Главная страница
Навигация по странице:

  • Біз тағы қайталадық… тағы қайталадық… Дұрыс! — деді бір кезде.- Ал кімде сұрақ бар

  • кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын


    Скачать 1.41 Mb.
    НазваниеБірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
    Анкоркітап
    Дата22.11.2022
    Размер1.41 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаfkvf.docx
    ТипДокументы
    #806798
    страница7 из 33
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
    Жайықтың ақ маралы ар ма Жібек?

    Ырысбек мүлде ішегі түйіліп, көзінен жасы сорғалап, санын шапақтап өлді де қалды. Қысқасы не керек, ойын біткенше есін жиған жоқ. Ойынымыз біткеннен кейін ол күлкісін тыйып сәл үнсіз отырды да:

      • Талаптарың жақсы екен, балалар,- деді, қабағын шытып ойланып қалды.- Жә, сендердің бұ жүрістерің бостан-бос азып-тозу. Сендерге мықты тәрбие керек екен,- деп және тоқтады, тағы ойланды.- Былай, балалар, бүгіннен бастап, тап қазірден бастап сендер әскер дайындығын өтіп, әскери ойындар ойнауларың керек. Әжібек! Адъютант!

      • Из,- деген шөп үстінде отырған Әжібек селқос қана.

      • Отставить! Кәне, қалай келуің керек менің алдыма, қалай жауап беруің керек?! деді Ырысбек жекіп.

    Әжібек ұшып тұрып, Ырысбектің алдына кеп қалт тұра қалды да, қолын шекесіне апарып.

      • Иест! Мен мұндамын, жолдас кәмәндір! деді.

      • Міне, дұрыс. Атыңды атап мен шақырғанда ылғи өститін бол! Қазір мыналарды тегіс бойларына қарай сапқа тұрғыз. Мен үйден киініп шығайын. Сонан соң әскери дайындықты бастаймыз.

    Даусы мұздай боп, сөздері қатқыл шықты.

      • Иест, кәмәндір! Әй, жетпегірлер, кәне бойларыңа қарай сапқа тұрыңдар! Тез! Желкелеріңді үзіп жіберем!

    • деп Әжібек те дікілдей жөнелді.

    Үйіне кірген Ырысбек іле-шала бар әскери киімдерін киініп, иығына мылтығын асынып шықты да, тізіліп сапқа тұра қалған біздерді қабағын түйе жағалай бір

    қарап өтті. Аяқтарының басы, кеуделері сәл озыңқырап тұрған бір-екі баланы кейіндеу шегіндірді, бір-екі балаға

    «мұрындарыңды сүртіңдер» деп ескерту жасады. Сонан соң өзі биіктеу жерге барып тұрды.

    • Ең әуелі, сапта түзу тұратын болыңдар! Тәртіп бұзғандарыңа көк шыбықпен дүре соғылады. Әжібек, әнеу бұталардың ішінен бір шыбық сындырып әкел. Бар! Әжібек жүгіріп барып шыбық сындырып әкелді.

    Ырысбек шыбықты алып былқылдатып көріп, ауаны осып-осып қойды.

    • Сен менің бірінші орынбасарым боласың! — деді Әжібекке.- Мына әскерлердің жүріс-тұрысын, тәртіп- терін бақылап, маған баяндап тұрасың! Тәртіп бұзғанда- рына қатал шара қолданылады: көк шыбықпен дүре соғу, қораға аш қатырып қамап қою. Үйлеріне ешкім шағым айтып, жылап барушы болмасын. Ондай балаға екі есе қатал шара қолданылады. Әке-шешесінің қойнында жатса борбайынан ұстап суырып алам. Менің қолымнан әулиесі тартып көрсін сонан кейін! — деп Ырысбек мылтығын қозғап, жөндеп қойды.- Бәріңе түсінікті ме?

    • Түсінікті! — дестік.

    • Кәне, әскерлерше бір кезде айтыңдар.

    • Түсі-нік-ті!..

    • Тағы да қайталап айтыңдар! Бір, екі, үш…

    • Түсінікті!..

    • Тағы да!


    Біз тағы қайталадық… тағы қайталадық… Дұрыс! — деді бір кезде.- Ал кімде сұрақ бар?

    • Менің сұрауым бар,- деді Әжібек.

    • Иә, сұра.

    • Мен сізді Басқолбасшы десем қайтеді?

    • Мақұл. Солай де. Ал сөйтіп бүгінгі бірінші дайындық сапта жүріп үйрену, оңға, солға бұрылуды үйрену. Онан кейін секіру, жарысу ойындары…

    Сөйтіп, біз ойламаған жерден әскер боп шыға келдік те, әскердің ойындарына кірістік. Обалы не керек, Ырысбек түсін суытып, қатал сөйлегенімен, ойындарды тәптіштеп түсіндіріп, жанын сала үйретті. Өзіміз де оның айтқандарын бар ынтамызбен қызыға орындаймыз.

      • Раз, два!., раз, два!..- деп шпорлы етігімен жерді дүк- дүк еткізіп адымдаған кезде біз де жалаң аяқтарымызды былпың топыраққа тып-тып еткіземіз. «Шіркін-ай, Ырысбектікіндей қалың ұлтан етігіміз, шпорымыз болса!» — деп қоямыз.

    Онан соң оңға бұрылу, солға бұрылуды үйрендік. Ең соңында ЬІрысбек сағатын қолына ұстап, өзі қадағалап санап тұрып қашықтыққа жүгіртті, биіктіктен секіртті. Әйтеуір кешке дейін қасымыздан екі елі ұзамай ойына келгендерін істетті. Кешкісін әбден сілеміз қатып, аяғы- мызды тең баса алмай шатқаяқтап үйге қайттық.

    Ертеңіне сабақтан тарасымен, үйден апыл-ғұпыл тамақтанып, тағы жиналдық. Ырысбек кешегісіндей тағы да мылтығын асынып шықты да, тағы да әскери ойынымызды бастадық. Әжібектің де білмейтіні жоқ, Ырысбектің айтпағын емеурінінен қағып алады.

      • Құп болады, жолдас Басқолбасшы! — деп қояды, сарт етіп.

    Бұл күні ойнап жатқанымызда қасымызға салт атпен колхоз бастығы Нұғыман келген. Ол сырттай қарап біраз тұрды-тұрды да одан соң Ырысбекке таяп кеп, бәсең үнмен бірдеңе деді.

      • Кедергі жасамаңыз! — деді Ырысбек дүңк етіп.

    Нұғыман тағы да бірдеңе-бірдеңе деген.

      • Мен өзім білем не істейтінімді, аулақ жүріңіз! — деді Ырысбек тағы да қатты сөйлеп.

    Бұл жолы Нұғыман даусын көтеріңкірей сөйледі. Біз оның «соғыс», «колхоз», «аудан» деген жекелеген сөздерін

    ғана естідік. Ырысбектің жүзі күп-күрең боп түтігіп, көзі алақ-жұлақ ете қалды.

        • Кет, кәне, өлмей тұрғаныңда!- деді ақырып.- Мен қанымды төгіп келдім! Мына сендер үшін төктім! Сендер үшін кеудемді жау оғына төсеп, өкпемді оққа тескіздім!..- деп көкірегін соғып-соғып қалды. Біздің зәреміз ұшып кетті. Иығындағы мылтығын жұлып ап, Нұғыманды табанда атып тастайтындай боп көрінді.

    Нұғыман атының басын бұрды да қырманға қарай жүріп кетті. Ырысбек болса оның соңынан көпке дейін айбат шегіп, ашуын баса алмай селкілдеп тұрып алды.

        • Соғысқа көмек дейді ғой, мен көмек етпегендей. Саған қарағанда көмекті мен көрсеттім, қанымды төгіп… Ауданмен қорқытады ғой мені, ауданнан асып облысқа бар, таярым жоқ сөзімнен. Ешкіміңнен қорықпаймын. Өзім қаным қарайып келген адаммын, шетіңнен жайратайын!..

    Мұнан кейін біздерге мүлде ешкім маңайламайтын болды. Әжібек қарап жүре ме, күнде бірдеңені ойлап шығарады. «Басқолбасшының алма жегісі келді. Қазір барып, анау алып алма ағаштың сарғайып піскен алмала- рынан әрқайсың елу-елуден таңдап алма әкеліңдер!» — деп бұйырады. Лаж жоқ, орындаймыз. Қиқаңдасаң көк шыбықпен дүре соғады. Бәтен мен Санатқа бір-бір реттен дүре соғылған, көк шыбықтың ізі құйрықта- рынан бір жеті бойы кетпей көгеріп жүрді.

    Алғашқы күндердегісіндей емес соңғы кездерде Ырысбек бір түрлі өзгере бастады. Әнеу күні ауылды аралап шыққан, өзгеріс сонан бері пайда болды. Әжібек екеуміз қасына еріп жүріп ек сонда. Ол әуелі қара қағаз келген үйлерге кіріп көңіл айтып, онан кейін үлкен ақсақалдары бар үйлердің кемпір-шалдарына сәлем бермек еді.

    Ең бірінші ауылдың ең үлкен қариясы, тоқсаннан

    асқан Қуатбай шалдың үйіне кіргенбіз. Осыдан екі. жыл бұрын жалғыз немересінен қара қағаз келіп, жадап- жүдеп, шөгіп отырған қария алғашқыда ЬІрысбекті танымай, шүйіле қарап:

      • Өкілмісің? — деп сұраған.

      • Жоқ, ата, мен Ырысбек деген балаңызбын ғой.

      • А! Өй, айналайын, жақсыдан қалған тұяғым. Кәне, бері еңкей! — деп, Ырысбекті иілтіп маңдайынан иіскеді.- Марқұм, бабаң Көкенаймен дәмдес, көңілдес болып ек. Ат жалын бірге тартып мініп, мал табуға бірге аттанып ек. Не заман өтті сонан бері…- деді көңілі жасып, даусы бұзыла сөйлеген қарт. Бір сәт түйіліп отырып қалды.- Шау қарға құсап әңгіріп енді отырған отырыс мынау. Өкілмісің дегенім, осында ауданнан жүрген шолақ қол бір өкіл бар. Не керек екенін білмей- мін, атаңның аузына… біраз күн болды, айналшық жегендей осы үйдің алдынан шықпайды.

      • Ей-и, жарықтық-ай, нең бар айдаладағы біреуді жазғырып,- деді жүн түтіп отырған кемпірі.

      • Жоға, неменеге келе береді деймін-ау, осында.

    Суқаным сүймейді өзін.

      • Е-е, құдай басқа салған соң көнбеске шараң не. Темірім тұрса келмек түгілі аяғын қия басар ма еді! деді кемпір көзіне жас алып, ауыр күрсіне.

      • Иә-ә, өлмеген соң көнеді екенсің бәріне де. Бір заманда жел жағымнан ешкімді өткізбеймін деген көкжалыңның бірі мен едім, бүгінде әркімнің аяғының астында тапталып жатқаным мынау,- деді мұңын шаға сөйлеген шал.- Жә, қол-аяғың аман келдің ғой, қарағым! Бәрінен де үлкен олжа сол. Әй, кемпір, жүніңді таста! Шай қайнат, қазан көтер. Әлгі қоңыр кебені ұста, алыс сапардан бала келген екен.

      • Ас-суға рақмет, нан ауыз тисем болады. Ауылды

    тегіс бір аралап шықсам деп едім. Әлі асықпай келіп өзіңізбен әңгімелесем ғой,- деді Ырысбек.

        • Жөн, онда сөйт, кейін асықпай отыратындай боп, бір кел.

    Сыртқа шыққанымызда, қырманнан тас қоймаға астық тартып жүрген осы үйдің келіні Зибаш өгіз арба- сымен есік алдына кеп тоқтап тұр екен. Ырысбекті көріп Зибаш анадайдан күлімсіреп келді де, қолдасып амандасқан сәтте шарасы жасқа еріксіз толып кеткен кезін жаулығының ұшымен сүртіп, сәл-пәл булыға өксіп жылап алды.

        • Түу, Ырысбекті көріп ем көзіме оттай басылды ғой. Темірімді көргендей болдым ғой,-деп, күйеуін есіне алды.

    Зибаш ақ құба өңді, көзі боталаған әдемі, толықша келіншек. Әжібек ылғи: «Осы біздің ауылда Зибаштан сұлу келіншек жоқ. Нағыз бота көз. Мүсіні қандай, уыздай толықсып көзді арбайды, балтыры қандай, түп- түзу топ-толық… Шіркін!.. Тезірек ер жетіп кәмелетке толсам үйленер едім»,- дейтін аузының суы құрып. Мен қазір Зибаштың со Әжібек мақтаған аяқтарына қарағам, қолдан тоқылған қалың жүн шөлки киіп апты, тұзу- қисығын айыра алмадым. Үстіндегі ескі шыт көйлегінің иық тұстары сетінеп-сетінеп жыртылыпты, ар жағынан жылт-жылт етіп жалаңаш еті көрінеді. Күн қақтап күреңіткен жүзі сәл тершіп тұр.

        • Зибашжан, халің қалай? — деді Ырысбек.

        • Хәлдің несін сұрайсың, Ырысбек-ау, көріп тұрсың ғой, өзің.

        • Сол баяғы әсем көркің.

        • Әй, Ырысбек-ай, көңіл үшін айтасың ғой, әйтпесе енді бізде не көрік қалды дейсің,- деп күлді Зибаш. Аппақ тістерін жарқырата күлімсіреп Ырысбектен көз

    алмай қарайды. Қымсынып қайта-қайта иығындағы жыртықтарын жапқансып қояды.

      • Баяғыда өзіңді алып қашу үшін Темірге күйеу жолдас боп барғаным есіңде ме? «Әй, Зибаш, сен бір түлкі қырдан қашқан…» — деп Ырысбек сөзінің соңын сол әндетіңкіреп жіберген.

      • Неге ұмытайын, дәл қазіргідей есімде. Енді қайтып оралмас дәурен ғой ол бір.

      • Иә, десеңші. Темір дегендер жігіттің сұлтаны еді ғой. Қайран замандас!..

      • Ең болмаса екі қол, екі аяғынан айрылып, кеудесінде бір жаны келсе де риза болар ем-ау, тағды- рға,- деді Зибаш көзі тағы жасқа толып.

      • Сабыр ет…

      • Сабыр етпегенде не істеймін. Жылап-жылап болғанбыз. Тек өстіп өзің сияқты ер-азаматты көргенде көңілің еріксіз бұзылады екен,- деп көзін сүрткен Зибаш тағы да жайдары күлімсіреді.

    Осы мезетте іштен шыққан кемпір:

      • Зибаш-ау, сен екенсің ғой,- деген.

      • Сусын ішкелі келіп ем. Бір шалап жасап жіберіңізші, ене,- деді жалт етіп көзімен қоштасқан Зибаш есікке қарай бұрылып.

    Мұнан кейін Ырысбек біздің үйге кірген. Әжем қалбалақтап есі шығып, мүлде қуанып қалды.

      • О, айналайын! Жарықтық көкемнің баласы екен ғой! Басыңнан айналайын, көзіңнен айналайын, қолы- ңнан айналайын…- деп бір сүйіп, бір жылап, шұбырта айналып-толғанып жатыр.

    Қызғанып кеттім де шыдай алмай:

      • Әже! деп жетіп бардым алдына айқайлап. Әжем меселіңді қайтарушы ма еді сүюден.

      • Сені де айналайын, жігіт боп, ағасына ауылды көрсетіп ертіп жүрген,- деп шолпылдатып мені де

    мұрыннан, көзден сүйіп-сүйіп алды. Одан есік жақта тұрған Әжібекке таяп: -Әжібекпісің? Ой, тентек, одырайып тұр ғой өзі!.. Кәне, бетті әкел! Сені де айна- лайын, тентегінен! — деп оны да сүйді.

    Әй, әжем-ай, осынша дарқан сүйешек болармысың, дүниеде сендей әже жоқ-ақ шығар. Кәне, кімнің әжесі өстіп жұрттың бәрін алаламай мейірленіп сүйе алады?! Мен төбем көкке екі елі жетпей тұрмын. Міне, әжең болса осындай болсын деп, айқай салғым келеді мақтанып.

    Ырысбек біздің үйден де нан ауыз тиіп қана шықпақ болған. Сырттан аптыға ентелеп Нәзира әпкем кіріп келді де, Ырысбекті көріп қысылып қалды.

        • Мынау Нәзира ма?! Түу, әже, тілім тасқа, балаңыз тіпті азамат боп кетіпті ғой! — деді Ырысбек езуін жия алмай, Нәзира әпкеме ішіп-жеп қарап. Өзі қол беріп амандасты.- Кім ойлаған мұндай боп өседі деп, мен әскерге кеткенде кішкентай ғана бала еді ғой.

        • Нәзира деген күнім осы менің. Өй, көзіңнен айналдым сенің! Дастарқан жайып, нан турап, мына ағаңа айран құйып әкел,- деді әжем.

    Нәзира әпкем дастарқан жайып, нан турады, одан айран құйып әкелуге шығып кетті де, біразға дейін кірмей қойды.

        • Әлгі Нәзира қайда жоғалып кетті? — деді әжем шыдамсызданып: — Әй, Нәзира! Нәзира!

    Нәзира әпкем есіктің саңылауынан:

        • Қанат, бері шығып кетші! — деді.

    Мен жүгіріп шықтым. Нәзира әпкем екі тостақанға айран құйып, есік сыртында ұстап тұр екен.

        • Мә, сен апарып берші, әйтпесе мен ұялам,- деді.- Әнеу біреу Ырысбек дегеннің көзі жаман екен тіпті.

    Біздің үйден шығып келесі үйге бет алғанымызда Нәзира әпкем соңымнан:

      • Әй, Қанат! — деді дауыстап.- Қайт кері! Саған апам жұмыс тапсырып кетті.

    Мен амалсыз кейін қайрылдым. Апам айтты десе заң, қиқаңдауға болмайды.

      • Ал немене? Не жұмыс ол?

      • Тентірейтін түк те жоқ, ендігі осы үйдің еркегі сенсің, анау отынды жар! — деді.

    Сөйтіп, мен одан әрі ілесе алмай қалып қойып ем.

    Содан бастап Ырысбектің өзгерісі күрт. Жайдары бір әуендерді ыңылдап айтып, жез түймелерін құрым киіздің қиындысымен күніне әлденеше ысқылайды.

    Өзі өстіп күннен-күнге көңілденген сайын біздерді — балаларды болымсыз нәрсеге бола жазалауы да жиілеп, қатайып кетті. Бұрынғы «көзімнің нұрлары», «көкесінен айнымаған күнімнің», елжірей қарап айналып-толға- нудың бәрі жайына қалды. Енді Әжібек құсап ол да бізді:

    «Әй, жетпегірлер!», «Әй, жүгірмектер!» деп шақырады. Артымызды жалаңаштап, жерге етбетімізден жатқызып қойып көк шыбықпен шып-шып еткізіп дүре соққан кезде өзі айызы қанып, рақаттана тістеніп тұрады.

    Жаза да көбейді, салықтың түрлері де көбейді. Сол көп салықтарды өтеу үшін тау бөктеріндегі жабайы алманы дорбалап тасимыз. Шымырбай шалдың қауын- қарбызына да жиі-жиі аттанамыз, бірақ бәрібір жазадан қашып құтылу жоқ. Іріктеп әкелген алмаларыңның ішінен құрты бар бір алма шықса да, әкелген қауының дәмсіз болca да жаза тартасың, көк шыбықпен дүре соғады, ол аздай саптың алдына тұрғызып қойып, дәу табан әскер етігімен май құйрықтан теуіп қап қалпақтай ұшыратын «сорыңды алам» дейтін жазасы және бар. Оны да ойлап тапқан Әжібек. Бұл күнде Әжібек әбден семірген. Басқолбасшының бірінші орынбасары — оң қолы ретінде ол да бізден салық алады. Ырысбектен артылған тәтті қауын мен піскен алмалар соның

    аузында. Ендігі бізден салық ала алмай жүрген, есе тимей жүрген, ЬІрысбектің екінші орынбасары боп кейінде сайланған Қайрат қана. Әжібектен кейінгі Ырысбекке жаққан бала сол. Өзі білдіртпей ғана Әжібекпен тайталасатынды шығарды. Ырысбектің үйіне Әжібектен бұрынырақ кеп, етігін сүртіп тазалап, жез түймелерін жылтыратып ысқылап бәйек қағады. Кеше әуелдеп Әжібекті Ырысбектің үйіне кіргізбей қойды.

    «Басқолбасшы қазір шығады, осы далада күте тұр!» деп. Әжібектің түрі жаман бұзылып кетті, бірақ ештеңе деген жоқ. Қызарақтаған күйі бізді сапқа тұрғызып, өзі есіктің көзінде тұрған Қайратқа қалай тиісерін, қалай мұқатарын білмей тістенумен болды. Онан соң әскери ойындар кезінде байқамағансып, ойнағансып барып Қайратты бір-екі рет аяғынан шалып қап, тоңқалаң асырған. Екі ретінде де жерге оңбай гүрс ете түскен Қайрат көзі жасаурап, жамбасын сипалай берді. Жылауға ұялды, көзі шіпілдеп жасқа толып кетсе де күлгенсіді өзінше. Өйткені, ойнап жүріп жыласа басы таз болады ғой.

    Әскери ойындар аяқталып, енді алмаға барамыз ба, әлде қауынға аттанамыз ба, деп бұйрық күтіп сапта тұрғанбыз. Ырысбек күрт түсі суып, ызғарланып келді алдымызға.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33


    написать администратору сайта