің әрекеттерімізге таңырқай қарап: Әй, не істеп жүрсіңдер?! — деп дауыстай сұрады да, түбірлерді саз балшықпен сылап жүргендерімізді көріп: Әй, мыналарың не-ей?! А-а-а-а…- деп бұрынғы күлкісі күлкі ме, шын күлкіге енді батты. Басы балшықпен сыланған әр түбірге қолын шошайтып қойып, ішін баса тұрып көзінен жас аққанша күлсін кеп, атының үстінен құлап қала жаздайды. Мүгедек сорлыларды шүберекпен байламайсыңдар ма-ей, а! А-а-а-а…- дейді мәз болып. Ұрадай аузын үңірейте ашып шалқалай тұрып күлгенде, бүкіл тау-тас күлкіге толып кеткендей болады. А-а-а-а… А-а-а-а… Әуелде оның күлкісіне мән бермегендей боп тұрсақ та, сәлден кейін біртүрлі тітірене бастадық. Тау-тасты жаңғырықтырған ессіз күлкі көңілге үрей туғызып, қорқыныш, күдік ұялатайын деді. Тұржан осылайша өзімен-өзі біраз тұрып, күліп-күліп алған соң, атын борбайлата бір тартты да, жүріп кетті. Біз сойдиған түбірлердің балта кескен жерлерін біршама сылап қойдық. Әй, мына нәлеттің есі дұрыс емес шығар,- деді Қуатбек шал оның соңынан сығырая қарай тұрып. Әзірге осы жарай тұрар, күн жылыған кезде кеп дұрыстап сылап қойыңдар, сонда мына түбірлер өлмейді, алма ағаштар қайтадан өсіп кетеді әлі,- деді шал, онан соң Әнипа апайымызға қарап: — Қарағым, өзің бір есің бар бала көрінесің, мына шәкірттеріңе бас- көз бол, Алмалының алмасы құрып кетпесін,- деді. Мақұл, ата. Тек осыдан кейін ғана Қуатбек шал бастап, отында- рымызды арқалай сүйретіп ауылға қарай қайтқанбыз. Алып алма ағаштың тұсынан өткенімізде, Қуатбек шал бұрылып барып таяғымен оны әр жерінен бір тоқыл- датып ұрып көрді де басын шайқады. Мұның да ортасы шіріп тұр екен ғой,- деді өзіне-өзі сөйлегендей күңкілдеп, онан соң үйіріле тоқтап тұрған біздерге: — Егер жазға дейін сынып қалмаса, мынаның түбіндегі үңгірді көміп, сыртының зақымданған жерлерін балшықпен сылап қойыңдар, ең болмаса біраз жылға дейін осының алмасын жеп жүрерсіңдер,- деді. Біз мақұл десіп, бас изедік.-деді, Ысқақ шал іштегі әңгі- менің мәнін сыбырлай түсіндіріп. Сөйткенше болған жоқ, іштен: Әй, колхоз бастықтың тілін алмайтын сен кімсің-ей, а?! Осы ит сілікпеңді шығарайын ба?! — деген Тұржанның даусы қосарлана естілген. Тұржан да осында ма еді? — деп сұрадым мен таңырқап. Осында. Ойбай-ау, ол біздің колхозға біржола ауысып келді ғой,- деді Ысқақ шал даусын көтере сөйлеп.- Менің орныма атқарушы сол болады енді. Ал сіз ше? Е, мені қойшы, колхозда жұмыс көп қой. Жазасың ба?! — деп ақырған Байдалы шал. Жазбаймын,- дейді Санат тістенген үнмен. Жазасың! Мен саған жаздырам иттің күшігі. Жазасың. Біз саған жаздырамыз! — деп қораланды Тұржан. Мұнан әрі бөстекті ұрғандай қамшының сарт-сарт еткені естілді. А-а!..- деп баж ете түсті Санат. Көз алдыма Байдалы шалдың тобылғы сапты дырау қамшысы келеді. Жазасың ба? — дейді Байдалы шал. Өлтірсеңіз де жазбаймын,- дейді Санат. Қаршадай боп қасаруын. Мә, ендеше!..- дейді Тұржан кіжініп, тағы да қамшының ысқыра сарт еткені естілді. А-а!..- деп шыңғырып жіберді Санат. Мен сендей күшікті бүйтіп өлтіре салам!..- дейді онан әрмен ызалана кіжінген Тұржан. А-а!..- деп Санат тағы шыңғырды. Жә, болды. Қоя берші әрі! — деді осы кезде Байдалы шал. Есік сарт етіп ашылған, құлағын тосып тұрған Ысқақ шал жалп етіп, ұшып түсе жаздап тәлтіректеп әзер қалды. Іштен түтіге долданған Байдалы шал: Әй, Ысқақ, мына күшікті әкетші! — деді ақырып. Есіктің тасасына тығыла қалған мені байқаған жоқ.- Иттің күшігі, жазбасаң жазба, тек бірақ осыдан аузыңнан бір ауыз сөз шығатын болса, менен жақсылық күтпе. Анау көксау шал әкеңнен бастап, тұқым-тұяғыңмен тегіс құртам. Бар кет! — деді қатты ескертіп. Тек аузынан шығып көрсін! — деді Тұржан да ескертіп. Ысқақ шал ішкі бөлмеден мұрнынан қан дірдектеген Санатты алып шығып, маған «бол, тез әкет» дегендей ымдаған. Мен Санатты қолынан ұстап сыртқа шығарып, біраз жер кеңседен ұзағанымызша дедектетіп жетелеп жөнелдім. Жақын маңдағы үйдің тасасына жеткен соң ғана аялдап, әуелі қар басып мұрнының қанын тоқтат- тық, онан соң омырауын тазалап, үсті-басын жөндестір- дім. Өксігін баса алмай солықтап тұрған Санат кейінге, кеңсе жаққа қайырыла қарап: Бәрібір жазбадым ғой,- деді тістене күліп.- Әй, әнеу Тұржан деген тіпті жынды екен. Байдалы шал ымдаса-ақ болды, өлтіруге дайын.- Сол желкемнен қойып қап, бетімді үстелге тоқ еткізген, мұрным содан қанады.- Онан соң маған бұрылды да: Атам естісе, жүрегі ауырады ғой, ешкімге айтпай-ақ қой! Сүрініп жығылдым дей салармын,- деді қиыла өтініп. Мақұл, ешкімге де айтпаймын,- дедім мен уәде беріп. Сөйтіп, еш жанға қысасы жоқ, қиянатсыз деп жүрген Байдалы шал қолына билік тиген соң, қатын-қалашты қойып, бесіктен беліміз енді ғана шыққан бізді де өзінің былғаныш ісіне араластырып, көнбесек басымызға әңгір таяқ ойната бастаған еді. Ал оның аталас туысы Тұржан маңдайымызға біткен сор болды. Екі-үш күн өткен соң, Бектай есепші мен Нүсіп шалдың қызы Шынарға ФЗО-ға шақыртқан қағаз келген. Бектай келесі күні-ақ ел-жұртпен қоштасып жүріп кетті. Кетерінде маған кеп оңашалап шақырып алды да: Қанат, саған салар бір қолқам бар,- деді маған тесіле қарай тұрып.- Біздің ауылдың поштасын өзің білесің ғой, қыздарға келген хатты әркім бір ашып оқып, қолына тигізбейтінін. Сондықтан мен Қаншайымға жазған хаттарымды, қарсы болмасаң, сенің атыңа салып тұрайыншы. Мақұл,- дедім мен. Сенің қарсы болмайтыныңды өзім де біліп едім. Рақмет,- деп Бектай құшақтап арқамнан қақты.- Кебенек киіп кетіп барам ғой, күндердің күнінде бір қайтармын. Сенің бір әжетіңе мен де жарармын, әлі. Ал Нүсіп шалдың қызы Шынар сол шақыру келген күні ақсақ Көбегенге тұрмысқа шығып, кешкісін үйлену тойын жасады. Ертеңіне Көбеген екеуі ауданға кетіп, екі күндей сонда жүріп, соғыс мүгедегінің әйелі болған соң, ФЗО-ға бармайтын боп босап қайтты. |