Главная страница

кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын


Скачать 1.41 Mb.
НазваниеБірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Анкоркітап
Дата22.11.2022
Размер1.41 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаfkvf.docx
ТипДокументы
#806798
страница8 из 33
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

      • Әжібек!

      • Мен мұндамын, жолдас Басқолбасшы!

      • Қазір, табаның жерге тимей барып, Көлбай кереңнің сапысын әкел! — деді жеп жіберердей түйіле ақырып.- Бол! Бес минут уақыт берем!..

Әжібек жүгіріп кетті де әлден соң сапыны алып қайтып оралды. Ырысбекке ұсына берген.

      • Тарт ары! — деді Ырысбек дәл бір лас нәрсені көргендей сапыға жиіркене қарап.- Тағы бес минут уақыт берем, осы күйінде Көлбайдың үйіне апарып

Әпіштің қолына тапсыратын бол. Өзіңнің қашан, қалай ұрлап алғаныңды айт! Ал сен екеуің,- деді сапта тұрған екі баланы нұсқап,- бірге ілесіп барыңдар да мынаның қалай тапсырғанын қарап тұрыңдар. Маған айтып келесіңдер!

Енді Әжібек пен әлгі екі бала жүгіріп Көлбай кереңнің үйіне кетті де, көп кешікпей ентіге жүгіріп үшеуі қайта жетті. Біз саптағылар әлі тым-тырыс, қозғалмай тұрмыз.

    • Мен айтқандай түсіндіріп тапсырды ма? — деп сұрады Ырысбек екі баладан.

    • Иә, өзім ұрлап алып едім деді…

    • Дұрыс. Орындарыңа тұрыңдар!

Ырысбек басын сәл төмен салып, жерден бірдеңе іздеген адамдай саптың алдында ерсілі-қарсылы адымдап ойланып жүр, шпоры шылдыр-шылдыр етеді. Әжібек боп-боз болып саптың басындағы өз орнында тұр.

    • Қайрат! — деді сәлден кейін Ырысбек қалтасынан кілтті шығарып.- Мә, мынаны айдап апарып қама анау қораға!

Біз Әжібек тайталасып бірдеңе дер, сөз қайтарар, болмаса қаша жөнелер деп ойлағанбыз, түк те өйткен жоқ. Қолын артына қайырып ұстады да, Қайраттың алдына түсіп, қораға қарай өзі жүрді. Әжібек қамалғаннан кейін, сапыны алған кезде, оның қасында болған төртеумізді алға шығарды Ырысбек.

    • Әрқайсыңа екі көк шыбықтан дүре, екіден

«сорыңды алу!» — деп жаза кесті.

Біз бір-бірімізге жаутаңдай қарап, үн-түнсіз ышқыры- мызды босатып, арқамызды жалаңаштадық та қатар- ласып етпеттей жаттық. Ырысбектің қолындағы көк шыбық екі реттен «шып-шып» етіп арқаларымызды тіліп-тіліп өте шықты, көзіміз жасқа толып-толып кетті,

бірақ тістеніп жылағамыз жоқ. Онан соң қатар тұрып кезекпен екі реттен «сор алғыздық», теуіп қалады, ұшып түсеміз, қайта кеп тұрамыз, тағы тебеді. Көзіміздің жасын жеңімізбен сүрте бердік, бірақ ешқайсымыз қың етіп дыбыс шығарғамыз жоқ. Шыдап бақтық.

Бізді жазалап болғаннан кейін сапқа қайта тұрдық та, Ырысбек қораға кіріп кетті. Әжібекке не істегенін білмейміз, бір кезде оның:

      • Ойбай-ай!.. Ойбай-ай!..- деп зар қағып шырқыраған даусы шықты. Өкіріп жылады.

Шып-шып еткен көк шыбықтың ысылы, онан гүрс- гүрс тепкен «сор алудың» дыбысы, «Ағатай-ай!.. Ағатай- ай… құлың боп өтейін!…» деп шырқырай жалынған Әжібектің құлындағы даусы… Көзімізбен көрмесек те Ырысбектің Әжібекті аяусыз қатты жазалағанын сезіп тұрмыз. Әжібекке жанымыз ашып, бір-бірімізге жапақтай береміз. Ара түсуге қолдан келер дәрмен жоқ.

Ырысбек көптен кейін шықты қорадан. Терлеп кетіпті, орамалын алып бет-аузын, мойнын сүртті. Қолы қан екен, Қайратқа су алғызып, жуынды. Біз әлі тырп етпей тұрмыз. Қанды көргеннен кейін мүлде үрейіміз қалмады. Әлден уақытта сүйретіліп Әжібек те шықты: аузы-мұрны қан-қан, қолымен арқасын, артын ұстай береді, өксігін әзер деп басып кеп орнына тұрды.

      • Бүгін ешқандай тапсырма болмайды, тараңдар!

Вольно! — деді Ырысбек.

Әжібек екі күн үйінде ауырып жатты. Апасына Ырыс- бектен жеген таяғын айтқан жоқ: «Абайсызда темір- тұмыр жатқан шұңқырға домалап құлап түстім»,- деп қойды. Мен оған аяныш білдіріп:

      • Ырысбек деген жауыз екен ғой…- дей бергем.

      • Былжырама әрі! — деді ол бірден кесіп түсіп.- Ырысбектікі дұрыс. Осындай болмаса оның қай жері Басқолбасшы. Дұрыс істеді. Менің өзіме де керегі сол

еді. Әскери тәртіпте жүріп, Басқолбасшыға қиянат істеуге бола ма екен. Егер нағыз әскердің қатарында жүрсек, мұндай қылмысым үшін мені ату жазасына кесер еді. Так што, Ырысбек мені дұрыс жазалады.

Мен тосылып қалдым. Әжібектің сөзі маған дәлелді, жанды көрінді. Осыдан кейін Ырысбектің қалған төрте- умізді жазалауын да дұрыс деп білдім. Күнделікті, сабақтан шыққан соң, бұрынғымыздай Ырысбектің үйінің алдына жиналып, әскери ойындарымызды өтей бердік.

Бірде Ырысбек ойынды күндегіге қарағанда ертерек таратты да, маған:

    • Сен тоқтай тұр! — деді.

Мен балалардан бөлініп, оның қасында жалғыз қалдым. Ол шырт дегізіп тісінің арасынан түкіріп қойып, маған бастан-аяқ сынай қарады.

Ырысбекпен бірінші рет бетпе-бет жеке қалуым еді. Көзі тура қарағанда алақ-жұлақ етіп өңменіңнен өтіп, қорқынышты екен.

    • Сені өзі тәуір жігіт бола ма деп жүрген баланың бірісің,- деді даусы жұмсақ шығып.-Сондықтан, ете бір жауапты тапсырма жүктегелі тұрмын. Қалай, аузыңа берік пе едің?

Мен басымды изедім.

    • Олай болса, мә, мына хатты ал да, қазір анау тас қоймаға барып, күтіп отырып, астық құюға келген кезінде Зибашқа беретін бол. Тура қолына ұстат! Байқа, хат бергеніңді ешкім көрмейтін де, білмейтін де болсын. Ұқтың ба?

    • Ұқтым, Басқолбасшы Ырысбек аға!

    • Бар онда, орында тапсырманы! Әй, тоқта! Көшенің ортасымен жүрмей, мына шет жақпен кет. Көп ешкімнің көзіне түспе!

Мен ауыл үйлерінің сырт жағымен елеусіздеу айна-

лып, тас қоймаға қарай тарттым. Ұзақ күтіп отырып, дәл күн батар шақта Зибаш келген кезде жүгіріп қасына барып, жып еткізіп хатты қолына ұстата салдым да, алды-артыма қарамай зыта жөнелдім.

      • Әй, бұл не?!. Әй, тоқта!..- деп артымнан дауыстаға- нына қарағам жоқ. Хат тасығаныма бір түрлі қатты ұялдым.

Үйге кеп, әжем құйып берген жылы суға қол- аяғымды жуып, аяғымның жарылған жерлеріне шикі қаймақ жағып, онан тамағымды ішіп, жатуға ыңғай- ланып отырғам. Әжем кішкене балаларды баурына алып, ертегі айтуға кірісті. Апам мен Нәзира әпкем қырманда, екеуі де әзір қайтпайды. Біз ұйықтап қалған кезде, түннің бір уағында келеді де, таң қылаң бере қайта кетеді. Сондықтан оларды біз — балалар көп кере бермейміз. Бас-көзіміз — әжем.

Тұсымдағы терезені біреу шертіп қалды, жалт қарасам Әжібек екен, тез тысқа шық дегендей белгі берді. Лып етіп шыға қойдым.

      • Әй, әлгінде кешкісін ойыннан тараған кезімізде Ырысбек саған хат берді ме, Зибашқа тапсыр деп?

Мен бұлтара алмай қалдым.

      • Иә, берді.

      • Ол хат қайда?

      • Зибашқа бергем.

      • Ақымақ!.. Ақымақ, есек!..- деп Әжібек күйіп-пісіп, ыза боп кетті.- Осы тұрғаныңда мұрныңды бет қып жіберсе обалың жоқ-ау!

      • Мен қайдан білейін, Ырысбек тапсыр деді. Басқол- басшы айтқан соң әскери тәртіп қой…

      • Тфу!.. Кеще!.. Менімен ақылдаспайсың ба әуелі. Түу, енді қайтейін-ай! Ішім удай ашып кетті-ау!.. Сары майдай сақтап, сыртынан күзетіп жүргенімде… Ал енді не бола- ды?.. Не болады?..

    • Оны неғыласың күзетіп? Кімге сақтамақсың? Күйеуі болса қара қағаз келген…

    • Мынаның көкуін-ай ей! — деп Әжібек мүлде күйініп кетті.- Немене, сонда мен адам емеспін бе сеніңше?!. Немене, мен Зибашты сүйіп, ғашық болсам аузым қисайып қала ма?!.

    • Сен… Сен кішкентайсың ғой әлі.

    • Өспейім бе екем, ей ақымақ-ау!..

    • Мен қайдан білейін.

    • Бәсе, сен қайдан білуші ең, сен нені білуші ең!.. Дабай, үстіңе, аяғыңа бірдеңе киіп шық! Екеулеп іздейміз.

    • Кімді?

    • Зибашты. Бүгін кешкісін ол үйіне қайтқан жоқ. Дәуде болса Ырысбек оны бір жерде ұстап, басын айнал- дырып отыр…

Мен үйге кіріп тез ғана киініп шықтым. Күздің кеші қоңыр салқын болатын. Ымырт үйіріліп, қас қарайыпты. Екеуміз құстай ұшып ең әуелі Ырысбектің үйіне келдік. Ырысбек жоқ. Дүрия жұмыстан қайтып, оның кешкі тамағын әзірлеп қойып елегізе күтіп отыр екен, қайда кеткенін білмейді. Ол үйден шығысымен Әжібек сәл ойланып алды да:

    • Қорықпайтын болсаң жүр! Не де болса, анау шеттегі жылқы қамайтын тас қораға барайық! — деді. Тартып кеттік.

Долбарымыз дәл боп шықты. Зибаштың өгіз арбасы осы қораның алдында тұр екен. Әжібек екеуміз сыртынан айналып кеп, қораның төбесіне шықтық. Сабаны түсіп қалған ашықтау тұсынан қораның ішіне құлақ тосқанбыз. Ырысбек пен Зибаштың сөздері ап- анық естілді.

    • Ырысбек-ау, ұят қой ел-жұрттан. Қойшы, жіберші!..

Мұның не сенің шынымен-ақ зорламақсың ба?! — дейді Зибаш.

      • Зорлаймын,- дейді Ырысбек.

      • Мен сені адам деп шықтым ғой, Темірдің досы деп шықтым. Мұның қалай енді?! Қойшы, босатшы!.. Мен аттан салам ендеше.

      • Аттандап көр!.. Кәне, аттандашы…

      • Егер аттандаса барып ара түсеміз,- деді Әжібек құлағыма сыбырлап.

Бірақ Зибаш аттандаған жоқ, қайта сыңғырлап күліп жіберді.

      • Қытығым келеді, Ырысбек, ағатай, қойшы енді… Ұяла-мы-ы-н…

Мұнан әрі екеуі де сыбырлап сөйлесе бастады.

      • Ал көрдің ғой! деді Әжібек қайтадан маған ызала- нып,- Ақымақ!.. Осы қазір итеріп жіберейін бе, екеуінің үстіне!.. Әкеңнің… иттер…

Әжібек ызақорланып жылап жіберді де, жерге секіріп түсіп кетті. Мен соңынан секірдім. Бірақ ол маған қара- мастан ауылға қарай жүгіре жөнелді. Қуа жүгіріп едім ілесе алмадым, қараңғыда екі-үш рет сүрініп, ұшып түсе жаздадым.

      • Әжібек! Әжібек! деп дауыстап едім, жауап болмады. Үйге қайттым. Көңілім сынып, торығып келем. Ырысбекті де, Зибашты да өлердей жек көріп, өз- өзімнен булығып келем. Бір түрлі ызалану, қорлану бар бойымда. Айқай сап екеуін де дүниедегі ең жаман, лас

сөздермен боқтағым келеді…

Ертеңіне мен төсектен тұрмай жатып Әжібек келді үйге.

Әдеттегісіндей ыржиып күлмейді, өңі сынық.

      • Қанат, мен дегендерің бүгіннен бастап Ырысбектің үйіне жоламаңдар,- деді.- Әнеу күні сен дұрыс айтыпсың

ол деген жауыз адам екен. Кездескен балалардың бәріне мен де айтайын, сен де айт.

Мен үнсіз басымды изедім.

Екі күннен кейін, ата-енесін еңіретіп жылатып, Зибаш Ырысбектің үйіне көшті, ал Дүрия зар еңіреп, жылап Көлбай кереңнің үйіне барды, Әпіш жылап- сықтап, көрпе-жастығын арқалап сиыр фермаға кетті.

2

Сабақтан келсем, Нәзира әпкем үйден сусын алып, қырманға қайта кеткелі тұр екен. Мені көріп қуанып қалды.

    • Жақсы болды ғой, сені апам ертіп кел деп еді,- деді.- Кәне, тез тамағыңды іш те, менімен бірге жүр.

    • Иә, бармаймын. Мен не істеймін қырманда? — дедім, бірдеңеге жұмсаған кезде қыржия қалатын жылаңқы әдетіме басып қынжылып.

    • Не істейтініңді барған соң көресің. Қыржиятын түк те жоқ! — деді Нәзира әпкем құдды апамша дікілдей ұрсып.- Ырысбек пен Әжібекке ілесіп әбден бетіңмен кетіп болдың ғой. Жетеді енді! Қырманға барып, бір ауық малатастың басына мін. Сөйтіп қолқабыс ет. Немене, дардай болғаныңша сандалып көше таптап жүре бермексің бе?! Астық деген барлық участкелерде пісе қауырт бастады. Күні-түн дамыл көрмейтін қызу науқан енді туады. Адам деген жетіспей жатыр. Ал бұл деген әлдекімдерге ілесіп ап, ойыннан басқа білері жоқ. Желкеңді үзіп жіберейін бе осы!

Соңғы кездері байқап жүрмін, осы Нәзира әпкем кей- кейде апамнан мүлде айнымай кетеді: түрі де, мінезі де, даусы да, қаталдығы да, ең аяғы дікілдеп ұрысқанына

дейін. Қазір де дәл апам сияқты ұрсып тұр. Жо, мұндай кезінде оған қарсыласып абырой таппайсың. Дойыр- лығы ұстап ұрады да тастайды. Кімге шағынасың? Әжеме айтар болсам: «Әй, Нәзира, сен бе!.. Сен!..» деп құр доңайбаттанып сес көрсетіп ұрсады да қояды, ал апама айтар болсам Нәзираның сөзін қостап, өзімді онан әрмен таяқтауы мүмкін. Сондықтан: «Бәріңнің әлің маған жетеді, бәрің маған қожасың. Қит етсем желкемді үзуге дайын тұрасыңдар!» — деп жыламсырап, біраз қомпыл- дадым да қойдым.

Нәзира әпкем қырманға ертіп әкелді де, айтқанын- дай-ақ, Байдалы шал мен Көлбай керең екеуі кезектесіп мініп жүрген малатастың басына мінгізді.

      • Е, енді дұрыс болды ғой,- деді қуанып кеткен Байдалы шал.- Малатастың басына атқа жеңіл осылар мінуі керек қой. Ойбай-ау, бұларға ойын сияқты емес пе бұл. Ал Қанат, тартып ұста тізгінді. Сенің апаң өзі кәмө- нес, өзі біргәдір, сондықтан оның балалары мына сендер басқаларға үлгі-өнеге көрсетіп отыруларың керек. Бүгін сенің қырманда істегеніңді көрсе, ертең басқа балалар да келеді жұмыс істеуге.

Ала көз торы ат дүңк-дүңк желіп, астықтың бауы төсеулі таптанды шеңберді айналып жүріп кетті. Соңын- дағы дөңбек көктас да дүңк-дүңк етіп домалап келеді. Бір айналдым шеңберді, екінші айналдым, үшінші, төртінші… тағы да айналдым, тағы да… тағы да… Әбден бір мойын боп қыржиып алған торы ат бір қалыпты дүңк-дүңк желісінен аумайды, соңындағы көктас та дүңк-дүңк домалайды. Айнала бердім, айнала бердім… сәлден кейін төңірек тегіс маған қосылып шыр көбелек айналып жөнелді.

Торы аттың желісі мұндай қатты түйдек болар ма, ішімді солқылдатып түйгіштеп жіберді, бүйірім түйнеп ауырып кетті. Далбасалап, аз да болса себі болар деп

ердің қасынан ұстап алдым, бірақ түймештеген дүңк- дүңк желіс ес таптырар емес, мүлде берекемді қашырды. Осы кезде:

    • Әй, жығылып қалма! — деген Байдалы шалдың даусы алыстан жер түбінен жеткендей болды.

Тістеніп көзімді жұмдым, бәрібір дүние тегіс айналып тұр. Қайта-қайта құлап бара жатқандай болам да, шеңбердің ішкі жағына қарай қисайып, ердің қасынан қыса түсем…
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33


написать администратору сайта