Главная страница

кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын


Скачать 1.41 Mb.
НазваниеБірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Анкоркітап
Дата22.11.2022
Размер1.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаfkvf.docx
ТипДокументы
#806798
страница32 из 33
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

      • Қанат-ай, балам-ай, қоңыр сиыр жоқ,- деді есі шыға.

      • Қайда. кетіпті?

      • Білмеймін. Түнде мықтап байлап қойған сияқты едім. Қораның аузын да мықтап бастырып жауып ем. Әлде жібі шешіліп, бошалап шығып кетті ме?..

Осыны айтты да әжем қоңыр сиырды іздеуге бел буған түрмен қайта шығып кетті. Ұшып тұрып киініп, бір аяғына ағаш байланғандай сүйретіліп мен де іздеуге шықтым. Қоңыр сиырдың жоғалғанын ести сала Петька мен Отто да безек қағып, ауылдың төңірегін айналып зыр жүгірді. Бүкіл көрші-көлем тегіс тік тұрып, аяқ жетер жерді аралап, бірге іздесті. Бірақ қоңыр сиырдың ізі де білінер емес, ұшты-күйді жоқ. Сол күні кешке дейін аяғымның ауырғанына қарамастан талай жерді

шарлап, сілем қатып кешкісін үйге келсем, кішкене балалар ұлардай шулап жылап отыр екен. Көп жүргеннен бе, әлде суық тиді ме, менің аяғым тағы да күп боп ісіп кетті. Төсегіме сылқ етіп құлап түстім. Біраздан кейін шаршап-шалдығып әжем де келген. Көзі шүңірейіп, екі жағы мүлде суалып, бір уыс қана боп шүпиіп қапты. Алдынан шуылдаса шығып, жылап қарсы алған балаларға қабағын түйіп:

    • Жә, түге, олары несі кісі өлгендей күңіреніп! — деп қатты ашумен басып тастады.-Жыламаңдар әрі, жаман ырым бастап. Басымыз аман болсын деп тілеңдер!

Кішкене балалар әжемнің мына қату түрін керіп жылағандарын пышақ кескендей қойып, тыйыла қалды.

    • Әй, Болат, от жағып, шай қойып жіберші, балам! — деді бұйырып. Сөйдеді де төсегімде сұлқ жатқан менің қасыма кеп еңкейіп, аяғымды сипалап ұстап көрді.- Балам-ай, әттеген-ай, аяғыңды тағы ісіріп апсың ғой,- деді жабырқай кейіп.- Бекер көп жүргенсің. Тәуір болға- ныңда тағы жатып қалатын болдың-ау.

Пысылдап жүріп ошаққа от жағып, Болат қайнатқан шайға отырдық. Әжем қара суға шыланған талқаннан бір-екі рет қана таңдайына салып, қайнаған суды тұз салып терлеп-тепшіп ұзақ ішті. Шай үстіндегі әңгіме- леріміз ұсақ-түйек үй тірлігі төңірегінде: «Су әкеліп қойдың ба?», «Отын жардың ба?» тәріздес болды да, қоңыр сиыр туралы ешқайсымыз жарып аузымызға алмадық. Ащы жараны тырнаудан қашқандай маңай- лағымыз келмейді. Онан бір ауық әжем осындай жадап- жүдеп тарыққан кезімізде, көңілімізді жұбататын дағдысына бағып, ертегі тәріздес әңгімелердің бірін бастап кетті.

    • Баяғыда, осы сендердей кезім, бір қатты жұт болып, мал тегіс қырылып қалды. Әй, сол жылғы қыс та ерекше қатты болып еді. Жауған қардың қалыңдығы сондай,

мына Қоғалы бұлақтай жерде отырғандарға алты ай қыс бір қатынаса алмадық қой. Ол заманда бүгінгідей колхоз деген жоқ, пішен шабу, қысқа шөп дайындау дегенді білмейді жұрт. Содан қалың жауған қарда мал тебіндей алмай аштан қырылды дейсің. Көктемге қарай қалың елде тігерге тұяқ қалмады ғой…

Терезе қағылды да сырттан:

      • Қанат, Қанат! Тез далаға шықшы! — деді біреу дауыстап.

Әрине, аяғым ауырып отырған мен тұра қоймадым да, менің орныма сыртқа Болат жүгіріп шықты, лезде тапырақтай жүгіріп қайта кірді де:

      • Әже, Бәкке біздің қоңыр сиырды әкеп тұр! — деді жан даусы шыға айқайлап.

Үй ішімізбен ауырған-сырқағанымызға қарамастан дүрліге көтеріліп, сыртқа ұмтылдық. Шынында да, есік алдында Бәкке қоңыр сиырды жетектеп кеп тұр екен. Қуаныштан есіміз шығып кетті.

      • Қайдан таптың?

      • Қайдан әкелдің? дейміз шуылдаса жамырап.

      • Мына жақтан,- деп Бәкке қараңғыда белгісіз жақты нұсқағандай болды. Есі шыққан әжем:

      • Ой, өркенің өскір қарағым-ай, мың бол, мың болғыр!.. Көзің жамандық көрмесін!.. Өмірің қызыққа толы болсын!..- деп, Бәккеге алғысты батасын үсті- үстіне жаудырып, айналып-толғанып жүр. Онан қоңыр сиырды бас жібінен алып, қораға қарай жетелей жөнелген.

      • Әже, қораға емес, ауыз үйге кіргізіп байлаңызшы,- деді Бәкке.

      • А! Сөйтейін бе? О да жөн екен,- деп, әжем енді қоңыр сиырды ауыз үйге қарай жетектеді. Қоңыр сиыр үйренген қорасына қарай тартқылап қиқалақтай бастаған, бәріміз артынан қаумалай айдаған соң, амал

жоқ, ауыз үйге кірді. Әжем ауыз үйдегі май шамды жағып, білтесін көтеріңкіреп, сиыр тұратын жақ бұры- штағы ондық-мұндық заттарды басқа жаққа алып қойды. Қоңыр сиыр тап-таза ауыз үйді жатырқағандай көзі шарасынан шыға пыс-пыс етеді.

    • Өзі тоқ екен,- деді әжем бүйірінен сипалап.- Әй, Болатжан, балам, астына бір құшақтай сабан әкеп тасташы, жатқанына жұмсақ болсын.

Болат лып етіп барып сабан әкеп төседі әлгі бұрышқа.

Онан соң «сақтықта қорлық жоқ» деп екі ешкіні де ауыз үйге кіргіздік. Сыртқы есіктің ілгегін жауып ап, қуаныштан есіміз шыға абыр-сабыр боп, ауыз үйде қоңыр сиырдың қасында бір шай қайнатым тұрдым-ау деймін. Ішкі үйге кіргіміз келмейді. Ауыз үйдің аты ауыз үй емес пе, тек тоңа бастағаннан кейін ғана ішке кірдік. Болат от жағып, қайтадан шай қайнатты. Мына қуаны- штың үстінде әжем мырзалығы ұстап, тағы бір-бір қасы- қтан талқан шылап берді. Ризалығын білдіріп Бәккенің алдына, жеке өзіне жарты тостаған талқан шылап қойды.

    • Мен үйден шай ішіп келдім, рақмет, әже,- деп Бәкке бас тартқан.

    • Жоқ, қарағым, рақметіңді қоя тұр. Сен бүгін талқанмен емес, мал сойып құрметтейтін қонағымыз- сың, ұялмай же,- дейді әжем жаны қалмай қалбалақтап.

Шай үстінде мен Бәккені өзімсіне:

    • Қайдан таптың? — деймін анықтай білгім келіп. Осы сәтте балалардың бәрі тегіс: Болат та, тіпті кішкентай Жанарға дейін көздері жайнаңдап Бәккенің аузына қарай қалған.

    • Ат суарайын деп барсам, тұманың басында жүр екен, шөп беріп ұстап алдым да, үйлеріңе жетелеп әкел- дім,- деді Бәкке міз бақпастан. Соған бәріміз иландық.

Әрине, мен іштей иланғам жоқ, Бәккенің шынын жасырып отырғанын сездім, бірақ кішкене балалардың көзінше қазбаламадым.

Шай ішіп болған сон, Бәкке маған:

      • Мен сендердікіне жатайыншы,- деді.

      • Жат. Екеуміз бірге жатамыз,- дедім мен қуанып.

Әжеме айтып ем, ол кісі де қуана құптады.

      • Қарағым-ау, үй кең ғой, оның не қысылатыны бар, жатсын,- деді.

Сөйтіп, менің төсегімді кеңейтіп салып Бәкке екеуміз бірге жататын болдық. Әжем ауыз үйге шығып тағы да қоңыр сиырды сылап-сипап жататын жерін ыңғайла- стырды. Қоңыр сиыр тұмсығын созып ыңырана ақырын мөңіреген.

      • Ойбұй, байғұсым-ай, шөлдеп тұр екенсің ғой,- деп шелекті салдырлатып су берді.

Енді шамды сөндіріп жатқалы отырғанымызда, сыртқы есімізді біреу жұлқа тартып, онан тықылдата қақты.

      • Ол кім? деген әжем есік ашпас бұрын.

      • Мен Бакка апа! деді әйел даусы.

      • Менің апам ғой,- деді Бәкке елең етіп.

Әжем есікті ашып, үйге Бәккенің шешесі Зейнат кірді. Бұл баданадай қой көзді, пышақпен қырнап жасағандай қыр мұрынды, өңі ажарлы болса да, бір түрлі суық көрінетін, орта жастағы ақ сұр әйел еді. Бәккенің кескін-келбеті әкесі Адудан гөрі осы шешесіне көбірек ұқсайтын. Ал әкесі Аду сақал-мұрты қап-қара, қоңырқай жүзді, доғал мұрын, кішірек көзі күлімдеп, жұмылып кете жаздап тұратын адам.

Зейнат кірген бойда әуелі әжеме:

      • Амансыз ба,- деп амандасты да, (Бәккенің шешесі қазақша басқа сөздерді сөйлей алмаса да, «амансыз ба?» дегенді өте анық және дұрыс айтатын) шәлісінің астына

тығып әкелген бір күлше дөңгелек наны бар екен, соны ұсынды.- Бала тіс жейді,- деді күле сөйлеп. Әлгі күлшенің жүгерінің ұнынан пісірілгенін мен айнытпай танып отырмын. Анда-санда Бәккенің үйіне кіре қалғанда жейтінбіз. Өте тығыз боп піскен, тәтті болады.

    • Рақмет, қарағым,- деді күлше нанды алған әжем.

    • Балалар тас берсең де жеп қояды ғой.

Мұнан әрі Зейнат баласына шешеншелей жөнелген. Даусы қатқыл, әр сөзі ұрысқандай естіледі. Бір жылдан бері шешенше пәлендей сөйлеп үйренбесем де біраз сөзін түсінетінмін. Сондықтан Бәккенің шешесінін айтқандарын түгел ұқпасам да, ұзын-ырғасын сезіп тұрмын: әкең жұмыстан қайтқанша неге шыдамадың, дейді жазғырып. Бәкке де қатты сөйлеп жауап қайырды:

«Әкем келгенше, олар сиырды сойып алса не істеймін» дейді. Шешесі тағы да жазғыра сөйледі: «Егер қолдарына түсіп қалсаң қайтетін едің, олар өлтіріп тастаудан тайынбайды ғой» деген. «Жоқ, өлтіре алмайды, мен оларға өлтіртпеймін»,- дейді Бәкке де қайтпастан. Шешесі мұнан кейін де жазғырып ұрысқан, бірақ Бәкке де өз дегенінде тұрып алды, шешесіне көзін аларта қарап

«уай-уай» деп шатынай сөйлейді. Осылайша шешесі мен баласы біраз дауласып сөйлесіп алды да, ақыры Зейнат шарасы таусылғандай лажсыз күлімсіреп әжеме қарады.

    • Бала жаман… жаман…- деді қолын сілтеп.

    • Жоқ, қарағым. балаң жаман бала емес, жақсы бала,- деді әжем оған қарсы дауласа сөйлеп.- Осы үйге келгенде байқаймын ғой, тәрбиесі де, тәртібі де жақсы бала.

    • Вай, вай,- деп Зейнат қарсылық білдіргендей басын шайқап күлді де.- Мен бала, сен бала…- деп бастады да, әрі қарай аузына қазақша сөз түспей тұтығып тұрып қалды, онан соң баласына сен түсіндіріп жіберші дегендей айтар сөзін шешенше жалғастырып әкетті. Бәкке күлді де:

      • Әже, менің апам айтады, менің балам сізді өзінің әжесіндей жақсы көреді деп,- деп аударды.

      • Е, айналайын, мен де сені мына отырған Қана- тымнан кем көрмеймін,- деді әжем де.

Бәкке енді өз шешесіне әжемнің сөзін аударған.

      • Вай, вай! деп Зейнат сақылдай күлді.

Мұнан әрі шешесімен Бәкке тағы біраз сөйлесті де, ақыры шешесі кетуге ыңғайланды, әжеме қарап:

      • Мен бала…- деп қолымен ишараттап Бәккені нұсқап, осында қонады дегенді білдірген.

      • Қонсын, қонсын. Қорықпа, балаңды сабамаймыз,- деді әжем әзілдеп. Әжемнің әзіліне бәріміз де мәз болып күлдік.

Зейнат кеткен соң шамды өшіріп жатқанбыз. Әжем мен балалар тез ұйқтап қалды да, Бәкке екеуміз қатар жатып ап алаңсыз еркін әңгімеге кірістік. Әуелі Бәкке:

      • Қанатай, бұл әңгіме тісіңнен шықпасын, әйтпесе екеумізді де өлтіреді,- деп, маған өзінің қоңыр сиырды қалай тапқанын айтып берді.

Қоңыр сиырды бір шешен (Бәкке ол шешеннің де атын айтпады) өткен түні таң алдында кеп әкетіпті. Содан күні бойы алдына шеп салып қораның түкпіріне қамап қойыпты. Ондағы ойы алғашқы күнгі абыр-дабыр іздеу басылған соң, бүгін түнде сойып алу екен. Мұның бәрін Бәкке әлгі шешеннің бес жасар баласының айтқа- нынан (балалы үйдің ұрлығы жата ма) естіпті. Оның үстіне Бәккенің өзі де сабақтан қайтып келе жатқанында, әлгі шешеннің қорасына шөп кіргізіп жүргенін байқап қалады. «Мұның ешқандай малы жоқ еді ғой, шөпті неменеге салып жүр екен?» деп ойлады. Сөйткенше болмай ойнап жүрген баласы «Бүгін менің әкем сиыр сояды» деп мақтанып, бар жағдайды айтып береді. Содан Бәкке әлгі шешеннің үйін сырттай аңдиды. Әкесі болса жұмыста, басқа ақылдасатын адам жоқ. Бәкке не істерін

білмей аласұрады. Бізге кеп айтса, ұрлығын ашқаны үшін әлгі шешен мұны бауыздап тастайды, өйткені шешендердің заңы солай. Кешке қарай көрші колхоздан жасырынып әлгі шешеннің бір-екі сыбайласы келеді. Үшеуі үйге кіріп, пышақтарын қайрап, қараңғылықтың түсуін күтіп отырған кездерінде, Бәкке ақырын барып есіктерін сыртынан бекітіп, қоңыр сиырды жетектеп, біздің үйге қарай тайып тұрыпты. Әлгі шешендер әзірге өздерін кімнің тотитып кеткенін, әрине, білмейді.

    • Ал егер білсе ше?

    • Тіпті білсе де бұл шешендер үшін кешірімді. Олар ұрлады, олардан мен ұрладым. Мықты болса ұрлатпау- лары керек еді. Ал егер ұрлағандарын келіп айтсам, онда кешірмес еді. Өштесіп, кек қайтарар еді. Сондықтан ертең ешкімге ештеңе демей, түк білмегендей болайық. Сұрағандарға тұма жақта жүрген жерінен тауып алдық дей сал.

    • Мақұл, Бәкке.

Көзіміз ұйқыға енді ілініп бара жатқан, үйдің түбінен жүріп өткен дүбірден Бәкке де, мен де қатар оянып, басымызды көтеріп-көтеріп алдық.

    • Біреу жүрген сияқты болды ғой.

    • Иә, біреу есік алдында жүр.

Ұмтылып барып терезеге жабыса тұрып, тастай қараңғы сыртқа қарағанбыз. Қараңдаған еңгезердей біреу қораға кіріп кетті де сәлден кейін қайта шықты, ары-бері ұрлана қарап біраз жүрді де, енді кеп есікті тартқылады.

    • Соның өзі,- деді Бәкке сыбырлап.

    • Киініп алайық.

Қараңғы үйде сипаланып тұрып, тез киініп алдық. Бәккені қайдам, менің өне бойым безгек ұстағандай дірілдеп кеттім. Әуеліде есікті жай тартқылағандай тықырлатып тұрған, әлгі бір кез сарт еткізіп жұлып

алғандай болды. Бәкке екеуміз жүгіріп ауыз үйге шыққанбыз, жоқ, есік ашылмапты. Сырттағы адам бар күшін салып тағы да жұлқып-жұлқып қалды, бүкіл үй солқ-солқ еткен.

      • Қанат, балта бар ма? деген Бәкке.

Мен қараңғыда сипаланып барып, босаға жақта сүйеулі тұратын балтаны тауып әкеп Бәккенің қолына ұстаттым да, өзім ашаны алдым.

      • Сен не алдың? деп сұраған Бәкке.

      • Ашаны алдым.

      • Дұрыс. Енді қорықпаймыз. Егер есікті бұзып кіретін болса, мен оны тура балтамен шабайын, ал сен қарнына ашаны сұғып ал.

      • Мақұл.

      • Әй! — деді енді Бәкке сырттағы есікті тықырлатып тұрған адамға: — Біз біріміз балтамен, біріміз ашамен қаруланып тұрмыз.

      • Бәкке?! — деген сырттағы адам таңырқап.

      • Иә, Бәккемін.

Анау шешеншелеп бірдеңе-бірдеңе деген, менің ұққа- ным: сенің бұл үйге қандай қатысың бар дейтін сияқты. Бәкке де шешеншелеп жауап қайырды: бұл менің досымның үйі дейді. Анау: «мен қазір сені досыңмен қосып бауыздаймын» дегендей болды. Бәкке: «Бауыздап көр, менің әкем сені бауыздасын деді». Анау: «Мен сенің әкеңнен қорықпаймын» деген. Бәкке менің әкем күшті, сені құртады, деді ызақорлана дауыстап. Сырттағы адам бар күшін сап есікті тағы да жұлқып қалған. Осы кезде сырттан, арғы жақтан шешенше айқайлап ақырған еркектің даусы да шықты. Есікті жұлқып тұрған адам тапырақтай жүгіріп ары қарай кетті. Сөйткенше болған жоқ, әлгі екі адамның дабыр-дұбыр сөйлескендері әріректен, көше жақтан естілді.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


написать администратору сайта