Главная страница

Дендрология пні бойынша Дріс конспектілері


Скачать 1.06 Mb.
НазваниеДендрология пні бойынша Дріс конспектілері
Дата03.05.2022
Размер1.06 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаdendrologiya daris2 (2).doc
ТипКонспект
#509158
страница1 из 6
  1   2   3   4   5   6

«Дендрология» пәні бойынша
ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ

1 Дәріс

Тақырыбы: Кіріспе. Ареалдың түрлері және түрлер туралы түсінік
Дәріс жоспары: 1. Дендрология нені зерттейді?

2. Ареалдың түрлері және түрлер туралы түсінік
Дендрология деген ұғым грек сөзінен шыққан, яғни dendron – ағаш, logos – ғылым дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда ағаштарды зерттейтін ілім деген сөз.

Дендрология пәні ағаштар, бұталар ж¸не лианаларды» түрлерiн, сондай-ақ басқа елдерден ¸келiп жерсiндiрiлген (интродуцент) т¾рлер жайлы кеңінен мағлұмат береді.

Дендрология туыс пәндермен органикалық байланыста, жалпы ботаника, өсімдік систематикасы мен географиясы, физиология, орманшылық, екпе орман, топырақтану және география және т.с.с. байланыста.

XVIII ғасырда (1751) К. Линней бірінші класс функциясын ұсынды. Ол гүлдің құрылымының жасанды жүйесіне негізделген. Осы күнге дейін қолданылып келе жатыр.

Туысы: қарағай, шырша, алмұрт, т.с.с. түрлерге, мысалы жабайы алмұрт, уссуртий алмұрты және тағы басқалары.

Дендрологиялық білімді жетілдіруде атақты ғалым биологтар: Тимирязев, Докучаев, Вильямс және Мичуриндердің еңбегі ерекше маңызды.

Шөптесін өсімдіктерден айырмашылығы ағаштанған діңі, тамыр мойнынан жоғарғы жағында көптеген бүрлері пайда болады.

Ареалдың түрлері мен түрлер туралы түсінік

Негізгі систематикалық және биологиялық бірлік дендрологияда түр болып саналады. Әрбір түрдің белгілі бір таралу аймақтары немесе ареалы болады, туыстың жақындығына байланысты бір-бірімен біріктіріледі. Мысалы: жазғы емен (кәдімгі емен) және қысқы емен.

Клон–түрлер тобының вегетативті жолмен пайда болуы және бір-бірімен байланыстылығы.

Түрлер–туыстарға бірігу, ең бастысы көбею органдарының ұқсастығы.

Тұқымдастағы туыстар. Мысалы: емен түрлері (кәдімгі, қызыл, моңғол, жартасты, грузин) осының бәрі емен туысына жатады. Шамшат, емен, талшын туыстары шамшаттар тұқымдасына кіреді (Fagaceae).

Тұқымдық өсімдіктер ірі екі топқа бөлінеді: жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылар. Жабық тұқымдыларға академик А.Гроссгейм ал жалаңаштұқымдыларға А.Энглер жүйесін қолданады. Жабықтұқымдыларға қарағанда жалаңаштұқымдылар жер бетінде ертерек пайда болған.

Ареалдың түрлері

Егер географиялық картаға кез келген түрдің тіршілік ететін орнын, өсетін жерінің ауданын сызса ол–ареал түрі деп аталады. Екпе орманда жасанды өсірудің ауданын–жасанды ареал деп атайды. Ареал көбінесе екі жолмен пайда болады–бар ареалды кеңейту немесе бастапқы ареалдардың орнын басу арқылы. Кейде екі процесс қатар жүреді. Ареалдың түрлері: жалпылай, аралшалар, үзік-үзік және жолақты. Кей ареалдар бытыраңқы өсудің арқасында көрініп тұрған айырмашылықтың арқасында жаңа түр пайда болуы мүмкін. Мұндай түрді орнын басу дейді.

Кейбір түрдің жер шарында көптігі соншалық көптеген Европа, Азия кеңістіктерінде, Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейін, сол сияқты Солтүстік Африкадада өседі.

Жергілікті түрлер белгілі бір географиялық аймаққа байланысты өзінің шектеулі ортасы эндемикалық немесе эндем деп айтамыз.

Эндемизм реликті болуыда мүмкін. Реликті түрлер деп ертеректе көп болып кейін геологиялық және тарихи себептерге байланысты қатаң жағдайға адам әрекетінің әсері басқа түрлердің басымдылығы болса да осы уақытқа дейін сақталуы, белгілі бір аймақта өсуін айтамыз (гинкго, жемісті тисс, самшит; рододендрон).
Өзін-өзі тексерудің сұрақтары:


  1. Дендрологияда систематикалық және биологиялық бірлік деп не аталады?

  2. Реликт жане эндем терминдері не білдіреді?

  3. Ағаш өсімдіктер мен шөптесін өсімдіктерден айырмашылық ерекшеліктері?

  4. Орнын басушы деп қай ағаш түрлерін айтамыз?

  5. Ареал түрлерін атаңыз?


2-3 Дәріс

Тақырыбы: Ағаш өсімдіктерінің интродукциясы. Түрдің жаңа қоршаған ортаға және экологиялық бейімделулерінің интродукциясымен байланыстылығы.

Дәріс жоспары:

  1. Ағаш және бұталы өсімдіктердің интродукциясы

  2. Ағаш өсімдіктерінің интродукциясы. Түрдің жаңа қоршаған ортаға және экологиялық бейімделулерінің интродукциясымен байланысы


Өсімдіктерден басқа шет жақтан әкелінген жаңа жер жағдайына бейімделіп, жаксы өніп, жемістеніп тұқым беретін өсімдіктер–интродуценттер деп атайды (жабайы өсетін емес).

Ағаш және бұталы өсімдіктердің интродукциясы

Экологиялық факторлар алуан түрлі оларды климаттың, топырақ – жер асты суы, топографиялық, антропогендік және биотикалық. болып бөлінеді.

Табиғат үнемі айналыста болады, яғни олар органикалық және топырақ және ормандағы қорданы қалыптастыратын, қурап түскен қылқандармен жапырақтар шіри отырып, топырақты қара шірінділермен байытады және орман өсімдіктерінің тіршілігіне қажеттілілікті қалыптастырады.

Вильямс заңында былай делінген «Экологиялық фактор саналуан және өте көп, олар өсімдікке бірге әсер етеді, бір фактор келесі фактормен ауыстырылмайды. Ағаш өсімдіктері жапыраққа әр қалай қажетсінеді. өсімдіктерді жарық сүйгіш, жартылай көлеңке сүйгіш, көленке сүйгіш деп айырады.

Климаттық факторлар ( жарық, жылу, ылғал, ауа, жел).

Жарық

Жарықтың өсімдік үшін маңызы жарық – орман өмірінде маңызды.

Ағаш өсімдіктер жарықты әр мөлшерде қажет етеді.

Жарық – оңай өзгеретін жалғыз фактор, онымен бірге ағаштың өсу жағдайыда өзгереді – ылғал, жарық, химизм және топырақ микробиологиясы.

Жылу

Ағаштар мен бұталар жылу сүйгіштігіне қарай төмендегі дәрежелеріне бөлінеді.

Өте жылу сүйгіш түрлер: кипарис, самырсын, аршаның кейбір түрлері, бамбуктар, эквалиптер, лавр, цитрустар, тығынды емен.

Жылу сүйгіштер: жеуге жарамды талшын, інжір, каркас, айва, шынар, катальпа, самшит, бадам, жаңғақ, қармала, ақ акация.

Аса қатты емес суыққа төзімді ағаш түрлері: шамшат, туя, биота, виргиндік арша, пирамидальді терек, үйеңкі, тут, өрік, шие, алма, шаған, граб.

Суыққа төзімді түрлер: қызыл емен, қарағаштар, жөке, сұр және маньчжур жаңғағы, жасыл және үлпілдек шаған, жабайы алмұрт, жабайы алма, қара қарағай, орман жаңғағы, шәңкіш, сары қарағаш.

Ерекше суыққа төзімді түрлер:үлпілдек қотыр қайың, көктерек, кәдімгі шырша, кәдімгі арша, кәдімгі қарағай, сібір самырсыны, балқарағай, майқарағай, жатаған самырсыны.

Ыстыққа төзімді: сексеуіл, жүзгін, эфедра, құм қараған.

Ылғал

Нақты және басқа жағдайларға бейімделуіне байланысты топтарға бөлінеді: гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер, мезоксерофиттер.

Гигрофиттер - өте көп ылғалды жақсы көретіндер (қара қандағаш, батпақ шағаны, сұр тал, эквалипт, папоротниктер, батпақ пальмасы).

Мезофиттер–ылғалы жеткілікті жерлерде өсетіндер (қызыл емен, жөке, граб, шаған, жаңғақ, барқыт, балқарағай, талшын, жаңғақ, аюбадам, қабыржық, ұшқат.

Ксерофиттер–құрғақшылық жағдайда өсетіндер (қармала, ақ акация, жиде, айлант, софора, скумпия, тығынды емен, пісте ағашы, қырым қарағайы, кәдімгі қарағай, жыңғыл, арша, сексеуіл).

Екі аралық және өтпелі топтар бар мезогигрофиттер (қарағаш, мойыл, ешкі тал, терек, үлпілдек шаған). Мезоксерофиттер (емен, татар, дала үйеңкісі, шие, қайың, алма, алмұрт, күмістүсті үйеңкі, грек жаңғағы, кәдімгі емен).

Ауа (жел)

Көмірдің жануынан бөлініп шығатын ең зиянды газ – күкіртті газ, сол сияқты күйе, ағаштар мен бұталардың демалуына кедергі келтіретін шаң тозандар.

Газға, шаң–тозаңдарға төзімді ағаштар: туя, канада терегі, арша, шаған жапырақты үйеңкі, қызыл аюбадам, ақгүл, магнолия, каприфоль. Газга, шаң – тозаңға төзімсіз – шырша, қарағай, үйеңкі, жөке, қайың, шетен.

Кей өсімдіктер ауаны тазартатын, микробтарды өлтіретін: емен, қайың, қарағай, мойыл, әсіресе аршалар фитонцидтер бөледі.

Жел–климаттың бір элементі және ұйытқысы. Желге төзімді ағаштарға жапырақты ағаштар жатады: шамшат, граб, қармала, емен, қарағаштар, талшын, дала, үшкір жапырақты үйеңкі, шынар, ақ, қара терек, лавр, ірі гүлді магнолия. Қылқан жапырақтылардан: самырсын, кипарис; балқарағай, майқарағай, қарағай, тисс.

Топырақ

Құнарлылықты қажет етуі бойынша ағаштар III топқа бөлінеді:

Аса бай топырақ құнарлылығын қажет ететіндер–шамшат, граб, емен, қарағаштар, дала және үшкір жапырақты үйеңкі, жөке, майқарағай, қарақандағаш, шаған.

Орташа топырақта өсе беретіндер: шырша, балқарағай, шаған жапырақты үйеңкі, көктерек..

Топырақ талғамайтындар–олар құнарсыз топырақта өсе беретіндер: айлант, ақ сары қараған, қотыр қайың, жыңғыл, тал, жиде, арша, тау, кәдімгі қарағай, теректің кейбір түрлері, ақ және қара терек, шеңгел, тұт.

Псаммофиттер - әсіресе құмда тіршілік еткенге бейімділіп алғандар, бұл топқа жататындар: сексеуіл, ақ қараған, жыңғыл, жүзгүн.

Галофиттер – тұзды топырақта өсетін ағаштар: сораң, далалық қараған, шеңгел, жыңғыл, қара сексеуіл, сарсазан.

Биотикалық фактор

Ағаштардың өсіп - өнуіне, жануарлар мен микроорганизмдердің әсері.

Антропогендік фактор

Адам әрекетінен туындайтын фактор.
Өзін -өзі тексерудің сұрақтары:


  1. Ағаштар мен бұталардың интродуциялық түрі дегеніміз не?

  2. Псаммофиттер тобын қандай өсімдіктер құрайды?

  3. Ылғалды ортада өмір сүруге бейім өсімдіктер тобын атаймыз?

  4. Желге төзімді ағаштарды атаңыз?

Қандай түрлер – галофиттер? Мысал келтіріңдер.

4 Дәріс
Тақырыбы: Дендрофлора туралы түсінік. Өсімдік жамылғыларының белдеулерге бөлінуі және олардың сипаттамасы.

Дәріс жоспары: 1. Өсімдіктер және реликтер.

2. Өсімдік белдеуі.

3. Өсімдіктердің белдеулерге бөлінуі, заңдылығы.

Флора - өсімдіктер түрлерінің қауымдастығының жиынтығы. Жер шарында өсімдік әлемі алуан түрлі: 35000 түр бар. ТМД – 18000-дай.

Осы өсімдік әлемі 160 тұқымдасқа бөлінеді. Түр құрамының ең байы күрделі гүлдер, астық және бұршақ тұқымдастар. Бұлардың әрқайсысының мыңдаған түрлері бар.

Олардың кейбір түрлері шектеулі аймақта ғана кездеседі. Семенов майқарағайы Қырғыз тауларында, Шарын шағаны тек Қазақстанда ғана кездесуі реликті өсімдіктер 265 млн жыл бұрынғы. Оларға жататындар рододендрон, темір ағаш, амур барқыты және тығынды ағаш т. с. с.

Солтүстіктен санағанда ТМД жеті белдеуге бөлінеді:

I – тундра белдеуі, II – орманды тундра, III – орман белдеу, IV – далалы орман белдеуі, V – далалы белдеу, VI – шөлейт, VII – шөлдік белдеу.
Өзін - өзі тексерудің сұрақтары:



  1. ТМД орман өсімдіктерінің белдеулерін атап көрсетіңіз?

  2. Шөлейт аймақтың түрлері?

  3. Далалы орманға отырғызылатын түрлерді атаңыз?

  4. Реликт деп қай өсімдікті айтамыз?


5 Дәріс
Тақырыбы: Ағаш және бұталы өсімдіктердің филогенетикалық жүйесі мен сипаттамасы.
Дәріс жоспары: 1. Ағаш және бұталардың классификациясы

2. Жалаңаш тұқымдылардың класс жүйесі мен

орналасу тәртібі

Барлық ағаш өсімдіктер және олардың түрлері, тұқымдастары мен туыстары азды–көпті бір-бірімен туыстық байланысы бар. Ағаш өсімдіктерінің классификациясымен олардың туыстығымен, туыстық дәрежесін анықтайтын әртүрлі систематикалық бірлікпен дендрология бөлімі айналысады және оны өсімдіктің филогенетикалық жүйесі деп атайды.

Ағаш өсімдіктер, өсімдіктер әлемінің екі тобына жатады: жалаңаш тұқымдылар бөлімі және жабықтұқымдылар бөлімі. Өсімдіктердің осы екі бөлімі қазіргі геологиялық дәуірде әртүлі жағдайда тіршілік етуге қолайлы бейімделген.Олардың көптген түрлері бар және Жер бетінде өсімдіктердің пайда болуына басты роль ойнайды.

Жалаңаш тұқымдылар бөлімі. Кластарға бөлінуі.

Жалаңаш тұқымдыларға мәңгі жасыл ағаш өсімдіктері жатады. Тек кейбірінің қыс кезінде қылқандарын тастайтыны да бар. Бұлардың генеративтік өркендері масақша тәрізді орналасқан: аталықтары микроспорофилдардан немесе аталығынан, ал аналықтары – жеміс жапырақшаларынан немесе макроспорофилдардан тұрады. Олардың тұқым бүршіктері немесе макроспорангілері жабылмай жатады. Тұқымдары қабыршағында ашық (жалаңаш) жатады. Тұқымдық қабыршақтары сыртқы жиекті қабыршақтармен бірігіп аналық бүрлерін тұқымдарымен бірге түзеді. Жалаңаш тұқымдылар негізінен ағаш түрінде болады, ал бұта түрінде сирек кездеседі. Олардың сүрегінен, әсіресе қабығынан және де барлық басқа бөліктерінен шайырды көруге болады. Жалаңаш тұқымдылар көбінесе тұқымымен көбейеді. Кей–кезде атпа тамырмен (шырша, майқарағай), сирек жағдайда - өркендерімен (тисс) көбейеді. Сонымен қатар олардың көпшілігі жасыл қалемшелермен де көбеюі мүмкін.

Жалаңаш тұқымдыларды 6 классқа бөледі.

Саговниктер класы (Цикадий) (Cucadaceae) сырт бейнесі пальмаға ұқсаған, діңдері қысқа, әрі жуан ағаштар жатады. Көптеген қанатты, ірі жапырақтары

(ұзындығы 30 м-ге дейін жетеді) діңнің ұшар басына шоғырланып орналасқан. Екі үйлі өсімдік. Саговниктер Жер шарының тропикалық және субтропикалық облыстарында табиғи өседі. ТМД субтропигінде әсем ағаш ретінде тек бір ғана түрі – аспалы саговник (Cucus revoluta Thund ) өсіріледі.

Гинкго класы- Ginkgoales ашық – жасыл түстi, биiктiгi 30 м-ге жететiн, жапырақ тастайтын ағаш. Жасыл желегi көбiнесе тар, конус тәрiздi, бiр немесе көпдiңдi. Жапырағы желпуiш тәрiздi, ұзындығы 10 см-ге жуық. Олар өте жұмсақ, ұзын сағақта бiр-бiрiнен алыс немесе бiрнеше данадан топтасып орналасады. Екi үйлi өсiмдiк, желмен тозаңданады.

Қылшалар сыныбы-Gnetales бұл сынып түсінің құрылысы бойынша барлықжалаңаш тұқымдылардың ішіндегі ең жоғары жинақталғаны болып табылады.Бұл класқа қылшалар-Ephedra туысы жатады. Бұл биіктігі 1-3м болатын, мүшеленген жасыл бұтақтары бар аласа бұта. Жапрақтары өте майда, қабыршақ сияқты, ұұзындығы 2мм, ұшы доғал. Ұрығы көбінесе жидек тәрізді, етті, сыртынан сары немесе қызыл қабықпенқапталған. Жеуге жарамды. Шілде- тамыз айларында піседі. Ұрығымен және атпа тамыр атпасымен көбейеді. Құрғақ далаларда, жартылай шөлейтті, шөлді жерлерде, таудың құрғақ беткейлерінде таралған. Қуаңшылыққа төзімді. Құрғақ құмды беткейлерді көгалдандыру үшін қолданылады. Жасыл сабақтарында эфедрин алкалоиды бар, медицинада пайдаланылады. Қазақстанда қылшаның 6 түрі кездеседі.

Бүр жемістілер сыныбы-Coniferales бұл сынып өсімдіктердің орманшылық жағдайында көбірек маңызға ие болатын 7 тұқымдастан тұрады, олардың ішінде біз үшін маңыздырағы-тисс, қарағай, таксодий, сауырағаштар тұқымдастары.

Қылқан жапырақтылардың ең көп бөлігі Сотүстік қалыпты белдеуде, орманды аймақта немесе таулы жерде тіршілік етеді.. Үлкен ағаш түріндеде, бұта түріндеде кездеседі. Діңдері мен жапырақтарында шайыр жолдары көп орналасқан, сондықтан қабықтарынан шыланып ұдайы шайыр ағып тұрады, шайырдың құрамында эфир майы мен бальзам болады.

Қылқан жапырақтылар делінетін себебі, жапырақтары өте жіңішке ине тәрізді, жіңішке қылқанында бір ғана жүйке болады. Қылқан жапырақтылардың қыстада жасыл болып бұтақтан түспей тұратын себебі, жапырақты қаптаған қабығы қалың болады, тыныс саңылауы тереңірек (ішкері орналасады), қабықтың астында бірнеше қабат гиподерма клеткалары болады, олар судың аз булануына, жапырақтың ұзақ сақталуына көмегін тигізеді. Қылқанды жапырақтылар тұқымынан көбейеді. Екі үйлі, кейде бір үйліөсімдік, бүрлері дара жынысты болып келеді. Ұрықтары бүрінде орналасқан Тек кейбір түрлерінде, мысалы тисте бүр болмайды, тұқым бүршігі өркеннің аяғында орналасады. Тұқым қабыршығынан басқа жиекті қабыршағы болады. Олар үлкен бүрлерде көбінесе көрінбейді, бірақ кейде тіл сияқты тұқымдық қабыршақтардың астынан байқалып қалады (балқарағайдың кейбіреулері,майқарағай, псевдотсуга). Тұқым қабыршақтарында әдетте екі тұқым бүршіктері (қарағайларда), сирек жағдайда бірнешеуі (сауырағаштарда)

Болады. Тұқымдары қанатты, тек кейбір түрлерінде ғана қанатсыз кездеседі. Өскіндерінде 2-ден 15-ке дейін, көбінесе 5-7 дана тұқымы болады
Өзін - өзі тексерудің сұрақтары:
1.Қай клас өкілі Жалаңаш тұқымдылардың ежелгі түрі болып саналады.

2.Қылқандылар класы қандай тәртіппен бөлінген

3. Жалаңаш тұқымдылар бөлімінің кластарын атаңыз
  1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта