кітап. Бірінші блім. Ккінай тау бктері ттасан жабайы алма болатын
Скачать 1.41 Mb.
|
Қалайша? Тфу! Өзің бір ми кеще екенсің ғой… Ал Зибаш ше? Зибаш қайтушы еді, еңіреді де жатты таң атқанша. Әйтеуір қасында мен болдым. Сен не істедің? Әрі-бері жалынып жұбатқан болдым, сөйтіп арқа- сынан құшақтап жатып ұйықтап қаппын. Ертеңгісін сенің апаңның қамшысы жон арқамды тіліп өткенде бір- ақ ояндым… Тіпті оңдырмай ұрыпты, қарашы өзің, көкпеңбек қып тіліп түскен. Сен апаңа айтып қойсаңшы, тиыш жүрген адамға өйтіп жөн-жосықсыз өзі соқтығып, қожаңдай бермесін. Қазір баяғы заман емес, ұрып- соққанды көтеретін. А то ерегестіре берсе, мен бір күні сіріңкені алам да тартып кеп жіберем астыққа қарай. Сонан кейін не істер екен маған. Жүз жерден соттай берсін, сотыңнан қорқар мен жоқ. Біз бұлақтан су алып қайтып оралғанымызда Ырыс- бектің домбыраға қосылып әндеткен даусы Гүлсара мен неміс қызы Эмманың күркесінен естілді. Адам тумас Эммадай, Күміс шашты, ай маңдай, Үлбіреген тамағы, Жаңа піскен алмадай. Өй, тилеуин курсун Ирисфек, жохалшы арі! — дейді шарылдай сөйлеген Эмма. Эмма — ұзын бойлы, сары шашты, көк көзі мөлдір аспандай тұп-тұнық, жасы жиырма бестердегі неміс қызы. Өзінің қазақша сөйлегені қызық. Әжібек оған ылғи бірдеңе деп тиісіп, сөйлетіп қояды да, оның қазақша қарғанып-сіленіп ұрысқан сөздеріне өзі ішек- сілесі қатып күледі. Міне, қазір сол Эмма Ырысбекке ұрсып жатыр екен. Жә, жә, жә… Эммажан, өзің тіпті сауырыңа қол тигізбейсің ғой,- дейді Ырысбек. Бізді күркенің аузынан көріп қалған: Әй Әжібек, жүгірмек, суды бері әкел! — деді дауыстап. Қап, көріп қойды-ау, ә,- деді Әжібек өкініп, онан соң.- Қазір,- деп дауыстады да тасалана бере, шәугімнің қақпағын ашып, ішіне түкіріп-түкіріп қойды.- Кел, Қанат, сен де түкір. Тфэй, тфэй, осы суды ішіп, Эммаға жады боп қалса екен! Шыныменен Әжібектің түкіріп берген суының әсері болды ма, білмеймін, сол күні кешкісін Ырысбек Эмманың күркесіне біржола ауысып көшіп алды да, Гүлсара басқа әйелдердің қасына кетті. Зибаш шашын жайып жіберіп, көл-көсір жылап, Эмманы қарғап-сілеп қала берді. Кешкісін апам келгенде болған оқиғаны естіп, қатты ашуланды. Ырысбекпен сөйлесуге Эмманың күркесіне барған. Апамның не айтқанын ести алмадым, бірақ Ырысбектің сөздері анық естілді. Күнім, жеңешетай, иманымдай шыным, мына Эммаға мен өлердей ғашықпын. Бұрынғымның бәрі бекершілік, бозбалалық екен. Енді, міне құдай қосқан қосағым, осы, «күміс шашты, ай маңдай» болады. Ант етем,- деді қарғанып. Ертеңіне Әжібектің қуанышында шек жоқ еді. Бетіне қарасаң-ақ болды езуін жия алмайды, ыржиып күле береді, бет-аузын қисаңдатып, көзін қысып қояды. Зибаш қалай? — деп сұрадым мен бір қалт еткенде. Қайтер дейсің екі-үш күн жылайды-жылайды да қояды ғой. Түнде сен қасында болдың ба? Әрине. Жалғыз өзі қорқады ғой. Енді сен үйленесің бе? Ақымақ, маған әлі төрт-бес жылсыз үйленуге болмайды ғой. Оған дейін Зибаш тағы біреуге тиіп кетсе қайтесің. Жоқ, енді басында торғайдың миындай миы бар болса тимес. Басына тас тиді ғой. Нишауа, өзі былай жылағанын қойып, есін жиған соң айтам ғой. Не деп? Менің ер жеткенімді күт деп. Әй Қанат, неғып қарап тұрсың! — деді осы кезде Нәзира әпкем. Осымен Әжібек екеуміздің сөзіміз үзілді де жұмысқа кірістік. Бұл күні кешкісін апам, біздің қасымызға қонуға келген жоқ. Орылған жерді Бектай есепші кеп өлшеді. Апаларыңды ауданға шақыртып кетті,- деді біздің сұрағымызға. Апамнан екі күндей еш хабар болмады. Бізде де пәлендей ештеңе бола қойған жоқ. Күні бойы бел жазбай орақ орамыз, түскі дамыл кезінде Ырысбек домбырасын қаққылап «Краковякті» ойнайды, Эммаға шығарған әндерін айтады, соны тыңдап біраз сейіліп қаламыз, кешкісін қымтанып оранып ап, ермен шөпке түшкіріп жатып қатып ұйықтаймыз. Үшінші күні таңертең оянғанымызда, аспан тұтасып бұлттанып күн жауып тұр екен. Ауа райы ызғарлы. Жоңғардың шыңдарына қар жауыпты көздің жауын алып, аппақ боп жарқырап көрінеді. Әттегене-ай, енді екі күн ашық тұрғанда мына участокті бітіріп кететін едік-ау,- деді Нәзира әпкем. Орақ тоқталды. Ешкім күркесінен шыққан жоқ, оранып-қымтанып қайта жаттық. Ал ұйықта. Талайдан бергі есесі кетіп жүрген ұйқының орнын бір толтырдық. Түсте ауылдан тамақ келген жоқ. Ұйқымыз қанған соң қарнымыз ашты. Әркім масақ теріп әкеп, үгіп, қуырып жеуге кірістік. Ар жағына ел қонып көңілденген соң Ырысбек ән салды, екі сөзінің біріне Эммасын қосып айтады. Хойшы, уят мес пе,- деп сыңғырлай күледі Эмма. Эмма күле берді, күле берді… Бір кезде Ырысбектің: Жә, болды! — деп ақырған даусы естілді. Төңірек тым-тырыс тына қалды, басқа күркелердегі дабыр- дұбыр сөздер де пышақ кесті тоқтаған, тек Ырысбектің ғана ақырғаны естіледі: — Неменеңе жетісіп күле бересің?! Кет кәне!.. Кет!.. Көрінбе көзіме!..- Сәлден кейін Ырысбектің даусы күңірене шықты.- Ой, дүние- ай, не боп кеттің?!. Не боп кеттің?!. Жазың қайда жады- раған, жарым қайда күлмес жалған; қызық қайда — көрген түстей; отырмын мен неге у ішпей? Маңдайыма жазылмаған шынарым-ай, сұм тағдырдың жетегінде кетерміз бе, адасумен, осылай. Өрт боп лаулап күйіп- жанып барамын. Қор болдым ғой, қор қылдың ғой, қайтейін-ай, бір кездегі асылым ең — арманым… Дүрия!.. Дүрия!..- Мұнан әрі еңіреп жылап жібергендей болды. Біз, балалар, атып-атып тысқа шықтық, Ырысбек отырған күркенің аузына келдік топырлап. Эмма боп- боз боп құты қашып анадай жерде тұр, дір-дір етеді. Ырысбек күркенің ортасында, екі көзінен жас тарам- тарам ағып, екі қолымен кеудесін жұлып жеп, уқалап отыр. Күйіп барам, өртеніп барам, алсаңшы мені, сұм тағдыр… Неден жаздым, неге бүйтіп қорлайсың… Біз, балалар, не істерімізді, не жәрдем етерімізді білмей қарадық та тұрдық. Бір кезде біреу кеп біздерді екіге бөліп ығыстырып, алға өте бастады. Дүрия екен. Мұның да көзі бұлаудай, сорғалаған жас. Ұмтылып барып Ырысбекті құшақтап отыра кетті. Екеуі құшақтары айқасқан күйде сағынысып көріскендей бірін-бірі аймалап, басқа дүниені тегіс ұмытты… Біз бұрылып өзді-өздеріміздің күркелерімізге кеттік. Көлбай керең өз күркесінің аузында тау жаққа қарап отыр екен. Өңінде ашу да, ыза да, күйіну де білінбейді, кеңірейген мең-зең отырыс. Со күні кешке жақын апам келді. Бұрынғыдай атпен емес, жаяулап, үсті-басы су-су боп келді. Ауданнан қайтысымен, үйге де көп кідірместен бізге тартыпты. Ырысбек мазаларыңды алмады ма екен деп, осы екі күнде қу жанымды шүберекке түйіп жүрдім,- дейді. Мазалап көрсін, бақ еткізіп шалғыны ішіне бір-ақ сұғып алайын,- деді Нәзира әпкем.-Осы мен үшің қоры- ққаныңызды қойыңызшы. Иә, өзіңізді ауданға жәй шақыртып па? Апам шым-шымдай отырып Нәзира әпкеме бар әңгі- месін айтып шықты. Менің ұққаным: оны бригадир- ліктен босатыпты, өзіне қатаң сөгіс беріпті. Онан соң: Әлгі Ырысбек керек еді, шақырып келші,- деді маған. Мен барып Ырысбекті шақырып келдім. Ырысбек көп күттірген жоқ, күркенің ауыз жағына кеп отырды. Иә, тақсыр жеңеше, не бұйырасыз? Сені бастық ауылға келсін деді. Не шаруасы бар екен? Білмедім. Е, онда кейін өзі келгенде айта жатар. Жоқ, Ырысбек қарағым, бүгін жетсін деді. Менің бүгін ешқайда барғым келмейді. Өте тығыз шаруа бар деп еді. Неге шақырғанын айтыңыз, бәлкім, көңіліме қонса жүріп те кетермін. Өкіл екеуінің сөзіне қарағанда сені бригадир етіп сайламақ. Мына мені ме? Иә, сені. Ырысбек ысқырып жіберді. Жоқ, жеңеше, басқасына көнсем де онысына көне алмаспын. Бригадирлігін желкемнің шұңқыры көрсін… Апырай, ә, мына мен, Ырысбек бригадирмін… ха-ха-ха… күлейін бе, жылайын ба?.. Ха-ха-ха… Ырысбек со күлген бойда тұрып кете берді, Көлбай кереңнің күркесінің алдынан өтіп бара жатып, кілт тоқтады да: Уа, Көлеке, ашуланып, тұлданып кімді қиратасың. Қой ондайыңды! Жүр, бірге отырып шай ішелік, ағай- ынбыз ғой,- деді айқайлап сөйлеп.- Тату болайық. Бір қатын ортамызға сыйып жүрер. Қайта сенің Әпішің бар ғой, ал мен байғұста ондай Әпіш те жоқ. Көлбай керең танауының астынан бірдеңе деп міңгір- леді де, Ырысбекке ілесіп, солардың күркесіне барып кірді. Сытыр-сытыр ақ жауын жауып тұр. Төңірек тұмша- ланып, қараңғылық түсті. Тау жақтан жеткен алғашқы қардың ызғары бойды тоңазытып, құрғақ шөпке тығыла береміз. Күреңбелдегі астық орылып біткен соң, біз мектеп оқушылары жұмыстан босатылып, оқуымызға қайта кіріскенбіз. Екі дүркін қар жауған, үш-төрт күндей ой- қырдың бәрі алапестеніп жатты да еріп кетті. Үлкендер жағы: «Күздікке жақсы болды»,- десті. Күн суытты, түнге қарай жер тоңданып, арық-шұңқырлардағы сулардың бетіне қабыршақ мұз қатып қалатын болды. Ертеңгісін мектепке бара жатып, сол жұқа мұздардың үстінде шыны басқандай шытыр-шытыр еткізіп сырғанап ойнаймыз. Қырмандағы жұмыс әлі тоқталған жоқ. Маялап жиналған астық баулары шетінен күнделікті бастыры- лып, төрт күнде бір өгіз арбамен станцияға жөнелтіледі. Нәзира әпкем сол арбаның бірінде жүр. Алпыс шақырым станцияға күн демей, түн демей жүріп отырып төрт күнде барып, қайтып оралады да үйге бір түнеп, ертеңіне қайта кетеді. Апам бригадирліктен түскен соң, Байдалы шалдың орнына қырман жұмысына ауысқан: сонда күндіз бір мезгіл астық ұшырысады да түнге қарай күзетте болады. Тегінде, қырманның түнгі күзетшісі Көлбай керең, ал апам болса коммунист ретінде оны бақылап, кезекшілікте жүреді. Бригадирлікке Ырысбек көнбей қойғаннан кейін, біраз күнге дейін ыңғайлы адам табылмай, ақыры Байдалы шалдың өзі қайта сайланған. «Қайта шапқан жау жаман…» деп, Байдалы шал осы күні тіпті құтырып кетті. Өйткені бүкіл колхозға бір өзі қожа, бір өзі би. Нұғыман бүгінде төсек тартып ауырып жатыр. Шолақ қол өкіл болса оның үйінен кетіп, Байдалы шалдың үйінде тұрып жүр. Соны арқалана ма, кім білсін, ешкімді бетіне қарат- пайды. Бұрынғы әзілқойлықтың бәрін қойған, ылғи ашулы жүреді. Көзі шатынап, ақыра боқтап ұмтылғанда зәреңді алады. Өзі көк мауытымен тысталған жаңа бөрік тіктіріп киген, сонысын бір шекесіне қарай шекшитіп қойып, ұртына насыбайды бұлтита тығып, торы жорғаның үстінде бір жамбастай қисайып, көшенің орта- сымен салдыртып өткені сән-ақ. Әжібек болса оның көзіне түспеуге тырысып, қашып- пысумен жүргені. «Қап, мына қақпастың дәуірлеуі-ай, ә. Ырысбектің мылтығын сұрап ап, бір күні «Қособаның түбінде қоса кетті дегейсің» дегізсем бе екен!» — деп кіжініп қояды. Бірақ айтарын айтқанмен өзі Байдалы шалдың қарасы көрінгеннен зытып береді. Соңғы кезде біз Әжібекке бұрынғыдай табынуымызды қойғанбыз. Біздің алдымызда беделі онша емес. Анау күні Күрең- белден қайтып келе жатқанымызда жолда өзін Зибаш аямай ұрып тастады. Сірә, Әжібек оған: «Мен ер жеткенше күт, өзім үйленем. Саған ғашықпын»,- деген болу керек. Өзі ішқұса боп, Ырысбектің қорлығына ызаланып, күйініп жүрген келіншек жол бойында қолына түскен көк шыбықпен Әжібекті қуып жүріп соқты. Өзі жүйрік екен, қаша жөнелмек болған Әжібекті екі аттатпай қуып жетіп: «Жайрағыр, қотыр итім… сен де құтырайын дедің бе?!. Ендігі қалғаны сенің мазағың екен ғой!..» — деп, ызақорлана жылап жүріп, көк шыбықтың астына алған кезде, Әжібектің пәре-пәресі шықты. Сонан бері біз Әжібектің күшіне шек келтіретін болдық. Әйелден таяқ жеген соң-ақ құны белгілі ғой. Алайда Әжібектің өзі ылғи: «Мен оған бәрібір ғашықпын, сондықтан ол ұрғанда қол да көтерген жоқпын, қашқан да жоқпын»,- деп ақталады. Сабақтан кейін күніне бір рет Ырысбектің үйіне соғып кетеміз. Ол қазір жалғыз өзі тұрады. Жұмыс атаулының бәрінен бас тартып, ертеңді-кеш үйінде отырады. Сурет салады. Паспортқа жапсыратын кішкентай суреттерді үлкейтеді, кәдімгі ақ қағазға әдемілеп бояп салған кезде айнытпайды әсте. Ауылдағы шал-кемпірлер Ырысбектің бұл өнеріне өлердей тәнті. Соғыста қаза болған балаларының кішкентай суреттерін әкеп, жалынып-жалбарынып үлкейттіріп-ақ жатқандары. Бар дәмділерін Ырысбектің аузына ұстап, жандары қалмайды. Сондықтан Ырысбектің тамағы тоқ, көңілді, ыңырсып әндетіп отырып сурет үлкейтуден жалық- пайды. Біз оның салған суреттеріне қызығамыз, аузымы- здың суы құрып мақтап, әңгіме етеміз. Кей күндері Ырысбек біздің біреумізді жұмсап, хат жазып жіберіп Зибашты, немесе Эмманы шақыртып алады, үйін сыпыртып, кір киімдерін жуғызып, тамағын жасатады. Кейде екі-үш күнге дейін үйінен жібермей де қояды. Зибашты шақырғанда: Зибаш-ай, Байыңды, қалқам, сыйлашы-ай… – деп әндетсе, Эмманы шақырғанда: Адам тумас Эммадай, Қол-аяғы балғадай… – деп әндетеді. Зибаш та, Эмма да Ырысбектің қылықтарына үйре- нейін деген. Не айтса да көнеді. Шақырса тоқтаусыз жетіп келеді де, қуса бұртаңдасып ашуланған боп кете береді. Бірақ ешқайсысы кек тұтып тұлданбайды. Бұлардың ісіне ауыл да тегіс үйренейін деді. Әуелі кезде сөкет көріп әрқайсысын жеке-жеке сөз ғып, сөгіп жүрді де кейін тіпті көңіл аударуды қойды. Білмеймін, әжемнің сөзінің қаншалықты жаны барын: «Шешең байғұс тап сол күні өлетінін сезді ғой… сезді-і…» дейтін аһ ұра күрсініп, омырауын жас жуып. Шынында да апам өлетінін сезді ме, жоқ па, білмеймін. Оның сол күнгі жүріс-тұрысын есіме алсам, ондай, өзінің өлетінін сезетіндей ешбір оғаш қылығы болмаған сияқты. Ең болмаса, өз ажалымен де өлген жоқ, сонды- қтан бүгін өлемін-ау деген ой қатеріне қайдан келсін. Сол күні ертеңгісін мен мектепке кеткенде, ол қырманнан түнгі күзеттен қайтып, көрпе-жастықтарды далаға шығарып жайып, киіздерді қағып, түске дейін үйдің ішін әктепті. «Қарағым-ай, өзің титықтап шаршап жүргеніңде бекерге әуре болдың ғой»,- деген әжемнің сөзіне: «Октябрь мерекесі кеп қалды, үйдің іші таза тұрсын да»,- депті. Жетінші ноябрьге төрт-ақ күн қалған еді. Онан соң көкемнің және өзінің сандықта жатқан бір киер таза киімдерін шығарып, тегіс қағып-сілкіп, күн көзіне арқанға іліп қойыпты. Шамамның келгенінше ондық-мұндықтарды шыға- рысып қолқабыс етіп жүргем. Бір қайырылып үйге кірсем,- дейді әжем кейінде сол сәтін еске алып.- Марқұм, айнаның алдында бөртпе шәлісін басына салып, бүйтіп өзіне-өзі төніп кеп қарап тұр екен. Менің кіргенімді де байқаған жоқ. Топырағың торқа болғыр, кейде бір кербез тарта қалатын керімсал еді ғой. Е-е, жаратқан, жақсыны құдай қойсын ба…- Әжем мұнан әрі кимешегінің ұшымен көзін сүртіп аз-кем жылап алады.- О, жалған-ай, десеңші, мен қақпаста да құдай сүйер қылық жоқ қой. Бір кезде со бөртпе шәлі үшін Ықсаным (менің көкем) екеуін екі күн үйге жолатпай қуып ем. Екеуі алғаш қосылған жылы қалаға базарға барып, сонда Ықсан сатып алып берген екен. Келген соң: «Әже, байға- зы»,- деп, әлгі бөртпе шәлісін басына салып, келінім ыздиып алдыма келе қапты. Неден сайтаным ұстай қалғанын білмеймін, әйтеуір аяқ асты өз теріме өзім сыймай тырыса қалғаным. «О, қараңқағыр!..» -деп қолыма түскен сабаумен тұра ұмтылдым, ол күнде енеге тура қарайтын келін қайда, тұра қашты. Тіпті безіп кетті. Ықсаным бірдеңе-бірдеңе деп ара түскендей күңкілдейді. Ә, қатынжанды жайрағыр!» — деп сабаумен салдым кеп. Ол да шыбын-шіркей боп безді. Содан екеуі менен қорқып екі күнге дейін үйге жолай алмай жүрді ғой. Нұрсұлудың үйіне қонып жүрді… Сонымды кек көрмеген қос қарашығым… Екі күннен кейін екеуі ыржиып күліп алдыма кеп тұр. «Әже-ау, неден жаздық, ең болмаса айтып ұрсаңызшы»,- дейді. Неден жазған- дарын өзім де білмеймін. Ашуымнан да қайтқым келмейді. Сабаумен екеуін екі салдым. Қолымның қайра- тының бар кезі емес пе, байқаймын, екеуіне де батып кеткен сияқты. Бірақ сыр бермейді өздері, со ыржиып күлген кейіптері. Бір ауық ашуым тарқап, қыбым қанғандай болды. Міне, сол бөртпе шәліні сонан қайтып менің көзіме көрсеткен емес. Бір жаққа барса үйден жасырып алып шығып, сыртта ғана басына салатын. О, ана сыйлаған қарғаларым… Енді, міне, екеуінен де айырылып, қу томар боп отырған отырыс мынау… Өлеріне көрінді ме, тап сол күні әлгі бөртпе шәлісін басына салып айнаның алдында өзіне-өзі төне қарап тұр екен. Қазір ойласам, бой түзегені екен ғой, күнімнің… Бір кез мені көріп жаман қысылып қалды. Балаша қыза- рып: «Әже-ау, мына бөртпе шәлі менің енді не теңім. Осыны Нәзирашыма берсем қайтеді?» — деді. «Өзің біл, қарағым»,- дедім де қойдым. Үстінен аңдып кіргендей болғаныма өзім де қысылып, қайта шығып кеттім… Марқұм, тап сол күні өлетінін сезді ғой… сезді-і… Мен сабақтан шыққан соң үйге қайтып келе жатып, арық-шұңқырлардың бетіндегі ертеңгісін өзім сырғанап өткен қабыршақ мұздармен тағы да сырғанай жүргем. Бір шұңқырда түске қарай жіпсіген жұқа мұз ойылып кетіп, белуарымнан балшық суға шолп етіп түстім де кеттім. Басқа балалар ішектері түйілгенше күліп, сандарын шапақтап мазақтап, қыран-топан күлкіге батты. Шұңқырдан сүметіліп әзер деп шықтым. Үстім сығып алғандай су болды. Жуырда ғана қолдан сыры- лған шарығым мен мақталы қалың шалбарым шұңқыр- дағы судың тең жарымын сорып алған сияқты. Үйге таяй бергенімде апамды көріп қорыққанымнан еңіреп жылап жібердім. Бірақ апам ұрысқан да, ұрған да жоқ. Су киімдерімді дереу сыпырып шешіп алды да, көкемнің жейдесінен кішірейтіп тіккен жейдені кигізді, сөйтті де: «Шалбарың кепкенше отыр» — деп көкемнің жағалы қара пальтосына орап отырғызып қойды. Біз үшін көкемнің үйде қалған әрбір киімі баға жетпес қаси- етті бұйым еді. «Апа, көкемнің пальтосын енді кім киеді?» -деп сұрағым келеді, бірақ сұрауға батпаймын. Өйткені көкемді сөз ету жанды жараның аузын тырна- умен бірдей. Ол туралы әрқайсысымыздың ішімізде жатқан құпия бар, мейлі қара қағаз келсе де жүрегіміздің түбінде сөнбеген үміт бар. Сенің оқуыңды тексеріп, қадағалауға да мұршам болмай кетті. Сабағың қалай? — деді әлден уақытта апам. Жақсы,- дедім мен пальтоның жағасына тұмсы- ғымды тыға түсіп міңгірлеп. Егер апам: қанша «бесің», қанша «төртің», қанша «үшің» бар деп, қазбалап сұрай бастаса, әрине, таяқ жейтінім анық. Өйткені бұл тоқсанда «үштерім» көп еді. Сондықтан мұнан әрі сұра- маса екен деп қылпылдап Жаным шығып отыр. Апам қазбалаған жоқ. Оқуыңды жақсы оқысаңшы, балам,- деді де қойды. Онан соң белін тас қып орап, қырманға кетуге жинала бастады. Әжеме: — Мына Нұрсұлудың үйіне бағанағы астықтан бірер шелек кіргізіп беріңіз. Балалары ашығып қалмасын,- деді. Сөйтіп, апам түс ауа қырманға кеткен, ертеңіне таңертең күн шықпай жатып есігіміздің алдына аттандап Көлбай керең жетті: Ойбай!.. Ойбай!.. Айрылдым Бағиладан! Айрыл- дым!.. Ойбай!.. Біз төсегімізден ұшып-ұшып тұрдық. Үйге апыр- топыр ауылдың қатын-қалаш, кемпір-шалдары толды да кетті. Кейіннен Көлбай кереңнің үлкендерге апамның өлімі туралы айтқан әңгімесін әлденеше рет естідім: түн жарымында қырманға тұтқиылдан салт аттысы бар, арбалысы бар бір топ адам cay ете қалады. Ес жиғызба- стан Көлбай кереңді бір-екеуі кеп бас салады. Апам оқтаулы мылтықты ала сап кезене бергенше, біреуі оны сойылмен ұрып жығады. Көлбай кереңнің аузына шүберек тығып, қол-аяғын артына қайырып байлап тастайды. Өздері арбаларына сықап астық тиеп, атта- рына теңгеріп тайып тұрады. Көлбай керең таң атқанша байлаулы күйінен тырп ете алмай жатады. Тек ертең- гісін қырманға бірінші барған Байдалы шал босатады. Менің апам со түндегі сойыл тигенде қызылға етпеттей құлаған жерінде жатыр екен. Барып қозғап көрсе әлдеқашан жан тәсілім етіпті, сойыл қате тиіп қарақұсын айырып жіберген екен. |