Cтуденттерге арналан силлабус
Скачать 257.5 Kb.
|
Cтуденттерге арналған силлабус 1. Пән бойынша жалпы ақпарат
2. Курстың сипаттамасы Курстың мақсаты: саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Пәннің пререквизиттері: Қазақстан тарихы. Саясаттану. Әлеуметтану.Философия. Құқық негіздері. Пәннің постреквизиттері: Әлеуметтану ғылымының пәндік-мағыналық, логикалық және әдіснамалық даму ерекшеліктері оны оқыту барысында және оқытып болған соң да өте тығыз байланысты болып табылатын пәндердердің қатарына мәдениеттану, құқық, сияқты пәндерді жатқызады. 3. Оқытудан күтілетін нәтижелер Білуі : әлеуметтік-гуманитарлық таным жүйесіндегі әлеуметтік білімнің алатын орны; әлеуметтанудың категориялары мен заңдарын және олардың әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің аралас категорияларымен байланысын; жалпы әлеуметтік теорияның негізгі мектептері, қалыптасу кезеңдері мен мәселелері және оның қазіргі жағдайы; әлеуметтік білімнің салалық құрылымы жайлы. Үйрену: әлеуметтік теориялардың алғышарттарын, құрылымын, мәселелері мен қайшылықтарын талдай білу; нақты әлеуметтік зерттеулердің методологиялық алғышарттарын жасай білу; жалпы әлеуметтанудың моделдеріне, принциптеріне және әдістеріне сүйене отырып әлеуметтік ақпаратты талдай білу;әлеуметтік мәдениеттің дағдыларын меңгеру;әлеуметтік қайшылық жағдайларды білу, оларға бағдар ұстау; әртүрлі әлеуметтік тақырыптарға пікірталастар, дебаттар жүргізу. Дағдыларды меңгеру: оқу курсының негізгі саясаттану мәселелеріне баға беру; семинар сабақтарының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының маериалдарына анализ жасау, объективтік қөзқарастан талдау; тарихи зерттеудің теориясын, әдістерін білу;негізгі саяси мәліметтерді түсіну және сын түрінен анализ жасау қабілеті. 4. Оқыту әдісі және формат Оқыту әдісі негізінен дәрістік кешенмен жүргізіледі, сонымен қатар келесі материалдарды қамтиды: презентация және талқылау; кейстер, проблемалық дәріс; қосымша материалдар 5. Қорытынды баға (балл) қою саясаты Пәнді игеру емтиханмен немесе басқа бағалау (формасымен) түрімен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты – оқу бағдарламасының барлық тапсырмаларының (талаптарының) орындалуы болып табылады.2 аралық бақылаудан жинақталған баллдардың қорытындылары негізге алынады (есептеледі). Бағалау өлшемі(жүйесі) Қорытынды бағаға жататындар: Рейтингтік бақылау – 60%, Емтихан – 40%. Қорытынды баға келесі формула бойынша есептеледі U = [(Р1+ Р2) / 2]*0,6 + Е*0,4 Оның ішінде: Р1 – бірінші рейтингтің сандық эквиваленті; Р2 - екінші рейтингтің сандық эквиваленті; Е – емтихан бағасының сандық эквиваленті. Баллдық жүйедегі әріптік баға және сандық эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық құрамы бойынша төменде келтірілген кестеге сейкес анықталады:
6. Оқытушының саясаты және күту мерзімі Жұмыстар белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс. Барлық тапсырмаларды емтихан сессиясына 3 кун қалғанға дейін тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жиберілмейді. Әр оқу бағдарламасы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды өңдеу міндетті болып табылады. Оқу материалын игеру дәрежесін тексеру қорытынды бақылау жұмысы бойынша жүргізіледі. Үй тапсырмалары және СӨЖ белгіленген мерзімде орындалуы тиіс, уақытында орындалмаса, қорытынды баға төмендетіледі. Аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті болып табылады, сабаққа қатыспаған жағдайда, оқытушының белгілеген мерзімі бойынша қайта тапсыруға мүмкіншілік бар, әр қатыспаған сабақ үшін дәріс тақырыбы бойынша 2 қосымша тапсырма беріледі. Қорытынды рейтингтік бақылаудан 60% төмен балл жинақтаған студенттер, баллдарын өтілген барлық материалдарды қамтитын қосымша сынақ тапсырмалары арқылы дұрыстай алады. Бұл жағдайда жинақталған балл минималды деңгейде қойылады. 7. Курс бағдарламасы
8. СӨЖ жұмысының кестесі
9. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі: 1. Байділдинов Л.Ә. Теориялық әлеуметтану. А., 2005. 2.Жамбылов Д.А. Әлеуметтану негіздері. А., 1999. 3. Әбсаттаров Р.Б.Әлеуметтану және оның проблемалары. А., 2007. 4. Ғабитов, Т. Мәдениеттану негiздерi:оқулық.-Алматы:Дәнекер. Мәдениеттану негiздерi:Мәдениеттану негiздерi.-2007.-178 с. 5. Исмаилов, Е. 20 ғасыр мәдениетiнiң антропологиясы.-Алматы:Жазушы.- 2008.-552 с.-(Әлемдiк мәдениеттану ой-санасы; т. 1) 6. Мәдениеттiң типологиясы және тарихи өлшемдерi/Құраст.: М.Әуезов, Е.Исмаилов, Ә.Наурызбаева.-Алматы: Жазушы, 2007.- 495 б.- (Әлемдiк мәдениеттану ой-санасы; т. 5) 7. Әуезов, М. М. Қазақстан қазiргi заманғы мәдениеттану парадигмалары.- Алматы:Жазушы. Қазақстан қазiргi заманғы мәдениеттану парадигмалары: Қазақстан қазiргi заманғы мәдениеттану парадигмалары. - 2008.- 495 с.- (Әлемдiк мәдениеттану ой-санасы; т. 10) Қосымша: 8. Қ. Жамалов. Ежелгі шығыс мәдениет: оқулық. - Алматы: Дәуір.- 2011. - 280 б. 9. Кокумбаева, Б., Сағындықұлы, Б., Кокумбаева, Л. Мәдениеттану негiздерi: оқулық.-Павлодар: ЭКО. - 2007.-143 с. 10. Кемалова, Д. Ж. Мәдениеттануға кiрiспе: мәдениеттану мамандықтарының студ. арналған оқұ құралы. - Павлодар: Кереку. - 2009. - 71 с. Қосымша: 1. Гаджиев К.С. Методологические принципы политологии.// Вест.МГУ.Сер.12. 1994.№3. 2. Алмонд Г. Политическая наука: история дисциплины. //Полис.1997. №2. 3. Ильин М.В. Основные категории политической науки. //Полис.1996. №4. 4. Фундаменьтальные проблемы политической науки. //Вест. МГУ. Сер.2 1996.№6. 5. Ильин М.В. Власть.//Полис. 1997. №6. 6. Голенкова З. Становление гражданского общества. //Социс. 1996. №5. 7. Арендт Х. Массы и тоталитаризм. //Вопросы социологии. 1992. Т. Вып. 8.Василик М.А. Практикум по курсу политологии. М., 1999. 9. Общая и прикладная политология. //Под ред. В.И. Жукова. 1997. 10. Байділдинов Л.Ә. Теориялық саясаттану. А., 2005. 11. Байдельдинов Л.А. Казахстан как политическая реальность. А., 2000. 12.Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. А., 1999. 13. Әбсаттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007. 10. Курстық жұмыстардың (рефераттардың)тақырыптары Ежелгі дүниедегі әлеуметтік ойдың тарихы (Платон, Аристотель, Сократ, Гераклит, Герадот, Анаксимандр, Анаксимен, Лао-Цзы,, Мо-Цзы, Конфуций) Ортағасырлық Шығыс әлеуметтік ой (әл-Фараби, Ганджеви, Низами, Алишер Навои). Ортағасырлық әлеуметтік ойдың негізгі сипаты (А.Августин, Т.Компанелла, Ф.Аквинский, Н.Макиавелли, М. Лютер, Т.Мюнцер, Х.Кальвин). Жаңа заманның әлеуметтану ілімі .(Т.Джефферсон, Ш.Л.Монтескье, Дж.Локк, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо). Утопиялық социалистердің әлеуметтік ойы Т.Морр. ХХғ. Шетелдің әлеуметтік ой (В.Парето, Г. Моска, Р.Михельс, М.Вебер, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М. Дюверже.). О. Конттың позитивті әлеуметтануы және оның Г.Спенсер теориясында дамуы. Э. Дюркгейм, К. Маркс, М. Вебер, Парето, П. Сорокин, Парсонс, Мертон, Дарендорф, Лазерсфельдтің әлеуметтік теориялары. Қазақстанның әлеуметтік ойының тарихы. Ш. Уәлиханов )1835-1868) әлеуметтік идеялары. Әлеуметтік-экономикалық, саяси реформа қажеттілігі. Ы.Алтынсариннің (1841-1889) қазақ даласында мектеп ашуы. А. Құнанбаев )1845-1904) «Ерік, ақыл, білім» негізінде бола алатын қазақ қоғамының прогресі. Тұлғаның әлеуметтануы. 11. Аралық бақылау сұрақтары 11.1.1 аралық бақылау Ежелгі Шығыс, ежелгі Антика саяси ойы. Ортағасыр саяси ойы. Қайта өрлеу кезеңіндегі саяси ойы. Жаңа заман саяси ойы. Бүгінгі күндегі саяси ойлар Саясаттану пәні және әдістері. Саясаттану қызметтері. Қазақстанда саясаттанудың дамуы. Партия ұғымы және оның қызметтері. Партия түрлері, жүйе. Қазақстандағы Саяси партиялық жағдай. Тұлғаның әлеуметтануы. Адам, индивид, тұлға түсінігі және олардың қатынасы. Тұлғаны әлеуметтендеру түсінігі және оның сатылары. Девиантты мінез-құлық және оның себептері. Тұлға әлеуметтік категория ретінде. Тұлғаның әлеуметтік статусы. Тұлғаны әлеуметтендерудің жастық сатылары. Әлеуметтік адаптация мен интериоризация. Біріншілік және екіншілік әлеуметтендіру агенттері. Десоциализация мен ресоциализация. Девиантты мінез-құлықтың позитивті және негативті сфералары. 11.2.2 аралық бақылау Саяси режим түсінігі. Саяси режимнің типтері. Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Авторитаризм. Демократия түсінігі. Қазіргі кезеңдегі демократияның даму мәселесі саясаттағы маңызды мәселелердің бірі. Саяси процесс ұғымы, оның мәні, құрылымы. Саяси процесс сатылары. Саяси процестің типологиясы. Саяси шешім қабылдау. Саяси бағытты анықтау, оны іске асыру, саяси институттардың ролі. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер. Демократияның тарихи формалары Саяси жүйені жаңалау мәселелері. Қазақстан қоғамын саяси жаңалау мәселелері Биліктің телеологиялық анықтамасы. «Билік Құдайдың құдіретінен» деген қағидаға негізделген діни концепция. Биліктің үш тармаққа бөлінуі. Демократия. Диктобланда: демократизациясыз пайда болған либерализм түрі ретінде. Демократура: либерализациясыз пайда болған демократия туралы. Демократияның тарихи теориялары. Антикалық демократия. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы. Демократия түрлері. Тікелей, өкілетті, плюралисттік демократия. Қоғамның саяси жүйесі. 12. Емтихан сұрақтарының тізімі Ғылыми методология және әдіс-тәсілдер ұғымы Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын, жоспарын жасау Әлеуметтік мәліметтер жинаудын әдіс-тәсілдері (бақылау жургізу, эксперимент, сұрау, анкета жүргізу, әнгімелесу, тест, документтерді талдау т.т.) Жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру, ғылыми қортынды жасау және оны тексеру әдістері Отбасы және оның қызыметтері. Отбасындағы теңдік мәселесі. Бүгінгі күндегі жас отбасы мәселелері. Еңбек әлеуметтуныуның объектісі, пәні және қызметтері. Еңбектің әлеуметтік мәні. Еңбектің қоғамда рөлі мен орны. Саясаттану пәні. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер. Платонның саясаттану бойынша еңбектері. Аристотельдің саясатқа көзқарастары. Марк Туллий Цицеронның еңбектеріндегі саяси ойлары. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар. Фома Аквинискийдің саяси көзқарастары мен еңбектері. Ф.Аквинский – орта заман саясаттың діни-этикалық түрін қалыптастырушы, мемлекеттің теологиялық теориясын негізін салушы. Никколо Макиавелли шығармалары мен әйгілі қағидалары. Жаңа Заман саяси ойы. 20. Ұлттық-этникалық қауымдастықтары. Томас Гоббтің саяси көзқарастары. Томас Гоббстың «Азамат туралы», «Левиафан» еңбектеріндегі саяси ой пәкірлері. Қоғамдық келісім теориясының қалаушылары Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо еңбектеріндегі саяси ой. Шарль Луи Монтескье саяси шығармалары. Жан Жак Руссо идеялары. Томас Джефферсонның Америка халқының демократиясына қосқан үлесі. Г.Спенсердің мемлекетті «саяси агрегат», «саяси қоғам» деп салыстыруы. Иманнуил Канттің еңбектеріндегі саяси пікірлері. Сен-Симон, Фурье, Оуэн утопиялық көзқарастары. Саяси утопия ұғымы. Ф.Фурьенің коммунисттік және утописттік көзқарастары. Марксттік саяси идеялары. В.Лениннің коммунизмнің революциялық ағымын басқаруы. Саясаттағы марксизм теориясы. Александр Гамильтон - 18 ғасырдың американ саяси ойшылы, мемлекет қайраткері. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер. Әл-Фараби философиялық трактаттарындағы саяси көзқарастары. Жүсіп Баласағуни негізгі еңбектері. Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі саяси көзқарастары. Ыбырай Алтынсаринның еңбектеріндегі қазақтардың болашағы туралы ой. Абай Құнанбаев саяси ойлары. Элитаризм теориясы. Макс Вебердың плюрализм идеясы. Саяси билік. Биліктің телеологиялық анықтамасы. «Билік Құдайдың құдіретінен» деген қағидаға негізделген діни концепция. Биліктің үш тармаққа бөлінуі. Демократия. Диктобланда: демократизациясыз пайда болған либерализм түрі ретінде. Демократура: либерализациясыз пайда болған демократия туралы. Демократияның тарихи теориялары. Антикалық демократия. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы. Демократия түрлері. Тікелей, өкілетті, плюралисттік демократия. Қоғамның саяси жүйесі. |