Главная страница
Навигация по странице:

  • 3 дәріс. Көркем туындыдағы мазмұн мен пішін бірлігі Жоспар

  • 4 дәріс. Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі Жоспар

  • 5 дәріс Эпикалық жанрлар

  • дебиет теориясы 1 дріс. Таырыбы Кркем дебиеттегі бейне жне бейнелілік Жоспар


    Скачать 234 Kb.
    Названиедебиет теориясы 1 дріс. Таырыбы Кркем дебиеттегі бейне жне бейнелілік Жоспар
    Дата14.12.2021
    Размер234 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла6 darister.doc
    ТипДокументы
    #303375
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    Бақылау сұрақтары?

    1. Типтік тұлға сипаты.

    2. Бүгінгі өмірдің типтік құбылысы деп нені атауға болады?

    3. Бүгінгі күннің типтік студентінің тұлғасы қандай?

    4.Өмірдегі типтік құбылыстар, көріністер дегеніміз не? Олардың өнер туындысында

    бейнелену себебі не?

    5.Типтік бейне қандай тұлға? Мысал келтіріп дәлелдеу.

    6.Типтендіру-жинақтау-өнер заңдылығы. Мен қалай түсінемін?

    7.Типтендіру түрлері, ерекшеліктері (мысалдар келтіре айту).
    Негізгі әдебиет:

    1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.

    2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш //Шығармалары, 1989.

    3. Қабдолов З. Сөз өнері. 1992; 2002;

    4.Тимофеев А. Основы теории литературы. М., 1977.

    5. Гуляев Н. Теория литературы, М., 1977.

    6. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

    7. Садыков Х. Теория литературы. В 2-х частях. Алматы, РИК.1999-2001гг.

    8. Әдебиеттану. Хрестоматия. Алматы, Ана тілі, 1991.

    9.Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003.
    Қосымша әдебиет:

    1. Белинский В.Г. Әдеби-сын мақалалар. Алматы, 1987.

    2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.

    3.Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, РБҚ, 1994.

    4.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. Алматы, Ғылым, 1991.

    5.Әдебиеттану.Терминдер сөздігі .1998.

    6. Бахтин М. Вопросы литератури и эстетики. М., 1975.

    7. Гегель Г.В. Эстетика. В 4-х томах. Т.3. М., 1971.

    8. Ревякин А. Проблемы изучения и преподавания литературы. М., 1971.

    9. Овсянников М. История эстетической мысли. М., 1984.
    3 дәріс. Көркем туындыдағы мазмұн мен пішін бірлігі
    Жоспар:

    1. Көркем туындыдағы мазмұн мен пішін

    2. Көркем туындыдағы мазмұн мен пішін бірлігі
    Әдебиет - өнердің биік те мәртебелі түрінің бірі. Ол – көркемдік әлемі.

    Көркемдік – іргелі ұғым. Оның мән-мағынасы көркем бейне, суретті, айшықты тіл арқылы ғана танылмайды. Көркемдік өнер туындысының ішкі, сыртқы болмыс-бітімін түгел қамтитын, екеуінің жарасым-бірлігі арқылы танылатын ерекшелік. Бұл түсінік бізді өнер табиғатына қатысты аса маңызды мазмұн мен пішін мәселесіне бағыттайды.

    Шынында да көркемдік ұғымы мазмұн мен пішін бірлігі мәселесімен тығыз сабақтасып жатыр. Бұл мәселелерді түсінбей, көркемдік, шынайылық жайын ұғыну қиын.

    Кеңірек алғанда мазмұн мен пішін өнерге ғана қатысты емес, жалпы болмыс, өмірге де тікелей қатысты ұғымдар, философиялық категориялар. Өмір - тіршіліктегі әрбір жаратылыстың, құбылыстың, заттың өзіндік пішіні, мазмұны бар. Әрбір жаратылыс пішін (сыртқы көрінісі, түрі) мен мазмұнның (заттың ішкі мәні) бірлігінен тұрады.

    Пішін белгілі бір мазмұнды танытушы, яғни ол мазмұнды пішін. Ал мазмұн болса тек белгілі бір пішін арқылы көріне алады.

    Өнер туындысы да пішін мен мазмұнның бірлігінен тұрады. Әдебиет теориясында пішін деп туындының құрылысын, сюжетін, жанрды, көркем бейнелерді, поэтикалық тіл, барша бейнелеу-суреттеу құралдарын, амал-тәсілдерін айтамыз. Ал тақырыпта, идеяны мазмұнның элементтері ретінде танимыз.

    Әрбір шынайы толыққанды көркем туынды өзіне тән мазмұн мен пішін бірлігінен тұрады. Сондықтан туындыны талдағанда, көркемдік-идеялық ерекшелігін сөз еткенде оны мазмұн мен пішін бірлігі тұрғысынан байыптау қажет. Бұл өнер туындысының көркемдік-идеялық тұтастық, көркемдік бүтіндік екенін тану үшін де қажет.

    Көркем туындының мазмұны деп шығармада бейнеленген, өнер шындығына айналған өмір көріністерін айтамыз. Мысалы, «Абай жолың роман-эпопеясының мазмұны ХІХғ. ІІ жартысындағы қазақ халқының қоғамдық өмірі, күрес-тартысы.

    Әрине, Н.Чернышевский айтқандай, сөз өнерінің мазмұны - адам өмірі, адам тағдыры екені ақиқат. Олай болса мазмұнды образды (бейнені) танытудың құралы ең алдымен, көркем бейне, яғни шығармадағы адам, адамдар өмірі, күрес-тартысы болмақ. Көркем бейне белгілі бір мазмұнды (шындықты) көркем таныту тәсілі.

    Енді мазмұн мен пішін жайлы кейбір пікірлерге тоқталып өтейік. Бұл мәселеде неміс философы, эстетигі Гегельдің мазмұнның пішінге көшуі, пішіннің мазмұнға айналуы жайлы пікірі ерекше мәнді. Пішін белгілі бір мазмұнды (шындықты) көркем таныта отырып өзі де мазмұнға айналса, ал мазмұн пішін арқылы көріне, таныла отырып, пішінге айналады, бұл арқылы екеуінің ажырамас бірлігі көрінеді дейді.

    Бұл категориялардың бірлігін мойындамайтын, мойындаған жағдайда пішінді басым санайтын «өнер дегеніміз тек пішінң (А.Евлахов) деп есептейтін, сөйтіп «мазмұнсыз пішін идеясын қуаттайтын көзқарастар да болған.

    Орыс сыншы, эстеті Чернышевский, Плехановтар кезінде бұл көзқарастарды қатты сынаған-ды. Мәселен, Плеханов реализм, көркемдік мәселелеріне орай мазмұн мен пішіннің бір-біріне сай келуін (яғни бірлігін) өнердің әмбебап заңдылығы деп санаған. Көркемдік шарты деп білген.

    Шынында да өнер туындысының мазмұнын пішіннен бөлек қарастыруға болмайды. Пішін белгілі бір мазмұнды танытып, оның сыртқы көрінісі, сипаты бола тұрып, екінші жағынан, сол өзі танытып отырған заттың, құбылыстың мазмұнына айналады. Мазмұнды пішін дейтінміз сондықтан. Ал мазмұн пішін арқылы ғана көріне отырып, әрі мазмұн, әрі пішін бола алады. Романды алайық. Күрделі эпикалық жанр, жанр-пішін. Демек, роман жанрлық түр ретінде пішін, екінші жағынан белгілі бір пішін арқылы танылған мазмұн.

    Әрине, мазмұн мен пішін бірлігінде мазмұнның ролі жетекші. Алайда пішін де мазмұнға ықпал етеді.

    Бір мазмұнды (идея, тақырып, оқиға) түрлі пішінде (әртүрлі суреттеу) танытуға болады.

    Басты мәселе – көркем туындыны мазмұн мен пішін бірлігі тұрғысынан қарастыру, талдау, бұл әдебиет теориясының ең негізгі ұстанымының бірі.

    Бұл алдымен шығарма идеясы мен тақырыбын (мазмұн) айқындап алып, автордың осы идеялық мақсатын көркем шындыққа айналдыру барысында қолданған барша суреттеу-бейнелеу амалдарын өзара бірлікте алып қарастыру деген сөз. Автор айтпақ идеясын қалай көркем, бейнелі жеткізбек деген сұраққа жауап іздеу.

    Осы түсінік тұрғысынан қарай отырып Абайдың Әбдірахман қазасына арнаған өлеңін талдайық:

    Тұла бойың ұят-ар едің

    Ескеріп істеп, ойлаған.

    Тәуекелге нар едің

    Талаппен терең бойлаған.

    Ерлікке де бар едің

    Үйренуге тоймаған.

    Жасқа жас, ойға кәрі едің,

    Атаңның атын жоймаған.

    Замана, неткен тар едің

    Сол қалқамды қоймаған?!

    Өлеңнің мазмұны – сүйікті ұлының мезгілсіз қазасына әкенің қайғыруы небәрі он-ақ тармақтан тұратын өлеңде ақын өзінің өзекті өртеген өкінішін де, сүйікті ұлының асыл қасиетін де, тағдыр үкімі алдындағы пенденің дәрменсіздігін де шынайы, көркем, әсерлі танытқан. Өлең тармақтарындағы ақын қолданған әрбір сөз, сөз тіркестері, ұйқас бәрі үйлесе-үндесе келіп әке күйінішін әсерлі, нанымды ашуға қызмет етіп тұр. Шеберлік осы өлеңнің 1, 3, 7, 9 тармақтарының ар едің, нар едің, бар едің, кәрі едің, тар едің деген тіркестерімен ұйқастырылып-байланыстырылуы да автордың айтпақ идеясымен тығыз ұштасып жатыр. Бұл сөзтіркестері (әрі ұйқас) арқылы Әбдірахманның өмірден өткенідігі («едіңң) және асыл адами қасиеттері нақтылы танылып тұр. Соңғы екі тармақтың қаратпа сөз, қайрыла сөйлеу, зарлай арнау үлгісінде берілуі де өте орынды. Шер, шарасыздық танылады. Сөйтіп, түйіндегенде өлеңдегі әрбір сөз, ұйқас автор идеясын көркем, әсерлі танытуға шебер қолданылған. Пішіннің мазмұнға сай келуі немесе мазмұнның пішін арқылы көркем танылуы дегеніміз осы. Шеберлік дегеніміз де осы.

    Әрине, өмір - өзен өзгермелі, тіпті қоғамдық құрылыс та өзгереді. Қоғам, халық өміріндегі өзгерістер, яки жаңа мазмұн өзіне сай жаңа пішінді қажет етеді. Бүгінгі нарықтық заман шындығын (мазмұн) бұрынғыша (социализмдегідей) суреттей алмайсыз. Заман басқа. Әрине, алғашқы кезеңде жаңа мазмұнды ескі пішінмен (суреттеу) танытуға болады, бірақ, бұл тақырыпты көркем игерудің, ізденістің алғашқы сатысына тән құбылыс. Қалайда жаңа мазмұн жаңа пішінді талап етеді, бұл - өнер заңдылығы.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Көркем туындының мазмұны мен пішін бірлігі.

    2. Пішін мен мазмұн туралы. Бұлардың ажырамас бірлігі.

    3. Пішін мен мазмұн жөніндегі түрлі көзқарастар.

    4.Мазмұн мен пішіннің бір-біріне сай келуін көркемдік шарты санаған сыншы, эстеттер
    Негізгі әдебиет:

    1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.

    2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш //Шығармалары, 1989.

    3. Қабдолов З. Сөз өнері. 1992; 2002;

    4.Тимофеев А. Основы теории литературы. М., 1977.

    5. Гуляев Н. Теория литературы, М., 1977.

    6. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

    7. Садыков Х. Теория литературы. В 2-х частях. Алматы, РИК.1999-2001гг.

    8. Әдебиеттану. Хрестоматия. Алматы, Ана тілі, 1991.

    9.Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003.
    Қосымша әдебиет:

    1. Белинский В.Г. Әдеби-сын мақалалар. Алматы, 1987.

    2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.

    3.Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, РБҚ, 1994.

    4.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. Алматы, Ғылым, 1991.

    5.Әдебиеттану.Терминдер сөздігі .1998.

    6. Бахтин М. Вопросы литератури и эстетики. М., 1975.

    7. Гегель Г.В. Эстетика. В 4-х томах. Т.3. М., 1971.

    8. Ревякин А. Проблемы изучения и преподавания литературы. М., 1971.

    9. Овсянников М. История эстетической мысли. М., 1984.
    4 дәріс. Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі
    Жоспар:

    1. Әдебиеттегі дәстүр жалғастығы

    2. Әдеби даму


    Өмір-тіршіліктің, табиғаттың өз заңдылығы бар. Ескі, тозығы жеткен құбылыстар, заттар күйрейді, жоғалады, орнына жаңа өркен жаяды, дамиды. Күн мен түн алмасады, жылдың төрт мезгілі өз ретімен кезектесіп келіп отырады. Мұның бәрі өмір, табиғат заңдылығы. Өнер дамуы да стихия емес, оның да дамуының заңдылықтары, тоқырауының себеп-салдары бар.

    Әдеби даму яки әдеби процесс немесе әдебиеттің даму тарихы бұл үзіліссіз жалғасып отыратын процесс. Бүгінгі ХХІ ғ. басындағы әдеби даму күні ертең әдебиетіміздің тарихына айналады.

    Әдеби процесс тірі, жанды, қозғалыс-қимылға, тартысқа толы процесс. Бұл күнделікті әдеби даму тарихы. Әдебиеттің дамуы, өркендеуі қашан да белгілі бір әдеби дәстүрлердің дамытылуы, жалғастығы арқылы танылады. Яғни әдеби даму дегеніміз бұл әдебиеттегі дәстүрлердің жалғастығы. Ал дәстүр жалғастығы - әдеби дамудың басты заңдылығы. Дәстүрсіз әдеби даму жоқ.

    Дәстүр ұғымы кең мағынасында 2 түрлі тұрғыда анықталады:

    1) Адамзаттың өткенінің өмір тәжірибесін өз тіршілігінде қайталау және жаңғырту түрінде тірек етуі (әдет-салттар, ғұрыптар, рәсімдер т.б.).

    2) Негізгі мағынада мәдени-рухани тәжірибені (көркемдік т.б.) шығармашылық тұрғыда игеру және жалғастыру. Бұл сөз өнеріне, жалпы өнерге қатысты мәселе.

    Сонымен әдеби дәстүр деген не? Бұл жекелей алғанда үздік сөз шеберінің қоғамдық мәселелерді жырлаудағы өзіндік зор көркемдік жетістігі, шеберлік танытуы. Қаламгердің өнердегі осындай көркемдік жетістігі, шеберлігі өз тұсындағы және кейінгі әдеби процесс үшін көркемдік тағылым, яғни дәстүр қызметін атқарады.

    Дәстүр ұғымына бұдан басқа ұлт, халық әдебиетінің даму тарихы қалыптастырған көркемдік тағылымдар да жатады. Мәселен, ауыз әдебиеті дәстүрі дегенде халықтың сан ғасырлық ұжымдық көркемдік мұрасының тағылымы, жыраулар поэзиясының дәстүрі дегенде үш ғасырды қамтитын жыраулар поэзиясының жетістігі, шеберлігі, көркемдік тағылымы еске түседі. Бұлар ұлттық төл әдеби дәстүрлерді, әлем әдебиетінің дәстүрі, орыс әдебиетінің дәстүрі т.с.с. арналары бар.

    Дәстүр жалғастығы - әдеби дамудың басты заңдылығы, тетігі. Бұл өзінен бұынғы әдебиеттен немесе өз тұсындағы әдеби процестен үлгі-өнеге алу, оны шығармашылықпен жалғастыру десек, бұл процесс төмендегідей үш тұрғыда көрінеді:

    1) Идея, тақырып тұрғысындағы дәстүр жалғастығы

    2) Образ, тип жасау дәстүрінің дамытылуы

    3) Көркемдік бейнелеу, шеберлік тұрғысындағы дәстүр.

    Қазақ әдебиетінің қай кезең, дәуіріндегі болмасын әдеби даму тарихынан аталған үш тұрғыдағы дәстүр жалғастығын көреміз.

    Дәстүрден үйрену қандай суреткер үшін де қажетті заңдылық. Дәстүрден үйрену және жалғастыру арқылы ғана қаламгер өнерде өз тұлғасы- ерекшелігімен көріне алады. Дәстүрден үйрену дәстүр қалыптастырған қаламгердің шеберлігін, қолтаңбасын сол қалпында қайталау емес. Мәселен, Абайдан, дәстүрінен үйренуге болады, бірақ, Абай бола алмайсың, ол міндетті де емес. Дәстүрден үйрену белгілі суреткер қалыптастырған көркемдік тағылымды шығармашылықпен игеру әрі дамыту деген сөз.

    Абай Әуезов айтқандай үш дәстүр көздерінен (Төл әдебиет дәстүрі, Шығыс әдебиеті дәстүрі, Орыс және Еуропа әдебиеті дәстүрі) үйрене және оларды шығармашылықпен игере отырып, поэзияда өз биігіне көтерілді. Ешкімді де қайталамады, жаңашылдық танытты.

    Дәстүр мен жаңашылдық мазмұн мен пішін секілді ажырамас бірліктегі ұғымдар. Дәстүр бар жерде, оны шығармашылықпен игеру бар жерде жаңашылдық бар. Абай жаңашылдығының бастаулары дәстүрлерде, оларды шығармашылықпен түрлендіріп, заманына лайықтап жаңа сөз, соны пікір айтуында. Абай дәстүрді шығармашылықпен игеру және ізденісі арқылы жаңашылдыққа қол жеткізді. Абай жаңашылдығы – көркем аударманың классикалық үлгілерін тудыруы, табиғат лирикасын қалыптастыруы, әлеуметтік, сатиралық лирика үлгілерін жазуы, тіліміздің поэтикалық зор қуаты мен мүмкіндігін танытуы т.б. – оның ақындық дәстүрінің негізі болды. Жаңашылдық – шығармашылық жетістік, шеберлік көрінісі десек, ол өзгелер үшін дәстүр. Екі ұғымның байланыстылығы осындай.

    Енді Абай шығармашылығы мысалында дәстүрден творчестволықпен үйрену және оны игеру, дамыту жайына тоқталып өтейік.

    Абайдың «Ғылым таппай мақтанбаң өлеңіндегі бес асыл іс, бес дұшпан жайлы толғанысының төркіні ХІ ғасырдың белгілі ақыны Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында жатыр. Автор ел басқарған бектерге бес жаман нәрседен (ұшқалақтық, сараңдық, ашу, надандық, өтірік) аулақ бол деп кеңес береді. Ортағасырлық түркі әдебиетін жақсы білген Абай өз өлеңінде осы кеңес айту (5түрлі) жөніндегі дәстүрді мүлдем басқаша түрлендіріп қолданады. Бес жаман нәрсені бес дұшпанға айналдырып, оған бес асыл істі қосады. Ең бастысы ол кеңесті өз заманының атқамінерлеріне, болыс-билерге емес, оқып жүрген балаларға айтады. Балалар – халықтың келешегі. Абай кеңес айту идеясын (дәстүрді) ғана алып, оны жақсы, жаман қасиет, іске бөліп және Баласағұни санап айтқан 5 жаман нәрсені қайталамай (тек өтірік қана бар) әрі адресатын өзгертіп ақындық тапқырлық, жаңашылдық танытады. Дәстүрді шығармашылықпен игеру әрі жалғастыру үлгісі осы. Әрине, дәстүрден үйрену, оны игеру және жаңашылдықпен жалғастыру ұзақ процесс. Талантқа ғана тән құбылыс. Бұған тағы да Абайдың орыс әдебиеті дәстүріне қатынасы, оны шығармашылықпен игеруі дәлел бола алады.

    Пушкиннің «Қысқы кеш», Некрасовтың өлеңдерінің Абайдың «Қыс» өлеңінің жазылуында дәстүр көзі болғаны даусыз. Бірақ, Абай олардың ешқайсысын да қайталамай, қазақ қысының сипатын, бейнесін қазақы ұғымға сай суреттеген. Пушкин, Некрасовтан дәстүр, көркемдік тағылым ретінде алған өнегесі біреу, ол қысты жанды бейнеде беру дәстүрі. Абай осы дәстүрді дамыта, жетілдіре отырып, қысты қазақы ұғымға сай кәрі құда бейнесінде суреттейді. Қайталау жоқ, өзіндік жаңашылдық айқын.

    Сонымен ой түйіндесек, әдеби дамудың алғы шартының бірі – дәстүр жалғастығы. Дәстүрсіз әдеби даму жоқ, дәстүрді шығармашылықпен игермей әрі дамытпай суреткерлік тұлға қалыптаспайды.

    Дәстүрді мойындамайтын көзқарастар өнер тарихында болған. ХХ ғ. 20-30 жылдарында жаңа социалистік мәдениеттің негізгі қаланар тұста өткеннің барлық рухани мұраларынан (яғни көркемдік тәжірибе-дәстүрден) бас тартуды ұсынған пролеткультшілдік көзқарас болған. Ол кезінде сыналды. Қазірді кездесіп қалатын кешегі социалистік мәдениетті, әсіресе, әдебиетті түгелдей жоққа шығаратын көзқарас та сонымен тамырлас. Бұл адамзаттың рухани-мәдени дамуындағы сабақтастық – жалғастықты жоққа шығару, бұл өте теріс көзқарас. Ал әдеби дәстүрден үйрену, оның маңызын мойындау дегеніміз ұлт әдебиетінің ғана көркемдік тәжірибесінен үйрену емес, бұл жалпы адамзаттың көркемдік тағылымынан үйрену.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Әдеби дәстүр дегеніміз не? Әдеби дәстүр аясындағы әдеби мектеп.

    2. Қазақ әдебиетіндегі әдеби дәстүрлерді атаңыз?

    3. Дәстүр және жаңашылдық бірлігі.

    4. Абай жаңашылдығы, оның негіздері, қайнар көздері.

    5. Әуезов жаңашылдығы, оның негіздері, қайнар көздері.
    Негізгі әдебиет:

    1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.

    2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш //Шығармалары, 1989.

    3. Қабдолов З. Сөз өнері. 1992; 2002;

    4.Тимофеев А. Основы теории литературы. М., 1977.

    5. Гуляев Н. Теория литературы, М., 1977.

    6. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

    7. Садыков Х. Теория литературы. В 2-х частях. Алматы, РИК.1999-2001гг.

    8. Әдебиеттану. Хрестоматия. Алматы, Ана тілі, 1991.

    9.Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003.
    Қосымша әдебиет:

    1. Белинский В.Г. Әдеби-сын мақалалар. Алматы, 1987.

    2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.

    3.Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, РБҚ, 1994.

    4.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. Алматы, Ғылым, 1991.

    5.Әдебиеттану.Терминдер сөздігі .1998.

    6. Бахтин М. Вопросы литератури и эстетики. М., 1975.

    7. Гегель Г.В. Эстетика. В 4-х томах. Т.3. М., 1971.

    8. Ревякин А. Проблемы изучения и преподавания литературы. М., 1971.

    9. Овсянников М. История эстетической мысли. М., 1984.

    5 дәріс Эпикалық жанрлар
    1   2   3   4


    написать администратору сайта