Главная страница
Навигация по странице:

  • 7 дәріс. Драмалық тек. Драмалық жанрлар ерекшелігі Жоспар

  • 8 дәріс. Әдеби процесс. Көркемдік әдіс, әдеби бағыт–ағымдар және әдеби мектеп Классицизм (ХУІІ ғасыр) мен ағартушылық дәуір (ХУІІІ ғасыр) эстетикасы

  • дебиет теориясы 1 дріс. Таырыбы Кркем дебиеттегі бейне жне бейнелілік Жоспар


    Скачать 234 Kb.
    Названиедебиет теориясы 1 дріс. Таырыбы Кркем дебиеттегі бейне жне бейнелілік Жоспар
    Дата14.12.2021
    Размер234 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла6 darister.doc
    ТипДокументы
    #303375
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    Бақылау сұрақтары:

    1. Лирикалық бейнелеу тәсіліне тән ерекшеліктері қандай?

    2. Лирикалық жанрлар көлеміне қарай қалай бөлінеді?

    3. Баллада мен мадақ өлеңнің ерекшеліктері қандай?

    4. Лирикалық жанрларды анықтауда историзм принципі қолданыла ма?

    5. Лирикалық бір туындыны ойша талдау арқылы лирикалық бейнелеу ерекшеліктерін

    еске түсіру.

    6. Лирикалық жанрлардың бір бірінен айырмашылығы қандай?

    7. Сонет жанры қашан пайда болды? Ерекшелігі қандай ? қазақ әдебиетінде сонет

    жанрының негізін салушы кім?

    8. Элегия қандай жанр?

    9. Эпиталаманың қазақ әдебиетінде аналогиясы бар ма?
    Негізгі әдебиет:

    1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.

    2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш //Шығармалары, 1989.

    3. Қабдолов З. Сөз өнері. 1992; 2002;

    4.Тимофеев А. Основы теории литературы. М., 1977.

    5. Гуляев Н. Теория литературы, М., 1977.

    6. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

    7. Садыков Х. Теория литературы. В 2-х частях. Алматы, РИК.1999-2001гг.

    8. Әдебиеттану. Хрестоматия. Алматы, Ана тілі, 1991.

    9.Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003.
    Қосымша әдебиет:

    1. Белинский В.Г. Әдеби-сын мақалалар. Алматы, 1987.

    2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.

    3.Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, РБҚ, 1994.

    4.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. Алматы, Ғылым, 1991.

    5.Әдебиеттану.Терминдер сөздігі .1998.

    6. Бахтин М. Вопросы литератури и эстетики. М., 1975.

    7. Гегель Г.В. Эстетика. В 4-х томах. Т.3. М., 1971.

    8. Ревякин А. Проблемы изучения и преподавания литературы. М., 1971.

    9. Овсянников М. История эстетической мысли. М., 1984.


    7 дәріс. Драмалық тек. Драмалық жанрлар ерекшелігі
    Жоспар:

    1. Драмалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі

    Әдебиеттің үшінші тегі – драма. Бұл пьесалық шығармалар, Горкий айтқандай әдебиеттің қиын түрі.

    Драмалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі

    Драмалық бейнелеу тәсілінде эпостағыдай автор – баяндаушы (әңгімелеуші де, лирикадағыдай ақпа – төкпе сыр ақтаратын лирикалық кейіпкер де жоқ. Бұл тәсілде оқиғаға, тартысқа қатынасатын кейіпкерлер өз тұлғасын автордың мінездеу – суреттеуімен емес, сахнадағы өз сөздерімен (монолог, диалог) және қимыл - әрекеттерімен сомдап танылады. Сондықтан драмалық бейнелеу тәсілінде драматург кейіпкерлер сөздеріне ерекше мән береді. Кейіпкерлер сөзі – оның болмысын танудың кілті. Драмалық туындылар сахнаға арнап жазылады, пьесаның бүкіл құрылымы сахна заңдылықтарымен сәйкестендіріледі (көрініс, акт, шымылдық, музыкалық, сахналық безендіру т.б.).

    Драмалық жанрлар түрі үшеу: трагедия, комедия, драма. Трагедия жанрының тарихы тереңде, ежелгі грек әдебиетінен бастау алады. Эсхил (грек драматургі) «трагедия атасы» (Энгельс) аталады. Трагедиялық туындыда кейіпкердің жеке мүдде, арманы үлкен кедергілерге ұшырап іске аспай қалады, кейіпкер қазаға ұшырауы, ауыр жан азабын бастан кешіруі мүмкін. Демек, трагедиялық пьесадағы басты кейіпкерлер (ұнамды және ұнамсыз) арасындағы мүдде, дүниетаным қайшылығынан туған тартыс күшейе, асқына келіп ұнамды кейіпкердің қазасымен аяқталуы мүмкін.

    Шекспирдің «Отелло» трагедиясында Отелло қызғанышпен жары Дездемонаны өлтіреді. Өзі өмір бойы құтылмайтын азап арқалайды. Белинский Отеллоның бұл күйін трагедиялық коллизия көрінісі дейді. Себебі бұл қайғыдан – азаптан Отелло құтыла алмайды.

    Пушкин, Әуезов, Ғ.Мүсірепов трагедиялары көпке белгілі Аристотель де, Белинский де трагедияны өте жоғары бағалаған. Мәселен Белинский: «Поэзияның бірде бір тегі біздің жанымызға трагедиядай әсер ете алмайды, бізге соншалықты ләззат та бермейдің деген. Себебі түсінікті.

    Кейіпкерлер тұлғасын күлкілі және әжуа – мазақ түрінде бейнелейтін жанр – комедия.

    Көне, байырғы жанр, сонау «комедияның атасың аталған Аристофаннан бері Еуропа, орыс, қазақ әдебиетінде дамыған өнер түрі.

    Комедия, Белинский айтқандай, «күнделікті өмірдің прозасын, ұсақ – түйегін және кездейсоқ жақтарын көрсетпекң. Оның мақсаты – адам бойындағы мінезді, болымсыздықты, қоғамдағы ұнамсыз құбылыстарды көп жиренетіндей күлкілі, ажуа, сықақ түрінде көрсету. Комедияда бірінші планға күлкі шығады, кейіпкердің өзінің жүріс – тұрысы, ісі, сөзі, өзгелермен қарым – қатынасы күлкі тудыруы керек. Күлкі шындықтан, кейіпкердің сөзі мен іс - әрекетінен туындауы керек – ақ. Күлкі сипатына қарай комедия сатиралық және юморлық болып екіге бөлінеді. Гогольдің «Ревизоры» сатиралық комедияның классикалық үлгісі. Қазақ драматургиясында бұл жанрдың қалыптасуына Б.Майлин, М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов т.б. үлкен үлес қосты. Би – ағаның «Талтанбайдың тәртібің сатиралық, ал Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астындаң, «Құдаға келіптің комедиялары юморлық комедия үлгісі. ХХ ғ. 60-жылдарындағы студент – жастар өміріне арналған комедиясы я оқу оқып білім алмаған, я бір кәсіппен айналысуды мақұл көрмеген Арыстан секілді әсемпаз – жастың, Сапар сияқты сырты сұлу, сұмдығы тереңде сұмпайының ұнамсыз іс - әрекет, мінездерін күлкі етеді. Марфуға сынды қалалық Шолжаң қыздың орысша, қазақшаны араластырып сөйлеуі, жеңіл ойлауы күлкі шақырады.

    Комедия осындай мінездерді күлкі ете отырып, одан арылту, жақсыны ардақтау мақсатын көздейді.

    Трагедия мен комедиядан кейін туған үшінші жанр – драма. Драмаға тұрмыстық, әлеуметтік – қоғамдық жайлар арқау болады.

    ХІХ ғасыр орыс әдебиетінде А.Островскийдің («Найзағайң), А.Чеховтың («Шағалаң, «Ваня ағайң), сондай – ақ ХХ ғ. Горькийдің, қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Тәжібаев т.б. драмалық пьесалары көпке мәлім. Драмалық пьесадағы тартыстың кейде кейіпкер өлімімен аяқталуы да мүмкін, бірақ, бұл трагедиялық туындыдағыдай тығырыққа тірелудің көрінісі емес. Драмада күлкілі жайлар да орын алады, бірақ, ол комедиядағыдай басты, шешуші мәнге ие емес, өмір – тіршіліктің бір қыры, адам мінезін танытудың бір жолы іспетті.

    Мәселен, Б.Майлиннің «Майданң драмасында күлкілі жайлар да (Пүліш мінезі, іс - әрекетіне байланысты, қайғылы көрініс те Әліш өлімі) қатар кездеседі. Бірақ бұл трагедия да, комедия да емес. Өмір кезеңінің, уақыт шындығының, адамдар тағдырының әр қилы көрінісінің қатар қамтылуы.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Драмалық бейнелеу тәсіліне тән ерекшеліктері қандай?

    2. Драмалық жанрлар мазмұнына қалай бөлінеді?

    3. Комедия мен трагедияның ерекшеліктері қандай?

    4. Драмалық жанрларды анықтауда историзм принципі қолданыла ма?

    5. Драмалық бір туындыны талдау арқылы драмалық бейнелеу ерекшеліктерін еске

    түсіру.
    Негізгі әдебиет:

    1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.

    2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш //Шығармалары, 1989.

    3. Қабдолов З. Сөз өнері. 1992; 2002;

    4.Тимофеев А. Основы теории литературы. М., 1977.

    5. Гуляев Н. Теория литературы, М., 1977.

    6. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

    7. Садыков Х. Теория литературы. В 2-х частях. Алматы, РИК.1999-2001гг.

    8. Әдебиеттану. Хрестоматия. Алматы, Ана тілі, 1991.

    9.Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003.
    Қосымша әдебиет:

    1. Белинский В.Г. Әдеби-сын мақалалар. Алматы, 1987.

    2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.

    3.Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, РБҚ, 1994.

    4.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. Алматы, Ғылым, 1991.

    5.Әдебиеттану.Терминдер сөздігі .1998.

    6. Бахтин М. Вопросы литератури и эстетики. М., 1975.

    7. Гегель Г.В. Эстетика. В 4-х томах. Т.3. М., 1971.

    8. Ревякин А. Проблемы изучения и преподавания литературы. М., 1971.

    9. Овсянников М. История эстетической мысли. М., 1984.

    8 дәріс. Әдеби процесс. Көркемдік әдіс, әдеби бағыт–ағымдар және әдеби мектеп

    Классицизм (ХУІІ ғасыр) мен ағартушылық дәуір (ХУІІІ ғасыр)

    эстетикасы
    Жоспар:

    1. Әдеби процесс

    2. Көркемдік әдіс

    3. Классицизм өнері
    Әдеби процесс, әдеби даму деген ұғымдар өзара мағыналас тіркеседі. Екеуі де күнделікті немесе белгілі бір кезеңдегі әдебиеттің өсу, даму сипатына қатысты ұғымдар.

    Әр кезеңнің өзіне тән дамуы, оның өз ерекшеліктері болады. Ол қоғамдық жағдайларға, әдебиеттің қалыптасу деңгейіне де байланысты. Бүгінгі әдеби процесс немесе әдеби даму ертең әдебиет тарихына айналады.

    Әдебиет даму тарихында, оның әр кезеңінде де көркемдік әдістің маңызы ерекше. Мысалы, ХУІІІ ғ. Еуропа әдебиетінде, осы кезеңдегі әдеби процесте романтизм әдісі басым болса, ХІХ ғасыр әдебиетінде реализм көркемдік әдісі үстемдік құрды. ХІХ ғасырдың орыс әдебиеті тарихында алтын ғасыр атануы осы реализм әдісінің жетекші, үстем әдіс болуымен байланысты.

    Сөз өнері тарихында басты екі көркемдік әдіс бар, олар реализм және романтизм әдістері.

    Көркемдік әдіс дегеніміз не? Ол қандай ұғым? Суреткер өмір құбылыстарын жырлайды дейміз, бұл дұрыс та. Бірақ, ол кез келген өмір құбылыстарын жайдан жай суреттей салмайды. Ол қандай бір өмір құбылыстарын бейнелегенде де алдымен зерттеп-біліп, сосын өзінің танымына, эстетикалық идеалына сай белгілі бір көркемдік суреттеу принциптерін басшылыққа ала отырып зерделейді. Демек, бұл әрбір көркемдік әдістің өзіне ғана тән өмірді, қоғамды, адамдық қарым-қатынастарды суреттеу принциптері, ерекшеліктері болады деген сөз. Мәселен, ең байырғы көркемдік әдістің бірі – реализмді алайық. Ол өмір-болмыс кейпін боямаламай, неғұрлым оған ұқсатып шынайы әрі көркем таныту мақсатын алға қояды. Сондықтан реализм әдісінде шынайылық, жинақтау-типтендіру, адамдық орта, заман, уақыт ауқымында соған сәйкестендіріп суреттеу т.б. амал-тәсілдер айрықша маңызға ие. Ал, романтизм әдісінің суреттеу ерекшелігі бұдан басқаша, онда автор құбылыстарды да, затты да өз қалауынша қиялына, мақсатына сай әрі әсірелеп бейнелейді.

    З.Ахметов «көркемдік әдіс белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылған өмір шындығын суретеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптерің десе, орыс ғалымдары Л.Тимофеев, А.Ревякин т.б. көркемдік әдіс жайлы тұжырымы: «шындық болмысты, өмірді идеялық-көркемдік тұрғыдан тану мен образды бейнелеу принциптерінің белгілі бір жүйесің дегенге саяды. Осы түсінік ғылымда орныққан, тұрлаулы тұжырым.

    Өмірді тану дүниетанымға қатысты болса, шындықты образды бейнелеу суреттеу принциптеріне байланысты. Көркемдік әдіс жеке қаламгерге емес, жазушылар тобына қатысты ортақ мәселе. Мысалы, кеңестік дәуір қаламгерлерінің бәрінің өмір шындығын бейнелеуде ұстанған ортақ бір әдісі – социалистік реализм әдісі деп аталғаны белгілі.

    Көркемдік әдісті айқындайтын үш фактор (Гуляев) бар. Олар: шындық өмір, суреткер дүниетанымы, көркемдік ойлау.

    Көркемдік әдіс мәселесінің зерттелу тарихында көне дәуір ғұламасы Аристотельдің, классицизм (17 ғ.) қаламгерлері мен ағартушылық дәуір (ХУІІІ) қайраткерлерінің, ХІХ ғасырда Белинскийдің, Энгельстің, Плехановтың ой-тұжырымдарының мәні үлкен. Кеңестік дәуірде бұл мәселенің зерттелуінде М.Горькийдің, Д.Благойдың, С.Петров пен Г.Марковтың, Н.Гей мен Ю.Манның, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, З.Қабдолов, З.Ахметов т.б. пікірлері, еңбектері елеулі.

    Қандай да болмасын көркемдік әдіске қатыссыз қаламгер болмайды.

    Әдеби процесс, яки әдеби даму үрдісінде сонымен қатар әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектептердің де мән-маңызы зор. Бұл үшеуін тегінде әдеби дамудың формалары деп танимыз. Әдеби процесс жайлы, қозғалыс үстіндегі процесс десек, әдеби бағыт, ағым, әдеби мектепті оған жан беретін, оның өзіндік ерекшеліктерін танытатын сипаттарды санаймыз.

    Бір кезеңдегі әдеби процесс аясында түрліше әдеби бағыттардың, әдеби ағымдардың, мектептердің қатар өмір сүруі, дамуы, әрқайсысының өз басымдығы үшін күресуі әдеби дамудың толыққандылығын, әдебиеттің қоғамдық өмір проблемаларына белсене араласуын, сөйтіп, ұлт әдебиетінің жан-жақты ізденіс, өсу, өрлеу үстінде екндігін көрсететін фактор. Демек, әдеби даму заңдылығы.

    Әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп, бұлар бір ұғымдар емес, алайда бір бірінен соншалықты алшақ құбылыстарды емес, керісінше бір-бірімен байланысты, қатар өмір сүретін құбылыстар.

    Орыс ғалымдары (Поспелов, Гуляев, Ревякин, Кулешов т.б.) бұл мәселені қарастыра келе олардың өзара байланыстылығын, әдеби бағыттың біріншілігін анықтап дәлелдейді. Бір әдеби процесс аясында қоғамдық, көркемдік сұраныстарға орай әуелі әдеби бағыттың туып қалыптасатындығы, бағыттың өз ішінен бірнеше ағымдарға бөлінетіндігі де өнер заңдылығы. Мұны орыс, қазақ әдебиеті тарихынан көптеген мысалдар келтіріп дәлелдеуге болады. Мысалы, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Абай өзінің шығармашылық тың ізденістері арқылы қазақ әдебиетінде жаңа реалистік жазба әдебиеттің бағытын қалыптастырды, ол осы ғасыр әдебиетіндегі жетекші бағыт болды. Сондай-ақ ХІХ ғ. орта тұсында қазақ әдебиетіндегі халықтық-бұқарашыл бағыттың аясында кейін осы дәуірді тұтас қамтыған зар заман ағымы (М.Әуезов) туып, қалыптасты.

    Әдеби бағыт та, әдеби ағым да ақындар, жазушылар тобына қатысты құбылыс. Әр әдеби бағыттың немесе әдеби ағымның өз платформасы, бағдарламасы болуы заңдылық. Мәселен, Абай негізін қалап дамытқан жаңа реалистік бағыттың мақсаты, өнерге көзқарасы оның көптеген өлеңдерінде («Мен жазбаймын өлеңді ермек үшінң, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасың,т.б) айқын тұжырымдалған. Ал «зар заманң ағымының мақсаты Шортанбайдың («Зар заманң), Дулаттың, Мұраттың («Үш қиялң) т.б. өкілдері туындыларын идеялық нысанасынан жақсы аңғарылады. Отаршылдықтың келуі мен орнығуы кесірінен қазақтың ұлттық мемлекеттігінің, ел басқару жүйесінің бұзылуы қазақтың қалыпты өмірінің жойылуы, отаршылдық еріксіз толған ұнамсыз құбылыстардың көбеюі, діннен безу, елдіктен айрылу жайларын «заман азды, халық тоздың деп түңілу және қатты сынау, бұрынғы дәуірді аңсау сарыны, міне «зар заман ағымының ерекшелігі осылар. (Ағым ерекшелігімен жете танысқысы келгендерге Б.Омарұлының «Зар заман поэзиясың (2001) монографиясын оқуды ұсынамыз).

    Көркемдік әдіс неғұрлым тұрақты құбылыс болса, әдеби бағыт, әдеби ағым қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде туып, екінші бір кезеңінде өнр сахнасынан кетуі әбден мүмкін. «Зар заманң ағымы соның айқын бір дәлелі.

    Ал әдеби мектеп мәселесіне келсек, бұл да әдеби бағыт, әдеби ағым ұғымдарымен сабақтасып-байланысып жатқан әдеби құбылыс. Әдеби бағыт, ағым бар жерде әдеби мектеп те бар. Бұлардың қатар өмір сүруі, әдеби процестегі тайталасы, қайталап айтайық, өнер дамуның заңдылығы.

    Әдеби мектеп ұғымының басты бір ерекшелігі оның жалпы қаламгерлерге емес, жеке үздік сөз зергері шығармашылығына қатысты құбылыс екендігінде. Әдеби мектеп үздік талаптың өнердегі өнегесіне, оның өзгелерге тікелей шығармашылық ықласы мен жетекшілігіне қатысты ұғым. Орыс әдебиетінің тарихындағы әйгілі «Гогольдің натуралдық мектебің Гогольдің шығармашылық ықпалымен қалыптасқан, оның шәкірті іспетті жазушылар арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты танытатын мектеп, сондай-ақ орыс поэзиясы тарихында «Некрасов мектебініңң атқарған ролі де жоғары.

    Қазақ поэзиясында Абайдық ақындық мектебі - әдеби мектеп. Әдеби мектеп болғасын ұстаз қаламгер бар және оның үлгісімен, ақыл-кеңесімен шығармашылық еңбек ететін шәкірт қаламгерлер бар. Абайдың ақындық мектебінің шәкірттері, айталық, Көкбай, Шәкәрім, балалары Ақылбай мен Мағауия, сондай-ақ Нармамбет, Әріп т.б. Кейін әрқайсысы да белгілі ақындық биіктікке көтерілді. Олардың тақырып таңдау, машықтану, іздену жолдарында Абайдың ұстаздық жетекшілігінің мән-маңызы зор болғанын білеміз. Орыс әдебиетінің ұлы тұлғаларының бірі Ф.Достоевскийдің «Бәріміз де Гогольдің «Шинелінен ң шықтықң деген әйгілі сөзі оның қай мектептің өкілі екенін айғақтап тұрған жоқ па?!

    Сонымен қорытындылай келгенде әдеби процесс-әдеби даму жанды, үзіліссіз үрдіс. Әдеби процесс формалары: әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп екендігі. Бұлардың өзара байланыс – сабақтастығы және айырмашылықтары. Әдеби даму аясында саналуан әдеби бағыт, ағымдардың, әдеби мектептердің болуы, қатар өмір сүруі - өнер заңдылығы дейміз. Бұл әдебиеттің қоғам өмірінен белсенді байланысының, ізденіс, жетілу үстінде екендігінің көрінісі. Ал, көркемдік әдіс болса, жазушылар тобына ортақ өмір шындығын тану, бағалау және бейнелеуде қаламгерлер басшылыққа алатын көркемдік-эстетикалық суреттеу принциптері. Әр бағыт, ағымға қатыссыз қаламгер болуы мүмкін, алайда көркемдік әдіске қтыссыз суреткер болмайды. Көркемдік әдіс неғұрлым тұрақты құбылыс болса, бағыт, ағым, мектептер уақытша құбылыс.
    Әдебиет пен өнер жайлы ой-пікірлердің тууы мен ғылымға айналу тарихы ұзақ тарих. Ол тарихты адамзат қоғамының даму тарихымен сабақтастыра қарау жөн. Өнер, әдебиет жайлы алғашқы ой-пікірлердің бастамасы көне шығыс елдерінде, б.э.д. көне дәуірлерде туғаны белгілі.

    Бұрын мәдениет, ғылым, өнердің тууы мен ғылыми ойлардың қалыптасу тарихын тек Еуропамен, көне грек дәуірімен байланысты қарастыру дәстүрі басым болып келгені рас. Бұның біржақты көзқарас екенін тарих-ана дәлелдеп отыр.

    Біз бүгін адамзаттың рухани-мәдени дамуы мен өнер тарихында, эстетикалық ой тарихында өзіндік орны бар екі кезеңдегі – ХУІІ ғ. классицизм мен ХУІІІ ғ. ағартушылық дәуірдегі эстетика жайына тоқталып өтпекпіз.

    Классицизм өнердің өзгеше бір типі ретінде ХУІІ ғасырда Францияда пайда болды. Ол өз кезеңінде өнердің басқа түрлеріне де (сәулет, сурет т.б.) ықпалын тигізді.

    Классицизм өнері Францияда абсолюттік монархия (елді жеке адамның билеуі, яғни корольдік билік) билеген кезде күшті мемлекеттік идеясын насихаттау мақсатынан туындады. Мемлекет күшті болу үшін оның басшысының шексіз билігі, беделі болуы керек деп саналды. Жаңа өнер билік басындағылардың іс-әрекетін ардақтау, сарай маңындағылардың өмірін көрсету, өзгелерге үлгі ету – мемлекетке қызмет ету деп түсінді. Бұл бағыттың алғаш негізін қалаушы ақын Ф.Малерб болды, ол одалар жазып корольді, жоғары қауым өкілдерін мадақтады. Ал француз ақыны, сыншы, эстет Н.Буало классицизмнің теоретигі саналады. Ол «Поэтикалық өнерң деген өлеңмен жазған трактатында жаңа өнердің мақсат-міндетін айқындап, жанрларды жіктеп, оларға сипаттама берді.

    Н.Буало бұл өнердің обьектісі – сарай, билеуші жоғары қауым өмірі мен тіршілігі, өнер туындысы осы шындықты бейнелеп, жоғары қауымның талап-тілегінен шығып отыруы керек деп еептеді. Бұл өнер негізінен көне гректің классикалық өнерін үлгі тұтып, соған еліктегендіктен классицизм деп аталды. Буало әйгілі үш бірлік (орын, уақыт, оқиға) заңдылығын қаламгерлердің қатаң сақтауын талап етті. Ол жанрларды өнердің мақсатына қарай жоғары және төменгі деп екіге бөлді. Жоғарғы жанрларға мемлекет адамының, үлгілі азаматтардың өнегелі ісін, ой-сезімдерін танытатын Ода мен трагедияны жатқызса, жеке адамдардың күнделікті өмірін бейнелейтін төменгі жанрларға комедия, сатира, элегияны жатқызды, олардың тіліне дейін (қарапайым) мән берді.

    Буало өнер жоғары қауым шындығын бейнелеуі керек дегендіктен, өнерде тек жағымды құбылыстар көрініс табуы қажет деп білді. Кейіпкер классицизм туындыларында негізінен статикалық сипатта көрінді. Қоғамдық жағдай мен ортаны кейіпкер мінезіне ықпалы ескерілмеді. Кейіпкерлерді король, патша, батыр, ақсүйектер болғандықтан олар сахнада мемлекеттік мәселелерді толғады, мемлекет, ұлт бірлігі мәселелерін жоғары көтерді, сұлу, әдемі сөйлей білді.

    Көне грек дәуірі өнерін үлгі тұтқандықтан классиктерді негізінен грек мифологиясынан, грек әдебиетінен сюжетті алып, соларды қайта жырлауға, жазуға құштар болды. Грек өнерінде бейнеленген әсемдік, сұлулық ұғымы қашан да болсын өзге халықтар, ұлттар үшін әсемдікті бейнелеудің өлшемі, нормасы болады деді Н.Буало. Буало эстетикасы осы себепті де нормативтік деп аталды. Бұл біржақты, теріс түсінік.

    Буало эстетикасының озық, прогресшіл жақтары да болды. Мәселен, ол өлеңде мағынаға (бізше мазмұн) мән берді, ұйқас сол мағынамен байланысты болуы керек деген. Ұйқас пішін десек, пішін мен мазмұн бірлігінде Буалоның мазмұнға айрықша мән бергенін көреміз. Ол жанрларды қарастырып, әрқайсысына өте байыпты оң сипаттама берген (Ода, элегия, сатира, эпопея т.б). Мәселен, Н.Буало сатираға

    Не злоби, а добро стремясь посеять в Мире

    Являет истина свой чистый лик в сатире,-

    деп өте орнықты анықтама берген.

    Алайда классицизм өнерінің оңды сипаттарынан гөрі шарттылықтары мен шектеулілігі көп болды (Үш бірлік заңдылығы, тек жоғары қауым шындығын және оны ардақтап жазу, ұсқынсыз құбылыстарды елемеу, жанрларды «жоғарғың, «төменгің деп бөлу, кейіпкерді жасанды бейнелеу т.б). Сондықтан да оны алдымен сынаушылар осы ағымның өз қаламгерлері болды. Классицизмнің белгілі өкілдері – драматургтер Мольер, Расин, Корнель десек, әсіресе, Мольер ағымның шарттылықтарына қарсы болды, өз шығармашылығында өмір шындығына сәйкес суреттеуге ұмтылды.

    Ал орыс классицизмі (ХУІІ ғ. аяғы – ХУІІІ ғасыр) болса, керісінше қоғам өміріне жақын болды, сыншылдық сипаты күшті болды (Грибоедовтың «Ақылдың азабың комедиясын т.б. еске алайық).

    Сонымен Батыс классицизмі алдымен қаламгерлері тарапынан сынға ұшырады, ХУІІІ ғасыр басында басталған Ағартушылық дәуір өкілдері (француз, неміс т.б.) де классицизм принциптерін қатты сынап, оның догмалық, сословиелік т.б. шектеулілік сипттарын әшкере етті.

    ХУІІІ ғасыр басында Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде (Франция, Англия, Германия т.б) қоғамдық билік сипаты өзгере бастады, монархиялық ел билеу жүйесі әлсіреді. Қоғамда өнер, білім, ғылым дами бастады. Жаңа қоғам, жаңа қайраткерлер ілім, өнерге жаңа көзқараспен қарады. Ағартушылық дәуір осылай басталды. Францияда әйгілі энциклопедист ғалым, ағартушылар Вольтер, Ж.Жак Руссо, Монтескье т.б. осы дәуірде өмір сүрді. Олар әдебиет пен өнерге, білім, тәрбиеге қатысты еңбектер жазды. Классицизм эстетикасының шектеулілігі мен кертартпалығын сынады, озық өнер, озық прогресшіл идеялалардың жаршысы болды. Өнер қарапайым жандардың да тіршілігін қамтуы, көпке түсінікті, ортақ болуын кейіпкерді нақты ісімен көрсету т.б. мәселелерін көтерді. Бұл тұста фр. Қоғамында театр, баспасөз өркендеді, журналдар шықты. Өнер теориясы туындады. Реализм термині қолданылмаса да өнердің шынайылығы, к.бейненің нақтылығы мәселелері талап етілді.

    Француз ағартушы ғалымы Д.Дидро (1713-1784) бірсыпыра еңбектерінде театр мәселесін көтерді. Шынайылық мәселесін бірінші кезекке қойды, өз тұсындағы өмірді зерттеуді, соны бейнелеуді талап етті, типтік бейнеге қатысты алғашқы пікірді де осы Дидро айтты.

    Ал, неміс ағартушылық дәуірінің үлкен қайраткері Лессинг (1729-1781) өз заманының білімдар адамы болды. Классицизмнің кертартпа жақтарын сынға алды (көне дәуір әдебиетіне көзсіз бас ию, өз заманының шындығына, оның кемшілікті жақтарына мән бермеу т.б.). Бұл да Дидро секілді өнер, әдебиет өз заманының шындығына мән беруі керек деп есептеді. Шындық пен көркемдікті өнердің басты заңдылығы санады. Лессингтің басты еңбегінің ірі «Лаокоон немесе сурет пен поэзияның шек-шекарасы жайлың деп аталады. Онда Лессинг сурет пен поэзияның, яғни әдебиеттің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін салыстыра пайымдайды.

    Бұл айтылған эстетикалық ой-пікірлер ағартушылық дәуір эстетикасының оңды жағы. Дегенмен ағартушылық дәуір эстетикасының да бірсыпыра әлсіз жақтары болды. Олар әлеуметтік мәселелерді моральдық-ағартушылық тұрғыдан шешуге ұмтылуы. Қаламгердің өз кейіпкерлерін ағартушылық идеяларының жаршысы етіп көрсетуі. Өнр өмір, қоғам кемшіліктеріне де назар аударуы керек дей отырып, өздерінің ұнамсыз қоғамдық құбылыстарды ашып көрсете алмауы т.б. Бұл кемшіліктердің бірсыпырасын неміс ағартушылық дәуірі өкілі Гердер де айтты. Ол ағартушылық дәуір өнерінде бейнеленген геройдың моральдық тұрғыдан мінсіздігін сынады. «Адам да, өмір де өзіндік қайталанбайтын ерекшеліктерімен суреттелуі керектігінң айтты. Шекспир шеберлігін үлгі етті. Сөйтіп ағартушылық дәуір эстетикасы да өнерге қатысты бірыңғай озық ой-пікірлерімен көрінген жоқ. Озық, іргелі ойлар, тұжырымдары болса да, оны өнерде, өмірді бейнелеуде толық іске асыра алмады. Бірақ ағартушылық дәуір эстетикасы классицизмнің көркемдік принциптерінің мақсатының шектеулілігін батыл сынады, бұқаралық өнерге жол ашты, өнердегі шынайылық мәселесін көтерді, өнердің өз заманының шындығын зерттеуін және бейнлеуін талап етті.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Көркемдік әдісті айқындайтын шешуші фактордың бірі.

    2. Әдеби процесте әдеби бағыт жетекші ме, әдеби ағым жетекші ме?

    3. Веселовскийдің тарихи-салыстырмалы мектебі әдебиеттің қандай мәселелерімен

    айналысты?

    4. Н.Буало қандай өнердің теориялық негізін қалаушы?

    5.Қазақ, орыс әдебиеттері тарихындағы әдеби бағыттар мен ағымдар туралы не білесіз?

    6. Классицизм мен ағартушылық дәуір эстетикасы қандай негізде қалыптасты?

    7. Ағартушылық дәуір эстетикасының ерекшелігі қандай?

    8. Н.Буало қандай өнердің теориялық негізін қалаушы?

    9. Классицизм эстетикасы бойынша әдебиеттің жанрлары қалай деңгейленді? Не

    себепті?
    Негізгі әдебиет:

    1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.

    2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш //Шығармалары, 1989.

    3. Қабдолов З. Сөз өнері. 1992; 2002;

    4.Тимофеев А. Основы теории литературы. М., 1977.

    5. Гуляев Н. Теория литературы, М., 1977.

    6. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

    7. Садыков Х. Теория литературы. В 2-х частях. Алматы, РИК.1999-2001гг.

    8. Әдебиеттану. Хрестоматия. Алматы, Ана тілі, 1991.

    9.Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003.
    Қосымша әдебиет:

    1. Белинский В.Г. Әдеби-сын мақалалар. Алматы, 1987.

    2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.

    3.Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, РБҚ, 1994.

    4.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. Алматы, Ғылым, 1991.

    5.Әдебиеттану.Терминдер сөздігі .1998.

    6. Бахтин М. Вопросы литератури и эстетики. М., 1975.

    7. Гегель Г.В. Эстетика. В 4-х томах. Т.3. М., 1971.

    8. Ревякин А. Проблемы изучения и преподавания литературы. М., 1971.

    9. Овсянников М. История эстетической мысли. М., 1984.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта