дебиет теориясы 1 дріс. Таырыбы Кркем дебиеттегі бейне жне бейнелілік Жоспар
Скачать 234 Kb.
|
Жоспар: 1. Әдебиеттің негізгі тектері Әдебиет - өнер, сөз өнері. Оның обьектісі – қоғамдық шындық та, предметі – адам екені әлмисақтан белгілі. Әдебиет өмір шындығын сөз құдіреті мен адам тағдыры арқылы көркем бейнелеп танытатын өнердің түрі. Өмір шындығы, болмыс бояуы сан алуан әрі күрделі болғандықтан, оны әдебиетте бейнелеудің формалары мен тәсілдері де біреу емес, түрліше болып келуі заңды. Бұл әдеби тәсілдердің, формалардың пайда болуы мен қалыптасуы адамзаттың қоғамдық, көркемдік – рухани даму тарихымен тығыз байанысты. Көне грек дәуірінде – ақ әдебиеттің үш негізгі тектері – эпос, лирика, драма пайда болған – ды. Сонымен, әдебиет үш текке бөлінеді. Олар: эпос, лирика, драма. Әдебиеттің мұндай үш текке бөлінуінің себебі сөз өнерінде өмір құбылыстарын поэтикалық тұрғыда бейнелеудің үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылатындығында жатыр. Олар эпостың негізі саналатын эпикалық бейнелеу тәсілі, лириканың негізі – лирикалық бейнелеу тәсілі, драмалық тектің негізі – драмалық бейнелеу тәсілі. Эпикалық бейнелеу тәсілі автордың баяндауына, әңгімелеуіне құрылады, автордың өмір шындығын кең қамту, сан алуан адамдар тағдырын жан – жақты ашып суреттеу мүмкіндігі мол. Осындай авторлық баяндау - әңгімелеуге құрылған шығармаларға әңгіме, новелла, повесть, дастан, поэма, роман, роман – эпопея жатады. Бұл шығармалардың барлығы да белгілі бір сюжетке құрылады. Эпостық туындылардың ерекшелігі, оларды В.Г.Белинский айтқандай, оқиғаның үстемдік құруы, яғни «эпостың геройы – оқиғаң болуы. Әрине, оқиға дамуы, сюжет бәрі кейіпкерлер тағдырын, олардың бір – бірімен қарым – қатынасын суреттеп – танытуға қызмет етеді. Эпикалық тектің кейбір жанрлық үрлеріне тоқталайық. Әңгіме – эпикалық жанрдың шағын түрі., сондықан онда көбіне көп адам өмірінің жекелеген сәтін танытытын бірер оқиға ғана баяндалады. Осы мақсатына сай әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны да мейілінше шақтаулы болып келеді. Әңгімеде баяндалатын оқиғаның шағындығы, кейіпкерлер санының аздығы, құрылысының жинақтылығы бұл жанрдың жеңілдігін емес, қайта қиындығын көрсетеді. Автор уақыт жағынан мейілінше қысқа мерзім ішінде кейіпкер өміріндегі біреу де болса бірегей оқиғаны баяндау арқылы оқырманға оның адамдық болмыс – бітімін айқындап беруі шарт. Бұл, әрине, ең бастысы оның (өмірдің) бір сәтін аядай уақыт шеңберінде көркем де кемел таныта білуі керек, бұл қаламгерден талант пен суреткерлік шеберлікті талап ететін шарттар. Бұл талаптарға А.П.Чеховтың әңгімелері, Б.Майлиннің әңгімелері мейілінше сай келеді («Хамелеонң, «Талақң әңгімелері). Орта көлемді эпикалық жанр – повесть көлемі мен мазмұны, композициялық құрылысы жағынан өзгеше жанр. Мәселен, ол әңгіме мен новеллаға қарағанда анағұрлым көлемдірек шығарма, сондықтан оны ұзақ әңгіме деп те атайды. Повестің сөз болған жанрлардан көлемділігі, құрылысының күрделілігі, кейіпкерлер санының көптігі оның өмір шындығын қамту мен көркем танытудағы мүмкіндігінің молдығын белгілейді. Повесте өмір шындығы, адамдар арасындағы қарым – қатынас жайлары бірер оқиға, санаулы сәттер көлемінде емес, кеңірек те тереңірек, уақыт пен адамның өмір белестерін кеңірек те тереңірек баяндау арқылы танытылады. Эпикалық жанрдың ең күрделі, жоғары түрі – роман. Роман қоғам өмірі мен жеке адам тіршілігінің алуан жайларын – жекелеген сәттері мен тұтас өмірін кеңінен қамтып, оқиғалар дамуы барысында адамдар характерінің қалыптасуы мен дәуір шындығын жан – жақты бейнелейтін жанр. Романның көлемінің молдығы, композициялық құрылысының күрделілігі, суреттеу – бейнелеу құралдарының алуандығы, сюжетінің көпжелілігі оған осындай мүмкіндік береді. Ахмет Байтұрсынов романды «ұлы әңгімең десе, К.Фединнің оны «жанрлардың құдайың деп атауы тегін емес. Өмір – болмыстың сырлы суретін, адам мінезінің алуан қырларын көркем бейнелеп жан – жақты танытуда романмен бәсекеге түсетін жанр жоқ. Роман – көркемдік ойлаудың шыңы, күрделі эпикалық жанр. Бірақ, роман, Бахтин айтқандай, «әлі толық қалыптасып болмаған жанрң. Роман жанры ұлт әдебиетінің кәсіби қалыптасып, жетілгендігінің, өскендігінің белгісі. Қазақ романының тарихы ХХ ғ. басынан бастала келе, ғасыр ортасында әлемдік даңқ – дәрежеге бөленді («Абай жолың), қазір де роман жанры қазақ әдебиетіндегі басты тенденция, басым жанр сипатында. Романның ең кемелді жоғары түрі – роман–эпопея. Бұл да роман, бірақ ол қалыпты романнан өзіндік бірсыпыра ерекшеліктерімен оқшауланады. Роман – эпопеяға кез келген тақырып емес, халық, қоғам, ұлт өміріндегі ерекше тарихи кезең, бетбұрыс дәуір шындығы арқау болады. Кейіпкер де осыған сәйкес ұлттық биік мұрат, қоғамдық зор идеалдар үшін күресуші тұлға, рухы биік азамат ретінде бейнеленеді. «Абай жолың роман – эпопеясының бас кейіпкері Абай осындай тұлға. Ізгілік үшін, халқының прогресс жолына қадам басуы үшін ескілікпен белсенді күрес жүргізуші, әділет туын көтеруші. Тағы бір ерекшелік роман – эпопеяда суреттеліп отырған дәуірдегі қоғам келбеті, халық өмірі барынша жан – жақты қамтылып, қоғамның бар саласының шындығы толық және шынайы бейнеленуі тиісті. Қалыпты романға мұндай талап қойылмайды. Сондай – ақ суреттелген қоғамдық мәселелердің әлеуметтік себеп– салдары терең ашылады, типтік бейнелер болмысы типтік жағдайларда алынып, характерлер өздеріне тән дара сипатымен көрінеді. Роман тілі күрделі, көркем тіл. М.Әуезов айтқандай, «роман тілінде автор бір халықтың, ұлттың барша тіл байлығын молынан пайдалануға тиістің. Бақылау сұрақтары: 1. Эпикалық бейнелеу тәсіліне тән ерекшеліктері қандай? 2. Эпикалық жанрлар көлеміне қарай қалай бөлінеді? 3. Кең көлемді жанрға жататын роман мен шағын көлемді жанрға жатанын новелланың ерекшеліктері қандай? 4. Жанрларды анықтауда историзм принципі қолданыла ма? Негізгі әдебиет: 1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973. 2. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш //Шығармалары, 1989. 3. Қабдолов З. Сөз өнері. 1992; 2002; 4.Тимофеев А. Основы теории литературы. М., 1977. 5. Гуляев Н. Теория литературы, М., 1977. 6. Хализев В. Теория литературы. М., 1999. 7. Садыков Х. Теория литературы. В 2-х частях. Алматы, РИК.1999-2001гг. 8. Әдебиеттану. Хрестоматия. Алматы, Ана тілі, 1991. 9.Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003. Қосымша әдебиет: 1. Белинский В.Г. Әдеби-сын мақалалар. Алматы, 1987. 2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. Алматы, 1966. 3.Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, РБҚ, 1994. 4.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. Алматы, Ғылым, 1991. 5.Әдебиеттану.Терминдер сөздігі .1998. 6. Бахтин М. Вопросы литератури и эстетики. М., 1975. 7. Гегель Г.В. Эстетика. В 4-х томах. Т.3. М., 1971. 8. Ревякин А. Проблемы изучения и преподавания литературы. М., 1971. 9. Овсянников М. История эстетической мысли. М., 1984. №6 дәріс Лирикалық жанрлар Жоспар: Лирикалық тәсіл Сонет өлеңі Сатиралық лирика Лирикалық тәсіл өмір-болмыс сырын сырлы сөзбен бейнеленген адамның көңіл күйі арқылы көркем танытуды көздейді. Эпоста жоғарыда айтылғандай, ең бастысы оқиға дамуы, сол арқылы танылатын кейіпкер тағдыры болса, лирикада керісінше, адам сезімінің серпілісі, оның ой-арманы, мұңы мен сыры бірінші кезекте тұрады. Мұны ұлы сыншы В.Г.Белинский төмендегіше түйіндей айтқан: “Субъектіні (яғни адамды-С.М.) жұбатқан, ашуландырған, қуантқан, ренжіткен, рахаттандырған, қинаған, мазалаған нәрсенің бәрін де, бір сөзбен айтқанда, субъектінің рухани өмірінің мазмұны боларлық нәрсенің бәрін де, субъектіге бойлап, субъектіде пайда болғанның бәрін де лирика өзінің заңды елшісіндей қабыл алмақ” (1). Бұдан байқалғандай, лирикаға адамға қатысты сезім-күйдің бәрі де арқау бола береді. Бірақ, ұлы сыншы орынды ескерткендей, лирика ақынның белгілі бір зат немесе құбылыс туралы сезімін, шиыршық атқан ішкі күйін танытатындықтан, “рабайсыз ұзақ болмауға тиіс және болмауы да керек. Әйтпеген күнде ол татымсыз және сылбыр боп, ләззат бермек түгіл, оқушыны жалықтырмақ”. Лирикада поэтикалық сөз атқаратын міндет аса маңызды. Поэтикалық сөздің мағыналық, дыбыстық, интонациялық, ырғақтық қасиет-сапаларының бәрі лирикада өз орнын табуы керек. Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, - деп Абайдың өлең сөздің өлшемі мен мағына-мәніне жоғары талап қоюы өте қисынды. Лириканың бас кейіпкері – ақынның өзі екені мәлім. Мұны әдетте лирикалық кейіпкер деп атайды. Өлеңнің әсерлілігі мен оқырманның сезім түйсігіне жасайтын ықпалы осы лирикалық кейіпкердің сыры мен мұңына, оның шынайылығына байланысты. Осы ретте Фариза Оңғарсынованың мына бір өлеңін оқып көрелік: О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең, Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен. Сағынышымды қанат қып саған қарай балапандай талпынып ұшамын мен. Алақаны анамның - топырағың сендік махаббатымның оты жалын. Сені қалай сүюдің керектігін мен ешқандай кітаптан оқымадым. Сенде тас та қастерді, аспан да алау сенде жанды тербетер дастан бар-ау. Менің мынау өмірге құштарлығым Сені жақсы көруден басталған-ау. Кешірме сен жат қылықтан жаныңды жараласам. Бар сырымды бүкпесіз саған ашам Мен ел кезіп кетермін отансыздай үмітіңді ақтауға жарамасам. Өлеңнің лирикалық кейіпкері туған жерін, елін сүйген, өзін елінің ажырамас бір бөлшегі санаған жан. Ол өзінің балалық бал дәурені өткен туған жерін аңсайды, оның топырағын анасының аялы алақанына балайды, ол үшін атамекеннің тасы да қастерлі, алаулаған аспаны да аяулы. Ол туған жеріне “сағынышымды қанат қып саған қарай, балапандай талпынып ұшамын мен” десе, біз бұл сезімнің пәктігіне шынайы сенеміз. Сенгені сол өлеңді оқи отырып, оның сағынышын өз сағынышымыздай қабылдаймыз. Онымен қосыла іштей біз де тебіреніп-толғанып, сағынышын бөлісіп, “Мен ел кезіп кетермін отансыздай, Үмітіңді ақтауға жарамасам” деп ел алдындағы жауапкершілікті де бірге бөліскендей күйге түсеміз. Бұл шынайы поэзия құдіреті! Лирикалық өлеңнің күші де осындай әсерлілігінде, сезіміңе от тастап, оятатын сиқырлығында, шынайылығы мен суреттелігінде. Лирикалық шығармалар ақынның қоршаған орта, қоғамдық шындық туралы толғаныс-сезімдерін, оны танып бағалауын, жалпы көңіл күйін таныту тәсілдерінің сипатына қарай бірнеше жанрларға бөлінеді: Олардың негізгілері: ода (мадақ өлең), толғау, ән өлеңі, арнау өлеңдері, элегия, сонет, гимн, сатиралық лирика, т.б. Ән өлеңі – сөздері мен әнмен айтуға арналған лирикалық туынды. Ән – лириканың ең ежелгі, байырғы әрі халық арасына кең тараған түрі. Әуелде халық ауыз әдебиетінде, кейін жазба әдебиетте де тиісті орнын алған жанр. Ән өлеңдерінің ең байырғы түрлеріне салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар (шілдехана өлеңі, бесік жыры, той бастар, сыңсу, қоштасу, естірту, жоқтау) жатады. Ән өлеңі лирикалық жанрдың бір түрі болғандықтан, оның сөзіне, көркемдігіне қойылар талап та жоғары. Тарихы көне грек әдебиетінен басталатын лирикалық жанрдың бірі – ода (грекше - ode - ән). Көне Грекияда ода деп хормен айтылатын салтанатты, көтеріңкі лепті өлеңдерді атайтын болған. Уақыт өте келе адам, қоғам өміріндегі айрықша оқиғалардың (шайқастағы жеңіс, қолбасылардың, батырлардың ерлігі, т.б.), сондай-ақ табиғаттағы ерекше құбылыстарды, даңқты адамдарды мадақтап-қошеметтейтін өлеңдерді ода деп атаған. Ода өлеңінің тілі бояулы, лепті, риторикалық сауалға құрылған, пафосты. Бұл жанр әр кезеңде де (Қайта өрлеу, классицизм, романтизм) әдебиеттен өзіндік орнын алып келеді. Орыс әдебиетінде бұл жанрдың қалыптасу, жетілу тарихы Ломоносов пен Державин шығармашылығына тікелей қатысты. Ломоносов одаларына негізінен азаматтық, ағартушылық, отансүйгіштік сипаттар тән. Ол өзінің, мәселен, “Хотинді алуға арналған одасында” орыс халқының батырлығын дәріптеді. Ал Державиннің одаларында даңқты қолбасшыларды, атақты адамдарды дәріптеп мадақтаумен қатар сатиралық сипат та орын алды (“Вельможа”, т.б.). Реалистік бағыттағы орыс ақындары Пушкин, т.б. шығармашылығында бұл жанр үлгілері өте аз кездеседі. Ода яки мадақ жырлар қазақ поэзиясында да бар дәстүрлі жанр деуге болады. Мадақ жырлары жыраулар поэзиясында, одан бергі ақын-жырауларда жиі кездеседі. Европа, орыс поэзиясындағы ода жанрына тән дәстүрлі ерекшеліктер төл әдебиеттегі мадақ жырлардан да көрініс береді (Қазтуған жыраудың “Мадақ жыры”, С.Мәуленовтің “Туған жерге ода” өлеңі, т.б.). Адам көңілінің жабырқау мұңлы-сырлы күйін танытатын шағын көлемді лирикалық өлең элегия деп аталады. Элегияда әдетте өмірдің тұрақсыздығы, тағдыр, болмыс туралы өкінішті ой-толғаныстар, өмірде бастан кешкен сәтсіздік, ауыртпалық, жалғыздық, т.б. айтылады. Жанрдың түп төркіні көне Грек әдебиетінде пайда болған. Орыс әдебиетінде бұл жанр, әсіресе, сентиментализм мен романтизм дәуірлеген кезеңдерде көбірек өрістеді. Бұған Н.Карамзин мен В.Жуковский шығармашылығы дәлел. Бұл жанр реалист ақындар А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов шығармашылығында да кездеседі. Реалистік әдебиеттегі элегиялық өлеңдердегі (мысалы, Пушкиннің “Элегия”, Лермонтовтың “Выхожу один я на дорогу”, “И скучно, и грустно”, Некрасовтың “Элегия”, т.б.) мұң мен нала өміріндегі жат құбылыс, жағымсыз көріністерге деген ақын наразылығының белгісі іспетті. Ақын көңілінің мұңы мен өкініші, торығуы мен тосырқауы жалқылық-жекелік сипаттан гөрі жалпылық, жалпыадамдық сипатқа – мәнге ие. Мұндай сипат Махамбет, Абай, Сұлтанмахмұттың элегиялық өлеңдеріне де тән. Махамбеттің “Мұнар күн”, “Жалғыздық”, Абайдың “Жүрегім менің қырық жамау”, “Жүректе қайрат болмаса”, “Көкала бұлт сөгіліп”, “Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?”, “Ішім өлген, сыртым сау”, т.б. элегиялық өлеңдерінде әлеуметтік шындық сыры айқын танылады. Ақынның торығуы мен жабығуы, рухани жалғыздық кешуі себептері қоғамдық жағдайлармен сабақтасып жатыр. Сонет – лириканың өзгеше бітімді, белгілі бір дәстүрлі өлшеммен жазылатын түрі. Сонеттің тақырып аясы да мейлінше кең: ол қуаныш, қайғы, өмір, махаббат, Отан … туралы сырлы сазды өлең. Сонет өлеңі ХІІІ ғасырда Италияда туған, жанрдың өркендеп-дамуына Данте, Петрарка (Италия), ХҮІІ ғасырда Шекспир (Англия), одан беріде А.Мицкевич (Польша) көп үлес қосты. Сонет қазіргі қазақ лирикасында да бар, танымал жанр деуге болады. Бұл салада Е.Әукебаев, К.Салықов, Х.Ерғалиев, т.б. ақындар сәтті ізденістер жасауда. Сонет – өзіндік қалыптасқан дәстүрлі өлшем-өрнегі бар, ақыннан үздік шеберлікті талап ететін лириканың қиын жанрының бірі. Классикалық үлгідегі итальян сонетінің құрылысы төрт тармақты қос шумақ пен үш тармақты екі шумақтан (барлығы 14 жол) тұрады. Әйгілі итальян ақыны Франческо Петрарканың (ХІҮ ғасыр) сонеттері осы өлшем-үлгіде жазылған. Кейінірек ағылшын ақындары, әсіресе В.Шекспир, сонет өлшемін құбылтып, үш-төрт тармақты және бір-екі тармақты қорытындылаушы шумақ етіп өзгертті. Қазақ ақындарының шығармашылық тәжірибесінде сонеттің бұл екі үлгісі де кездеседі. Мысалы, Хамит Ерғалиевтің мына сонеті В.Шекспир сонеттерінің өлшемімен жазылған: Айтшы, тәңірім, берген сайын батамды, Қайтіп соған иландырам ботамды. Кеше ғана табанымнан тоздырған Өз ғасырым сұм сұрқия атанды. Жалған шықты “жалындаған от арман” Жан болыппыз “аузымызбен от орған”. Сиынғаным – сиқыршы екен, біздерге Әке болған Отан жасап отардан. Жадылап сап ит бол десе ол тұрып, Ұлыған көп ұлт намысын өлтіріп. Өз әкесін өзі жеп те мақтанған Қасқырда жоқ бізде болған бөлтірік. Тапсаң, тәңірім, қасіретіме сен бір ем Мен алданған пендемін деп сендірем. Ілкі төрт тармақты үш шумақ сонеттің бірінші бөлімі немесе катрен деп, ал соңғы екі тармақты шумағы екінші бөлімі немесе терцет деп аталады. Сонет құрылысы жағынан осылайша іштей бөлінгенімен, ол бөлімдер айтылар ой, сезім, мазмұн жағынан тұтастық танытып тұруға тиісті. Сатира. Бұл терминнің мағыналық аясы кең. Кең мағынасында сатира жалпы сөз өнерінде өмірдегі жағымсыз жайлар мен ұнамсыз мінездерді әшкерелеу, күлкі-келеке ету, бұл тұрғыда ол эпосқа да, драмаға да тән, тар мағынасында әлдебір кеселді қылық құбылыстарды аяусыз мансұқтайтын лирикалық шығарманың бір түрі. Әрине, эпос пен драмада жазушының сатиралық пафосы өзі күлкі, әшкере етіп отырған құбылыстар мен адам мінезін бейнелеуден көрінсе, лирикада ол ақынның өзі айтып отырған құбылыстары туралы ойлары мен сезім-толғаныстары арқылы танылмақ. Сатираның түрлері яки жанрлары көп: эпиграмма, памфлет, фельетон, сатиралық лирика, т.б. Сатиралық лирикаға кандай қасиеттер тән? “Сатира кемшілік пен нашарлықты тәлкек етуге айналмай, күйінген сезімнің тасқыны, жігері болуға, өзге ниетпен ашынушылықтың нажағайы, жарқылы болуға тиіс. Оның негізінде көкжасық әжуасыз ділмарлық емес, мейлінше терең мысқыл жатуы керек” (2), - дейді ұлы сыншы В.Г.Белинский. Бұл сипаттар төл әдебиетімізде Абайдың сатиралық лирикасынан толық көрінеді. Оның “Болыс болдым мінеки”, “Мәз болады болысың”, “Бойы бұлғаң”, т.б. туындылары бұған дәлел. Мансұқтайтын құбылыстары мен адам мінезін жағымсыз жағынан мейлінше әсірелей (гипербола) көрсету – Абай сатирасының айрықша сипаты. Ұлы ақынның төмендегі сатиралық өлеңін (“Мәз болады болысың”) оқып көрелік: Мәз болады болысың Еш нәрсе емес жұбанар Арқаға ұлық қаққанға. Ақыл көзбен баққанға. Шелтірейтіп орысың Жас баладай қуанар Шенді шекпен жапқанға. Бір дәмдіні татқанға. Күнде жақсы бола ма Осы да есеп бола ма Бір қылығы жаққанға. Ар, абұйыр тапқанға? Оқалы тон тола ма Миың болса жолама Ар-ұятын сатқанға?! Бос желігіп шапқанға. Күлмең қағып қасқайып, Бір бес надан, оңбассың Салынып ап мақтанға Нансаң, оның қосқанға. Таң қаламын қампайып Жасық, жаман болмассың Жоқты-барды шатқанға. Жамандықтан қашқанға. Үйі мәз боп, қой сойды, Ол “болдым-ақ” дей берер Сүйіншіге шапқанға. Бұлғаң қағып басқанға. Әуре қылды, салды ойды Елең қағып елбірер Үйдегі тыныш жатқанға. Елертіп көзді аспанға… Абайдың бұл өлеңінің, жалпы ақын сатирасының әлеуметтік өткірлігі оларда Белинский айтқандай “мейлінше терең мысқылдың” жатқандығы. Сатиралық лириканың небір оңды үлгілері төңкерістен бергі кезеңдегі орыс (В.Маяковский, С.Маршак, т.б.), қазақ (А.Тоқмағамбетов, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, т.б.) поэзиясында да жиі кездеседі. Сатира – тәрбиенің құралы, оның сыны өмір мен адам тіршілігіндегі кемшіліктерді түзеуге, болдырмауға атсалысады. Лириканың бұлардан басқа тағы да арнау, эпиграмма секілді шағын формалары бар. Лирикалық шығармаларды жүйелегенде тағы бір ескеретін нәрсе – оларды тақырыптық тұрғыдан қарастыру, бөлу. Мәселен, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мазмұндағы өлеңдерді әдетте азаматтық лирика, өмір-болмыс сырлары жайлы туындыларды философиялық лирика, ғашықтық-сүйіспеншілік немесе жеке бастық сезім күйлерін толғайтын өлеңдерді ғашықтық әйтпесе интимдік лирика, сондай-ақ табиғат лирикасы деп талдап-таразылау бұрыннан бар үрдіс. |