кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
деді әжем кейіп,- Әйтеуір, еш жеріңе, денеңе тісі тиген жоқ па? Тиген жоқ,- дедім түнде иттің қапқанын жасырып. Өйткені оны айтып, әжемді құр несіне үрейлендірем… Тек шалбарымның мына жерін жыртып жіберіпті, тігіп берші,- деп, төсегімде көрпеге оранып отырған күйде шалбарымды алдына қарай лақтырып тастағам. Әжем тебендей жуан инесі мен шуда жіп әкеп өзіме сабақтатып алды да терезенің алдына жарыққа барып отырып әуелі шалбарымның жыртығын, онан кейін тонымның жалбыраған шалғайын жамап берді. Жамап отырып өзі біраз кейіп, ұрсып алды, көп ойнайты- нымды, әсіресе түнге қарай көп жүретініме ренжіді. Мен бүгіннен бастап түнге қарай үйден шықпаймын деп уәде бердім. Сыртқа шығып, қоңыр сиыр мен екі ешкіні қорадан шығарып, алдарына біраз сабан шашып, сол сабанға араластырып беру үшін қораның үстіндегі шөптің ең соңғы қоқым-соқымдарын сыпырыстырып тұрғам. Қой деймін, қойсаңшы! — деген дауысқа жалт қара- сам, көшенің ортасымен біздің үйге қарай Отто бір бау шөпті арқалап келеді екен. Бір қолымен шалбарының ышқырынан ұстап алған. Соңынан ере жүрген Бәтен тырқылдай күліп, оның шалбарын төмен түсіріп жібермек боп тартқылап келеді. Бір ауық Отто қайыры- лып, оны теуіп жібермек болады, ондайда Бәтен кейін қашып барып тоқтайды да, Отто қайтадан кете берген кезде, жүгіріп кеп шалбарының артынан төмен тартып қап мәз болады. Қой деймін-ей, әйтпесе, мына шөпті тастай сап көресіңді көрсетем ғой,- дейді ыза болған Отто қызараң- дап. Бірақ өзі шөбін тастамайды. Әрине, шөбін тастай салып, бас салып ұстаған күнде де Бәтенге ол ешқандай көресінің көрсете алмайды. Әлі де жетеді. Бәтенге қарағанда күші де басым, бірақ үстемдік жасап ұра алмайды. Оны Бәтен де жақсы біледі. Сондықтан ол Оттоның соңынан қылжақтай еріп, біздің үйдің қасына дейін келді де, қораның төбесінен түсіп, өздеріне қарсы жүрген мені көрген соң ғана, кейін қайтты. Бір бау шөпті Отто жаңа Мақым шалдан кәдімгі Шағыркөз жирен атын тұмаға апарып, суғарып кеп, со кісіден сұрап апты. Жібі болмаған соң, қайыс белбеуімен буып, арқалап алған ғой, бір қолымен шалбарының ышқырынан ұстап жүргені содан екен. Бәрінен де Шағыркөз жиренді тұмаға апарып суғарып қайтқанша, қос өкпеге тепкілеп, түндегі кегі- мізді бір қайтардым,- дейді Отто мәз бола күліп. Сонымен қоңыр сиырға бүгіндікке де біраз шөп табылған еді. Мектепке келген соң да сабақ арасы Петька, Отто үшеуміздің қыбыр-жыбырымыз, сөзіміз онан әрі жалғасқан. Шыдай алмай кетті-ау деймін, бір сәт қасы- мызға келген Санат: Соңғы кезде үшеуің ерекше бөлініп, сыбырласып кеттіңдер, жайшылық па, айтсаңдаршы? — деген. Сыры- мызды басқа балалардан жасырсақ та, Санаттан жасы- рғымыз келмеді. Бар шөбімізді Тұржан атқарушының қырсығынан жеткізіп ала алмағанымызды, енді, міне, бұзаулайтын шағында қоңыр сиырдың ашыққалы тұрға- нын, соған шөпті қайдан аларымызды білмей, басымы- здың дал болып қатып жүргенін айттық. Санат та ойланып қалды. Келесі үзілісте ол үшеуміздің қасымызға қайта кеп, көңілге қонар бір ақыл берді. Мынау ауылдың іргесінде, Жарбұлақтың бергі тұсында, жолға жақын жерге қара күзде тасып алынған екі маяның орны бар ғой, талай шөп ысырап боп шашылып қалған, сол араның үстінің қарын аршып көрсе қалай болар еді? Иә, ол жерді мен білем ғой, талай шөптің шашылып қалғанын өз көзіммен көргем,- деді Отто жұлып алғандай. Мен де білем,- деді Петька да. Ол екі маяның орны менің де көз алдымда еді. Күзде талай рет Нәзира әпкем арба айдап келе жатып «шашылып қалған шөптен жинап ала келсем бе дедім де, колхоздікі болған соң алуға қорықтым»,- дейтін. Иттің тісі батқан жер қанша сыр бермеймін десем де сыздап ауырып, аяғымды аттатпайды. Сабақтан шыққан соң үйге қайтарда сүйретіліп әзер жүрдім. Бұл күйде Жарбұлаққа қалай шөпке барам? Бір үйдің тасасына келгенде Петька бой бермей шалбарымды түсіріп, жамбасымды сипап қарады да: Tic батқан жердің төңірегі қызарып ісіп тұр екен,- деді жаны аши сөйлеп.- Сен бүгін үйіңде бол, Жарбұлаққа Отто екеуміз барып қайтамыз ғой. Жо, мен өзім бармасам, сендер де бармайсыңдар. Немене, бізге сенбейсің бе? Сенем, бірақ өзімнің де барғым келеді. Вот қиқар,- деді Петька мырс етіп күліп.- Жарайды, біз Отто екеуміз сені шанаға отырғызып ап сүйретіп апарамыз. Шанаға сүйретпей-ақ мен өзім барам… Сөйтіп, үшеуміз бір-бір күрек алып, үш кішкентай қол шанамызды сүйретіп, Жарбұлаққа қарай тарттық. Бұл жолы қайда баратынымызды, не әрекет жасайтыны- мызды үйден жасырғамыз жоқ. Қоңыр сиырға шөп табу үшін маялардың орнын аршимыз дегенімізге Петьканың мамасы да, Оттоның мамасы да қарсы болмады. Әжем болса: Қарағым, абай болыңдар, әйтеуір. Қар басып қалған шөпті аршып алу да оңай болмас, мұз боп қатып жатқан шығар,- деген. Егер аршып алғандай болсақ, шөбімізді Тұржан көрмеуі үшін қапқа, мөшекке салып әкелеміз деп үйлері- мізден бір-бір ыдыс алғанбыз. Мен жалғыз қалған ала қапты алдым. «Біреуі ғана қалыпты, біреуі қайда кеткенін білмеймін»,- деп, әжем ауыз үйдің қуыс-қалта- рыстарын тінткілеп қалды. «Іздемей-ақ қой, ол қап табылмайды»,- деп айтуға дәтім бармады. «Іздер-іздер, табылмаған соң қояр»,- деп ойладым. Жарбұлаққа барар жолдағы қар қыстағыдай емес, жұқарып, қатқақтанып, мұздаққа айналыпты. Ауылдан шыққан соң оймауыт тұстарда үшеуміз үш шанаға отырып, жарыса сырғанаймыз да, өрге келгенде Петька мен Отто мені қосақталып сүйрелей жөнеледі. Мұздақ қардың үстінде шана да лыпып сырғанайды. Маялардың орнын оп-оңай таптық. Жолдан жүз метрдей жерде кедір-бұдыр төмпешік-төмпешік болып жатыр екен. Кей жерлерде еріп, мүжілген, қар астынан селдіреп шығып қалған шөп те көрінеді. Қуанғанымыз сондай, шаналарымызды тастай бере әлгі шөбі көрінген тұстардан кеп үшеуміз үш жерден тұра қап, оюға кірісіп те кеттік. Күректерімізді тіктеп шаншып, шөпті бүркеп жатқан көрпе сияқты жұқа қаңылтақ қарды лездің арасында қопарып-қопарып тастамақ болғанбыз. Бірақ жұқа көрінгенмен, қар деген аты болмаса, сіресіп қатқан мұздан бір кем емес екен. Күректеріміз тасқа тигендей шақ-шұқ ете қалды. Сонда да бой бермей ұрғылай бердік. Әлі-ақ мына төмпешіктеніп жатқан мұздақ қарлардың тас-талқанын шығарып ойып-ойып, астын- дағы шөпке қарық боламыз да қоямыз. Алайда күзгі жауында әбден шылқып су болып, жерге басылып, одан үстінен қар жауып, алты ай қыс қатып жатқан шөпті аршып алу деген оңай емес екен. Біраздан кейін-ақ алғашқы аптығымыз басылып, меселіміз қайтайын деді. Өйткені тас уатқандай шақылдатып ұрғылап жүріп ойып алғандағы бір уыс, жарым уыс шөбіміздің жартысы мұз боп шығады. Тастайын десең, онан кейінгі ойып алған шөбің де сондай. Жалпы көзіміздің бір жеткені маяның орнында қалған шөптің бәрі осындай жартылай мұз боп жерге жабысып қатып қалған екен. Мейлі, осы мұзымен болса да үйге алып барайық,- дейді қара терге түсіп түтіккен Петька әлгілерді бір жерге жинастырып.- Мұзын ерітсек, шөбі қалады ғой. Онысы да ақыл Әйтеуір, шөп аты бар ғой. Жоқтан гөрі бар. Ит қапқан саным күректі қолыма ұстап, қар оюға кіріскенімде-ақ сыздап ауыра бастаған, бірақ оған бой бермеуге тырысып қимылдай бердім. Күректі құлаштап көтеріп зірк-зірк ете бергеннен соң ба, біраздан кейін жанға батып ауырайын деді. Енді қаттырақ қозғалған сайын, саныма ине сұғып алғандай болады. Бүкіл аяғым тұтасып, зіл батпан боп ауырлай түседі. Тағы біраздан кейін ауырғаны сондай, шыдай алмай шанама барып қисайып отыра кеттім. Жамбасым тегіс өртеніп бара жатқандай сыздап, ес таптырар емес. Өне бойым тегіс ауыр тартып, көзім қарауытып кетті. Жатқым келеді. Бірақ жатсам қайтіп тұра алмайтын сияқты көрінем, сондықтан өзімді-өзім: «Түу, осы да сөз бе екен, иттің бір тісі батқанға ауырып»,- деп, жігерлендіріп, бір ауық Петька мен Оттоға қараймын. Ол екеуі менің мына хәлімді де, отырғанымды да байқар емес. Еттері қызып алған, қара терге түсіп, күректерімен мұздақ қарды гүсілдете ұрғылайды. Мұз боп қатқан бір кесек шөпті ойып алса, мәз болады. Міне, мынаның шөбі көп екен! — дейді қуана дауы- стап. Одан әрі күректі қайта құлаштайды. «У-ух, У-ух» дейді бірінен-бірі қалыспай. Енді бір сәт көзімді жұмып, талықсығандай боп отырған маған екеуі мұздақ қар емес, тау ойып жатқандай естіледі… Қанша отырғанымды білмеймін, бір кездері Петька мен Оттоның: Әй, анау Қанат неғып отыр? Ауырғаннан сау ма? Өзінің отырысы бір түрлі ғой?! Әй, Қанат! — деген дауыстары алыстан талып естілді. Оларға жауап қайырмақ болып едім, шамам келмеді. Қасыма жүгіріп келіп, біреуі маңдайымды ұстап көрді де: Ой, ой, ой!.. Күйіп тұр ғой! — деді. Қап, ауырып қалатын болды-ау! Бүгінше осы ойғанымыз жетер, енді қайтайық. Қайтайық. Ертең екеуміз кеп тағы оямыз ғой. Әрине… Давай, Қанатты өз шанасына жатқызып сүйретейік. Ал екеуміздің шаналарымызды бір-біріне тіркеп, үстеріне мешоктар мен қапқа салып мына шөптерді тиейік. Жарайды… Екеуінің ақылдаса сөйлесіп жүріп, мені шанама жатқызып, одан ойған мұз шөптерін ыдыстарға салып шаналарына тиегендерінше қанша уақыт өткенін білмеймін, бір ұйқыдан оянғандай болған кезімде, өзімді сүйретіп келе жатқандарын аңғардым. Ыңқылдайды, жанына батып келеді-ау деймін. Аяғы тегіс күп боп ісіп кетіпті. Әне, тағы да ыңқылдады. Шыда, Қанатай, шыдашы, бауырым, қазір ауылға жетеміз. Мұнан әрі тағы да ұйықтап кеткем… Біреу көтер- гендей болды. Әлуетті күшті қолды сездім, үлкен адам сияқты. Түу, жеп-жеңілі-ай! — деген ер адамның бейтаныс даусы құлағыма жетті. Мына араға жатқыз,- деген екінші үлкен адамның даусы. Мұны айнытпай таныдым, Мақым шал ғой. Мені әлгі күшті қол жайлап әкеліп жұмсақ шөптің үстіне жатқызды. Бұл әлгі Ықсанның баласы ғой,- деген Мақым шал. Қанат па? Бойы сыриып дырдай жігіт бопты ғой,- деді әлгі бейтаныс адам мені танып, еңкейіп кеп мені бетімнен сүйді.- Тү-у, ыстығы қатты көтеріліп жатыр екен. Мыналар ит қапқан деп тұр ғой, үйге барған соң ұшықтап жіберсе, бір-екі күнде жазылып кетеді,- дейді Мақым шал жайбарақат үнмен. «Мынау мені бетімнен сүйген ер адам кім болды екен?» — деп ойлаймын. Көзімді ашқам, айдалада тоқтап тұр екенбіз. Почташы Мақым шал соңымыздан қуып жетіп, мені өз шанасына жатқызыпты. Бас жағымда бір жақ шекесі тегіс ойдым-ойдым, бір көзінің үстін бастыра қара былғарымен байлап алған түсі суық біреу екен. Киімдеріне қарағанда әскерден қайтып келе жатқан адам сияқты. Мынау кімнің баласы? — деп сұрады әлгі адам. Бұл кәдімгі соғыстан бұрын колхоздың шошқасын баққан Крешке деген орыстың баласы ғой,- деді Мақым шал. Бәрекелде, Крешкенің баласы ма-ей? Әй, бері келші. Атың кім? Петька. Ой, үлкен жігіт боп қапсың ғой, Петька,- деп әлгі адам Петьканы құшағына алып, бетінен сүйді. Әй, сенің әкеңмен бірге талай арақ ішіп, ел тыржы- ңдап қашып жүргенде, шошқаның етін жеп ем,- деді мәз бола күліп. Онан соң Оттоны нұсқап: Ал мынау кімнің баласы? — деген. Бұл соғыс басталғанда көшіп келген немістің баласы, Ота деген жігіт. Қазір өзіміздің ауылдың баласы боп кетті ғой. Кел бері, біздің ауылдың баласы екенсің, сенің де бетіңнен сүйейін,- деп, әлгі адам Оттоны да шақырып ап бетінен сүйді. Әй, Бетке, Ота! Шаналарыңды мына менің шанама тіркей салыңдар да, ауылға жүгіріңдер сүйінші сұрап. Соғыстан Көпеннің әкесі Әбен аман-есен келе жатыр деңдер. «Көпеннің әкесі екен ғой! Байғұс Көпен, кіп-кішкен- тай, ап-арық боп үйден үй аралап, соқыр боп қалған атасы екеуіне қайыр-садақа сұрап жүруші еді. Маңдай- ының бағы бар екен де. Енді аштан өлмейтін болды. Ол енді әкесі бар бала. Ауылдағы ең бақытты бала сол болды ғой!..» деп ойлаймын. Содан мен бір аптадай ауырып жаттым. Бүкіл бір жамбасым, аяғым тегіс күп боп ісіп, алғашқы күндері мүлде қозғалтпай қалды. Мақым шал сиыршының мені қапқан көк төбетінің қылшығын жұлып әкеп, сонымен үшкірген. Екі-үш күннен кейін кезек алып, біртіндеп жараның уыты қайтайын деді. Мен жатып қалған кезде, қоңыр сиырдың бар тауқы- меті Петька мен Оттоға түскен. Екеуі сабақтан шыққан соң, күнде түстен кейін Жарбұлақ жақтағы маяның орнынан ойып шөп әкеледі, оның мұзын ерітіп, желге жайып кептіріп, сабанға араластырып, қоңыр сиырдың алдына тастайды. Жақсы жейді,- деп екеуі де мәз болады. Мен жатқан күндері екеуі сырттағы жаңалықтарды түгел күнделікті жеткізіп тұрды. Біртіндеп күннің жылынып, қардың кете бастағанын солардан естідім. Ауа райы осылай боп тұрса, енді біраз күнде жайма-шуақ көктемнің келетінін, сонда малды тау бөктерлетіп, жайылымға шығаруға болатынын сөз етеді. Келесі келгендерінде қардың астынан қалың көктің қылтиып қаулап келе жатқанын жарыса айтады. Осыларды есті- генде тезірек аяғымның ісігі қайтса екен деп шыдам- сызданам. Күнде ертеңгісін әжем тұрған кезде, мен де басымды көтеріп, мойнымды созып, терезеден сыртқа қараймын. Күн ашық болса қатты қуанам, көктемнің жақындай түсуі осы күннің ашықтығына байланысты ғой. Қалайсың? — дейді әжем. Мен аяғымды қозғап қойып: Жақсымын,- деймін. Әжем кеп көрпемді ысырып, аяғымды сипап ұстап көреді де: Ісігі әлі қайтпапты, қозғалмай жат,- дейді. Одан соң ұзақты күнге терезеден бозара қарап жатып кешті батырам. Түстен кейін бір ауық Петька мен Отто кеп отырып кетеді, сонда біраз серпіліп қалам. Қалған уақытта сарылып жата берген адамға таңның атуы да, күннің батуы да қиын екен. Бір күні ертеңгісін сыртқа шыққан әжем сәлден кейін абыржып кірді үйге. |