Главная страница
Навигация по странице:

  • Бақылау сұрақтары

  • Негізгі әдебиет

  • Қосымша әдебиет

  • 2 дәріс. Сөз өнеріндегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері Жоспар

  • дебиет теориясы 1 дріс. Таырыбы Кркем дебиеттегі бейне жне бейнелілік Жоспар


    Скачать 234 Kb.
    Названиедебиет теориясы 1 дріс. Таырыбы Кркем дебиеттегі бейне жне бейнелілік Жоспар
    Дата14.12.2021
    Размер234 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла6 darister.doc
    ТипДокументы
    #303375
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    Әдебиет теориясы
    1 дәріс. Тақырыбы: Көркем әдебиеттегі бейне және бейнелілік
    Жоспар:

    1. Әдебиеттану ғылымы туралы

    2. Әдебиет өнеріндегі көркем бейне және бейнелілік ұғымдары
    Алдымен әдебиет туралы ғылымның әдебиеттану аталатынын, оның бір-бірімен сабақтас-байланысты үш салалары бар екеніне көңіл аударайық. Олар: әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдебиет теориясы. Бұлар Ю.В.Манн айтқандай «әдебиеттанудың басты салаларың болып табылады. Ал, библиография, мәтінтану болса, әдебиеттану ғылымының жанама салалары саналады. Әдебиеттану мен тілтану қосыла кеп филология ғылымдарын құрайды.

    Әдебиет тарихы белгілі бір ұлттың, халықтың сөз өнерінің туу, дамуын, бүгінгі кезеңге дейінгі бел-белестерін, қай кезеңде қандай ақын-жыраулар, қаламгерлер болды, олар қандай әдеби мұра қалдырды, оның көркемдік маңызы қандай деген мәселелерді анықтаса, әдебиет сыны керісінше, өз тұсындағы, кезеңіндегі әдеби процесс - әдеби даму ерекшеліктерін қарастырып, әдебиет керуені қандай бағыт алып барады, әдеби процесте қандай басым тенденциялар, тақырыптар бар деген мәселелерді анықтап, сондай-ақ күнделікті жарық көрген жаңа туындылардың көркемдік жетістік-кемшіліктерін әділ саралап, жазушы еңбегін бағалау, көпшілікке танытып отыру міндетін алға қояды.

    Әдебиет теориясы осы екі саланың фактілерін, материалдарын саралап, түйіндеп, ғылыми қорытынды, тұжырым жасап отыратын басты сала.

    Бұл саланың қарастыратын мәселелері өте ауқымды. Түйіп айтқанда, олар мынадай 3 циклдан тұрады:

    1) Қаламгердің өмір шындығын образды-бейнелі түрде суреттеп таныту ерекшеліктерін қарастыру;

    2) Туындының көркемдік құрылымын, яғни оның композициясы мен сюжетін, тақырып пен идея бірлігін, тип пен характер жайын, өлең құрылысы, мазмұн мен пішін бірлігі, тіл, стиль мәселелерін қарастыру;

    3) Өнер дамуының арғы-бергі тарихын барлап, ондағы көркемдік әдістер мен әдеби бағыт-ағымдар, мектептер ролін, жанрлар эволюциясы мәселесін сөз ету.

    Адамзат қоғамымен бірге жасасып, оның рухани-эстетикалық талғамына қызмет етіп келе жатқан өнер түрлері саналуан. Сәулет, саз, мүсін, кескін, қолөнер дегендей. Солардың бірі-бірегейі - әдебиет, яки сөз өнері. Өнер атаулының мақсат-мұраты ортақ болғанымен, әрқайсысы өзіндік сипаттарымен ерекшеленеді. Әдебиеттің өзге өнер түрлерінен басты ерекшелігі – бейнелеу құралы – көркем сөзге байланысты. Осы себепті де әдебиет сөз өнері деп аталады.

    Әдебиет өнеріне тән көркем бейне және бейнелілік деген ұғымдар бар. Көркем бейне әдебиеттегі Адам тұлғасы болса, бейнелілік көркем сөздің құдіретін танытатын суретті сөз, айшықты тіл, бейнелі тіл деген мағынада.

    Суретті сөз, бейнелілік деген ұғымдар тек әдебиетке, сөз қолданысқа қатысты ерекшелікті танытатын ұғымдар.

    Бұл көркем сөз құдіреті арқылы өмір көріністерін, адамның іс-әрекеттерін, зат-құбылыстар сырын сырлы сөзбен кестелеп, айшықты,суретті, жанды, әсерлі таныту деген сөз. Бұлай бейнелеу өзге өнердің қолынан келмейді, бұл сөз өнерінің еншісіндегі ерекшелік. Демек, бейнелілік (образдылық деп те айтады) автордың нені суреттесе де, сөз құдіреті арқылы сол құбылыстың, заттың айшықты, жанды, көркем бейнесін танытуы.

    Аралбай (ХІХ ғ.) ақынның жалғыз ұлы қайтыс болып, қайғы жамылып отырғанда замандасы Қашаған ақынға айтқан мына өлеңіне көңіл аударайық:

    Мен – ботасы өлген боз мая,

    Тұлыбына келіп аңыраған.

    Мен бір жүрген ақ киік

    Лағын түзде алдырған

    Орнына келіп маңыраған.

    Мен – қартайған арыстан

    Елсізде қалып аңыраған.

    Мен – жапанға біткен бәйтерек

    Жапырағы жерге төгілген...

    Осындағы боз мая (ботасының тұлыбына келіп аңыраған), ақ киік (лағынан айрылған) деген метафоралық образдар қандай әсерлі, оқып отырып көз алдыңа Аралбай емес, ботасы өлген боз мая келбеті елестейді. Сөзбен сурет салу, ойды айшықты, бейнелі көркем беру, яки бейнелілік дегеніміз осы!

    Ғ.Мүсірепов бір шығармасында «салпыетек жылауық күз» деп жазады. Күздің жаңбырлы, айнала-төңіректі лайсаң сипатын қаламгер осындай бейнелі жанды сөзбен әсерлі береген.

    Вольтердің «Сурет – мылқау поэзия, ал поэзия – сөйлейтін сурет» дегенінің шындығы осы.

    Әдебиеттің ендігі бір басты ерекшелігі көркем бейнені таныту өзгешелігіне қатысты. Әдебиеттегі адам - тірі бейне, ол сөйлейді, алысады-жұлысады, әрекет етеді, күрсінеді, күледі. Басқа өнер түрлерінде де (сурет, мүсін) адам бейнесі жасалады бірақ, олар жансыз, қимылсыз, үнсіз, бір қалыпты, бір күйдегі адам келбеті. Әдебиеттегі адам, бейне жанды тірі тұлға, ол өседі, өзгереді, сөйлейді, әрекет үстінде көрінеді т.б.

    Тегінде өмір-болмыс, тіршілік сырын білу, танудың екі жолы бар. Ол ғылыми тану және көркем тану. Екеуі де адамзат қоғамы үшін керек, маңызды, ғылыми тану дүние болмыс сырын ғылыми тұрғыда тану, оның ролін ғылым, түрлі ғылыми зерттеулер атқарады. Бірақ бұл тану жолы күрделі, жалпы көпшілікке ұғынықты, түсінікті бола бермейді. Ал, көркем танудың жөні де, жолы да бөлек. Бұл қоғам, әлем, табиғат сырларын көркем өнер құдіреті арқылы тану.

    Қаламгер алуан мінезді, түрлі тағдырлы адамдар бейнесін, іс-әрекетін не үшін суреттейді? Өмір, қоғам сырын көркем бейнелі таныту үшін. Демек, көркем бейне қаламгер үшін көркем таныту құралы.

    Адам тағдырларын, олардың жақсылық үшін күресін, жамандық пен жақсылық, арман үшін арпалысуын, мақсаттарына жеткен-жетпегенін суреттей отырып, қаламгер өмір сырын, өмір философиясын таныта алады. Яғни, әр кейіпкер белгілі бір танымдық, көркемдік-эстетикалық мағына-мәнге ие.

    Кейіпкерлерді тип, яғни, типтік тұлға немесе эпизодтық, екінші кезектегі бейне деп бөлу оның жасалуына, адамдық болмысының танылуына танымдық, эстетикалық-көркемдік деңгейіне байланысты.

    Ең алдымен мұндай толыққанды бейненің екі қырымен ерекшеленетінін білуіміз керек. Олар көркем бейненің жекелік (жалқылық) және жалпылық қырлары.

    Бейненің жалқылық (жекелік) қыры дегеніміз қаламгердің оны өзгеге ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән мінез, іс-әрекет, танымымен даралай білуі. Құнанбай, Сәлмен, Жарасбай, Тәңірберген, Итбай... Әрқайсысы өзіндік мінез, іс-әрекеті, айла-құлығы, тағдыры жағынан өзгеге ұқсамайтын оқшау бейнелер.

    Кейіпкердің жалпылық қыры оның жекелік қырынан туындайтын, осы сипатымен сабақтасып жатқан ерекшелігі. Құнанбай өз тобынан-табынан қанша асып туған ақылды, айлаға бай жан, билеуші топтың көшбасшысы, Әуезов оны осындай жекелік қырларымен жарқыратып көрсеткен десек те, оны өзінің әлеуметтік тобынан бөлектемейтін, қайта тонның ішкі бауындай байланыстырып-жақындататын ортақ жайлар да жетерлік. Ол қанша өз табының көсемі, тежеусіз биліктің иесі десек те, түптеп келгенде Құнанбай мақсаты, көзқарасы жағынан солармен үндес, мүдделес, ауыз жаласары да, кей-кейде билікке таласары да сол топ екенін көреміз. Қодар мен Қамқаны жазалау алдында Құнанбайдың жалпы көпшілікпен емес, осы өз үзеңгілестерімен бірде (бату, бірде тату болса да) ақылдасып-кеңесуі оның осы топпен жақындығын, осы билеуші топтың адамы екенін танытады. Демек, Құнанбай бейнесінің жалпы қыры дегеніміз оның жекелік мінезі, іс-әрекеті, мақсаты арқылы жалпы билеуші топқа тән психология, әдет, әрекет, мүдденің танылуы. Билеуші, дүмді топ өкілдерінің іс-әрекеті, мақсатының Құнанбай көзқарасымен, түсінігімен астасып жатуы.

    Көркем бейненің жекелік және жалпылық қырларының байланыс-бірлігі осы.

    Әрине, көркем бейненің шыңы – тип, типтік тұлға дейміз. Өйткені тағдыр-талайы, күресі суреттелген бейненің бәрі типтік дәрежеде таныла бермейді. Белинский айтқандай шынында да, «талантты жазушының әрбір образы – тип, «таныс-бейтанысң. Типтік бейне күрделі адамдық болмысы, алуан қырымен, арман-ойы, толғаныстарымен, іс-әрекетімен жан-жақты көрініп, дараланған тұлға. Ол үшін бейне шығармада суреттелген негізгі оқиғалардың жуан ортасында көрініп, тартыс барысында өзінің адамдық барша жақсылы-жаманды мінезімен, іс-әрекетімен әр қырынан танылуы қажет. Екіншіден, тип белгілі бір әлеуметтік топтың, ортаның өкілі ретінде алынып, бейнеленгендіктен, оның әрекетімен ой-толғаныстарынан өзі өкілі болып саналатын ортаның, қауымның шындығы, психологиясы, арман-аңсары аңғарылып тұруы, осылай суреттелуі міндетті. Бұл типтік тұлғаның жиынтық бейне екендігін көрсетеді.

    Дала мен қаланы еркін кезген, әйелді үйірлеп алып, отбасынан безген, талайдың тағдырын талқан еткен Әжібайды (С.Торайғыров «Кім жазықтың) даланың Дон Жуаны десе де болғандай. Тасболат байдың тежеусіз өскен баласы Әжібай үшін өз мүддесі, өз қызық-құмарлығынан басқа өмірде қасиетті, ардақты ештеңе жоқ. Ермегі – көрікті қыз, ажарлы келіншекті айналдыру, өзінше сал, өзінше сері. Әжібай - әлеуметтік тип, оның осылай арамза, қасқыр құлықты етіп қалыптастырған әрі қолдайтын әлеуметтік топ, дүмді орта бар. Ол орта ақсаусақ Әжібайды, байлық пен билік, қиянат пен зорлық иелері Әжібайларды тәрбиелеп, ескі қазақ қоғамының әсемпаздық, азғындық дерті – «Әжібайшылықтың (акад. С.Қирабаев) заңдастырып отырған әлеуметтік орта. Әжібай осы ортаның жемісі.

    Үшіншіден, типтік бейне негізінен бас немесе негізгі кейіпкерлер санатындағы тұлға. Оның тағдыры, күрес-тартысы, жеңісі, жеңілісі арқылы автор идеясы танылады, лайықты көркемдік шешімін табады.

    Өмір шындығын көркем жинақтау, яғни типтендіру, адам мінезін даралау реализмге, жалпы реалистік өнерге тән заңдылық. Мұны кезінде Гегель де, Белинский де айтқан болатын.

    Автор кейіпкерін немесе кейіпкерлерін тек өз қалауы бойынша суреттей алмайды. Онда жасандылық, штамп туындайды. Энгельс айтқандай «типтік характерді (яғни типтік бейнені – С.М.) типтік жағдайларға сай суреттеуң реализм өнеріне тән ерекшеліктердің бірі. Кейіпкер типтік мінезбен көріну-танылу үшін оның тұлғасы белгілі бір әлеуметтік ортаның типтік жағдайларына етене, лайықты болып көрініс табуы жөн. Қай кейіпкер де өскен орта шындығына сай суреттелсе, іс-әрекеті, танымы уақыты, заманының шеңберінде көрінсе, сол шынайы, сол нағыз тип. Энгельстің айтпағы осы талап.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Әдебиет өнеріне тән көркем бейне және бейнелілік деген ұғымдар аясын

    айқындаңыз?

    2. Көркем бейне қаламгер үшін көркем таныту құралы бола ала ма?

    3. Кейіпкерлерді тип, яғни, типтік тұлға немесе эпизодтық, екінші кезектегі бейне деп

    бөлу неге байланысты?

    4. Көркем бейненің жекелік (жалқылық) және жалпылық қырлары неден көрінеді?
    Негізгі әдебиет:

    1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.

    2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш //Шығармалары, 1989.

    3. Қабдолов З. Сөз өнері. 1992; 2002;

    4.Тимофеев А. Основы теории литературы. М., 1977.

    5. Гуляев Н. Теория литературы, М., 1977.

    6. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

    7. Садыков Х. Теория литературы. В 2-х частях. Алматы, РИК.1999-2001гг.

    8. Әдебиеттану. Хрестоматия. Алматы, Ана тілі, 1991.

    9.Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003.
    Қосымша әдебиет:
    1. Белинский В.Г. Әдеби-сын мақалалар. Алматы, 1987.

    2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.

    3.Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, РБҚ, 1994.

    4.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. Алматы, Ғылым, 1991.

    5.Әдебиеттану.Терминдер сөздігі .1998.

    6. Бахтин М. Вопросы литератури и эстетики. М., 1975.

    7. Гегель Г.В. Эстетика. В 4-х томах. Т.3. М., 1971.

    8. Ревякин А. Проблемы изучения и преподавания литературы. М., 1971.

    9. Овсянников М. История эстетической мысли. М., 1984.
    2 дәріс. Сөз өнеріндегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері
    Жоспар:

    1. Сөз өнеріндегі типтілік мәселесі.

    2. Типтендіру түрлері
    Өткенде шығармашылық процесс барысын пайымдағанда типтендіру, көркем жинақтау секілді аса маңызды ұғымдар сырын түсіну, білу қажеттігін бастап айтқанбыз. Енді осы әңгімені жалғастырмақпыз.

    Әдебиеттану ғылымында біріншіден, типтендіру немесе типизация, көркем жинақтау деген ұғымдар әдетте өзара мәндес түсініктер ретінде қатар алынып қолданылып жүр. Бұл дұрыс.

    Типтендірусіз, көркем жинақтаусыз өмір шындығы өнер шындығына, яғни көркем шындыққа айналмайды. Гегельдің «типтендірусіз көркем шындық жасалмайдың деуі, сондай-ақ, Белинскийдің «Типизм дегеніміз шығармашылық заңдарының бірі, онысыз шығармашылық жоқң деп тұжырымдауы бұл мәселенің айырықша маңызын танытады.

    Алайда, бір ескерер жайт типтендіру барлық өнер түрлеріне емес, реалистік өнерге ғана тән ерекшеліктердің бірі. Орыстың В.Днепров, Б.Сучков сынды ғалымдарының пікірінше типтендіру (типизация) өнердің реалистік арнада дамуының жоғары кезеңінде ғана байқалатын ерекшелік. Нағыз реалистік өнерге тән заңдылық. Типтендіру проблемасының ғылымда ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қатты көтерілуі, күн тәртібіне қойылуы тегін емес. ХІХ ғасыр реализмнің, реалистік өнердің Европада, орыс әдебиетінде айырықша дәуірлеген кезеңі. Төл әдебиетіміздегі Абай өлеңдеріндегі үздік көркемдік жинақтау үлгісін еске түсірейік. Абайдың сатиралық өлеңдеріндегі типтер, саяси-әлеуметтік лирикасындағы өмір шындығының терең бейнеленуі, мұның бәрі шынайы, кемелденген реалистік өнерге тән ерекшеліктер.

    Типтендіру яки көркем жинақтау, сонымен өнер заңдылығы. Бұл қаламгердің жазатын тақырыбына, өзін толғандырған өмір мәселелеріне орай зерттеп-жинаған материалын (тарихи деректері, ауызекі әңгіме, шешендік сөз, архив құжаттары, кино-теледидар хабарлары, қойылымдары, баспасөз материалдары, өмірбаяндық жайлар, естеліктерді, түрлі құжаттар т.б.) шығармасында бейнелер уақытқа, кезеңге, кейіпкерлер болмысына, танытпақ идеясына, көзқарасына сәйкес лайықтап екшеп-елеуі, аса мәнді, қажетті деген дерек, фактілерді, оқиғаларды сұрыптауы. Сөйтіп осындай сүзгіден өткен, таңдалып-іріктелген материалдарды шығарманың сюжеттік-оқиғалық желісінде, көріністерде кейіпкерлер тұлғаларын даралау, мінездерін айқындау, бір-бірімен қарым-қатынасын бейнелеу мақсатында шеберлікпен қолдана білу. Өмір шындығынан алынып, сұрыпталып, жинақталған әрбір дерек, деталь, факт шығарма идеясына сай суреттеліп отырған оқиғалар желісінен, кейіпкерлерді қарым-қатынасы жүйесінен, тартыстан өзінің лайықты орнын алуы шарт.

    Суреткер әрине, кез келген өмір құбылыстарына, оқиғаларына көңіл аудара бермейді, оны қоғам тіршілігінде орын алған типтік шындық, типтік құбылыстар көбірек қызықтырады, міне ол осы жайларды барынша жан-жақты зерттеп, жинақтап, көркем шындыққа айналдырады.

    Типтендіру процесінің жай-жапсарын типтілік, типтік шындық ұғымдарымен сабақтастықта ғана толық түсінуге болады.

    Ғылымда типтілік немесе типтік шындық, құбылыстар деп қоғам өміріндегі мынадай екі жағдайды айтады.

    1) Өмірде, адамзаттың қоғамдық өмір-тіршілігінде бұрыннан бар, сан ғасырлар бойы қалыптасқан, халықтың, ұлттың өмірінің ажырамас көрінісіне айналған құбылыстар, адамдық қарым-қатынастар, салт-дәстүрлер, шаруашылық кәсібіне, жалпы өміріне байланысты орныққан түсінік-ұғымдар, ерекшеліктер, жайлар.

    2) Қоғам өмірінің тыныс-тіршілігінде бүгін сиректеу кездессе де, даму, өркендеу болашағы мол құбылыстар, жағдаяттар да типтік құбылыстар қатарына жатады.

    Ұлттың, халықтың қоғамдық өмірінің бар саласында кең орын алған, оның тарихи өмір-тіршілігінің ажырамас белгі-көрінісіне айналған құбылыстар, көріністер дегеніміз не? Қазақ халқының тарихи өткен өмір өткелдеріне қатысты айтар болсақ, бұл жер дауы, жесір дауы, барымта, халықтық әдет-ғұрып, салт-сана, кәсібіне, тұрмысына байланысты қалыптасқан басқа да жайлар (саятшылық, мал бағу, қыз ұзату, келін түсіру т.б.). Халқымыздың өткен өмір жолдарын негізгі кәсібі мал болғандықтан жер дауынсыз, ескі ұғым, әдет-салт үстемдік еткендіктен жесір дауынсыз, ру мен ру арасындағы немесе билікке таласқан болыс-билер арасындағы бітпейтін бәсеке-бақталастықсыз, барымтасыз елестету қиын. Сондай-ақ ХУІІ-ХУІІІ ғғ қазақ еліне жасалған шапқыншылық жорықтар, үдере көшкен, азып-тозған халық тіршілігі, есін жиып елін жауға бастаған ерлер, батырлар жорығы, қанды шайқастар, қазақ елінің жеңісі, міне бұл жайлар да аталған ғасырларға тән типтік шындық, типтік көріністер. Одан бергі дәуірлердегі отаршылдық кезеңінің өз типтік көріністері, өз типтік шындығы тағы бар...

    Кешегі социалистік қоғамның типтік шындығы (20-30 жылдардағы ұжымдастыру, байларды конфискелеу, 30-жылдар аштығы, репрессия, тап тартысы, бесжылдықтар, колхоздар, съездер, партия, комсомолдық іс-шаралар, салтанатты мерекелер, еңбекшілер шеруі т.б.) өз алдына бір басқа.

    Типтік шындық, типтік көріністер белгілі бір қоғамның шындығынан туындап қалыптасады, орнығады. Алайда кейбір типтік көріністер мен құбылыстар қоғамдық өзгерістерге орай жойылып, өмірден кетіп, орнына жаңадан туындаған құбылыстардың (ұнамды, ұнамсыз) келуі де заңдылық.

    Социалистік қоғам ыдырап, орнына нарықтық кезең, жаңа қоғамдық қарым-қатынастар орнады. Осыған сай қоғамымызда жаңа типтік құбылыстар, көріністер бой көтерді (жұмыссыздық, жабайы сауданың етек алуы, қылмыстың күшеюі, қарттар үйлері, жетімдер үйлерінің көбеюі, ақылы оқыту, жекеменшіктік кәсіп түрлері т.б.). Бұл бүгінгі қоғамдық өмірдің ұнамды, ұнамсыз типтік құбылыстары, шындығы. Бүгінгі заман, қоғам тақырыбына қалам тартқысы келген жазушы бұл типтік көріністерге көз жұма қарай алмайды. Бұл типтік шындық көріністерін зерттемей және оны көркем жинақтап, шығармасында бейнелемей тұрып, жазушының бүгінгі аласапыран өмір шындығын шынайы танытуы мүмкін емес.

    Сонымен, типтік шындық немесе типтік құбылыс, көріністер дегеніміз қоғам тіршілігінде кеңінен орын алған құбылыстар, бір сөзбен айтқанда заман шындығы екен.

    Типтік өмір шындығы немесе құбылыстардың өнер үшін маңыздылығы неде? Неліктен қаламгерлер өз туындыларында типтік өмір шындығын, көріністерді бейнелеуге, танытуға баса көңіл бөледі? Қаламгер үшін мұндай құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеу және бейнелеу белгілі бір дәуірдің тынысын, сол кезеңдегі қоғам, халық өмірінің алуан маңызды қырларын қамту және оны шынайы таныту үшін керек. Әйгілі «Абай жолың роман-эпопеясын алайық. Шығармада ХІХ ғ.ІІ жартысындағы және ХХ ғ. басындағы қазақтың қоғамдық өмірінің алуан қырын танытатын қаншама типтік көріністер (жер дауы, жесір дауы, билер кесімі, ру мен ру арасындағы бақталастықтар, билікке таласу, болыс сайлауы, отаршылдық әкелген билік-басқару жүйесіндегі және тұрмысындағы өзгерістер т.б.) көркем бейнеленуін тапқан. Және бұл типтік құбылыстардың бейнеленуі шығарманың реалистік сипатын ерекше арттырып тұр.

    Сонымен типтендіру, көркем жинақтау типтік өмір құбылыстарына негізделеді екен.

    Типтендіру жалпы алғанда екі бағытта (ортақ мақсаттағы) іске асырылатынын ұмытпау жөн. Біріншісі, жоғарыда айтылып өткендей өмір материалын сұрыптау және оларды шығарма сюжетінде, оқиғалар желісінде идеяға сай іске жарату. Екіншісі, көркем бейне сомдау процесінде оның характерін даралау мақсатында прототипті пайдалану, басқа да типтендіру амалдарын іске асыру.

    Сөз өнерінде көркем бейнені мүсіндеу, характерін даралау процесінде қолданылатын типтендіру тәсілдері де алуан түрлі. Негізінен көркем бейнені тұлғалауда қолданылатын типтендірудің үш түрі бар. Соларға жеке-жеке тоқталып, мысалмен ой-пікірімізді дәйектейік.

    1. Белгілі бір әлеуметтік топтың, қауымның шындығын, арманын, көзқарас-танымын бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап таныту. Бұл көркем бейнені жасауда өте жиі кездесетін әрі өнімді тәсілдің бірі. Төл әдебиетіміздің арғы-бергі тарихына барласақ, мысалды көптеп табамыз. Әжібай, Жорға Нұрым, Құнанбай, Дәркембай, Базаралы, Шәкен мырза, Тәңірберген, Еламан, Жәдігер, Әзім... Бұлар көзқарақты оқырмандарға етене таныс әр заманның әлеуметтік типтері. Дәркембай бейнесі арқылы қарапайым халықтың қасиеті де, қасіреті де танылса, Базаралы да сол көпшіліктің, халықтың өкілі, оның өрелі, ірі, кесек әрекеттері, биік рухы, күрескерлігі, арман ойы халық аңсарымен тығыз қабысып жатыр. «Қан мен тердегің тәңірсінген Тәңірбергенді алыңыз.

    2. Типтендірудің келесі амал-тәсілі бір ұлтқа, халыққа тән озық ұлттық қасиет-сапаларды, таным-түсінікті бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап беру. Бұл, әрине, ұнамды типтің, бейненің тұлғасы арқылы танылатын идеялық шешім. Жоғарыда аталған Дәркембай қарт, Абай, Базаралы, Қанағат би («Соңғы көшң), Сырбай.....

    С.Мұқановтың «Сырдарияң романындағы Сырбай бейнесіне тоқталайық. Сырбай даламыз қандай кең болса, көңіл-пейілі де сондай кең, бар болмысымен (ой-толғаныстары, таным-түсінігі, іс-әрекеті, өзгелермен қарым-қатынасы т.б.) қазақ халқының асыл мінезін танытатын ұлттық жиынтық бейне. Оның танымында, іс-әрекетінде бұған мысалдар көп. Мәселен, қарттың канал құрылысы басталғанда салтанатты жиын алдындағы құрбандық шалу ниетін алайық. Жалғыз ұлы Дәулет қан майданда жүргенін еске алып, «Жалғыз аяқ ас төгілсе, арты тықыр қалады-ауң деп уайымдап, баласының перзентті болуын тілейді. Келінінің аяғы ауыр екенін естігендегі оның ішкі ойын қаламгер былай береді: «Нәсіл деген сөзді «ұлң деп ұғатын ол қуанышты тілекпен ұл немере сүюді күттің. Сырбайдың шаңырақ иесі-Ұл бала келсе дүниеге деп тілеуі де, канал құрылысы басталар сәтте құрбандық шалуға буыршынды әкеп қоюы да ұлттық әдет-салт, дәстүрімізге етене тән ой, әрекеті. Бабалар қашанда бір ұлы жорыққа аттанарда немесе бір игілікті істі бастарда құрбандық шалып, көпшіліктен бата тілеген ғой.

    3. Типтендірудің сөз өнерінің арғы-бергі тарихында кеңінен қолданылатын тағы бір түрі-сатиралық типтендіру тәсілі. Сатиралық туындыға өмір-тіршіліктегі, Адам болмысындағы ұнамсыз, келеңсіз жайлар арқау болатыны мәлім. Автор қоғам өміріндегі, адам бойындағы келеңсіздіктерді ашып суреттеп-бейнелеп, олардан аулақ болуды, қоғамның мұндай міндерден арылуы қажеттігін көтереді. Осы мақсатына орай сатиралық туындыларда бейнеленетін мін, олқылық, ұнамсыз жайлар ұлғайтылып, әсіреленіп суреттеледі. Демек, сатиралық типтендіру процесінде әсірелеу тәсілі басым, жиі қолданылады.

    Абай абыздың әйгілі сатиралық туындыларын-өлеңдерін еске түсірейікші. «Болыс болдым мінекиң өлеңінде ұнамсыз тип-болыс бейнесі әсірелеу тәсілі арқылы жасалған. Іліп алар иненің жасуындай бір жақсы қылығы жоқ, керісінше, барынша мақтаншақ, алғыш та бергіш парақор, жарамсақ, надан, екіжүзді жанның типін Абай әсірелеу тәсілін ұтымды қолдану арқылы оқыған көпшілік жиренердей етіп сомдаған. Гогольдің «Ревизорң комедиясындағы Хлестаковтан бастап, Дуанбасы және оның төңірегіндегі шенеуніктер бейнелері де сатиралық типтендіру (әсірелеу) тәсілімен мүсінделген. Әйгілі орыс сатиригі Салтыков-Щедрин «Бір мұжықтың екі генералды қалай асырағаны туралың туындысында генералдардың жатып ішер жалқаулығын, ақсақтығын, тоғышарлығын танытуда сатиралық әсірелеуді шегіне жеткізе пайдаланған.

    Әсірелеу, кеңірек алып қарастырғанда, шындықты бейнелеу, таныту тәсілі ретінде тек ұнамсыз құбылыстарды көрсетуде ғана қолданылмайды. Реалистік, романтикалық мазмұндағы басқа туындыларда да (жанрларда да) әсірелеу орнымен қолданылады.

    ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ұлы туындысы – «Абай жолындаң әсірелеудің әдемі, ұтымды үлгілері тұнып тұр. Қазақ қыздарының көрік-ажарын, жастық, махаббат сезімдерін, дала қарттарының даналығы мен даралығын бейнелеуде характер табиғаты мен идеяға сәйкес қолданылған шекті әсірелеу тәсілі сезіледі. М.Әуезов қазақтың көшпелі өмірінің көріністерін, сондай-ақ аталған кейіпкерлер бейнесін өзге суреттеу тәсілдерімен қатар әсірелеуді де гиперболизация деңгейіне жеткізбей, реализм арнасында ұтымды пайдаланған.
      1   2   3   4


    написать администратору сайта