Главная страница

Дендрология пні бойынша Дріс конспектілері


Скачать 1.06 Mb.
НазваниеДендрология пні бойынша Дріс конспектілері
Дата03.05.2022
Размер1.06 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаdendrologiya daris2 (2).doc
ТипКонспект
#509158
страница2 из 6
1   2   3   4   5   6

6-7 Дәріс

Тақырыбы: Қылқан жапырақты ағаштарға жататын Қарағайлар

тұқымдасы, оның туыстарға бөлінуі. Біздің елімізде

жерсіндірілген түрлер жайлы.

Дәріс жоспары: 1.Қылқан жапырақты ағаштарға жататын Қарағайлар

тұқымдасы, оның туыстарға бөлінуі.

2. Қарағай туысы, оның түрлері.

3. Шырша туысы, оның негізгі түрлері.

Pinaceaeқарағайлар тұқымдасы (Сосновые)

Туысы : Pinus - Қарағай (Сосна)


Қарағайлардың филогенетикалық жүйесі
Тұқымдастар-семейство қарағайлар -сосновые
тұқымдастар тармағы - шыршалар - қарағайлар

туыстар:

майқарағай-пихта, шырша-ель, тсуга, жалған тсуга: самырсын-кедр,балқарағай-лиственница, қарағай-сосна


туысы майқарағай шырша Тсуга Псевдотсуга самырсын балқарағай қарағай

түрі: P.Banksiana – Банкс қарағайы

Банкс қарағайыны жасыл желегi жұмыртқа тәрiздес, биiктiгi 25 метрге, диаметрi 60 см-ге жететiн сирек кездесетiн ағаш. Жас кезiнде қабығы жұқа, қызыл-қоңыр түстi, ал қартайғанда айғызданып, калың қабыршақты тiлiкпен бөлiнiп кетедi. өркендерiнi түсi сарғыш-жасыл, жiңiшке, берiк және түксiз болып келедi. Бүршiктерi қызғылт-қоңыр, пiшiнi дөңгеленген, шайырлы. қылқаны ашық, сарғыш-жасыл, иiлген, ұзындығы 2-4 см, инесi 2-данадан, 2-4 жыл түрады. Аталық масақтары сары, аналықыныкi – қою қарақошқыл түстi. Гүлдеуi–мамыр, маусым айларында. Бүрлерi ұзыншалау конус тәрiздi, сарғыш-қоныр, ұзындығы 3-5 см, екiншi жылдың қыркүйегiнде пiсiп жетiледi.

Тұқымы қоңырқай - қара түстi, оның ұзындығы 2,5-4,2 мм аралығында. Өнгiштiгiн өте ұзақ сақтайды. Сүрегi ауыр салмақты, бiркелкi, қатты, қызыл-қоңырыр-сары түстес ақ шел қабықты.

Жарық сүйгiш. Топыраққа талғампаз емес: құрғақ құмды топырақта өседi, жартасты ашық алаңдарда, өте дымқыл және ылғалды жерлерде кездеседi. Жас кезiнде тез, 25-30 жастан ары қарай баяу өседi. Толысу мерзiмi 4-5 жыл. Тұқымымен көбейедi. Көшеттеп отырғызуды жақсы көтередi.

Таралу аймағы: Отаны - Канада. Қазақстанда Iле Алатауында жерсiндiрiлген. Мұны Iле және Жоңғар Алатауының орман белдеуiнi» төменгi жағына теңiз деңгейiнен 1700-1800 м дейiнгi аралыққа отырғызған орынды деп санаймыз. Сондай-ақ, кәдiмгi қарағай үшiн қолайлы емес құнарсыз құмдарды ормандандыруда сынап көрген жөн; көгалдандыру үшiн жарамды. Сүрегi кеспек, шпал, бөренелер және, қағаз өндiрiсiне жұмсалады.

Туысы: Piceaе – Шырша – Ель

Жасыл желегi қалың, жан-жаққа жайылған және түзу дiңдi биiк ағаш. Қабығы жас ағаштарда тегiс, сұрғылт, кейде қызыл-қоңыр реңдi, ескi дiндерiнде қабықтары аршылып жалпақ тiлiктер пайда болады. Бүршiктерi шайырлы. қылқаны ине тәрiздес, 4 қырлы, ағашта ол 7-9 жылдай тұрады, қала жағдайында 3-4 жыл. Бүрлерi салбыраңқы, қабыршықтары аса көрiнбейдi, бiрiншi жылдың күзiнде пiседi. Олар күзде немесе қыста ашылады, сөйтiп тым кеш түседi. Тұқымы ұсақ, қанатшаларынан қасық тәрiздi шұңқыр қалдыра отырып жеңiл бөлiнедi. Өскiндерiнде 4-15 дән жарнақтары болады. Сүрегi бiр түстi, өзексiз, шайыр жолдары қабығында және сүрегiнде болады. Тамыр жүйесi топырақтың үстiңгi қабатында жатады. Көлеңкеге өте төзiмдi, ауа райының құбылмалылығына және топырақтың аздаған батпақтануына шыдай алады. Бiрақ, газ бен ыстан зардап шегедi.

Түрі: Piceaе excelsa – Кәдiмгi немесе Еуропалық шырша

Биiктiгi 20-50 м дейiн жететiн, диаметрi 1 метрден асатын, ұшы үшкiр ағаш. өркендерi сары түстен қоңырға дейiн ауысады, бүршiктерi үшкiр, пiшiнi жұмыртқаға ұқсас, конус тәрiздi. қылқанының ұзындығы 10 -15 мм, қою-жасыл тiкенектi, 7-9 жылға дейiн тұрады. Гүлдеуi – мамыр, маусым айларында. Бүрлерiнiң ұзындығы 15 см дейiн барады, жиектерiнде тiстi қабыршығы бар, қазан айында пiседi, қыстың екiншi жартысында ашылады. Тұқымының ұзындығы 4-5 мм, үшкiр бiтiмдi жұмыртқа тәрiздес, қоңыр түсті. Қанаты ашық-қызыл - қоңыр, ұзындығы 12-15 мм. 1000 дінiнiң салмағы 5,5-8 г. Өнгiштiгi 70-80 %.

Көлеңкеге шыдамды. Шыршалардың iшiндегi тым жылдам өскiшi; қысқа төзiмдi, бiрақ көктемгi үсiктерге сезiмтал. Оған қолайлысы – сазды және жас құмайт топырақ. Топырақ құрғақтығын нашар көтередi. Желге төзiмсiз. Тіршілік ұзақтығы - 250-300 жыл. Тұқымымен көбейедi.

Таралу аймағы: Еуропадан Оралға дейiн, Қазақстанның Солтүстiк облыстарында және Iле Алатауында жерсiндiрiлген.

Көгалдандыруға, Жаңа Жылдық шыршаларды өсiруге, ал Солтүстiк облыстарда орман құру үшiн өсiру ұсынылады.
Туысы: Тсуга – Tsuga

Тсуганың 28-30 түрі бар. Батыс тсугасының (Heterophulla), ең биігі 75м дейін жетеді. Тсуганың діңі түзу, кейбір түрінің дің түбінде диаметрі 1м-ге дейін жетеді.
Түрі: Псевдотсуга, немесе жалған тсуга - Pseudotsyga Carr

Бұл туысқа бірнеше түрлер жатады, табиғи ареалы Солтүстік Америка, Қытай, Жапония. ТМД- да маңызды түрі тисс жапырақты псевдотсуга, дуглассия-P. Taxfolia Бұл өте биік ағаш 100м дейін жетеді және өте жылдам өседі. Оның отаны Тынық мұхитының жағалауы және Солтүстік америка теңіз деңгейі биіктігімен 3000м биіктікте өседі, екі түрі бар. Олар сұр және жасыл псевдотсуга

Балқарағай туысы-Лиственница - Larix Mill

Негізгі балқарағайлы орман Сібірмен Қиыр Шығыста. Барлық балқарағайдың түрлері бір біріне өте ұқсас және оны ажырату қиынға соғады. Айрықша түрлері европа, сібір, даур балқарағайлары. Желегі жұмыртқа-пирамидальді болып келеді, биіктігі 40м және диаметрі 1,5м- ге дейін жетеді. Қабығы жас ағаштарда сұр, кәрі ағаштарында қалың, терең тілімделген, жалбырап тұрады.. Қылқандары ашық жасыл түсті, жұмсақ,15-50дейін щоқ болып тұрады. Бүрлері шар тәріздес, диаметрі 1,5-2,5см, қыркүйек айында піседі. Тұқымы қанатты, бүрі піскен бойда түсіп қалады. Өзінің сүрегімен өте танымал., ауыр тығыз, шайыр бөлгіш, су асты транспортына қолданылады. Құрылыста алдыңғы орынды алады.

Қарағай туысы- Сосна – Pinus

Қарағай туысының филогенетикалық жүйесінің байланысы

Қарағай

т уыс
Т уыстарХаплоксилон Диплоксилон

тармағы

Секция Стробус Цембра үшқылқанды е кі қылқанды

түрлер гималай.қ самырсын қ сары . қ приморск.қ

Қант.қ сібір. Қ қатты.қ қара.қ

Веймут.қ с.кедровая сабина.қ қырым.қ

Румелейск.қ с.европа.қ пицунд.қ

с.кедровая эльдар.қ

жатаған.қ тау қ

банкс.қ

к. қарағай

муррей.қ

Туыстар тармағы Haploxylon (бесқылқанды) қарағай

Қысқа бұтақтарында 5-қылқаннан орналасады, самырсын қарағайларының бүрлері ашылмайды, тұқымымен бірге жерге бірге түседі. Тұқымдары ірі, қанатсыз, майлы тағам өнеркәсібінде және техникалық маңызы зор. ТМД да самырсын қарағайының 4 түрі кездеседі.

Өзін - өзі тексерудің сұрақтары:

1. Қылқан жапырақтыларға қандай өсімдіктер жатады?

2. Қарағайлар тұқымдасы неше туысқа бөлінеді?

3. Елімізде шыршаның қай түрі көгалдандыруда кеңінен қолданылады?

7-8 Дәріс

Тақырыбы: Гинкго, Тисс, Сауырағаштар тұқымдастарының

негізгі түрлері
Дәріс жоспары: 1. Гинкго тұқымдастарының негізгі түрлері

2. Тисс тұқымдастарының негізгі түрлері

3. Сауырағаштар тұқымдастарының негізгі

түрлері
Ginkgoales – Гинкголар тұқымдасы. Туысы: Гинкго –Ginkgo

Түрi: Қос салалы гинкго (Ginkgo biloba L.) – Гинкго двулопастный

Ашық – жасыл түстi, биiктiгi 30 м-ге жететiн, жапырақ тастайтын ағаш. Жасыл желегi көбiнесе тар, конус тәрiздi, бiр немесе көпдiңдi. Жапырағы желпуiш тәрiздi, ұзындығы 10 см-ге жуық. Олар өте жұмсақ, ұзын сағақта бiр-бiрiнен алыс немесе бiрнеше данадан топтасып орналасады. Екi үйлi өсiмдiк, желмен тозаңданады.

Гинкго – жалаңаштұқымдылар iшiндегi осы кезге дейiн сақталған өкiлдердiң бiрi. Гинкгоның ине тәрiздi жапырақтары желпуiшке айналғаны бәрiмiзге мәлiм және жапырақтың жүйкеленуi ерекше. Ол табанынан бастап жапырақтың ұшына дейiн параллель сызықтармен бөлiнген. Мұндай жүйкелену өзiнiң құрылысы мен жапырақтың пiшiнi бойынша папоротниктi еске түсiредi. Сондықтан жалаңаштұқымдылардың гинкго сияқты көне түрлерiн, мүмкiн, өсiмдiктердiң осы тобынан шыққан болар деп тұжырымдауға болатын шығар. Гинкгоның Отаны – қытай. қазiр ол жерде гинкго табиғи таралмаған. Батыс елдердегi барлық отырғызылған экземплярлар 1730 жылдары Шығыс Азиядағы сарай бақтарынан әкелiнген болатын.

Гинкго наурыз, сәуiр айларында гүлдейдi. Сондықтан декоративтiк ағаш ретiнде көгалдандыру мақсатында пайдаланылады.

Тисс тұқымдасы-Тахасаеае

Оның қызыл сүрегінен жасалған жиһазы ылғида, Жиһаздан басқа ұсталық жұмыстармен музыка аспаптары флейта, кларнет жасалады. Тисс- ағаш, биікті -30м, ұшар басы сүйір, 15-20м, диаметрі -1м. Көбінесе 10-12м –лік бұта түрінде кездеседі желегі сүйір, төмеен салбыраңқы болып келеді.

Сауырағаштар тұқымдасы-Cupressaceae

Сауырағаштар тұқымдасының 145 түрі бар және 20 – ға жуық

туысы бар. Олар мәңгіжасыл ағаштар мен бұталар болып саналады. Сүрегінде шайыр жолдары болмайды, жапырақтары қабыршақ, ине тәрізді, өркен бойына топтасып, қарама - қарсы кезектесіп орналасады. Гүлдері аталық және аналық бүрден тұрады, олар қатты, жидек тәрізді болып келеді.

Түрі: Мәңгіжасыл немесе италиялық сауырағаш – Cupressus sempervirens.

Жапырағы майда, кейде инелі, топтамасында 3 – 4 жапырақтан тұрады. Бірүйлі, кейде екі үйлі өсімдік. Тозаңдану жел арқылы болады. Бүрі майда, құрғақ. Отаны Жерорта теңізі, Орталық және Кіші Азия. Биіктігі 20 – 30 м, диаметрі 0,5 м. Өскіндері 4 қырлы, жұқа, бүрі сопақша шар тәрізді. Ұзындығы 20 – 30 мм, 4 – 6 бұрышты, қырлы, 6 – 7 дәні болады. Күзде піседі, тозаңданудан кейін 2 – ші жылында піседі, жел арқылы таралады.

Бірінші жылында жәй өседі, кейін тез өсе бастайды. 8 – 12 жылдан бастап пісіп жетілу кезеңі басталады, сөйтіп 1000 жылға дейін өседі. Көлеңке сүйгіш ағаш, әрі өте ыстыққа төзімді.

Түрлері: Ірі жемісті сауырағаш – Cupressus macrocarpa. Ареалы: Орталық Калифорния.

Аризондық сауырағаш – Cupressus glabra. Ареалы: Солтүстік Америка. Аризона штаты.

г

Туысы: Biota – Биота

Түрлерi:Biota orientalis Endl- Шығыс Биотасы

Жасыл желегi селдiрлеу, пішіні жұмыртқаға ұқсас, табиғи таралған жерiнде биiктiгi 15-18 м-ге дейiн жетедi, ал екпе түрiнде немесе жерсiндiрiлген жерлерде одан төмен, яғни 8 м - ге дейiн, әдетте көп дiңдi ағаш болып келедi. қабығы жұқа, қызыл-қоңыр түстi, қатпарлы. Өркендерi сарғыш-қызыл-қоңыр түсті. Жалпақ жапырақтары қою-жасыл түстi, ромб тәрiздi, ұзындығы 1 мм-ге дейiн. Аталық масақтары шар тәрiздi. Гүлдеуi мамыр айында. Бүрi ұзыншалау, көгiлдiр-жасыл түстi, еттi; жас кезiнде қызғылт-қою-қызыл-қоңыр түстi, пiскен кезiнде құрғақ, жоғарғы жағында iлгек тәрiздi 6-8 қабыршықтары бар. Екiншi жылы пiседi. Тұқымы жаңғақ тәрiздi, қанатсыз, түп жағы ақ дақты.

Биота - өте жарық және жылу сүйгiш, қысқа төзiмсiз және құрғақшылыққа шыдамды, топыраққа сезiмталдығы орташа, топырақтың сортаңдануын және қырқуды жақсы көтередi. Ұсақ жасау мерзiмi өз отанында – 100 жылға жетеді. Тұқымымен, қалемшемен көбейедi.

Таралу аймағы: Қытай. Ал Қазақстанда - Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында жерсiндiрiлген. Декоративтiк маңызы өте зор. Тiптi бөлмелерде де өсiруге болады. Көгалдандыру мақсатында кеңiнен қолданылады.

Туя туысы- туя-Тuia

Солтүстік Жарты Шарлық 6 түрі бар. ТМД 5 түрі интродуцендірілген. Батыс туясы-Тuia occidentalis, мәңгіжасыл ағаш, биіктігі 25м-ге дейін жетеді, солтүстік Америкадан тараған, діңінің диаметрі 1м-ге дейін, ашық қызғылт-қоңыр түсті жұқа қабығы бар. Қылқаны жалпақ, ұсақ,ұзындығы 5-7мм, желегі пирамидальді.
Өзін - өзі тексерудің сұрақтары:
1.Сауырағаштар тұқымдасының түрлерін атаңыз?

2.Шығыс биотасының тұқымы қай жылы пісіп жетіледі?

3.Аршаның бүрлері не деп аталады?

4.Қызыл кітапқа енген түрді атаңыз?

9-10 Дәріс
Тақырыбы: Орман жаңғақтары, Шамшаттар тұқымдасы
Дәріс жоспары: 1. Орман жаңғақтары тұқымдастарының негізгі түрлері.

2.Шамшаттар тұқымдастарының негізгі түрлері.
Corylaceae – Орман жаңғақтар тұқымдасы -

Семейство Лещиновые

Туысы: Corylus – Орман жаңғағы – Лещина

Түрлерi:

1. CorylusavellanaL. – Кәдiмгi орман жаңғағы –

Лещина обыкновенная

Жасыл желегі жұмыртқа тәріздес және тегіс, ақшыл қабықты, биiктiгi 2-5 м - ге жететін бұта; өркендерi қоңырлау - сұр түсті; мамықты; бүршiктерiң ұзындығы 3 мм-ге дейiн, түсі қызғылт - қоңыр. Жапырақтары сопақша немесе дөңгеленген, аталық сырғалары цилиндр тәрiздес, салбыраңқы, ұзындығы 5 см. Жемістері 2-5 данадан топталған, жеке тұратыны сирек; жаңғағы сопақша, қоңыр - сарғыш. 1000 жемiсiнiң салмағы 1 кг-ға жуық.

Наурыз-сәуiрде гүлдейдi де, тамыз–қыркүйекте жемiс бередi.

Мезофит өсімдік. Құмды, құнарсыз және батпақтанған топыраққа төзбейдi. Түрлi ауруларғà, зиянкестерге көп шалдықпайды. Көлеңкеде өсетін түр.

Тұқымымен және тамыр атпасымен тез көбейедi.

Таралу аймағы: Ресейдiң Еуропалық бөлiгi, Белорусия, Украина, Қырым, Кавказ, Қазақстанда - Орал қаласының шығысында 40 шақырым жердегі Орал өзенiнiң сол жағалауындағы, Амангелдi аулының маңайындағы алқапты ормандарда таралған.

Жаңғақтарында 65 % - ға дейiн майлар болады, тамақ және кондитер өнеркәсiбiнде пайдаланылады. Сүрегiнен ұсақ заттар жасауға және оқ – дәрi, қарындаш жасау үшiн қолданылатын ағаш көмiрiн дайындауға кетедi. Көгалданыруға және қорғаныш орман алқаптарын жасауға, жыраларды, беткейлердi ормандандыруға ұсынылады.

Қазақстанның Қызыл Кiтабына енгiзiлген.

Fagaceae - Шәмшаттар тұқымдасы. Туысы: Fagus – Шәмшат. Түрлерi: Quercus robur – Кәдiмгi емен

Биiктiгi 40 м-ге жететiн, қою тарамданған желекті және жуан, қатты тiлiмделген, қоңыр-сұр қабықты ағаш. Жас өркендері түксiз, қызғылт - қоңыртүсті. Жапырақтары жәй, жиегі толқынды, ирек, олар өте қысқа сағақтарда орналасқан және басқа ағаштарға қарағанда кеш ашылады. Олардың екi түрi ерекшеленедi : ерте ашылатындар және кеш ашылатындар, соңғысы бiрiншiсiне қарағанда 2-4 аптаға кешiгедi. Гүлдерi көрiксiз. Жаңғақ жемiсiнiң ұзындығы 1,5-3,5 см, түп жағы қатты тостаған тәрiздi орамамен жабылған. 1000 жаңғағының салмағы 3 кг-ға жуық. Жапырағы ашылумен бiр мезгiлде сәуiр - мамыр айларында гүлдейдi, қыркүйек-қазанда жемiс бередi.

Сүрегi қатты, мықты, ауыр, өзекті және шел қабықпен қапталған.

Көлеңкеге төзiмдiрек.Топырақ құнарлылығын және ылғалды таңдайды, бәрiнен де сұр, орманның сазды, қара топырағында, өзен жайылымдарының шөгiндiлерiнде жақсы өседi; сондай-ақ құрғақ далаға жақын өңiрлердiң де сарғыш топырағында да жақсы өседi. Құрғақшылыққа төзiмдi және бiраз дәрежеде топырақтың тұздануына төзiмдi. Тереңдiгi 5 м-ге жететiн мықты тамыр жүйесiнiң арқасында жел өтiне орнықты, тіршілік ұзақтығы 400-500 жыл және онан да ұзақ жасайды.

Тұқымымен және түбiр өскiндерiмен көбейедi.

Таралу аймағы: Еуропа. Қазақстанда – Орал өзенiнiң бойында; Орал қаласының солтүстiк – шығыс жағында 30 шақырым жерде және Елек өзенiне дейiн созылған, сондай-ақ оның төменгi ағысының бойында шағын орман түрiнде, таза немесе терекпен араласа өседi.

Бұрын Орал қаласының төңiрегiнде көптеп кездесетiн, оңтүстiгiнде Калмыково елдi мекенiне шейiн таралған болатын. (Орал қаласынан оңтүстiкке қарай 200 шақырым). Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында өсiп - өнедi.

Орман түзуші тұқым боп саналады. Далалық жерлерде орман өсiруде және көгалдандыруда кеңiнен пайдаланылады. Сүрегi әртүрлi қолданыстарға жүредi. Қабығында 2 %-ға дейiн терi илегiш заттар болады. Жаңғағы шошқаға жем ретiнде пайдаланылады.

Қазақстанның Қызыл Кiтабына енгiзiлген.
Q. rubra – Қызыл емен

Биiктiгi 30-35 м, диаметрi 1 м болатын ағаш. Қабығы жылтыр, тегiс, сұр түстi, жапырақтары жәй, кезектесiп орналасқан, енi 12 см, ұзындығы 22 см, пiшiнi ұзынша – жұмыртқа тәрiздес. Жапырақтарының түсi қою жасыл, күзде қызыл түске боялады. Жемiсi жаңғақ, қос-қостан ораналсқан, қалпағы бар. 20 жылдан кейін жемiс бередi. Топырақ талғамайды.

Табиғи таралуы: Солтүстiк Америка.
Q. mongolica – Моңғол еменi

Биiктiгi 10-20 м болатын ағаш. Жасыл жиегі жақсы дамыған, шатыр тәрiздi. Қабығы жылтыр, сұр түстi. Жапырағы ұзынша немесе керi жұмыртқа тәрiздi, ұзындығы 8-15 см, енi 7-10 см. Жемiсi – жаңғақ. Жаңғағының ұзындығы 1,5 – 2 см. Мамыр айында гүлдейдi, қыркүйекте жемiс бередi.

Табиғи таралуы: Солтүстiк Қытай, Солтүстiк Жапония, Қиыр Шығыс. Алматыда ботаникалық бақта екпе түрiнде өсiрiледi
Туысы: Fagus - Шәмшат. Түрлерi:

F. orientalis – Шығыс шәмшаты

Биiктiгi 40-50 м, диаметрi 2 м болатын iрi ағаш. Дiңi түп-түзу бағана сияқты, ұшар басы кеш, тығыз. Қабығы ақшыл-сұр, жапырағы жәй, кезектесiп орналасқан, ұзындығы 15 см, енi 18 см, жүйкеленуi 5-тен 14 жұпқа дейiн барады. Жапырағының жиегi бүтiн, бет жағы жылтыр, түсi қою жасыл. Аталық гүлi майда, шоғырланып орналасқан. Ұрығы қос дәнектi, 3 қырлы жаңғақ. Жемiсi майлы.

Шаруашылық маңызы: Сүрегiнiң түсi ақшыл қатты болғандықтан паркет жасауға қолданылады. Кавказда негiзгi орман алқабын құрайды. 1 гектар жерден 1000 м3-ге жуық ағаш алуға болады. Украина, Закарпатьеде екпе орман ретінде қолданылады.

Табиғи таралуы: негізінен таулы жерлерде өседi, қырым, Балқан, Кiшi Азияда кездеседi. Алматыда ботаникалық бақта екпе түрiнде өсiрiледi.
F. silvatica – Орман шәмшаты

Биiктiгi 35 м-дей, диаметрi 2 м – ге жуық ағаш. қабығы ақшыл-сұрғылт, тегiс, бүршiгi қоңыр түстi. Жапырақтары жәй, кезектесiп орналасқан, жиегi тiстi, бүршiгi эллипс тәрiздi үшкiр. Жүйкеленуi 5-9 жұпты, жемiсi – жаңғақ, 3 қырлы, 20-30 жаста жемiс бередi. 5-8 ғасыр өмiр сүредi, өте ұзақ жасайтын ағаш. Тамыры өте тереңге жайылған, көлеңкеге төзiмдi, ал құрғақшылыққа шыдамайды. Табиғи өсетін жерiнде таза орман алқаптарын құрайды.

Табиғи таралуы: негiзiнен Еуропа өсiмдiгi, Балқан, Белоруссия, Қырымда өседі.

Anacardiaceae L. – Сумахтар тұқымдасы

Туысы: Cotinus L. – Скумпия

C. Coggygria Soop. – Кәдімгі скумпия

Биіктігі 5-8 (12) м-ге жететін бұта немесе ағаш. Жапырағының ұзындығы 3-8 см, ені 3-4 (7) см, жәй кезектесіп орналасқан. Пішіні сопақша, жұмыртқа тәріздес, жиегі бүтін. Жапырағын қолға уқалап иіскесе, сәбіздің иісі шығады. Жемісі – құрғақ сүйекті. 1000 дәңінің салмағы – 8-12 г. Мамырда гүлдеп, тамызда тұқымы піседі.

Өте жарық сүйгіш өсімдік, құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді. Суыққа да шыдамды.

Тұқымымен, жасыл қалемшелермен көбейеді. Кескен кезде түбірден мол өскін береді.

Жалпы қалада, елді мекендерде көгалдандыру мақсатында кеңінен қолданылады, әсіресе күз кезіндегі жапырақтарының ашық қызыл түске боялуы, тұқымының ұзақ уақыт бойы түспей, шашқа ұқсаған ұлпада тұруы ерекше сән беріп тұрады.

Таралу аймағы: Еуропаның оңтүстігі, Кіші Азия, Қытай, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде екпе түрінде өседі.

Өзін - өзі тексерудің сұрақтары:

1. Орман жаңғақтары тұқымдастарының негізгі түрлері атаңыз?

2. Шамшаттар тұқымдастарының негізгі түрлерін атаңыз?


11-12 Дәріс
Тақырыбы: Тұт және жаңғақ тұқымдастары
Дәріс жоспары: 1. Тұт және жаңғақ тұқымдастары

2.Тұт және жаңғақ тұқымдастары негізгі туыстары мен
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта