Главная страница

Дендрология пні бойынша Дріс конспектілері


Скачать 1.06 Mb.
НазваниеДендрология пні бойынша Дріс конспектілері
Дата03.05.2022
Размер1.06 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаdendrologiya daris2 (2).doc
ТипКонспект
#509158
страница3 из 6
1   2   3   4   5   6

түрлері
Moraceae Lindl – Тұт ағаштар тұқымдасы -

Семейство Тутовые

Туысы: MorusL. – Тұт ағашы – Шелковица
Бiр немесе қос үйлi, биiктiгi 20 м-ге жететiн ағаш. Өркендерi жылтыр, кейде жас өркендерiнде түктi. Жапырақтары кезектесіп орналасқан.. Гүлдерi әр жынысты, жәй гүл қабымен, масақ тәрiздi гүл шоқырына жиылған. Аталық гүл шоғыры сырға тәрiздi, имек. Аталығы төртеу. Аналық гүл шоғыры тығыз, тiк орналасқан. Жемiсi - жалған жидек, ақ немесå қара түстi, пішіні таңқурайға ұқсайды.

Жарық сүйгiш өсімдік, құрғақшылыққа, ыстыққа төзімдi, топыраққа талғампаз емес. Жылдам өседi. Тұқымымен және жыныс мүшесiнсiз көбейедi. Сүрегi сары түстi, қоңыр өзектi.

Ежелгi уақыттан қытайда және Индияда өсiрiледi. Қазақстанның оңтүстiк аймақтарының қалалары мен ауылдық жерлерiнде кең таралған.

Тұт ағашының жапырақтары жiбек құртының шыбын-шiркейiн қоректендіруге кетедi. Қабығынан жiп иiрiледi, арқан жасайды, жапырағынан сары бояу өндiредi. Сүрегiн сазды аспаптар, бөшке жасауға және ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланады. Әртүрлі пішіндегі жапырақтары және жемісі декоративті болып саналады, сондай – ақ қорғаныштық мақсаттағы орман өсіруге жарамды.

Қазақстанда екi түрi өсiрiледi: Ақ тұт (Шелковица белая) - M. albaL. Ол сұрғылт – қоңыр бұтақты, жапырақтарының табаны түзу кесiлген тәрiздi, жемісі ақ және Қара тұт (Шелковица черная) - M. nigraL. Қызыл-қоңыр бұтақты, жапырақ пішіні ойыс, жүрек тәрiздi және қара-көк, шырынды жемiстi ағаш.

Juglandaceae – Жаңғақтар тұқымдасы –

Семейство Ореховые

Туысы: Juglans L. – Жаңғақ - Орех

Түрлерi: J. regia – Грек жаңғағы – Орех грецкий
Биіктігі 30 м, диаметрі 1,5 -2 м-ге жететін ағаш. Жапырағы күрделі, жұпсыз, қауырсынды. Жапырағының ұзындығы 5-10 см, ені 2,5-6 см. Пішіні эллипс тәріздес, ұшы үшкір, ұшындағы жарғағы жанама жапырақтарына қарағанда үлкен. Басқа жаңғақтың түрлерінен ерекшеленетін белгісі осы. Сағақта 5-7-10 данаға дейін жапырақшалары болады. Жиегі бүтін.

Жаңғақ ағашы 300 жылға дейін өмір сүреді, сүрегі өте қатты, тығыз болғандықтан ұшақ жасау құрылысына, жиһаз жасауға қолданылады. Ұрығымен көбейеді, түбірінен өскін беру қасиетін қурағанша жоғалтпайды. Жемісі майлы, кондитер өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Таралу аймағы: Қытай, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Кавказ, Армения. Қазақстанда – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында екпе түрінде кездеседі.

Өзін - өзі тексерудің сұрақтары:
1. Жаңғақ тұқымдастарының негізгі түрлері атаңыз?

2. Шамшаттар тұқымдастарының негізгі түрлерін атаңыз?

13 Дәріс
Тақырыбы: Қырым, Кавказ Балтық жағалаулары иен Украина ормандары.
Дәріс жоспары: 1. Қырым мен Кавказдың орманы

2. Балтық жағалаулары иен Украина ормандары
Шығыста Қырыммен Кавказ орманы Оңтүстік Оралға Қарай ығысады ал батыста Фин бұғазынан Украина жазығынан, Балтық теңізі жағалауларын қамтиды.

Бұл орналасулар орман қорының әртүрлі болуына әкеліп соғады. Орманда қылқандылардыдан шырша, кәдімгі қарағай өссе, Казанға жақындағанда сібір шыршасының жолақтары мен самырсын жолақтары таралған. Оңтүстікке қарай емен, үшкір жапырақты үйеңкі, шаған сияқты жалпақ жапырақты ағаштар таралған. Белоруссияның оңтүстігінде еменді және шыршамен емен араласқан ормандар таралған. Өзен жағаларында, жазық далаларда қарағай таралған. Ал сулы жерлерде жалпақ жапырақты ағаштар орналасқан.Балтық теңізіне жақындаған сайын сирек ормандармен тоғайларда шыршалы- самырсынды аймақтар, емен, жөке ағаштары топ- тобымен шоғырланған.

Карпаттың шығысын орманды даладеп атайды. Еменді ормандардың құрама өте күрделі№№№ Мұнда еменнің жаздық түрі мекендейді. Жоғарғы бөлігінде үйеңкі, үшкір жапырақты үйеңкі, майда жапырақты жөке, күміс түсті жөке, алша таралған.. карпаттың биік шыңдарында шамшатты орман көбірек таралған. Олар 200-400м бииіктікте өссе, карпаттың батысында теңіз деңгейінен 1200-1300м биіктіктікте орналасқан. Ал таудың ортаңғы белдеуінде сирекқылқанды күңгірт орманды шыршамен шамшат, граб, майда жапырақты жөке өседі.. Сирек долана, жартас қарақаты, ұшқат т.б түрлер кездеседі.Қырым тауларының ортаңғы бөлігіеменді орманмен белдеуленген, оңтүстік бөлігі қырым шамшатымен емен аршамен аралас өскен. Қара теңіз жағалауының жұмсақ климатында көптеген экзотикалық өсімдіктерқаптап кеткен., лавр, магнолия, кипаристер, самырсындар, мәңгі жасыл емендермен зәйтүндер пальмаларды кезіктіруге болады.

Кавказ жағалауында алмұртты орман,,алша,қарағаштар, граб, аюбадам, рододендрон, лавровишня өседі.. Жасыл арал ретінде реликті орман Лнкоран орманын кезіктіруге болады.

Кавказбен Қырымның орманы тауқорғағыш қасиетін атқарады, себебі бұл жерде халықшаруашылығы жақсы дамыған. Қырым өсімдіктерінің құрамына эвкалипт, інжір,зәйтүндер мен цитрустар, үзім алқаптары, құрма, раушандар ьөсетіндіктен ТМД-лық субтропик деп атауға болады., Оған қоса грек жаңғағы,жеуге жарамды талшын,дәнді- сүйекті екпе ормандар енгізілген..

Өзін - өзі тексерудің сұрақтары:

1.Укрина ормандарына жататын аймақтарды сипаттап беріңіз

2.Кавказбен Қырымда өсетін ағаш түрлерін атаңыз

3.Тауқорғағыш функциясын атқаратын ағаштарды атаңыз.

14 Дәріс
Тақырыбы: Қиыр Шығыс және Сібір ормандары

Дәріс жоспары: 1. Қиыр шығыспен Камчатка ормандарының ағаш

түрлері.

2. Сібір ормандарының түрлері

Тайга жағдайы қылқанды ағаштар өсуге қолайлы. Солтүстік қылқандылардан кәдімгі және сібір шыршасы, сібір майқарағайы менсібір самырсыны балқарағай сукачев балқарағайлары,жалпақ жапырақтылардан жаздық еменмен үшкір жапырақты үйеңкі , кәдімгі шағанмен майда жапырақты жөке, шегіршіндер өседі.

Қиыр Шығыстың муссонды климатындаАян шыршасы,, аққабықты майқарағай, даур балқарағайы, Эрман Тасқайыңы кездеседі.Эрман тасқайыңы камчаткада ұзын сабақты шөптермен аралас өседі, Уссурий тайгасында корей самырсыны, монгол емені, маньжчжур шағаны,, ұсақ жапрықты үйеңкі,, амур жөкесі,, шегіршін, маньчжур жаңғағы,амур барқытыөседі. Оңтүстікке қарай диморфантпен аралия, лианалардан амур жүзімімен актинидия кездеседі. Осылай қылқанды түрлер үлкен алқаптыалып жатыр және халық шаруашылығында бағалы.

Батыс сібірде негізінен самырсын, сібір і шыршасы және кәдімгі қарағай, өртең жерлерде қайыңмен көктерек өседі. Өзен жағалауларында талдаралып жатыр.Батыс саянмен Алтай орманы ерекше Солтүстік бөлігінің төменгі етегінде майқарағайлы, жоғарырақ самырсынды күңгірт орман қалың. Қалың майқарағайлы шыршамен аралас, арасында жөкеде бар, барлығы қосылып қара орман деп аталады. Кейде орман астарында сарқараған,ұшқатұшырасады.Алтайдың оңтүстік -батыс ауданы мүлдем басқаша сипатта. Мұнда 400-500м-лік биіктіктікте қарағайлар, ал Қазақстанмен шекаралас майқарағай массиві белгілі.. Бірақта алтай орман түзуші түр балқарағай болып саналады.. Ормандар саябақтық сипат алады. Алтайдың биік шыңдары субальпілік шалғындармен, таулы тундрасымен, ашық алаңқайлармен қамтылғанШығыс Байкал тауларында жазықтық өсімдіктер. Өзен жағалауларында- қарағаш, паллас алмасы,даур крушинасы өседі. Амурдың төменгі жағалауында балқарағай, қисық емендермен укурунд үйеңкісі кездеседі.. Ал Камчаткаға тәне тас еменнің сирек орманы

Амур-уссурийск аралас орманының күрделілеу. Хабаровскіден оңтүстікке қарай 100- ден астамағаш бұталардың түрі кездеседі., мұнда самырсынды- жалпақ жапырақты орман, корей самырсыны, монгол емені, амур жән еманьжчур жөкесімантчжур жаңғағы, қабыржық, амур барқыты, уссурий алмұрты. Лимонник, актинидия т.с.с сияқтылар өседі

Охотск тайгасыының флорасы жұтаңдау самырсын, тығынды ағаш т.б.кездеседі..

Өзін - өзі тексерудің сұрақтары:

1. Қиыр шығыспен Камчатка ормандарының ағаш түрлері.

2. Сібір ормандарының түрлері

15 Дәріс

Тақырыбы: Шөлейт ормандарының дендрологиялық сипаттамасы
Дәріс жоспары: 1. Шөлейт ормандарының географиялық бөлінуі

2. Шөлейтті ормандардың топырақ- климаттық

сипаттамасы

3. Шөлейтті өсімдіктердің негізгі түрлері
Calligonum L. –Қарақұмық тұқымдасы

Туысы: Calligonum L. - Жүзгiн

Биiктiгi 3–5 м -ге жететiн бұталар. Бұтақтары кейде қисық, кейде имек немесе түзу. Есейген бұтақтарының қабығы күңгiрт – қызыл, қоңыр немесе ақшыл-сұр түсті; шөп тәрiздес бiр жылдық бұтақшалары сұр – жасыл немесе жасыл түстi, мүшеленген және жұқа қабықты.

Жапырақтары әрең көзге iлiнетiндей, ұзындығы 2-7 мм, сызықты. Гүлдерi қос жынысты, 1–3 данадан орналасқан. Гүл қабы қарапайым, бес бөлiктi, жемiс салғанда жайыла қоймайтын бөлiктермен; аталығы 12-18 дана, түп жағында түктi жiптерге жабыса өскен.

Жемiсi – жаңғақ, түзу немесе өзiнiң дiңгегiне оралған, қатты жемiс қабымен, қанаттарының жиектері бүтін немесе майда тiстi.
Fabaceae –Бұршақтар тұқымдасы - Семейство Бобовые

Туысы: II. AmmodendponFisch – Құм қараған - Акация песчаная

Түрi: 1. AmmodendponFisch – қоян сүйек, құм қараған -

Аммодендрон или песчаная акация

Биіктігі (3 м-ге дейiн) тiкенектi бұта немесе кiшкене ағаш (8 м-ге дейiн). Ақшыл-сұр тегiс қабықты, жiбек күмiс түктi. Жапырақтары күрделі, қос қауырсынды, 1-2 жұп жапырақшалармен, қысқа сабақтарда тұрады, гүл серiгiмен бiрге кейде тiкенекке айналады. Гүлдерi күлгiн түстi, 1-2 тұқымды.

Сәуiр-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусымда жемiс бередi.

Сүрегi қызыл-қоңыр өзектi, тығыз, ауыр салмаºқы.

Ксерофиттi шөл өсiмдiгi көбiнесе сусымалы, құм төбелерде өседi. Тамыр жүйесi жақсы дамыған. Құмдарды ормандандыруға, көгалдандыруға пайдаланылады.

Таралу аймағы: Батыс Сiбiр, Орта Азия, Қытай (Шыңжаң). Қазақстанда - шөлдiң құмдақ, саз балшықты сортаң жазықтарында және далаларында кездеседі.

Chenopodiaceae Less – Алабұталар тұқымдасы

Туысы: I. Eurotia Adans – Терiскен

Биiктiгi 1 м-ге дейiн жететiн жартылай бұта және бұташықтар. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, пішіні жұмыртқа тәріздес, сызықты, жұлдызша түктермен жабылған, бiр жылдық өркендерi де дәл солай. Гүлдерi әр жынысты, бiр үйлi. Аталық гүлдерi 4 ұрықты, бұтақтардың бас жағында қысқа масақ тәрiздi гүл шоқтары бар. Аналық гүлдерi гүл қатпарынсыз, екi гүл шоғырында, аталық масақтардан төменiрек бірігіп өскен. Жемiсi түзу, тiк.

Құрғақ далаларда, шөлдерде және тасты беткейлерде, ойпақ жерлерден биiк тауларға дейiн өседi (4200 м).

Таралу аймағы: Украина, Кавказ, Ресей Федерациясының Еуропалық бөлiгiнiң оңтүстiк – шығысы, Орта Азия, Сiбiр. Қазақстанның солтүстiк және биiк таулы аудандарынан басқа жерлерiнде кездеседi.

Шөл, шөлейт және далалық жерлердi көгалдандыруға жарамды. Отын ретiнде пайдаланылады. Жемшөптiк қасиеттерi бар.

Род Солянка- Salsola

Tamariхaceae – Жыңғылдар тұқымдасы

Туысы: Tamarix L. - Жыңғыл

Жасыл түстi ұзын өркендерi бар бұта немесе кiшкене ағаш. Жапырақтарындағы бездерi тұз бөледi, гүлдерi көбiне ұсақ, қызғылт-күлгін түстi гүл шоғырында тұрады. Жемiсi үш қырлы, ұзындығы 0,7 мм-ге дейiн. Тұқымдарының үш жағында бiр клеткалы ақ, ұзын түктерi бар, желмен тарайды. Өнгiштiгiн 1-4 айдан соң жоғалтады, кейде бiр жылға дейiн сақтайды. Сүрегi сарғыш – ақ түстi.

Өте жарық сүйгiш, құрғақшылыққа, ыстыққа және тұзға төзiмдi, топыраққа талғампаз емес, бiрақ жас шағында, тамырланып алғанша көп ылғалды қажет етедi. Тұқымымен көбейеді және түбiрден мол өскiн бередi, жылына биiктiгi 1 м-ге өсiп, диаметрi 1 см-ге жетедi. Қалемшелермен жеңiл көбейедi. Ашық тоғайлар құрайды.

Жыңғыл – шөлді жерлерге өзінің ұзақ уақыт бойы гүлдеп тұруымен көрік беріп тұрады. Қазақстанның шөл және шөлейт аудандарында қорғаныш және құм бекіткіш өсімдік ретінде жарамды. Гүл тозаңы мол бөлінеді.

Сүрегі ұсақ-түйек заттар жасауға, отынға кетеді. Жас бұтақтарын жан-жануарлар жақсы жейді. Қабығында тері илегенде қолданылатын заттар болады.

Қазақстанның шөл, шөлейт және далалық өңiрлерiнде, өзен мен көл жағаларында жыңғылдың он беске жуық түрi кездеседi.


Өзін - өзі тексерудің сұрақтары:
1.Сексеуілдің ареалы мен түрлерін атап беріңіз.

2. Қарақұмық тұқымдасына жататын ағаштарды сипаттап және түрлерін атаңыз

3. Бұршақ тұқымдастың қай түрлерге шөлге бейім және ол ағаштарды атаңыз.


16 дәріс

Тақырыбы: Африка. Африка ормандары
Дәріс жоспары: 1. Африка ормандарына анықтама

2. Митрагина цилиата

3. Терминалия афара

4. Афрормозия

5. Афцелия
Африка континентінің 10%-ы орманмен қамтылған. Тропикалық жапырақты түрлер Африка ормандарының 96%-ын құрайды. Қылқан жапырақтылар-1%, жалпақ жапырақтылар қоңыржай орманның-3%-ын құрайды.

Солтүстік Африка - Алжир мен Тунистің территориясынан орман өсімдігі мүлдем жойылды деп айтса болады. Мароккода аздаған орман жерлері бар. Ол жердің ағаштары Испания мен Португалия ағаштарының тұқымдастарына ұқсас келеді.

Батыс және Шығыс Африка - Гвинеядан Габонға дейін, Конго өзенінің бассейнімен батыс Африканың жағалаудағы жолақтары тропикалық орманмен қамтылған. Негізгі орман Уганда жазығынан шығысқа қарай Кения,Танзанияға; оңтүстік-батысында Анголаға; оңтүстік-шығысында Мозамбикке ұласқан. Африканың бұл бөліктерінде орманның екі типі кездеседі:

1. Пісіп жетілген биік.

2.Биік діңді алқаағаштар (лесонасаждение)

Тропикалық ормандарда немесе жаңбырлы жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм-ден жоғары және тоқтаусыз, құрғақ мезгілсіз бөліктерінде жылына 4000 мм-ге жуық жауын-шашын мөлшері 750 мм - 1000мм-ге дейін барады. Шығыс Африкада құрғақ саванналы ормандар орын алған. Әсіресе, Ангола мен Зимбабведе орман шетіне ұқсас жерлер батыс және орталық Африкада кездеседі. Орманды шаруашылық басқару жергілікті немесе регионалды басқаруға жатады және қатаң бақыланады. Мысалы: Нигерияда 2 миллионға жуық биік діңді ағаштар болса, оның эксплотацияға жататындары концессионер-орман өндірушілерге орман дайындау құқығымен беріледі. Шамамен, 6 миллионға жуық орманды саванна бар және сирек діңді товарлы және сапалы ағаштары көзделген. Бұдан басқа қатаң бақылаусыз 50%-ға жуық ағаштарды дайындауға рұқсат беріледі.

Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР). Оңтүстік Африка табиғи ормандарға кедей, бірақ жоғары сапалы, іске жарамды ағаштармен қамтамасыз ете алады. Себебі, территорияның 73% жауын-шашын (635 мм-ден кем емес) және жаздағы жоғары температурамен сипатталады.Таулы аймақтардағы сирек орманды самырсынды есептемейтін болсақ, іске жарамды ағаштар солтүстік-шығысқа қарай Столовой тауынан трансвальдің солтүстік-шығыс бөлігіне қарай үзік жолақты құрайды.

ОАР-дың орман учаскілері Джорж Книсна аумағында мұхитпен далалы зонаның ортасында орналасқан. Дутенжея деген аймақта 48 мың гектарлы іске асатын ормандар бар. Оңтүстік Африкада баяу өсетін ағаштардың түрлерін, орман көбейтуге (лесоразведение) жарамсыз деп тауып, орман көбейтуге Оңтүстік Африканың басқа аудандарынан жасанды орманды көбейтуге ағаштар әкелінген.

Негізінен, Австралиядан эвкалипт, жерсіндірілген қарағайдың алуан түрлері, Мексика мен АҚШ-тың оңтүстік аудандарында тағы да қарағайлардың түрлері жерсіндірілуіне көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде ОАР өз ағашымен (сүрегімен) және сүректен шыққан өніммен қамтамасыз етілуде. Өндірістің басты саласы кен байыту өндірісі, жеміс шаруашылығы, шарап өнімдері және бұларды өте кең көлемде жұмсайды.

Сүректің көп көлемін вагон құрылысында, теміржол шпалдарына,жәшік жасауға және т.б. нәрселерге қолданады. Орман өнімдері халықтың тұтынушылық қажетіне кеңінен жарап, ОАР-дан едендік тақтайлар, вискоза мен целлюлоза, ағаш талшықтары мен ағаш жоңқаларынан жасалған тақтайлар желімденген фанералар және сіріңкелер экспортқа шығарылады. ОАР-да ағаш сүрегін қолдану 5,3 -ты құрайды.
Жалпақ жапырақты түрлері.

Митрагина цилиата,абура-Mitragina ciliate Andrew, Pellgr

Басқаша атаулары:Subaha (Гана),bahia (Француздық Шығыс Африка), elilom (Камерун), elelome (Габон), maza,voukou,vuku ( Заир), mujiwa, mushiwa.

Таралу аймағы: Батыс Африкада кездеседі. Сьерра-Леонадан бастап Камерун мен Габонға дейін.

Ағаштың биіктігі 30-40м, диаметрі 1-1,2м.

Ареалы: Либерияны және басқа жағалаудағы мемлекеттерді қамтиды.

Діңі тік, цилиндр тәрізді.Сүрегі-сұр қызыл-қоңырдан ашық-қоңырға дейін өзгереді. Текстурасы өте ұсақ және тегіс, кейде сүректің суретіне қарап,сары қайыңның сүрегімен шатыстыруға болады. Тұқымдас-жұмсақ сүректерге, тығыздығы 480-640 кг   аралығында.

Кептіру-Сушка. Сүрек атмосфералық камералық кептіруге жақсы көндігеді, ағаш кепкен күйінде тұрақты болып келеді.

Мықтылығы (Стойкость) - шіруге бейім.

Технологиялық қасиеті - қолмен өңдеу немесе станоктарда өңдеу ыңғайлы, жоғары сапалы өңдеуге,жеңіл сырлауға, жылтыратуға, желімдеуге, бұранда (шеге) ұстауға бейім. Кейбір бөренелері орталық бөлігінде болып келеді.

Қолданылуы. Ағаш ұсталық жұмыстарға, интерьерлерді әсемдеуге, едендерді жабуға, фанера жасауға, есіктің ішкі жақтарын жасауға қолданылады және сеператорлар мен электр аккумляторлардың жәшіктерін жасауға бағалы материал болып саналады, бірінші классты ағаш түрі болып табылады.
Терминалия афара, Пышная афара-Afara.

Басқаша атаулары. Батыс Африкадағы шығу тегіне байланысты әр жерде әр түрлі аталады.

Көп тараған атаулары: Ақ афара (Vike afara)-Нигерия, Заир мен Анголада

Ашық түсті лимбо-Светлая лимбо-Limbo clear.

Қара немесе күнгірт лимбо-Дак лимбо-Limbo noir.

Француздық, батыс Африка-лимбосы, “Дуб” лимбо, фракс,жаңғақ ағашы-Майомбе (Limbo freaks, noir do Mayombe); Ганада-офрам (ofram), Либерия-лимбо, корино (Limbo, Korino).

Сыртқы айырмашылықтарына қарап ақ және қара афараны шатыстыру жиі кездеседі.Бұл ағаштың екі ботаникалық түрі бар:

1. Қара афара-чёрная афара –Terminalia ivorensis. Ол көбінесе idigbo-идигбо деген атпен де белгілі.

2. Ақ афара.

Ақ пен қараны шатыстырудың тереңдеуі негізінен сүректің түсіне байланысты болды. Ақ афарада өзегі сұр немесе қара жолақты сызықтармен болған. Керісінше, қара афараның сүрегі (idigbo,идигбо) ақшыл-сары түсті.Мұндай аномалия: ағаштың қабығына қатысты.

Таралуы: Батыс Африкада Сьерра-Леонадан Камерунға дейін.

Ағаш-өте ірі. Биіктігі 18-45 м аралығында. Тамыры кең жайылған. Тақтайға ұқсаған тамырлары жер бетінде көрініп жатады және олардың жуандығы 2,5м. Діңі тік және цилиндрлі диаметрі 1,5 м-ге дейін. Кескен кезінде тақтайлы тамырлы бөлігінен кеседі.Сүрегі, өзегі ашық түсті,бұндай ағаштар декоративті шпондар жасауға бағалы.

Технологиялық қасиеті: Сүрегі ағаш өңдеу станоктары және құралдарымен оңай өңделеді, жеңіл желімденеді, сүрегін бояуға және жылтыратуға болады. Бірақ шеге қаққанда және бұрандаларды бұрағанда шытынап кетеді.

Қолданылуы. Бір көзбен қарағанда емен ағашының сүрегіне ұқсайды. Есіктердің фанерлеріне, жиһаз бұйымдарды әсемдеуге өте қолайлы. Өзегінің қаралығы панельді әшекейлеуге және жиһаз өндірісінде декоративті мақсатта пайдаланылады. Бұл сүректі, әсіресе Нигерияда сұрыптап: өзектерінде қабық кеміргіштер мен ағаштың діңдік зиянкестері жылдам орналаса алады, сондықтан оны сортименттерге бөледі: «Қабық жегіден зиян шекпегендер», «Мүлдем зиянкестік әсері болмағандар», «Зиянкестердің әсерімен».

Афрормозия-Afrormozia – Бұршақтар тұқымдасы Legiminosa туысы.

Басқаша атаулары: Kokrodua (Гана Сланова кость жағалауында) ақшыл шайға ұқсайды.

Таралуы: Сланова костьтің жағалауларын қосқанда Гана мен Заир, кейде Нигерияға дейін.

Ағаш ірі (Нигериядан басқа жердегі) биіктігі 45м, диаметрі 1,2-1,5 м одан да көп .

Сүрегі: Ішіндегі өзегі 12мм-дей аздап қоңырлау. Жаңадан ағашты кескен кезде сары-қоңыр. Сыртқы әсердің көмегімен бірте-бірте қоңыр түске айналады.

Кептіру –Сушка. Баяу кебеді,кептіру кезінде сапасының төмендігі байқалады.

Мықтылығы: Механикалық көрсеткіштер бойынша тик ағашынан мықты, шамшатқа жетеді.

Техникалық қасиеті: Ағаштың сүрегі жеңіл өңделеді, қанағаттанарлы желімденеді, жылтыратуға болады, шеге қаққанда қақ айырылады.

Қолданылуы: Афрормозияны тиктің орнына мықтылығы үшін қолданады. Ол жиһаз өндірісінде жоғарғы класты өнім деп саналып, еден жабуға, құрылыс материалдарына, кіші көлемдегі қайықтарға немесе теңіз транспортында және мекемелік сауда орындарын әшекейлеуге қолданылады.

Афцелия лат. Afzelia. Саудадағы атауы афцелияны ботаникалық түр ұсынған.

Түрлері: Батыс Африкада көптеп кездестіруге болады. Шығыс Африкада бұл ағаштың түрі батыс Африкалық афцелия деп аталады.

Басқаша атаулары: Афцелия Африкана, Afzelia bipindensis , Afzelia quanrensis (Мозамбик, Танзания).

Таралуы: Афцелия өтпелі тұқымдас, саваннаның құрғақ ауданы мен ылғалды ауданның орман аралығында өседі. Батыс Африкада, Угандада азын-аулақ Танзанияда кездеседі.

Ағаш жапырақ тастайды. Ормандарда Батыс Африкалық түрі кездеседі. Биіктігі 12-18м, диаметрі 1м-ге жетеді. Діңі қысқа, сирек, тік болып келеді. Шығыс Африкада афцелия, теңіз жағалауында, ойпаттарда, саванналы ормандарда кездеседі. Талшықтары дұрыс емес пішінде кейде ірі ағаштарда шатысып өрілген түрде кездеседі. Текстурасы ірі, қатты, ауыр сүрекке жатады.

Кептіру-Сушка: афцелия түрлерінің топтарында сүрегі қанағаттанарлықты түрде кеппейді, кептіру кезінде сапасы төмендейді, кейде ағаштың жоғарғы бөліктері дифформацияға ұрынуы ықтимал.

Зиянкестерге, тұрақтылығы термиттер мен ағаш жегілеріне қарсы тұра алады.

Мықтылығы (прочность): мықты сүрек,техникалық қасиеті өңдеуге қиындау,бетін жылтырату кезінде жақсы әсер береді.

Қолданылуы: құрылыс материалдарында, порт құрылысында, көпір құрылысында.
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта