Дендрология пні бойынша Дріс конспектілері
Скачать 1.06 Mb.
|
17 – дәріс Тақырыбы: Оңтүстік Американың ағаштары Дәріс жоспары: 1. Америка ормандары 2. Америкалық воуакапоуа 3. Гвианалық карапа 4. Хименолобиум Оңтүстік Америка батыс жарты шардың оңтүстік бөлігін құрайды. Бұл шектелген аумақ, мұхитпен қоршалған, тек Панама ойнағы Оңтүстік және Солтүстік Американы жалғастырып жатыр. Шығысында Атлант мұхиты; Батысында Тынық мұхиты; Солтүстігінде Кариб теңізімен шектеледі. Оңтүстіктің шеткі нүктесі Антарктида зонасынан өтеді. Бұл континент Солтүстік Америкамен ұқсас, аздап Африка және Еуропаны еске түсіреді. Тарихы және Бразилия тілі, бұл аумақтың жартысынан көбін алады. Португалияға байланысты, яғни тарихы мен тілі Оңтүстік Америка мемлекеті мен Испанияға ұқсас. Осы үлкен аумақтағы ағаш түрлері кең ауқымда. Кейбір ботаникалық түрлер кеңінен таралған. Оның ареалы Орталық Америкада және Кариб теңізіндегі аралдарда таралған. Кейбір ботаникалық түрлердің үлкен коммерциялық қызығушылық тудыруы басқа аудандарға қарағанда молырақ болып келеді.Сапалы сүректің жетіспеушілігі дүре тимеген ормандарға әлемдік масштабта орман өндірісін ашуға әкеліп соқтырды. Тропикалық сүректер, әсіресе Америкада осы уақытқа дейін оның физикалық қасиетін білмегендіктен тиімді қолданылмады. Мысалы, Триниклададан Бразилияға дейін эшвейлера ботаникалық туысының 80 түрі өседі. Одан алған сүректен саудалық атауы –манбарклад, Гаян мен Суринамда өте үлкен масштабта қолданылады. Оңтүстік Американың ормандары. Оңтүстік Американың аумағында солтүстік тропиктен 12` с.б. Антарктидаға дейін барлық топырақ түрлері кездеседі. Барлық теңіз деңгейінен биік ландшафтар, өсімдік, минерал текті барлық өнімдер кездеседі. Осы алуан түрлі табиғаттың кең көлемде орналасқанына қарай олар: Тау региондары; Тропикалық орман; Ормансыз жазық . Біріншіден, Анд тауларының жүйесі; екіншіден, Амазонияның шексіз ормандары; үшіншіден, Аргентинаның ауқымды жазықтары. Бұл континенттің басты ерекшелігі Кордильер тау жүйесі, оны Оңтүстік Америкада Анд тауы деп атайды. Колумбияның солтүстік шекарасынан жалынды және Отты жердің аралығы 7000 км-ге созылып жатыр. Тынық мұхит жағалауына жақын орналасқан алып су жинағыш су массасын шығысқа қарай лақтырып, өте ауқымды үш өзеннің жүйесін құрайды: Ориноко,Амазонка,Парана. Амазонияның ылғалды желдері тропикалық зона арқылы өтіп, Кордильердің шығыс беткейіне тіреледі. Анд тауларының тік шатқалдарында (беткейлерде) айқын контраст байқалады. Оңтүстік белдеуде Кордильердің батыс бөлігі мен Тынық мұхит аралығын 1600 шақырым сусыз шөлейт бөліп жатыр. Эквадордың тропикалық ормандары солтүстікке қарай жағалаулы- жолақты болып кеңейеді,оңтүстікке қарай тарылады. Колумбияның жағалаулы орманын құрайды. Оңтүстікке қарай шөлейттен Чилидің құнарлы бөлігіне қоңыржай климатпен ауысады. Оңтүстікке қарай Чилидің оңтүстік бөлігінде ылғалды орман қалыптасқан. Яғни, Тынық мұхитының ылғалды жері, шығысқа қарай Анд тауының жүйесі солтүстік тропиктік және субтропиктік ормандармен континентте ірі өзен жүйесін құрайды. Оңтүстік Американың ормандылығын бағалайтын болсақ, ол 44%-ын құрайды.Олар негізінен жапырақты тропикалық түрлерден тұрады-89%, жапырақты-6%, қылқандылар-5%. Бұл жерде орманның негізгі екі формациясы бар. Яғни, жапырақты ағаштар қалың жаңбырлы ормандарда Гайана, Суринам, Гвинея және Ориноко өзені, Амазонияны алып жатыр. Есептеу бойынша 2800 ағаш түрлері кездеседі. Бразилия мен Аргентинаның құрғақ ормандарында сирек өсетін, жапырақ тастайтын қылқандылар және жапырақтылар кездеседі. Қылқандылардан Паран қарағайы-Сосна паранская-Araukaria angustifulia негізінен Оңтүстік Аргентина мен Бразилияның көп бөлігін алып жатыр. Сосна чилинская-Araukaria arakiana Парагвай мен Аргентинада квебрахо түрі кездеседі. Әлемде ол ең мықты таннид көзі болып табылады. Америкалық воуакапоуа
Басқаша атаулары: wacapou, epi de bleu, bois angelin (Гвиана фр.), bruinhart, wacapoe (Суринам) Таралуы: Америкалық воуакапоуа Бразилия ағаш тұқымдастарының өте маңызды түрі болып табылады. Пара штатында кеңінен таралған. Кейбір түрлері Гвиана мен Суринамда таралған. Ағаш: Биік әрі жіңішке. Ағаш ұзындығы 15-22 метр, диаметрі 0,6м. Текстурасы: Қатты, тығыз. Ірі және тегіс құрылымды. Құрғақ күйінде тығыздығы - шамамен Кептірілуі: Оңай әрі жеңіл кебеді. Беріктігі: Ағаш ақ еменге қарағанда (Quercus alba) берік әрі иілгіш. Өте төзімді ағаш. Технологиялыққасиеттері: Қиындау өңделеді. Қолданылуы: Бұл Бразилия, Суринам және Гайанада өте жоғары бағаланатын ағаштардың бірі болып табылады. Ағаш темір жол шпалдарын өндіру үшін, кәдімгі құрылыста, паркет, жиһаз салаларда қолданылады. Гвианалық карапа
Басқаша атаулары: crabwood (Гайана), figueroa, tangare (Эквадор), krappa (Суринам), carapote ( Гваделупа аралы). Таралуы: Куба мен Тринидада арлығында толық таралған . Ареалы Орталық Африкадағы Гондурастан Гайана, Суринам, Бразилия, Колумбия, Перу және Венесуэла аумағын қамтиды. Ағаш: Мәңгіжасыл, тік әрі биік. Биіктігі 24-30 м, диаметрі 0,6-1 м. Тез өседі. Текстурасы:Қызыл немесе қызыл-қоңыр діңді. Қызғылт- қоңыр және сарғыш-қызғыл ядролары, кептіруден кейін қызыл-қоңыр немесе қоңырқай түске айналады. Ағаш әдетте ауыр әрі тығыз. Құрғақ күйінде тығыздығы шамамен 640 кг / Кептірілуі: Кептіру кезінде камералық төмен температура мен жоғары ылғалдылық режимі ұсынылады. Кептірген кезде қасиетін жоғалтпайды. Беріктігі: Америкалық қызылағаш және қара жаңғақпен (Juglans nigra) бірдей . Төзімділігі: Орташа төзімді ағаш. Технологиялық қасиеттері: Станоктарда өңделуі өте қиын, бірақ қолмен өңдеуге болады. Шеге қағуға төзімді. Орта желімденеді. Қолданылуы: Көптеген жылдар бойы кептірудің қиындығынан көп мөлшерде қолданылмай келген, бірақ жаңа кептіру технологиясының арқасында кәзірде көп сұранысқа ие, жоғары бағаланатын ағаш. Гаианадан жоғары сапалы жалюзилер мен терезе жақтаулары жасалынады. Нидерландыда ағаш, емен фанерлерінің орнына қолданылады. Хименолобиум
Басқаша атаулары: sapupira, angelim do Para (Бразилия). Таралуы: Ареалдың орталығы Амазонка жаңбырлы ормандары болса, солтүстікке қарай таралу аймағы Гайана, Суринам, ал оңтүстігінде Венесуэла, Рио-де-Жанейро Ағаш: Биікітігі 35 м, диаметрі 3 м болатын ірі ағаш. Онға жуық түрі кездеседі. Текстурасы: Ақшыл немесе сұр түсті. Қатты және ауыр ағаш. Құрғақ күйінде тығыздығы шамамен 704 - 993 кг / Беріктігі: Өте төзімді ағаш. Технологиялық қасиеттері: Оңай өңделеді және кесіледі. Қолданылуы: Құрылыста, әсіресе гидротехникалық құрылымдар құрылысында ерекше сұранысқа ие. Ағашжегіге (паразит зақымдаған ағаш өспей қалады) төзімділігі жағынан 37 ағаш түрінің ішінді 9 орын алады. 18- Дәріс Тақырыбы: Оңтүстік Американың жалпақжапырақты ағаштары Дәріс жоспары: 1. Центролобиум 2. Бальза 3. Талаума 4. Катостемма 5. Гвианалық немесе параниялық дикориния 6. Госсипиоспермум 7. Бразилиялық филлостилон Центролобиум
Басқаша атаулары: arariba amarelo, a. carijo, a. rajado, а. rosa, a. vermelho, olea amarelo (Бразилия), amarillo de Guayaquil, amarillo lagarto, canario (Эквадор), balaustre (Колумбия және Венесуэла).Түсіне қарай да әр түрлі айтылады. Мысалы, amarelo (сары), branca (ақ ), rosa (күлгін) и vermelho (қызыл) Таралуы: Бразилия, Эквадор, Колумбия, Венсуэла. Текстурасы: Ядросы әдеттегідей, қызыл, қара- қоңыр. Құрғақ күйінде тығыздығы шамамен 725-1000 кг / Кептірілуі: Оңай кебеді, бірақ қасиетін жоғалтады. Технологиялық қасиеттері: Тығыз емес, оңай өңделеді. Қолданылуы: Бразилияда ағаш өнімдерін жасауда қолданады. Бальза
Басқаша атаулары: guano (Пуэрто-Рико және Гондурас), lanero (Куба), polaк (Белиз және Никарагуа), topa (Перу), tami (Боливия) Таралуы: Американың тропикалық ормандарында, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика және Панамада. Интродуцент түрлері Индия мен Индонезияда өседі. Ағаш: Қысқа өмір сүреді және тез өседі. 7 жылда биіктігі 21 м, диаметрі 0,5 м жетеді. 7 жылдан соң өсуі баяулайды. Текстурасы: Өте жеңіл және жұмсақ ағаш. Суда оңай қалқиды. Жылтыр және ақ түсті бальза ағашы жоғары сапалы болады. Кептірілуі: Кебуіне көп уақыт кетеді. Кепкенде қасиетін жоғалтады. Беріктігі: Қатты ағаш, бірақ кәдімгі қарағаймен салыстырғанда 2 есе иілгіш. Технологиялық қасиеттері: Механикалық және қол құралдарымен оңай өңделеді. Шеге және бұрандалар оңай кіреді, бірақ жұмсақ болғандықтан ұстау мүмкіншілігі аз. Қолданылуы: Суда қалқыма қасиетін пайдалана отырып, құтқару жилеттерін жасауда кеңінен қолданады. Жеңіл салмағының арқасында ойыншық модельдерін жасайды. Талаума
Басқаша атаулары: magnolia do brejo, uvaguacu (Бразилия). Таралуы: Бразилиядағы Минас-Жерайс, Риу-Гранди-ду-Сул, Парана және Санта-Катарина штаттары. Ағаш: Гүлі, жемісі, жапырағы америкалық монголияға ұқсас болса, алыстан тюльпан ағашына (Liriodendron tulipifera) ұқсайды. Қолданылуы: Бразилияда ағаш өнімдерін қала құрылысында қолданады. Катостемма
Басқаша атаулары: baramalli (Гайана), flambeau rouge (Гвиана фр.). Таралуы: Негізінен Гайана мен Гвиана аумағында таралған. Ағаш: Ұзын, әрі ірі. Биіктігі 21 - 27 м. диаметрі 0,6–0,9 м. Жақсы жағдайды биіктігі 45 м-ге, диаметрі 1,2 м-ге жетеді. Құрғақ күйінде тығыздығы шамамен 592 кг / Текстурасы: Құрылымды, үлкен. Кептірілуі: Сапасын жоғалтпай, баяу кебеді. Бірақ санама бетінде сызат кетуі мүмкін. Беріктігі: Қатты емес, бірақ қысымға төзімді. Технологиялық қасиеттері: Оңай өңделеді. Жақсы желімденеді, шегелеуге болады. Қолданылуы: Қарапайым фанера мен қымбат емес жиһаз жасауда қолданылады. Гвианалық немесе параниялық дикориния
Басқаша атаулары: angelique, angelique Таралуы: Амазонка аңғарларында, Гвиане мен Суринам аумағында. Ағаш: Ірі, артық тамырсыз. Биіктігі 45м, диаметрі 1,5м Текстурасы: Ағаштың анжела сұр (angelique gris) және анжелика қызыл (angelique rouge) деген екі түрі бар. Қоңыр-қызғылт немесе сары-қоңыр түсті. Құрғақ күйінде тығыздығы шамамен 720 кг / Кептірілуі: Орташа қиындықпен кептіріледі. Тез кептірген жағдайда шытынап кетеді. Беріктігі: Қасиеттеріне қарай тикке ұқсайды. Технологиялық қасиеттері: Жақсы өңделеді. Өңай желімденеді. Қолданылуы: Қызыл анжеликаны көпірлерде, теміржол шпалдарын жасауда қолданады. |