кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
Кәне, қарашы, жазулары да бірдей ме екен? Жоқ, жазулары екі түрлі, екі адам жазған. Жә, ол жағын анықтармын. Әй, ЬІсқақ! — деді ақырып. Ауыз үйден атқарушы шал кірген.- Мына қағаздарды менің алдыма кім қойды? деп сұрады әлгіндегі екі парақты көрсетіп. Қайдам?! Бар қағаз кешеден бері осы үстелдің үстінде жатыр ғой. Үстелдің үстінде жатқанын білем. Соны кім қойды деймін? Казиттерді мен әкеп қойдым, тағы бір қағаздарды шатауат әкеп қойды, басқасын білмедім. Бар, шақыр шатауатты. Атқарушы шал көрші бөлмедегі счетовод бүкір Бектілеуді шақырып келді. Бектілеу ертеден кешке дейін есепшоттан бас көтермейтін, ешкіммен шаруасы жоқ, ешкіммен сөйлеспейтін, өкпесі сырылдап отыратын аурушаң, құныс адам еді. Ауыл адамдары: «Бектілеу мен қара шот бір туысқан»,- деп күлетін. Ол сөзге Бектілеу өзі де мәз боп қалатын. Қазір сол Бектілеу үлкен қой кезі бағжаң-бағжаң етіп, Байдалы шалдың алдына қорқақтай кірді. Әй, Бектілеу, мына қағаздарды менің алдыма кім қойғанын білесің бе? Бектілеу әлгіндегі арыз бен акті қағаздарын қолына алып көрді де: Жо, бұ қағаздарды кім қойғанын білмеймін, менің қойып кеткенім мәлімет қағаздар,-деп барып, Байдалы шалдың алдында жатқан қағаздардың ішінен өзі қойған- дарын тауып берді.- Міне, мына қағаздар, ал мыналары- ңызды білмеймін. Әй, сонда осы сендер не білесіңдер-ей, а?! Жалғыз бастықтарыңның алдына кімнің арыз қойып кеткенін білмейсіңдер. Мына қамшымен шеттеріңнен пәре-пәре- леріңді шығарсам, обал жоқ иттерсіңдер ғой. Тфу, енді қайтейін-ай!..- деп ыза боп бір түкірді де, қайтадан атқа- рушы шалға бұрылды: — Әй, әлгі Бектай қайда жүр? Ертеңгісін мал жаққа кеткен. Әй, мына жақта дүние қирап жатқанда, ол малды жау шабады дей ме-ей, а?! Бар, шақырып кел, тез! Осыдан бірдеңе көрем демесе, жетсін тез! Атқарушы шалға ілесіп мен де кете бермекші едім, Байдалы шал қайыра тоқтатты. Әй, мә, енді мыналарды оқы,- деп алдындағы қағаз- дарды шетінен бере бастады. Әр түрлі арыздар еді: әскер семьясы ретінде азық-түлік жәрдем сұраған, отын сұраған, шөп сұраған құлағалы тұрған үйіне тіреу қоюға бөрене сұраған. Байдалы болса әр арыздан кейін: «Жә, оттапты», «былшылдапты», «сандалмасын», «өй, шіркін- ай, бөренені мен қайдан тауып береді дейді-ей, дәл мен бір қарағайдың ортасында жүргендей»,- деп, арыз иесі дәл алдында тұрғандай бірде кекеп-мұқап ауызша жауап қайырып отырды да: Жә, енді мына қағаздарды оқышы,- деп алдында жатқан басқа парақтарды ұсынды. Бұлар бүкір шатауат Бектілеу мен Бектай есепші берген мәлімет қағаздар мен актілер екен: ауырып өлген, көтеремнен өлген малдар туралы, қайсының қалай өлгені, қай жерде өлгені жазы- лған. Байдалы шал бұл актілерді жазған адамдарды да бір-бір сыбап боқтап алады: «Өй, жаның шыққыр, өтірікті көйітуін»,- дейді, екіншісіне: «Е, жарайды, көре- рміз»,- дей салады, енді біріне: «Мұны анықтау керек шығар»,- деп қояды. Ауыз бөлменің есігі сықыр етіп ашылып, біреу тарс- тұрс басып кеп ішкі бөлмеге басын сұққан. Байдалы шал маған тоқтай тұр дегендей қолын сілтеді де, есік жаққа ежірейе қалды. Әлгі адам сол басын сұққан күйде бізге қызықтағандай қарап есік көзінде тұрып алды, екі көзі жылт-жылт ойнақшып, қос танауы таңқиған, жалбы- раған қияқ мұртты қайыстай қатқан қара кісі — кәдімгі анау кездегі Байдалы шалдың үйінің отынын бұтайтын Тұржан. Әлден соң бас жоқ, аяқ жоқ: «А-а-а-а…» деп шақылдай күлген, бүкіл аузы ұрадай боп үңірейіп, көмейіне дейін қара қошқылданып түгел көрінді. Паһ, паһ, баяғының болысы да бүйтіп отырған жоқ шығар! ГІаһ, паһ, отырысыңнан айналайын, Байағам! — деді ернін сылпылдатып.- Аруақ!.. Аруақ!.. Жарықтық, Шорағұл бабамыздың аруағы қолдаған екен де!..- Енді сәл болса жылап жіберердей күйде тұр.-Құлдық еттім!.. Құлдық еттім!..- деп басын еңкейтіп табалдырыққа тигізді. Тек сонан кейін ғана: Кіруге рұқсат па, Байаға? — деген. Кір,- деді Байдалы шал. Осыдан кейін ғана есіктен кірген Тұржан: Ассалаумәлейкө-ө-м! — деп, сәлем беріп қаудыр- лаған сары тонының делдиген етегімен жолындағы орындықтарды қаға-маға қос қолын созып төрге ұмтылды. Әликісалам! Қол алыса тұрып ұрадай аузын ашып тағы да таңқылдай күлді. А-а-а-а…- дейді тісі жоқ болғандықтан түкірігін шашырата тұрып.- Уай, колхоз бастыққа баса-көктемей, естіп рұқсат сұрап кіру керек қой! Солай ма, Байаға, а-а- а-а…- деп үп-үлкен басымен кейбір шолжаң балаларша бет-аузын қисаңдатып еркелегендей, ырбаң-ырбаң етіп. езуін жия алар емес, әйтеу өзінен-өзі мәз-мейрам біреу.- «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді ғой Байаға, алдиярым, міне, алдыңа кеп тағы да басымды нем… а-а-а-а… Қашан келдің? — деп сұраған Байдалы шал. Келген бетім осы. Үйге соқпай, әуелі кеңсеге бұры- лып, алатаудай боп төрде отырғаныңызды көргім келді. Ризамын аруаққа! Ал отыр,- деді Байдалы шал оған деген риза көңілін жасыра алмай.- Иә, үй ішің аман ба? Келіннің халі жақсы ма? — деп дәл әнеугүнгідей амандық сұрастыра бастады. Аман ғой, оларды ит жей ме, а-а-а-а…- деп, дәл әнеугүнгідей жауап қайырған Тұржан ұрадай аузын ашып тағы күлді. Сөзі ұнап отыр ма, ұнамай отыр ма, онда шаруасы жоқ, әйтеуір өзі мәз боп күледі. Осы уақытқа дейін маған үлкен адамдардың бәрі ақылды боп көрінетін, тіпті кейбіреулері туралы: «Әй, соны қойшы, түйір ақылы жоқ»,- дегеннің өзінде ондай адамның ақыл- сыздығын андай алмайтынмын. Ол да кәдімгі басқа адамдар сияқты көрінетін маған, ақылының жоқтығы үлкенге білінсе де, маған білінбейтін. Ал мына адамды әнеугүні де көрген жерден бір түрлі ұнатпап едім, ал қазір: «Әй, мынаның түйір ақылы жоқ қой»,- деген ой бірден оралып шықпай қойды. Сөйлеген сөздері қандай парықсыз, күлкісі қандай дарақы, жүріс-тұрысы, қимыл- қозғалыстарына дейін еш түйсік жоқ, санасыз адамның ісі. Өзі түк-түк ойланбайтын адам сияқты. Тышқанның көзі құсап жылт-жылт еткен көзінде де, түрінде де ешқандай ой жоқ. Ауыл-аймақтарың қалай? — деп сұраған Байдалы шал. Ауыл-аймақ қайда көшер дейсіз енді, сол өкімет қондырған орнында тұр ғой, а-а-а-а… Байдалы шал тағы біраз амандық-саулық сұрастырды да, Тұржан оған таңқылдай күліп жауап қайырумен болды. Енді бір сәт сөз кезегі өзіне тиген: Байаға, сіздің бастық болғаныңызды естігенде, төбем көкке екі елі жетпей қуандым,-деді Тұржан.- Құдай, аруақ бар екен ғой, біздің де көз жасымызды көреді екен ғой деп жылап жібердім. Аруағыңнан айна- лайын, Шорағұл бабам өзі қолдап жүр ғой сізді. Жалғыз мені ғана емес, бүкіл ұрпақтарын қолдап жүр ғой, жарықтық. Мына сені де қолдайды. Байаға, бөліп-жаратын несі бар, мына сізді қолдағаны — бәрімізді қолдағаны ғой. Оның рас. Әне, дәл таптым ба?! А-а-а-а…- деп Тұржан тағы да мәз болды. Сөз әлпеттерінен менің түйгенім — Тұржан Байда- лыға төрт-бес атадан барып қосылатын туыс екен, мына көрші Ақтасты колхозында тұратын көрінеді. Туысының әлгі сөзіне көңілі өсіп әбден риза болған Байдалы шал қалтасынан шақшасын алып, түбін столға тықылдатып қағып, көк бұйра насыбайдан алақанына молдау етіп салды да, шалқая түсіп аузына тастап жіберді, онан соң астыңғы ернін бұлтита жымқырып сақаулана: Әй, осы сені әскерге неге алмады? — деп сұрады. Ойбай-ау, Байаға-ау, менің жасым асып кеткен ғой. Қалайша? Қырыққа енді ғана келдің емес пе? Анау жылы пашпыртымды жоғалттым деп қайта пашпырт алғанда, бір мүшел жасты қостырып жазғы- зғам, сонымен әскерден қала бердім. Менің тісіме кім қарап жатыр, тіпті қараса да тісім жоқ, а-а-а-а… Оның дұрыс болған екен,- деп Байдалы шал да рақаттана күлді.- Сен осы кішкентай күніңнен-ақ тапқыр едің, әлі соныңнан жазбапсың. Баяғыда байдың қойын бағып жүргеніңде, өрісте саулықтардың астына шалқалап жата қап емуші ең. Иә, а-а-а-а… Байдың бәйбішесі ыдысымды тауып алмақ боп талай аңдып, тінтіп еді. А-а-а-а… Мұнан әрі екеуі баяғы кездегі бастан кешкендерін айтысып, біраз мәз боп қалды. Тіпті жасаған ұрлықта- рының өзі ерлік сияқты көрініп даурығысады. Байаға,- деді енді бір сәт ыржаңдай күлген Тұржан.- Баяғыда Бейсенғазы бай болыс болғанда, інісі Сейсенғазы: «Бейсекем болыс болды дегенше, Сейсекең нойыс болды десеңші» демекші, сіз колхоз бастық болды дегенді естігелі, мына жаман ініңнің де тақымы қопаң- дайтынды шығарды. Қашанғы мен де тентіреп анау Ақтастыда жүре бермекпін, өзіңнің қасыңа келгім келеді. Сіз бастық болғанда, мен неге біргәдір болмаймын деймін. Ашсаңыз алақаныңызда, жұмсаңыз жұдырығыңызда емеспін бе? Менен сенімді кім бар сізге?! Ондай ой өзімізде де болып еді, бірақ әлгі шолақ қол өкіл еркіме қойды ма?! Осында бір қатынға көңілі ауған екен, шолақ ит соны біргәдір сайла деп отырып алды ғой. Бұ қазақтың қатын десе жан беріп, жан алыса- тынын білесің ғой, амал жоқ, айтқанын орындауға тура келді. Жә, келем десең, біргәдірліктен де өзге жұмыс табылады ғой. Мысалы, мына маған ары-бері шапқылап жүретін атқарушы керек. Ойбай, Байаға-ау, ол атқарушылығыңа мен дөй деймін ғой. Е, онда болды. Сапыбекке де бір жұмыс табылар. Хат тануы жақсы дедің бе осы? Үш класс бітірген, таниды ғой. Әнеугүні қайтып барған соң сіздің айтқандары- ңызды айтқам, қуанғаны сонша: «Мен Байатама барлық балаларды бір шыбықпен айдап бағындырып берем»,- дейді. Былай,- деді Байдалы шал ойына бірдеңе түскен- дей,- Сен мені «Байаға деме. Құрысын, «бай» деген сөзді қайтесің, пәледен аулақ. Онда, аға дейім. Мейлің, тек «бай» дегенді айтпа. Байдалы шал көз алдында отырған мені енді ғана көргендей. Әй, сен неғып отырсың? — деді. Өзіңіз мына қағаздарды оқы деп жібермей қойдыңыз ғой,- дедім. Ә, солай ма?! Онда қалғанын ертең оқырсың, бара бер,- деді маған, онан соң Тұржанға: -Жүр, үйге бара- лық,- деді. Мен шықтым, менің соңымды ала Байдалы шал мен Тұржан да шыққан тысқа, атқарушы Ысқақ шал ертіп келген Бектай есепші екеуі аттарынан түсіп, кеңсеге кіргелі тұр екен. Бектай есепшіні көріп Байдалы шал бірден ақырып сала берді: Әй, сен осы қайда жүресің? Қора жақта, мал жақта жүрмін,- деді Бектай. Әй, сенің ол жақта нең бар-ей, а?! Малдың заппер- месі, бақташысы бар емес пе, а?! Қазір енді, қыс кезінде…- деп Бектай міңгірлей берген. Өйтіп қыс кезі деп сылтаурататын түк те жоқ,- деді Байдалы шал аузын қисаңдата, даусын жіңішкерте маза- қтай сөйлеп.- Шикін-ай, ә, қайбір малсақтанып жүрмін дейсің, есі-дертің, айналшық жегендей барғыштап, жағалап жүргенің, анау әлгі сиыршы Құныпияның қызы Қаншайым ғой. Онда сіздің шаруаңыз болмасын. Жо, болады… Жаман неме, өзіңше сен де текешікте- нейін дедің бе? Байқа, етіңді сылып алам. Ақсақал, айтар сөзіңізді ойланып айтыңыз,- деген лезде өрттей боп қызарып кеткен Бектай көзін алақ еткізіп. Өй, мынаны қара, маған ақыл үйретеді-ей! Аға-ау, осындайлармен де тәжікелесіп тұрасыз ба, дырау қамшымен өрім-өрімін шығармайсыз ба?! — деген шетте тұрған Тұржан кіжіне ұмтылып.- Әй, колхоз бастықпен бүйтіп сөйлесетіндей сен кімсің-ей, а?! Кәне, ағамның бетінен алмай тарт тіліңді, әйтпесе тура көресіңді көрсетем! Бектай да ыққан жоқ, қамшысын оңтайлап безере қарсы тұрды, салғыласып және сөз қайтармады. Әй, Тұржан, жүр кеттік. Бұл жүгірмекпен сөзім сонан кейін болсын,- деді Байдалы шал. Екеуі аттарына мініп, Байдалы шалдың үйіне қарай кетті де, Бектай есепші мен Ысқақ шал үшеуміз кеңсенің алдында қала бердік. Әнеугүнгі жиналыстан кейін-ақ соңыма түсіп алды,- деді Бектай шағынғандай. Е, шырағым, бастықтың қырына іліге беріп қайтесің, айтқаныңыз құп деп жүре бермейсің бе? — деді Ысқақ шал. Сөйтпегенде қайтіп жүрмін енді. Мұнан әрі мен өз жөніммен мектебіме кеттім. Қалтамдағы иісі аңқыған бауырсақтан басым айналғандай болса да, жол бойы, ең болмаса, біреуін аузыма салмадым. Балалардың алдына барғанымда, қалтам ортайып қалатындай көрінеді. Үзіліс кезі екен, класқа кірер-кірмесімнен мені де балалар жапырлай қоршап ап: «Иә, неге шақыртады екен? Не істедің?» — деп үздіге сұраған. Санат құсап мен де олардың төбе- лерінен қарай тұрып: Жай, әншейін,- дей салдым немқұрайлы үнмен.- Онан да мә, бауырсақ жеңдер,- деп жеткенше бір-бірден үлестіріп бердім. Өзім бір бауырсақ қана алып қалғам. Қанат, мен құр қалдым ғой,- деген кластағы ең кішкене бала Көпен жүгіріп кеп. Амал жоқ, соңғы бауыр- сақты соған ұстата бердім. Сөйтіп, бір қалта бауыр- сақтан өзім ауыз да тие алмадым. Оның есесіне Санат сияқты кластағы балалардың алдында менің де шоқтығым бір өсіп қалды. |